«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon

«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже



Название«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата конвертации22.05.2013
Размер101.69 Kb.
ТипДокументы
источник










Качир ауданы әкімдігінің

2013 жылғы “____” сәуірдегі

“Качир ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы

№____қаулысымен бекітілген


«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер


1. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауданның жергілікті атқарушы орган саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


^ 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


14. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан аумағында мемлекет саясатты жүргізу болып табылады.

15. Міндеттері:

1) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін, экономикалық дамуды, қазақстандық патриотизмді іске асыруда, аймақтағы неғұрлым маңызды мәселелерді демокрратиялық әдістермен шешуде әрекеттесі;

2) Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын әзірлеуге, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен тактикасын жетілдіруге қатысу;

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен бірлесіп әрекеттесу;

4) ауданның жергілікті атқарушы органдар қызметін үйлестіру болып табылады.

16. Функциялары:

1) ауданның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын, ауданның мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғаларының жұмыс жағдайын талдайды, қоғамдық пікірлерді зерделейді, саяси жағдайдың дамуын болжайды, қоғамдық маңызды мәселелер бойынша ұсыныстарды дайындайды;

2) ақпаратты жинауды, талдауды іске асырады және аудан әкімдігі мен әкімін ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдармен қамтамасыз етеді;

3) аудан әкімінің жұртшылықпен байланысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орнатуды және тұрақты дамытуды қамтамасыз етеді, әкімдік пен аудан әкімімен қабылданатын актілерді түсіндіруге қатысады;

4) аудан әкімдігінің, әкімінің актілерін, аппарат басшысының бұйрықтарын тіркеуді жүргізеді;

5) аудан әкімдігінің, әкімінің, аппарат басшысының актілерін, сондай-ақ консультативтік – кеңесші органдар құжаттарын тиісті ресімдеуді, жіберуді және жариялауды қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік мекемеде іс жүргізуді ұйымдастырады және құжат айналымына талдау жасайды;

7) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

8) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастырады;

9) аудан әкімдігінің, әкімінің және аппарат басшысының актілерін сақтауды, жүйелеуді және кодификациялауды қамтамасыз етеді;

10) мемлекеттік мекемеде құпиялық тәртібін қамтамасыз етеді, мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, аудан әкімі тағайындайтын өзге де лауазымды тұлғаларға құпия құжаттарға рұқсат беру материалдарды ресімдейді;

11) мемлекеттік тілдің кең пайдаланылуына, іс жүргізу ережесін сақтауға және оларды жетілдіруге, жұмыс стилі мен әдістерін жақсартуға, жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге бағытталған шараларды қабылдайды;

12) азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды аудан әкіміне енгізеді;

13) аудан әкімінің заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, норма жасап шығару қызметінің тетігін жетілдіру бойынша шара қолданылады;

14) аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізілетін құқықтық актілер жобаларының құқықтық сараптамасын қамтамасыз етеді, өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді дайындауға қатысады;

15) кадрлық жұмыстың жағдайын және мемлекеттік қызметтің жағдайына, кадрлар резервіне, атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби даярлық деңгейіне талдау жасайды;

16) лауазымға тағайындау және лауазымнан босату бойынша құжаттарды ресімдейді, аудан әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өтуіне байланысты басқа да мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;

17) мемлекеттік мекеменің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін кәсіптік қайта даярлауды ұйымдастырады;

18) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілерін, аудан әкімі тағайындайтын басқа да лауазымды тұлғаларды аттестаттауды өткізеді;

19) аудандық және облыстық мәслихаттармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

20) аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;


21) мәслихат бекіткен аудандық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

22) аудан әкіміне мемлекеттік наградалармен наградтау, облыс, аудан әкімінің мадақтаулары және құрметті атақтарды беру бойынша ұсыныстар енгізеді;

23) аудан әкімдігінің қарауына мекемелер мен мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорындар, аудан әкімдігі мен әкіміне тікелей бағынысты және есепті консультативтік-кеңесші органдарды құру, тарату, қайта ұйымдастыру және жою туралы ұсыныстарды енгізеді;

24) аудан әкімдігі мен әкіміне тікелей бағынысты және есепті мемлекеттік және консультативтік-кеңесші органдар қызметін үйлестіреді және өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

25) аудан әкіміне аймақтық саясатының стратегиясы, ауылдық округ әкімдерінің бірлескен конструкциялық жұмысы, олардың аудандық және облыстық, атқарушы және өкілетті органдармен өзара іс-қимыл жөнінде болжам жасайды және ұсыныстарды шығарады;

26) аудан әкімінің ауылдық округтер әкімдерімен өзара іс-әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

27) аудан әкіміне аудан әкімдігінің, әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің актілерін жою немесе толық не ішінара тоқтату жөніндегі ұсыныстар енгізеді;

28) аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалармен орындалуын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдар актілерінің, ауылдық округтер әкімдері актілерінің Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

29) аудан әкімін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

30) ауданның атқарушы органдары дайындаған аудан әкімдігі мен әкімінің актілер жобаларын сараптауды және қажет болған жағдайда өңдеуді жүзеге асырады;

17. Құқықтары мен міндеттері:

«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы Ережеде көзделген өкілеттілікті жүзеге асыру үшін құқылы:

1) заңнамада белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардан және басқа ұйымдардан сұрауға және алуға;

2) мемлекеттік орган мен лауазымды тұлға үшін ұсыну міндетті болып табылатын ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және тапсырма беруге, заңнамада белгіленген мерзім бойынша жауап беріледі;

Берілген құзыретке сәйкес ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, тапсырма беруге құқылы: аппарат басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі және құрылымдық бөлімшелер басшылары.

«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне кіреді:

1) аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-аналитикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

2) бекітілген Регламентке сәйкес аудан әкімі аппараты бөлімінің қызмет етуі және жұмысын үйлестіру;

3) ауыл және ауылдық округ әкімінің аппараттарымен, ауданның атқарушы органдарымен тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға, ауданның мемлекеттік орган жүйесінде кадрлар біліктілігін жетілдіруге, құпия іс-жүргізуді есепке алу мен рәсімдеуге;


^ 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру


18. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.

19. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысын Качир ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аппарат басшысының өкілеттігі:

1) аудан әкімдігінің бекітуіне мемлекеттік мекеме туралы Ережені ұсынады, оның құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді, ұйымдастырады және бағыттайды, өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

3) жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшы лауазымдарына тағайындалатын кандидатураларды аудан әкімімен келісуді қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік мекемеде және аудан әкімі тағайындайтын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеуді өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

5) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

6) аудан әкімінің қарауына «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің басшыларын тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстарды енгізеді;

7) аудан әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазаларды қолдану немесе алу туралы ұсыныстарды аудан әкімінің қарауына енгізеді;

8) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

9) аудан әкімдігі мен аудан әкімі актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуы, «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде құжаттардың өтуі жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

10) аудан әкіміне әкімдіктің және аудан әкімі актілерінің жобаларын, аудан әкіміне жіберілген басқа да құжаттар мен материалдарды қол қоюға және қарауға ұсынады;

11) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекітеді;

12) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

13) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шығындар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын жұмсайды;

14) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қызметтік құжаттар мен бұйрықтарға қол қояды;

15) жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді;

16) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихатпен, ауданның атқарушы органдарымен, сот және құқық қорғау органдарымен тұрақты негізде байланысын қамтамасыз етеді;

17) мәслихаттың сессияларына қатысады;

18) «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда білдіреді.

«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.


^ 4. Мемлекеттік органның мүлкі


21. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру мен тарату


24. «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




Похожие:

«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Арал ауданы әкімінің аппараты»
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты»
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Аппарат) Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағында...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты» (бұдан әрі Аппарат) аудан әкімияты құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі село әкімінің аппараты), Сайын Шапағатов селосы әкімінің...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты»
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және әкімінің (бұдан әрі-әкімдік) қызметін...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Cенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Сенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Шахан кенті әкімінің аппараты»
«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты»
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже icon863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы – «Мемлекеттік мекеме», Шымкент қаласы әкімдік және әкімінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы