Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/13
Дата конвертации12.12.2012
Размер2.29 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13





«Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiліп отырған «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 3 ақпандағы

№ 202 қаулысымен

бекітілген


«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Cанитариялық қағидалар (бұдан әрі – Cанитариялық қағидалар) радиациялық объектілерді жобалау, пайдалануға беру және күтіп-ұстау, радиациялық объектілерді пайдаланудан алу, иондаушы сәулелену көздерімен (жабық және ашық радионуклидтік көздермен, радиоактивті заттармен, радиоизотопты аспаптармен, иондаушы сәуле тудыратын құрылғылармен) жұмыс істеу, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, радионуклидтермен ластанған немесе құрамында бар материалдар мен бұйымдарды қолдану, объектілерге, оның ішінде мұнай-газ кешені мен метал сынығы объектілеріне өндірістік радиациялық бақылауды жүзеге асыру, жеке қорғаныш және жеке гигиена құралдарын қолдану кезінде, медициналық сәулелену кезінде, табиғи сәулелену көздерінің әсер етуі және радиациялық апаттар кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Ұйымның бірінші басшысы осы Cанитариялық қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Осы Cанитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1) белсенділік (бұдан әрі – Б) – нақты уақыт сәтінде нақты энергетикалық жағдайдағы радионуклидтің қандай да бір мөлшерінің радиоактивтік шамасы:



dN – dТ уақыт аралығында болатын, нақты энергетикалық жағдайдан кенеттен ядролық түрге айналудың күтілетін саны. Белсенділік бірлігі Беккерель (бұдан әрі – Бк) болып табылады. Бұрын қолданылған жүйеден тыс белсенділік бірлігі кюри (бұдан әрі - Ки) 3,7x1010 Бк құрайды;

2) ең аз мәнді белсенділік (бұдан әрі – ЕАМБ) – иондаушы сәулеленудің артқан кезінде мемсанэпидқызмет органдары беретін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды талап етілетін ашық немесе жабық иондаушы сәулелену көздерінің белсенділігі. ЕАМБ өлшем бірлігі беккерель (Бк);


3) ең аз мәнді меншікті белсенділік (бұдан әрі - ЕАММБ) – иондаушы сәулелену артқан кезінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары беретін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды талап етілетін үй-жайдағы ашық иондаушы сәулелену көзінің меншікті белсенділігі;

Жабық сәулелену көздері үшін олармен жұмыс істеуге рұқсат алу қажеттілігі туралы шешім ЕАММБ есепке алынбастан, оны ЕАМБ-пен салыстыру жолымен айқындалады. ЕАММБ өлшем бірлігі граммға беккерель БК/г;

4) меншікті (көлемдік) белсенділік – заттағы радионуклидтің А белсенділігінің заттың массасына m (көлеміне V) қатынасы:

 





 


Меншікті белсенділік бірлігі – килограммға беккерель (бұдан әрі – Бк/кг). Көлемдік белсенділік бірлігі – текше метрге беккерель (бұдан әрі - Бк/м3);

5) 222Rn және 220Rn - радон изотоптарының еншілес өнімдерінің эквивалентті тепе-тең көлемдік белсенділігі (бұдан әрі – ЭТКБ) – 218 Po (RaA); 214Pb (RaB); 214Bі (RaC); 212Pb(ThB); 212Bі (ThC) – радон изотоптарының қысқа мерзімдік еншілес өнімдерінің көлемдік белсенділігінің таразыланған жиынтығы, тиісінше:

(ЭТКБ) Rn = 0,10 ARaA + 0,52 ARaB + 0,38 ARaC

(ЭТКБ) Tn = 0,91 AThB + 0,09 AThC,

Аі - радон изотоптарының еншілес өнімдерінің көлемдік белсенділігі;

6) радиоактивті зат – «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтер (бұдан әрі – ГН) мен осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келетін құрамында белсенді радионуклидтер бар кез келген агрегаттық күйдегі зат;

7) араласу – сәулелену ықтималдығын не сәулелену дозасын немесе сәулеленудің қолайсыз салдарларын төмендетуге бағытталған әрекет;

8) сыни топ – сәулелену көзінің барынша көп радиациялық әсеріне ұшырайтын бір немесе бірнеше белгілері (жынысы, жасы, әлеуметтік немесе кәсіптік жағдайлары, тұратын жері, тамақтану рационы) бойынша халық арасынан шыққан адамдардың бір текті тобы (кем дегенде он адам);

9) дезактивация – қандай да бір беттен немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету;

10) сіңірілген доза (бұдан әрі – D) – затқа берілген иондаушы сәулелену энергиясының шамасы:

 


, мұнда:

 de – элементар көлемдегі затқа иондаушы сәулелену арқылы берілген орташа энергия, ал – осы көлемдегі заттың массасы.

Энергия кез келген белгілі бір көлем бойынша орташалануы мүмкін және бұл жағдайда орташа доза көлемге берілген, осы көлемнің массасына бөлінген толық энергияға тең болады. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірліктерде сіңірілген доза килограммға бөлінген джоульмен (Дж/кг-1) өлшенеді және арнайы атауы – грей (бұдан әрі – Гp). Бұрын қолданылған жүйеден тыс бірлік рад 0,01 Гр тең;

11) ағзадағы немесе тіндегі доза (бұдан әрі – DТ) – адам денесінің белгілі бір ағзасындағы немесе тініндегі сіңірілген доза:


мұнда:

mт – ағзаның немесе тіннің массасы, ал D – масса элементіндегі сіңірілген доза dm;

12) эквивалентті доза (бұдан әрі – HT,R) – нақты сәулелену түрі үшін тиісті таразылық коэффициентке көбейтілген ағзадағы немесе тіндегі сіңірілген доза, WR:

, мұнда:

DT,R – ағзадағы немесе тіндегі T орташа сіңірілген доза, ал WR - R сәулелену үшін таразылық коэффициент;

Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген әртүрлі таразылық коэффициенттері бар әртүрлі сәулелену түрлерінің әсер етуі кезінде эквивалентті доза нақты сәулелену түрлері үшін эквивалентті дозалардың жиынтығы ретінде айқындалады:


,

Эквивалентті дозаның бірлігі зиверт (бұдан әрі – Зв) болып табылады;

13) тиімді доза (бұдан әрі – Е) – радио сезімталдықты ескере отырып, адамның бүкіл денесінің және оның жекелеген ағзалары мен тіндерінің сәулеленуінің елеусіз салдарларының пайда болу тәуекелінің өлшемі ретінде қолданылатын шама. Ол осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген ағзалар мен тіндердегі эквивалентті дозаның тиісті таразылық коэффициенттерге көбейтінділерінің жиынтығы болып табылады:


,

Нт - ағзадағы немесе тіндегі T эквивалентті доза, ал Wт - ағза немесе тін T үшін таразылық коэффициент.

Тиімді доза бірлігі – зиверт (Зв);

14) ішкі сәулелену кезінде күтілетін эквивалентті (бұдан әрі – Нт(τ)) немесе тиімді (Е(τ)) доза – организмге радиоактивті заттар түскеннен кейін өткен уақыт τ ішіндегі доза:

 

мұнда:


tо – түсу сәті, ал HT(t) – T ағзада немесе тінде t уақыт сәтіне сәтіне эквивалентті дозаның қуаты.

τ айқындалмаған кезде оны ересектер үшін 50 жасқа тең және балалар үшін 70 жасқа тең деп қабылдау керек;

15) жылдық тиімді (эквивалентті) доза - күнтізбелік жыл ішінде алынған сырттай сәулеленудің тиімді (эквивалентті) дозасының және осы жыл ішінде организмге радионуклидтердің келіп түсуі себебінен болған ішкі сәулеленудің күтілетін тиімді (эквивалентті) дозасының жиынтығы;

16) тиімді ұжымдық доза - сәулеленудің стохастикалық әсері пайда болуының ұжымдық тәуекелінің өлшемі, ол жеке тиімді дозалар жиынтығына тең. Тиімді ұжымдық доза бірлігі - адам-зиверт (бұдан әрі а-Зв);

17) жол берілмейтін доза – сақтану іс-шараларымен жол берілмейтін радиациялық апат салдарынан болжанатын доза;

18) радиоактивтік ластану - радиоактивтік заттардың ГН және осы Санитариялық қағидалардың талаптарымен белгіленген деңгейлерден асатын мөлшерде материалдың үстіңгі бетінде, ішінде, ауада, адамның денесінде немесе басқа жерде болуы;

19) үстіңгі беттің алынбайтын ластануы (бекітілген) – байланыс кезінде басқа заттарға берілмейтін және дезактивация кезінде кетірілмейтін радиоактивті заттар;

20) үстіңгі беттің алынатын ластануы (бекітілмеген) – байланыс кезінде басқа заттарға берілетін және дезактивация кезінде кетірілетін радиоактивті заттар;

21) радиоактивті қалдықтарды көму – радиоактивті қалдықтарды кейіннен оларды шығару ниетінсіз қауіпсіз орналастыру;

22) байқау аймағы – радиациялық бақылау жүргізілетін санитариялық-қорғаныш аймағынан тыс аумақ;

23) радиациялық апат аймағы – радиациялық апат дерегі белгілі болған аумақ;

24) иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі – ИСК немесе сәулелену көзі) – ГН-ның, осы Санитариялық қағидалардың және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін иондаушы сәуле шығаратын немесе иондаушы сәуле шығару мүмкіндігі бар радиоактивті зат немесе құрылғы;

25) жабық сәулелену көзі – бұл құрылғысы оған есептелген қолдану және тозу жағдайларында оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуін болдырмайтын сәулелену көзі;

26) ашық сәулелену көзі – оны пайдалану кезінде оның құрамындағы радионуклидтердің қоршаған ортаға түсуі ықтимал сәулелену көзі;

27) табиғи сәулелену көзі – ГН және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келетін шығу тегі табиғи иондаушы сәулелену көзі;

28) техногендік сәулелену көзі – бұл оны пайдалы қолдану үшін арнайы құрылған немесе осы қызметтің жанама өнімі болып табылатын иондаушы сәулелену көзі;

29) радиациялық объект санаты – ықтимал апат жағдайларында оның халық үшін әлеуетті қауіптілік дәрежесі бойынша объектінің сипаттамасы;

30) квота – нақты техногендік сәулелену көзінен халықтың сәулеленуін шектеу үшін белгіленген доза шегінің бір бөлігі және сәулелену жолдары (сыртқы, сумен, тамақпен және ауамен келіп түсуі);

31) жұмыстар сыныбы – персонал үшін қауіптілік дәрежесі бойынша нуклидтердің радиоуыттылығына және белсенділігіне байланысты радиациялық қауіпсіздік бойынша талаптарды айқындайтын ашық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыстардың сипаттамасы;

32) радиациялық бақылау – ұйымдағы, қоршаған ортадағы радиациялық жағдай туралы және адамдардың сәулелену деңгейлері туралы ақпарат алу (оған дозиметрлік және радиометрлік бақылау кіреді);

33) жұмыс орны – жұмыс уақытының жартысынан артық немесе екі сағат үзіліссіз иондаушы сәулелену әсері жағдайларында өндірістік функцияларды атқару үшін персоналдың тұрақты немесе уақытша болатын орны;

34) доза қуаты – уақыт бірлігі (секунд, минут, сағат) ішіндегі сәулелену дозасы;

35) халық – иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персоналды қоса алғанда барлық адамдар;

36) сәулелену – иондаушы сәулеленудің адамға әсері;

37) апаттық сәулелену – радиациялық апат нәтижесіндегі сәулелену;

38) медициналық сәулелену – медициналық тексеру немесе емдеу кезіндегі пациенттердің сәулеленуі;

39) жоспарланатын көтеріңкі сәулелену – радиациялық апаттың дамуын немесе оның салдарларын ескерту мақсатында белгіленген негізгі дозалар шегінен асатын дозаларда персоналдың жоспарланатын сәулеленуі;

40) әлеуетті сәулелену – радиациялық апат нәтижесінде пайда болуы мүмкін сәулелену;

41) табиғи сәулелену – табиғи сәулелену көздері себепші болған сәулелену;

42) өндірістік сәулелену – жұмыскерлердің өндірістік қызмет барысында барлық техногендік және табиғи иондаушы сәулелену көздерінен сәулеленуі;

43) кәсіптік сәулелену – персоналдың техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде сәулеленуі;

44) техногендік сәулелену – пациенттердің медициналық сәулеленуін қоспағанда, қалыпты, сондай-ақ апат жағдайларындағы техногендік көздерден сәулелену;

45) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу – радиоактивті қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен және (немесе) көмумен байланысты барлық қызмет түрлері;

46) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу – иондаушы сәулелену көздерін дайындаумен, жеткізумен, алумен, иеленумен, сақтаумен, пайдаланумен, берумен, қайта өңдеумен немесе көмумен, импорттаумен, экспорттаумен, тасымалдаумен, техникалық қызмет көрсетумен байланысты қызмет;

47) радиациялық объект – техногендік ИСК-мен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ұйым;

48) радиоактивті қалдықтар – ішіндегі радионуклидтер ГН және осы Санитариялық қағидалардың талаптарымен белгіленген деңгейлерден асатын, одан әрі қолдануға арналмаған, кез келген агрегатты күйдегі заттар;

49) персонал – техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін (А тобы) немесе жұмыс жағдайлары бойынша олардың әсері аясында болатын (Б тобы) адамдар;

50) доза шегі (бұдан әрі – ДШ) – қалыпты жұмыс жағдайларында жоғарыламауы тиіс жылдық тиімді немесе эквивалентті техногендік сәулелену дозасының шамасы. Жылдық доза шегін сақтау детерминацияланған әсерлердің пайда болуының алдын алады, ал бұл ретте стохастикалық әсердің ықтималдығы қолайлы деңгейде сақталады;

51) жылдық түсу шегі (бұдан әрі – ЖТШ) – монофакторлық әсер кезінде шартты адамның жылдық дозаның тиісті шегіне тең күтілетін дозамен сәулеленуіне әкеп соғатын бір жыл ішінде нақты радионуклидтің организмге түсуінің рұқсат етілген деңгейі;

52) радиациялық апат – адамдардың белгіленген нормалардан артық сәулеленуіне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік ластануына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін жабдықтың ақаулығы, жұмыскерлердің (персоналдың) дұрыс емес әрекеттері, стихиялық апаттар немесе өзге де себептерден туындаған иондаушы сәулелену көздерін басқарудан айырылу;

53) халықтың радиациялық қауіпсіздігі – адамдардың қазіргі немесе болашақтағы ұрпағының денсаулығына қауіпті иондаушы сәулелену әсерінен қорғалу жағдайы. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – персонал мен халықтың сәулелену деңгейлерін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, технологиялық, техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

54) ұйымның радиациялық-гигиеналық паспорты – ұйымдағы радиациялық қауіпсіздік жағдайын сипаттайтын және оны жақсарту бойынша ұсыныстар бар құжат;

55) аумақтың радиациялық-гигиеналық паспорты – аумақ халқының радиациялық қауіпсіздік жағдайын сипаттайтын және оны жақсарту бойынша ұсыныстар бар құжат;

56) ИСК-мен жұмыс – радиациялық бақылауды қоса алғанда, кез келген сәулелену көзімен жұмыс орнында жұмыс істеудің барлық түрлері;

57) радиоактивтік заттармен жұмыс – радиациялық бақылауды қоса алғанда кез келген сәулелену көзімен жұмыс орнында жұмыс істеудің кез келген түрі;

58) тәуекел – сәулелену нәтижесінде адамда немесе оның ұрпағында қандай да бір зиянды әсердің пайда болу ықтималдығы;

59) санитариялық өткізгіш – киім, аяқ киім ауыстыруға, персоналды санитариялық өңдеуге, персоналдың тері жабынының, жеке қорғаныш құралдарының, арнайы және жеке киімінің радиоактивтік ластануын бақылауға арналған үй-жайлар кешені;

60) санитариялық шлюз – қосымша жеке қорғаныш құралдарының алдын ала дезактивациялауға және ауыстыруға арналған радиациялық объекті аймақтарының арасындағы үй-жай;

61) жеке қорғаныш құралы – персоналды сыртқы сәулеленуден, радиоактивті заттардың организмнің ішіне түсуінен және тері жабындарының радиоактивтік ластануынан қорғау құралы;

62) араласу деңгейі (бұдан әрі – АД) – созылмалы немесе апаттық сәулелену ахуалдарының пайда болу жағдайларында қорғаныш немесе апаттан кейінгі шаралар қабылданатын, қол жеткізілген кезде жол берілмейтін дозалар шамасы;

63) бақылау деңгейі – қол жеткен радиациялық қауіпсіздік деңгейін бекіту, персонал мен халықтың сәулеленуін, қоршаған ортаның радиоактивтік ластануының одан әрі төмендеуін қамтамасыз ету мақсатында жедел радиациялық бақылау үшін белгіленетін дозаның, доза қуатының, радиоактивтік ластанудың бақыланатын шамасының мәні;

64) иондаушы сәулелену тудыратын құрылғы (көз) – иондаушы сәулелену зарядталған бөлшектер жылдамдығының өзгеруі, олардың аннигиляциясы немесе ядролық реакциясы есебінен туындайтын электрлі-физикалық құрылғы (рентген аппараты, күшейткіш, генератор);

65) детерминацияланған сәулелену әсерлері – иондаушы сәулелену тудырған, оларға қатысты одан төмен болғанда әсер болмайтын, ал одан жоғары болғанда әсердің ауырлығы дозаға байланысты болатын шектің болуы көзделетін, клиникалық айқындалатын зиянды биологиялық әсерлер;

66) стохастикалық сәулелену әсерлері – иондаушы сәулелену тудырған, пайда болуының дозалық шегі жоқ, пайда болу ықтималдығы дозаға барабар және көріну ауырлығы дозаға тәуелді болмайтын зиянды биологиялық әсерлер;

67) табиғи радионуклидтер – уран-238 және торий-232 қатарындағы радиоактивті элементтер;

68) мұнай-газ кешені объектілерінің өндірістік қалдықтары – технологиялық жабдықтарды жөндеу және тазарту барысында алынған тұзды түзілімдер мен шлам, технологиялық жабдықтар мен құрылғылардың тағайындалуы бойынша одан әрі қолдануға жатпайтын элементтері, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының өндірістік қызметі үдерісінде табиғи радионуклидтер жинақталуы мүмкін топырақ және жер;

69) металл сынықтары (түсті және қара металлдар сынығы) – бұл өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан немесе істен шыққан өнімдерден құралған және тек қайта өңдеуге ғана жарамды, құрамында түсті немесе қара металл бар өндіріс және тұтыну қалдықтары;

70) металл сынықтарының партиясы – металл сынықтарының бөлек жиналған мөлшері (бір немесе бірнеше көлік бірліктеріне – платформаға, вагонға, автокөлікке, жүк тиейтін контейнерге тиелген металл сынықтарының мөлшері);

71) жергілікті көз – 10 сантиметр (бұдан әрі – см) қашықтықта сағатына 0,2 артық микрозиверт (бұдан әрі – мкЗв/сағ) гамма-сәулеленудің эквивалентті дозасы қуатын (бұдан әрі – ЭДҚ) құрайтын радиоактивті ластануы бар немесе жергілікті жердің радиациялық табиғи аяда асатын ЭДҚ бар не бетінде бета-бөлшектер ағысының тығыздығы 0,4 Бк/см2 және (немесе) альфа-бөлшектер 0,04 Бк/см2 асатын зат;

72) металл сынықтарының радиоактивті ластануы – радиациялық қауіпсіздіктің гигиеналық нормативтерімен белгіленген мәндерден асатын, ішінде радионуклидтер бар немесе олармен ластанған металл сынығының бөлек фрагменті.

3. Сәулелену көздері міндетті есепке алуға және бақылауға жатады. Радиациялық бақылау мен есепке алудан мыналар:

1) ең жоғары энергиясы 5 кэВ аспайтын иондаушы сәулелену өндіретін электрлі-физикалық құрылғылар;

2) қалыпты іске пайдалану жағдайларында эквивалентті дозаның қуаты аппаратураның үстіңгі бетінен 0,1 метр қашықтықта 1,0 мкЗв/сағ аспайтын иондаушы сәулелену өндіретін басқа да электрлі-физикалық құрылғылар;

3) олар шығаратын сәулелену дозалары ГН-да келтірілген мәндерден аспайтыны туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар, құрамында радионуклидтер бар өнімдер, тауарлар;

4) белсенділігі қолданыстағы ГН-да келтірілген ЕАМБ-дан төмен радиоактивті көздер;

5) дозасының қуаты одан 0,1 м қашықтықта 1,0 мкЗв/сағ аспайтын жабық гамма сәулелену радиоактивті көздері толық босатылады;

6) радиациялық бақылаудан және есепке алудан сәулелену көздері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы органдардың санитариялық–эпидемиологиялық қорытындысы негізінде толығымен босатылады.

4. Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге рұқсат мынадай жағдайларда, егер:

1) осы Санитариялық қағидалардың 3-тармағында санамаланған өнімдер, тауарлар пайдаланылатын болса;

2) жұмыс орнында: радионуклидтің меншікті белсенділігі ЕАММБ-дан кем немесе ашық көздегі радионуклидтің белсенділігі ГН-да келтірілген ЕАМБ-дан кем немесе жекелеген радионуклидтердің белсенділігінің олардың кестелік мәндеріне қатынасының жиынтығы 1-ден кем болса;

3) ұйымда: ашық кезінде радионуклидтердің жалпы белсенділігі ЕАМБ-дан он есеге артық болмаса немесе жекелеген радионуклидтердің белсенділігінің ГН-да келтірілген олардың кестелік мәндеріне қатынасының жиынтығы бірден аспайтын болса;

4) жабық радионуклидтік сәулелену көзінің бетінен 0,1 метр қашықтықтағы кез келген нүктедегі эквивалентті дозаның қуаты аяның жоғарғы жағында 1,0 мкЗв/сағ аспайтын болса, қажет етілмейді.

 

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 47-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №1472 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2135 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №201 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов