Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/35
Дата конвертации12.12.2012
Размер6.23 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35





Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 167 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;

2) «Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;

3) «Түсті металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;

4) «Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 25 қаңтардағы

№ 167 қаулысымен

бекітілген


«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


^ 1. Жалпы ережелер

1. Осы «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) қара металлургия объектілері үшін өндірістік микроклиматқа, жарықтандыруға, медициналық қамтамасыз етуге, сумен жабдықтауға, желдетуге, физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Осы Санитариялық қағидалар коксты химиялық, агломерат және теміркенді шекемтастар, домна, ферроқорыту, болат балқыту, илек, құбыр, метиз, темір ұнтағы, отқа беріктету, екінші реттегі қара металдарды қайта өңдеу, металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу өндірістеріне қолданылады.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) қара металлургия – құрамына темір кендерінен шойын, темір және болат өндіру технологиясы кіретін ауыр өнеркәсіп саласы;

2) ауамен себезгілеу – үй-жайға суық ауаның, газдың, будың, шаңның енуіне жол бермеуге арналған жергілікті желдету.


^ 2. Өндірістік микроклиматқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


3. Кран кабиналарында, басқару орындарында, есептеу машиналары орналасқан залдарда, операторлық типтегі басқа жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ жұмысшылар уақытша демалатын орындарда температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін «Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

4. Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аумағында температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығының рұқсат етілген нормалары осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сақталуы тиіс.

5. Жылытылмайтын өндірістік және қоймалық үй-жайларда жұмыс істейтін адамдар үшін жылынуға арналған үй-жайлар көзделеді.

6. Тұрақты жұмыс орнында жылу сәулесіне шалдығу, ондағы жылу көзін оңтайлы орналастыру есебінен және өндірістік жылу сақтау құралдарын пайдалану арқылы бір шаршы метрге 140 ваттан (бұдан әрі– Вт/м2 ) аспауы тиіс.

Тұрақты жұмыс орындарында 140Вт/м2-ге дейінгі қарқынды жылу сәулесіне шалдығу кезінде, жеке қорғаныш құралдары қолданылуы тиіс, сондай-ақ қосымша:

  1. 140 Вт/м2-ден 350 Вт/м2 -ге дейінгі жылу сәулесіне шалдығу кезінде, тұрақты жұмыс орнындағы ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/с арттырылады;

2) 350 Вт/м2-ден 2800 Вт/м2 -ге дейінгі жылу сәулесіне шалдығу кезінде, осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауа себезгілеу қолданылуы тиіс.

7. 8-тармақ талаптары сақталмаған және ауа себезгілеу болмаған кезде жұмыскерлерді жылу қорғауына алу, олардың жылу сәулесі көздері әсер ететін аумақта болуының шекті уақыты осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес реттеу арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Демалу орындарындағы үзілістер жылдың салқын мезгілі үшін ауаның температурасы 20-23 Цельсий градус (бұдан әрі– 0С), ал жылы мезгілі үшін 21-25 0С аралығында жасалуы тиіс.

8 . 2800 Вт/м2 артық жылу сәулесіне шалдығу кезінде, арнайы костюмсіз және жеке қорғаныш құралдарынсыз жұмыс істеуге жол берілмейді.

9. Пештерде, шөміштерде, регенераторларда жұмыскерлердің қыздырылған агрегаттардың ішіне кіруі арқылы жүргізетін жөндеу жұмыстарына, ондағы ауа температурасы 40оС аспайтын және осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаның талаптары орындалған жағдайда ғана жол беріледі. Бұндай кезде жұмыскерлер арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.


3. Жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


10. Жасанды жарықтандыру шамдарды бірқалыпты немесе жергілікті орналастыру арқылы жалпы жарықтандыру жүйесі бойынша орындалады. Шамдарды жергілікті орналастыру, цехтардағы жабдықтар биік болған кезде, жұмыс орындарының тік жазықтықта орналасуы кезінде, жұмыс орнын жабдықтардың элементтері немесе жұмыскердің денесі көлеңкелейтін жағдайларда қолданылады.

11. Жарықтандыру мөлшері, көздің қарығу көрсеткішінің рұқсат етілген мәні және өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарына арналған пульс беру коэффициенті, цехтар мен учаскелердегі апатты жарықтандыру, жарықтандыру арматурасын ластанудан тазалау мерзімі және қор коэффициентінің мәні осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

12. Көтергіш крандар, кран конструкциясы тудыратын көлеңкені болдырмауды қамтамасыз ететін кран астына жарық түсіруші қыздыру шамдарымен немесе газ сейілткіш жарық көздерімен жабдықталады.

13. Металлургиялық пештер мен агрегаттарды жөндеу кезінде тасымалданатын жарықтандыру қамтамасыз етілуі тиіс.

14. Өндірістік үй-жайларды жалпы жарықтандыру үшін газ сейілткіш жарық көздері қолданылады. Машина залдарын, басқару және өндірістік үдерістерді қадағалау орындарын, диспетчерлік пункттерді жарықтандыру үшін люминесцентті шамдар қолданылады. Адамдар уақытша болатын үй-жайларда, жарылыс қаупі бар және басқа да ауыр жағдайлы ортадағы үй-жайларда жергілікті жарықтандыру қолданылады.

15. Автоматтандырылған технологиялық үдерісті цехтарда жалпы және жергілікті жарықтандыратын қосымша шамдарды қосу көзделеді.

16. Ақ қаңылтыр бетін, тоттанбайтын болаттан жасалған құбырларды бақылаудың жұмыс орындарын жалпы және жергілікті жарықтандыру кезінде сымдарды өңдеу бөлімдерінде көз қарықтыратын шағылысты шектеу шаралары жүзеге асырылады.

17. Жарықтылығын өлшеу және басқа да нормалардың талаптарын тексеру жарық беретін қондырғылар пайдалануға берілгенде және пайдалану кезінде жылына кем дегенде екі рет жүргізіледі.

18. Газ сейілткіш шамдары бар жарықтандыру қондырғылары үшін олардың істен шыққан сынап толтырылған шамдарын сақтауға арналған үй-жай көзделеді.


4. Физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

19. Механизмдер немесе агрегаттар жөнделгеннен және кейбір бөліктері жаңғыртылғаннан немесе ауыстырылғаннан кейін, жұмыс орындарында және қол машиналарында жылына кем дегенде бір рет шу мен діріл деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Шу мен дірілді бақылау машиналардың жұмыс істеу режимі кезінде жүргізіледі.

20. Жұмыс орындарындағы шу мен діріл және дыбыстық қысым деңгейлері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін «Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

21. Механикаландырылған қол құрал-сайманымен өңделетін бұйымдар қосымша дірілді болдырмайтындай етіп бекітіледі және қойылады.

22. Технологиялық үдерістің негізгі элементі діріл болып табылатын жабдықтармен (діріл арқылы тығыздау және басқа) жұмыс істеу кезінде жұмыскерлердің дірілдейтін беттерде тұруына жол берілмейді.

23. Дірілден қорғау үшін оның жабық жерлерде орнатылған жабдықтардан таралу жолдарына дірілден оқшаулау тіректері қойылады, машинамен жұмыс істеу алаңдарының акустикалық әсерін азайту көзделеді.

24. Радиоактивті заттармен және басқа да иондаушы сәуле көздерімен жұмыс жүргізу және оны ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін гигиеналық нормативтің талаптарына сәйкес радиациялық қауіпсіздік нормалары басшылыққа алынуы тиіс.




^ 5. Медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


25. Жұмыс беруші жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жұмыс берушінің есебінен жұмыскерлерді сүтпен, және емдеу-профилактикалық тағамымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныш және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібіне және нормаларына сәйкес арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс.

Арнайы киімді және арнайы аяқ киімді жуу, жөндеу және залалсыздандыру жұмыстары бір орталықтан жүргізілуі тиіс. Өндірістен арнайы киімді алып шығуға және оны үй жағдайында жууға жол берілмейді.

26. Өндірістік учаскелер алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер жиыны бар дәрі қобдишасымен қамтамасыз етіледі.

Барлық жұмысшылар және инженерлік-техникалық қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін оқып-үйренулері тиіс.


^ 6. Коксты химия өндірісі жабдықтарын пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

27. Химиялық өнімдерге арналған сыйымдылықтар мен аппараттардың автоматтандырылған деңгей өлшеуіштері болуы тиіс.

28. Шайырды, пекті, бензолды және басқа да өнімдерді айдау үшін сальниксіз сорғылар қолданылады. Басқа типтегі сорғыларды қолдану кезінде сальниктерді жөндеу жұмыстарын жүргізудің ыңғайлылығын қамтамасыз ететін алмалы-салмалы жаппасы және жергілікті сорғысы болуы тиіс.

29. Жабдықтардан шайыр фракциясы, пек, бензол және басқа да химиялық өнімдер сынамаларын іріктеп алу, жұмыс аймағына зиянды заттардың бөлінуін болдырмайтын тәсілдерімен жүргізіледі. Сынамаларды іріктеп алуға арналған крандар жергілікті сорғылармен жабдықталады, сынамаларға арналған сыйымдылықтар тұмшаланған болуы тиіс.

30. Кристаллизаторлар, центрифугалар, ваккумды-сүзгілер, барабанды салқындатқыштар, сұйық нафталинді құюға арналған конвейерлер жергілікті сорғысы бар жаппалармен жабдықталады.

31. Өндірісте мынадай үдерістерді механикаландыру көзделеді:

1) сыйымдылықтар мен аппараттарды тазалау операциялары;

2) фустарды шаю және ұстау;

3) шихта және кокс шашындыларын жинау, пештерді үрлеу, люктерді, тіреуіштерді тазалау, пештердің, есіктердің басқа да жабдықтардың жақтауларын тазалау;

4) әктерді түсіру, әк сүтін дайындау, әк тұндырғыштарынан шламды алып тастау, фусты шығару;

5) радонды аммоний және натрий цехтарында сусымалы өнімдерді тасымалдау, сыйымдылықтарға, кристаллизаторларға тиеу, дайын өнімдерді қаптап, ыдысқа салу;

6) коксты газды күкірт сутегінен тазалау цехтарында күшәла тектес ангидридті қоймадан тасымалдау және оны еріткіштер салынған сыйымдылыққа тиеу;

7) тұндырғыштардағы және ашық реңдеушілердегі тұнбаны кетіру және өндіріске кері қайтару;

8) кристалды нафталин цехында – жинау, ұнтақтау операцияларын және сығымдалған нафталинді балқытуға салу, кристалды нафталинді теміржол вагондарына тиеу, нафталин брикеттерін құю машиналарымен қоймаға жіберу және барабанды салқындатқыштардан нафталин салынған қапшықтарды тасымалдау;

9) кумаронды шайырды құю, салқындату, ыдыстарға салу операциялары;

10) суды биохимиялық тазалау цехтарында - ортофосфорлық қышқылды аэротенктерге беру.

32. Сыйымдылықтардың ауа жолынан және аппараттардан бөлінетін бу мен аэрозоль ұсталуы және технологиялық үдеріске кері қайтарылуы тиіс.

33. Ұнтақтау және араластыру агрегаттары мен көмір тиейтін орындардың үсті жабулы және жергілікті сору желдеткішімен жабдықталуы тиіс.

34. Өндірісте мынадай үдерістерді автоматтандыру көзделеді:

1) шайырлы суды май бөлгіштен шайқап шығарып, шайыр жинағышқа құю;

2) көмірді кокстеуге (ұсақтау, елеу, араластыру, шихтаны тасымалдау) дайындау операциялары;

3) инертті газдардың көмегімен коксты құрғақ сөндіру.

35. Көмірлі шихтаны және сұйық пекті кокстеуге арналған пеш камераларына тиеу автоматтандырылады және түтінсіз тәсілмен жүргізіледі.

36. Көмір мұнаралары және тиеу вагондары шихтаның салмағы мен көлемін көрсететін тіркеуші аспаптармен жабдықталуы тиіс.

37. Көмір мұнараларының және тиеу вагондарының бункерлері механикалық опыру жүйелерімен жабдықталады.

38. Кокс батареяларындағы көмір тиейтін және есік ашатын машиналар қашықтықтан басқарылады.

39. Бу немесе су беретін инжекторлар пешті толтыру алдында іске қосылады, планирлеу аяқталғанда және планирлеу люгі жабылған кезде сөндіріледі.

40. Көмір тиейтін вагондардың телескопиялық ағындары тиеу кезінде көмір тиелетін люктермен саңылаусыз қиюласуы тиіс.

41. Тиеу люктері, плацир және пеш есіктері, газдарды жинағыштың қақпақтары барынша тығыздалады.

42. Кокс және пекококс батареяларының газ бұру тіреушелері механикаландырылған бекіту-ашу және тазалау құралдарымен жабдықталады.

43. Кокс және пекококс батареяларының пеш камерасынан коксты шығару кезінде шаң-тозаңның бөлінуін болдырмайтын жабдықтары болуы тиіс.

44. Коксты сөндіру коксты құрғақ түрде сөндіру қондырғыларында немесе тазаланған сумен сөндіру арқылы жүзеге асырылады. Коксты фенолды сумен сөндіруге жол берілмейді.

45. Шихтаны қыздыру пешіне тиеуді және пішінделген коксты түсіруді, кокс газының қысымын және басқа да технологиялық параметрлерді бақылау автоматты түрде қашықтықтан басқару арқылы жүргізіледі.

46. Күкірт суспензиясын сүзуге арналған ваккумды-сүзгінің, күкірт пастасы бункерінің, күкірт қабылдағыштар мен оны сақтайтын сыйымдылықтардың, конденсант жинағыштар мен тұндырғыштардың, шайыр фракцияларын кристалдайтын орындардың жаппасы және жергілікті сорғылары болуы тиіс.

47. Шайырларды қайта өңдейтін, бастапқы шайырды және оның фракцияларын тасымалдайтын, сондай-ақ химиялық өнімдерді тиейтін, түсіретін цехтар жұмысы ауаға шаң-тозаң және зиянды заттардың бөлінуін болдырмайтын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

48. Антрацен фракцияларын жону үздіксіз тәсілмен автоматтандырылған центрифугаларда жүргізіледі.

49. Автоматтандырылған центрифугалар, сұйық нафталинді қалыпқа құюға арналған конвейерлер және барабанды салқындатқыштар жабулы және жергілікті сорғыш желдеткіштермен жабдықталуы тиіс.

50. Шайыр фракцияларын жуу үздіксіз жұмыс істейтін жабық аппараттарда жүргізіледі.

51. Антраценді байыту цехтарының техникалық антраценді түсіру учаскелерінде, оларды балқытқышы бар резервуарларға жіберетін, сондай-ақ құрғатып, дайын өнім ретінде қаптайтын орындарда жаппа және жергілікті сорғыштар көзделеді.

52. Фтал ангидриді цехтарында негізгі аппараттар мен жабдықтар ашық алаңдарда немесе цех сөрелерінде орналастырылуы тиіс.

53. Инден-кумаронды шайыр цехтарында судан құрғату, полимерлеу және полимерлік шайырларды бейтараптандыру аппараттарының ағызу тарелкалары жергілікті сорғылармен жабдықталуы тиіс.

54. Хлорлы алюминий оқшауланған бөлмеде металдан жасалған, тығыз жабылатын қақпағы бар барабандарда сақталады.

55. Хлорлы алюминийді полимеризаторларға тасымалдау механикаландырылған тәсілдермен жүргізіледі, ал тиелетін орын жергілікті сору желдеткішімен жабдықталады.

56. Көмір дайындайтын үй-жайларды, кокс цехтарын, кокс сорттайтын орындарды, химиялық цехтарды, машиналар мен жабдықтарды жинау механикалық тәсілмен және бір орталықтан сумен шаю немесе вакуумды сорғыш құралдарының көмегімен жүргізіледі. Шаңды сығылған ауаның көмегімен үрлеп тазалауға жол берілмейді.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35



Похожие:

Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №13 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 ақапандағы №183 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1341 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов