«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм icon

«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм



Название«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм
страница1/4
Дата конвертации30.01.2013
Размер433.74 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4



«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

2010-2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Мазмұны


1.

Миссиясы мен пайымдауы

2

2.

Ағымдағы ахуалды талдау

2

3.

Стартегиялық бағыттары, мемлекеттік органдары қызметтерінің мақсаттары мен міндеттері


7

4.

Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін тәуекелдер

10

5.

Нормативтік құқықтық актілер

11

6.

Бюджеттік бағдарламалар

12




1. Миссиясы мен пайымдауы.


«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ миссиясы- сәулет, қала құрылысы және құрылысы саласында мемлекеттік саясатты, жарнаманы іске асыру. Аумақта қала құрылысын меңгеру сапасын арттыру, Шемонаиха ауданы тұрғындарының тіршілік әрекеттерінің толыққанды ортасын қалыптастыру..

Болашақты пайымдауы – аудан тұрғындарының жағымды өмір сүру және тіршілік әрекетінің ортасын құру.


2. Ағымдағы жағдайды талдау.


1. Аудандағы сәулеттік-қала құрылысының ахуалдары. Мәселелердің қазіргі жағдайын талдау.


Шемонаиха ауданының барлық 39 елді мекендерінде бас жоспар жоқ. Елді мекендер бойынша картографиялық материал жоқ, қолда бары Шемонаиха қ.бойынша М 1:2000 топографиялық түсірілімі.

Шемонаиха қ. бас жоспары 25 жыл бұрын әзірленді, ереже негіздері қазіргі заманғы құрылыс талаптарына сай емес, атап айтқанда халық санының өзгеру динамикасын, селитебтік және өнеркәсіптік аумақтарын келешекте игеру, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, мәдени-тұрмыстық мақсаттық объектілерді орналастыру.

Қалалық және аудандық деңгейде қала құрылысы кадастры жүргізілмейді. Қолданыстағы мәліметтер жалпы сипатта болып жатқан өзгерістерді бақылау және қадағалауға мүмкіндік деректер базасымен бекітілмеген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарғысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» құру Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйе» (бұдан әрі – МТ АЖ) мемлекеттік деректер базасын енгізу және дамыту жүргізілуде. 2009 жылы Шемонаиха ауданы бойынша МТ АЖ деректер базасын толтыру аяқталды, мекенжайлардың өзекті базасын қолдау жұмысы жүргізілді.

ЖТҚ-на телімдер бөлу қажеттілігіне байланысты, Шемонаиха қ. солтүстік жағында орналастырылатын 5 ықшам ауданды толық жайғастырудың алдын ала жоспарын әзірлеуге 2008 жылғы аудандық бюджеттен 2,2, млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

2010 жылы толық жайғастыру жобасы бойынша сараптама қорытындысы алынды, әзірленіп жатқан жобаның негізінде телімдерді бөлу жүзеге асырылады. Аталған аумақта 106 телімдерді орналастыру жоспарлануда: жеке тұрғын үйлер құрылысы, демалыс саябағы, сауда және балабақша объектілері, яғни жобалау 2010 жылға көзделді. (280 орынды балабақша құрылысы жобасын әзірлеу үшін жер телімін таңдау жүргізілді). Жобаланған шекарадан тыс аумақтың алаңы 28,0 га, тұрғын үй құрылысының аумағы 13,0 га, сондай-ақ– 240 орынды балабақша және 2 дүкен халыққа қызмет көрсету объектілері және 7,0 га алаңды саябақ жалпыға бірдей пайдалану орындары көзделді. Есеппен жобаланған ықшам ауданының халық саны 382 адам, 1 га халықтың тығыздығы кезінде 29,3 адамды құрайды.


Тұрғын үй құрылысын дамыту. Мәселелердің қазіргі жағдайын талдау жағдайы.

Әлеуметтік қатынаста тұрғын үй қажеттілігі адам тіршілігінде негізгі қажеттіліктерінің бірі және жалпы қауымның басымды жағдайы болып қалады, ал қоғамды дамытуда басты мәселе тұрғын үй құрылысын дамыту. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасында тұрғын үйлер салу көлемі бойынша лидерлер қатарына кіреді. Соңғы жылдарда жеке құрылыстар есебінен тұрғын үй мәселесі шешілді. Ал 2009 жылы жеке құрылыс есебінен алаңы 4126,2 м2 60 жеке тұрғын үй пайдалануға енгізілді, 2008 жылмен салыстырғанда 28% өсті.

2008 жылы жалпы алаңы 3260,0 кв.м. 53 тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

2009 жылы жалпы алаңы 4126,2,0 кв.м.60 тұрғын үй пайдалануға енгізілді.

Шемонаиха қаласында жалпы көлемі 5551,0 шаршы метр салынып бітпеген 120 пәтерлі тұрғын үй объектісі бар. Шемонаиха қ. ықшам ауданында 120 пәтерлі тұрғын үй салуды жалғастыру және оны (кіре берісті) пайдалануға кезең-кезеңмен беру мәселесі меншік иесімен шешілді. Ипотекалық несиелеу аясында құрылысқа үлестік қатысу алдын ала ескерілді.

Сонымен қатар, ипотекалық несиелеу аясында құрылысқа үлестік қатысулар қарастырылады. Бос ғимараттарды, Шемонаиха қ. №3 ықшам ауданындағы №8 «А» үйі және Первомайский к. жатақхана жайларының бөлігін бұрынғы қалпына келтіру.

Тұрғын үй құрылысын салу инжерлік коммуникациялары жүргізілген жер телімдерінде жүзеге асырылады. Тұрғын үйлерді салу көлемінің төмендеуі негізінен инженерлік инфрақұрылымның озатын құрылыстың болмауына байланысты. Мемлекеттік тұрғын үйлерді салу қорын аз қаржыландырумен қамтамасыз ету.

Тұрғын үй қорының мазмұны ауданда қиын жағдайды туғызды. Тұрғын үйлерді жекешелендіргеннен кейін оны пайдалану және ұстау мәселесін меншік иелері өз беттерімен шешулері қажет. Бірақ олар керекті дәрежеде іске асыру үшін қосымша қаржы шығындарын мынадай себептер бойынша қажет етеді:

- ауданның тұрғын үй қорының едәуір үлесін 1957-1961 жылдары құрылысшылар мен салынған зауыттарды пайдаланушыларды орналастыру үшін салынған үйлер құрайды;

- Шемонаиха қ. бес пәтерлі тұрғын үйді салу 60 жылдардың басында басталды, осы уақытта үйлерді пайдаланудың нормативтік мерзімі екі есе көп.

Аудан бойынша 2007 жылы, ал 2008 ж.-10 жер телімдерінде 20 ЖТҚ салыға тиым салынған, негізінде ауданда жүргізіліп жатқан құрылыстырда су коммуникациялары және электр жабдықтау көздері бар.

ШҚО бойынша 2008-2010 жылдарға арналған қысқа мерзімді жоспарды іске асыруда, облыстық бюджеттен Шемонаиха қ. 30 пәтерлі тұрғын үй салуды қаржыландырады, облыстық бюджеттен 2008 жылы жобалық құжаттамаларды әзірлеуге 4,0 млн теңге бөлінген. Осы күнде бөлінген ақша қаражаттары жұмсалған, жобалау – сметалық құжаттамалар орындалды және мемлекеттік сараптамадан өтті. Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің хатына сәйкес, осы жобаны 2010-2012 жж дейін қаржыландыру мүмкіндіктері бар.

«Нұрлы –Көш» республикалық бағдарламасы аясында 2009 жылға Шемонаиха ауданы аумағында оралмандарды қоныстандыру үшін 150 тұрғын үйді салуға жобалау-сметалық құжаттамаларды қаржыландыру мәселесі қарастырылуда, осы уақытта мәселені шешу 2010 жылға қалтырылды.

Жеке тұрғын құрылысын дамыту үшін жеке және көппәтерлі тұрғын үй құрылысының үлгі жобасын әзірлеуді. жүзеге асыратын жобалауды озатын жоспарларды әзірлеу орынды деп түсінеміз, Аймақта жергілікті құрылыс материалдарын қолдану мен құрылыс өнеркәсібін дамыту.

Құрылысқа энергияны үнемдеу технологиялары енгізілді. Шемонаиха қ.жоспарланған №14 «А» тұрғын үйінің 30 пәтеріне және №5 ықшам ауданына инженерлік қатынас желілерін салу.

Осы уақытта жеке тұрғын үй құрылысын дамыту қарқынын тоқтататын себептерді мынадай талдаймыз:

- түрлі жобалардың болмауы;

- құрылыс жоспарланған жерлерде инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылымның болмауы;

- құрылысқа несие жеңілдіктерімен қол жеткізу;

- құрылыс материалдарының қымбат тұруы;

- нарық аймағында құрылыс және көлік қызметін көрсету саласында қол жетімді ұсынылатын қызметтердің болмауы;

1990 жылдан бастап 2000 жылдар кезеңінде өндірістік әлеуеттіі құрылысы бар өнеркәсіптер бұзылған болатын.

Осы уақытта өндірістің техникалық деңгейі төмен, шығарылған өндірістің көлемі және оның сапасы, ауданды қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ете алмайды. Өзіндік қаражаттардың жетіспеушілігіне байланысты кәсіпорындар ірі құрылыс жобалары мен қайта жөндеулерді іске асыра алмайды.

Шемонаиха ауданында 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқармалары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысы мен құрылыс өнеркәсіптер бағдарламасын дамыту.

Жаңа саясатты жүзеге асырудың мәні тұрғын үй құрылысында ауқымды топтар үшін бағаны төмендету арқылы тұрғын үйлерге қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауқымды тұрғын үйлерді салу өзімен бірге құрылыс материалдар өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді.

Шемонаиха ауданында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үйлер алуға және тұрғын үйлердің жағдайын жақсарту үшін тізімде 84 отбасы тұр, оларды қамтамасыз ету үшін 5,9 мың м2 тұрғын салу қажет.

Келешекте өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға тілек білдіруші отбасылар санының өсуі жоспарлануда, осы күннен бастап жыл сайын тілек білдірушілер саны 10-12 пайызға өседі, ол үшін қосымша 0,59 мың м2 жуық тұрғын үй салу керек.

Жалпы 3 жылда 32,0 мың м2 жуық тұрғын үй салу қажет.

Осы факторларға мыналарды жатқызамыз:

- қала құрылысы жобасын әзірлеуге қаражаттың бөлінбеуі;

- ауданда қала құрылысын дамытуда бекітілген кешенді сұлбалардың (түзету), қала құрылысы құжаттамасының (бас жоспары, әкімшілік, қала, аудан жайлары және аудан орталығының толық жоспарлау жобасы, қала құрылысы кадастрларын салу жобалары), елді мекендердің топографиялық-геодезиялық түсірілімдерінің болмауы, яғни кері айналмайтын әлеуметтік – экономикалық және экологиялық салдарына, сонымен қатар аумақты басқаруда қалалық аумақтағы ұйымдарға және қала құрылысы саясатына жеткіліксіз назар аудару түзетілмейтін қателікке әкеліп соғады;

- қалалық ортаны қалыпына келтіру және дизайны, ауданның сәулеттік келбетін жақсарту бойынша бірыңғай сәулеттік-қала құрылысы тұжырымдамасының болмауы, тұрғындардың қолайлы тұратын орындары мен тіршілік әрекетін төмендетеді;

- «МТ» ақпарат жүйесінің болмауы елді мекендерінің мекенжай шаруашылығын жүйесіз енгізуге, аумақты жоспарлау және ұйымдастыру есебін қиындатады;

- жалға алынатын тұрғын үйлердің құрылысын дамыту, аудандағы тұрғын үй құрылысын инженерлік-байланыстық инфроқұрылымдармен жабдықтау;

- осы күнде қала құрылысының толық көлемдегі құжаттамасы, оның ішінде жерді пайдалану және салу ережесінің болмауы;

- тұрғын үй құрылысының қажетті көлемі мен түрін енгізуде кепілдік беретін, ірі ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін инвистициялардың тартылуын қамтамасыз етуге қабілетті, экономикалық ынталандыру жүйесінің орындалмауы;

- келешектегі тұрғын үй құрылысы алаңын инженерлік қамтамасыз етуде артта қалу;

Бюджеттік дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі қиын болып қалады:

- бір жылда жобалау-сметалық құжаттаманы және құрылысын әзірлеуде жоспарлауды қаржыландыру;

- әлеуметтік инфроқұрылым объектілерінің желісін дамытуда деңгейдің жетіспеушілігі;

Көрсетілген жағдайды шешу үшін Бюджеттік кодекстің талабына сәйкес, республикалық және облыстық бюджетте үш жыл кезеңінде енгізілген жобалау-сметалық құжаттамасын алдын ала әзірлеу қажет.

Мемлекеттік, аймақтық және аудандық әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын, 2010 жылдарға арналған жоспарлар мен бағдарламалардың іс-әрекетін орындауда:

- Шемонаиха қ. 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйді салу: жүзеге асыру кезеңі 2010-2011 жж, жалпы шығын соммасы-165,7 млн. теңге, жобалау –сметалық құжаттамасы әзірленді және мемлекеттік сараптамадан өтті. Экономика және бюджетті жоспарлау Департаментінің 04.12.08 ж. №07-08\4175 хатына сәйкес, осы жобаны қаржыландыру мүмкіндігі 2010-2012 жж. арналған орта шұғыл жоспарына енгізілді;

- Шемонаиха қ. 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйінің инженерлік желісі мен абаттандыру: жүзеге асыру кезеңі 2010 ж, жобалау–сметалық құжаттамасы әзірленді және Мемлекеттік сараптамадан өтті, құрылыстың сметалық құны 15,966 млн. теңгені құрайды;

- Коневка а. суалғы имараттарын және су құбырларын салу: жүзеге асыру кезеңі 2007-2010 жж, жалпы шығын соммасы-133,745 млн. теңге, 2007 жылы бөлінген 5,0 млн теңгеге ТЭН жасалды, Мемлекеттік сараптама қорытандысымен, 2011-2015 жылдарға арналған «Ауыз су» аймақтық бағдарламасы жобаға енгізілген, ал 8,0 млн теңге бөлінсе ЖСҚ әзірленеді;

- Барашки а. торапты және ауылдық су құбырлар жүйесін салу: жүзеге асыру кезеңі 2008-2011 жж, республикалық бюджеттен жалпы шығын соммасы-104,0 млн. теңге, 2008 жылы бөлінген 4,0 млн теңгеге ТЭН жасалды, Мемлекеттік сараптама қорытандысымен, 2011-2015 жылдарға арналған «Ауыз су» аймақтық бағдарламасы жобаға енгізілген, ал 4,5 млн теңге бөлінсе ЖСҚ әзірленеді;

- Шемонаиха қ. №5 ықшам ауданына суалғы және арналар жүйесін салу: жүзеге асыру кезеңі 2010-2012 жж, жалпы шығын соммасы-40,0 млн. теңге, ал 4,0 млн теңге бөлінсе 2010 жылы ЖСҚ әзірленеді;

- Первомайский к. тазалық имараттарын қалпына келтіру: жүзеге асыру кезеңі 2010-2012 жж, жобалық –сметалық құжаттамасы әзірленді және Мемлекеттік сараптамадан өтті, құрылыстың сметалық құны 413,088 млн. теңгені құрайды;

- Перврмайский к. қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу: жүзеге асыру кезеңі 2008-2010 жж, облыстық бюджеттен жалпы шығын соммасы- 40,0 млн. теңге, 2009 жылға ЖСҚ әзірлеуге 5,0 млн теңгеге жоспарланағн және қалған соммасы 2010 жылға;

- Первомайский к. көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік саладағы бұзылған объектілернің жер телімдеріндегі топырақ құнарлығын қалпына келтіру: жүзеге асыру кезеңі 2009-2011жж., облыстық бюджеттегі жалпы шығын соммасы -68,0 млн теңге, 2009 жылғы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 19,2 млн теңге бөлініп осыған 21 көппәтерлі үйді бұзып және аумағын тазарту жүргізілді.

- Шемонаиха қ. 280 орынды балабақша салу: жүзеге асыру кезеңі 2009-2011 жж. жалпы шығын соммасы- 248,0 млн теңге, 2009 жылдың тамызынан бастап жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады.

2011-2013 жж. кезеңінде жүзеге асыруға қалған 16 бағдарламаны 2010 жылдан бастап қаржыландыру басталады.

2010 жылға арналған жоспарлар мен бағдарламалардың іс-әрекеті:

1. Топтарға бөлу бағыттары бойынша аудандық бағдарламаны орындау;

2.Облыстық бюджеттен Шемонаиха қ. 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйді салу мәселесін қаржыландыруды іске асыру. Экономика және бюджетті жоспарлау Департаментінің 04.12.08 ж. №07-08\4175 хатына сәйкес, осы жобаны қаржыландыру мүмкіндігі 2010-2012 жж. арналған орта шығұл жоспарына енгізілді;

3. Барашки а. және Коневка а. суалғы ЖСҚ әзірлеу үшін құжаттамаларды дайындау,

4. Шемонаиха қ. №5 ықшам ауданында инженерлік жүйесіндегі ЖСҚ әзірлеуді қаржыландыру мәселесін шешу;

5. Бұзылған және апаттағы үйлерді, жердің топырақ құнарлығын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды облыстық бюджеттен қаржыландыру мәселесінде жұмыс істеу;

6. Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы бойынша Первомайский к. ҚТҚ полигонын салуда ЖСҚ әзірлеуді облыстық бюджеттен қаржыландыру мәселесінде жұмыс істеу;

7. Шемонаиха қ. әкімімен ғимараттардың меншік иелерінің ұсынған бизнес-жоспарларына сәйкес, №№5,6,7 жатақханаларын қалпына келтіру бойынша жұмыстарын жалғастыру;

8. Округтер және елді мекендерде құрылысты ретке келтіру бойынша иесіз және бұзылған объектілерді тізімге алу жұмыстарын жалғастыру;

9.Аудандық бюджеттен пионерлер лагерін салу мәселесін қаржыландыруды дайындау;

10. Аудандық бюджеттен жерде салу жобалары және бюджеттік саладағы қызметкерлер үшін Ұржар ауданындағы Алакөл көлінің жағасында демалу зонасын салу мәселесінде жұмыс істеу;

Бюджеттік бағдарламаның төлқұжаттарына сәйкес іс-шараларды орындау:

- «2008 жылға арналған суалғы жүйелерін дамыту» төлқұжаты: Первомайский к. кешенді суалғы жобасын қайта қалпына келтіру бойынша ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 930 мың теңге және қосымша аудан Әкімі қорынан 292 мың теңге бөлінді.

ЖСҚ әзірленді, көрсетілген қаражаттар түгелімен қолданылды.

- «2008 жылға арналған суалғы жүйелерін дамыту» төлқұжаты: Шемонаиха қ. 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйді салуда ЖСҚ әзірлеуге 4000 мың теңге. ЖСҚ дайын және мемлекеттік сараптамадан өтті, қаражаттар түгелімен қолданылды.

Ауданның барлық округтері бойынша қауіпті мәселелердің жағдайы мен шешілуі:

Аудан үшін негізгі жағдай елді мекендердегі суалғыларды сапалы сумен қамтамасыз ету, шекті тозған желілер мәселесін шешу болып қалады, 2009-2011 жж. арналған басым жобалар тізімдемесіне енгізілген, 19 елді мекенде су құбырларын салу қарастырылды. Осы жоба қаржыландырылса жағдай 2011 жылға дейін шешіледі.

Верх-Уба а. мектепті жөндеу немесе салу мәселелесі тұр. Мектеп ресмилендіру кезеңінде пайдалануға қабылданбаған, себебі оның апаттық жағдайы және ғимараттың бөлігін ғана пайдалану туралы шешім қабылданған болатын. Мектеп ғимаратын тексеруде күрделі жөндеулер жүргізу үлкен шығындарды қажет етеді. Осы жобаны «100 мектеп және 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламаға енгізіп, 500 орынға арналған типтік орта мектебінің құрылысы туралы мәселенің енгізілуін ұсынамыз.

Шемонаиха ауданының құрылыс өнеркәсібін дамыту

Шемонаиха ауданында құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын жеке меншік фирмаларының тізімдері бар:

1. Шемонаиха қ. кірпіш зауытын салу: қаржыландыру көзі- «Семейстрой» ЖШС меншік қаражаттар көзі. Жобалық күші шамамен жылына 2 миллион дана кірпіш.

2. Жаяужол плиткаларын жасау: қаржыландыру көзі- Б.М.Игликова ЖК.. Жобалық күші жылына шамамен -2000 кв. метр. Тапсырыстардың түсу шамасына қарай плиткаларды өндіреді. Металлопластикалық терезелерді дайындау үшін жабдықтары жөнделген.

3. Ю.Н. Меркульев жеке кәсіпкерімен металлопластикалық терезелер мен есіктерді жинау бойынша цех ашылды.

4. Усть-Таловка к. мырышпен қапталған ыдыс-аяқтар зауыды базасында металложабынғыш, сайдингтерді өндіру қалыптастырылды.

5. Кесу материалдарын дайындау. ағаш жасаулары. Қаржыландыру көзі «Орман-алтай» ЖШСменшік қаражаттар көзі

6. Металлдық сұлбаларды даярлау. Құрлыс және басқада өндірістік салада қодану үшін арналған (сайдингтер, металлды жабынғыштар, сұлбалық жабқыштар), сонымен қатар абаттандыру элементтері (шам діңгектері, қоршаулар, саябақ орындықтары). Қаржыландыру көзі «Первомайский механический завод» ШАҚ меншік қаражаттар көзі.

  1   2   3   4



Похожие:

«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм iconЖангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын...
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм iconБөлімнің негізгі міндеттері Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады: «Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі»
«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» бұдан әрі «бөлім» қала әкімшілігінің атқарушы органы болып табылады және Шымкент...
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм icon«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм (бұдан әрі – Бөлім)...
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм iconСәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің
Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі...
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм icon«Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Катонқарағай ауданының сәулет-қала құрылысы саласын дамыту жоспары сәулет-қала құрылысының қызметі мен механизмінің мемлекеттік саясаттың...
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм iconЗайсан ауданы әкімдігінің «11» қаңтар2010 жыл №1014 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»
«Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған...
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм iconФедоров ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 тоқсанында қабылданған актілер тізімі Жаңа обьектінің құрылысына рұқсат беру туралы. Жобаны әзірлеуші Федульчева Г. Д. – «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi»
...
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм iconҚазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Бөлім – бұл тұрғын үй-коммуналдық әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени бағытындағы нысандардың құрылысы мен қайта жаңартуын...
«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм icon«федоров ауданының СӘулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение отдел архитектуры, градостроительства и строительства
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы