Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница3/10
Дата конвертации21.12.2012
Размер1.47 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
5. Денсаулық сақтау объектілерін сумен жабдықтауға, кәріздеуге қойылатын

 санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

155. Денсаулық сақтау объектілерінің ғимараттары орталықтандырылған суық, ыстық сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қосылады.

Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда жергілікті жүйе құрылғысына жол беріледі немесе су объектілерінің қауіпсіздігінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес келуі тиіс әкелінген су пайдаланылады.

156. Ауыз суды тасымалдауға арналған сыйымдылық ыдыстар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген материалдардан дайындалады, қақпақтары тығыз жабылатын жылумен оқшаулау қабатымен және су ағызуға арналған шүмекпен жабдықталады, тазаланады, жуылады және 10 күнде кемінде бір рет дезинфекцияланады. Сыйымдылықтарды дезинфекциялау Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі. Сыйымдылықтарды өңдеуге арналған жуу мүкаммалы, жуу және дезинфекциялау құралдары арнайы үй-жайда сақталады.

157. Палаталарда, кабинеттерде, дәретханаларда, емшара, таңып-байлау және қосалқы үй-жайларда қоспалауыштар арқылы ыстық және суық су келіп тұратын қол жуғыштар орнатылады. Балалар мен психиатриялық палаталарда таратушы желідегі ыстық судың температурасы 370С аспауы тиіс.

158. Операция алды, байлап-таңу, босандыру залдары, емшара кабинеттері, нәрестелер палаталары жанындағы мейірбикелер посттары, хирургиялық, гинекологиялық кабинеттер, бокстар, жартылай бокстардың шлюздері, зертханалар шынтақ крандары қондырғысы бар қол жуғыштармен, сұйық антисептикалық сабыны мен антисептиктер ерітіндісі бар шынтақ дозаторларымен жабдықталады.

159. Жаңа туған нәрестелер палаталарында балаларды жуындыру үшін кең тостағаны бар және қоспалауыш арқылы ыстық және суық су келіп тұратын раковина орнатылады.

160. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда үздіксіз жұмыс істейтін су жылытқыштар орнатылады.

161. Объектілерді кәрізделмеген елді мекенге орналастырған жағдайда жергілікті кәріздеу құрылғысы болуы тиіс. Шайынды суларды қабылдау жерасты бетондалған су өткізбейтін сыйымдылықта жүзеге асырылады. Ауладағы дәретхана және бетондалған су өткізбейтін сыйымдылық ғимараттан кемінде 25 м арақашықтықта орналастырылады.

162. Денсаулық сақтау объектілерінің шайынды суларын тазалау және зарарсыздандыру жалпы қалалық кәріздік тазалау құрылыстарында жүзеге асырылады.

Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) жергілікті тазарту құрылыстары болуы тиіс.

163. Балшықпен емдеудің балшық емшаралары мен балшық асүйлері үй-жайларының шайынды суларын ағызу балшық тұндырғыштардағы арнайы жолдар арқылы жүзеге асырылады. Гипс дайындауға арналған үй-жайлардағы қол жуғыштың астына гипс тұндырғыш жабдықталады.

164. Ас блогының өндірістік шайынды суларын тазалау үшін 1000 және одан көп төсекке арналған денсаулық сақтау объектілерінде май аулағыштар (ғимараттан тыс) болуы тиіс.

Барлық санитариялық тораптар бір реттік қағаз орамалдармен немесе электр кептіргіштермен жабдықталады.

165. Палаталы бөлімшелердің санитариялық бөлмелері дәрет ыдыстарын, клеенкаларды өңдеу және кептіру үшін шағын механикаландырылған құралдармен жабдықталады.

166. Су жүргізу және кәріз жүйелерінің құбырлары ұзындығы бойынша қаптармен жабылады және жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан орындалады.

 

 

6. Денсаулық сақтау объектілерін табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

167. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларында табиғи жарықтандыру болуы тиіс. Қойма үй-жайларын, санитариялық тораптарды, клизма, жеке гигиена бөлмелерін, персоналға арналған себезгі және киім ілетін орындарды, термостат, микробиологиялық бокстарды, операция алды және операциялық, аппарат, наркоз бөлмелерін, фотозертханаларды және пайдалану ережесі табиғи жарықтандыруды талап етпейтін басқа да үй-жайларды екінші жарықпен жарықтандыруға немесе тек жасанды жарықтандыруға жол беріледі.

Көкжиектің оңтүстік румбаларына бағытталған терезелер күннен қорғау құрылғыларымен жабдықталады (күнқағарлар, жалюздер).

168. Жалпы жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда болуы тиіс. Жеке функционалдық аймақтар мен жұмыс орындарын жарықтандыру үшін қосымша жергілікті жарықтандыру орнатылады.

169. Төбелерге орнатылатын жалпы жарықтандыру шамшырақтары тұтас (жабық) плафондармен жабдықталады.

170. Палаталарды жарықтандыру үшін (балалар мен психиатриялық бөлімшелерді қоспағанда) әрбір төсектің жанына еден деңгейінен 1,7 м биіктікке орнатылатын қабырғаға ілетін құрамдас шамшырақтар (жалпы және жергілікті жарықтандыру) қолданылады.

171. Әрбір палатада еденнен 0,3 м биіктікте есік жанында орнатылған түнгі жарықтандыру шамшырағы, балалар мен психиатриялық бөлімшелерінде еден деңгейінен 2,2 м биіктікте, дәрігерлік қарау кабинеттерінде қабырғаға ілетін немесе науқасты қарауға арналған қозғалмалы шамшырақтар болуы тиіс.

172. Табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі осы ережеге 8-қосымшаға сәйкес келуі тиіс.

 

 

7. Денсаулық сақтау объектілерін желдетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

173. Желдету, ауа баптау және жылыту жүйелері денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы микроклиматтың және ауа ортасының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.

174. Ауаның температурасы, ауа алмасу жиілігі, денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының тазалық бойынша санаты осы санитариялық ережеге 9-қосымшаға сәйкес қабылданады.

175. Денсаулық сақтау объектілері орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылады немесе меншікті жылу көзі пайдаланылады. Ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитариялық көмектің денсаулық сақтау объектісіне пеш орнатуға жол беріледі.

176. Жылыту аспаптарының беттері жеңіл тазаланатын тегіс болуы тиіс. Әкімшілік-шаруашылық үй-жайларда және балалар ауруханаларында оларды пайдалануға және жинауға еркін қол жетімділік қамтамасыз етілген жағдайда қоршау қоюға жол беріледі.

177. Орталықтандырылған жылыту жүйесінде жылыту аспаптарындағы шекті температура 850С артық емес су пайдаланылады. Жылыту жүйелерінде жылу тасымалдағыш ретінде басқа сұйықтықтар мен ерітінділерді (антифриза және басқалары) пайдалануға жол берілмейді.

178. Ғимараттар жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйелерімен жабдықталады. Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) әрбір бокстар мен жартылай бокстардың палаталы секцияларында гравитациялық іске қосылатын дербес сору жүйесі болуы тиіс және ауаны зарарсыздандыру құрылғысымен және дефлектормен жабдықталады. Инфекциялық бөлімшелерде жасанды іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткіші болмаған жағдайда әрбір бокс пен жартылай бокс ауаны рециркуляциялық түрде зарарсыздандыру құрылғысымен жарақтай отырып жабдықталады.

179. Туберкулезге қарсы ұйымның желдету және ауа баптау жүйелері үшін сырттан ауа жинау жер бетінен кем дегенде 3 м биіктіктегі таза аймақтан, ауаны шығару кемінде 2 м биіктікте жүргізіледі.

180. Операциялық, наркоз, босандыру бөлмесіне, реанимациялық, операциядан кейінгі палаталарға, қарқынды терапия палаталарына, тері күйігі науқастарына арналған палаталарға және басқа да осыған ұқсас емдеу үй-жайларына берілетін ауа өңделетін ауадағы микроорганизмдер мен вирустар инактивациясының тиімділігін 95 %-ға қамтамасыз ететін құрылғылармен зарарсыздандырылады. Сырттан берілетін ауа қысқы уақытта жылытылады.

181. Медициналық жабдықты пайдалану ауаға зиянды заттарды бөлумен қоса жүретін операциялық, қарқынды терапия палаталарында, реанимация, босандыру, емшара және басқа да үй-жайларда жергілікті сорғы құрылғысы немесе сору шкафтары болуы тиіс.

182. Ингаляторияда ауаның сағатына төрт рет, топтық ингаляторияда он рет алмасуын қамтамасыз ететін сору-сыртқа тарату желдеткішінің дербес жүйесі болуы тиіс.

183. Уқалау кабинеттері сағатына ауаны бес рет алмастыратын сору-сыртқа тарату желдеткішімен қамтамасыз етіледі.

184. Операциялық, босандыру палаталарының, қарқынды терапия палаталарының, реанимация, таңып-байлау және басқа да осыған ұқсас емдеу үй-жайларының ауасындағы дәрілік заттар қалдықтарының болуы осы ережеге 10-қосымшада келтірілген рұқсат етілетін шекті шоғырланудан аспауы тиіс.

185. Үй-жай ауасының бактериялық тұқымдалуы оның функционалдық тағайындалуы мен тазалық сыныбына байланысты осы ережеге 11-қосымшада келтірілген рұқсат етілген деңгейлерден аспауы тиіс.

186. Операциялық, наркоз, босандыру бөлімшелерінде, операцияданкейінгі палаталарда, қарқынды терапия палаталарында, онкогематологиялық науқастар, ЖИТС-пен ауыратын науқастар, тері күйігі бар науқастар палаталарында, реанимациялық, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге, емшектегі сәбилерге, шала туған балаларға, жарақат алған балаларға арналған палаталарда және басқа да осыған ұқсас емдеу үй-жайларында ауаны баптау көзделеді. Кювездермен толығымен жабдықталған палаталарда ауа баптауға жол берілмейді.

187. Эпидемияға қарсы ерекше режимді сақтауды талап ететін үй-жайларда тиімділігі жоғары сүзгілер болған жағдайда сплит-жүйені пайдалануға жол беріледі. Сплит-жүйені орнату тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

188. Ауаның алмасу жиілігі белгіленген тазалықты қамтамасыз ету есебіне және ауаның газ құрамын ұстап тұруына сүйене отырып таңдалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 м/сек аспауы тиіс.

189. Aуаөткізгіштер, торлар, желдеткіш камералары және басқа да құрылғылар механикалық зақымдалмай, тотығу іздері болмай, герметикалық бұзылмай таза күйінде ұсталады. Сору-сыртқа тарату желдеткіші (ауа баптау) ауаөткізгіштерінің үй-жайға ауаөткізгіш материалы немесе қорғаныш жабынының бөлшектерін шығаруды болдырмайтын ішкі беттері болуы тиіс. Ішкі жабынның сіңіру қасиеттері болмауы тиіс.

190. Желдеткіштер мен электр қозғалтқыштар бөтен шу шығармауы және құрылымның дірілін болдырмауы тиіс.

191. Жалпы алмасу сору-сыртқа тарату және жергілікті сору қондырғылары жұмыс басталардан 5 минут бұрын қосылады және жұмыс аяқталған соң 5 минуттан кейін сөндіріледі.

192. Барлық үй-жайларға ауа жоғарғы аймаққа, стерильді үй-жайларға ламинарлық немесе әлсіз турбулентті ағынмен 0,15 м/сек жылдамдықпен беріледі. Операциялық және операция алды бөлімшелерде алдымен сыртқа тарату, содан соң сору немесе бір уақытта сыртқа тарату және сору жүйелері қосылады.

193. Желдеткіш жүйесінің жабдығы сыртқа тарату және сору жүйелері үшін бөлек және дәрігерлер кабинеттеріне, операциялық бөлімге, палаталарға және адамдар үнемі болатын басқа да үй-жайларға жалғаспайтын арнайы үй-жайларда орналастырылады.

194. Сору жүйелеріне арналған үй-жайларда 1 сағатта бір рет ауа алмасуы бар сору желдеткіші болуы тиіс, сыртқа тарату жүйесіне арналған үй-жайларда екі рет ауа алмасуы бар сыртқа тарату жүйесі болуы тиіс.

195. Асептикалық жағдайлардың талаптары қойылатын үй-жайларда ауаөткізгіштердің, құбырлардың, арматураның жасырын төсемі болуы тиіс. Қалған үй-жайларда ауаөткізгіштерді жабық қораптарда орналастыруға жол беріледі.

196. Жасанды іске қосылатын сыртқа тарату желдеткішін орнатқан кезде және ауа дәлізге берілген жағдайда биіктігі 3 қабаттан артық ғимаратта табиғи сору желдеткішіне жол беріледі.

197. Автоклав, себезгі, дәретханаларда, санитариялық бөлмелерде, лас киім-кешектерді, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда және дезинфекциялық құралдарды сақтауға арналған қоймаларда ұйымдастырылған ауа ағымының құрылғысы жоқ жасанды іске қосылатын сору желдеткіші болуы тиіс.

198. Баспалдақ-лифт тораптарынан лас ауаның палаталы бөлімшелерге берілу мүмкіндігін болдырмау үшін олардың арасында ауа бағанын қамтамасыз ете отырып аралық аймақ құрылады.

199. Желдеткіш және ауа баптаудың дербес жүйелері таза және іріңді операциялық, босандыру блоктарында, реанимациялық, онкогематологиялық, күйік бөлімшелерінде, таңып-байлау, жекелеген палаталық секцияларда, рентген және басқа да арнаулы кабинеттерде болуы тиіс.

200. Туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде):

1) желдету жүйесі палаталарда сағатына кемінде алты еселік ауа алмасуды және аэрозоль құратын емшараларды орындауға арналған үй-жайларда (қақырық жинау бөлмесі, эндоскопия және басқалары) он екі еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі және тұрып қалған аймақтардың пайда болуын болдырмауы тиіс;

2) роторлық және пластиналық рекуператорларды пайдалануға жол бермеуі тиіс;

3) қауіптілігі жоғары аймақтарға және 1-2 сыныптағы биологиялық қауіпсіздік шкафтарына (бұдан әрі – БҚШ) қызмет көрсететін сору қондырғылары HEPA-сүзгілерді немесе жеткілікті қарқындылықтағы бактерицидті ультракүлгін сәулеленуді қолдану арқылы ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады;

4) қабатаралық желілерді бір тік коллектормен біріктіруге жол берілмейді;

5) ауаны беруге және шығаруға арналған жабдықтар қарама-қарсы қабырғаларда орналастырылады. Жұқпаланған үй-жайдан шығатын ауаның көлемі келетін ауаның көлемінен көп болуы тиіс;

6) үй-жайлардың және шлюздердің барлық есіктері автоматты түрде жабылатын құрылғылармен, палаталардың және бокстардың есіктері (есіктің төменгі жағынан) ауа кіруі үшін желдеткіш торлармен жабдықталады;

7) көптеген дәрі-дәрмекке тұрақты микробактериясы бар туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелердегі дербес сору желдеткіші әр палатада гравитациялық іске қосылатын және дефлектор қондырғысымен орнатылады;

8) сору ауасының шығыны бір төсекке сағатына кемінде 80 текше метр (бұдан әрі – м3) құрауы тиіс. Бактерия бөлмейтін науқастарға арналған палаталар сору ауасы көлемінің 80%-н ауаны сыртқа тарату шығындайтын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;

9) баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, көтергіштердің діңгектері, пайдаланылған киім-кешектердің киім-кешек бөлмесі ауаны сыртқа шығаруы басым дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;

10) сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесі тәулік бойы пайдаланылуы тиіс.

201. Айына кемінде бір рет сүзгілердің ластану деңгейін қарау және ауаны зарарсыздандыру құрылғысы жұмысының тиімділігіне бақылау жүргізіледі. Сүзгілерді алмастыру олардың ластануына қарай, бірақ кәсіпорын-дайындаушы ұсынғаннан жиі болмай жүзеге асырылады.

202. Микроклимат параметрлерін және ауа ортасының химиялық заттармен ластануын бақылау:

1) операциялық, операциядан кейінгі палаталарда, босандыру, қарқынды терапия палаталарында, онкогематологиялық, күйік, физиотерапевтік, радиологиялық бөлімшелерде (палаталарда), қатты әсер ететін және улы заттарды сақтауға арналған, дәрілік заттарды дайындауға арналған үй-жайларда, зертханаларда, дәріхана қоймаларында және химиялық заттар мен қоспалар пайдаланылатын басқаларында 3 айда 1 рет;

2) инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде), микробологиялық зертханаларда, рентгендік диагностика кабинеттерінде 6 айда 1 рет жүргізіледі.

203. Сору желдеткіші қақырық алу рәсімі басталардан 10 минут бұрын қосылады және ол аяқталған соң 10 минуттан кейін ажыратылады.

204. Патологиялық-гистологиялық және сот-гистологиялық зертханалар механикалық іске қосылатын сору шкафтарымен жабдықталады. Препараттардың әртүрлі реңдерінің күрделі әдістемесі қолданылатын зертханаларда биологиялық қауіпсіздік шкафтары орнатылады.

 

 

^ 8. Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қалдықтарын жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға,

 сақтауға және жоюға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

205. Ұйымның медициналық қалдықтары (бұдан әрі – қалдықтар) қауіпсіздік дәрежесі бойынша мынадай 5 сыныпқа бөлінеді:

А сыныбы - қауіпті емес, қатты тұрмыстық қалдықтарға ұқсас;

Б сыныбы - орташа қауіпті;

В сыныбы - өте қауіпті;

Г сыныбы – құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға ұқсас қалдықтар;

Д сыныбы – радиоактивті медициналық қалдықтар.

206. Денсаулық сақтау объектілерінде мыналар қамтамасыз етіледі:

1) қалдықтарды жинау және залалсыздандыру;

2) қалдықтарды аумақтағы контейнерлерде (А сыныбы) және арнайы бөлінген үй-жайларда (Б, В, Г, Д сыныптары) уақытша сақтау;

3) контейнерлерді залалсыздандыру немесе қалдықтарды жою.

207. Қалдықтарды жинау үшін бір реттік су өтпейтін қағаз қаптар, пакеттер, металл және пластикалық сыйымдылықтар, қауіпсіз кәдеге жарату қораптары (бұдан әрі – ҚКЖҚ), контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтардың әрбір сыныбын жинауға арналған пакеттердің түсі әртүрлі болуы тиіс; контейнерлер мен сыйымдылықтар таңбаланады. А сыныбы қалдықтарын жинауға арналған пакеттердің түсі ақ, Б сыныбы сары, В сыныбы қызыл, Г сыныбы қара, Д сыныбы радиоактивті қауіптілік белгісімен таңбаланады.

208. Әр сынып үшін контейнерлердің, сыйымдылықтардың және пакеттердің таңбалары сәйкес келуі тиіс. Б және В сыныбы қалдықтарын жинауға арналған металл және пластикалық сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылуы тиіс.

209. ҚКЖҚ бір рет қолданылатын болуы, тығыз, тесілмейтін және су өтпейтін материалдан дайындалған болуы, медициналық қалдықтардың төгілуін немесе түсіп қалуын болдырмайтын клапан-бекіткіші бар болуы тиіс. ҚКЖҚ көлемінің үштен екі бөлігінен асырмай толтырылады және толтырылған жерінде тәуліктен артық сақталмайды.

210. Қалдықтары бар қаптарды, пакеттерді, сыйымдылықтарды, ҚКЖҚ тасымалдау үшін арнайы бекіткіштері бар арбалар пайдаланылады.

211. Мыналарға:

1) арбаларды қолданылу мақсатынан тыс пайдалануға;

2) әртүрлі сыныптың медициналық қалдықтарын оларды жинау, залалсыздандыру, сақтау және тасымалдау кезеңдерінде араластыруға;

3) сыйымдылықтарды электрмен қыздыру аспаптарының жанына орналастыруға;

4) қалдықтарды қолмен тығыздауға;

5) қалдықтарды қолғапсыз жинауды жүзеге асыруға жол берілмейді.

212. А сыныбындағы медициналық қалдықтары жиналған орындарынан ұйымның аумағында орналасқан контейнерге жіберіледі және тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинаумен, шығарумен, сұрыптаумен, залалсыздандырумен, жоюмен және қайта өңдеумен айналысатын объектілер шығарады.

213. Б, В, Г, Д сыныптарының қалдықтарын уақытша сақтау үшін ұйымда жеке үй-жайлар болуы тиіс.

214. Б және В сыныбындағы қалдықтарын уақытша сақтауға арналған үй-жайда таза сыйымдылықтарды жууға, залалсыздандыруға және сақтауға арналған бөлме болуы тиіс. Үй-жай су келтірілген ванналармен, су ағатын жолдармен, таза сыйымдылықтарды сақтауға арналған сөрелермен, арнайы киімді сақтауға арналған шкафтармен, сору-сыртқа тарату желдеткішімен, биологиялық және тағамдық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен, бактерицидті шаммен жабдықталады.

215. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар ұйым ғимаратының шығатын есігіне тікелей жақын жерде орналасады және шығару үшін қолайлы кіретін жолдары болуы тиіс. Баспалдақтар траптармен жабдықталады. Едені, қабырғалары, төбесі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалады.

216. А сыныбындағы қалдықтары әкімшілік-шаруашылық үй-жайларда; бөлімшелердің палаталарында (инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерді қоспағанда); тағамдық блоктарда, буфеттерде, ұйымның аумағында құрылады.

217. Тағам қалдықтары (инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерді қоспағанда) «Тағам қалдықтары үшін» деген таңбасы бар металл немесе пластик сыйымдылықтарға жиналады.

218. Б сыныбындағы қалдықтары операциялық, реанимациялық және басқа да манипуляциялық–диагностикалық бөлімшелерінде, сондай-ақ емшара, таңып-байлау, егу кабинеттерінде; инфекциялық, тері-венерологиялық стационарларда (бөлімшелерде), клиникалық-диагностикалық және патологиялық-анатомиялық зертханаларда; 3-4 патогенді топқа жататын микроорганизмдермен жұмыс істейтін зертханаларда, виварийлерде, санитарлық бөлмелерде, дәретханаларда құрылады.

219. В сыныбындағы қалдықтары аса қауіпті және карантинді инфекциялары, адамның иммун тапшылығы вирусы, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы бар пациенттерге арналған бөлімшелерде, 1-2 патогенді топқа жататын микроорганизмдермен жұмыс істейтін зертханаларда, фтизиатриялық клиникаларда құрылады.

220. Б және В сыныбындағы қалдықтары дезинфекциялануға жатады. Дезинфекциядан кейін қақпақтары тығыз жабылатын сыйымдылықтарға салынған бір реттік пакеттерге жиналады.

221. Үштен бір бөлігі толғаннан кейін бір реттік пакеттер буылады және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады. Пакетпен жасалатын барлық әрекеттер маскада және резеңке қолғаптармен жүргізіледі.

222. Арнайы қондырғыларға жою (өртеу) үшін жіберілетін қалдықтар зарарсыздандырылмайды.

223. Пайдаланылған тікенекті және басқа да үшкір заттар (шприцтер, системалар, инелер, ұстаралар, ампулалар) ҚКЖҚ-ға басқа медициналық қалдықтардан бөлек алдын ала бөлшектенбей және дезинфекцияланбай жиналады. ҚКЖҚ арнайы қондырғыларда жойылуға жіберіледі.

224. Г сыныбындағы қалдықтар диагностикалық, химиялық-терапевттік, патологиялық-анатомиялық бөлімшелерде, фармацевтік цехтарда, дәріханаларда, қоймаларда; химиялық зертханаларда құрылады.

225. Пайдаланылған люминесцентті шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдық тығыз жабылатын сыйымдылықтарға жиналады. Сыйымдылықтар толтырылғаннан кейін аузы тығыз жабылады және қосалқы үй-жайларда сақталады. Г сыныбындағы қалдықтарын жою олардың қауіптілік сыныбына сәйкес жүргізіледі. Кәрізге сұйық ерітінділерді құюға, егер ерітінділер құбыр материалына және кәріз құрылысының элементтеріне қиратушы әсер етпеген жағдайда жол беріледі.

226. Д сыныбындағы қалдықтары диагностикалық зертханаларда (бөлімшелерде); радиоизотопты зертханаларда; рентген кабинеттерінде құрылады.

227. Қысқа өмірлік айналымы бар (қатты, сұйық және газ түріндегі), кейіннен ҚТТ полигонына шығару арқылы олар толық ыдырағанға дейін тиісті қоймаларда сақтауға жол беріледі. Радиоактивті «ұзақ өмір сүретін» қалдықтар арнайы полигондарға көмуге жіберіледі.

228. Қалдықтарды тасымалдау персонал және қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы және арнайы оқытылған персонал жүзеге асыруы тиіс.

229. А, Б және В сыныбындағы қалдықтарын жинауға арналған контейнерлерді, автокөлік құралдарының кузовтарын дезинфекциялау аптасына бір рет және тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинаумен, шығарумен, сұрыптаумен, залалсыздандырумен, жоюмен және қайта өңдеумен айналысатын объектілердің жүк түсіретін орындарында ластануына қарай жүргізіледі.

230. А, Б, В сыныбындағы қалдықтары құрылған орындарында бір тәуліктен асырылмай, арнайы алаңдардағы контейнерлерде немесе қалдықтары бар сыйымдылықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктен асырылмай сақталады. Б сыныбындағы биологиялық қалдықтары, сондай-ақ тағам қалдықтары қосу 50С-тан аспайтын температурада сақталады.

Уақытша сақтау үй-жайы, пайдаланылған мүкаммал мен жабдық қалдықтарды шығарғаннан кейін дезинфекцияланады.

 

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Похожие:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №670 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Лицензиялау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов