Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница2/10
Дата конвертации21.12.2012
Размер1.47 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
7-қосымшаға сәйкес болуы тиіс орталық стерилизациялау бөлімшелері (бұдан әрі – ОСБ) болуы тиіс.

66. Кір жуу орнын жобалау кезінде оның өнімділігі стационардағы 1 төсекке тәулігіне құрғақ төсек әбзелдерінің 2,3 килограмын (бұдан әрі – кг) және амбулаториялық-емханалық ұйымға бір рет келуге 0,4 кг құрғақ төсек әбзелдерін жуу есебінен қабылданады.

Кір жуу орнының бар болуына қарамастан стационарда құрамы мен ауданы өңделетін төсек әбзелдерімен айқындалатын дезинфекциялау бөлімшесі болуы тиіс.

67. Биіктігі екі қабаттан артық ғимараттар лифтілермен, қоқыс жинауға арналған камералары бар қоқыс құбырларымен және көтергіш құрылғылармен жабдықталады.

68. Денсаулық сақтау объектілерінің қабылдау бөлімшесінде түсетін науқастар мен персоналға арналған бөлек санитариялық өткізгіш, инфекциялық стационарда (бөлімшеде) кемінде екі қабылдау-қарау бокстары болуы тиіс. Туберкулезге қарсы стационардың қабылдау бөлімшесінде кемінде екі қабылдау-қарау бокстары мен науқастардың қақырығын жинауға арналған бөлме (кабина) болуы тиіс.

69. Денсаулық сақтау объектілерінің қабылдау бөлімшесі төсек қуатына байланысты мыналармен: ішіне науқастардың киімі мен іш киімдерін салуға арналған таза қаптар қорымен, үй-жайлар мен санитариялық тораптарға арналған бөлек жинау мүкаммалымен, жуу, дезинфекциялау және дезинсекциялау құралдарымен, экрандалған бактерицидті ультракүлгін сәулелегіштермен, арнайы киімдермен және персоналға арналған жеке қорғаныш құралдарымен, педикулезге қарсы және обаға қарсы жиындармен қамтамасыз етіледі.

Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) кіретін есіктер, баспалдақ торлары және лифтілер науқастарды қабылдау және шығару үшін бөлек болуы тиіс.

70. Науқастарға арналған палаталардың, емдеу-диагностикалық және емшара кабинеттерінің жанына шу мен діріл көзі болып табылатын медициналық және инженерлік жабдықты орнатуға жол берілмейді.

71. Арбамен жылжитын мүгедектер үшін пандустар жабдықталады. Әрбір пандустың басында және соңында ені пандустың енінен кем емес және ұзындығы 1,5 м кем емес көлденең алаң орналастырылады. Пандустың сыртқы бүйір жиектерінде және алаңдарда биіктігі кемінде 5 сантиметр (бұдан әрі – см) болатын қалқалар болуы тиіс. Пандустың еңкею бұрышы 150-тан аспауы тиіс.

72. Пандустың немесе мүгедектердің қозғалуына арналған баспалдақ маршының екі жағында биіктігі кемінде 0,9 м қоршаулар, ересектер үшін биіктігі кемінде 0,7-0,9 м және мектепке дейінгі жастағы балалар үшін 0,5 м қос тұтқа орнатылады. Тұтқалардың ұзындығы әрбір жағынан пандустың немесе баспалдақ маршының ұзындығынан кемінде 0,3 м-ге ұзын болуы тиіс.

73. Соқырлар және нашар көретіндер үшін баспалдақтың жоғарғы және төменгі жағында, баспалдақтың бірінші және соңғы сатыларының тұтқалар учаскесі кедір-бұдырмен және қарсылас бояулармен белгіленеді.

74. Денсаулық сақтау объектілерінде науқастар мен персонал үшін шлюздері және қол жуғыштары бар бөлек дәретханалар болуы тиіс.

Соматикалық ауруханадағы палаталы бөлімшелердің науқастарына арналған санитариялық аспаптар (шүмектер, қол жуғыштар, ванналар, унитаздар, писсуарлар) саны, егер олар палаталарда қарастырылмаған болса ерлердің санитариялық торабында 10 адамға 1 аспап, әйелдер санитариялық торабында 8 адамға 1 аспап есебінен қабылданады. Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар саны бойынша қабылданады.

Әйелдердің палаталы секцияларындағы санитариялық тораптарда жоғары көтерілетін себезгі бар әйелдер гигиенасы кабинасы жабдықталады.

75. Персоналға арналған санитариялық-тұрмыстық үй-жайларда мыналар:

1) санитариялық аспаптар саны әйелдер үшін кемінде екі аспап және ерлер үшін бір аспап;

2) инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімшелерде) 10 адамға бір себезгі кабинасы, басқа бөлімшелерде орта және кіші персоналдың неғұрлым көп ауысымында жұмыс істейтін 15 адамға кемінде 1 себезгі кабинасы болуы тиіс. Персонал саны аз болған жағдайда бір бөлімшеге бір себезгі кабинасы болуы тиіс.

76. Үй-жайлардың ішін әрлеу олардың функционалдық мақсатына сәйкес орындалады.

77. Үй-жайлардың, ауаөткізгіштердің, желдеткіш жүйелерінің, сүзгілердің ішін әрлеу үшін пайдаланылатын барлық материалдар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілуі тиіс.

78. Ылғалды жұмыс режимі бар үй-жайлардың, көптеген дәрі-дәрмекке тұрақты микобактериясы бар туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған стационардың үй-жайларының қабырғалары тұтастай көп рет жууға және дезинфекциялауға болатын, ылғалға төзімді материалдардан орындалады.

79. Денсаулық сақтау объектілерінің өндірістік үй-жайларының (қабырғалардың, төбелердің, едендердің ішкі беттері) ішін әрлеу тегіс, түсі ақшыл болуы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат еткен жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ылғалды жинау жүргізуге жол беруі тиіс.

80. Палаталар, дәрігерлер кабинеттері, холлдар, вестибюльдер, асханалар, физиотерапевтік және басқа да емдеу-диагностикалық кабинеттердің қабырғаларын бояу үшін нитробояуларды қолдануға жол берілмейді.

81. Вестибюльдердегі еденнің бетін жабу үшін механикалық әсерге төзімді материал, операциялық, наркоз, босану бөлімшелерінде антистатикалық қасиеттерге ие материал пайдаланылады.

82. Аспалы төбелерді вестибюльдерде, дәліздерде, холлдарда және басқа да қосалқы үй-жайларда қолдануға жол беріледі.

83. Психиатриялық стационарлардың (бөлімшелерде) терезелері сталинитпен әйнектеледі, үй-жайлардың есіктері арнайы жапқыштармен жабдықталады. Санитариялық-техникалық жабдықтың шығып тұратын бөліктері болмауы тиіс, санитариялық-техникалық арматура науқастар үшін қолжетімсіз болуы тиіс. Жылытқыш құралдар ретінде панельдер, төбеге ілінетін жабық шамшырақтар көзделеді.

84. Мультирезистентті және суперрезистентті туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелерде БК- және БК+ науқастарға арналған палаталарда екі адамнан асырмау есептелуі тиіс.

85. Науқастардан қақырық жинау ауданы 8 м2 кем емес арнайы бөлмелерде жүзеге асырылады. Қақырықты тікелей жинау үшін бөлмелер (ауданы 4 м2 кем емес) үй-жайдың барлық биіктігі бойынша жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған қалқамен бөлінеді.

86. Туберкулезге қарсы диспансердің бактериоскопиялық зерттеулер орындауға арналған зертханасында үш бөлек секция болуы тиіс: үстелде орнатылған сору шкафында жшайынды дайындауға және жшайынды ны бояуға арналған екі бөлікке бөлінген үстелі бар жшайынды ларды дайындауға және бояуға арналған; микроскопияға арналған, препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған.

87. Гирудотерапия кабинеті денсаулық сақтау объектілерінің немесе дербес объект құрамына кіреді, жанастыра салынған немесе жеке тұрған ғимаратқа орналасады. Кабинетті тұрғын пәтерлерге кіретін есіктен оқшауланған жеке есік ұйымдастыра отырып тұрғын үйдің бірінші және цокольдық қабатына орналастыруға жол беріледі.

88. Гирудотерапия кабинетінде мынадай үй-жайлар болуы тиіс: ауданы 6 м2 кем емес қабылдауды күтуге арналған, ауданы 12 м2 кем емес дәрігер кабинеті, бір кушеткаға 6 м2, бірақ 12 м2 есебінен кабиналармен жабдықталған емдеу емшараларына арналған, тұрмыстық үй-жайлар (ауданы 6 м2 кем емес персонал үшін) және ауданы 3 м2 кем емес дезинфекциялау құралдарын және жинау мүкаммалын сақтауға арналған үй-жай.

89. Балаларға арналған қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың (бұдан әрі – орталық) ұйықтайтын үй-жайлары сыйымдылығы әрқайсында 30 төсектен артық емес оқшауланған палаталы секциялардан тұрады. Секция құрамында мыналар болуы тиіс: ауданы 15 м2 кем емес ойын алаңы, 1 орынға 5-6 м2 есебінен ұйықтайтын палата, бір орынға 0,7-0,9 м2 есебінен кептіру шкафтары бар гардероб, буфет бөлмесі.

90. Оқушыларға арналған ұйықтайтын палатаның сыйымдылығы 5 орыннан аспауы тиіс. Екі секцияға киімді үтіктеуге және тазалауға арналған бөлме (1 орынға 0,1 м2 кем емес) және балалардың заттарын сақтауға арналған үй-жай (1 орынға 0,2 м2), 3 жасқа дейінгі балалар үшін 15 төсекке және 3 жастан үлкен балалар үшін 30 төсекке тәуліктік мейірбике посты.

91. Балалар орталықтарында мектеп жасындағы балаларды оқытуға ұйықтау корпустарында бөлінген бөліктерде немесе жеке тұрған ғимаратта орналасқан оқу үй-жайларында өткізуге жол беріледі. Жататын және нашар қозғалатын балаларды оқыту палаталарда өткізіледі. Сынып ауданы бір оқушы орнына 2,5 м2, рекреация ауданы бір орынға 0,6 м2 есебінен болуы тиіс.

92. Мектепке дейінгі балаларға арналған бөлімшелерде санитариялық тораптар әр секция үшін бөлек орнатылады. Санитариялық тораптар мыналармен жабдықталады: балалар ванналарымен, себезгілермен, раковиналармен, ыстық және суық су қоспалауыштар арқылы келтірілген аяққа арналған жуғыштармен, балалар унитаздарымен, тостағандарды жууға арналған жуғыштармен, тостағандарды сақтауға арналған ссөрелермен, сүлгілер мен жуу құралдарына арналған ашық шкафтармен. 5 жастан үлкен балалар үшін ер балалар мен қыз балаларға арналған жеке дәретхана болуы тиіс.

93. Оқушылар үшін санитариялық тораптар әр секцияда мынадай есеппен жабдықталады: 5 адамға қол жуу үшін бір раковина, 15 адамға аяқ жуу үшін екі жуғыш, 15 қыз балаға екі унитаз және 15 ер балаға бір унитаз және писсуар, 15 адамға себезгі кабинасының бір аспабы, 15 адам үшін бір ваннаға ауданы 6 м2 ванна бөлмелері, 15 қыз балаға екі кабина есебінен, иілгіш шлангі және раковинасы бар табандықпен жабдықталған ауданы 4 м2 қыз балалар гигиенасы бөлмесі.

94. Ересектерге арналған орталықтың жатын бөлмелері бір пациентке 7 м2 есебінен, бірақ 9 м2 кем емес ауданмен бір-екі орынға есептелінеді.

95. Мүгедектерге арналған жатын бөлмелер бірінші қабатта орналасады. Мүгедектерге арналған тұрғын бөлмелер мен тұрмыстық үй-жайлардың есік жақтауларының ені 1,2 м-ден кем болмауы тиіс. Кіретін есіктер автоматты ашылатын және жабылатын (не жылжитын) есіктермен, дәліздерде қабырғалардың бойы мүгедектердің қозғалуы үшін тұтқалармен жабдықталады.

96. Кресло-арбада қозғалатын мүгедектер үшін дәретханаларда ені 1,65 м кем емес және тереңдігі 1,8 м кем емес, қабырғаға қағылған тұтқа түрінде арнайы құралдармен жабдықталған кабина көзделеді. Себезгі бөлмелерде еден деңгейінен 90-130 см биіктікте тік тұтқа, ваннада көлденең тұтқалар орнатылады.

97. Палаталы секцияда персоналға арналған санитариялық торап және ауданы 6 м2 кем емес, су ағызатын құралмен және раковинамен жабдықталған санитариялық бөлме болуы тиіс.

98. Орталықтың тұрғын корпусында мыналар көзделеді: емшара бөлмесі, таза және лас киім-кешекке арналған бөлек қоймалар, тұрмыстық бөлме, кезекші персоналдың бөлмесі және жинау мүкаммалын және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған үй-жай.

99. 100 төсекке дейінгі стационар жанындағы патологиялық-анатомиялық ұйымның және мәйітхананың жалпы ауданы кемінде 44 м2, қуаты үлкен болғанда 2000 орынға арналған стационарда 1 төсекке - 0,77 м2 есебінен, 300-400 орын – 0,83 м2, 1000 орын – 0,68 м2 көзделеді. Сот медицинасы орталығы бөлімшесінің ауданы өткізілетін зерттеулер көлемімен анықталады.

100. Патологиялық-анатомиялық бөлімшеде және мәйітханада үш кіріп-шығатын есік болуы тиіс, екеуі мәйіттерді бөлек қабылдауға және беруге арналған, үшіншісі персоналдың пайдалануына арналған.

101. Мәйітханада мынадай үй-жайлар көзделеді: мәйіттерді қабылдау және сақтау бөлмесі, секциялық, оның ішінде бөлек сыртқы есігі мен кіретін жолдары бар инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашуға және беруге арналған кіші секциялық, салт-жора рәсімдері және мәйіттерді беруге арналған бөлме, тіркелген материалдарды, киімдерді, табыттарды және басқа да мүліктерді сақтау бөлмесі, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар.

102. Патологиялық-анатомиялық бөлімшелерде секциялық материалды зерттеуге арналған қосымша зертхана болуы тиіс.

Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде заттық айғақтарды сақтауға арналған жеке бөлме бөлінеді.

103. Ғимарат ішінде мәйіттерді тасымалдауға, ашуға, тіркелмеген секциялық материалды өңдеуге және сақтауға байланысты үй-жайлар гистологиялық зертханадан, дәрігерлер мен қызмет көрсететін персоналға арналған үй-жайлардан, мұражайдан және тұрмыстық үй-жайлардан тамбур немесе дәліз арқылы бөлінеді.

104. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жайды жертөледе немесе ғимараттың цокольды қабатында орналастыруға жол беріледі.

105. Секциялық үй-жайларды мәйіттерді беру үй-жайына тікелей жақын орналастыруға жол берілмейді. Инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашуға арналған үй-жайдың бөлек артық, сыртқы кіру-шығу есігі болуы тиіс.

106. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жайлардың, секция алдындағы, секциялық, мәйіттерді киіндіруге арналған бөлменің және қаза рәсімі өтетін залдың есіктерінің жақтауларын және құрылымын жоспарлау зембілдердің және арбаның еркін өтуін қамтамасыз етуі тиіс.

107. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту аумағында дене шынықтыру-сауықтыру құрылыстарының аймағында спорт алаңдары (1 орынға 20м2 есебінен) және пациенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып жабдықталған, емдік дене шынықтырумен айналысуға арналған алаң орналасады.

108. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту аумағында еңбекпен емдеу үшін учаскелер болуы тиіс (бау-бақша өсіру, гүл өсіру, бақша егу).

109. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту кезінде жағажай орнатуға жол беріледі. Жағажай жатын үй-жайлардан (корпустардан) кемінде 1,2 километр (бұдан әрі – км) арақашықтықта су айдынының жаға аумағының оңаша учаскесінде орналасады, олардың қолайлы кіретін жолдары, кіреберістері және ашық жерлері болады немесе көлік көтеру құралдарымен жабдықталады.

110. Жағажайдың аумағында аэрарий, солярий, емдік дене шынықтыру алаңы, көлеңке қалқалар, жағажайдағы демалушылардың 40 % дейін пайдалануын есепке алу арқылы қол шатырлар, медициналық және құтқару пункттері, климатотерапевт дәрігер кабинеті, себезгі бөлмесі, санитариялық тораптар, гардероб орналасады. Шомылу аймағының шекарасы айыратын белгілермен белгіленеді.

 

 

^ 4. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларын және жабдықтарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын

 санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

111. Жабдықты орналастыру және пайдалану оған қойылатын нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүргізіледі:

1) операциялық, босандыру блоктарында зиянды заттарды жұтатын және жоятын құрылғы болмаса наркоз және басқа да аппараттарды, сондай-ақ герметизациясы бұзылған газ беру жүйесін қолдануға жол берілмейді;

2) емшара, ингаляция кабинеттерінде, таңып-байлау және стерилизация бөлімшелерінде раковинамен және кәрізге ағызумен жабдықталған, уыттылығы жоғары дәрі-дәрмектерді пайдалануға байланысты манипуляцияны орындау үшін сору шкафтары орнатылады.

112. Үй-жайлар, жабдықтар, медициналық және басқа мүкаммал тазалықта ұсталады. Ылғалды жинау (еден, жиһаз, жабдық, терезе алдылары, есіктер) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы тәулігіне кемінде екі рет жүргізіледі.

113. Терезе әйнектерін сүрту айына кемінде бір рет ішінен, 3 айда кемінде бір рет және ластануына қарай сыртынан жүргізіледі. Барлық жинау мүкаммалы таңбаланады, белгіленуіне сай пайдаланылады, өңделеді және арнайы бөлінген орындарда бөлек сақталады.

114. Палаталы бөлімшелерді және басқа да функционалдық үй-жайларды жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күрделі жинау кесте бойынша айына 1 рет, қабырғаларды, еденді, жабдықтарды, мүкаммалды, шамшырақтарды өңдеу арқылы жүргізіледі.

115. Операциялық блокты, таңып-байлау, босандыру залдарын, емшара, манипуляциялық, стерилизациялау үй-жайларын күрделі жинау жабдықтарды, жиһазды, мүкаммалды өңдеу және дезинфекциялау арқылы аптасына бір рет жүргізіледі.

116. Ана мен баланы қорғау ұйымдары, балалар ауруханаларының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі жылына кемінде бір рет жоспарлы дезинфекция өткізу үшін жабылады. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жабылған стационарды ашуға тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының келісімі бойынша жол беріледі.

117. Операциялық, таңып-байлау, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған және шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара, инфекциялық бокстарда, сүт бөлмелерінде әрбір жинаудан кейін 30 минутқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады.

118. Экрандалмаған жылжымалы бактерицидті шамдар үй-жай көлемінің 1 м3-не 2,0-2,5 Вт қуат есебінен орнатылады. Экрандалған бактерицидті шамдар үй-жайдағы адамдарға сәуленің бағытталмауы жағдайында үй-жай көлемінің 1 м3-не 1,0 Вт қуат есебінен еденнен 1,8-2,0 метр биіктікте орнатылады.

Шамдардың жұмысы арнайы журналда тіркеледі. Шамдарға арналған ажыратқыш үй-жайға кіреберісте орналасады және мемлекеттік және орыс тілінде «Кіруге болмайды, бактерицидті сәулелендіргіш қосылып тұр!» деген жанатын тақтамен блокталады. Персоналдың үй-жайға кіруіне бактерицидті қондырғы ажыратылғаннан кейін 30 минуттан соң және үй-жай желдетілгеннен кейін рұқсат етіледі.

119. Науқастардың киімдерін ауыстыру ластануына қарай, бірақ жеті күнде кемінде бір рет жүргізіледі. Науқастардың бөлінділерімен ластанған киімдер тез арада ауыстырылады. Босанған әйелдердің төсек әбзелін ауыстыру әрбір үш күн сайын, іш киімдері, сүлгі және төсем сулықтар күнделікті және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

120. Асептикалық режимдегі операциялық, босандыру блоктарында және басқа да үй-жайларда аруханалық стерильді немесе бір реттік киім-кешек пайдаланылады.

121. Пайдаланылған аурухана киімдерін жинау тығыз арнайы ыдыста (клеенка немесе полиэтилен қаптар не жабдықталған киім-кешекке арналған арбалар) жүзеге асырылады. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді бөлуге жол берілмейді.

122. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша сақтау (12 сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде немесе осы мақсат үшін арнайы бөлінген басқа да үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңіл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киім-кешектермен жұмыс үшін персонал ауыстырылатын санитариялық киіммен қамтамасыз етіледі.

123. Таза киім-кешектер арнайы бөлінген үй-жайларда немесе шкафтарда сақталады. Киім-кешек таңбаланады.

124. Киім-кешектерді жуу денсаулық сақтау объектілеріндегі кір жуу орындарында жүзеге асырылады. Жеке кір жуу машинасы бөлінген жағдайда аурухана киім-кешектерін кір жуу орындарында жууға жол беріледі. Инфекциялық, обсервациялық және іріңді-хирургиялық бөлімшелердің киім-кешектері жуу алдында дезинфекцияланады.

125. Патологиялық-анатомиялық бөлімшенің арнайы киімдері мен басқа киім-кешектері ұйымның кір жуатын орнында басқа бөлімшелердің киім-кешегінен бөлек алдын ала зарасыздандырылғаннан кейін жуылады.

126. Таза және лас киім-кешектерді жеткізу оралған күйде арнайы бөлінген көлікте жабық таңбаланған ыдыста («таза» немесе «лас» киім-кешек) жүзеге асырылады.

127. Науқасты ауруханадан шығарғаннан кейін (қайтыс болғанда), сондай-ақ ластануына байланысты матрацтар, жастықтар, көрпелер кейіннен дезинфекциялық камерада өңдеу арқылы ауыстырылуы тиіс.

128. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді (қажеттілігіне қарай) және таза іш киімдер, пижама, іште киетін аяқ киім алады. Стационарда науқастардың, жүкті әйелдердің, жаңа босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің үй киімімен болуына жол беріледі.

129. Денсаулық сақтау объектісінің персоналы күнделікті ауыстыру қамтамасыз етілетін көлемде ауыстырылатын арнайы киім жиынымен қамтамасыз етіледі. Арнайы киімді сақтау жеке шкафтарда жеке басының киімінен бөлек, жуу орталықтандырылған және науқастардың киім-кешегінен бөлек жүзеге асырылады.

130. Медициналық персонал әрбір медициналық манипуляцияның алдында, «лас емшараларды» (үй-жайларды жинау, науқастардың киім-кешектерін ауыстыру, дәретханада болу) орындағаннан кейін қолдарын жууы, бір рет қолданылатын сулықпен кептіруі тиіс. Ластану көрінбеген жағдайда қолды тері антисептигімен алдын ала жумай өңдейді.

131. Терінің бүтіндігі және шырышты қабықтар бұзылуына байланысты барлық медициналық қызметтер бір реттік қолданылатын қолғаптармен көрсетіледі.

132. Тамшы инфекцияларымен ауыратын науқастардың палатасына кіру кезінде және тұмау ауруы бойынша қолайсыз кезеңде персонал маска немесе арнайы респиратор киеді. Маскалар ластануына қарай, бірақ әрбір 4 сағаттан жиі емес ауыстырылады.

133. Метициллин (оксациллин)-резистентті алтын түстес стафилококк, ванкомицин-резистентті энтерококк тудырған кез келген жерде орналасқан инфекциясы бар пациенттер оның пайда болған мерзіміне қарамастан жеке палаталарға оқшаулануы тиіс. Палатаға кірер кезде персонал маска, арнайы киім, қолғаптар киеді. Шығар кезде қолғаптар шешіледі, қол құрамында спирт бар тері антисептигімен өңделеді.

134. Күтім заттары мен басқа да медициналық аспаптар тек осы пациент үшін ғана пайдаланылады. Пациенттерді таңып-байлау палатада жүргізіледі. Пациентті шығарғаннан кейін қорытынды дезинфекция, төсек әбзелдерін камералық зарарсыздандыру, ауаны ультракүлгін зарарсыздандыру жүргізіледі.

135. Анаэробты инфекциясы бар науқас жеке палатаға жатқызылады, шығарылғаннан кейін төсегі, төсек жанындағы тумбасы және барлық беттер 0,5% жуу құралының ерітіндісі бар 6 % сутегі тотығы ерітіндісіне немесе анаэробты инфекцияға қатысты белсенді басқа дезинфекциялық құралға мол батырылған шүберекпен сүртіледі. Төсек әбзелдері камералық дезинфекцияға ұшырайды, жуу алдында лас киім-кешек, ыдыс, жеке күтім заттары бактериялардың споралық түрлеріне арналған режим бойынша дезинфекциялық ерітіндіде зарарсыздандырылады.

136. Палаталарды, операциялық, таңып-байлау бөлмелерін жинау күніне кемінде екі рет респиратор мен қолғапты пайдаланумен 0,5 % жуу құралы ерітіндісі бар 6 % сутегі тотығы ерітіндісін қолдану арқылы ылғалды тәсілмен жүргізіледі. Дезинфекциядан кейін үй-жай ыстық сумен жуылады, ауа 1,5-2 сағат бойы бактерицидті сәулелегішпен зарарсыздандырылады.

137. Пайдаланылғаннан кейін жинау мүкаммалы атмосфераның 2 кгс/см (1320С ± 2) кезінде 20 минут бойы автоклавталады немесе бактериялардың споралық түріне арналған режим бойынша дезинфекцияланады және арнайы бөлінген орында сақталады.

138. Палаталарда 4 төсек қойылады, тумбалар мен орындықтар төсек санына байланысты. Төсектің бастары арасындағы және төсек бастары мен қабырға арасындағы арақашықтық кемінде 1,2 м, төсектің бүйір жақтары арасындағы арақашықтық кемінде 0,8 м, балалар және қалпына келтіру емі палаталары мен медициналық оңалту палаталарында кемінде 1,2 м болуы тиіс.

139. Әр бөлімше шағын механикаландыру құралдарымен жабдықталады (қоларба, орындық-арба, дәрілер, киім-кешек, тамақ, қалдықтар тасымалдауға арналған арбалар).

140. Киім-кешек сақтауға арналған қоймалар ылғалды жинау мен дезинфекцияға қол жетімді гигиеналық жабыны бар сөрелермен жабдықталады. Жалпы киім-кешек орны стеллаждармен, киім-кешекті іріктеуге және сұрыптауға арналған үстелдермен, қажеттілігіне қарай пандустары немесе көтеру механизмдері бар қабылдау люктерімен жабдықталады.

141. Ағымдағы ақауларды жою (төбе мен қабырғадағы су өтулерді, ылғалдық іздерін, зеңді жою, жарықшақтарды, саңылауларды, ойықтарды жабу, түскен қапталған тақтайды, еден төсенішін қалпына келтіру) тез арада жүргізіледі.

142. Ағымдағы немесе күрделі жөндеу өткізу кезеңінде ұйымның жұмысы тоқтатылады.

143. Денсаулық сақтау объектілерінде жәндіктер, егеуқұйрықтар және тышқан тәрізді кеміргіштер болмауы тиіс. Дезинсекция мен дератизацияны қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйымдар жылына кемінде 4 рет және көрсеткіштер бойынша жүргізеді.

144. Ұйымның аумағы абаттандырылады, көгалдандырылады, қоршалады және жарықтандырылады. Отырғызылған көгал мен гүлзарлардың ауданы учаскенің жалпы ауданының кемінде 60 % құрауы тиіс. Ағаштар ғимараттан 15 м жақын емес арақашықтықта, бұталар 5 м отырғызылады.

145. Аумақты көгалдандыру үшін қауызды, талшықты заттарды және улы жемісі бар мамық тұқымдарды бөлетін тікенекті өсімдіктерді отырғызуға жол берілмейді.

146. Инфекциялық стационардың (бөлімшенің) аумағында бөлек кіретін жолы және кәрізге ағызуды немесе бетондалған су ағызатын орды ұйымдастыру арқылы көлікті дезинфекциялауға арналған алаң болуы тиіс.

147. Туберкулезге қарсы стационарда (бөлімшеде) балалар бөлімшесі болған жағдайда оқшауланған серуендеу алаңдары жабдықталады.

148. Көптеген тұрақтылығымен туберкулез микобактериялары бар науқастардың серуендеуіне арналған аймақ басқа аумақтан көгал жолақтарымен оқшауланады.

149. Кіретін жолдардың, ішкі жолдардың және жаяу жүргінші жолдарының қатты төсемі болуы және пандустармен жабдықталуы тиіс.

150. Жеке автокөліктің уақытша тұрақтары денсаулық сақтау объектілері аумағынан 40 м-ден жақын емес арақашықтықта орналасады.

151. Ұйымның автокөлігін жуу және техникалық қызмет көрсету үшін шаруашылық аймағының аумағында автокөлікке қызмет көрсететін жеке үй-жайлар болуы тиіс.

152. Қоқыс жинауға арналған урналар ғимараттарға кіретін жерлерге, демалыс орындарына және аумаққа әр 50 м сайын орнатылады, күн сайын қоқыстан тазаланады және тазалықта ұсталады.

153. Шаруашылық аймағының аумағында ғимараттан 25 м–ден кем емес арақашықтықта, қатты төсемі және көше жақтан кіретін жолы бар қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатуға арналған арнайы алаңдар жабдықталады. Алаңның өлшемдері контейнерлер табанының ауданынан барлық жағы бойынша 1,5 м-ге артық болуы тиіс. Контейнер алаңы қоршалады, қалқамен жабдықталады және бөтен адамның келуінен қорғалады.

154. Аумаққа кіретін жерде жаяу және көлік қозғалысының ағынын көрсете отырып негізгі корпустар мен қызметтердің орналасу сызбасы орнатылады.

 

 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Похожие:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №670 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Лицензиялау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов