Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/18
Дата конвертации08.04.2013
Размер2.99 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.07.2012 16:01:20

«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 308 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiліп отырған «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов

 

 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 11 наурыздағы

№ 308 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары

 

^ 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - санитариялық қағидалар) радиациялық қауіпті объектілерді (бұдан әрі - объектілер) жобалауға, сумен жабдықтауға, кәріз жүргізуге, жарық беруге, желдетуге, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жұмыс жағдайларына, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, радиоактивті қалдықтарды жинауға, пайдалануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, өндірістік радиациялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргізуге, таратуға, консервациялауға және бейінін өзгертуге қойылатын талаптарды қамтиды.

2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) аралас қорғанышы бар қондырғы - иондаушы сәуледен қорғану қатты, сонымен бірге сұйық материалдармен қамтамасыз етілетін құрылғы;

2) бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарға рұқсат ету және тұруы бойынша арнайы қағидаларқолданылатын аумақ;

3) бейненің диагностикалық сапасы - фантомның бақылау бейнесінде тестілік құрылымдарды диагностикалық рентген аппаратының паспорттық көрсеткіштеріне сәйкес ажырату мүмкіндігі;

4) бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография (бұдан әрі - БФЭКТ) - әдетте пациент денесінің айналасында айналатын бір немесе бірнеше детекторлы бастары бар гамма-камерада орындалатын, гамма-сәуле бойынша пациент денесіндегі радиофармпрепараттың кеңістікте таралуын диагностикалық көрнекі ету рәсімі;

5) гамма-камера - гамма-сәуленің позициялық-сезімтал детекторын, штативті құрылғыны, пациент төсегін, детектор дабыл дарын электрондық қайта өзгерту трактын және сцинтиграфиялық бейнелерді қалыптастыру мен көрнекі етуге арналған компьютерді қамтитын стационарлық немесе жылжымалы қондырғы;

6) гамма-өріс - жұмыс жағдайында көздің(сәулелеушінің) гамма-сәулесінен қорғау негізінде ауа қабатымен және қашықтықпен қамтамасыз етілетін ауыл шаруашылық дақылдарын сәулелеуге арналған қондырғы;

7) гамма-томограф - бір немесе бірнеше гамма-сәуленің позициялық-сезімтал детекторы, пациент төсегі, пациент төсегінің бойлық білігінің айналасында детекторларды айналдыру механизмдері бар штатив құрылғысы, детектор дабыл дарын электрондық қайта өзгерту тракты және томографиялық бейнелерді қалыптастыру мен көрнекі етуге арналған компьютер бар бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томографияға арналған стационарлы қондырғы;

8) дозиметр - иондаушы сәулелену дозасын немесе доза қуатын өлшеуге арналған құрылғы;

9) жабық көз - құрылғысы пайдалану және тозу жағдайларында оның құрамындағы радиоактивті заттардың қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын радиоактивті сәуле көзі;

10) жеке дозиметр - нақты субъектінің сәулелену дозасын өлшеу үшін денеде ұстауға арналған дозиметр;

11) жұмыс камерасы (жұмыс көлемі) - объектіні сәулелеу жүргізілетін гамма-сәуледен қорғаумен қоршалған үй-жай (сыйымдылық);

12) жұмыс жүктемесі - анодтық кернеудің номиналды мәндерінде рентгенологиялық рәсімдердің ұзақтығы мен мөлшерімен регламенттелген рентген аппараты жұмысының апталық жүктемесі, аптасына миллиампер-минутпен (бұдан әрі - мА •мин/апта);

13) жылжымалы қондырғы - өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін көлік құралдарына (автомашина, вагон және т.б.) монтаждалған және пайдаланылатын қондырғы;

14) иондаушы сәуле көзі (бұдан әрі - сәуле көзі немесе ИСК) - НРҚ, осы санитариялық қағида талаптарына сәйкес келетін иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға бейім радиоактивті зат немесе құрылғы;

15) кешіккен нейтрондар - бөлінгеннен кейін шамалы уақыттан соң ядролар шығаратын нейтрондар;

16) коллиматор - иондаушы сәуле шоқтарын қалыптастыратын құрылғы;

17) компьютерлік рентгендік томография - арнайы аппаратураны және компьютерді қолдану арқылы қабатты сандық рентгенологиялық бейнені алудан тұратын рентгенологиялық зерттеу әдісі;

18) күшті изотопты гамма-қондырғы - белсенділігі 18,5 ТераБеккерельден (бұдан әрі - ТБк) асатын жабық радионуклидті көздердің гамма сәулесін пайдалануға негізделген қондырғы;

19) қадағаланатын аймақ - сәулелену дозалары халықтың жекелеген адамдары үшін белгіленген доза шектерінен асуы мүмкін қондырғысы бар көршілес орналасқан үй-жайлар немесе аумақ (жапсарлас үй-жайлар және т.б.);

20) қалдықтар қоймасы - қалдықтар деп аталатын, радиоактивті, уытты және басқа да байыту пайдалы қазбаларының пайдасыз қалдықтарын сақтауға немесе көмуге арналған арнайы құрылыстар мен жабдықтар кешені;

21) қорғасын эквиваленті - рентген сәулесімен сәулеленудің белгіленген жағдайларында қаралатын материал сияқты босаңсу жиілігін қамтамасыз ететін қорғасын қабатының миллиметрмен қалыңдығы;

22) құрғақ қорғанышы бар қондырғы - көздің гамма-сәулесінен қорғау қатты материалдардан (бетон, қорғасын және т.б.) жасалған қондырғы;

23) шытырман - жұмыс камерасының қорғанышында орналасқан және онымен байланысуға және гамма-сәуленің деңгейлерін (шағылысқан) белгіленген мәнге дейін төмендетуге қызмет ететін дәліз тәрізді (көпбуынды, сақина тәрізді немесе басқа пішінді) құрылғы;

24) позитронды эмиссиялық томография (ПЭТ) - аннигиляциялық сәуле бойынша пациент денесіндегі позитронды сәулеленетін радиофармпрепаратты кеңістікте таралуын көрнекі етудың диагностикалық рәсімі;

25) ПЭТ-орталығы - позитронды сәуле шығаратын радиофармпрепараттарды олардың сапасын бақылай отырып, өндіруге және (немесе) диагностикалық емшара жүргізуге арналған in vivo радионуклидті диагностиканың мамандандырылған бөлімшесі;

26) радиоактивті қалдықтар қоймасы - қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды радиоактивті ыдырату мақсатында ұстау және (немесе) олардың кейіннен бір орталықтан жоюға арналған қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған үй-жай немесе алаң;

27) радиодиагностикалық емшаралар - пациенттер организміне радиофармпрепараттар енгізетін диагностикалық емшаралар;

28) радионуклидті генераторлар - медициналық мекеме жағдайында қысқа мерзімдік радионуклидтерді жылдам алуға арналған жергілікті радиациялық қорғанышы бар тасымалды құрылғы;

29) радионуклидтер инкорпорациясы - адам организміне радионуклидтердің тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолы және тері арқылы енуі;

30) радиациялық сұлба (бұдан әрі - РС) - реактор нейтрондары әсерінен гамма-активті радионуклидтер пайда болатын жұмыс заттарының айналымын пайдаланатын гамма-сәулеленуге арналған құрылғы;

31) радиометрия - радиоактивтердің (объектінің және радиоактивті көз объектісінің белсенділігін) белсенділігін өлшеу тәсілдерінің жиынтығы (уақыт бірлігіне ыдыраулар);

32) радиофармпрепараттар -ауруларды диагностикалау үшін қолданылатын радионуклидтері бар фармацевтикалық қосындылар;

33) радиациялық қауіпті объекті - радиоактивті заттарды сақтайтын, қайта өңдейтін, пайдаланатын, тасымалдайтын немесе көметін және апат кезінде онда иондаушы сәулемен сәулелену немесе адамдардың, ауыл шаруашылығы малдары мен өсімдіктерінің, ұлттық экономика объектілерінің, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның радиоактивті ластану болатын объект;

34) радиациялық шығу - түтіктің фокусынан бекітілген қашықтықта рентген сәулесінің алғашқы шоғындағыосы қашықтықтың квадратына көбейтілген сіңірілген доза (ауа кермасы) қуатының миллиампер-минутына шаршы метрге миллигреймен (бұдан әрі - мГр·м² /мА·мин) анод тогының күшіне қатынасы;

35) рентгендік компьютерлік томография кабинеті (бұдан әрі - РКТ) - ауруларды диагностикалау үшін рентгендік-компьютерлік томографпен жарақталған, арнайы жабдықталған үй-жайлар жиынтығы;

36) рентгендік сәуле шығарушы -сүзгі және коллиматор (диафрагма) бар қорғаныш қаптамаға салынған (моноблокқа) рентгентүтігі;

37) рентгенография -бір немесе бірнеше статикалық бейнелер қағаз немесе пленка тасымалдаушыларда (рентген суреттері) алынатын рентгенологиялық зерттеу әдісі;

38) рентгендік сәуле -рентгентүтігінің анодында жеделдетілген электрондарды тежеу нәтижесінде шығарылатын фотондық сәуле;

39) рентгендік диагностикалық кабинет -ауруды диагностикалау мақсатында рентген сәулесін пайдаланатын медициналық мекеменің рентген бөлімінің бөлімшесіорналасатын арнайы жабдықталған үй-жайлар жиынтығы;

40) рентгенологтың немесе зертханашының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) - медициналық рентгенбейнелерін жинауды, сандық өңдеуді, көрнекі етуді және мұрағаттауды қамтамасыз ететінбағдарламалық-аппараттық кешен;

41) рентген аппараты -рентген сәулесіналуға және оны диагностикаға немесе емдеуге пайдаланатын құрылғылар жиынтығы;

42) рентгендік-операциялық блок -хирургиялық араласу рентгенологиялық зерттеулермен үйлесімде жүргізілетін рентген бөлімінің бөлімшесі;

43) рентгеноскопия - көп проекциялы динамикалық бейнелерді флюоресцентті экраннан немесе монитор экранынан алынатын рентгенологиялық зерттеу әдісі;

44) тиейтін бассейн - қондырғы көздерін (сәуле шығарушы) тиеу, үстеме тиеу және ауыстыру кезінде гамма-сәуледен қорғауды қамтамасыз ететін, сұйықтықпен толтырылған сыйымдылық;

45) сандық рентгенография - рентгенологиялық ақпараттысандық қайта өзгертуді қолдану арқылы рентген бейнелері (суреттер) алынатын рентгенологиялық зерттеу әдісі;

46) сандық рентгеноскопия - рентгенологиялық ақпаратты сандық қайта өзгертуді қолдану арқылы динамикада пациенттер ағзаларының рентген бейнелері алынатын рентгенологиялық зерттеу әдісі;

47) сапаны бақылау - радиодиагностикалық аппаратураның жұмыс сипаттамасын және радиодиагностикалық зерттеулердің режімдерін, сондай-ақ радиофармпрепараттар сапасы параметрлерін сандық анықтау, мониторингілеу және қолайлы деңгейлерде ұстау үшін ұйымдастыру іс-шаралары, техникалық құралдар мен технологиялық рәсімдер жүйесі;

48) сәулелегіш - иондаушы сәуленің белгіленген өрісін қалыптастыру үшін жабық радиоизотопты сәуле көздерін кеңістікте орналастыруды қамтамасыз ететін құрылғы;

49) сұйықтықты қорғаныш - иондаушы сәуледен қорғау сұйықтықтың (судың), минералды майдың қорғаныш материалы ретінде пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі;

50) сцинтиграфия - гамма-камерада жасалатын пациент денесіндегі радиофармпрепараттың кеңістікте таралуыныңпроекциялық бейнелерін көрнекі етудің (статикалық сцинтиграфия) немесе пациент денесіндегі радиофармпрепараттың белгіленбеген кеңістік-уақыттық таралуын уақытша сипаттамаларын тіркеудің (динамикалық сцинтиграфия) диагностикалық рәсімі;

51) технологиялық каналдар - әртүрлі коммуникацияларды (газ, су және т.б.) салу үшін қондырғылардың стационарлық қорғанышы арқылы өтетін саңылаулары, науалар, тартпалар және каналдар;

52) фотонейтрондар - гамма-кванттармен өзара әрекеттесуінәтижесінде атомдар ядроларынан ұшып шығатын нейтрондар;

53) флюорография - рентген бейнесінфлюоресцентті экраннан шағын форматты фотопленкаға алатын рентгенологиялық зерттеу әдісі;

54) ыстық камера-жоғары активті радиоактивті заттармен жұмысқа арналған қорғаныш құрылғысы;

55) ядролық медицина объектісі - радионуклидті диагностиканы және радионуклидті фармацевтикалық препараттар (бұдан әрі - радиофармпрепараттар) көмегімен емдеуді және позитронды-сәуле шығаратын радиофармпрепарттарды шығарудыжүзеге асыратын ұйым;

56) in vivo радионуклидті диагностикасы -көрнекі ету және (немесе) пациент денесіне енгізілген радиофармпрепараттың кеңістік-уақыттық таралу сипатын анықтау негізінде пациент организміндегі патологиялық үдерістің бар болуын, сипатын және таралуын белгілеу;

57) in vitro радионуклидті диагностикасы - арнайы радиоиммундық зертханаларда жүргізілетінбиологиялық сұйықтықтарда, көбіне қанда патологиялық үдерістің, биологиялық активті заттардың (гормондардың, ферменттердің, дәрілік препараттардың және басқалардың) бар болуын, сипатын және таралуынбелгілеу.

3. Заңды тұлғалар барлық жұмыс істеп тұрған радиациялық қауіпті объектілерде өндірістік радиациялық бақылау жүргізіледі. Консервацияланған, таратылған, пайдаланудан алынған радиациялық қауіпті объектілерде, сондай-ақ қайта құнарландырылған аумақтарда тұрғындардың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін бағалау үшін радиациялық және экологиялық бақылау жүргізіледі.

4. Объектілер персоналы арнайыжұмыс киімдерімен, арнайы аяқ киімдермен жәнежеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі - ЖҚҚ) қамтамасыз етіледі. ЖҚҚ негізгі жиынына: комбинезон немесе костюм (кеудеше, шалбар), халат, арнайы киім және аяқ киім, іш киім, бас киім немесе шлем, шұлық және қолғап кіреді. Санөткізгіште аяқ киім,дәкеден немесеағартылған бөзденжасалған бір рет пайдаланылатын бет орамалдар, иіс (монша) сабын, орамал, синтетикалық материалдан жасалған жөке көзделеді.

5. Үй-жайларды жинау және дезактивациялау, технологиялық жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыстарды атқаратын персонал пленка материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдермен және полимерлі жабыны бар материалдардан жасалған - жартылай халаттармен, жартылай комбинезондармен, алжапқыштармен, қаптармен қаптамасыз етіледі.

6. Радионуклидтермен ластанған металды кесу немесе дәнекерлеу бойынша жұмысты жүргізетін персонал от ұшқынына төзімді дезактивацияланған материалдардан жасалған дәнекерлеушіге арналған ЖҚҚ-мен, сондай-ақ көзді және қолды қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

7. Ауаның радиоактивтінемесе уытты заттармен ықтимал аэрозолды ластануы жағдайларында жұмыс орындаған кезде ластану деңгейіне және сипатына қарай респираторлар, газтұтқыштар, өзіндік құтқарушылар, автономды оқшаулайтын тыныс алу аппараты, шлангіліоқшаулағыштар - жартылай пневмомаскалар, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокеудешелер, жекелеген жағдайларда оқшаулағыш костюмдер пайдаланылады.

8. ЖҚҚ пайдаланатын персонал нұсқаулықтан және пайдалану ережесін оқытудан өтеді.

9. Пленка материалдардан және полимерлі материалдардан жасалғанЖҚҚсанитариялық шлюзде (бұдан әрі - саншлюз) немесе басқа арнай бөлінген жерде әр пайдаланғаннан кейін дезактивацияданөтеді. Егер алдын ала дезактивациядан кейін олардың ластану деңгейірұқсат етілген деңгейден жоғары болса, олар арнайы жуу орындарына немесе радиоактивті қалдықтар (бұдан әрі - РАҚ) ретінде жоюға жіберіледі. ЖҚҚ-ныдезактивациялау радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі.

10. Объектілерде санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар және санитариялық өткізгіш режімі жүйесі көзделеді.

11. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар санитариялықөткізгіш типі бойынша жобаланады, жалпы ауыспалы желдету, сумен жабдықтау, кәріз жүргізу, жылыту және жарық беру жүйелерімен жабдықталады. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамына: үй киімдеріне арналған киім ілетін орын, жұмыс киімдерінеарналған киім ілетін орын, тері жабындарын және арнайы киімдерді радиациялық бақылау пункті, себезгі, дәретхана, жеке қорғанышқұралдарына арналған орын, таза арнайы киімдерге арналған қойма және ластанған арнайы киімдерге арналған қоймалар кіреді.Санитариялық өткізгіш режімініңжүйесісаншлюздер құрылғысын көздейді. Саншлюздер тек бірінші қауіптілік сыныбы жұмыстарын жүргізген жағдайда ғана жабдықталады.

12. Санитариялық шлюзде:

1) қосымша арнайы аяқ киімдерді сақтауға және дезактивациялауға арналған құрылғы;

2) пневмокостюмді тікелей жұмыскердің үстінде жуатынпункт;

3) ластанған арнайы киімдерді жинауға арналған контейнерлермен жабдықталған ластанған қосымша арнайы киімдерді шешетін орын;

4) арнайы аяқ киімдердің табанын тікелей жұмыскердің үстінде тазалайтын құрылғы;

5) радиациялық бақылау пункті;

6) аяқ немесе шынтақ құрылғысының көмегімен салқын және ыстық су келтіргенқол жуғыш, сондай-ақ қол жууға арналған дезактивациялау құралдарыкөзделеді.

13. Объектілер персоналы «Міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды өткізу қағидасын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес жұмысқа тұру алдында және мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтеді.

14. Жұмысқа жаңа тұратын немесе сәуле көздерімен жұмыс істеуге ауыстырылатын адамдар жұмыстың қауіпсіз әдістеріне, жеке гигиена ережесіне және осы санитариялық қағидалардың көлемінде нұсқаулықтан, радиациялық қауіпсіздік шаралары және радиациялық апаттарды жою бойынша жергілікті және ведомстволық нұсқауларданөтеді.

15. Бұрын басқа уран өндіретін кәсіпорындарында жұмыс істеген немесе бұрынғы жұмысы үдерісінде шығу тегі радиациялық және радиациялық емес зиянды өндірістік факторлардың басқа да түрлеріне ұшыраған адамдарды жұмысқа қабылдаған кезде олардың жинаған сәулеленуінің тиімді дозалары туралы мәліметтер сұралады.

Алынған мәліметтер радиациялық әсер етудің кумулятивті деңгейлерін есептеу және еңбекті ұйымдастыру кезінде ескеріледі.

16. Қауіпсіздікжәне жеке гигиена ережесі бойынша нұсқаулықты және білімін тексеруді жылына бір реттен кем емесөткізген дұрыс. Тексеруді мекеме әкімшілігі тағайындаған комиссия өткізеді. Комиссияқұрамына әкімшілік, мекеменің радиациялық қауіпсіздік қызметі өкілдері және көздермен тұрақты жұмыс жасайтын жетекші мамандар енгізіледі. Комиссияның ең аз құрамы 3 адам болады. Тексеру қорытындылары арнайы журналда тіркеледі.

17. Көздермен жұмыс істеу сипаты өзгергенде, сондай-ақ белсенділігібарынша жоғары көздерді пайдаланғандажұмысшыларға кезектен тыснұсқаулық және радиациялық қауіпсіздік және жеке гигиена ережесін білуіне тексеру өткізіледі. Білімді тексеру қорытындысы хаттамамен рәсімделеді, нұсқаулықтаржурналда тіркеледі.

 

 

2.Эмальды альфа-және бета-сәуле көздері бар статикалық электрдіңрадиоизотоптық бейтараптандырғышыныңқұрылымына және оны пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялықталаптар

 

18. Радиоизотоптық бейтараптандырғыштарға арналған эмальды альфа- және бета-сәуле көздері(бұдан әрі- көздер) берік бекітіледі.

19. Көзді таңдаудың критерийлері К коэффициенттіңең аз мәні болып табылады:



мұнда С -пайдалану және сақтаудың рұқсат етілген жағдайларында уақыт бірлігіне көздің 1 шаршы сантиметрінен (бұдан әрі - см2) бөлінетін изотоптың белсенділігі;

СДК -изотоптың ауадағы орташа жылдық шоғырлануы;

J- көздің 1см² шығаратын иондаушы токтыңшамасы.

Көздердің радиоактивті заттармен бастапқы беткі ластануы альфа-активті изотоптар негізінде минутына шаршы сантиметрге 50альфа бөлшектен (бұдан әрі -альфа/бөлшек/см²/мин), бета-активті изотоптар негізінде 200 бета/бөлшек/см²/мин аспауытиіс.

Сақтау және пайдалану кезінде көздерден изотоптың бөліну жылдамдығы альфа-активті изотоптарнегізіндегі көздер үшінайына 3,7 Бк/см² артық емес, бета-активті изотоптарнегізіндегі көздер айына 185 Бк/см² аспауы көзделеді.

20. Радиоизотоптық бейтараптандырғыштың конструкциясыжәне оны дайындауға пайдаланылатын материалдар:

1) бейтараптандырғышты немесе машиналардың қандай да бір бөлшектерін алдын ала алмастан, сәуленің шығуы үшін терезені жылдам және ыңғайлы жабу мүмкіндігін қамтамасыз етуі (бейтараптандырғышты жұмыс қалпынан жұмыс істемейтін қалыпқа ауыстыру);

2) сәуленің шығуы үшін терезенің ашық кезіндемашиналардан бейтараптандырғышты және көздердің активті беттеріне қолдың жанасу мүмкіндігін болдырмайтынторды шешу мүмкіндігін болдырмайтын блоктаушы құрылғысы болуы тиіс.

Бейтараптандырғыштар машиналарға қызмет көрсететін операторлардың болатын орнынан1метрден (бұдан әрі - м) жақын емес орналастырылады.

21. Бейтараптандырғыштан гамма- жәнетежегіш сәулесі дозасының қуаты 1м қашықтықта сағатына 0,1 миллизиверттен (бұдан әрі - мЗв/сағ) аспауы тиіс.

22. Бейтараптандырғыштардағы көздер бекітіледі және пломбаланады.

23. Бейтараптандырғыштар зауытнөмірі, шығарылған күні көрсетіле отырып таңбаланады және 1м қашықтықтан жақсы көрінетін радиациялық қауіпсіздік белгілері қойылады. Блокталатын құрылғысы жоқ бейтараптандырғыштарға «Шешу алдында қақпақты жап!»деген жазу жазылады.

24. Бейтараптандырғыштың сыртқы, қолмен немесе аспаптармен жанасуға болатын беттерірадиоактивті заттармен бекітілмеген ластануы болмауы тиіс.

25. Көздерді дайындауға техникалық шарттардыңжобалары мынадай деректерді:

1) көз дайындалған радиоактивті заттардыңхимиялық және радиациялық сипаттамасын (радиациялық қоспалардың мөлшері және изотоптық құрамы);

2) көздің негізгі изотоп бойынша салынатын немесеноминалды белсенділігін;

3) радиацияның барынша жоғары деңгейі және ағымның тығыздығы бар жұмыс және сырт жағында 10, 50 және 100 сантиметр (бұдан әрі - см)қашықтықта гамма-сәуленің дозасының қуаты және спектрлік құрамы жәнежұмыс жағындағы сондай қашықтықтарда бета-сәуленің спектрлік құрамын;

4) көздердің бүтіндігі сақталатын шекті термиялық және механикалық жүктемелерді;

5) көздердің коррозиялық беріктігі бойынша мәліметтерді;

6) сыртқы орта параметрлерінің экстремальды жағдайларында жәнепайдалану және тасымалдау кезінде техникалық шарттармен жол берілетін жүктемелердекөздерден изотоптың бөліну жылдамдығын;

7) тұтынушыларға оларды жіберу мезетінде көздердің ластану беттерінің ең жоғары деңгейлерін;

8) пайдаланудыңшектішарттарын;

9) көздердіңкепілдік берілген жарамдылықмерзімін;

10) пайдалану кезінде көздердің профилактикалық бақылау регламенті және әдістемесін;

11) пайдалану кезінде көздерді профилактикалық тазарту регламентіжәне әдістемесі;

12) бейтараптандырғыштардыпайдаланудыңмақсаты мен рұқсат етілген шарттарын;

13) көздердің типі (техникалық шарттарының атауы және нөмірі) және көздердің негізгі техникалық жәнесанитариялық-техникалық сипаттамаларын;

14) бейтараптандырғыштың бетіндегі және терезенің ашық және жабық кезінде бейтараптандырғыштан 10,50 және 100 см қашықтықтағы радиация деңгейі ең жоғары бағыттарда сәуле шығуына арналған дозаның қуатын(жұмсақ рентгендік сәулені және бета-сәулені есепке алғанда) қамтуы тиіс.

26. Бейтараптандырғыштарды монтаждау және пайдалану бойынша нұсқаулыққа мыналар:

1) бейтараптандырғыштыңмақсаты;

2) бейтараптандырғыштардың және көздердің қысқаша техникалық сипаттамасы;

3) бейтараптандырғыштарды тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың рұқсат етілген деңгейлерініңтолық сипаттамасы;

4) бейтараптандырғыштың бетінде және 10, 50 және 100 см қашықтықта сәуленің шығуы үшін терезе ашық және жабық кезіндегі сәуледозасының қуаты;

5) бейтараптандырғыштың және көздердің сыртқы беттерін монтаждаужәне тазалау тәртібі және осы жұмыстарды орындау кезіндегі жеке қорғаныш және жеке гигиена шаралары;

6) бейтараптандырғыштардыжөндеу жәнекәдеге жарату тәртібі;

7) бейтараптандырғыштарды есепке алу және олардыңсақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар;

8) шағым-талап қою тәртібі жәнекепілдіктері;

9) бейтараптандырғыштарды орнату орындарын және адамдардың тұрақтыболатын орындарына қатысты олардың бағдарын көрсету;

10) бейтараптандырғыштар мен көздердіпрофилактикалық бақылаурегламенті және әдістері кіреді.

27. Бейтараптандырғыштың паспортында:

1) бейтараптандырғыштың шыққан күні мен зауыттық нөмірі;

2) бейтараптандырғыштағы көздердің саны және олардың реттік нөмірлері, сондай-ақ шыққан айы мен жылы, көздер паспортының нөмірі;

3) бейтараптандырғыш бетіндегі және 1м қашықтықта сәуле шығуы үшін терезенің жабық кезіндегі дозаның ең жоғары қуаты көрсетіледі.

28. Көздердің паспорты кәсіпорында тіркеледі және оларды өткізген сәттен бастап 10 жыл бойы сақталады. Бейтараптандырғыштарпаспорттары бейтараптандырғыштарды оларды пайдаланудың барлық кезеңінде қолданатын объектіде сақталады.

29. Дайындаушы-кәсіпорын немесе бейтараптандырғыштарды жеткізушібейтараптандырғыштардың журналда немесе бейтараптандырғыш нөмірі, көздердің саны, көздер мен бейтараптандырғыш жеткізілген кәсіпорындардың шыққан айы мен жылы картотекасында тіркей отырып, есепке алуды жүзеге асырады.

 

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 47-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №1472 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2135 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов