Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/3
Дата конвертации12.12.2012
Размер0.49 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3





«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiліп отырған «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 қаулысымен

бекітілген


«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында әзірленген және тамақ өнімінің көтерме және бөлшек сауда объектілерінің (бұдан әрі – объектілер) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупін төндіреді.

2. Осы Санитариялық қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған қатысты айналысқа өзге де талаптар белгіленген тамақ өнімдерінің айналысына қолданылмайды.

3. Санитариялық қағидалар:

1) объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдауға, оларды салуға, қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға, жөндеуге және пайдалануға беруге;

2) объектілерді сумен жабдықтауға, суды бұруға, жарықтандыруға және желдетуге, сауда және басқа үй-жайлардың ауасына, микроклиматына;

3) объектілерді, жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға;

4) тамақ өнімдерін тасымалдау, сақтау, өлшеп-орау және өткізу жағдайларына;

5) объектілердің аумағын күтіп-ұстауға, тұтыну қалдықтарын жинауға, залалсыздандыруға және тасымалдауға;

6) тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, персоналды медициналық тексеріп-қарау және гигиеналық оқытуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

4. Осы Cанитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін өндіру кезінде одан әрі қайта өңдеуге арналған жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынатын шикізат және ауыз су;

2) азық-түлік базары – аумақта шаруашылық қызмет көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, іргелес аумақтан оқшауланған, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарының тұрағы үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі оқшауланған мүлік кешені.

3) азық-түлік қоймасы – тамақ өнімдерін (азық-түлік шикізаты, тамақ өнімдері – ет, сүт, кондитерлік, көкөністер, жемістер, сусындар және басқалары) сақтауға арналған стационарлық құрылыс;

4) автодүкен – сауда жабдығымен жарақталған мамандандырылған автокөлік құралы;

5) бөлшек сауда – тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшін тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

6) бомбаж – микроорганизмдердің көбеюіне байланысты немесе технологиялық бұзушылықтардың салдарынан газдардың пайда болуы нәтижесінде консерві банкілерінің қампаюы;

7) ветеринариялық құжаттар – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

8) гипермаркет – сауда алаңы бес мың шаршы метрді (бұдан әрі – м²), көбінесе күнделікті сұранысқа ие азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың әмбебап ассортименті бар өзіне-өзі қызмет көрсету дүкені;

9) дүкен – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген стационарлық күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi;

10) дүңгiршек – алаңында тауар қоры сақталатын, кемінде екі сатушының жұмыс орнына есептелген, арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы мен тауарларды сақтауға арналған үй-жайлары жоқ, сауда жабдығымен жарақталған күрделі емес тасымалды құрылыс;

11) дайындалған күні – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үдерісінің (сатысының) аяқталған күні;

12) дефростация – тамақ ретінде тұтыну немесе олардан жаңа өнімдерді шығару алдында тамақ өнімдерін еріту (жібіту) үдерісі;

13) жылжымалы сөре – арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын, жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны;

14) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналысы үдерістерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде сол уақыт өткенге дейін мақсаты бойынша пайдалану үшін қауіпсіз деп саналатын және ол аяқталысымен тамақ өнімдері мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамсыз уақыт кезеңі;

15) көтерме сауда – кейіннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй ішінде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

16) минимаркет – сауда залының ауданы елу м² аспайтын азық-түлік тауарларының санаулы немесе шектеулі ассортименті бар дүкен;

17) нормативтік құжаттар – тамақ өнімдерінің, олармен жанасатын материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне, олардың қауіпсіздігін бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, өткізу және пайдалану, сапасыз, қауіпті тамақ азық-түліктерінің, материалдар мен бұйымдардың кәдеге жаратылу немесе жойылу шарттарына қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер;

18) өткізу – сату, айырбастау, өтеусіз беру, сондай-ақ кепіл ұстаушыға кепілге салынған тауарларды беру мақсатында тауарларды түсіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді ұсыну;

19) өнеркәсіптік емес жағдайда дайындалатын тамақ өнімдері – азаматтар үй жағдайларында және/немесе жеке қосымша шаруашылықтарында алған немесе бау-бақша, жануарларды өсіру шаруашылығымен айналысатын азаматтар алған және тек ауыл шаруашылығы базарларында өткізуге ғана арналған жануардан және өсімдіктен алынған өнімдер;

20) дайындаушының техникалық құжаттары – тамақ өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу сәйкестендіріліп жүзеге асырылатын дайындаушы бекіткен құжаттар (ұйым стандарттары, техникалық шарттар, технологиялық регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, спецификациялар), онда сәйкестендіру белгілері көрсетіле отырып, тамақ өнімдерінің атаулары, тамақ өнімдерінің ингредиенттік құрамы, қолданылу саласы, физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі көрсеткіштері, таңбасына және қаптамасына қойылатын талаптар, жарамдылық мерзімі мен сақтау, тасымалдау және кәдеге асыру шарттары, технологиялық операцияларды және оларды тамақ өнімдерінің тиісті түрлеріне қолдану жүйелілігін, тамақ өнімдерінің немесе импорттық тамақ өнімдерінің өнеркәсіптік өндірісі жүзеге асырылатын өндірістік бақылау бағдарламасын қамтитын өндіріс процестерінің тізімі мен сипаттамасы көрсетіледі;

21) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;

22) сауда қызметiнiң субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азық-түлік тауарларын сату бойынша сауда қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

23) сауда үйi, сауда орталығы – бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген күрделi стационарлық құрылыс;

24) супермаркет (универсам) – күнделікті сұранысқа ие азық-түлік тауарларының әмбебап ассортименті және азық-түлік емес тауарлардың шектеулі ассортименті бар өзіне-өзі қызмет көрсету дүкені;

25) сауда павильоны – арнайы бөлінген жер учаскесіне орнатылған бір немесе бірнеше жұмыс орындарын есептелген сауда залы мен тауар қорын сақтауға арналған үй-жайлары бар, сауда жабдығымен жарақталған күрделі емес жылжымалы құрылыс;

26) сауда автоматы – зауыт қаптамасындағы тауарларды даналап сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;

27) сауда орны – сауда қызметін жүзеге асыруға арналған, өткізілетін тауарлардың ассортиментін ескере отырып, сөремен және сауда мүкәммалымен жабдықталған, сатушының жұмыс аймағы;

28) сақтау мерзімі – тамақ өнімінің белгіленген сақтау шарттарын сақтаған кезде таңбалауда және өнімнің техникалық құжаттамасында көрсетілген тұтынушылық қасиеттерін сақтау кезеңі;

29) санитариялық күн – үй-жайларды күрделі жинау жүргізуге, жабдықтар мен мүкәммалды жууға, қажет болған кезде дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау үшін арнайы бөлінген уақыт (айына кемінде бір рет);

30) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізаттарды, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа да лас заттармен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы.

31) тамақ өнімінің көтерме және бөлшек сауда объектісі – сауда қызметін жүзеге асыру үшін субъектілер пайдаланатын мүліктік кешен (сауда үйі, сауда орталығы, дүкен, гипермаркет, супермаркет (универсам), минимаркет, азық-түлік базары, азық-түлік қоймасы, тоңазытқыш;

32) тоңазытқыш (тоңазыту комбинаты, тарату, тоңазыту камерасы) – тез бұзылатын өнімдерді тоңазытып өңдеуге, мұздатылған және салқындатылған өнімдерді сақтауға арналған қойма үлгісіндегі кәсіпорын;

33) тамақ өнімдері – адамның тағамға тұтынуына арналған табиғи, өңделген немесе қайта өңделген түрдегі жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық немесе биотехнологиялық жолдармен алынған өнімдер, оның ішінде арнайы тамақ өнімдері (балалар тамағы, диеталық емдік және профилактикалық тамақ, спортшылардың, жүкті әйелдердің тамақтануына арналған өнімдер), сергітетін сусындар, өсімдік, жануар және микробты текті гендік-инженерлік-түрлендірілген (трансгенді) организмдерден алынған шикізаттардан өндірілетін тамақ өнімдері, органикалық өнімдер, ыдысқа құйылған ауыз су, алкогольдік (оның ішінде сыра) және алкогольсіз сусындар, тағамға биологиялық белсенді қоспалар, сағыздар, ашытқылар мен микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері, ашытқылар, тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер, қосалқы технологиялық заттар, сондай-ақ азық-түлік (тамақ) шикізаттары мен тамақ ингредиенттері;

34) тез бұзылатын тамақ өнімдері – қатаң регламенттелген мерзім ішінде тасымалдаудың, сақтаудың және өткізудің арнайы талаптарын қажет ететін тамақ өнімдері;

35) тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігі куәлігі – тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының әрбір партиясына қоса жүретін және оның сапасы мен қауіпсіздігінің нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын, олардың қадағалануын қамтамасыз ететін өндірушінің/дайындаушының құжаты, ол партия нөмірі мен көлемін, сәйкестікті бағалау құжаттары, жарамдылық мерзімдері мен оларды сақтау шарттары туралы мәліметтерді қамтиды;

36) тамақ өнімдерінің партиясы – қауіпсіздігін куәландыратын бір  ілеспе құжаты бар, ұқсас жағдайларда өндірілген (дайындалған) және/немесе қаптамаланған біртекті тамақ өнімдерінің жиынтығы;

37) тауар көршілестігі – шикі және дайын өнімдерді бірге сақтауды және өткізуді болдырмайтын, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететін бөтен иістің енуін болдырмайтын жағдайлар;

38) ұсақ-бөлшек уақытша сауда объектілері – арнайы бөлінген жер учаскесіне орнатылған бөлшек сауданы жүзеге асыратын құрылғы, құрылыс, жылжымалы сауда орындары (сауда павильоны, дүңгіршек, шатыр, жылжымалы сөре, сауда автоматы, автодүкен, автолавка);

39) шатыр – алаңына бір сауда күніне арналған тауар қоры орналастырылған, бір немесе бірнеше сатушының жұмыс орнына есептелген, сауда залы мен тауарларды сақтауға арналған үй-жайлары жоқ, құрастырмалы-жиналмалы конструкциядан жасалған, сауда жабдығымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын, жеңiл құрылатын құрылыс.


^ 2. Объектілердің құрылысына жер учаскесін таңдауға, оларды

жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға, жөндеуге

және пайдалануға беруге қойылатын талаптар


5. Объектілердің құрылысына, орналастыруға жер учаскесін таңдау, құрылысын жобалау, қайта жаңарту, қайта жабдықтау және пайдалануға беру санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жүргізіледі.

6. Жер учаскелерінде:

1) бұрын мал өлекселерін, уытты қалдықтарды көму орындары ретінде пайдаланылған кезде;

2) радиациялық қауіпсіздік нормативтерінен асқан кезде;

3) жер учаскесінде күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттердің топырақтық ошақтары орналастырылған кезде;

4) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден санитариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде объектілердің құрылысын жобалауға жол берілмейді.

7. Объектілерді жеке тұрған ғимаратқа да, тұрғын үйлерге және өзге де мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас, ішіне салынған, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарға да орналастырады, сондай-ақ оларды объектіге зиянды әсері болмаған жағдайы кезінде сол ұйымдардың жұмыскерлеріне қызмет көрсету үшін өнеркәсіптік және өзге де объектілердің аумағына орналастыруға жол беріледі.

8. Тамақ өнімдерін көтерме өткізу объектілерін адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына қолайсыз әсері болмайтындай етіп орналастырады.

9. Азық-түлік базарлары, көтерме саудада өткізу объектілері, гипермаркеттер, супермаркеттер, көкөніс сақтау қоймалары мен жеміс сақтау қоймалары үшін селитебті аумақтан кемінде 50 метр (бұдан әрі – м) санитариялық ажырау қамтамасыз етіледі.

10. Азық-түлік базарының жер учаскесі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан, мал өлекселерін көметін орындардан кемінде 1,5 километр (бұдан әрі – км) және өнеркәсіп объектілері мен қоймалардан, сондай-ақ халық денсаулығына әсер ететін зиянды химиялық, биологиялық және радиоактивті заттармен базардың ластану көзі болып табылатын объектілерден кемінде 500 м қашықтықта орналастырылады.

11. Азық-түлік базарларын демалыс аймақтарында, саябақ, гүл бағы және басқа да құнды тарихи-мәдени қала құрылысы ғимараттарының аумақтарында орналастыруға жол берілмейді.

12. Бөлек тұрған объектілердің жанында жобалауға арналған тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтану объектілерін, объектінің тиісті бөлімінде (немесе бөлімдерінде), сондай-ақ жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектілерінде дайын тамақ өнімдерін өткізетін аспаздық цех орналастыруға жол беріледі.

13. Объектіде қоғамдық тамақтану объектілерін, аспаздық цехты, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізумен байланысты емес өзге объектілерді орналастыруды жобалау кезінде аталған объектілер үшін тиісті санитариялық қағидалардың талаптары мен технологиялық жобалау нормасы сақталады. Объектідегі кафетерийлердің ауданы осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көзделеді.

14. Объектілердің үй-жайларының көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдері жабдықтарды қолдануды, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыруды, өндірістік үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

15. Барлық үй-жайлар шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің, персоналдың және келушілердің ағындылығын, қозғалысын есепке ала отырып орналастырылады. Үй-жайлардың әр тобы жеке блокқа біріктіріледі: тиеу, қойма үй-жайлары, тамақ өнімдерін сатуға дайындайтын, әкімшілік-тұрмыстық, қосымша, сауда үй-жайлары. Тиеу, қойма үй-жайларын, өнімдерді сатуға дайындайтын үй-жайларды, сауда залдарын орналастыру олардың арасындағы технологиялық байланысты есепке ала отырып жүргізіледі.

16. Өткізілетін тамақ өнімдерінің ассортименті объектінің қуатына, типіне, үй-жайлар жиынтығына, тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуына сәйкес көзделеді.

17. Объект үй-жайларының ішін әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, уытты емес әрлеу материалдарын пайдалана отырып орындалады.

18. Базардың сауда залының, өлшеп-орау, жуу үй-жайларының, салқындату камераларының, санитариялық тораптардың қабырғалары жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдармен қапталады.

19. Едендерді беті тегіс, ойықсыз, ылғалға төзімді және ылғал өткізбейтін, уытты емес, санитариялық өңделетіндей етіп жасайды. Автомобильдерге арналған алаңдарда тиеу үй-жайларының жабыны су өткізбейтін қатты материалдардан жасалады. Жуу бөлмелерінде, дәретханалар мен себезгілерде суды су бұру жүйесіне ағызатын траптар көзделеді.

20. Объектілерде өткізуге тамақ өнімдерін сауда алдында дайындау үшін оқшауланған және арнайы жабдықталған үй-жайлар, оның ішінде: тиеу үй-жайларына (платформаларға) және өткізу орындарына барынша жақын орналасқан ет шабуға, гастрономиялық және сүт-май өнімдерін, балықты, жеміс пен көкөністі, бакалеялы-кондитерлік өнімдерді дайындауға арналған үй-жайлар бөлінеді. Тез бұзылатын тамақ өнімдеріне арналған өлшеп-орау үй-жайлары тоңазытқыш қондырғыларымен және раковиналармен жабдықталады.

21. Жалпы ауданы 50 м2 дейінгі объектілер үшін үй-жайлардың жиынтығы мен ауданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көзделеді.

22. Тамақ өнімдерін түнде әкелу үшін оларды қабылдау мен сақтауға арналған оқшауланған үй-жайлар, тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін салқындату камералары жабдықталады. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілерге тамақ өнімдерін түнде әкелуге жол берілмейді.

23. Тамақ өнімдерін сақтауға және өткізуге дайындауға арналған үй-жайларды, тоңазыту камераларын себезгі бөлмелерінің, дәретхана мен жуыну бөлмелерінің астына орналастыруға жол берілмейді.

24. Тұтас ет, тұтас еттің жартысы және төрттен бір бөлігі түрінде алынатын етті сатуды ұйымдастырған жағдайда, объектіде ауданы кемінде 10м2 ет шабатын үй-жай бөлінеді, онда жуу раковинасы мен қосымша тоңазытқыш орнатылады. Ет шабатын үй-жайды тікелей тұрғын қабаттардың астына орналастыруға тыйым салынады.

25. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілерде тікелей тұрғын үй-жайлардың астында машина бөлімшелерін, тоңазыту камераларын, жүк көтергіштерді жабдықтауға жол берілмейді.

26. Өзіне-өзі қызмет көрсету үлгісі бойынша жұмыс істейтін объектілерде тамақ өнімдерінің әр тобына арналған жеке өлшеп-орау үй-жайлары көзделеді. Тез бұзылатын тамақ өнімдеріне арналған өлшеп-орау үй-жайлары тоңазыту қондырғыларымен жабдықталады. Барлық өлшеп-орау үй-жайларының желдеткіші, жарықтандырылуы және жуу раковиналары болуы тиіс.

27. Объектілердегі тапсырыс бөлімдері (үстелдері) мынадай үй-жайлармен жабдықталады: тапсырыстарды қабылдауға және беруге арналған үй-жай, жинақтау үй-жайы, өлшеп-орау үй-жайы, тез бұзылатын өнімдерді сақтауға арналған тоңазыту қондырғылары және қол жууға арналған қолжуғыш раковинасы бар экспедиция.

28. Объектіде сауда мүкәммалын, жабдықты жууға арналған жуу үй-жайлары немесе учаскелер жабдықталады, оларды құрғату үшін стеллаждар жабдықталады. Жуу раковиналарының саны объектінің типімен және қуатымен айқындалады.

29. Қосымша, әкімшілік-шаруашылық және персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар тамақ өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған үй-жайлардан бөлек орналастырылады.

30. Ұсақ-бөлшек уақытша сауда объектілері, оның ішінде демалыс аймақтарында, мереке күндері, көпшіліктің серуендеуі, жәрмеңке кезінде қоғамдық дәретханалармен немесе биодәретханалармен жабдықталған орындарға орналастырылады.


^ 3. Объектілерді сумен жабдықтауға, су бұруға, жарықтандыруға

және желдетуге, сауда және басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына қойылатын талаптар


31. Объектілердің ғимараты орталықтандырылған салқын және ыстық су жүйесімен, суды бұрумен жабдықталады.

32. Пайдаланылатын ауыз су санитариялық қағидаларда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

33. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде жергілікті көздерден алынатын суды пайдалануға жол беріледі. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін таңбаланған сыйымдылықтарда, мамандандырылған автокөлік құралымен жүзеге асырылатын суды пайдалануға жол беріледі.

34. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде объектінің жуу үй-жайларында су ысытқыштар орнатылады.

35. Ауылдық және ішінара кәрізделген елді мекенде сарқынды суды жинау үшін қақпағы бар су өткізбейтін қазылған шұңқыр құрылғысына жол беріледі. Шұңқыр толуына байланысты тазартылады.

36. Ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан, құрамында қоғамдық тамақтану объектілері бар тамақ өнімдерін сату алдында дайындаумен айналысатын объектілер үшін дербес өндірістік кәріз орнатылады.

37. Тұрғын үй ғимаратына ішіне салынған объектіде өндірістік үй-жайларда, сауда залдарында, қойма үй-жайларында ревизияларымен кәріз құбырларын өткізуге жол берілмейді.

38. Тамақ өнімдерін сатуға қабылдайтын, сақтайтын, дайындайтын үй- жайларда және объектілердің қосымша үй-жайларында тұрмыстық сарқынды судың құбырларын жүргізуге жол берілмейді.

39. Тұрғын үй ғимараттарына немесе өзге де мақсаттағы ғимараттардың ішіне ішіне-жапсарлас салынған, жапсарлас немесе ішіне салынған объектілердің суды бұру жүйесі осы ғимараттардың суды бұру жүйелерінен бөлек көзделеді.

40. Сауда алаңы 1000 м2 асатын объект келушілерге арналған санитариялық тораппен жабдықталады. Персонал мен келушілерге арналған дәретханалар бөлек көзделеді.

41. Объектілердің жанынан үй-жайларды жинау кезінде су алуға арналған, ыстық және салқын су келтірілген кранмен жабдықталған үй-жай (орын) бөлінеді.

42. Есік алдындағы жеке тұрған дәретханалар объектінің шаруашылық аймағына орналастырылады, жылытылады, таза ұсталады және дезинфекцияланады. Кәрізделген елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға және суды бұруға қосылады.

43. Жасанды жарықтандыру көздері жарық беретін қорғаныш арматурасының ішіне салынады. Қажет болған кезде жұмыс орындарында қосымша жарықтандыру көздері орнатылады.

44. Істен шыққан газразрядты, энергия үнемдейтін шамдар және сынап толтырылған өлшеу аспаптары кәдеге жаратылады. Оларды жинау және уақытша сақтау үшін жеке үй-жай бөлінеді, кейіннен оларды қайта өңдеу (демеркуризациялау) пункттеріне береді. Пайдаланылған шамдар мен аспаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алынуы және тіркелуі тиіс.

45. Терезелердің әйнектелген сыртқы және ішкі беттерін, терезе жақтауларын тазарту ластануына байланысты жүргізіледі. Жылдың жазғы және ауыспалы мезгілінде ашылатын барлық ойықтарды жәндіктер кірмейтін қорғаныш торлармен жабдықтайды.

46. Объектінің үй-жайларында табиғи желдетуден басқа, сауда, қосымша және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар ықтиярсыз желдеткіш жүйесімен және/немесе ауа баптағыштармен жабдықтайды.

47. Ауданы 50 м2 дейінгі объектіде үй-жайларды табиғи желдетуге жол беріледі.

48. Объектілердің ішке сору-сыртқа шығару желдеткішін тұрғын үй ғимаратының желдеткіш жүйесімен біріктіруге тыйым салынады. Тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған объектілерді ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықтаған кезде шуды оқшаулау іс-шаралары жүргізіледі.

49. Объектілердің қойма және сауда үй-жайларының желдеткіш жүйелері бөлек орналастырылады. Қойма, сауда үй-жайларының желдеткіш жүйелерін санитариялық тораптармен және себезгі бөлмелерімен біріктіруге жол берілмейді.

50. Механикалық тарату желдеткіші жүйелерінде берілетін сыртқы ауаны тазарту және оны қысқы уақытта жылыту көзделеді. Тарату желдеткіші үшін ауа алу жерден кемінде екі метр биіктікте неғұрлым аз ластанатын аймақтарда жүзеге асырылады.

Ылғалды, жылуды, шаңды көп шығаратын көздер болып табылатын жабдықтар мен жуу ванналары барынша көп ластану аймағында молынан соратын жергілікті сору жүйелерімен жабдықталады.

51. Сору желдеткішінің шахталары биіктігі кемінде 1 м-ге шатырдың түйіскен жерінен немесе тегіс жабынның үстінен шығып тұрады.

52. Объектінің үй-жайларындағы рұқсат етілетін температура мен ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

53. Көкөністерді, жемістерді, жидектер мен аскөктерді сақтауға арналған салқындату камералары объектінің басқа желдеткіш жүйелерімен байланысты емес жасанды іске қосылатын тарату желдеткішімен жабдықталады.

54. Желдеткіш каналдары, технологиялық жабдықтан тарайтын ауаөткізгіштер тоқсан сайын бір реттен сиретпей тазартылады.

55. Үй-жайлардың ауасында зиянды заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануының, жарықтанудың, шу мен дірілдің рұқсат етілген деңгейінің артуына жол берілмейді. Жарықтанудың, микроклиматтың, желдету және ауа баптаудың деңгейлері «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс.

56. Объект орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесімен жабдықталады, болмаған кезде жергілікті жылыту жүйесіне (қазандық, пештер, электржылытқыштар) жол беріледі. Жылумен жабдықтаудың барлық түрлері кезінде жылытқыш аспаптардың жинау, қарау және жөндеу үшін қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

57. Тұрғын үй ғимаратының ішіне салынған немесе ішіне-жапсарлас салынған объектінің жылумен жабдықтау жүйесін ғимараттың тұрғын бөлігінің жылыту жүйесімен қосуға жол берілмейді.

  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconӨнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №167 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 47-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №1472 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 48-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2135 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №13 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов