Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница4/10
Дата конвертации21.12.2012
Размер1.47 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
9. Денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек жағдайларына және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруға

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

231. Қоғамдық, емдік және диеталық тамақтандыруды ұйымдастыру, азық-түлік тағамдарын өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу жағдайлары, бір науқасқа арналған тамақтандыру нормасын сақтау, тамақтандырудың химиялық құрамы, тағамдық құндылығы, өнімдердің жиыны, тамақтандыру режимі бойынша сәйкестігі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келуі тиіс.

232. Денсаулық сақтау объектілерінің бөлімшелерінде пациенттердің тамақтарын сақтауға арналған тоңазытқыштар орнатылады.

233. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша жабдықталады және олардың құрамына мыналар кіреді: киім ілетін орын, себезгі бөлмесі, қол жуғыштар, дәретхана, арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын сақтауға арналған үй-жай. Киім ілетін орындар арнайы және жеке киімді сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталады.

234. Тамақпен қамтамасыз ету үшін асханалар мен буфеттер болуы тиіс, барлық бөлімшелерде ауданы 12 м2 кем емес, тоңазытқышпен, су жылытуға арналған құрылғымен, қол жууға арналған раковиналармен жабдықталған персоналға арналған бөлме бөлінеді. Жұмыс орындарында тамақ ішуге болмайды.

235. Персонал арнайы киімді күнделікті ауыстыруды қамтамасыз ететін мөлшерде ауысымға арналған арнайы киім жиынымен (халаттар, костюмдер, қалпақтар немесе орамалдар), ауысымдық аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім қақырықпен немесе басқа да науқастардың бөлінділерімен ластанған кезде ол тез арада ауыстырылады.

236. Персонал ауыстыруды қамтамасыз ететін мөлшерде өнеркәсіптік өндірістің тыныс алу органдарын қорғауға арналған құралдарымен (қорғау дәрежесі жоғары маскалар, респираторлар), бір рет қолданылатын қолғаптармен қамтамасыз етіледі.

237. Көптеген дәрі-дәрмекке тұрақтылығы бар микобактериялар бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастармен жұмыс жүргізген кезде қорғау дәрежесі жоғары қорғаныш маскалары мен респираторлар пайдаланылады.

238. Өкпеден тыс туберкулез бөлімшелерінде хирургиялық түрдегі маскаларды киюге жол беріледі. Осы бөлімшелерге жанамалас өкпеден тыс және өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарды жатқызған жағдайда персонал қорғау дәрежесі жоғары маскалармен немесе респираторлық түрдегі маскалармен қамтамасыз етіледі.

239. Инфекциялық, туберкулезге қарсы, босануға көмектесетін және басқа да ұйымдардың мейірбике посттарында (қажеттілігіне қарай) оларды ауыстыруды есепке ала отырып таза маскалар мен респираторлардың тәуліктік қоры көзделеді. Пайдаланылған маскалар кейіннен жойыла отырып арнайы бөлінген тығыз жабылатын сыйымдылықтарға салынады.

240. Персонал электрмен емдеу емшаралары кезінде мыналармен:

1) су астында ультрадыбыстық емшара өткізу кезінде (арнайы фаянс ванналарда) мата қолғап үстінен киетін резеңке қолғаптармен;

2) ультракүлгін сәулелегіштерді пайдалану кезінде әйнегі қоңыр және бүйірлік қорғанышы бар қорғаныш көзілдірігімен қамтамасыз етіледі.

241. Кіші медициналық персоналдың физиотерапевтік емшара өткізуіне жол берілмейді. УЖЖ пен ӨЖЖ генераторларындағы электрлі медициналық аппаратурамен жұмысқа он сегіз жастан кіші адамдар және жүкті әйелдер жіберілмейді.

242. Құрғақ дезинфекциялау препаратын өлшеп-орау, жұмыс ерітінділерін дайындау, дезинфекция өткізу халатта немесе комбинезонда, резеңке қолғаптармен, қорғаныш көзілдірігімен, алжапқышта орындалады, тыныс алу органдары респиратормен қорғалады. Жұмыстан кейін бет және қолдар сабынмен ағынды суда жуылады, ерітінді көзге, шырышты қабыққа тиген жағдайда, оны таза ағынды сумен немесе арнайы ерітіндімен молынан жуады.

243. Медициналық және техникалық персонал, жоғары және орта медициналық оқу ұйымдарының студенттері жұмысқа кірер алдында міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық текесріп-қараудан өтеді.

244. Әр қызметкерде жеке медициналық кітапша болуы тиіс.

245. Туберкулез микробактерияларын жұқтыру, бұрын болған туберкулез ауруы және қалдық өзгерістердің болуы туберкулезге қарсы ұйымға жұмысқа қабылдау кезінде бас тартуға негіз болып табылмайды.

246. Денсаулық сақтау объектілерінде персоналдың кәсіптік қызметіне байланысты зақымданулары мен төтенша жағдайларға (тіліп алу, шаншу, қанның көзге түсетін қабықтарға түсуі, зақымданған тері жабыны мен басқалары), өткізілген профилактикалық іс-шаралар (АИТВ инфекциясы кезінде кезек күттірмейтін профилактика) көрсетіле отырып есеп жүргізілуі тиіс.

 

 

^ 10. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық мақсаттағы бұйымдарына стерилизация

және дезинфекция жүргізу жағдайларына қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

247. Бір рет пайдаланылатын құрал-сайман алдын ала дезинфекциясыз және бөлшектеусіз жойылады (өртеледі, қиратылады).

248. Көп рет қолданылатын медициналық бұйымдар пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерильдеу алды тазаланады, кептіріледі, оралады және стерилизацияланады.

249. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы немесе ультракүлгін және басқа да жуу машиналарында пайдаланылған жерінде жүргізіледі.

250. Қуыстары бар медициналық бұйымдарды дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта аспап қанның, сілемейдің, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозия үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Алмалы-салмалы бұйымдар бөлшектенген күйінде өңделеді.

251. Дезинфекциялау ерітінділері дезинфекциялық құралды қолдану бойынша нұсқаулықта (әдістемелік нұсқауда) көрсетілген мерзімдерге сәйкес ластануына, түсінің өзгеруіне немесе шөгіндінің пайда болуына қарай ауыстырылады.

252. Биологиялық сұйықтықтарға қатысты бекітуші әсері бар дезинфекциялық құралдарды пайдаланған кезде құрал-сайман суды кейіннен зарарсыздандыру арқылы алдын ала жеке сыйымдылықта жуылады.

253. Жуу ерітіндісі егер оның түсі өзгермесе, дайындалған сәтінен бастап тәулік бойы қолданылады. Стерильдеу алды өңдеудің сапасы қан мен синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне оң нәтиженің, сондай-ақ аспаптағы майлы дәрілік заттар қалдықтарының болмауы бойынша бағаланады.

254. Құрал-сайманды стерильдеу алды тазалау және стерильдеу денсаулық сақтау ұйымының әр бөлімінің арнайы бөлінген орнында немесе орталықтандырылған стерильдеу бөлімшесінде (бұдан әрі – ОСБ) жүргізіледі. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болмаған кезде стерильдеу алды тазалау жүргізілмейді.

255. ОСБ үй-жайлары стерильді және стерильді емес аймақтарға бөлінеді. Жаңадан салынып жатқан стационарлардың қуаты 120 төсектен артық ұйымдарда, 100 төсектен артық перзентханаларда және 500 келуден артық амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы ОСБ-да мынадай үш аймақ көзделеді:

1) лас аймақ (лас материалды қабылдау, сұрыптау, дезинфекциялау-жуу машинасына салу);

2) таза аймақ (таза, дезинфекцияланған және кептірілген материалды дезинфекциялау-жуу машинасынан алу, орау, стерилизаторға салу). Медициналық киім-кешекті орау үшін жеке үй-жай болуы тиіс;

3) стерильді аймақ (стерильді материалдың стерилизаторлардан түсуі және оны сақтау).

256. Қосалқы үй-жайлар: экспедиция (стерильді материалды беру), санитариялық тораптар мен медициналық персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар.

257. Лас аймақ таза аймақтан өтпелі дезинфекциялау-жуу машиналарымен, таза аймақ стерильді аймақтан өтпелі стерилизаторлармен бөлінеді. Стерильді аймақ экспедициямен беру терезесі арқылы жалғасады.

258. Таза және стерильді аймақтың үй-жайларына кіру санитариялық өткізгіш арқылы жүзеге асырылады. Стерильді материал бөлімшелерге жабық көлік контейнерлерінде немесе арнайы көлік лифтімен жеткізіледі.

259. Ұйым ішіндегі лас және стерильді материалдың орын ауыстыру жолдары қиылыспауы тиіс.

260. ОСБ-дағы жабдық осы санитариялық ережеге 11-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау объектілерінің қуаттары мен мұқтаждықтарына сәйкес келуі тиіс.

261. Құрал-сайманды стерильдеу бу немесе ауа стерилизаторларында жүргізіледі. Ыстық ауа және бу стерилизаторлары пайдалану мерзімі өткен соң қазіргі заманғы жабдыққа ауыстырылуы тиіс (төмен температуралы плазмалық, этилен оксидті стерилизатор, валидация бар бу форвакумды стерилизаторлар).

262. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекция құралдарын қолдану арқылы стерильдеудің химиялық тәсілін пайдалануға жол беріледі.

263. Стерилизатордың жұмысы монтаждаудан, жөндеуден және оны пайдалану процессінде оны әрбір рет іске қосқаннан кейін бақыланады.

264. Ауа, бу, плазмалы стерилизаторлардың жұмысын бақылау химиялық және биологиялық тестілерді, термохимиялық индикаторларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

265. Тестілер стерильдеу материалымен бірге оралады және стерилизатордың бақылау нүктелерінде орналастырылады. Стерильденетін әрбір партия арнайы журналда тіркеледі. Плазмалы стерилизаторды бақылау кезінде биологиялық индикаторларды пайдаланады, олардың үшеуі стерильдеу камерасына салынады, біреуі бақылау болып табылады және камераға салынбайды. Стерильдеу циклі аяқталған соң барлық индикаторлар арнайы инкубаторға салынады, бу стерилизаторының биологиялық тестілері полиэтилен пакетке салынады және сол күні бактериологиялық зертханаға зерттеуге жеткізіледі.

266. Стерилизатордың бақылау аспаптары (термометр, манометр) жыл сайын тексеріледі.

267. Плазмалы стерилизаторды пайдалану жағдайында температураны, қысымды, сутегі тотығының шоғырлануын бақылау, сондай-ақ стерильдеу циклының ұзақтығы компьютердің және компьютерге қосылған датчиктердің көмегімен жүзеге асырылады.

268. Стерилизаторлармен жұмысқа он сегіз жастан үлкен, медициналық зерттеп-қараудан, курстық оқудан өткен және техникалық минимум тапсыру туралы куәлігі бар адамдар жіберіледі.

269. Стерилизаторларда медициналық бұйымдарды стерильдеумен байланысты емес жұмыстарды өткізуге, үй-жайды ыбырсытатын және ластайтын бөтен заттарды үй-жайда сақтауға жол берілмейді.

 

 

^ 11. Денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)

 іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

 

270. Инфекциялық бақылау бағдарламасы мынаны көздеуі тиіс:

1) ауруханаішілік инфекцияларды есепке алу және тіркеу;

2) сырқаттанушылықты талдау, тәуекел факторларын анықтау, ауруханаішілік инфекцияның (бұдан әрі – АІИ) өршуін тексеру және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

3) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүзеге асыру;

4) антибиотикопрофилактика мен антибиотикпен емдеу тәсілдерін әзірлеу;

5) кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

6) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқыту;

7) санитариялық-эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру және бақылау.

271. АІИ жағдайы комиссия арқылы эпидемиологиялық диагностика деректері, науқаста бар (эндогенді факторлар) және медициналық әрекет жүргізуге байланысты тәуекел факторларының (экзогенді факторлар) әсері негізінде анықталады.

272. Ұйымның персоналы жұмысқа кірер алдында және 6 айда кемінде 1 рет кейіннен тестілеуден өту арқылы инфекциялық бақылау мәселелері бойынша нұсқаулықтан өтеді.

273. Ұйымның зертханасында немесе келісімшарт негізінде патогендігі ІІІ-ІV топтың микроорганизмдерімен жұмысқа рұқсаты бар басқа ұйымның зертханасында дезинфекцияның сапасына микробиологиялық бақылау және АІИ-ге күдік болған жағдайда диагностикалық зерттеулер жүзеге асырылады.

274. Дезинфекцияның сапасын бақылау заттар мен жабдықтардан айына кемінде бір рет 1 төсекке 0,3 шайма есебінен санитариялық-көрсетімдік микроорганизмдерге шаймалар іріктеу және зерттеу жолымен, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда 1 келуге 0,2 шайма есебінен өткізіледі.

275. Дезинфекциялық камера жұмысының тиімділігін бақылау оның типі мен көлеміне байланысты камераның үш жазықтығына 5-10 бактериялық немесе химиялық тестілер салу жолымен жүзеге асырылады.

276. Дезинфекция режимінің қанағаттанарлық бағасы мынадай көрсеткіштермен анықталады:

1) бақылау объектілерінен ағымдық дезинфекциядан соң 60 минуттан кейін алынған микробилогиялық шаймалардың кемінде 2 %-да санитариялық-көрсетімдік микроорганизмдердің себілуі;

2) дезинфекциялық ерітінді шоғырлануының төмендеуі немесе артуы ерітіндінің белгіленген шоғырлануынан ± 0,1-0,2% құрайды;

3) дезинфекциялық заттардың қалдық мөлшеріне қанағаттанарлықсыз шұғыл сынамаларды анықтау әр түрдің әкелінген сынамасы мөлшерінің кемінде 2 %-ы;

4) тестілік микробиологиялық бақылаудың камералық дезинфекция режиміне сәйкестігі.

277. Мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімшелерде туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды алғаш анықталған науқастардан, кәмелетке толмағандарды ересектерден бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі.

278. БК+ және БК- бар туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар хоспистарда және/немесе үйде симптоматикалық емделуге жатады. Хоспистарда БК+ туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар бокстарға (олар болғанда), оқшауланған бөлімшелерге немесе күтіп-ұстау және пайдалану осы санитариялық ереже талаптарына сәйкес келуі тиіс бөлек палаталарға жатқызылады.

279. Туберкулезге қарсы диспансерлерде мульти-(поли-) резистентті штамм бөлетін науқастарды амбулаториялық қабылдауға арналған жеке кабинеттер бөлінеді.

280. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар (бикстер, мырыш және тот баспайтын құрыштан жасалған тұтқалары бар металл жәшіктер) контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жабдықталады, үй-жай ауасын алмастыру жиілігі сағатына 6-12 кем емес көлемдегі жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.

281. Гирудотерапия кабинетінде шок алуға қарсы бұрыш жабдықталады.

282. Сүліктер бір рет қолданылады, содан соң жойылады.

283. Сүліктерді пайдаланғаннан кейін тұзы бар науаларға орналастырылады, қан құсу аяталғаннан кейін полиэтилен пакетке салынады да дезинфекциялық құралмен көміліп тасталады. Қалыптасқан ұйыған қан экспозициясы 60 минуттан кем емес дезинфекциялық құралмен көміліп тасталады.

284. Әрбір жатын бөлмеде раковина мен себезгі бөлмесі бар немесе қоспалауыштар арқылы келітірілетін ыстық және салқын суы бар ванна, унитаз бен биде бар санитариялық торап болуы тиіс.

285. Емдеу-диагностикалық үй-жайларды күтіп-ұстау және пайдалану осы санитариялық ереже талаптарына сәйкес келуі тиіс.

286. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жай қосу 2-40С температураны қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғыларымен, мәйіттерді тасымалдауға арналған механикаландыру құралдарымен, стеллаждармен, сөрелермен немесе арнайы сейфтермен жабдықталады. Мәйіттерді әртүрлі қабаттарда сақтаған кезде лифт жабдықталады.

287. Еденнің жабыны тегіс және мықты, кеміргіштер өте алмайтын, мәйіттерді каталкамен тасымалдауға қолайлы, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді болуы тиіс. Секциялық үй-жайлардағы еденнің кәрізге су ағатын жері болады немесе шайынды суға арналған арнайы қабылдауыш орнатылады.

288. Секциялық, секция алды, мәйіттерді сақтауға арналған бөлме қабырғалары биіктігі бойына кафель тақтайшалармен қапталады немесе басқа ылғалға төзімді материалмен жабылады. Төбе майлы бояумен сырланады. Үй-жайдағы бұрыштар мен қабырғалардың, еденнің және төбенің қосылған жерлері дөңгелектеледі, карниздер мен сәндік әшекейлерсіз орнатылады.

289. Секциялық үй-жай торлары бар жолдармен жабдықталады. Шайынды суларға арналған құбырлар кәріз желісімен тор-аулағыштармен және сифон құрылғысымен қосылады.

290. Секциялық үстелдерге ыстық және салқын су жүргізіледі. Секциялық үстел кәрізге ағызу алдында шайынды суды жинауға және зарарсыздандыруға арналған сыйымдылықтармен жабдықталады. Секциялық үстел жанындағы жұмыс орны ағаш тормен жабдықталады.

291. Секциялық үстелдер, каталкалар, зембілдер мен басқа да мәйіттерді тасымалдауға арналған құралдар жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, су өткізбейтін материалмен қапталады.

292. Бөлімшенің шайынды суы елді мекенде тазалау құрылысы мен зарарсыздандыруға арналған құрылғысы бар кәріз болғанда кәріз желісіне ағызылады.

293. Елді мекенде орталықтандырылған кәріз және шайынды суды зарарсыздандыруға арналған тазалау құрылысы болғанда жергілікті тазалау құрылысы орнатылады. Шайынды су қабылдауға арналған орлар бетондалады, қақпақпен жабдықталады және 2/3 көлемі толуына қарай тазаланады.

294. Жұмыс күні басталар алдында бөлімшенің барлық үй-жайлары желдетіледі. Жұмыс күнінің аяғында ұшпа химиялық заттары бар түтіктер сору шкафына орналастырылады.

295. Еден күн сайын жуу құралдарымен жуылады, қабырғалар панельдері, есіктер ластануына қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жуылады.

296. Мәйіт ашылғаннан кейін және мәйітті алғаннан кейін секциялық үстел, аспаптар, таразылардың тостағандары, раковиналар мен ағзаларды жууға арналған ванналар, торлар мен еден салқын, сосын ыстық сумен жуылады.

297. Айына кемінде бір рет және инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашқаннан кейін үй-жайларда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы ауқымды жинау жүргізіледі.

298. Мәйіттерді тасымалдағаннан және жерлегеннен кейін көлік жуылады және дезинфекцияланады.

299. Ашу жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы киім және аяқ киім секция алдында жеке шкафта сақталады. Халаттар және қалпақтар ластануына байланысты жуылады, алжапқыштар, жеңқаптар және қолғаптар жуылады және әрбір ашудан кейін дезинфекцияланады. Инфекцияланған мәйітті ашу кезінде барлық киім-кешек пен арнайы киім жуу алдында дезинфекциялық ерітіндіге салынып қойылады.

300. Карантиндік және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамның және оларға күдік пайда болған кезде мәйіттерді ашу бөлімшенің жеке оқшауланған бөлімінде мынадай талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

1) оба, маңқаның өкпе ауруы түрінен немесе осы инфекцияларға күдікті аурулардан болған өлім-жітім жағдайларында ашу 1-типті толық обаға қарсы костюмде; тырысқақ, мелиоидоза, маңқаның басқа да түрлерінде – 2-типті обаға қарсы костюмде жүргізіледі. Күйдіргіден қайтыс болған адамдардың мәйіттері ашылмауы тиіс.

Ашудың барлық жағдайларында медициналық клеенкадан немесе полиэтиленді пленкадан жасалған жеңқаптар мен алжапқыштар және резеңке қолғаптардың қосымша пары пайдаланылады;

2) мәйітті ашу барысында секциялық үстелдің үстіне ашу кезінде қолды, үстелді өңдеуге арналған мақта немесе дәке тампондары бар дезинфекциялық ерітінді бар сыйымдылық; секциялық үстелдің астына 6% хлорамин ерітіндісі немесе 10% лизол ерітіндісі бар көлемі кемінде 10 л бак қойылады, секциялық бөлменің шыға берісінде дезинфекциялау ерітіндісі бар сыйымдылық және етікті өңдеуге арналған мақта тампондары бар банкі қойылады. Секциялық үстелден жалпы кәріз желісіне шығатын ағын ажыратылады.

Секциялық үй-жайдың есігінің алдында, ішкі және сыртқы жағында дезинфекциялау ерітіндісіне малынған кілемшелер төселеді;

3) ашу процессінде ағып жатқан қан сарысуы мен барлық басқа да сұйық қалдықтар ашу орнында құрғақ дезинфекциялық құралмен көму арқылы, қатты қалдықтар дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы зарарсыздандырылады.

4) ашу аяқталғаннан кейін секциялық үй-жайға, үстелге, құрал-сайманға, арнайы киімге 5% лизол ерітіндісін немесе карбол қышқылын, 5% хлорамин ерітіндісін немесе басқа да дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы дезинфекция жүргізіледі.

Ашу барысында күйдіргіге күдік пайда болса дезинфекция мына құралдардың бірімен жүргізіледі: 0,5% жуу құралын қоса отырып 4% белсенді хлорамин ерітіндісімен, 6% сутегі тотығы ерітіндісімен және басқа да дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі. Экспозиция кезеңінде үй-жай мөрлеп жабылады;

5) аспаптар 2% сода ерітіндісінде қайнаған сәтінен бастап 30 минут бойы қайтану арқылы зарарсыздандырылады немесес қосу 1260С температурада және 1,5 атмосфера қысымында 30 минут бойы автоклавталады.

301. Секциялық материалды дайындау және биопсия өткізу патологиялық-гистологиялық зертханаларда немесе секция алдындағы үй-жайда арнайы киіммен және резеңке қолғаппен жүргізіледі. Кесу жүргізілетін құрал-сайман, қолғаптар, үстел және тақтайлар жұмыс аяқталған соң дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді.

302. Формалинді және мықты қышқылдарды құю, олардан ерітінді дайындау, материалды бекіту сору шкафында жүргізіледі. Бекітілген материалдарды сақтау қолмен іске қосылатын сору желдеткіш жүйесімен қамтамасыз етілген үй-жайда жүзеге асырылады.

303. Кескеннен қалған материал мұрағат ретінде 10% формалин ерітіндісі бар жақсы жабылатын шыны банкаларға салынады және жыл бойы арнайы сақталатын орында сақталады. Әрбір банкаға аутопсия немесе биопсия нөмірі көрсетілген белгі бекітіледі.

304. Сақтау мерзімі өткен мұрағат материалдары, сондай-ақ бөлімшеге түсетін ағзалар (хирургиялық және гинекологиялық бөлімшелерден, перзентханалардан) кесілгеннен кейін бекітетін сұйықтығы бар банкаларға орналастырылады, кейіннен арнайы пеште өртеу арқылы жеке үй-жайда сақталады. Пеш болмаған жағдайда қалдықтар бейіттерге көміледі.

305. Улы заттар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес сақталады.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.25.10. № 828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Похожие:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №670 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Лицензиялау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов