«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



Название«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница2/6
Дата конвертации12.12.2012
Размер1.2 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6

8. Денсаулық сақтау объектілерінде науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға, медицина персоналының еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Денсаулық сақтау объектісінің ас блогын инфекциялық бөлімшелерден басқа корпустармен және бас корпуспен қолайлы жер асты және жер бетіндегі көлік байланыстарымен қосылған, бөлек тұрған ғимаратта орналастырады.

  2. Тағамдарды дайындау кезінде өндірістік үдерістің ағымдылығы қатаң сақталады. Шикізат пен дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымына жол беруге болмайды. Шикізатты, тағам өнімдерін тауар көршілестігі қағидаларын сақтай отырып сақтайды. Тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтауға жол берілмейді.

  3. Күнсайынғы таратылатын ас мәзірін жасау кезінде «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысымен бекітілген тамақ нормалары ескеріледі.

  4. Ас мәзiрiн әзірлеген кезде өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндерінде емдәмнің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын (құнарлылығын) есептеу жүзеге асырылады.

  5. Күнсайын ас блогында дайын тағамның тәуліктік сынамасы қалдырылуы тиіс. Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамның жарты үлесі қалдырылады, үлесті екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан әрі – гр) мөлшерінде толығымен алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады. Тәуліктік сынамалар тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2 - +6 градус Цельсий (бұдан әрі – ºС ) температурада қақпақтары жабылған банкаларда сақталады. Жиырма төрт сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді.

  6. Дайын тамақты аурухананың буфет бөлімшелеріне жеткізген кезде термостар немесе қақпақтары тығыз жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы таңбаланған арбалардың көмегімен жүзеге асырылады.

  7. Дайын тағамды таратуды буфетшілер және бөлімшенің кезекші мейірбикелері «тағам таратуға арналған» деп таңбаланған халаттарда жүргізеді. Тағамды таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейірбике жүзеге асырады.

  8. Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура + 75ºС, екіншілерде + 65º С төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14ºС дейiн болуы тиіс. Тарататын сәтке дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған сәтінен бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада тұруына болады. Тамақты бір күн бұрын дайындалған тамақтың және сол күнi ертерек мерзімдерде дайындалған тамақтың қалдықтарымен араластыруға жол берілмейді.

  9. Буфет бөлімшелерінде: тамақ таратуға арналған және үш ұялы ванна қондырғысы бар ыдыс жууға арналған екі үй-жай көзделеді.

  10. Буфеттерде жуу ванналарына су келтірілген резервтік су ысытқыштар, инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерінің буфеттерінде асхана ыдысын өңдеуге арналған ауа стерилизаторлары орнатылады.

  11. Ыдысты өңдеуді мынадай тәртіппен жүргізеді: тамақты механикалық алып тастау және бірінші жуғышта майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.

  12. Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы стационарлардың (бөлімшелердің) буфеттерінде, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша басқа бейін бөлімшелерінде:

1) ыдысты тамақ ішкеннен кейін буфеттерде бөлек үстелде жинайды, тамақтың қалдықтарынан босатады, зарарсыздандырады, жуады және кептіреді. Зарарсыздандыру химиялық (дезинфекциялық құралдардың ерітіндісімен, оның ішінде жуғыш машинада) немесе термиялық тәсілмен (қайнату, ауа стерилизаторында өңдеу арқылы) жүргізіледі;

2) тамақ қалдықтарын қақпағы бар арнайы таңбаланған бакқа тастайды және бестен бір ара қатынасындағы (экспозициясы бір сағат) құрғақ дезинфекциялық құралды себу тәсілімен тиісті инфекцияға арналған режим бойынша зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдысқа арналған үстел, щеткалар, ысқыштар әрбір қолданыстан кейін дезинфекцияланады. Үстелдер мен ыдысты жууға арналған шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы зарарсыздандырады, шаяды және кептіреді.

  1. Науқастарға арналған сәлемдемелер науқастың тегі, аты, берiлген күнi көрсетілген целлофан пакеттерде беріледі. Сәлемдемелерді беру орындарында, бөлімшелерде беруге рұқсат етілген (олардың саны көрсетіле отырып) және тыйым салынған өнімдердің тізімдері iлiнеді.

  2. Бір жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету кезінде, балалар бөлімшелерінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларында қаптамасы ашылғаннан кейін ашылу күні және уақыты көрсетілген таңбасы болуы тиіс. Қоспаларды араластыру стерилді ыдысты қолдана отырып жүзеге асырылады.

  3. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша жабдықталады және олардың құрамына мыналар кіреді: киім ілетін орын, себезгі бөлмесі, қол жуғыштар, дәретхана, арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын сақтауға арналған үй-жай. Киім ілетін орындар арнайы және жеке киімді сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталады.

  4. Персоналды тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін асханалар мен буфеттер көзделуі қажет, барлық бөлімшелерде ауданы 12,0 м2 (инфекциялық бөлімшелер үшін – 14,0 м2), тоңазытқышпен, су жылытуға арналған құрылғымен, қол жууға арналған раковиналармен жабдықталған персоналға арналған бөлме бөлінеді. Жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді.

  5. Медициналық персонал ауысымдық жұмыс киімінің үш жиынымен: халаттармен, қалпақтармен (орамалдармен), ауысымдық аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Санитариялық киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады. Санитариялық киімді жуу бір орталықтан, науқастардың киім-кешегінен бөлек жүзеге асырылады.

  6. Консультациялық көмек көрсететін медициналық персонал, стационарлардың бөлімшелерінде уақытша жұмыс атқаратын техникалық, әкімшілік-шаруашылық персоналы ауысымдық киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

  7. Көптеген дәрі-дәрмекке тұрақтылығы бар микобактериялар бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастармен жұмыс жүргізген кезде қорғау дәрежесі жоғары қорғаныш бетперделері мен респираторлар пайдаланылады.

  8. Инфекциялық, туберкулезге қарсы бөлімшелердің, ана мен баланы қорғау ұйымдарының мейірбике постыларында оларды ауыстыруды есепке ала отырып, таза бетперделер мен респираторлардың тәуліктік қоры көзделеді. Пайдаланылған бетперделер осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сай кәдеге жаратылады.



^ 9. Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу мен дезинфекциялауды жүргізу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-сайман алдын ала дезинфекциялаусыз кәдеге жаратуға жатады.

  2. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – КМБ) пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерилдеу алдында тазаланады, кептіріледі, қапталады және стерилденеді.

  3. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде әртүрлі тәсілдермен (қайнату, бумен, ауамен, химиялық) жүргізіледі.

  4. КМБ-ны дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, сілемейдің, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Алмалы-салмалы бұйымдар бөлшектелген күйінде өңделеді.

Биологиялық сұйықтықтарға қатысты бекітуші әсері бар дезинфекциялық құралдарды пайдаланған кезде құрал-сайман суды кейіннен зарарсыздандыру арқылы алдын ала жеке сыйымдылықта жуылады.

  1. Дезинфекциялық ерітінділер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралды пайдалану жөніндегі нұсқауда (әдістемелік нұсқаулықта) көрсетілген мерзімдерге сәйкес пайдаланылады.

  2. КМБ-ны стерилдеу алдында тазалау қолмен немесе механикаландырылған (ультрадыбыстық) тәсілмен жүргізіледі. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болған кезде стерилдеу алдында тазалау дезинфекциямен бірге жүргізіледі.

  3. Стерилдеу алдында өңдеудің сапасы қанның және синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне оң сынаманың болмауымен бағаланады. Әр атаудың (кемінде 3-5 бірлік) медициналық бұйымының кемінде 1 %-ы бақылауға жатады.

  4. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу алдында тазалау мен стерилдеу орталықтандырылған стерилдеу бөлімшесінде, ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау бөлімшесінің арнайы бөлінген орнында жүргізіледі.

Стерилді материал бөлімшеге жабық көлік контейнерлерінде, арнаулы қаптарда, көлік лифтілерімен жеткізіледі.

  1. КМБ-ны стерилдеу жабдықтың тиісті стерилдейтін агенттері мен типтерін пайдалана отырып, физикалық (бумен, ауамен, инфрақызыл, глассперлен), химиялық (химиялық заттардың ерітінділерімен, газбен, плазмалы) әдістермен жүргізіледі.

  2. Стерилдеуді нақты құралды қолдану жөніндегі нұсқаулықта, стерилизаторды пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген режимдер бойынша жүзеге асырады.

  3. Стерилдеу аппаратурасының жұмысын бақылау физикалық (бақылау-өлшеу аспаптары), химиялық (термохимиялық индикаторлар), биологиялық тесттермен жүзеге асырылады.

  4. Стерилизаторлармен жұмысқа он сегіз жастан асқан, медициналық тексеріп-қараудан, курстық оқудан өткен және техникалық минимум тапсыру туралы куәлігі бар адамдар жіберіледі.

  5. Балалар бөлімшелерінде ойыншықтар күн сайын жұмыс күнінің соңында сабынды-содалы ерітіндінің 2 %-ы пайдаланыла отырып жуылады, ағынды сумен шайылады, кептіріледі. Қуыршақтың киімі жуылады және аптасына бір рет үтіктеледі. Жұмсақ ойыншықтарды пайдалануға жол берілмейді.

  6. Ультракүлгін шамдармен жарақталған бактерицидті камералар тек стерилді құрал-сайманды сақтауға ғана пайдаланылады.



10. Денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Қабылдау бөлімшесінде барлық келіп түсетін науқастардың жұтқыншағын қарау, температурасын өлшеу, сырқатнамасына белгі қоя отырып, педикулезге, қышымаға, дерматомикозға тексеру жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін көрсеткіштер бойынша биоматериал алу жүргізіледі.

  2. Инфекциялық ауруға күдіктену кезінде пациентті инфекциялық аурулар бөлімшесіне (ауруханаға) ауыстырғанға дейін қабылдау бөлімшесінің жанындағы диагностикалық палатаға оқшаулайды.

  3. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, пижама, аяқ киім жиыны беріледі. Стационарда, туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда, науқастардың үй киімімен жүруіне жол беріледі.

  4. Босанатын әйелге айғақтар бойынша тексеруден кейін немесе әйелдің қалауы бойынша санитариялық өңдеу жүргізіледі.

  5. Науқастарды емдеуге жатқызу кезінде палаталардың (үш күн ішінде) толықтырылу циклі сақталады.

  6. Іріңді-септикалық инфекциямен ауыратын науқастарды іріңді хирургия бөлімшесіне, ол болмаған кезде бөлек оқшауланған палатаға жатқызған жөн.

  7. Ірің бөлінетін пациенттерді таңу септикалық таңу бөлмесінде, ол болмаған кезде ірің бөлінбейтін пациенттерді таңып-байлағаннан кейін асептикалық таңу бөлмесінде жүргізіледі.

  8. Пайдаланылғаннан кейін жинау мүкәммалы дезинфекцияланады, құрғатылады және кейіннен арнайы бөлінген орында сақталады.

  9. Жеке босандыру палатасы сұйық сабынмен, антисептикпен, бір рет пайдаланылатын сүлгімен, қол жуу техникасы бойынша қабырғалық көрнекі құралмен, кілемшемен, доппен, швед шкафымен қамтамасыз етіледі. Палаталарда ылғалды жинауға болатын заттарды қолданған жағдайда еркін интерьерге, ана мен бала үшін өзінің таза киімін қолдануға жол беріледі.

  10. Босандыру палатасында ауаның температурасы кемінде +250С болуы тиіс. Егер мерзімінен бұрын босану күтілетін болса, ауаның температуры кемінде +280С болуы тиіс.

  11. Босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклмен, кемінде үш-бес күн болудан аспайтындай етіп толықтырылуы тиіс, үй-жайдың температурасы кемінде 250С болуы тиіс.

  12. Ана мен бала бірге болатын палатада жаңа туған нәрестелер үшін жеке балалар төсектері және жаңа туған нәрестелерге арналған құндақтайтын үстел орнатылады.

  13. Шала туған балаларға арналған палатада ауаның температурасы +250С – +280С болуы тиіс.

  14. Балалар бөлімшесінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларының қаптамасы ашылғаннан кейін ашылған күні мен уақыты көрсетілген таңбасы болуы тиіс.

  15. Мәйіттерді сақтауға арналған үй-жай +2°С - +4°С температураны қамтамасыз ететін тоңазытқыш қондырғыларымен, мәйіттерді тасымалдауға арналған механикаландыру құралдарымен, стеллаждармен, сөрелермен немесе арнайы сейфтермен жабдықталады. Мәйіттерді еденде сақтауға жол берілмейді. Мәйіттерді әртүрлі қабаттарда сақтаған кезде лифт жабдықталады.

  16. Секциялық үстелдерге салқын және ыстық су жүргізіледі. Секциялық үстел сарқынды суларды жинауға және кәрізге құю алдында зарарсыздандыруға арналған сыйымдылықпен жабдықталады. Секциялық үстел жанындағы жұмыс орны ағаш тормен жабдықталады.

  17. Секциялық үстелдер, каталкалар, зембілдер және мәйіттерді тасымалдауға арналған басқа да құрал-жабдықтар жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, су өткізбейтін материалмен қапталады.

  18. Еден күн сайын жуу құралдарымен жуылады, қабырға панельдері, есіктер ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жуылады.

  19. Айына бір реттен сиретпей және инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін ашқаннан кейін үй-жайларда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы күрделі жинау жүргізіледі.

  20. Секциялық материалмен жұмыс жеке қорғаныш құралдарын (халат, қолғаптар, алжапқыштар, көзілдіріктер) пайдалана отырып жүргізіледі. Туберкулезді жоққа шығармайтын жағдайларда қорғаныш дәрежесі жоғары бетперделер, респираторлар пайдаланылады.

  21. Бөлімшелердің жұмысы палатада пациенттерге қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету қағидаты бойынша ұйымдастырылады.

  22. Персоналдың боксқа кіру есігі арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюздер арқылы инфекциялық емес «шартты таза» дәліз арқылы көзделеді.

  23. Инфекциялық аурулар бөлімшесінің бокстарында палатаға шлюздерден әйнектелген жақтаулар, шлюзден палатаға тамақ, дәрілік заттар мен киім-кешекті жеткізуге арналған беру шкафы көзделеді. Боксталған палаталарда осы шкафтар дәлізден палатаға ұйымдастырылады. Науқастардың тамақтануы палатада жүзеге асырылады.

  24. Ішек инфекциялары бар науқастар жеке таңбаланған түбектермен (астыға төселетін төсеммен) қамтамасыз етіледі, олардың таңбасы науқастың кереуетінің нөміріне сәйкес келеді. Науқастың бөлінділері зарарсыздандырылады.

  25. Нозологиялық түрлер бойынша палаталарды (үш күн ішінде) толтыру циклдігі сақталады.

  26. Мәжбүрлеп емдеу бөлімшелерінде мамандандырылған тәулік бойғы күзеттің болуы қамтамасыз етіледі.

  27. Мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімшеде науқастардың дәріге сезімталдығына және жынысына (ер және әйел) байланысты туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі.

  28. Симптомдық емдеуді қажет ететін, тұрақты бацилла бөлетін туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар бацилла бөлуді тоқтату кезеңіне дейін туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы мамандандырылған ұйымдарда немесе бөлімшелерде оқшаулануға жатады.

  29. Туберкулезге қарсы диспансерлерде мульти (поли) резистентті штамм бөлетін науқастарды амбулаториялық қабылдауға арналған жеке кабинеттер бөлінеді.

  30. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, антисептикалық сабыны және антисептика ерітіндісі бар дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар (бикстер, мырыш және тот баспайтын құрыштан жасалған тұтқалары бар металл жәшіктер) контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жабдықталады, үй-жай ауасын алмастыру жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлемдегі жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.

  31. Ауыр жағдайларды қоспағанда, стационарлық науқастарға баруға жол берілмейді. Келушілер қорғаныш дәрежесі жоғары бетперделерді пайдалануы тиіс.

  32. Туберкулездің микобактерияларын бөлетін науқастары тамақтануды палаталарда жүзеге асырады.

  33. Қан компоненттерін дайындауға арналған үй-жайлар қатаң түрде мақсатына байланысты пайдаланылуы тиіс. Осы үй-жайларға кіру персонал үшін шектеледі.

  34. Өндірістік және зертханалық үй-жайлар басқа үй-жайлардан бөлек орналастырылады, тек арналған мақсаты үшін пайдаланылады және санкцияланған рұқсаты болады.

  35. Қанды және қанның компоненттерін сақтау және тасымалдау үшін мынадай «салқын тізбек» шарты сақталады:

1) қан өнімдерін сақтау және жеткізу шарттарына сәйкестігін қамтамасыз ететін тоңазыту жабдығы – термоконтейнерлер немесе авторефрижераторлар;

2) тиісті температураны сақтауға, өнімді физикалық зақымданудан және микробиологиялық ластанудан сақтауға мүмкіндігі бар қаптама;

3) барлық кезеңдерде температуралық режимнің сақталуын тұрақты бақылау.

  1. Қан алу асептика қағидаларын сақтау арқылы жүргізіледі.

  2. Жылжымалы медициналық объектінің құрамында медициналық және қызмет көрсететін персоналға арналған жатын бөлмелер, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, тамақ дайындауға және ішуге арналған үй-жайлар (ас үй, асхана) көзделеді.

  3. Арнайы медициналық жабдық орнатылған жерлерде бекіткіштер көзделеді.

  4. Қызмет көрсететін персоналға арналған жатын үй-жайлар ұйықтайтын сөрелермен, киімдерге арналған ілгектермен, жоғары сөреге көтерілу үшін баспалдақтармен, қосалқы тұтқалармен, үстелшелермен жабдықталады. Тоңазытқыш жабдығы, қысқа толқынды пеш, диспенсерлер көзделеді.

  5. Медициналық кабинеттер шалқаймалы үстелмен, жылжымалы шкафтармен, дәрігер үстелімен, кеңсе креслосымен, медициналық кушеткамен, медициналық аппаратурамен жабдықталады.

  6. Кабинеттерде араластырғыштар арқылы ыстық және суық су келтірілген қол жуғыштар орнатылады.

  7. Санитариялық торап таза дәретхана кешенімен, тұрмыстық араластырғышпен, айнамен, сабын салғышпен, дәретхана құралдарына арналған шағын сөремен, сүлгі ұстағышпен, киімдерге арналған ілгектермен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитазға арналған қыл щеткамен, еденге төсейтін сырғанамайтын жабынмен жабдықталады.

  8. Төбеге ілінетін, моноблокты ауа баптау жүйесі көзделеді.


_______________________

«Денсаулық сақтау объектілеріне

қойылатын санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

1-қосымша


^ Денсаулық сақтау объектілерінің палаталарындағы бір төсекке арналған аудан




Үй-жайлардың атауы

Ауданы, 1 төсекке м2 (кемінде)




1

2

3

1

Ересектерге арналған инфекциялық және туберкулез

7,5

2

Балаларға арналған инфекциялық және туберкулез:




аналардың орны жоқ

6,5

аналар күндіз болатын

8,0

аналар тәулік бойы болатын

10

3

Ортопедиялық-травматологиялық (оның ішінде қалпына келтіру емі), күйік, радиологиялық:




ересектерге және аналары күндіз болатын балаларға арналған палаталарда

10

аналары тәулік бойы болатын балаларға арналған

13

4

Қарқынды терапия, операциядан кейінгі

13

5

Балалардың инфекциялық емес:




аналардың орны жоқ

6,0

аналары күндіз болатын

7,5

аналары тәулік бойы болатын

9,5

6

Психоневрологиялық және наркологиялық:




жалпы үлгідегі

5,0

инсулиндік және наркологиялық

6,0

7

Балаларға арналған психиатриялық:




жалпы үлгідегі

5,0

бақылау

6,0

8

Патологиясы бар жаңадан туылған сәбилер үшін (кювездерде)

6,0

9

Жаңадан туылған, шала туылған (кювезсіз) және 1 жасқа дейінгі балалар үшін

4,5

10

Басқа палаталар

7,0

11

Күндізгі стационар палатасы




ересектерге арналған

6,0

балаларға арналған

4,5


________________________

«Денсаулық сақтау объектілеріне

қойылатын санитариялық-

эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық қағидаларына

2-қосымша

1   2   3   4   5   6



Похожие:

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №88 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын...
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №13 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №94 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы №308 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1684 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық...
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1341 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 ақапандағы №183 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Кондитерлік бұйымдарды өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconХалыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қаңтардағы №8 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов