«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев icon

«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев



Название«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Дата конвертации14.01.2013
Размер119.27 Kb.
ТипДокументы
источник


«БЕКІТЕМІН»


Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы

_______________

Н. Шерубаев


« » қаңтар 2011 жыл


Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы

ЕРЕЖЕ


Жалпы ережелер


1. Құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі - аппарат).

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы орталық құқық қорғау органдарының актілеріне, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің штат саны облыс әкімі бекітетін аппараттың штаттық кестесімен белгіленеді.

4. Бөлім туралы ережені аппарат басшысы бекітеді.


Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқылары


5. Бөлімнің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

5.1 облыс әкімінің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен қылмыс, сыбайлас жемқорлық, нашақорлық және есірткі бизнесі, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, лаңкестік пен экстремизм, құқықтық тәртіпті, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, әскери-жұмылдыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

5.2 құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыс әкімінің қылмыс, сыбайлас жемқорлық, нашақорлық және есірткі бизнесі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, әскери-жұмылдыру, құқықтық тәртіпті, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты актілері мен тапсырмаларын орындау бойынша қызметін үйлестіру және олармен өзара әрекеттесу;

5.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның, Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияның, Қылмыстық жаза және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссиялардың қызметтерін қамтамасыз ету.

6. Бөлім қойылған міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

6.1 заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес сияқты аса өзекті мәселелерді зерделеу және облыстық әкімдіктің және облыс әкімі жанындағы кеңестерде қарауға енгізу;

6.2 қалалар мен аудандар әкімдерінің заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, әскери-жұмылдыру қызметіне талдау жасау және іс жүзінде көмек көрсету;

6.3 қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, олардың іске асырылуын бақылау;

6.4 қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Үкіметінің қарауына енгізу үшін ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

6.5 мемлекеттік құрылыс, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу және ұйымдастыру;

6.6 Қазақстан Республикасының қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамасын түсіндіру және насихаттауға қатысу;

6.7 сотталғандардың құқын қорғауға, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік оңалтуға негізделген пенитенциарлық жүйені реформалау бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

6.8 қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, әскери-жұмылдыру және азаматтық қорғаныс, құқықтық тәртіпті, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат әзірлеу.

Аталған мәселелер жөнінде әкімдіктің қаулы жобаларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеуге қатысу;

6.9 заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, конституциялық құқық пен мүддені қорғау мәселелері жөніндегі азаматтардың хаттары мен ауызша өтініштерін қарау;

6.10 қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес, құқықтық тәртіпті, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне қатысты облыс әкімінің, аппарат басшысының өзге де тапсырмаларын орындау болып табылады.

7. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім өз құзыреті шегінде құқылы:

7.1 қолданыстағы заңнамаға сәйкес кез-келген, оның ішінде мемлекеттік органдардың қарауындағы құпия, ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

7.2 облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының облыстық құқық қорғау органдарында орындалуына кешенді тексеру ұйымдастыруға және қатысуға;

7.3. облыстың құқық қорғау органдарына консультативтік көмек көрсетуге;

7.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.


3. Бөлім қызметін ұйымдастыру, оның лауазымдық тұлғаларының өкілеттіктері


8. Бөлімді аппарат басшысының ұсынысы бойынша облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын меңгеруші басқарады.

9. Бөлім меңгерушісі аппарат басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.

10. Бөлім меңгерушісі:

10.1.Бөлім жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапкершілік көтереді;

10.2 Бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерін белгілейді;

10.3 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


«БЕКІТЕМІН»

Шығыс Қазақстан облысы

әкімінің аппарат басшысы

_____________ Н. Шерубаев

2011 жылғы «___» қаңтар

Облыс әкімі аппаратының

құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі қызметкерлерінің

^ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ


Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Т.Н.Құсайынов

бөлімге жалпы басшылық етеді;

  • бөлімнің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;

  • облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара іс-әрекеттесуін қамтамасыз етеді;

  • облыстық әкімдік пен облыс әкімі аппаратының іс-шараларына ұсыныстар енгізеді;

  • бөлімнің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша әкімнің және облыс әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері жобасын енгізеді;

  • қылмыс, сыбайлас жемқорлық, лаңкестік пен экстремизм, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыстық әкімдік пен облыс әкімі актілерінің, облыстық мәслихаттың шешімдерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;

  • қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, лаңкестік пен экстремизм, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелеріне қатысты әкімдік қаулысының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеуге, әкімдік мәжілістерінде, облыстық активтерде, құқық қорғау органдары басшыларымен кеңестерде бөлімнің бағыты бойынша мәселелер дайындауды ұйымдастыруға қатысады:

  • орындардағы әкімдер аппараттарының, құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты нығайту мәселелері бойынша жұмыстарын үйлестіреді, оларға проблемалық мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсетеді;

  • облыстағы криминогендік жағдайды бағалау, облыс әкімінің аппарат басшысын ол жөнінде ақпараттандыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

  • қылмысқа қарсы күрес және құқықты тәртіпті нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеу бойынша жұмыс топтарына басшылық етеді;

  • бөлім кадрларын іріктеу және орналастыруды, өз лауазымына резерв дайындауды жүзеге асырады;

  • бөлім қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіби білімдерін көтеру бойынша іс-шаралар өткізеді;

  • бөлім қызметкерлерін ұсыну, көтермелеу және жаза белгілеу жөнінде, оларға кезекті демалыс ұсыну және оларды қызметтік іссапарға жіберу туралы ұсыныстар енгізеді;

  • аппарат басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдарының, өзге де мекемелер мен ұйымдар кеңестерінің жұмысына қатысады;

  • бөлімдегі істер номенклатурасының жүргізілуін, бөлім қызметкерлерінің құпия режимін сақтауларын қадағалайды;

  • азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, орындауға түскен өтініштер және арыздармен жеке танысады, оларды тексеруді ұйымдастырады, нәтижесі жөнінде басшылыққа баяндайды;

Бөлім меңгерушісінің жұмыста болмаған жағдайында оның міндеттерін облыс әкімінің аппарат басшысымен келісім бойынша бөлім қызметкерлерінің бірі атқарады.


^ Бас маман А.М. Бейсекенова


  • ішкі істер, прокуратура, қаржы полициясы және ұлттық қауіпсіздік органдарымен қылмысқа қарсы күрес, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асыру аясында олардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

  • қалалар мен аудандар әкімдерінің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы басым бағыттарын анықтау мен күштерін біріктіруге ат салысады;

  • қылмыс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыстық әкімдік пен облыс әкімінің актілерінің, облыстық мәслихаттың шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

  • құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты мәселелер бойынша әкімдіктің және облыс әкімінің актілері жобасын, кеңестер әзірлейді;

  • облыстық ішкі істер департаменті, әділет департаменті, прокуратурамен бірлесіп жұртшылықты құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

  • құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кешенді бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын қадағалайды;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мен Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, осы жұмыс аясында құқық қорғау органдарымен өзара іс-әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

  • сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес мәселелері жөніндегі мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысқа талдау жүргізеді және олардың негізінде осы бағыттағы қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді;

  • отырыстардың хаттамаларын жүргізеді, Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлейді;

  • басшылықтың тапсырмасы бойынша азаматтар қабылдауды жүзеге асырады, азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарайды.

Өзара алмасу ____________________


Бас маман_______________________________________________________


  • Қылмыстық-атқарушылық жүйе комитеті департаментімен қылмысқа қарсы күрес, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру аясында олардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

  • Ішкі істер органдары, облыстық басқармалармен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері аясында олардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

  • әділет және сот органдарымен олардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

  • нашақорлық және есірткі бизнесіне, лаңкестік пен экстремизмге, адам сату және әйелдерге қарсы қылмыстық іс-әрекетке қарсы күрес мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыстық әкімдік пен облыс әкімінің актілерінің, облыстық мәслихаттың шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

  • нашақорлық және есірткі бизнесіне, лаңкестік пен экстремизмге, адам сату және әйелдерге қарсы қылмыстық іс-әрекетке қарсы күрес, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын әзірлейді;

  • нашақорлық және есірткі бизнесіне, лаңкестік пен экстремизмге, адам сату және әйелдерге қарсы қылмыстық іс-әрекетке қарсы күрес, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жағдайына талдау жүргізеді және баға береді, олардың негізінде осы бағыттағы қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды;

  • нашақорлық және есірткі бинесіне қарсы күрес және қылмыстық жаза және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыруда ішкі істер және прокуратура органдарымен, облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен, тиісті департаменттер және басқармалармен өзара іс-әрекеттеседі;

  • хаттамалар жүргізеді, нашақорлық және есірткі бинесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссияның және қылмыстық жаза және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмысы жоспарларының жобасын әзірлейді,

  • облыстың қорғаныс істері жөніндегі департаменті, әскери бөлімдерімен азаматтарды Қарулы Күштер қатарына шақыру мәселелері бойынша өзара іс-әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Облыстың шаруашылық етуші субъектілерінің ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерімен, ІІМ ішкі әскерлері және шекара қызметімен қамқоршы байланыстарын ұйымдастыруға бақылауды қамтамасыз етеді;

  • облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс басқармалары, су-құтқару қызметімен авариялар мен апаттарды ескерту және жоюда өзара іс-әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

  • қалалар мен аудандар әкімдерінің, құқық қорғау органдары мен өзге де атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің нашақорлық және есірткі бизнесіне, лаңкестік пен экстремизмге, адам сату және әйелдерге қарсы қылмыстық іс-әрекетке қарсы күрес мәселелеріне қатысты басым бағыттарын анықтау мен күштерін біріктіруге ат салысады;

  • облыс әкімі аппаратын эвакуациялау жоспарын әзірлейді және түзетулер енгізеді, ерекше жағдайда тұрақты қызмет ету құжаттарын нақтылайды;

  • бөлім жұмысы жоспарының жобасын әзірлейді, бақылауға алынған құжаттар мен тапсырмаларды орындау бойынша картотека жүргізеді, ай сайын қорытылған анықтама әзірлейді және бөлім меңгерушісіне баяндайды;

  • басшылықтың тапсырмасы бойынша азаматтар қабылдауды жүзеге асырады, азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарайды.

Өзара алмасу - А.М.Бейсекенова


^ Жоғарыда аталған міндеттерден басқа бөлімнің әрбір қызметкері:

  • басшылық ететін бөлімшелер мен қызметтер жұмысының жағдайы жөнінде статистикалық деректер мен өзге де ақпараттар жинауды жүзеге асырады;

  • жиналған ақпараттардың негізінде басшылық ететін қызметтердегі жұмыс жағдайы жөнінде есептер жасайды;

  • басшылықтың тапсырмасына және бекітілген жоспарларға сәйкес іс-шаралар өткізу мен кезекшілік етуге қатысады;

  • бөлім жұмысының жоспарына және тапсырмаларға сәйкес бөлім қызметінің бағыттары бойынша облыс әкіміне бағынысты органдардың қызметіне тексеруді жүзеге асырады;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, министрліктер мен ведомстволарға қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы, бөлім қызметінің басқа бағыттары бойынша ақпараттар әзірлейді;

  • құпия режимін сақтай отырып, өз өндірісіндегі істер номенклатурасын жүргізеді;

  • бөлім меңгерушісінің тапсырмасы бойынша жұмыста жоқ бөлім қызметкерінің міндеттерін және бөлім туралы ережеде белгіленген өзге де тапсырмаларды орындайды.



Құқық қорғау органдарымен жұмыс

бөлімінің меңгерушісі Т. Құсайынов




Похожие:

«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Облыс әкімі аппаратының кадрлық жұмыс және награда бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық...
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы аппаратының (бұдан әрі Аппарат) құрылымдық бөлімшесі...
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев icon«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
...
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық...
«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов