«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



Название«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/3
Дата конвертации12.12.2012
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3




«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 94 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 17 қаңтардағы № 94

қаулысымен бекітілген


«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын

санитариялық - эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары


 1. Негізгі ережелер

 

1. Осы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) коммуналдық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, су бұру жолдарына, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге қолданылады.

3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) коммуналдық мақсаттағы объектілер (бұдан әрі – объектілер) – бұл әлеуметтік мақсаттағы, тұрмыстық қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсететін объектілер: қонақүйлер, жатақханалар, моншалар, сауналар, жүзу бассейндері, кір жуу орындары, химиялық тазарту (бұдан әрі - химтазарту), шаштараз және косметикалық қызметтер, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, ауыз қуысы гигиенасының құралдарын өндіру, өткізу және сақтау объектілері, сондай-ақ зираттар және жерлеу мақсатындағы объектілер;

2) парфюмерлік-косметикалық өнім (бұдан әрі – ПКӨ) – адамның сыртқы денесіне немесе тісіне және ауыз қуысының шырышты қабығына олардың сыртқы түрін өзгерту, жағымды иістендіру немесе оларды тазалау, күту мақсатында тікелей жағуға арналған заттар немесе заттар қоспасы;

3) ауыз қуысы гигиенасы құралдары (бұдан әрі – АҚГҚ) – тазалау, иіс кетіру және профилактика мақсатында тіспен және ауыз қуысының шырышты қабығымен жанастыруға арналған құралдар;

4) зират – мәйіттерді жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

5) зираттық кезең – мәйіттердің минералдану үдерістері аяқталатын уақыт;

6) мәйіт сүйегі – мәйіттің шірімеген қалдығы;

7) көму (жерлеу) – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, қайтыс болған адамның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (мәйіт сүйегін) жерге (зиратқа, сағанаға) жерлеу немесе отқа жағу (кремациялау) арқылы сүйегі (күлі) бар урнаны зиратқа, сағанаға жерлеуді ғұрып бойынша рәсімдеу әрекеті;

8) жерлеу бюросы, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер - азалы рәсімдер жүргізу үшін тауарларды өткізу жөніндегі қызмет көрсету объектілері.


^ 2. Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

4. Орналастыруға және құрылысқа жер учаскелерін бөлуге және беруге, сондай-ақ құрылыс үшін жобалау құжаттамасын қарауға аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жол беріледі.

5. Объектілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағы болуы тиіс.

6. Объектінің аумағы қоршалады, абаттандырылады, көгалдандырылады, жарықтандырылады және тазалықта күтіп-ұсталады. Аумақты жинау күн сайын жүргізіледі, адамдар жүретін немесе көліктер қозғалатын орындарға жылдың жылы кезеңінде су себіледі, қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады.

Зираттардың аумағын қоспағанда, көлікпен кіру жолдары мен жаяу жүретін сүрлеулердің атмосфералық жауын-шашындарды суағарларға бұратын қатты жабыны болуы тиіс.

7. Жобалау кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер) үшін құрылғылар көзделеді. 

8. Объектілердің ғимараттары жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, желдету, ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

Ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті санитариялық қағидаларға сәйкес судың берілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Су бұру жүйелері сарқынды судың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етуі тиіс. Санитариялық-техникалық желілер, құрылғылар және аспаптар жарамды күйде болуы тиіс.

9. Кәрізделмеген аудандарда ауладағы дәретханалар ғимараттан 25 метрден (бұдан әрі – м) алыс қашықтықта су өтпейтін шұңқырымен қоса орналастырылады. Қазылған шұңқырлар, септиктер көлемінің кемінде үштен екі бөлігі толған соң, дер кезінде тазаланып, дезинфекцияланады. Жергілікті тазарту құрылғылары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес жабдықталады.

10. Табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейлері, сондай-ақ жұмыс орындарының ауасындағы зиянды заттар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес келуі тиіс.

11. Адамдар тұрақты болатын үй-жайларда табиғи желдету және табиғи жарықтандыру болуы тиіс. Үй-жайларды және баспалдақ алаңдарын желдету ашылатын терезе және есік ойықтары арқылы, табиғи жарықтандыру терезе ойықтары арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарықтандырылуы тиіс.

Жарықтандыру аспаптары ластанудан дер кезінде тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Шырақтар қорғаныш плафондарымен тұмшаланып жабылады.

12. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес артық шу, діріл, ультракүлгін, инфрақызыл, электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын жабдықтарды пайдалануға тыйым салынады.

13. Үй-жайларды тікелей функционалдық мақсатынан тыс пайдалануға тыйым салынады.

14. Объектілердің барлық үй-жайларында жуу, тазарту құралдарын қолдана отырып күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, 7 күн сайын бір реттен сиретпей күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған, арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады. Дәретханаларға арналған жинау мүкәммалы басқа жинау мүкәммалынан бөлек сақталады.

15. Пайдаланылған төсек жабдықтары мен жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе ыстық және суық су келтірілген, бөлінген үй-жай, арнайы жабдық болған жағдайда тікелей объектілерде жүргізіледі. Жеке кір жуатын орынды жабдықтаған жағдайда, кір және таза заттардың қарсы ағымы мен қиылысуына жол бермейтін, жуу технологиялық үдерісінің тізбектілігі (ағындылығы) көзделеді.

16. Дезинфекциялау ерітінділері заттың атауы, ерітіндінің қоюлануы мен дайындау мерзімі көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақталады. Дайындалған дезинфекциялау ерітінділері дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгіленген шоғырлануға сәйкес болуы тиіс.

17. Дератизациялау және дезинсекциялау бойынша іс-шараларды осы қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар жүргізеді. Дератизациялау және дезинсекциялауды жүргізу мерзімі, қолданылатын құралдардың атауы мен мөлшері объектілердің есепке алу құжаттамасында тіркеледі.

18. Объектілерде жұмыскерлерге арналған демалу және ас ішу бөлмелері (орындар), жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтауға арналған жағдайлар, себезгі бөлмесі мен дәретхана болуы тиіс.

19. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар қол жууға арналған раковиналармен жабдықталады.

20. Ғимаратқа кіре берісте қоқысқа арналған урналар орнатылады.

21. Қоқыс жинау үшін үш жағынан қоршалған, қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады. Қоршаудың биіктігі орнатылған контейнердің биіктігінен аласа болмауы тиіс. Алаң ғимараттардан, балаларға арналған ойын алаңдарынан, демалу және спортпен айналысу орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырылады.

22. Үй-жайларды, аумақты жинаумен айналысатын жұмыскерлер жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіледі және жұмыс киімімен жұмыс істеуге міндетті.

23. Объект басшылығы декреттелген топтың жұмысқа орналасу алдында алдын ала және мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқудан өтулерін қамтамасыз етуге міндетті. Жұмысқа жіберілгені туралы белгі қойылған жеке медициналық кітапшалар жұмыс орындарында сақталады.

24. Жұмыс орны болып табылатын үй-жайларда темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге тыйым салынатындығы туралы белгі орнатылуы тиіс.


3. Қонақүйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

25. Қонақүйлер бөлек тұрған ғимараттарда орналастырылады немесе көп функциялы ғимараттар және жеке кіретін есігі бар өзге мақсаттағы ғимараттар құрамына енуі мүмкін.

26. Көп функциялы ғимараттар құрамындағы қонақүйлерді жобалау кезінде және қонақүйлердің үй-жайлары басқа да ұйымдармен біріктірілген жағдайда, қонақүйлер жоспарлы түрде бөлектенеді, оқшауланады және жеке кіру есіктерімен қамтамасыз етіледі.

27. Қонақүйлердің тұрғын үй-жайларын жертөле және цокольді қабаттарда орналастыруға тыйым салынады.

28. Үш және одан көп қабатты қонақүйлер ғимараттарында қоқыс салғыш құбырлар жобаланады. Қоқыс салғыш құбырлардың өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа және дыбыс өтпейтіндей оқшаулануы тиіс және адамдар тұрақты тұратын тұрғын және қызмет үй-жайларына жапсарлас салынбауы тиіс. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелер астына немесе олармен аралас және үнемі адамдар болатын үй-жайлар астына орналастыруға тыйым салынады.

29. Нөмірлерде санитариялық торап, киім ілетін орындар көзделеді. Тұру алаңы бір тұрғынға шаққанда 6 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) кем болмауы тиіс.

30. Тұрғын үй-жайлардың шудан оқшаулануын сақтаған жағдайда қонақүйлердің тұрғын қабаттарында қоғамдық тамақтану үй-жайларын (барлар, кафелер, буфеттер) орналастыруға жол беріледі.

31. Қонақүйлердің барлық нөмірлері мен баспалдақ алаңдары табиғи және жасанды жарықтандырылуы тиіс. Жарықтандырылу нормативі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

32. Қонақүйлер ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған жағдайда сору-сыртқа тарату желдеткіші болуы тиіс.

33. Қонақүйлердің дәретханалары жуынатын раковиналармен, қол сүртуге арналған электр сүлгімен немесе жеке сүлгілерімен, жуғыш құралмен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитаз тазалау үшін сыйымдылыққа салынған щеткамен, қоқысқа арналған себетпен жабдықталады.

34. Қонақүйлердің нөмірлері мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдары шаңнан тазартылады, жұмсақ жиһаздар шаңсорғышпен немесе арнайы щеткамен тазартылады.

Қонақүй нөмірінің дәретханаларын жинау жұмыстары нөмірдің барлық басқа аймақтарын жинау аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

35. Нөмірлер мен ортақ пайдалану орындарын күрделі жинау кемінде айына бір рет жүргізіледі.

36. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары дезинфекциялау ерітіндісімен күн сайын өңделеді.

Қонақүй дәретханасының унитаздары және писсуаралары ыстық сумен шайылып, дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетка (ерш) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жуылады.

37. Қонақүй жұмыскерлері арнайы киімнің кемінде 2 жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

38. Қонақүйде тұратындар үшін бір орынға кемінде төрт төсек жабдығының жиынтығы көзделеді. Қонақүйлердегі төсек жабдықтары мен сүлгілерді ауыстыру күн сайын жүргізіледі. Тұрған қонақтар кеткеннен кейін нөмірде ылғалды жинау жүргізіледі.

39. Әрбір бөлме жинаушы таза және пайдаланылған төсек жабдықтарын, нөмірлерді жинау құралдарын тасымалдауға арналған арбалармен, қоқыс жинауға арналған, бір рет қолданылатын полиэтилен пакеттермен қамтамасыз етіледі.

Арбаларды жабдықтау жеке үй-жайда жүргізіледі, пайдаланылған төсек жабдықтары пакеттерге және қаптарға жиналады. Таза төсек жабдықтары ашық күйде тасымалдауға жол берілмейді.


^ 4. Жатақханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

  

40. Жатақханаларды жобалау және салу кезінде дәлізді жүйедегі тұрғын бөлмелер 10 бөлмеден аспайтын және пәтерлі жүйедегі 3 бөлмеден аспайтын блоктарға топталады. Әр блокта бірнеше блокқа ортақ болуы мүмкін ас үйі мен санитариялық торап, себезгі бөлмелері көзделеді.

41. Отбасылық үлгідегі жатақханаларда балалардың ойын бөлмелері жобаланады.

42. Жатақхана ғимараттарында:

1) тұрғын бөлмелердің үстіңгі қабаттарында және оларға тікелей жапсарлас санитариялық тораптар, қол жуғыштар, себезгі бөлмелерін орналастыруға;

2) тұрғын үй-жайлар астында қоқыс камерасын орналастыруға;

3) қоқыс салғыш құбырлар мен электр қалқандарын тұрғын бөлмелерге жанастыруға;

4) санитариялық-техникалық аспаптарды тұрғын бөлмелердің қоршау қабырғаларына тікелей бекітуге тыйым салынады.

43. Жатақханалардың тұрғын бөлмелерінің алаңы бір адамға шаққанда 6,0 м2 кем болмауы тиіс.

44. Көп қабатты жатақханалардағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, атап айтқанда дәретханалар, қол жуатын бөлмелер, кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, ортақ ас үйлер, жинау мүкәммалын сақтауға арналған үй-жайлар (орын) әр қабатта болуы тиіс.

45. Медициналық пункт үй-жайлары 1-қабатта орналастырылады, мәдени-көпшілік іс-шараларға, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар 1 немесе 2-қабаттарда тұрғын үй-жайлардан оқшау орналастырылады.

46. Кір жуу бөлмелері дәлізден шлюз арқылы бөлектенеді, суық су мен ыстық су жүргізілген ванналармен, ылғалға төзімді жабыны бар орындықтармен немесе үстелдермен, стеллаждармен, легендермен; кір және киім кептіруге арналған үй-жайлар кірді кептіруге және үтіктеуге арналған құрылғылармен жабдықталады.

47. Ас үйлер плиталармен, жуу ұяшығымен, үстелдермен жабдықталады.

48. Кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар механикалық сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

49. Объектілер үй-жайларындағы салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының жылдамдығы, температурасы мен ауа алмасу жиілігінің параметрлері осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.

50. Жатақханалардың барлық тұрғын үй-жайлары, сондай-ақ ортақ дәліздері мен холлдары табиғи жарықтандырылуы тиіс. Санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, қоймалар мен адамдар аз уақыт болатын басқа да қосалқы үй-жайларды табиғи жарықсыз орналастыруға жол беріледі.

51. Терезе әйнектері таза күтіп-ұсталады, ластануына байланысты тазартылады.

52. Жатақханалардың үй-жайларында қоқысқа арналған урналар, ас үйлерде тағам қалдықтарына арналған қақпағы тығыз жабылатын, толуына байланысты тазартылатын сыйымдылықтар қойылады.

Ортақ қолданылатын үй-жайлар мен дәліздерге қоқыс шығаруға және қалдықтар салынған сыйымдылықтарды сақтауға жол берілмейді.

53. Жұмсақ мүкәммал (матрацтар, көрпелер, жастықтар) эпидемиялық айғақтары бойынша дезинфекцияланады.

Матрацтардың ластануына қарай жуылатын ауыстырмалы сыртқы тысы болуы тиіс. Төсек жабдықтары ластануына қарай, бірақ 7 күн сайын кемінде бір рет ауыстырылады.

54. Төсек жабдықтарының қосымша жиынтығы (матрацтардың тыстары, жастықтар, көрпелер) бөлек шкафтарда (стеллаждарда) сақталады.


  

^ 5. Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

55. Моншалар мен сауналар жеке тұрған ғимараттарда немесе жеке кіретін есігі болған жағдайда кір жуу орнымен бір ғимаратта, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады. Монша мен сауналарды тұрғын ғимараттарда орналастырған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.

56. Монша және сауна үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, шешіну-киіну бөлмесі, санитариялық тораптар, жуынып-шайыну және себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар кіреді.

57. Моншаларда шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын орналастыруға жол беріледі.

58. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылыту көздерін жайғастыруға жол беріледі. Сыйымдылығы 200 және одан да көп орындық моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.

59. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.

60. Терезе ойықтарында ашылатын фрамугалар немесе желкөздер көзделеді.

61. Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жартылай қатты және қатты жиһаздар, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер қолданылады. Ағаш траптарды пайдалануға тыйым салынады.

62. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады.

63. Моншалар мен сауналарда қолданылатын заттар (ақжаймалар, сүлгілер) таза, құрғақ және жеке пайдалануға арналуы тиіс.

64. Моншалар мен сауналардың барлық үй-жайларында тазалық үнемі сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмейді.

65. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарын өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге салынып беріледі.

66. Жуыну бөлімшелеріндегі легендерді, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартушы заттар, щеткалар мен шүберектер болуы тиіс. Легендер, ванналар дезинфекцияланады және сумен шайылады.

67. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, үй-жайларды, мүкәммалды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау жүргізіледі.

68. Моншалар мен сауналардың, бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.

69. Монша мен сауналардың жуынып-шайыну және себезгі бөлмелерінде кір жууға және кір кептіруге тыйым салынады.


^ 6. Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

70. Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, қоғамдық ғимараттарға жапсарластыра салынған (ішіне салынған) үй-жайларда орналастырылады. Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.

71. Аквапарктер тұрғын, саябақтық немесе рекреациялық аймақтың шет орналасқан аумағында орналастырылады.

72. Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет кіреді.

73. Бассейн үй-жайлары ішін жоспарлау келушілердің тізбектік (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс.

74. Бассейн ванналарының көлемі бассейнге келуші ересектер үшін бір адамға шаққанда кемінде 5 м2, балалар үшін кемінде 4м2 болуы тиіс.

75. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.

76. Айналма жолдар, бассейн ваннасының қабырғалары мен түбі су өтпейтін материалдардан жасалынады, ванна зал құрылысының ішкі беті ылғалға төзімді материалдардан жасалады. Айналма жолдардың үстіңгі, бассейн ваннасының түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін көздеуі, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болуы тиіс.

77. Себезгіден бассейн ваннасына дейінгі жүретін жолда ағынды сулы аяқ ваннасы орналастырылады, олардың көлемі айналып өту мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту жолына тікелей шығатын жағдайда аяқ ваннасының болмауына жол беріледі.

78. Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма жолына баратын бағытта орналасуы тиіс, кабиналармен, жеке араластырғыштармен, ыстық және суық су желісімен, гигиена заттарына, сүлгілер мен жөкелер арналған құрылғылармен жабдықталады.

79. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі.

80. Теңіз суы толтырылатын бассейндер үшін су алу орнын таңдау, нөсерлі жаңбыр суынан және сарқынды судан, өзендерден, порттардан, айлақтар мен жағажайлардан шығатын ластанған су көздерінің әсерінен тыс жердегі теңіз учаскесінің санитариялық жағдайы және судың сапасы ескеріле отырып жүргізіледі.

81. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, 7 күнде кемінде бір рет судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. Теңіз суы толтырылатын бассейндерде рециркуляциялық жүйені пайдалануға жол берілмейді.

Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын бассейндерде (ванна көлемі 70 м аспаса) судың толассыз ағысы қолданылады.

82. Рециркуляциялық ауыстыру жағдайында бассейн жұмысының әрбір 8 сағат сайын кемінде 10 пайыз (бұдан әрі - %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады.

83. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары бассейннің тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір ваннаның реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесі болуы тиіс.

84. Ванналарға жіберілетін су зарарсыздандырылуы (хлорлануы, бромдалуы, озондалуы, ультракүлгін сәулесімен сәулеленуі) тиіс.

85. Суы үздіксіз ағатын бассейндерде зарарсыздандырудың физикалық әдісі (ультракүлгін сәулемен сәулелендіру) қолданылады.

86. Ванналар оған жұмсалатын, рециркуляция жүйесіне түсетін, қосылатын таза су шығындарын есептеуші өлшеуіштермен, зерттеу үшін су сынамасын алуға арналған шүмектермен жабдықталады.

87. Ванна түбі су бұру желісінен төмен орналасқан жағдайда ваннаны босату сорғының көмегімен жүзеге асырылады.

88. Су бұру жүйесінен ванналарға су ағынының кері ағып келуіне жол берілмейді. 

89. Жылумен қамтамасыз ету, ауаны желдету және баптау жүйелері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген жүзу бассейндері үй-жайларындағы микроклимат пен ауа ортасы параметрлерін қамтамасыз етуі тиіс.

90. Бассейн ванналарының залдары, дайындық сабақтарына арналған залдар, хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің жеке жүйелерімен жабдықталады.

91. Ауадағы жүзушілердің тыныс алу аймағындағы бос хлор шоғырлануы бір текше метрге 0,1 миллиграммнан (бұдан әрі - мг/м3), озон - 0,16 мг/м3 аспауы тиіс.

92. Ваннасы бар бассейн залы табиғи жарықтандырылады. Жарық ойықтарының көлемі су үсті көлемін қоса алғандағы бассейн үй-жайлары көлемінің 20 %-нан кем болмауы тиіс. Жарық ойықтарының басым бөлігі фрамугалармен немесе желкөздермен жабдықталады.

93. Су бетінің неғұрлым аз жарықтандырылуы 100 люкс (бұдан әрі - лк), суға секіру бассейндерінде - 150 лк., су добы үшін 200 лк. болуы тиіс. Барлық бассейндерде іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделуі тиіс. 

94. Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру, суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-техникалық күйіне, зертханалық бақылау нәтижелеріне және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының ұйғарымдарына (қаулыларына) байланысты жүргізіледі.

95. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары болғанда қолданылады.

96. Маусымдық бассейндерде су құбырынан келетін су болмаған жағдайда жер үсті немесе жер асты көздерінің суын, оны күн сайын ауыстырып отырған жағдайда, қолдануға жол беріледі.

97. Ванна суды ауыстырып құятын науалардың ернеуіне дейін толтырылады, ол толық толтырылмаған жағдайда қолдануға тыйым салынады.

98. Залда шу деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі - дБА) аспауы керек, сабақтар өткізу және жарыстар уақытында тиісінше 82 дБА және 110 дБА-ға дейін.

99. Әрбір жүзу сабағы өтер алдында ваннасы бар зал мен шешіну-киіну орындарындағы температура мен салыстырмалы ауа ылғалдылығы, бассейн суының температурасы мен ванна суындағы дезинфекциялау құралдарының қалдық шоғырлануы көрсеткіштеріне бақылау жүргізіледі.

100. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.

101. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын дезинфекциялау 7 күнде бір реттен сиретпей жүргізіледі.

102. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын зарарсыздандыру кезінде судың 1 адамға шаққандағы шығыны:

1) суды хлорлау және бромдау кезінде – сағатына 2 текше метрден (бұдан әрі - м3/с) кем емес;

2) суды ультракүлгін сәулемен өңдегенде –1,8 м3/с кем емес;

3) суды озондағанда – 1,6 м3/с кем емес болуы тиіс.

103. Бассейннің ағынды үлгідегі ваннасындағы бір сағаттық су шығыны жүзуге үйрету ваннасының көлемінің кемінде 20–25 %-ын, қалған жағдайда ванна көлемінің кемінде 15%-ын құрауы тиіс.

104. Бассейнді пайдалану үзілісі ұзақ болған кезде (6 және одан ұзақ уақыт) бассейн ванналарының суындағы дезинфекциялау құралдары бос хлордың қалдық шоғырлануынан текше дециметрге 1,5 миллиграммнан (бұдан әрі - мг/дм3)) аспауы тиіс.

105. Бассейнге келуші адамдарды қабылдауды бастар алдында бассейндегі судың сапа көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген деңгейлерден аспауы тиіс.

Суды ас тұзы электролизімен алынатын натрий гипохлоритімен зарарсыздандырған кезде бассейн ваннасындағы хлоридтердің 700 мг/дм3  дейінгі құрамына жол беріледі.

106. Бассейннің үй-жайлары мен ванналарын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, қажет болған жағдайда, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды және басқаларды дезинфекциялау жүзеге асырылады.

107. Бассейндердің үй-жайлары мен ванналарды күрделі жинау айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.

108. Бассейнде жүзумен айналысатын тұлғалардың шомылатын киімі (плавки, купальник), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киімі, сүлгісі, денесін жууға арналған жуғыш заттары, губкасы (жөкесі), резеңке бас киімі (бассейн ванналарының суын шашпен ластауға жол бермес үшін) болуы тиіс, бассейн залына шығар алдында жуынуға арналған заттарды қолдану арқылы жуып-шайынуы тиіс (шомылуға арналған киімсіз).

Жүзумен айналысатын адамдардың гигиена қағидаларын сақтауын бассейн әкімшілігі және медициналық қызметкер бақылайды.

109. Бассейн суының сапасын өндірістік зертханалық бақылауды осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерін анықтау және сынама алу жиілігімен бассейннің өндірістік зертханасы немесе өзге акредиттелген зертхана жүргізеді.

110. Су сынамалары екі нүктеден - бассейн ванналарының судың бетінен 25-30 см терең және тайыз тереңдіктегі бөлігінен алынады.

111. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібімен жүргізілген талдаулардың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына 24 сағат ішінде міндетті түрде ақпарат жіберіледі, қажет болған жағдайда қайталап қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер, күрделі жинау жүргізіледі немесе бассейн жабылады.


 

^ 7. Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

112. Өзіне өзі қызмет көрсету кір жуу орны мен кірді қабылдау-беру пункттерін қоспағанда, кір жуу орындарын тұрғын үйлерде орналастыруға тыйым салынады. Кірді қабылдау-беру пункттері тұрғын ғимараттарда орналасқан жағдайда, олардың үй-жайларының тұрғын бөліктен оқшауланған кіру есігі және кір және таза заттарды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған бөлек үй-жайлары болуы тиіс.

113. Кір жуу орындарының сәулеттендіру - жоспарлау шешімі технологиялық үдеріс ағындылығының сақталуын көздеуі және таза және кір заттардың жанасуына, қиылысуына жол бермейтіндей болуы тиіс.

114. Жылумен қамтамасыз ету, желдету және ауа баптау жүйелері ауа сапасының гигиеналық нормативтерін, шу мен діріл деңгейлерін, сонымен қатар кір жуу үй-жайларының жылу беру маусымындағы жол берілетін микроклимат параметрлерін: ауа температурасының плюс 18-22 Цельсий градус (бұдан әрі – °C), салыстырмалы ылғалдылықтың 30-65 % болуын қамтамасыз етуі тиіс.

115. Кір жуатын орынның үстіндегі қабатаралық жабындар басқа үй-жайларды будан, жылудан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.

116. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан жағдайда, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылуы тиіс.

117. Аурухана төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа заттармен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді.

Таза және кір заттарды сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді. Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің заттары бір-бірінен бөлек сақталуы тиіс. Төсек жабдықтарын ауыстырған сайын стеллаждар мен жабдықтардың үсті дезинфекцияланады.

118. Инфекция жұқтырылған киім-кешектер, заттар өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) инфекция жұқтырылған киім-кешектерді, төсек әбзелдерін қабылдауға арналған үй-жайлар басқа үй-жайлардан оқшауландырылады;

2) киім-кешекті қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;

3) инфекция жұқтырылған киім-кешектерді суға малып қою киім-кешекті іріктеу бөлмесінде жүргізіледі;

4) жуылар алдында және жуу кезінде киім-кешектер зарарсыздандырылады.

119. Кір және таза киім-кешекті тасуға арналған жекелеген легендер, арбалар таңбаланады және мақсат бойынша қолданылады.

120. Тұтынушыға беру кезінде бұйым оралады.


 

^ 8. Химиялық тазарту орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

121. Химтазарту орындары жеке тұрған ғимараттарда, сондай-ақ тұрмыстық қызмет кәсіпорындары кешенінің, ұйымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрамында жеке үй-жайда орналастырылады. Химтазарту тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.

122. Ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, қонақүй кешендерінде және гипермаркеттерде орналасқан шағын-химтазарту орындарының кіретін және шығатын жеке есігі, дербес желдету жүйесі болуы қажет. Жеке кіріп-шығу есіктерін жайғастыру мүмкін болмаған жағдайда, шағын-химтазарту орындары азық-түлік және балаларға арналған тауарларды, сондай-ақ дәрілік заттар мен науқастарды күтуге арналған заттар сатылмайтын аймақта орналастырылады.

123. Химтазарту орындарының өндірістік үй-жайлары (цехтары) жеке тұрған ғимараттарда немесе ғимараттардың тік жоспарлануын және тітіркендіргіш әсер беретін, қолданылатын химиялық заттарды ескере отырып, сондай-ақ таза және кір бұйымдар қозғалысы ағынының қиылысуын болдырмау үшін қоғамдық үй-жайлардың бірінші қабатында орналастырылады.

124. Өндірістік үй-жайларының алаңын технологиялық үдерістердің сипатына, санына, өндірістік жабдықтардың типіне және жұмыскерлердің санына қарай анықтайды.

125. Есіктердің сыртқы ойықтары мен қақпалар жылдың суық мезгілінде ауаны жылыту үшін тамбурлармен және жылы ауа перделерімен жабдықталады.

126. Негізгі және қосалқы өндірістік үй-жайлардың қабырғасы, төбесі және едені зиянды химиялық заттардың жиналуына жол бермейтін, сіңірмейтін материалдармен өңделеді.

127. Еден жабуға арналған материалдар химиялық берік болуы және су өткізбеуі тиіс, еден құрылысы сұйық зат төгілуі және үй-жайларды ылғалды жинау кезінде ағынның бұрылуын көздеуі тиіс. 

128. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Басқа мақсаттағы ғимараттарда орналасқан химтазарту орнының желдету жүйесі осы ғимараттың желдету жүйесінен дербес жабдықталады.

129. Химиялық заттар бөлу көздерімен жұмыс жасайтын жұмыс орындарындағы, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.

130. Шламды автоматты түсіру жүйесімен жабдықталмаған машиналарда шламды қолмен түсіру кезінде, ерітінді буын сыртқа шығару жүйесімен жабдықталған машиналарды қоспағанда, машиналардың артқы қабырғасы үстінен жергілікті сыртқа тарату құрылғысы, машинаның алдыңғы қабырғасы жанынан барабан ашылған кезде іске қосылатын жергілікті сыртқа тарату құрылғысы жабдықталады.

131. Химтазарту орнында ауа рециркуляциясына жол берілмейді.

132. Желдеткіш жабдықтары желдеткіш камераларда орнатылады, шудан оқшаулау және дірілді басу құрылғыларымен жабдықталады.

133. Технологиялық механикалық сыртқа тарату желдеткіш жүйесінің тиімділігі жылына 1 рет, жалпы алмасу механикалық желдету жүйесінің тиімділігі 3 жылда 1 рет бақыланады.

134. Өндірістік үй-жайлар жалпы жарықтандыру және/немесе құрамдастырылған жарықтандыру және авариялық жарықтандыру жүйелерімен жабдықталады.

135. Жабдықтардан сарқынды суды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі. Сарқынды суды өндірістік үй-жайлардың еденіне, су бұру жүйесіне ағызуға арналған ашық науаларға жіберуге тыйым салынады.

Химтазарту машиналарының су бөлгіштерінен шыққан құрамында еріткіштердің буы бар су шлам ретінде пайдаланылады. 

136. Еріткіштерді қолдану арқылы бұйымдарды құрғақ химтазалауды жүргізу үздіксіз және тұйық айналым бойынша барлық операциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

137. Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.

138. Технологиялық жабдықтардың сыртқы бетінің температурасы 43 °C аспауы тиіс.

139. Бұйымдарды химиялық тазартудың технологиялық үдірістерінде қолданылатын реагенттердің, заттардың және препараттардың сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары болуы тиіс.

140. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады.

141. Өндірістік учаскелерде химиялық материалдардың бір тәуліктік мөлшері сақталады.

142. Бұйымдар тасымалдау кезінде жабық қаптар немесе пакеттерге салынады. Тұтынушыға бұйым ораулы күйінде беріледі.

143. Персонал арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралымен қамтамасыз етіледі.


9. Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар


144. Осы Санитариялық қағидалардың талаптары қайта жаңарту-пластикалық хирургия, тері және тері асты ауруларын емдеу медициналық қызметтеріне, косметологиялық, массаж кабинеттеріне және денсаулық сақтау объектілері құрамындағы солярий объектілеріне қолданылмайды.

145. Объектілер тұрғын бөлігінен оқшауланған кiру есiгi және дербес желдету жүйесі болған жағдайда тұрғын үй ғимараттарының бірінші және цокольді қабаттарына орналастырылады.

Жертөле қабаттарды қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде қолдануға жол беріледі.

146. Ғимараттар мен үй-жайлардың көлемдi-жоспарлау және конструктивтiк шешiмдері көрсетілетiн қызметтер тiзбесі және олардың қуаттылығымен анықталады. Объектілерде ыстық және суық су жүргізілген раковинамен жабдықталған, дезинфекциялауға, құралдарды стерилдеу алдында тазартуға және стерилдеуге арналған үй-жай немесе арнайы орын бөлінеді.

147. 3 жұмыс орнына дейiнгі шаштараздық залдарда қосымша 6 м2 аудан бар болған жағдайда маникюр үшін бiр жұмыс орнын орналастыруға жол берiледi. Объектілердің үй-жай ауданы осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес болуы тиiс.

148. Солярийлерде УФ-С ультракүлгін сәулелі диапазонды жабдықтарды қолдануға тыйым салынады. Солярийлер техникалық паспорттары мен нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланылады.

149. Солярийдің жалпы ауданы техникалық сипаттамаға сәйкес аппарат алатын орыннан және ауданы 3,0 м2 кем емес шешіну аймағынан тұрады. Солярий қызметі оператордың көмегімен ұсынылатын жағдайда, операторға арналған кемінде 6,0 м2 қосымша аймақ бөлінеді.

150. Солярийлерді пайдалануға арналған үй-жай механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жеке желдету жүйесімен жабдықталған үлгілерді орнатқан жағдайда үй-жайға ауаның табиғи ағынының келуі ұйымдастырылады.

151. Солярий шамдары журналда міндетті түрде белгілей отырып, шамдардың техникалық паспортында көрсетілген сағаттың нормативті орындалуы жағдайында ауыстырылады. Істен шыққан шамдар қауіпсіз кәдеге жаратылады.

152. Әрбір сеанстан кейін келуші жанасқан солярий кабинасының барлық үстіңгі беттері дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Тік солярийді қолданған кезде келушілерге жеке сүлгі мен аяқ киім ұсынылады.

153. Аппарат ішіндегі желдеткіш тесіктері ластанған сайын әлсін-әлсін тазартылып отырады.

154. Солярий персоналы мен келушілерге әсер ететін физикалық факторлар деңгейі мынадай гигиеналық нормативтерден:

1) электромагниттік өрістің кернеуі 25 вольтметрден артық болмауы;

2) токтың электрлік өрісінің өнеркәсіптік жиілігінің кернеуі (50 Гц) – 0,5 киловольтметрден артық болмауы тиіс.

155. Сәулелік әсері бар тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар үшін ультракүлгін сәулесінің рұқсат етілген қарқындылығы 280-315 нанометр (бұдан әрі – нм) диапазонда 1,9 ватметр шаршыдан (бұдан әрі – Вт м2) және 315-400 нм диапазонда 10 Вт м2 аспауы қажет. 200-280 нм дипазонында сәулеленуге жол берілмейді.

156. Арнайы көзілдіріксіз, сондай-ақ алғашқы екі сеанс арасында 48 сағаттық үзіліс сақталмаған жағдайда, келушілерге солярийге кіруге тыйым салынады.

157. ПКӨ-ні және шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және келушілерге өткізу қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары, құралдардың мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәлігі болған жағдайда жүргізіледі.

158. 3 жұмыс орнына дейiн желкөз және фрамуга көмегiмен табиғи желдету, 3-тен жоғары жұмыс орындарында жасанды іске қосылатын сыртқа тарату желдеткiші көзделеді. Қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды қоспағанда, барлық үй-жайлар үшін желдету жүйесі ортақ болуы мүмкін.

Тырнақты ұзарту шеберінің жұмыс орны жергілікті ықтиярсыз сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

159. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.

160. Ерлер мен әйелдер залдарында шаштараздардың қолын жууға арналған раковина жабдықталады.

161. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес келуі тиiс.

162. Косметикалық кабинет, маникюр және педикюр кабинеттерi қолды және құралдарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.

163. Бір ауысымдағы жұмыскерлер саны 10 адамнан аспайтын жағдайда персоналға арналған ас ішу бөлмесі мен киім ілетін орынды біріктіруге жол беріледі, сондай-ақ келушілерге арналған киім ілетін орны бар вестибюль мен күту залын біріктіруге жол беріледі.

164. Таза киім және порфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар стеллаждармен немесе шкафтармен, кір заттар үшін қақпағы бар сыйымдылықтармен жабдықталады. Қолданылған кір және таза заттарды араластыруға тыйым салынады.

165. Қию жұмыстары оқшауланған үй-жайда жүргізілуі тиіс, оның алаңы және жабдық жиынтығы жүргізілетін жұмыстың көлемі мен сипаты ескеріле отырып, бір жұмыс орны 4,5 м2 кем болмауы көзделеді.

166. Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталады. Сәулелендіргіштердің жұмыс режімі мен уақыты қатаң есепке алынуы тиіс.

167. Физиотерапиялық аппаратура кабинетке кемінде бiр аппараттан деген есеппен арнайы жабдықталған кабинеттерде орналастырылады. Кабинет алаңы 1 кушеткаға 6 м2, бiрақ кемінде 12 м2 есебiмен қабылданады.

168. Қауiптiлiгі 1-ші және 2-сыныпты лазерлiк қондырғылар ортақ үй-жайларда орналастырылуы мүмкін. Қауiптiлiгi 3 және 4-сыныпты лазерлiк қондырғылар бөлек немесе қоршалған үй-жайларда орналастырылады. Есiкке лазерлiк қауiптiлiк белгiсі және автоматты түрде қосылатын «Қауiптi, лазер iске қосулы!» деген жарық таблосы iлiнедi.

Ашық үлгідегi лазер қондырғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауiпсiздiк көзді жеке қорғаныш құралдарын (жарық фильтрлі қорғаныс көзілдіріктері, бет қорғаушы қалқанша) қолдану жолымен қамтамасыз етiледi.

3-ші және 4-сыныпты лазерлік қондырғыларды жергілікті сыртқа тарату құрылғысынсыз қолдануға тыйым салынады.

169. Келушiлерге қызмет көрсету үшiн тек таза заттар қолданылады. Таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) әрбiр келушi үшiн жеке қолдануды қамтамасыз етуi тиiс. Таза, қолданылған заттар, парфюмерлік-косметикалық заттар, сондай-ақ жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек сақталады.

Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға астылық лентамен қолданылады.

170. Қолданылған заттарды және жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе арнайы жабдықталған жеке бөлінген үй-жай бар болған жағдайда тікелей объектіде жүргізіледі. Персоналдың жұмыс және жеке киімдері бөлек сақталуы тиіс.

171. Клиенттің мойнындағы және бетіндегі қиылған шашты алу таза жеке сулықпен немесе мақталы тампонмен жүргізіледі. Қиылған шаштарды алу үшін шашақты қолдануға тыйым салынады.

172. Қиылған шаштарды кресло жанынан жабылатын қалақпен жинайды және оларды тұмшаланған сыйымдылыққа салады, кейін оны тұрмыстық қалдық ретінде шығарады.

173. Әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштар әрбiр клиенттен кейiн ұшталады немесе кесiледi, далап, тушь, тень және опа бiр рет қолданылатын кистілермен жағылады. Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады.

Шаш бояу және химиялық бұйралау кезiнде шашты сулау әрбiр келушiден кейiн ауыстырылатын тампонмен немесе шашақпен жүргiзiледi.

174. Қысқыштарды, бигудилерді, қалпақтар мен шашты химиялық бұйралауға арналған торларды, шашты іріктеп бояуға арналған бас киімдерді әр клиенттен соң жуу құралдарымен ағынды су астында жуады. Таза жиынтықтарды қаптамаланған күйінде жұмыс орындарында сақтайды.

175. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар стерилизаторларға немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салады.

176. Электр ұстараларының алынатын пышақтарын, косметикалық жабдыққа және аспаптарға қоса жүретін электродтарды дезинфекциялау ерітіндісіне салынған тампондармен (15 минут сайын) екі рет сүртеді.

177. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.

178. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекцияланады.

179. Маникюр мен педикюрді бiр рет қолданылатын сулықтармен және стерилденген жиынтықтармен жасаған жағдайда, олар алдын ала дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін кәдеге жаратылуға жіберіледі.

180. Маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж жасау, косметикалық қызмет көрсету (көрсетілетін косметикалық қызмет түріне қарай) құрамында кемінде үш жинағы бар жеке жиынтықтар болған жағдайда жүргізіледі.

Тері, шырышты беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіз болуы тиіс. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.

181. Маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг құралдарын, мата сулықтарын, мақта түйірлерін, сондай-ақ басқа да жұмсалатын материалдарды бу, ауа немесе стерилдеудің химиялық әдісімен стерилдегеннен кейін микроорганизмдермен екінші рет байланыспайтындай жағдайларда сақтайды.

Бір рет қолданылатын стерилденген тұтыну материалдарын қолданған жағдайда әр келуші үшін қор қамтамасыз етіліп. Олар кейін кәдеге жаратылады.

182. Тері беті немесе шырышты қабық зақымдалуы мүмкін манипуляцияларда (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құралдар әр клиенттен соң алдын ала сумен шайылмастан дезинфекциялау ерітіндісіне салынады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін құралдар стерилдеу алды тазалауға және стерилдеуге жатады.

Құралдарды стерилдеу алды тазалау, дезинфекциялау және стерилдеу осындай мақсаттар үшін жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Құралдарды өндеуге арналған үй-жай «лас аймаққа» және «таза аймаққа» функционалды бөлiнедi. «Лас аймақта» құралдарды алдын ала тазалау, «таза аймақта» құралдарды дезинфекциялау және стерилдеу жүргiзiледi.

183. Құралдарды стерилдеу үшін пайдаланылатын жабдықтардың, аппаратуралардың және материалдардың оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары болуы тиіс.

184. Эпидемияға қарсы режімді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг және косметикалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдарды дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазалау және стерилдеу режімін күн сайын бақылау объект әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.

185. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi.

186. Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлер клиенттермен жұмыс істеуге жіберілмейді.

187. Жұмыскерлер жеке бас гигиенасының мына:

1) клиентке қызмет көрсетер алдында және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу;

2) косметикалық кабинеттерде қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптармен жұмыс жасау;

3) шаш бояуды қолғаптармен жүргізу;

4) жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;

5) арнайы киіммен жұмыс жасау;

6) жеке және арнайы киімді бөлек сақтау қағидаларын сақтауы тиіс.

188. Қанмен немесе сарысумен ластанған қол немесе қолғаптар сабынды қолдана отырып, ағынды сумен жуылады, соңынан дезинфекциялау құралдарымен өңдейді.

  1   2   3



Похожие:

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1341 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №13 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconХалыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қаңтардағы №8 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 03 ақпандағы №200 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов