Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев icon

Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев



НазваниеБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Дата конвертации14.01.2013
Размер149.01 Kb.
ТипДокументы
источник


Бекітемін:

Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы


______________ Н. Шерубаев


2011 жылғы «___» _________


Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының

құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже


1. Жалпы ережелер


1. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің штат саны облыс әкімі бекітетін аппараттың штат кестесіне сәйкес анықталады.

4. Бөлім туралы ережені аппарат басшысы бекітеді.


^ 2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциясы және құқығы


5. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) аппаратта Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес іс жүргізуді ұйымдастыру;

2) электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істеу;

3) қызметтік хат-хабарлардың, заңды және жеке тұлғалардың хаттарының, шағымдарының, өтініштерінің, орындалу мерзіміне бақылауды қамтамасыз ету;

4) облыс әкімінің аппаратында, қалалар мен аудандар әкімдіктерінде іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіруді қамтамасыз ету.

6. Бөлім алға қойған міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) құпия емес құжаттамалардың жедел есепке алынуын, өткізілуін, қаралуын және жіберілуін қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік органдар әзірлеген облыс әкімі мен әкімдігінің актілер жобаларының ресімделуіне және келісілуіне сараптама жүргізу;

3) облыс, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарында, басқармаларда іс жүргізу, қызметтік хат-хабарларды, азаматтардың хаттарын, шағымдарын, өтініштерін бақылау жөніндегі жұмысын тексеруді жүзеге асыру;

4) облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, облыстық басқармалар басшыларының азаматтарды қабылдау кестесін әзірлеу;

5) аппаратта заңды және жеке тұлғаларды қабылдаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

6) облыс әкімдігі отырысының әзірленуіне және өткізілуіне, күн тәртібін құрастыруға, облыс әкімдігінің отырысына материалдар әзірлеуге қатысу;

7) облыс әкімдігі отырыстарының материалдары мен хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

8) облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін басып шығаруды қамтамасыз ету, оларды тарату және сақтау;

9) мұрағаттық құжаттардың уақытша сақталуын ұйымдастыру. Олардың өңделуін және мемлекеттік мұрағатқа берілуін қамтамасыз ету;

10) өз құзыреті шегінде аппараттың, облыс әкімдігінің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, облыстың мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау.

7. Бөлім өзінің негізгі міндеттерін іске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

1) Бөлімге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де ұйымдармен қызметтік хат жазысуға;

2) нормативтік құқықтық және өзге де актілер жобаларын мүдделі органдармен келісілгендігін, мемлекеттік және ресми тілдердің дәлме-дәлдігін бақылауға және олар сәйкес келмеген жағдайда тиісті жобаларды пысықтауға қайтаруға;

3) облыс әкімінің, әкім орынбасарларының, облыс әкімінің аппараты басшысының қарауын талап етпейтін мәселелер бойынша хат-хабарларды тиісті басқармаларға, мемлекеттік органдарға жіберуге және қайтаруға;

4) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына бақылаудың ұйымдастырылуын, құжаттарды сақтаудың, істерді ресімдеудің дұрыстығын тексеруге;

5) дұрыс ресімделмеген құжаттарды, сондай-ақ олардың құзыретіне кірмейтін мәселелерді шешу жөніндегі құжаттарды жолданған жеріне қайтаруға;

6) облыстың қалалары мен аудандары әкімдері аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқармалардағы құжаттың жүргізілуіне және атқарушылық тәртіптің жағдайына талдау жасауға;

7) облыс әкімі аппаратының бөлімдерінен, облыстық басқармалардан, аумақтық инспекциялардан, комитеттерден, департаменттерден іс жүргізу, облыс әкімінің тапсырмаларын орындауға бақылауды, заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды, олардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат және басқа да материалдар сұрауға;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.


^ 3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды тұлғаларының өкілеттігі


8. Бөлімді облыс әкімі аппараты басшысының ұсынысы бойынша облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын меңгеруші басқарады.

9. Бөлім меңгерушісі облыс әкімі аппараты басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.

10. Бөлім меңгерушісі:

1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2) Бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттігін анықтайды;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікттерді жүзеге асырады.


^ Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппараты құжаттамалық

қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі А. Серікбаева


БЕКІТЕМІН:

Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы


_____________ Н. Шерубаев

2011 жылғы «___» ___________

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының

құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің

лауазымдық міндеттері


^ Бөлім меңгерушісі А.Қ.Серікбаев

Облыс әкімі аппараты басшысының және орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.

бөлімнің жұмысына басшылық жасайды;

облыс әкімі аппаратының өзге бөлімдерімен өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді;

бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша, бөлім қызметкерлерін тағайындау және жұмыстан босату туралы, бөлім қызметкерлерінің еңбек демалысы, көтермелеу мен жаза белгілеу жөнінде, облыс әкімі аппаратының ісқағаздарын жүргізуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жоспары мен іс-шаралары, облыс әкімі аппаратының бөлімдерінде, облыстық басқармаларда, инспекцияларда, департаменттерде, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарында атқарушылық тәртіп деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарларына ұсыныстар енгізеді;

бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын енгізеді;

бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің, оның қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады, оларды бөлім алдына қойылған міндеттерді орындауға жұмылдырады, бөлім қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;

облыс әкімі қол қойған әкімдік қаулыларын, шешімдер мен өкімдерді тіркеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді, олардың таратылуын қамтамасыз етеді;

жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының қаралуын және талдауды үйлестіреді, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшысының қабылдау бөлмелерінің жұмысын ұйымдастырады;

бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмаларын орындайды.

Бөлім меңгерушісі болмаған кезде оның міндеттерін облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен бөлім мамандарының бірі атқарады.

^ Бас маман З.М. Машканцева

бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады, жұмыс туралы есеп дайындайды;

кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, оларды дер кезінде өңдеу және басшылықтың тапсырмаларын орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі аппаратында ісқағаздарын жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді;

қызметтік хат алмасу бойынша облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша ақпараттық-бақылау жұмысын жүргізеді және талдайды, оларды облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың, комитеттердің, департаменттердің, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларының орындау жағдайы бойынша талдау анықтамасын дайындайды;

облыс әкімі аппаратында, қалалар мен аудандар әкімдері аппаратында, облыстық басқармалардағы атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жасайды;

орындаушылардан облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын тапсырмалардың толық, уақытында орындалуына талдау жүргізуге қажет ақпарат және басқа да материалдар сұрайды;

ісқағаздарын жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

бөлім меңгерушісіне тапсырмалардың орындалу мерзімін сақтау, бөлімнің жұмысын жетілдіру мақсатында жедел араласуды қажет ететін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;

қызметтік хат-хабарлардың уақытында орындалуына және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;

құжаттамалық қамтамасыз ету секторының қызметкерлерін қажетті нұсқаулық және анықтама материалдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады;

қызметтік хат-хабарлар бойынша сол бір мәселе бойынша тапсырмаларды бақылаудың қайталануына жол бермейді;

электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істейді.

Өзара алмасушылық – Г.Е.Имамбаева.


^ Бас маман Г.Е.Имамбаева

кіріс хат-хабарларды қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды және алдын ала белгілеуді жүргізеді;

бақылау құжаттарының картотекасын жүргізеді, құжатайналым бойынша дерекқорды қалыптастырады және түзетеді;

тарату парағына сәйкес шығыс хат-хабарларды жіберуді ұйымдастырады, оның белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, сәйкес болмаған жағдайда құжаттарды тіркемей қайтарады.

кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, оларды дер кезінде өңдеу және басшылықтың тапсырмаларын орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі аппаратында ісқағаздарын жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді;

қызметтік хат-хабарлардың уақытында орындалуына және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;

белгіленген талаптар бұзылып, орындалып берілген шығыс құжаттарға талдау жүргізеді;

нақты құжаттың немесе құжаттар тобының орындалу барысы туралы біржолғы ақпарат береді;

қызметтік хат-хабарлар бойынша сол бір мәселе бойынша тапсырмаларды бақылауға алудың қайталануына жол бермейді;

бөлімнің ағымдағы мұрағатын жүргізеді;

бөлімнің есептерін, талдау жазба хаттарын, ақпараттарын дайындауға қатысады;

бөлімнің жұмыс жоспарларын және жұмысы туралы есептерді дайындайды;

электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істейді.

Өзара алмасушылық – З.М.Машканцева.

^ Бас маман П.Қ.Көккөзев

бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады, жұмысы туралы есеп дайындайды;

облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын тіркеуді жүзеге асырады, олардың көшірмелерін белгіленген тәртіпте куәландырады және таратуды жүргізеді;

облыс әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

әділет департаментінде тіркелген нормативтік құқықтық актілерді, олардың қолданылуын тоқтату туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға дайындауды, сақталуын және оларды жүйелендіруді жүзеге асырады;

облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне мониторинг жүргізеді, оларды есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте есеп береді, ақпараттар дайындайды;

облыс әкімдігі мен әкімі қабылдаған актілердің бақылау құжаттарының (түпнұсқасының) есебін жүргізеді, жүйелендіреді және жүргізеді, оларға барлық ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді;

департаменттерге, басқармаларға ісқағаздарын жүргізу, нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу мәселелері жөнінде ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді. Облыс әкімінің аппараттық кеңестеріне, әкімдік мәжілістеріне шақырылғандарды тіркеуді жүргізеді;

электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істейді.

Өзара алмасушылық – Г.А.Қамзина.


^ Бас маман Г.А.Қамзин

бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады, жұмысы туралы есеп дайындайды;

жұмыс жоспарына сәйкес әкімдік мәжілістері күн тәртібінің жобасын құрастырады;

әкімдік қаулылары жобаларының, әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелер мен ақпараттардың дайындалу барысына бақылауды жүзеге асырады, олардың қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды. Материалдарды әкімдік мәжілістеріне уақытында дайындауды қамтамасыз етеді, оларды көбейтуді және әкімдіктің дербес құрамы мүшелері үшін папкалар жинақтауды ұйымдастырады. Ілеспе аударманы ұйымдастыру үшін әкімдік мәжілісіне енгізілетін мәселелер бойынша баяндамалар мен сөйлейтін сөздердің мәтіндерін жинауды жүзеге асырады;

облыс әкімдігі мәжілістеріне қатысушылардың тізімдерін, қарулы құрылым басшыларына әкімдік мәжілістеріне шақыру хаттарын дайындайды, әкімдікке қатысушыларды хабардар етуді ұйымдастырады. Әкімдікті дайындау, әкімдікті жүргізу тәртібін жасау;

әкімдік мәжілісінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын пысықтауға қатысады;

әкімдік мәжілісін жазып алуды және оны толық жазуды ұйымдастырады, соңынан мәселелерді қарау барысын көрсететін хаттаманы ресімдейді. Хаттаманың толық жинағын ресімдеуді және оны түптеуге тапсыруды қамтамасыз етеді;

жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әкімдік мәжілістерінде мәселелер мен ақпараттарды қарау туралы талдау анықтамаларын жасайды;

мемлекеттік органдар дайындаған облыс әкімі мен әкімдігі актілері жобаларына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу ережесіне сәйкестігіне сараптама жүргізеді, сәйкес келмеген жағдайда оларды орындаушыларға пысықтауға қайтарады. Департаменттерге, басқармаларға нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.

электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істейді.

Өзара алмасушылық – П.Қ.Көккөзева.


^ Бас маман Н.М.Мұстафин

жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізеді;

бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлуге қатысады, жұмысы туралы есеп дайындайды;

облыс әкімі аппаратының бөлімдерінде, облыстық басқармаларда, инспекцияларда, департаменттерде, қалалар мен аудандар әкімдері аппаратында азаматтардың өтініштерін қарау, оларды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды ұйымдастырады, оларды облыс басшылығының қабылдауына жазуды жүргізеді;

облыс әкімінің аппаратында, облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппаратында, облыстық басқармаларда, комитеттерде, департаменттерде азаматтардың өтініштерінің уақытында тіркелуіне және қарау мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

орындалуы бақылауда тұрған өтініштерді қарау мерзімдері туралы орындаушыларға тұрақты түрде ескертіп отырады;

азаматтардан келіп түскен өтініштерді толық орындау, өтінішті бақылаудан алу немесе қарау мерзімдерін ұзарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

белгіленген үлгі бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептер, 1-ОЛ үлгісі бойынша статистикалық есеп дайындайды, сонымен қатар жарты жылда бір рет азаматтардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдау, азаматтардың сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау нәтижелеріне мониторинг жүргізеді;

облыс әкімі аппараты басшыларының азаматтарды қабылдағаны туралы деректерді, сонымен қатар азаматтарды қабылдау кестесін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне тапсырады (тоқсан сайын);

мәселелердің сипатына байланысты азаматтарды күн сайын қабылдауды және оларға консультация беруді жүзеге асырады, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметкерлеріне азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша консультация береді;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріндегі сол бір мәселе бойынша тапсырмаларды бақылауға алудың қайталануына жол бермейді;

электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істейді.

Өзара алмасушылық – Е.Н.Чиканцева.


^ Жетекші маман Е.Н.Чиканцева

жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ісқағаздарын жүргізеді;

облыс әкімінің аппаратында, облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппаратында, облыстық басқармаларда, комитеттерде, департаменттерде азаматтардың өтініштерінің уақытында тіркелуіне және қарау мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін тіркеуді және есепке алуды, оларды бақылауға қоюды жүзеге асырады. Азаматтардың өтініштерін әкімдік басшылығының қарарына сәйкес орындаушыларға жеткізеді. Өтініштер бойынша оларды бақылаудан алу үшін басшылыққа құжаттар қалыптастырады. Электрондық бағдарламада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бақылаудан алуды ресімдейді;

азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асырады;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есептер (ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық) құрастырады;

бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлуге қатысады, жұмысы туралы есеп дайындайды;

виртуалдық қабылдауда жұмыс істейді;

орындалуы бақылауда тұрған өтініштерді қарау мерзімдері туралы орындаушыларға тұрақты түрде ескертіп отырады;

өтініштер бойынша талдау жұмысын жүргізеді;

аппарат және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізу жөнінде консультация береді;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құжаттар дайындайды және оларды мұрағатқа тапсырады;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріндегі сол бір мәселе бойынша тапсырмаларды бақылауға алудың қайталануына жол бермейді;

электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істейді;

Бөлім қызметкерлерінің жұмысқа шығу табелін жүргізеді.

Өзара алмасушылық – Н.М.Мұстафина.


^ Бас маман А.Қ.Зәкәриянов

бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады, жұмысы туралы есеп дайындайды;

өткізілетін әкімдік кеңестері мен отырыстарын ілеспе аударуды жүзеге асырады;

облыс әкімі аппараты әзірлеген қызметтік құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдеріне аударады;

облыс әкімі аппараты және атқарушы органдар:

мұрағаттар және құжаттама басқармасы;

мемлекеттік сәулет–құрылысты бақылау басқармасы;

жер қатынастары басқармасы;

энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы;

құрылыс басқармасы;

сәулет және қала құрылысы басқармасы;

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы;

табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;

денсаулық сақтау басқармасы;

ішкі істер департаменті дайындаған облыс әкімдігі пен әкімі нормативтік құқықтық актілері жобаларының, қызметтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дәлме-дәлдігіне редакциялық сараптаманы жүзеге асырады;

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне жауап береді, олардың сәйкестігі жөнінде құжаттың келісу парағына қол қояды;

облыс әкімі аппаратының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мамандарына мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен терминдердің қолданылу аясын кеңейту жөнінде практикалық және теориялық көмек көрсетеді. Облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне құжаттарды аударуда консультациялық көмек көрсетеді;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан редакциялық сараптамаға келіп түсетін құжаттарға талдау және есепке алуды жүргізеді;

құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізумен айналысатын мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Өзара алмасушылық – А.А.Камалов


^ Бас маман А.А.Камалов

бөлім жұмысы жоспарын жасауға қатысады, жұмысы туралы есеп дайындайды;

облыс әкімі аппараты әзірлеген қызметтік құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдеріне аударады;

облыс әкімі аппараты және атқарушы органдар:

қаржы басқармасы;

экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;

ішкі саясат басқармасы;

тілдерді дамыту басқармасы;

білім басқармасы;

жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы;

ауылшаруашылығы басқармасы;

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;

мәдениет басқармасы;

кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы;

туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы;

дайындаған облыс әкімдігі пен әкімі нормативтік құқықтық актілері жобаларының, қызметтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дәлме-дәлдігіне редакциялық сараптаманы жүзеге асырады;

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне жауап береді, олардың сәйкестігі жөнінде құжаттың келісу парағына қол қояды;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мамандарына мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен терминдерді қолдану аясын кеңейту жөнінде практикалық және теориялық көмек көрсетеді. Облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне құжаттарды аударуда консультациялық көмек көрсетеді;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан редакциялық сараптамаға келіп түсетін құжаттарға талдау және есепке алуды жүргізеді;

құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізумен айналысатын мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Өзара алмасушылық – А.Қ.Зәкәриянова.


Шығыс Қазақстан облысы әкімі

аппараты құжаттамалық

қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі А.Серікбаева





Похожие:

Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Облыс әкімі аппаратының кадрлық жұмыс және награда бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы аппаратының (бұдан әрі Аппарат) құрылымдық бөлімшесі...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев icon«Бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ғ. С. Тұрсынбаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті Әкім сайтына орналастыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов