Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны icon

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны



НазваниеАтырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
страница1/6
Дата конвертации26.10.2012
Размер0.59 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6


А


Атырау облысы әкімдігінің

2009 жылғы «24» желтоқсандағы

№337 қаулысымен

бекітілген


Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының

2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары


Мазмұны


1.

Миссия және пайымдау

3

2.

Ағымдағы ахуалды талдау

3-7

3.

Қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері

8-19

4.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

20 – 22

5.

Функционалдық міүмкіндіктері

23 - 24

6.

Ықтимал қатерлер

24 - 26

7.

Оның негізінде басқарманың Стратегиялық даму жоспары әзірленген бағдарламалық және өзге нормативтік құқықтық құжаттар тізбесі

27 - 28

8.

Бюджеттік бағдарлама нысаны

29 - 35

9.

Шығыстарды стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлу

35 - 36




  1. ^ Миссия және пайымдау


Ішкі саясат басқармасының миссиясы – қоғамдық - саяси тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыру және жастарды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

Ішкі саясат басқармасының пайымдауы – ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың тұрақтылығы, бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік, дамыған үкіметтік емес сектор, жастардың мемлекеттік кепілдіктері және әлеуметтік құқықтарын іске асырудың толықтығы.



  1. ^ Ағымдағы ахуалды талдау


Облыстық ішкі саясат басқармасының қызметі өңірдегі қоғамдық пікірдің жағдайын, ішкі саяси үрдістерді, азаматтардың сайлау алды көңіл-күйлерін, мемлекеттік органдардың жұмысын және тұрғындардың наразылық деңгейін, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болжау, сондай-ақ мемлекеттің ақпараттық Стратегиясын іске асыруды жан-жақты зерделеу мен талдауға бағытталған.

Облыстағы ішкі саяси үрдістерді жан-жақты зерделеу және талдау мақсатында ішкі саясат басқармасы қоғамдық-саяси ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар, БАҚ-ы және діни ұйымдардың, жергілікті элита, мәслихаттардағы саяси күштердің орналасуы жөнінде ақпарат базасы жүйелі түрде жаңартылады.

Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының және дау-жанжал туғызатын факторларды анықтаудың маңыздылығын ескере отырып, облыстық ішкі саясат басқармасы облыстың аналитикалық құрылымдарымен, сондай-ақ, «Заңғар» ЖҮЕҰ-ы, «Академия» ҚБ-мен бірлесе отырып, келесі бағыттар бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізді: «Қоғамдық - саяси жағдайдың әлеуметтік мониторингі», «Атырау облысындағы ұлтаралық және конфессияаралық ахуалды зерттеу», «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларын халық арасында қабылдау деңгейін анықтау», «Атырау облысының ірі компанияларында еңбек қарым-қатынасы жөнінде», «Оралмандардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі» және т.б.

Мониторингтің сапалы сипаттамаларын және басқарманың облыстың қоғамдық өміріндегі рөлі мен маңыздылығын көтеру мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер, әділет департаменттері, прокуратурамен, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамту, білім беру, денсаулық сақтау, статистика салаларында жұмыс атқаратын мемлекеттік органдармен, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерімен, барлық деңгейдегі әкімдіктер мен мәслихаттармен, Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өңірлік өкілдігімен тығыз байланыс орнатылып отыр. Облыстық мемлекеттік органдардан күн сайынғы (облыс әкімдіктің веб-сайты үшін) және апта сайынғы (талдау және мониторинг бөліміне) түсетін мәліметтер басқарманың ақпараттық базасын толықтырып отыруға мүмкіндік береді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің кешенді мониторингі әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуге, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік жіктелуі, еңбекақы төлеудегі сәйкессіздік, азық-түлік тауарларының, қызмет көрсету бағаларының өсуі, еңбек рыногында шетелдік және шекаралас аймақтар, Қазақстанның басқа облыстарынан келген арзан еңбек күштерінің бәсекелестікке түсуі, қазақстандық еңбек заңнамасының бұзылуы және т.б. мәселелерге қатысты тиімді шаралар алуға мүмкіндік жасады.

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында құрамына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, департаменттер және басқармалардың жетекшілері мен жауапты қызметкерлері енгізілген ақпараттық-насихаттау тобы тұрақты түрде аудандар мен шалғай елді мекендерге шығып тұрады. Облыстың аудандарында облыстық ақпараттық-насихаттау тобына көмекші ретінде сол немесе өзге ауданның ерекшелігі есебімен түсінік жұмысын жүргізетін қоғамдық кеңестер құрылды. Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жасақталған медиа-жоспарға сәйкес «Наш общий гражданский долг-думать не о выгоде, а о людях», «Пайданы емес, алдымен халықтың жағдайын ойлайық», «Мы должны быть патриотами», «Баға тұрақты бақылауда» т.б. тұрақты айдарлар ашылды.

2009 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облыстағы орташа ресми жұмыссыздық деңгейі 6,9% (салыстыру үшін 2007 жылы – 7,4%), соның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық 6,6% (2007 жылға көрсеткіш – 9,3%). Жұмыссыздық жағдайын зерделеу, бұл мәселенің облыс халқы, соның ішінде аудандар орталықтары мен село тұрғындары арасындағы маңыздылығын көрсетіп отыр. Жастарды жұмысқа орналастырудағы қиындықтар жоғары оқу орнын бітірушілердің жас ерекшеліктері, мектеп, ЖОО-ы және басқа да оқу орындары түлектерінің жоғары жалақы төленетін мамандықтар бойынша біліктілігіне сай жұмыс орнын таба алмауы, сондай-ақ жұмысқа орналасуда қатаң талаптар қою болып табылады (мысалы, шетел тілін білудің міндеттілігі, еңбек өтілінің 3-5 жыл болуы т.с.с.).

Облыс басшылығымен «ТШО» және «Аджип» компаниясының мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарында қазақстандық жұмысшылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған кешенді ұйымдастыру-құқықтық шаралар кешені бекітілді. Атап айтсақ, 2006 жылдың желтоқсан айынан бастап «Аджип» компаниясының «Болашақ» жобасының құрылыс аумағында облыс әкімі аппаратының «Батыс Ескене» кен орнындағы мекемелермен байланыс жөніндегі бөлім жұмыс жасауда, осындай бөлім 2005 жылдан бастап «Теңіз» кен орнында жұмыс жасайды. Бөлімдерге түскен арыз-шағымдар қаралып, Қазақстан Республикасы заңнамасына сай тиісті шаралар алынуда. Сондай-ақ аталмыш бөлім осы учаскелердегі жағдайды зерделеу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізеді.

Негізсіз жұмыс орындарын қысқарту және жергілікті мамандарды жұмыстан босатуды болдырмау мақсатында облыс, қала және аудандар әкімдіктері тиісті мекемелер басшыларымен Меморандумдарға қол қойды. Барлық мекемелердің қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Жалпы атқарушы органдармен ішкі саяси жағдайларға кері әсерін тигізетін мәселелер мұқият қадағаланып, өңірдегі өзекті әлеуметтік мәселелерді, сондай-ақ, әлеуметтік шиеленістерді шешуге күш салынады.

Мемлекеттік органдар саяси жоспарларды тек жалпыұлттық қана емес, сонымен бірге өңірлік маңызы бар іс-шараларды, «Қазақстан-2030» Стратегиясын, жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды қамтитын республикалық және облыстық оқиғалар шеңберінде іске асырады. Жоспарлау процесін оңтайландыру мақсатында мемлекеттік құрылымдармен, облыстық басқармалармен және аудандық ішкі саясат бөлімдерімен байланыс жолға қойылған.

Бүгінгі күні іс-шараларды жоспарлау кезіндегі ұсталатын нақты бағыт-азаматтық қоғамдық институттар мен диалогтық процестерді күшейту, атаулы ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу. Іс қимыл жоспары негізінен ішкі саясат саласындағы жағдайды бағамдауға және экстремизмнің барлық түріне қарсы тұра алатын, азаматтық қоғамды, облыстағы оң әлеуметтік көңіл-күйді қалыптастыратын тәжірибелік ұсыныстар, қоғамдық санадағы деструктивті көңіл күйді бейтараптандыратын механизмдерді, әлеуметтік шиеленістер деңгейін бәсеңдететін іс-шаралар дайындауды қарастырады .

Сонымен қатар, өңірде анықталған әлеуметтік- саяси мәселелер негізінде әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы жаңартылып отырады. Картаның аналитикалық бөлігінің өлшеміне облыстағы кедейлік, жұмыссыздық деңгейлері, наразылық акцияларының саны, қала, аудандардың әлеуметтік даму ерекшеліктері, өткен сайлаулардың қорытындылары, наразылық деңгейі, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік мәселелерді шешу барысындағы жұмыстары туралы көрсеткіштер енеді.

Жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу, жастар арасында әлеуметтік жағымсыз жайттар, жастардың студенттік мерзімдік жұмыс қозғалысын дамытуды насихаттау, жұмыспен қамту мақсатында студенттік еңбек бірлестіктері басқа аймақтармен қарым–қатынас жасау, жастар бастамасын құруға жағдай жасау және балалар мен жастар қоғамдық қозғалыстарын дамыту өңірлік жастар саясатының басым бағыттары болып табылады.

Облыста 16-ға жуық белсенді жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс жасауда. 2008 жылдың желтоқсанында «Атырау облысы жастары және балалар бірлестіктері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Алдағы уақытта жастардың мәселелерін қарау бағытындағы Стратегиялық жұмыстар «жастарға қамқорлық және көмек көрсетуден» белсенді тәрбиелеуге және жастарды қоғамдық мемлекеттік құрылысқа тарту, сондай-ақ «әлеуметтік дамуына несие беру» болып табылады.

Алға қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында 2009 жылы облыстық бюджеттен 10 млн. теңге бөлініп, төмендегідей бағыттарға жұмсалды:

1. Облыс жастарын дамыту мүмкіндігінің әлеуеті және оны әлеуметтік тәжірибеге енгізу.

2. Жастардың жаңашылдық белсенділігін дамыту.

3. Қоғам өмірінде және өмірдің қиын ағымына тап болған жастарды біріктіру.

Ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмысы тең құқықты әріптестік негізінде олардың арасындағы іс-қимыл бірлігін нығайтуға және дамытуға бағытталған.

Үкіметтік емес ұйымдар қоғамның әлеуметтік тұрақтануына, тұрғындардың ерекше тобының мүдделерін іске асыруға белсенді араласады. Облыста 300-ден астам ҮЕҰ-дар тіркеліп, бүгінгі таңда экология, жастар мен әйелдер секторы, тағы да басқа бағыттарда белсенді жұмыстар жасауда.

2008 жылы облыстық бюджеттен 25 әлеуметтік маңызды жобаларды игеруге 19 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар негізгі бағыты әлеуметтік саладағы мәселелер, ауылды дамыту, Қазақстанның мәдени мұрасын қайта дамыту, құқықтық реформа, азаматтармен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау бағытында жүргізілді. 2008 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясында, келісім-шарт шеңберінде 20 ҮЕҰ өз міндеттемелерін орындап шықты.

Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік органдармен ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту, өзара байланысты жолға қою мақсатында Атырау облысы ҮЕҰ қолдау орталығын құруға ықпал етті.

2009 жылдың 1 қаңтарына Атырау облысы бойынша 9 конфессияға енетін 40 діни бірлестіктер тіркелген. Облыс аумағында 33 ғибадат үйі бар, оның 28-і Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының филиалдары, 1-уі православтық, 2-уі католиктік және 2 протестанттық шіркеулер.

Облыста 12 миссионер есепке алынған, соның ішінде 7-і Римдік-Католиктік шіркеуіне қарасты (7 Польша азаматы), Орыс-Православиелік шіркеуінде Молдова елінен келген 1 миссионер (Молдова азаматы) және «Иманғали» мешітіне Түркия елінен келген 1 миссионер (Түркия азаматы) қызмет атқаруда.

Митингілер, пикеттер, шерулер өткізу фактісі тіркелген жоқ.

Облыс бойынша этникааралық келісімді сақтау және қамтамасыз ету жұмыстары бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар «Этникаарлық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 16 этномәдени орталықтардың жұмысын үйлестіруде.

Атырау облысында 10 республикалық саяси партияның облыстық филиалдары бар. Олар: «Нұр Отан» ХДП, «Ақ жол» ҚДП, «Ауыл» СДП, Қазақстанның патриоттар партиясының, Қазақстан Коммунистік партиясының, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының, «Руханият» партиясының, «Әділет» демократиялық партиясының, «Азат» СДП, Жалпыұлттық социал - демократиялық партиялары облыстық филиалдары.

Алдағы жылдарда басқарма қызметінің басым бағыттары келесі беталыстар болмақ:

1. Мүліктік тараптанудың өсуі, жалақыдағы сәйкессіздік, тауарлар мен қызмет бағасының өсуі, алғашқы қажеттіліктегі бұйымдар, шетелдік жұмыс күші мен Қазақстан облыстарынан және жақын шетелдерден келетін арзан жұмыс күштерінің есебінен еңбек рыногындағы бәсекенің болуын, қазақстандық еңбек заңнамаларынаң бұзылуын болдырмау.

2. Азаматтық қоғам институттарымен диалогтік алаңдарды дамыту. Ақпараттық-насихаттық жұмыстардың атаулылылығын қамтамасыз ету қажеттілігі.

3. Деструктивті діни ағымдармен күрес, қарама қарсы ақпараттық жұмыс.

4. ҮЕҰ қатысты атқарушы органдар алдында тұрған басым міндеттерді ерекшелеп көрсетуге болады.

- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұлғайту арқылы Сорос қоры, Каунтерпарт Қазақстан халықаралық ұйымдардан өңірлік ҮЕҰ-ның қаржылық бағыныштылығын төмендету.

- ҮЕҰ-дың жалпы белсенділігін күшейту, әлеуметтік сектор мәселелерін шешуге қоғам назарын аудару және соған сәйкес саяси құрамнан кету. Қоғамның негізгі белсенді бөлігіне биліктің әсерін күшейту.

- Азаматтардың құқықтық және саяси мәдениетін көтеруге арналған қолда бар медиа-ресурстарды пайдалану.

5. Жастар үшін әлеуметтік қызметтер құру. Жастар арасында әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу. Жас азаматтарды азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелеуге, олардың мәдени, рухани және дене күшін дамытуға ықпал ететін бастамаларын қолдау.


3. Басқарма қызметінің міндеттері, стратегиялық бағыттары және мақсаттары


^ 1. Мемлекеттілікті, ел бірлігін және одан әрі нығайту, ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамдық топтастыруды қамтамасыз ету


Мақсат 1.1 Атырау облысы халқының ел бірлігін қамтамасыз ету және бүкіл қазақстандық патриотизмді қалыптастыру

Міндет 1.1.1 Өңірде ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту, этникааралық және конфессияаралық келісімдерді қамтамасыз ету


Мақсат 1.2 Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту

Міндет 1.2.1 Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты кеңейту


2. Өңірлік ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру


Мақсат 2.1 Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру шеңберінде Атырау облысы халқының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру

Міндет 2.1.1 Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен даму стратегиясын және Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруін ақпараттық қолдау тиімділігін арттыру және кеңейту


Мақсат 2.2 Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Міндет 2.2.1 Сандық телерадиохабар таратуды енгізу

Міндет 2.2.2 Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша медиа-қоғамдастықпен өзара әрекет етуді жандандыру


^ 3. Жастардың дамуына жағдай жасау және оларды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту


Мақсат 3.1 Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға тартылатын жастардың үлесін ұлғайту

Міндет 3.1.1 Қазақстан Республикасының «Жастар саясаты туралы» Заңын түсіндіруге бағытталған ақпараттық саясатты іске асыру


1 Кесте


Атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

^ Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл (есеп)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

^ Стратегиялық бағыт 1.

Мемлекеттілікті, ел бірлігін және одан әрі нығайту, ұлттың тұрақты дамуы үшін қоғамдық топтастыруды қамтамасыз ету

^ Мақсат 1.1 Атырау облысы халқының ел бірлігін қамтамасыз ету және жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру

Нысаналы индикатор

Өңір халқының мемлекеттік даму Стратегиясын

және мемлекеттік саясатты қоғамдық санада

қолдау деңгейі


%

70

75

78

80

85

87

90

^ Міндет 1.1.1 Өңірде халықаралық келісімді, этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту

Этникааралық және конфессияаралық

қатынастар саласында өңір халқының мемлекеттік саясатты қоғамдық санада

қолдау деңгейі

%

65

70

75

80

85

95

100

Ақпараттық-насихаттық

іс-шараларды жүргізу нәтижесінде облыс халқының бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттандырылу деңгейі

%

70

75

80

83

85

90

95

^ Мақсат 1.2. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту

Нысаналы индикатор

























Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын халықтың үлесі

%

65

68

70

72

75

78

80

Міндет 1.2.1. Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты кеңейту

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға тартылған ҮЕҰ

бірлік

15

22

25

28

30

35

40

Мемлекеттік саясатттың неізгі бағыттарын және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттауға арналған шаралар барысында қамтылған ересек тұрғындардың үлесі

%

62

68

76

83

88

93

95

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ-дың қызметін пайдаланған тұрғындардың үлесі

%

10

13

16

19

22

25

30

Азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткен сұхбат алаңдардың саны

бірлік

-

-

2

3

5

8

10


  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны iconАтырау облысы Білім беру басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Атырау қаласы Мазмұны
...
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны iconАтырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Басқарма қызметінің стратегиялық бағыты, стратегиялық даму мақсаттары және нысаналы индикаторлары
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны iconАтырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Миссия және пайымдау бет
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны icon«Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Аудандық ішкі саясат бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекелдері
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны iconМаңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Ақтау қ., 2010 жыл Мазмұны Бет
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны iconАтырау облысы Мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау, 2009 жыл Мазмұны
Миссия – облыстың халқы мен ұйымдарына мұрағат ісі мен құжаттамалық қамтамасыз ету саласында сапалы және қолжетімді қызмет ұсыну
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны iconҚарағанды облысы мәдениет басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерінің тізімі
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы