Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/10
Дата конвертации21.12.2012
Размер1.47 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 01.02.2011 17:30:01

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығы

(2010.25.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 145-бабының 1), 2), 3), 13), 14), 22), 26), 28) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Мыналардың:

1) «Медициналық қалдықтарды жинауға, зарасыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 маусымдағы № 362 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5264 болып тіркелген, «Заң» газеті» газетінде 2008 жылғы 1 тамызда № 116 (1342) жарияланған);

2) «Эпидемиология және гигиена жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 629 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3076 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 20 қазанда, № 130 (754) жарияланған);

3) «Эпидемиология және гигиена жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздың № 629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 41 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4547 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 7 наурызда № 35(1064) жарияланған);

4) «Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 630 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3075 болыптіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылы, № 19, 180-құжат жарияланған);

5) «Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 630 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 314 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5257 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылы 31 шілдеде, № 115 (1341) жарияланған);

6) «Ауруханалық, ана мен бала денсаулығын қорғау ұйымдарының құрылымына және оларды пайдалану барысына қойылатын талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 24 маусымдағы № 23 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1913 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2002 жылы, № 33, 770-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы

 

 

^ Б. Садықов

 


Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

міндетін атқарушының

2010 жылғы 23 шілдедегі

533 бұйрығымен

бекітілген

 

 

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық ережесі

(2010.25.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі – санитариялық ереже) ғимараттар мен үй-жайлардың құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жабдықтауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға стерилизациялау және дезинфекциялау жүргізу жағдайларына, денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) антисептик – жарадағы микробтарды өлтіру мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған химиялық микробқа қарсы агент;

2) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық процесстің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою әдістерінің жиынтығы;

3) бокс – сырттан науқас келіп түсуіне арналған жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына мыналар енеді: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз.

4) санитариялық-көрсетімдік микроорганизмдер – қоршаған орта объектілерінде ықтимал фекальдық ластану және инфекциялық аурулар қоздырғыштарының болуының әлеуетті қаупі жөнінде куәландыратын индикаторлық микроорганизмдер;

5) шлюз – палата, бөлімше және жалпы дәліз арасындағы үй-жай бөлігі.

 

 

^ 3. Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

2. Денсаулық сақтау объектілерінің жаңадан салынған, реконструкцияланған ғимараттарын орналастыруға, олардың құрылысы мен реконструкциясына жобалық құжаттаманы бекітуге, пайдалануға беруге осы санитариялық ереже талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда жол беріледі.

3. Құрылысқа бұрын қоқыстар төгу, ассенизация алаңдары, малдардың өлексесін көметін орын, бейіт ретінде пайдаланылған жерлерге, топырағында органикалық, химиялық, радиациялық сипаттағы ластанулары бар аумақтарда жер учаскесін бөлуге жол берілмейді.

4. Ұйымдар тұрғын үй құрылысының аумағына, көкжелек немесе табиғи аймақтарға, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден қалалық, кенттік және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және осы ережеге сәйкес қашықтыққа орналастырылады.

5. Науқастардың ұзақ уақыт болуына арналған қуаты 1000-нан артық төсегі бар арнаулы ұйымдар немесе кешендер, ерекше режимдегі көрсетілген қуаты бар стационарлар (психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық және басқалары) қоныстанған аумақтан кемінде 500 метр (бұдан әрі – м) ажырауды сақтай отырып қала маңындағы аймақта немесе шеткері аудандарда орналастырылады.

6. Қоныстанған аймаққа ұйымдарды орналастырған кезде емдеу және палаталы корпустар құрылыстың қызыл сызығынан 30 м-ден жақын емес және тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимраттардан кем дегенде 50 м алыс және темір жолдардан, әуежайлардан, жүрдек автомагистральдардан және басқа да шу көздерінен алшақ орналастырылады.

Ұйымның аумағы арқылы қалалық (ауылдық) пайдаланудағы магистральды инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, кәріз, жылумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау) өтпеуі тиіс.

7. Жер учаскесі құрғақ, таза, атмосфералық ауаны ластау көздерінен алыс болуы тиіс.

 

 

^ 3. Денсаулық сақтау объектілерінің ғимараттарын жобалауға, салуға, реконструкциялауға, қайта

 бейіндеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

8. Денсаулық сақтау объектілерінің ғимараттары тоғыз қабаттан жоғары болмай жобаланады. Балалар ауруханаларының палаталы бөлімшелері (оның ішінде аналары бар үш жасқа дейінгі балаларға арналған) бесінші қабаттан жоғарыға, жеті жасқа дейінгі балаларға арналған палаталар және балалардың психиатриялық бөлімшелері (палаталары) екінші қабаттан жоғарыға орналастырылмайды.

9. Корпустар мен басқа ғимараттар арасындағы арақашықтық күн сәулесінің түсуінің, жарықтандырудың, желдетудің және шудан қорғаудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.

10. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, оларға жапсыра-жанастыра салынған ғимараттарға бөлек есігі болған жағдайда, қуаты ауысымына 100 келушіден аспайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде инфекциялық науқастар мен алкогольдік және есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін адамдарға қызмет көрсетуге арналған стационарларды қоспағанда күндізгі стационарлары бар ұйымдарды орналастыруға жол беріледі.

11. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда мыналарды: пациенттер тәулік бойы болатын стационарды, микробиологиялық (вирусологиялық, паразитологиялық) зертханаларды, магнитті-резонанстық томография бөлімшелерін орналастыруға жол берілмейді.

12. Көп салалы ауруханалардың құрамына кіретін инфекциялық, психиатриялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелер жеке тұрған ғимараттарға орналастырылады. Жоспарлы оқшаулау кезінде және автономды желдету жүйесі бар болғанда туберкулезге қарсы бөлімшені қоспағанда көрсетілген бөлімшелерді басқа бөлімшелермен бір ғимаратта орналастыруға жол беріледі.

13. Инфекциялық және туберкулезге қарсы бөлімшелерде көлік кіретін (есік) жеке жол және көлікті дезинфекциялауға арналған жабық алаң болуы тиіс.

14. Емхана корпусы дербес кіру есігімен учаскенің шетіне орналастырылады.

15. Патологиялық-анатомиялық бөлімше бөлек ғимратта немесе ас блогын қоспағанда шаруашылық аймағында орналасқан ғимратқа жапсарлас үй-жайда орналастырылады. Бөлімшеден палаталы корпустарға және ас блогына дейінгі арақашықтық 30 м-ден кем емес болуы тиіс.

16. Патологиялық-анатомиялық бөлімшеде кемінде үш кіретін есік болуы тиіс (екеуі мәйіттерді бөлек қабылдауға және беруге арналған, үшіншісі персоналға арналған). Инфекцияланған мәйіттерді ашуға арналған үй-жай оқшауланады және сырттан кіретін бөлек есігі болады.

Патологиялық-анатомиялық бөлімшенің ғимараты емдеу және босануға көмектесетін үй-жайлардың, ұйымның аумағына жақын орналасқан тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттардың терезелерінен көрінбеуі тиіс.

17. Виварий палаталардан кемінде 50 м және тұрғын үйлерден 100 м арақашықтықта орналастырылады.

18. Стационарлардың палаталық бөлімшелерінің және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың үй-жайларының ауданы осы ережеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келуі тиіс.

19. Ғимараттардың цокольды қабаттарында науқастарға арналған қабылдау және палаталы бөлімшелерді, электр-жарықпен емдеу кабинеттерін, босандыру бөлімшесін, операциялық, рентген кабинеттерін, емшара және дәрігерлердің кабинеттерін, шеберханаларды, улы, қатты әсер ететін, жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қоймасын орналастыруға жол берілмейді.

20. Септикалық және асептикалық операциялық блоктар (бөлімшелер) ішкі үй-жайларды қатаң түрде аймақтай отырып (стерильді аймақ, қатаң режим аймағы, «лас» үй-жайлар аймағы) оқшауланған ғимаратта, ғимараттың жапсарлас блогында немесе оқшауланған секцияларында орналастырылады. Операциялық блокты басқа емдеу корпустарынан тыс орналастырған кезде жылытылған өтпелер болуы тиіс. Кезек күттірмейтін хирургияға арналған операциялық бөлімшелер қабылдау бөлімшесінің құрамында орналастырылады.

21. Операциялық блоктарды бірінің үстіне бірін орналастырған кезде септикалық операциялық блоктар асептикалықтан жоғары немесе терапевтік бейінді корпустардың жоғарғы қабаттарына орналастырылады.

22. Операциялық блоктар (бөлімшелер) әрі-бері өтетін жол болмауы тиіс. Операциялық блокқа персоналдың кіруі санитариялық өткізгіштер арқылы, ал науқастар үшін шлюздер арқылы көзделеді.

23. Персоналға арналған санитариялық өткізгіштерде (әйелдер мен ерлерге арналған) үш-үштен көршілес үй-жай болуы тиіс. Бірінші үй-жайда себезгі, санитариялық торап және антисептик ерітіндісі бар дозатор көзделеді, екінші және үшінші персоналдың киінуіне және қолданылған киім-кешекті жинауға арналады. Себезгі бөлмелер 2-4 операциялық блокқа 1 кабина есебінен жобаланады.

24. Операциялық блоктың (бөлімшенің) сәулет-жоспарлау шешімі мынадай үш бөлек ағынның қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс: «стерильді» (хирургтар мен операциялық мейірбикелер), «таза» (науқасты жеткізу, анестезиологтардың, кіші және техникалық персоналдың, таза киім-кешектің, дәрі-дәрмектердің өтуі), «лас» (медициналық қалдықтарды, пайдаланылған төсек әбзелдерін, таңу материалын шығару).

Көп қабатты ғимараттарда ағындар бөлек лифтілермен қамтамасыз етіледі және қиылыспауы тиіс.

25. Реанимация және анестезиология бөлімшелері мынадай 2 бөлімнен тұруы тиіс: аурухананың палаталы бөлімшелерінен түсетін науқастарға және қабылдау бөлімшесі арқылы түсетін науқастарға арналған.

26. 400 және одан да көп төсектері бар ұйымдарда стационар науқастарына және емханалық бөлімше науқастарына арналған екі функционалдық диагностика бөлімшесі болуы тиіс.

27. Микробиологиялық зертхана үй-жайлары зертхананың басқа үй-жайларынан оқшауланады. Микробиологиялық зертхананың келушілерге арналған есігі сырт жақтан болуы тиіс.

28. Қан құюға арналған бөлімше бірінші қабатқа орналастырылады.

29. Көп салалы ауруханалардың ана мен баланы қорғаудың дербес объектілері мен бөлімшелерінің сәулет-жоспарлау шешімі бөлімшелерді аймақтауды, олардың толу және санитариялық өңдеу кезеңділігін қамтамасыз етуі тиіс. Физиологиялық («таза ағын») және обсервациялық («лас ағын») бөлімшелер үшін барлық үй-жайлар бөлек болуы тиіс (вестибюльден және сүзгіден басқа).

30. Физиологиялық және обсервациялық бөлімшелердің қабылдау бөлімелері мен балалар стационарының қабылдау бөлімшелерінде 5 адамға 1 себезгі кабинасы есебінен персоналға арналған киім ілетін орын мен себезгі бар санитариялық өткізгіш жабдықталады.

31. Ана мен бала объектілерінде реанимация және қарқынды терапия палаталары (бөлімшелері) болуы тиіс.

32. Инфекциялық бөлімшелерде жалпы палаталардан басқа бокстар мен жартылай бокстар болуы тиіс. Бокстар мен жартылай бокстардың құрамына дәретхана мен ваннадан тұратын санитариялық торап, палата мен дәліз арасындағы палата және шлюз кіруі тиіс. Бокста сыртқа шығатын тамбур болуы тиіс.

33. Науқастарды қабылдау үшін стационарда (бөлімшеде) мынадай қабылдау-қарау бокстары: 60 төсекке дейін 2 бокс, 60-тан 100-ге дейінгі төсекке 3 бокс, 100-дан артық төсекке төсектердің жалпы санының 3 %-ы болуы тиіс.

34. Балаларға арналған инфекциялық емес бөлімшелердегі қабылдау-қарау бокстары төсектер санының 3 %-ын, ауруханаға жатқызуға арналған бокстар бөлімшедегі төсектер санының 5 %-ын құрауы тиіс.

35. Стационарлық көмек көрсететін барлық денсаулық сақтау объектілеріндегі палаталы секцияның кіру есігінде шлюзі бар өтетін жол болмауы тиіс.

36. Палаталардың, оның ішінде 1 жастан үлкен балалар мен ересектерге арналған күндізгі стационар палаталарының сыйымдылығы 4 төсектен артық болмауы, 1 жасқа дейінгі балалар мен обсервациялық акушерлік бөлімшелер палаталарының сыйымдылығы 2 төсектен артық болмауы тиіс.

37. 1 жасқа дейінгі балалар бөлімшелерінде кемінде 8 төсек болуы тиіс.

38. Жаңа туған нәрестелерге арналған төсектерді жаңа босанған әйелдер палаталарында орналастырады.

39. Екі палаталы секциясы бар бөлімшелерде кемінде 2 емшара бөлмесі болуы тиіс.

40. Балалар бөлімшелерінде үш жастан үлкен балаларға арналған асхана болуы тиіс.

41. 1 жастан үлкен балаларға арналған палаталы секциялардың ванна бөлмесінде 2 ванна, 1 жасқа дейінгі балалар үшін ванналар палаталарда немесе кезекші мейірбикенің үй-жайында болуы тиіс.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.25.10. № 828 бұйрығымен 42-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

42. Күндізгі стационар үй-жайларының жиыны мен ең аз аудандары осы ережеге 4-қосымшада келтірілген.

43. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту бөлімшесі емханалық бөлімше мен күндізгі стационар келушілері үшін жалпы болуы мүмкін.

44. Терапевтік және хирургиялық бейіндегі науқастарға арналған туберкулезге қарсы стационардың жиыны мен ең аз аудандары осы санитариялық ережеге 6-қосымшада келтірілген.

45. Стационарлардағы (бөлімшелердегі) бір орындық бокстар палаталардың жалпы санының кемінде 30 %-ы есебінен орналасады. Әр бөлімшеде қақырық жинауға арналған бөлме бөлінеді.

Балалар мен жасөспірімдерді емдеуге арналған бөлімше жеке ғимаратта орналасады.

46. Туберкулезге қарсы стационардың әрбір бөлімшесі арасында шлюз құрылғысы бар «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді. Шлюз тез жуылатын, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалады және жасанды жолмен іске қосылатын дербес сору желдеткіш жүйесімен, екі бактерицидті экрандалған сәулелегішпен (әр есіктің үстінде), дезинфекциялау құралдарының ерітіндісіне арналған үстелмен, қол жууға арналған сұйық сабын дозаторы бар қол жуғышпен, медициналық халаттарды ілетін киім ілгіштермен жабдықталады.

Шлюздің ені кемінде 2 м, ұзындығы дәліздің еніндей болуы тиіс. Шлюз есіктері барлық периметрі бойынша саңылаусыз, диагональ бойынша орналасқан, бөлімшенің «лас» аймағы жағына қарай ашылатын және өздігінен жабылатын механизмдермен жабдықталған болуы тиіс.

47. Туберкулезге қарсы стационарда науқас балалар мен жасөспірімдерге жалпы білім беруге жол беріледі.

48. Физиотерапия бөлімшелері «құрғақ» (электрмен, жарықпен, жылумен емдеу кабинеттері) және «ылғал» аймаққа бөлінеді. Емдеудің әрбір түрі бойынша емшара өткізу үшін бөлек үй-жайлар жабдықталады.

49. Физиотерапевтік аппаратура қаңқалары пластмасса немесе ағаш бағандардан не жерленуден еркін (қабырға мен еденнен оқшаулау) металл (никельденген) құбырлардан орындалған оқшауланған кабиналарда орнатылады. Стационарлық ультражоғары жиілік (бұдан әрі – УЖЖ) және өте жоғары жиілік (бұдан әрі – ӨЖЖ) генераторлары экрандалған кабиналарда орнатылады.

Электрмен емдеуге және жарықпен емдеуге арналған жабдықтарды бір үй-жайда орналастыруға жол беріледі.

50. УЖЖ қуаты 100 Ваттан (бұдан әрі – Вт) асатын стационарлық аппараттар немесе УЖЖ қуаты кемінде 100 ВТ болатын 4 және одан да көп аппараттар басқа да электрмен және жарықпен емдеу үй-жайларымен көршілес жеке үй-жайда орналастырылады.

51. Кабинада бір аппараттан артық орналастыруға жол берілмейді. Кабина бағанының биіктігі 2,0 м, ұзындығы 2,2 м, ені 1,8 м болуы тиіс. Қуаты 200 Вт асатын индуктотермия, шағын толқынды терапия аппараттарын, УЖЖ генераторларды пайдаланған кезде кабинаның ені кемінде 2 м болып қабылданады.

52. Электрмен емдеу, жарықпен емдеу және ультрадыбыстық терапия бөлімшелерінде (кабинеттерінде) кабиналардың ауданы бір стационарлық аппаратқа кемінде 6 шаршы метр (бұдан әрі – м2) болуы тиіс. Бір кабинада бір стационарлық физиотерапиялық аппарат, бас жағы көтерілетін және жергілікті жарықтандыруға арналған құрылғысы бар бір ағаш кушетка орнатылады.

53. Электрмен ұйықтату кабинеті дыбыс өткізбеу жағдайларында терезелерін тыныш аймаққа бағыттауды ескере отырып өтуге болмайтын аймаққа орналастырылады.

54. Аадамдарға топтық ультракүлгін сәулелеуді өткізуге арналған үй-жайда науқастарға арналған киім шешетін бөлме мен пульт бөлмесі (мейірбикенің жұмыс орны) болуы тиіс. Сәулеленушілерді бақылау ауданы кемінде 0,5 м2 әйнектелген қарайтын терезе арқылы жүзеге асырылады, пульт бөлмесіне кіретін есік емшара бөлмесінен болуы тиіс.

55. Қауіптілігі 3 және 4-сыныпты лазер қондырғылар қабырғалары күңгірт бетті жанбайтын материалдан дайындалған бөлек үй-жайларда орналастырылады, қауіптілігі 1 және 2-сыныпты лазер қондырғыларын жалпы үй-жайларда орнатуға жол беріледі.

Лазер қондырғылары бар үй-жайдың есіктері үй-жайға лазерлердің жұмысы кезінде кіруді болдырмайтын, блоктайтын құрылғылары бар ішкі құлыппен жабылады. Есікке лазерлік қауіптілік белгісі және автоматты түрде қосылатын мемлекеттік және орыс тіліндегі «Лазер жұмыс істеп тұр, қауіпті!» деген жанатын тақта ілінеді.

56. Иондаушы сәулелену көздері бар жабдықты орнату оны пайдалану құқығына санитариялық паспорты бар болғанда жол беріледі.

57. Топтық ингаляциялау үй-жайы қалған үй-жайлардан оқшауланады. Жеке ингаляциялық аппараттарға арналған компрессор олардың жанында немесе көрші үй-жайда орналасады. Бірнеше емшара орнының ингаляциялық қондырғыға арналған компрессорлары жертөле немесе жартылай жертөле қабатында орналасады.

58. Емдеу уқалауын өткізуге арналған үй-жайлар мынадай: уқалауға арналған кабинеттерден, дәрігер кабинетінен, персоналға арналған себезгі бөлмесінен (уқалау кушеткасының саны төрт және одан да көп болғанда), персоналға арналған бөлмелерден тұруы тиіс. Уқалауға арналған кабинеттің ең аз ауданы бір кушеткаға кемінде 6 м2 есебінен болуы тиіс.

59. Инемен емдеу бөлімшесінде мыналар: дәрігер кабинеті, науқастарды қабылдауға арналған кабинет (үштен онға дейін кушетка есебінен), емшара кабинеті, науқастарға арналған демалыс бөлмесі және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар болуы тиіс. Науқастарды қабылдауға арналған кабинеттің ауданы 1 кушеткаға 6 м2 есебінен, бірақ 12 м2 кем емес болып қабылданады.

60. Физиотерапия бөлімшесіндегі (кабинетіндегі) кабиналардың металл құрылымдары қабырғалар мен еденнен оқшауланады, барлық металл заттар мен аспаптар қорғаныш жерлендірілуі тиіс.

61. Конрасталық ванналар үшін өлшемдері 1,75 м-ге 1,75 м және тереңдігі 1,2 (1,3) м болатын екі жапсарлас бассейн болуы тиіс. Бір бассейннен екінші бассейнге өту бассейндер арасындағы баспалдақ бойынша жүзеге асырылады.

62. Балшықпен емдеу залы оларға жалғасқан себезгі кабиналары бар жеке кабиналардан және науқастардың шешінуіне арналған екі кабинадан тұруы тиіс. Науқастарға арналған кіретін есік тек шешінуге арналған және себезгі кабинасы арқылы болады.

63. Электрлі балшықпен емдеу емшаралары балшықпен емдеу үй-жайының құрамына кіретін бөлек оқшауланған үй-жайда өткізіледі.

64. Емдеу-жүзу бассейндері суының айнасының өлшемдері бір жүзетін адамға 6 м2 есебінен қабылданады.

65. Денсаулық сақтау объектілерінде үй-жай жиыны мен аудандары осы ережеге
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Похожие:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №670 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Лицензиялау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов