«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon

«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны



Название«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны
страница1/4
Дата конвертации01.02.2013
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4


Ұлан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы «10» қаңтардағы № 294 қаулысымен бекітілген


«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Молодежный кенті, 2011

Мазмұны


1. Миссиясы және пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау

3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері


3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері


3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл


6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар

7.2. Бюджеттік бағдарламалар жиынтығы




















^ 1-бөлім. Миссиясы және пайымдауы


Ішкі саясат, мәдениет және тілдрді дамыту бөлімінің миссиясы – өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мәдениет және тілдерді дамыту саласында сапалы және қолжетімді қызмет көрсету, мемлекеттік тілге басымдық бере отырып тілдердің үштұғырлығына бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру және ауданда тұратын барлық этностардың тілдерін дамыту.

Бөлімнің пайымдауы – ауданда тұрақты қоғамдық-саяси ахуал, толерантты ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас, бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік, дамыған үкіметтік емес сектор, халқының қызығушылығын қанағаттандыратын, мәдениет пен өнердің дамуын қамтамасыз ететін заманға сай мәдени-ақпараттық орта, мәдени-ағартушылық және ақпараттық әрекетті іске асыратын ауданының мәдени мекемелерін эстетикалық тәрбиелеу, көркемдік білім беру және тиімді басқаратын біркелкі жүйені қалыптастыру, халықтың мәдени деңгейін арттыру, мемлекеттік тілдің тиімді әлеуметтік-коммуникативтік функциясы бар толерантты орта.


^





2-бөлім. Ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау


1. Қазақстандық саясаттың ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісім тәрізді негізгі басымдықтары өзгеріссіз қалып отыр.

«Қазақстан-2030» Стратегиясының, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Президент Жолдауының, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі басымдықтарын іске асырудың барысын жария ету бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл бойы ведомствоаралық, аудандық ақпараттық-насихат топтарының жүйелі жұмыстары ұйымдастырылды. Ауданда түсіндіру жұмыстарын барлық деңгейдегі 24 ақпараттық-насихат тобы жүргізді, олардың құрамында 245 адам жұмыс істеді. Насихат топтарының мүшелері 600 аса кездесу өткізді.

Алайда, аудандық АНТ жұмыстарына мемлекеттік қызметшілермен қатар ғылыми қауымдастық өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, жастар, үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысқанымен, қалалар және аудандар деңгейінде азаматтық қоғам әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмауда.

Идеологиялық жұмыстың инновациялық формалары, насихатшыларды оқыту іс-шаралары жеткіліксіз пайдаланылуда.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыруға бөлінген қаржы көлемі 2006 – 2009 жылдары 18 млн. тенгені құрады, соның ішінде 2006 жылы 3,0 млн. теңге, 2007 жылы – 3,2 млн. теңге, 2008 жылы - 4,9 млн. теңге, 2009 жылы - 6,9 млн. теңге, 2010 жылға – 6,7 млн. теңге, 2011 жылға – 7,2 млн. теңге бөлініп отыр.

^ 2. Өңірлік БАҚ бәсекеге қабілеттілік мәселелері. Облыстық бюджеттен ақпараттық қызметтер көрсетуді қаржыландырудың жыл сайын артуы мемлекеттің медиа-нарықтағы мүддесін кеңейтуге, өңірлік БАҚ-та «күн тәртібін» қалыптастыруға, тұрғындардың жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттануын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, техникалық жарақталудың нашарлығы, бірден бір тіршілік көзі болып табылатын мемлекеттік тапсырыс көлемінің төмендігі өңірлік газеттің негізгі проблемасы болып қалып отыр.

^ 3. Бүгінгі таңдағы жастар саясаты саласындағы басты басымдық елдің болашақ дамуын қамтамасыз етуге қабілетті зиятты және рухани-адамгершілік қасиеттерге ие тұлғаларды қалыптастыру.

Жүйелі жастар саясатын жүргізу қажеттілігі жас адамның өзінің әлеуметтену үдерісінде кездесетін өмірлік қиыншылықтардан туындап отыр. Жастардың жекеленген бөлігі өздерінің біліктілік және кәсіби дайындық деңгейінің төмендігінен, әлеуметтік және психологиялық тұрғыда пісіп-жетілмеуінен тұрғындардың ең аз қорғалған бөлігін құрайды.

Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу маңыздырақ мәселенің бірі болып табылады. Қазіргі заманғы патриотизм ұғымы көп нұсқалығымен, әр түрлілігімен және бір мәнді еместігімен сипатталатындығын ескеру қажет.

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыруды қаржыландыру көлемі 2006 – 2011 жылдары 1 млн. 446 тенгені құрады, соның ішінде 2006 жылға – 60,0 мың теңге, 2007 жылға – 230,0 мың тенге, 2008 жылға –708,0 мың тенге, 2009 жылы – 448,0 мың теңге, 2010 жылы– 770 мың. тенге, 2011 жылы – 538 мың тенге.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы ынтымақтастық мәселелері мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады және оның еліміздің саяси жүйесін жаңарту кезіндегі өзектілігі одан сайын артып келеді. Осы өзара іс-қимыл арқылы халықтың қоғамдық үдерістерге, қоғам мен мемлекет арасындағы сұхбатты дамытуға кеңінен қатысуы қамтамасыз етіледі.

Аталған сұхбат ауданда консультативтік-кеңестік органдар (Ақпараттық саясат жөніндегі, ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, Қоғамдық кеңес, Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күресті үйлестіру кеңестері және басқалар) және сұхбат алаңдары (Азаматтық және медиа форумдар, тұрақты жұмыс істейтін «Сұхбат-Диалог» «дөңгелек үстелі», Медиа клуб және басқалар) арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтық қоғам-билік» қарым-қатынасындаға «кері байланыс» тетігі қажетті дәрежеде пысықталмаған, бұл ретте жұртшылықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерді талқылауға және шешімдер қабылдауға қатысуы шектеулі болып отыр.

Дінаралық қатынастарды реттеу арқылы азаматтық ынтымақ пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау ішкі саясаттың өзекті мәселесі болып табылады.

Бүгінгі таңда ауданда 14 діни бірлестік жұмыс істейді, олардың 13 әділет органдарында тіркелген. Жалпы олардың билік органдарымен өзара қарым-қатынасы сындарлы негізде құрылады.

Дінтанушы ғалымдардың бағалауы бойынша қазақстандық қоғам түрлі ағартушы, миссионер тақуалар қызметі үшін қолайлы орта болып отыр. Діни бірлестіктердің қызметі мемлекетке қатысты бейбіт және бейтарап даму үрдісіне бағынады.

Дегенмен, осы салаға қатысты негізгі мәселелер ішінен діни экстремизм идеяларының таралу қауіпін бөліп атаған жөн. Аталған қауіптің жаһандық сипаты осы әлеуметтік-саяси көрініске пәрменді қарсы тұру жолдарын іздеуді талап етеді.

Өңірлік БАҚ-та деструктивті бағыттағы түрлі секталар мен діни ағымдардың адамға және санаға әсер ету қауіпі жайындағы материалдар жарияланады. Дәстүрлі дін жетекшілерінің қатысуымен көшпелі дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Әйткенмен, аудан аумағында діни ұйымдардың көптігін және сарапшылардың әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында діни ағымдардың деструктивті әсері рөлінің күшейетіндігі туралы болжамдарын ескеріп, бұл мақсаттағы жұмыстарды жандандыра түсу қажет.

Қоғамдық-саяси өмірде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы белсенділік танытып отыр. Олар ішкі саяси жұмыстарға және мемлекеттік органдармен өткізетін іс-шараларға белсенді қатысып отыр.

Саяси партия филиалдарының және қоғамдық бірлестіктердің көшбасшыларымен сындарлы өзара іс-қимыл қалыптасқан. Мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың алауыздықты жою және өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға күшін біріктіру мақсатымен ауданда әлеуметтік қайшылықтар мен дау-жанжал туындаған жағдайда бірлесе талқылап, ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.

2006-2009 жылдары ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету мақсатына бөлінген қаржы көлемі 16,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде 2006 жылы - 2,8  млн. теңге, 2007 жылы – 4,2 млн. теңге, 2008 жылы – 4,5 млн. теңге, 2009 жылы – 5,3 млн. теңге, 2010 жылы – 6,22 млн. теңге, 2011 жылы – 7,5 млн. теңге.

Сонымен бірге, әлемдік экономикалық дағдарыстың келеңсіз әсері жағдайында облыста қоғамдық-саяси ахуал күрделенуі мүмкін. Осыған байланысты жергілікті деңгейде мемлекеттік саясаттың ақпараттық қамтамасыз етілуін күшейту қажет. Мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту және қоғамның мемлекеттік саясат бағытына топтасуын қамтамасыз ету аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың кепілі болуы тиіс.

^ 4. Мәдениет пен өнер және тілдерді дамыту саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Мәдениет ошақтарының торабы 30 мемлекеттік мәдениет мекемелерінен тұрады, оның ішінде: 21 клуб, 9 кітапхана бар.

2009-2010 жыл аралығында 4 клуб мекемесі жөндеуден өткізілді, оның ішінде 2 клуб – 2009 жылы, 2 клуб 2010 жылы жөнделді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2009 жылы Завидное ауылдық клубының шатырын жөндеуге 3150,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 2879,0 млн. теңге республикалық бюджеттен, 271,0 мың теңге жергілікті бюджеттен берілді.

Таврия ауылдық мәдениет үйінің алдыңғы көрінісі(витраж) мен жылу жүйелерін жөндеуге жергілікті бюджеттен 1300,0 млн. теңге бөлінді.

2010 жылы Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын жөндеуге 12148,0 млн. теңге, Молодежный кентіндегі аудандық мәдениет үйінің электр желілерін жөндеуге 3500,0 млн. теңге «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлініп, жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталды.

Клуб мекемелерінің материалдық – техникалық базасын жақсарту мақсатында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарына 56,0 мың теңгеге сахналық киімдер тігіліп, 150,0 мың теңгеге музыкамен жарықтандыру аппаратурасы алынды. Бозанбай ауылдық мәдениет үйі музыкалық аспаптар бас домбыра және примамен, 8 ауылдық клуб домбыра аспаптарымен жабдықталды. Аудандық бюджеттен бөлінген 200,0 мың теңгеге Жаңа Қанай ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, электрлі каллорифер алынды.

Таврия ауылдық клубына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, қажетті құжаттары дайындалды.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша жыл бойы 7924 оқырманға қызмет көрсетілді, кітап берілімі – 227583 дана, кітап қоры 148575 дана кітап. Ақпараттық ресурстарды толықтыруға 1 миллион теңге, Интернетті пайдалануға 616 мың теңге.

Тіл құрылысының үрдістері қоғамда түсіністік пен қолдау тауып отыр.Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілді талап етілуінің арту үрдісі байқалуда.Бұл орайда қазақ халқы басым тұратын аймақтарда бііршама айтарлықтай нәтижелерге қол жетті. Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі біртіндеп артып келеді. Мемлекеттік тілде білім беретін мектеп жасына дейінгі мекемелер саны артып келеді.

2010 жылы 2059 мәдени-көпшілік шаралар: тақырыптық кештер, халықтық мерекелер, демалыс кештері, кездесулер, байқаулар, концерттер, жастар кештері, балаларға арналған мәдени шаралар, гастрольдік сапарлар, театрланған көріністер мен сахналық қойылымдар өткізіліп, 72065 көрерменді қамтыды.

2010 жылы «халықтық» атағы бар 5 шығармашылық ұжым, «үлгілі» атағы бар 1 ұжым атақтарын қайта қорғаса, оған қосымша 3 шығармашылық ұжым «халықтық» атағын қорғады. Аудан бойынша 82 клуб ұйымдастырылымдары халыққа қызмет көрсетуде. Оған 880 адам қатысады.

Мәдениет мекемелерінің қаржы көлемі 2006-2008 жылдары 140,413 мың теңгені құрады, оның ішінде 2006 жылы-46,503 мың теңге, 2007 жылы 46,503 мың теңге, 2008 жылы 48,927 мың теңге, 2009 жылы 67,617 мың теңге болды. 2010 жылы аудандық мәдениет мекемелеріне 77906,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

5275,0 млн. теңге аппарат бөліміне, 55803,0 млн. теңге клуб мекемелеріне, 15799,0 млн теңге аудан кітапханаларына , сондай-ақ:

- баспасөз басылымдарына жазылуға – 820,0 тыс. теңге;

- мәдени-көпшілік шараларды жақсартуға – 4040,0 млн. теңге;

- материалдық – техникалық базаны нығайтуға – 522,0 мың. теңге;

- тілдерді дамытуға – 1180,0 млн. теңге.

2011-2015 жылдары аудандық бюджет есебінен мәдениет мекемелерінің торабын көбейту көзделуде:

-2011 жылы – 1 кітапхана ашу,

- 2012 жылы - 1 клуб ашу,

- 2013 жылы -1 кітапхана ашу, 1 клуб ашу;

-2014 жылы - 1 кітапхана ашу, 1 клуб ашу;

-2015 жыл - 1 кітапхана ашу, 1 клуб ашу.

Тұрғындарға сапалы мәдени қызмет көрсету үшін ауылдық клубтардың матариалдық – техникалық базасын жақсарту, музыкалық аппаратуралармен, сахналық киімдермен, компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету қажет.

Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау және ақпаратпен қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздестіру үшін ауылдық кітапханалардың материалдық-техникалық жығдайын жақсарту, қажетті құралдармен қамтамасыз ету, Интернет жүйесіне қосу қажет.

Қол жеткен нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру деңгейі әлі де төмен екенін атап өту керек. Мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілді еркін меңгерген мамандар аз. Сол себепті стратегиялық жоспарды іске асыру барысындағы басты міндеттің бірі білікті кадрлар даярлау болып табылады.

Ауданның мәдение саласындағы гендерлік теңдікті дамытуға жағдай жасау үшін төмендегідей тақырыптық мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды: «Халықаралық отбасы күні», «Батыр күні», «Аналар күні», «Наурыз аруы», «Шығыс аруы», «Шығыс сұлтаны», «Көктем аруы», «Жыл азаматы» , «Әке, шеше және мен оқырмандар отбасы», жанұялық ансамбльдер байқаулары өткізіледі.

Мәдениет мекемелері мамандарының құрамы аудан бойынша жалпы алғанда 58% ер адамдардан, 42% әйелдерден құралған.

2. Негізгі жағдайға талдау:

1) аудан аумағындағытарихи-мәдени мұра нысандарының даму деңгейінің төмендігі

2) мәдениет мекемелерінде заман талабына сай технологиялық құрылғылардың болмауы, шығармашылық мамандардың аздығы.

Мәдениет саласының дамуына негізіген сыртқы факторлар әсер етеді. Оның ішінде әлемдік экономиканың жағдайы, құқықтық бағыт, мемлекеттегі экономикалық және саясаттық жағдай тағы басқалары. Дағдарыс шартында бағаның және тарифтің өсуі еңбек ақының өсуімен тұсталып келеді. Инфляция шарпуынан ілікпеген жағдайда, нақты кіріс тұрғындарға түседі.

Бұл мәдениет саласындағы төлемқабілеттілігіне үлкен келеңсіз жағдайларын туғызады, осының салдарынан негізігі қызметтің дамуына жұмсалатын ақылы қызметтің жоспарының орындалмауы орын алады. Мәдениет саласының дамуына кадр саясаты, мамандарды даярлау және қайта даярлау, кәсіби деңгейін көтеру, еңбек қатынастарын ұйымдастыру әсер етеді. Мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысының төмендеуі, әлеуметтік қорғалмауы және саланың аз мөлшерде қаржыландырылуы жұмысқа кері әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда Ұлан ауданы мәдениет саласының 2011-2015 жылдарға арналған мәдени саласының дамуының өңірлік бағдарламасы Казақстан 2030 Стратегиялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды. Бағдарламада мәдениет мекемелерінің алдына қойған мақсаты мен міндеті және негізгі келеңсіздікті шешу бағыттары айқындалған.


3-бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері


^ 3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері

  1   2   3   4



Похожие:

«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны iconҮржар аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және басты нысаналы индикаторлары
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны iconТарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon«Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010–2014 жылдарға стратегиялық жоспары Шемонаиха қ. Мазмұны
«Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм көріністері мен миссиясы
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon2011-2015 жылдарға «Зырян ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Сәйкес қызмет бағыттары (салаларының) дамуының тенденциясы және ағымдағы жағдайының талдауы
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны icon«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы