2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon

2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы



Название2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
страница1/6
Дата конвертации16.12.2012
Размер0.72 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6


2010 жылдың 30 желтоқсандағы

аудандық маслихат сессиясының

шешімімен бекітілген

№ 33/7- IV


2011-2015 жылда


Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ дамыту


БАҒДАРЛАМАСЫ


1. Төлқұжат


Атауы

Зырян ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 2010-2014 жылдарға арналған ҚР үдемелі индустриалды - инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы және 2011-2015 жылдарға арналған ШҚО аумағын дамыту бағдарламасы

^ Стратегиялық бағыттары

- өндірістік, агроөндірістік кешенге, инвестицияларға, шағын және орта кәсіпкерлікке, сауда мен қоршаған ортаға жоғары өндірісті жаңа технологияларды енгізу негізінде өңір экономикасын қарқынды дамыту;

- инфрақұрылымдық кешенді

-аумақтық тұрақтылық;

- мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;

- бәсекелестікті дамыту;

Мақсаттары

- өнеркәсіпті диверсификация мен бәсекелестігін арттыру арқылы тұрақты және теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету;

- аудандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- бизнес-климатты жақсарту және аудан экономикасына инвестициялардың құйылуын қамсыздандыру;

- бәсекеге қабілетті туристік сектор құру және дамыту, ауданның имиджін көтеру;

- қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту;

- әлеуметтік сала мен адами потенциалды дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;

- сапалы білім алуға қолжетімдікті қамтамасыз ету, балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

- халық денсаулығын нығайту және сақтау;

- отандық мәдениетті сақтау, дамыту және насихаттау;

- бұқаралық спортты дамыту;

- халықтың әлжуаз топтарын адрестік қолдау;

- мемлекеттік тілді дамыту және халықтың лингвистикалық қорын дамыту;

- ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

- Ұлттық мұрағат қорының ақпараттық потенциалын сақтау мен дамыту үшін жағдай жасау;

- көшелер мен қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

- үздіксіз және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету;

- өңір тұрғындарын қажетті мөлшерде және сапасы кепілденген ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету, тұтынушыларды жылумен қамту қызметімен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету, өңірдің елді мекендерінде су бұру желілерінің тұрақты қызметін қамтамасыз ету;

- автомобиль жолдары саласының инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру;

- аудан елді мекендерін тиімді дамыту және құрылыс салу, тұрғын үйге қолжетімдікті қамтамасыз ету;

- жерді тиімді пайдалану үшін жер қорын бөлу бойынша өзекті деректер құру;

- мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және басқалары.

Міндеттері

- өнеркәсіптің оларды әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту;

- азық-түлік тауарларының ішкі нарығында отандық азық-түлік өнімдерінің үлес салмағын арттыру;

- АӨК экспорттық потенциалын арттыру;

- инвестицияларды тартуға жағымды жағдай жасау;

- табиғатты пайдалануды экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру;

- қаңғыбастықтың, қараусыз қалудың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жетім балалар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілерін отбасылық құрылымын дамыту;

- халық денсаулығын ары қарай нығайту;

- медициналық көмектің қолжетімдігі мен сапасын арттыру;

- азаматтарды еңбекке тарту жүйесін құру және дамыту;

- аз қамтылған халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

- қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығына қажетті қолдау көрсету;

- елді мекендердің сумен қамту жүйелерін тұрақты дамыту;

- транспорттық инфрақұрылымды жетілдіру;

- тұрғын үй құрылысын дамыту;

- ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту және т.б.

^ Жүзеге асыру кезеңдері

І кезең (аралық) – 2011-2013 жылдар, бірінші кезекті ісшараларды жүзеге асыру.

ІІ кезең (қорытынды) – 2014 – 2015 жылдар, қойылған міндеттерді шешуге арналған ісшараларды жүзеге асыру.

^ Нысаналы индикаторлар

- өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру;

- мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуларындағы тауарлар мен қызметтердің қазақстандық мазмұны үлесін 90 пайызға дейін арттыру;

- экономиканың даму секторларының негізгі капиталына 16,0 млрд.кем емес көлемде қаржы тарту;

- АӨК еңбек өнімділігін 1,9 есеге арттыру;

- ауылшаруашылықтың ИФО 102,7 пайызға арттыру; -азық-түліктің ИФО 103,2 пайызға арттыру;

- 2015 жылы туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың кірісін 15 пайыздан кем емес мөлшерде арттыру;

- халықтың болжалды өмір сүру ұзақтығы 69 жасқа дейін;

- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту балалардың жалпы санынан 82,4 пайыз;

- 2015 жылға дейін жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайызға төмендету;

- дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы халық санын олардың жалпы санынан алғанда 24 пайызға арттыру;

- тұрғындардың орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізу деңгейін 93,7 пайызға арттыру, соның ішінде: ауыл халқын 82,6 пайызға, қала халқын 100 пайызға;

- тұрғын үйді барлық қаржыландыру көздеріне енгізуді арттыру – 100 пайызға дейін;

- төтенше жағдайлар кезінде қалалар мен кенттерді шұғыл әрекет ету күшімен максималды қамту – 79 пайызға дейін;

- коммуналдық қызмет сапасына қанағаттанатын тұтынушылар үлесін арттыру – 63 пайызға дейін;


«Серебрянск органикалық емес өнімдер зауыты» ЖШС (тыныс алу органдарын қорғау құралдарын өндіру) 2007 жылы 12,5 млн. дана тыныс алу органдарын қорғау құралдары – респираторлар өндірілді, 2008 жылы – 12,6 млн. дана, 2009 жылы – 12,5 млн. дана, газға қарсы құралдар 2007 жылы – 3,4 мың дана, 2008 жылы – 8,1 мың дана, 2009 жылы – 1,9 мың дана.

Кәсіпорын Қазақстандағы тыныс алу органдарын қорғау құралдарын өндірудегі жалғыз мекеме болып табылады, бірақ банк алдындағы қаржылық міндеттемелерден дамуға, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндігі жоқ.


^ 2007 – 2009 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдердің маңызды түрлерін өндірістік динамикасы төменде берілген

3 кесте



Өнім атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

Облыстық көлемдегі үлесі,%

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

1

Ет және қосалқы тамақ өнімдері

тонна

169

200

216

1,1

2

Еттен жасалған консервілер

тонна













3

Шұжық өнімдері

тонна

121

175

152

5,0

4

Дайындалған және консервіленген балық

тонна

96










5

Рафинадталмаған өсімдік майы

тонна

217

19

12

0,02

6

Рафинадталған өсімдік майы
















7

Өңделген сұйық сүт және қаймақ

тонна

783

526

471

3,9

8

Қатты қаптардағы сүт пен қаймақ

тонна













9

Сары май

тонна

77

74

95

13,1

10

Ірімшік пен сүзбе

тонна

24

88

146

8,8

11

Бидай ұны

тонна

15260

8940

3438

1,5

12

Жаңа піскен нан

тонна

2098

855

1463

2,9

13

Шоколад және одан жасалған кондитер өнімдері

тонна













14

Макарондар және ұн өнімдері

тонна

184

150

108

1,2

15

Арақ пен тағам спирті

мың литр













16

Этил спирті

мың литр













17

Сыра

мың литр

143,4

150

190,2

3,1

18

Жүн

тонна

877

187

36




19

Алкагольсіз сусындар

мың литр

84,7

76

71




20

Цемент

мың тонна

2504

2474,8

2220,5

68,4

21

Әктас

тонна

7102

4436

8583

21


Кестеден соңғы үш жыл ішінде ұн және макарон өнімдерінің,рафинадталмаған өсімдік майының өндірісінің төмендеу тенденциясы байқалады. Сондай-ақ ет, сары май, ірімшік пен сүзбе және сыра өндірісінің өсуі байқалады.

Азық – түлік өнімдерін өндіру, сусындарды қоса алғанда, 78 кәсіпорындар мен өндірістер жұмыс істейтін 11 бағытты қамтиды.

Ауданның азық – түлік өнімдерін өндірудегі жетекші кәсіпорындары мыналар: шұжық өнімдерін өндіру бойынша «Зыряновские колбасы» ЖШС, «Хорс» ш/қ, сүт өндіру бойынша «Зыряновский молкомбинат» ЖШС (құрылтайшысы «Восток- молоко») және «Большенарым май зауыты» ЖШС, сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру бойынша «Зырян – Қайнар» ЖШС.

Сала бойынша 2009 жылы1027,5 млн.теңгеге тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейден 2,1 есе артық.

Азық – түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінде, негізінен, жабдықталған үй-жайларда орналасқан, бұрын пайдалануда болған, ескірген өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған шағын кәсіпорындар саны көп.


^ Тамақ өнімдерінің, сусындарды қоса алғандағы нақты көлемі мен өндірісі индексінің 2007 – 2009 жылдардағы өзгеру динамикасы

4 кесте

Көрсеткіштер/жылдар

2007

2008

2009

Тауар өнімдері, млн.теңге

482,8

1047,3

1027,5

Нақты көлем индексі,%

143,1

77,4

82,6


Тағам және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі проблема өндірістік үрдістер механизациясы мен автоматизациясы деңгейінің төмендігі болып табылады, бұл бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және халықаралық стандарттарға өтуге мүмкіндік бермейді.

Кәсіпорындармен және мемлекеттік органдармен сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұн мәселелеріндегі негізгі міндеттерді орындау мақсатында 2009 жылы мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты және отандық өндірушілерді қолдауды нығайту бойынша жүйелі жұмыстар басталды.


Ауданда Шығыс Қазақстан облысының басқа аудандарымен қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындар өнімдерін жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-әрекет жасау бойынша маркетингтік жұмыстар жүргізіледі. Ауданның ірі және орта кәсіпорындарының арасында жүргізілетін ай сайынғы мониторингке сәйкес, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық мазмұн үлесі ағымдағы жылдың 1 қазанында 86,9 % құрады.

Тағам өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардағы жергілікті тауар өндірушілердің тағам өнімдерінің қазақстандық мазмұн үлесі артып келеді. Тағам өнімдері сатылып алынған 15 жабдықтаушының ішінде 14-і ауданның жабдықтаушылары.

Мемлекеттік сатып алуда жергілікті тауар өндірушілердің үлесін арттыру жұмыстары жүргізіледі, оның нәтижесінде өндіріс көлемі артып, жұмыс орындары сақталады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұсынуға қатысады. 2010 жылдың 9 айында мемлекеттік мекемелермен ШКС-нен мемлекеттік сатып алу көлемі 232193,0 мың теңгені құрады (833413,3 мың теңгелік мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемінен 27,9 %).

Апта сайын «демалыс күні» жәрмеңкесі өткізіледі. 2010 жылдың басынан бастап 44 жәрмеңке өткізілді, онда 26,0 млн.теңгенің өнімі сатылды. Жәрмеңкелерге ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер қатысады. Тауарларды сатуға арналған орындар тегін беріледі.

Жыл басынан бастап Зырян ауданының кәсіпкерлері қазақстандық мазмұнды дамытуға бағытталған 12 ісшараға қатысты, оның нәтижесінде Зырян қаласының сауда нүктелеріне өнеркәсіптік кәсіпорын өнімдерін жеткізуге ниет шарты жасалынды. Аудан әкімдігі мен Корея Республикасының өкілі арасында туризмді, марал өсіру мен дәрілік препараттарды өндіруді дамыту саласына қаржы салу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл Меморандумның мақсаты Зырян ауданындағы инвестициялық жобаларды Корея Республикасының инвесторларын қатыстыра отырып іске асыру болып табылады. Меморандумды жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында мыналар жоспарлануда: аудан аумағында панталық өнімдерді шикізат түрінде сақтауға арналған тоңазытқыш қоймасын ашу. Дәрілік шөптер, адамтамыр өсіретін плантация ұйымдастырып, адамтамыр, панты мен дәрілік шөптердің негізінде дәрілік препараттар мен тағамдық қоспалар жасау, жаңа жұмыс орындарын құру және қызметкерлерді оқыту.

Корея Республикасының фармакология компаниялары өкілдерімен туризмді, марал өсіру мен дәрілік препараттарды өндіруді дамыту саласына қаржы тарту мәселесі жөніндегі 4 меморандумға қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде аудан кәсіпкерлерінің «Қазмырыш» ЖШС ЗКБК мен «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ басшыларымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңейтілген аппараттық кеңесінің 01.02.2010 жылғы № 1/445 хаттамасын орындауға сәйкес, қазақстандық мазмұнды дамыту, экономиканың барлық салаларында еңбек өнімділігін арттыруға және шығарылатын өнімдердің энергия жұмсағыштығын төмендетуге шара қолдану мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ауданның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулері өтті.

Ауданның 8 кәсіпорны Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының IV форумының аясында екі мемлекет Басышыларының қатысуымен, 2010 жылдың қыркүйегінде Өскемен қаласында өткізілген «Облыс кәсіпорындарының дамуының индустриалдық – инновациялық мүмкіндіктері» көрмесіне қатысты.

2010 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі төмендегідей:

  • 2939,0 млн.теңгеге тауар сатылып алынды, соның ішінде қазақстандық тауар 2287,7 млн.теңгеге, қазақстандық тауар үлесі 77,8 % құрады;

  • 45,0 млн.теңгеге жұмыстар орындалды, оның ішінде қазақстандық жабдықтаушыларда 37,5 млн.теңге сомаға, қазақстандық жұмыстардың үлесі 83,2 % құрады.

  • 117,2 млн.теңгеге қызметтер көрсетілді, қазақстандық жабдықтаушыларда 117,0 млн.теңгеге, қазақстандық өызметтердің үлесі 99,8 % құрады.

Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы мен әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуіне байланысты халықаралық нормалар мен ережелерге көшу қажет. Серебрянск қаласындағы «Белуха» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ, «Фаворит» ЖШС, «СЗНП» ЖШС, «Колор» ЖШС кәсіпорындары сапа менеджменті жүйесіне, соның ішінде СТ-КZ сертификатына енгізілді.

2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына аудан бойынша әр түрлі көздерден қаржыландырылатын 4 жоба қосылды: «Қазмырыш» ЖШС ЗКБК мыс сульфаты менкатодты мыс ерітінділерін алу, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ «Меллерс» қаптау желісі учаскесінің құрылысы және құрылғыларды жөндеу, картоп крахмалын өндіру («Плюс» ЖШС), жел генераторларының негізінде жергілікті жылу жүйелеріне арналған жылу стансаларын құру («Зырян жылу энергетика компаниясы» ЖШС). Бағдарламаға қосылған барлық жобалар 2004 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта іске асырылды.

2007 жылы 2 цех іске қосылды: шағын наубайхана, тұшпара дайындау цехы, «Востокпроммонтаж» ЖШС металл құрылғыларды, құбырларды, стандартты емес құрылғылар дайындау цехы іске қосылды, 93 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік қызметтің 58 нысаны іске қосылды, соның ішінде 44 сауда нысаны, 79 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2008 жылы шағын және орта бизнестің 10 кәсіпорны инвестициялық жобаларды іске асыруға кірісті. 2008 жылы шағын бизнестің 32 нысаны, соның ішінде 22 сауда нысаны, ауылдық жерде 6 нысан пайдалануға енгізілді, 147 жұмыс орны құрылды. «Фаворит» ЖШС фанер, жиһаз қаңқаларын өндіру цехы іске қосылды, 60 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2009 жылдың басынан бастап 7 инвестициялық жоба жүзеге асты: Прибрежный кентінде 2 цех пайдалануға берілді, Березовский совхозында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды, 2009 жылдың сәуірінде мектеп жиһазын жасау цехы жұмысын бастап, ЖК А.Денебаевтың гранула (төменгі қысымды полиэтилен) өндіруге арналған шикізутты өңдеу цехы ашылған (шикізаттың болмауынан цех уақытша жұмыс істемейді). «Востокпроммонтаж» ЖШС кірпіш зауытында кірпіш өндіру цехы іске қосылды, 2010 жылы 120,0 мың дана кірпіш шығарылды. «Белуха» АҚ су негіздегі лак-бояу өнімдерін өндіру бойынша эксперименттік цех іске қосылды, 50 жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлік қызметтің 25 нысаны, соның ішінде 16 сауда нысаны іске қосылды, 109 жұмыс орны ашылды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінің қарауына Зырян ауданы бойынша 15 жоба ұсынылды.

2010 жылы 2 цех қолданысқа енгізілді: сүтті қайта өңдеу бойынша «Үлкен нарын сүт зауыты» ЖШС, шыны жиһаз дайындау бойынша цех «SL Compani» ЖШС, жаңа 21 жұмыс орыны құрылды. 5 сауда нысаны қолданысқа енгізілді, 2 сауда нысанына қайта құру жұмыстары атқарылды, 19 жұмыс орыны құрылды. Барлығы 40 жұмыс орыны құрылды.

Электр энергиясын, газ бен суды тасымалдау және өндіру бойынша өнідіріс негіздері болып Зырян қаласының «Теплоцентраль» МК, «Серербрянск қ. Теплоцентраль» КМК, «Промтепло» ЖШС, «Бухтарма Теплоэнерго» ЖШС, «Водоканал» МК, Серебрянск қ. су арнасы» КМК.

Электр энергиясы Серебрянск қ. маңында орналасқан «Казцинк» ЖШС Бұқтырма гидроэлектр кешенімен өндіріледі, жылу энергиясы Зырян және Серебрянск қ. ТЭЦ өндіріледі.

Ауданымызда электр энергиясын сатумен «Шығысэнерготрейд» ЖШС, ал таратумен – «ШҚ АЭК» АҚ айналысады.Ауданымыздың барлық елді мекендері электр энергиясымен қамтылған.

  1   2   3   4   5   6



Похожие:

2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconЖарма ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс шаралар «Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
«Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» 2010 жылы төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconЖарма ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2011 жылдың і-жартыжылдығындағы жұмыстары туралы ақпарат
«Жарма ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» 2011 жылы төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon«Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің ( бұдан әрі- «Бөлім») миссиясы мен көзқарасы
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының аумағын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда
Зырян ауданында 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы іске асырылуда
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon«Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі Ақсуат ауылы 2011 жыл
«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарына және штаттық кестелеріне енгізілген кейбір өзгерістерді бекіту туралы» Тарбағатай...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon«келісілді» Облыс ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Б.Қасенов
Успен ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconЖангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
«Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласында басшылықты...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы icon2011 жылға «ШҚо курчатов қаласы ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмысы туралы ақпарат
Курчатов қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 07 желтоқсандағы №529 қаулысымен бекітілген «Қр шқо курчатов қаласы ауыл шаруашылығы, ветеринария...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconАягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мм
Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мм пошталық мекен жайы; Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы...
2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы iconКөкпекті ауданы әкімиятының қаулысымен № 2011 жыл бекітілді
«Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің» мемлекетпен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы