Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік icon

Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік



НазваниеМемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Дата конвертации12.12.2012
Размер87.77 Kb.
ТипКонкурс
источник


Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының

1999 ж. 24 қарашадағы № А-202 бұйрығы

 



Осы Қағида мемлекеттiк органдардағы әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң (бұдан әрi - конкурс) шарттары мен тәртiбiн айқындайды.

1. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi

1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:

1) жасы он сегiзден төмен емес;

2) белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.


2. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:

- жасы он сегiзден төмен емес;

- белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.

- заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;

- заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;

- мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;

- мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

- мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.

3. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейiн мемлекеттiк органға қажеттi құжаттарын тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушы бола алады.

4. Конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген конкурсқа қатысушылар бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлер (бұдан әрi - үмiткерлер) бола алады.

5. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:

1) мемлекеттiк орган өткiзетiн конкурс туралы хабарландыруларды жариялау;

2) конкурс комиссиясын құру;

3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын-ала қарау;

5) үмiткерлердi өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте тестiлеу;

6) үмiткерлермен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

7) конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi.

6. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (тестiлеу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

^ 2. Құжаттарды қабылдау

1. Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш (№ 1 қосымша);

2) кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс);

3) өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета (№ 2 қосымша);

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;

6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;

7) 3х4 үлгідегi 1 фотосурет.

8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ескертпе: осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады.

2. Азаматтар бiлiмiне еңбек тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және мiнездемелерi туралы (бiлiктiлiгiн көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, кепiлдемелер, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қосымша ақпараттарды бере алады.

3. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

4. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың кадр есебi жөнiндегi жеке iс парақтары мен өтiнiштерi және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады (кадр қызметiнде).

3. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау

1. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

2. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына және сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн талдайды.

3. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде олардың тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды сынаққа жiберу туралы шешiм қабылдайды, ол хаттама түрiнде ресiмделiп және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды. Тестiлеуге жiберiлмеген конкурсқа қатысушыларды шешiм қабылданғаннан кейiн конкурс комиссиясы хабарландырады.

4. Тестiлеуге жiберу туралы шешiм әр өткiзiлген конкурс бойынша конкурс комиссиясы бекiткен үмiткерлердiң тiзiмi түрiнде ресiмделедi және өкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне берiледi.


4. Yмiткерлердi тестiлеу

1. Тестiлеудiң мақсаты үмiткердің бiлiмi мен қабiлетiн әдiл бағалау болып табылады.

2. Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі бес жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өтеді.

3. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына байланысты өкiлеттi орган тестiлеудің әр түрлi бағдарламаларын белгілеуi мүмкiн. Құжаттарын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың әр түрлi санаттарына жататын екi немесе одан да көп бос лауазымдарға орналасуға берген және тестiлеуге жiберiлген үмiткерлер тиiстi бағдарламалар бойынша тестiленедi.

4. Үміткердің белгілі бір күрделілік бағдарламасы бойынша (нормативтік құқықтық актілердің саны мен шекаралық мәнінің деңгейі бойынша) тестілеудің оң нәтижелері соңғы тестілеу бағдарламалары бірдей немесе күрделілік деңгейі төмен болған жағдайда басқа санатты бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысуға жарамды болып табылады.

5. Yмiткердiң лауазымның белгілi бiр санаты үшiн белгiленген тестiлеу бойынша тестiлеуiнiң нәтижесi, егер тестiлеудiң бағдарламасы өзгертiлмеген жағдайда, тестiлеуден өткен сәтiнен бастап 1 жыл бойы күшiнде болады.

6. Yмiткердің алдыңғы тестiлеуден соң үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн бiр бағдарлама бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы болады.

7. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi тестiлеудiң нәтижелерiн тестілеуден өткен үміткерлерге және тиiстi мемлекеттiк органның конкурс комиссиясына бередi.

8. Тестiлеуден өткiзу кезiнде лауазымның осы санаты үшiн өкiлеттi орган белгiлеген түпкiлiктi мәннен төмен емес бағалар алған үмiткерлер әңгімелесуге жiберiледi. Тестiлеу нәтижелерi негiзгi мәннен төмен болған үмiткерлер әңгiмелесуге жiберiлмейдi. Бұған қоса, әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесуден өту үшiн шақырылады.

^ 5. Yмiткерлермен әңгiмелесу

1. Әңгiмелесудің мақсаты үмiткерлердiң кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау болып табылады.

2. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны тестілеуден өткеннен кейінгі бес жұмыс күнінің ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

3. Әңгiмелесуден өткен үмiткерлердің құжаттарын конкурс комиссиясы өзiнiң қорытынды мәжiлiсiнде қарайды.


^ 6. Конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi

44. Конкурс комиссиясы қорытынды мәжiлiсiнде әңгімелесу өткiзгеннен кейiн екi жұмыс күннен кеш емес өткiзiлуi тиiс үмiткерлердi берген құжаттары, тестiлеу мен өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос әкiмшiлiк лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi iске асырады.

45. Конкурс комиссиясының шешiмi үмiткер қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

48. Конкурс комиссиясының өкiлеттi органға әңгiмелесуден өткен үмiткерлердi кадр резервiне есепке алуға ұсыныстама жасауға құқығы болады.

52. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен үмiткерлерге конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн 5 күн iшiнде хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005.21.06. № 02-01-02/80 бұйрығымен 52-1-тармақпен толықтырылды

52-1. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң шешімін алған үміткерлердің тізімі конкурс өткізілгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетіндей жерлерге ілінеді.

 

^ Мемлекеттiк қызмет iстерi

жөнiндегі агенттiгiнің

төрағасының

2000 жылғы 25 ақпанындағы

02-1-7/16 бұйрығына

1 қосымша

                __________________________________

(мемлекеттiк орган)

Өтініші

     Мені бос тұрған мынадай _____________________________________________

     ______________________________________________________________________

     _________________________________________ қызмет орнына тағайындалуым

     үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.

     Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс

     өткiзудiң Қағидасының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн

     және орындауға мiндеттеме аламын.

     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

     __________________                          _______________________

          Қолы                                           Аты-жөні

                                                 ___ _____________ 2000 ж.

 




Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк қызмет iстерi

жөнiндегі агенттiгiнің

төрағасының

^ 2000 жылғы 25 ақпанындағы

02-1-7/16 бұйрығына

2 қосымша

АНКЕТА

(Өз қолымен толтырылады)

     1. Тегi_____________________________________________________________

        Аты______________________________________________________________

        Әкесiнiң аты_____________________________________________________

     2. Азаматтығы_______________________________________________________

        Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз______________________________

     3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн____________________

     4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз

        Болған елiңiз____________________________________________________

        Болған уақытыңыз_________________________________________________

        Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз______________________________

     5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген деп

        танылдыңыз ба, қашан және не үшін________________________________

     6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан

        айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн_______________________________

    7. Сіз мынадай:

      1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;

      2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын 

      мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап алушылар, 

      асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек 

      аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, 

      жұбайы немесе зайыбы) болып 

      табыласыз ба ______________________________________.

 



Похожие:

Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iconМемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iconМемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің VIII отырысының
Азақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің I отырысының Күн тәртібі
Бейсембаев А. А. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік басқаруды модернизациялау...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің Х отырысының Күн тәртібі
«Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың «е-қызмет» Біріктірілген ақпараттық жүйесін (баж) құру туралы». (Дәнебеков Оңғарбай Жидебайұлы...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің III отырысының Күн тәртібі
«Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын жетілдірудің негізгі көзқарастары». (Көмекбаев Әли Амантайұлы – Қр мемлекеттік...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iconМемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 10 наурыздағы №357 Жарлығы
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің VI отырысының
«Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы». (Уркумбаев Болат Фазылұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы