«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



Название«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/7
Дата конвертации30.01.2013
Размер0.54 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7







Шемонаиха ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «10» қаңтар

№ 282 қаулысына

қосымша










«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға

арналған стратегиялық жоспары


Мазмұны




Миссиясы және пайымдауы



Ағымдағы жағдайды және сәйкес сала қызметтерінің даму үрдістерін талдау



Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері


3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері


3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының

мемлекеттің стратегиялық бағыттарына сәйкестігі




Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту



Ведоствоаралық өзара іс-қимыл



Тәуекелдерді басқару



Бюджеттік бағдарламалар


7.1. Бюджеттік бағдарламалар


7.2. Бюджет шығыстарының жиыны



^

1. Миссиясы және пайымдауы



Шемонаиха ауданы ішкі саясат бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) миссиясыөңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жастардың дамуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

Пайымдауы:

қоғамдық-саяси тұрақтылық;

толерантты ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас;

бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік;

дамыған үкіметтік емес сектор;

жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету.

^

2. Ағымдағы жағдайды талдау

Стратегиялық бағыт.

1. Мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту және өңірдің тұрақты дамуы үшін қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету.


1.1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері

Ішкі саясаттың негізгі басымдықтары болып: мемлекеттілікті нығайту, демократияны дамыту және азаматтық қоғам институттарын қолдау, қоғамдық тұрақтылықты, этносаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету, халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардың әлеуметтік сенімін қалыптастыру табылады.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, демократиялық үдерістерді дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Ауданда республикалық саяси партиялардың екі филиалдары әрекет етеді: «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдерімен «Нұр Отан» ХДП Шемонаиха аудандық филиалы және Қазақстанның Коммунистік Партиясы. Қоғамдық-саяси өмірде белсенді көзқарасты «Нұр Отан» ХДП Шемонаиха филиалы алады. Ауданда барлық белгілі іс-шаралар «Нұр Отан» ХДП қамқорлығымен өткізіледі және ішкі саяси тұрақтылықты, шоғырланған күштерді нығайтуға және достықты күшейтуге бағытталған. 2010 жылы «Нұр Отан» ХДП аудандық партиялық ұйымдарының басшыларымен 30 астам іс-шаралар өткізілді.

Кәсіподақтар азаматтық қоғамның белсенді институттары болып табылады. Олардың арасында білім беру және денсаулық сақтау қызеткерлері, кен өнеркәсіпті қызметкерлер.

Азаматтық қоғамның дамуына этномәдени бірлестіктер қомақты үлес қосуда. Аудандық Достық үйінің базасында 8 этномәдени бірлестіктер, «Қазақ тілі» қоғамы, Ю.Гагарин атындағы № 3 ОМ ММ, Қарбышев атындағы ОМ мектептік Ассамблеялар, 14-жексенбілік мектептер әрекет етеді. Барлық этностық топтарды біріктіру аясында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Діни бірлестігінің талдау қызметіне көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні ауданда әділет органдарында тіркелген 14 діни бірлестіктер, жергілікті атқарушы органдардың бақылауында тұрған 4 шағын діни топтар әрекет етеді. Жалпы олардың өзара қарым қатынастары үкімет органдарымен сындарлы негізде құрылады.

Бөлімнің үкіметтік емес ұйымдармен біріккен жұмысы тең құқықты серіктестік негізіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Ауданда 10 үкіметтік емес ұйым тіркелген, олардың 3 жастар ұйымдары.

Мемлекеттің сындарлы ынтымақтастық мәселесі және азаматтық қоғамының институттары мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады және еліміздің саяси жүйесін жетілдіру мәнінде үлкен өзектілікке ие болады. Осы қарым-қатынас арқылы қоғамдық үдеріске, мемлекеттің және қоғамның даму сұхбатына халықты кеңінен тартуға қамтамасыз етеді.

Осы сұхбат ауданда консультациялық-кеңес беру органдары арқылы (ақпараттық саясат жөніндегі Үйлестіру Кеңесі, діни бірлестіктер қатынастары жөніндегі Кеңестер, қоғамдық Кеңестер және т.б.) және сұхбатты алаңдарда (үнемі әрекет ететін қоғамдық-саяси клуб «Дүниетаным-Мировоззрение», аудандық Достық үйі жанындағы Кеңестер және басқалар) жүзеге асырылады.

Әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешу бойынша ауданда ҮЕҰ арқылы әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін қаржыландырудың жалпы көлемінде (жастар проблемаларын шешуден басқа) бөлінген қаражат сомасы: 2007 жылы 200,0 мың теңге, 2008 жылы– 362,0 мың теңге, 2009 жылы 390,0 мың теңге, 2010 жылы – 390,0 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыруға қаржыландырудың жоспарланған көлемі 2011 жылға-417 мыңң теңге, 2012 жылға-696 мың теңге, 2013 жылға-727 мың теңге, 2014-2015 жылдарда-800 мың теңгеден.

Қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның басқа да институттары, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметтеріне жүргізілетін жүйелі мониторинг; олармен сындарлы сұхбаттарды және өзара іс-қимылды нығайту өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Экономикалық дағдарыс әсерінен ахуалдың күрделенуіне қарамастан өткен 2010 жылғы кезең ішінде ауданда наразылық акциясы болған жоқ.


1.2. Негізгі проблемаларды талдау

Дәстүрлі емес, діни ағымдар әсерінің күшейгендігі байқалуда.

«Азаматтық қоғам - билік» өзара қатынаста «кері байланыс» құрылымы жеткіліксіз істелген, сонымен әлеуметтік-маңызды проблемаларды талқылау, әсіресе ауданның округтер деңгейінде, маңызды шешімдерді қабылдауда қауымдастықтың шектеулі қатысуы сақталады.


1.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Ішкі: қоғамдық–саяси ахуалдың төмендеу ықтималдығы; әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуы.


Стратегиялық бағыт. 2. Өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2.1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Ауданда барлығы 5 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді (БАҚ)-100% меншікті («Шемонаиха Шұғыласы», «Уба-Информ», «ЛЗ Сегодня», «Шемонаихинское время», «Молодежный Формат» «Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және әлеуметтік жоба аясында шығады), олардың беттерінде ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «күн тақырыбы» есебімен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, Мемлекеттік Бағдарламалар, Жолдауды іске асыру барысы туралы материалдар жариялануда.

2009 жылы қазақ тілінде аудандық ақпараттық-жарнамалық газеті жарияланды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі 2006-2008жж.5млн. 960 мың теңге құрады, соның ішінде 2006 жылы-1 млн. 78 мың теңге, 2008 жылы-1 млн.642 мың теңге, 2008 жылы-3 млн.240 мың теңге құрады. 2009 жылы көлемі 4 млн. 268 мың теңге, 2010 жылы-5 млн.930 мың теңгеге жетті. Жоспарланған қаржыландыру көлемі 2011 жылға – 7 млн. 600 мың теңге.

Тұрғындарды қазақстандық телеарналардың телехабарларымен қамтуды кеңейту мақсатында, қазақстандық сандық спутниктік хабар таратудың бірінші кезеңін енгізу аясында ішкі саясат Басқармасы, қала, кенттер, ауылдық округтерінің әкімдерімен қазақстандық спутниктік хабар тарату мүліктермен пайдалану бойынша тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде.

^ C:\Documents and Settings\Luda\Local Settings\Temp\bat\Стратплан_отдел СМИ.doc - _Toc185930411#_Toc185930411

2.2. Негізгі проблемаларды талдау

Аудандық газеттердің негізгі проблемалары: техникалық жабдықталғаны нашар және түрлі бағыттағы кадрлық мамандарды таңдау, соның ішінде «Шемонаиха шұғыласы» мемлекеттік тілдегі газет редакциясының штаттық саны. 2010 жылға арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемі және құрылтайшылардың қолда бар қаражаттары аптасына екі рет газет шығарылымына мүмкіндік бермейді.


Жергілікті рельефтің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік телеарналардың хабарларымен толықтай қамтуды қамтамасыз ете алмайды. 5 елді мекенде республикалық «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары трансляцияланбайды. Қаржыландыруға байланысты мәселе кезеңмен шешілетін болады. Облыстың Ресей шекарасының айтарлықтай ұзақтығын ескерсек ақпараттық қауіпсіздік мәселесі өзекті болып табылады. Спутниктік қабылдағыш-таратқыш құралдарды пайдалануға байланысты Ресейдің ақпараттық әсері айтарлықтай болып қалуда.

Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі телерадиохабар таралмайтын елді мекендерде тұратын тұрмысы төмен отбасылардың санын нақтылады, тұрмысы төмен отбасыларға спутниктік қабылдағыш-таратқыш құралдар сатып алу және орнатуға қолғабыс көрсету мәселелері пысықталуда, тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде.


2.2. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Ішкі: газет беттеріне мемлекеттік саясатқа және жергілікті билік органдарының қызметіне қатысты келеңсіз материалдардың шығу мүмкіндігі.

Сыртқы: 1) Ресей тарапынан ақпараттық әсері.
  1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға «Зырян ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Сәйкес қызмет бағыттары (салаларының) дамуының тенденциясы және ағымдағы жағдайының талдауы
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары сырдария ауданы
«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Аудандық ішкі саясат бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекелдері
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлімнің стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері, мақсатты индекаторлары, іс
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconБөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы