«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



Название«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/7
Дата конвертации24.10.2012
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7










Көкпекті ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «___» ____________

№ _____ қаулысымен бекітілген



«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Мазмұны




Миссиясы және пайымдауы



Ағымдағы жағдайды және қызметінің тиісті салаларының даму үрдістерін талдау



Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері


3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері


3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының

мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі




Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту



Ведомствоаралық өзара іс-қимыл



Тәуекелдерді басқару



Бюджеттік бағдарламалар


7.1. Бюджеттік бағдарламалар


7.2. Бюджет шығыстарының жиыны



^

1. Миссиясы және пайымдауы



Көкпекті ауданы ішкі саясат бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) миссиясыөңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастардың дамуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

Пайымдауы:

қоғамдық-саяси тұрақтылық;

толерантты этносаралық және дінаралық қарым-қатынас;

бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік;

дамыған үкіметтік емес сектор;

жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету.

^

2. Ағымдағы жағдайды талдау

1 Стратегиялық бағыт. Мемлекеттілікті, ұлт бірлігін одан әрі нығайту және өңірдің тұрақты дамуы үшін қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету.


1.1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері

Мыналар ішкі саясаттың негізгі басымдықтары болып табылады: мемлекеттілікті нығайту, демократияны дамыту және азаматтық қоғам институттарын қолдау, қоғамдық тұрақтылықты, этносаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету, халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардың әлеуметтік сенімін қалыптастыру.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, демократиялық үдерістерді дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Ауданда «Нұр Отан» саяси партиясының филиалы және 3 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.

Кәсіподақтар азаматтық қоғамның белсенді институттары болып табылады. Аудандық Кәсіподақтар кеңесі 4 салалық ұйымды біріктіреді.

Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия жұмыс істейді.

Азаматтық қоғамның дамуына этномәдени бірлестіктер қомақты үлес қосуда.

Ауданда 2 этномәдени бірлестік, «Асыл мұра» қоғамдық-саяси клубы жұмыс істейді. Барлық этностық топтарды біріктіру мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Жалпы саны 16, оның ішінде 14 - ислам, 1 - православие, 1-протестанттық сипаттағы діни бірлестіктердің жұмысын талдауға үлкен мән беріледі.

Бөлімнің үкіметтік емес ұйымдармен біріккен жұмысы тең құқықты серіктестік негізіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Ауданда 2 үкіметтік емес, жастар ұйымдары – ауғаншы-жауынгер Латиф Фахрутдинов атындағы мектеп жанындағы клуб, «Дархан» спорттық-ат клубы тіркелген.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының сындарлы өзара іс-қимылы арқылы халықты қоғамдық үдерістерге кеңінен тарту және тілдесуді дамыту қамтамасыз етілуде.

Бірнеше консультативтік-кеңестік органдар жастар ісі бойынша кеңес, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша комиссия, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, діни бірлестіктермен өзара қимыл бойынша кеңес, ардагерлер кеңесі жұмыс істейді.

Қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның басқа да институттары, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметтеріне жүргізілетін жүйелі мониторинг; олармен сындарлы сұхбаттарды және өзара іс-қимылды нығайту ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.

1.2. Негізгі проблемаларды талдау

Дәстүрлі емес, соның ішінде деструктивті сипаттағы діни ағымдар әсерінің күшейгендігі байқалуда.

1.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Ішкі: қоғамдық–саяси ахуалдың нашарлау ықтималдығы; әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуы.


2 Стратегиялық бағыт. Өңірлік ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2.1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Ауданда 1 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Ол – 1 басылымдық. Аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газеті – коммуналдық кәсіпорын, шаруашылық жүргізу құқығы, құрылтайшысы Көкпекті ауданының әкімі Д.М.Мусин болып табылады.

Мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы тұрғындарды шұғыл хабардар етуді арттыру мақсатымен 2010 жылдың соңына қарай, газет екі тілде аптасына 2 реттік шығарылуға көшті. Газеттің таралым данасы 5000-ға жетті.

Облыс тұрғындарын қазақстандық телеарналардың телехабарларымен қамтуды кеңейту мақсатында, қазақстандық сандық спутниктік хабар таратудың бірінші кезеңін енгізу аясында Бөлім селолық округ әкімдерімен бірлесе спутниктік қабылдау жүйелеріне түгендеу жүргізді, тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді: 2008 жылы - 1,5 млн. теңге, 2009 жылы – 3,5 млн. теңге, 2010 жылы – 5,3 млн. теңге, 2011 жылы – 7,7 млн.теңге. 2010 жылы ақпараттық тапсырыс 1 БАҚ аудандық газетте орналастырылды.

2.2. Негізгі проблемаларды талдау

Ауданда 1 телехабар таратушы станция жұмыс істейді, олар жергілікті рельефтің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік телеарналардың хабарларымен толықтай қамтуды қамтамасыз ете алмайды. 4 елді мекенде республикалық «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары көрсетілмейді. Спутниктік қабылдағыш-таратқыш құралдарды пайдалануға байланысты Ресейдің ақпараттық әсері айтарлықтай болып қалуда.

Аудан аумағында қазақстандық телерадио хабарларын таратудың бірінші кезеңін енгізу аясында 2010 жылғы желтоқсанның 10-ынан 11-іне қараған түні DVB-S2/MPEG4 жаңа хабар тарату стандартына көшу жүзеге асырылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі арасында сандық спутниктік теледидарды енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бөлім жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірге телерадиохабар таралмайтын елді мекендерде тұратын тұрмысы төмен отбасылардың санын нақтылады. Әкімдіктер тарапынан тұрмысы төмен отбасыларға спутниктік қабылдағыш-таратқыш құралдар сатып алу және орнатуға қолғабыс көрсету мәселелері пысықталуда. Тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде.


2.2. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Ішкі: газеттер беттеріне мемлекеттік саясатқа және жергілікті билік органдарының қызметіне қатысты келеңсіз материалдардың шығу мүмкіндігі.

Сыртқы: 1) Қытай тарапынан ақпараттық кеңістікті бұзу; 2) Ресейдің ақпараттық әсері.
  1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға «Зырян ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Сәйкес қызмет бағыттары (салаларының) дамуының тенденциясы және ағымдағы жағдайының талдауы
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары сырдария ауданы
«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Аудандық ішкі саясат бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекелдері
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Көкпекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлімнің стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері, мақсатты индекаторлары, іс
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы