Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы icon

Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы



НазваниеКелісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы
Дата конвертации09.11.2012
Размер90.9 Kb.
ТипДокументы
источник

№8


КЕЛІСІМ ШАРТ


« Қаратал орта мектебі» ММ спорт залының еденін ағымдағы жөндеу

Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы


Қаратал ауылы 2010 жыл 22 сәүір


Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын Қаратал орта мектебі мемлекеттік мекемесі атынан 1999 жылғы 7шілде № 100-1917-04 ММ куәілік,28 желтоқсан №979 2009 жылы бекітілген Жарғы негізінде мектеп директоры Базаров Нұрахмет бір тараптан және бұдан әрі өнім беруші деп аталатын,ЖШС «Зайсан-Строй-Сервис» атынан № 91-1917-04 ЖШС 28.01.2009 жылғы Жарғы негізінде әрекет ететін ЖШС директоры Баймуханбетов Бауыржан Сайлауұлы екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі Заң) және 2010 жылғы 17 сәүірде өткен Мемлекеттік сатып алу туралы (бәр көзден тәсілімен) қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алутуралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:


^ 1. Бюджеттік программалардың атауы.

464-аудандық білім беру бөлімі

011-өңірлік жұмыс берумен қамту және қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде білім объектілерін күрделі ағымдағы жөндеу.

029-ауданның бюджет есебінен

149-өзге де қызметтер мен жұмыстар.


2. Шарттың мәні

2.1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – Қаратал орта мектебі мемлекеттік мекемесі Тапсырыс беруші үшін мемлекеттік сатып алуды Қаратал орта мектебінің спорт залының еденін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жариялады және Мердігердің 2259250 теңге (бұдан әрі Шарттың бағасы) мөлшерінде осы жұмыстарды орындауға конкурстық өтінімін қабылдады.

2.2.Жұмыстар жоба бойынша орындалады. Қаратал орта мектебінің спорт залының еденін ағымдағы жөндеу жұмыстары, Қаратал орта мектебі, Қаратал ауылы.

Бас жобалаушы: Зайсан аудандық құрылыс және архитектура бөлімі, Зайсан қаласы.


^ 3. Тараптардың міндеттері.


3.1.Өнім беруші Шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың атқарылуын қамтамасыз ету үшін банктік кепілдік түрін таңдайды.

3.2.Мердігер осы Шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуді міндетіне алады.

3.3.Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында объект құрылысын салу мәселелеріне қатысты ресми қатынас жазбаша түрде ғана күшке ие болады.

3.4.Тапсырыс беруші Мердігерге объектінің ағымдағы жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын береді.

3.5.Мердігер негізгі қызметтерге біліктілігі туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлерді жалдайды. Бұл адамдарды басқасына ауыстырған кезде Мердігер мұндай ауыстыруға Тапсырыс берушінің келісімін алуға тиіс. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтерде санамаланған қызметкерлердің біліктілігіне тең немесе одан жоғары болуы тиіс.

3.6.Егер Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігердің адамдарын, себептерін көрсете отырып, Объектіде жұмыстарды орындаудан алыстатуды сұрайтын болса, Мердігер мұндай адамды

72 сағат ішінде құрылыс объектісінен кетіруге міндетті, одан кейін бұл адамның осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланысқа ие болмауы тиіс.


^ 4.Тараптардың жауапкершілігі.


4.1.Мердігер Тапсырыс берушінің мүлкіне және өз қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуымен байланысты және Шартты орындау салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты.

4.2.Мердігер объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауап береді.

4.3.Тапсырыс беруші Шарт бойынша жұмыстардың орындалуын қадағалайды.

4.4.Егер Мердігер Шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау-смета құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Мердігерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін жұмыстардың бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.

4.5.Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендіру) және тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша немесе әірекеттерімен жауап бермесе Тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген Ақауларды түзетуге жағдайы болмаса , Тапсырыс беруші өзінің басқадай әсер ету әдістерін қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындай алады.

4.6. Мердігер 10 жұмыс күн мерзім ішінде Тапсырыс берушіге Объектінің ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстардың орындау тәртібі мен мерзімінің кестесін бекітеді.

4.7.Тапсырыс беруші конкурстық өтініміне сәйкес, төлемдерді жүргізу кестесін бекітіп, мердігерге ұсынады.

4.8. Мердігер білімін және қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға міндетті. Мердігер құралдар, техниканың және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты және бақылауды жүзеге асырады.

4.9. Мердігер өз қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен кемшіліктері үшін Тапсырыс беруші алдында жауапты болады.

4.10.Тапсырыс беруші істелген жұмыстарды тексеру үшін сынақ жүргізе алады. Егер тексеруден кейін тексерілген жұмыс ақаулы болып шықса, Мердігер жұмыстардың ақауын түзетуге міндеттенеді.

4.11.Тапсырыс беруші табылған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды түзету мерзімін көрсете отырып, Мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді.

4.12. Мердігер Ақаулар туралы хабарламаны алып, Ақауды Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт кезеңі ішінде жоюға міндетті.


^ 5. Есеп айырысу тәртібі.


5.1.Ақы төлеу нысаны : аудару

5.2.Төлемдердің түрлері мен мерзімі: мамыр айында 30% аванстық төлем шарттағы көрсетілген жалпы соммадан 649750 тенге, қабылдап алу-беру актісі бойынша ағымдағы төлемдер 805000 тенге маусым айында, соңғы төлем ақы 805 000 тенге шілде айында.

5.3.Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар: шот-фактура және жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі әр апта сайын.

5.4.Тапсырыс беруші Мердігерге 649750 тенге сомада аванстық төлем (алдын ала төлеу) жүргізеді. Мердігер төленген авансты осы шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін талап етілетін материалдарға жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдалануы тиіс.

5.5. Тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың көлеміне байланысты жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі негізінде төлемдер жүргізеді.

Төлем мерзімі әр айдың соңғы аптасы.

5.6.Ұсталған сома Мердігерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін және шалалықтар мен Ақаулар тізбесі жойылғаннан кейін ғана төленеді.

5.7.Мердігер Тапсырыс берушіге шарт бойынша жеткізіліп берілетін материалдар мен жабдықтардың жақсы сапада және техникалық өзіндік ерекшеліктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын құжаттарды беруге тиіс.


^ 6. Тараптардың құқығы


6.1.Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті 5 (бес) жыл мерзімге береді.

6.2.Егер басқа тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуір бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады:

1) егер Мердігер жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса

2) Мердігер Тапсырыс беруші белгілеген негізгі уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса

3) Мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса

4) Мердігер жобалау құжаттамасында көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтарын және ережелерін ескермейтін болса.

6.3.Егер Шарт Мердігердің Шартты едәуір бұзуы себебінен бұзылса, Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің жаңа Мердігерді таңдауына аванстар мен шығындарды шегере отырып, Мердігерге іс жүзінде орындалған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді.

6.4. Егер Мердігердің Шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.

6.5.Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды,сондайақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрлыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

6.6.Мердігер өнім беруді ұйымдастыру, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау,тиеу және сақтау үшін жауапты.

6.7.Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді.Сақтау,төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелерді ғана пайдаланады.

6.8 Материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп қабылдайды және тексереді,құрылыс алаңында тиеуді Мердігер жүзеге асырады. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушіге қайтарылуы тиіс.

6.9.Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге тиіс.

6.10.Егер Мердігер Учаскені осы Шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкін.

6.11.Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.

6.12.Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.

6.13.Жұмыс комиссиясы актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады.

6.14.Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шалалықтарды жою күні Шарттың аяқталған күні болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.

6.15.Егер Мердігер Шартта айтылған мерзімде жұмысты орындамаса Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бір мерзімі өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.

6.16.Жұмыстардың басталатын мерзімі 15 мамыр болып саналады.

6.17.Мердігер осы шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін 60 (алпыс) күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.

6.18.Әлеуетті өнім беруші (мердігер) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.

6.19.Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған төлем үшін осы Шартта айтылған соманы төлеуге міндетті.

6.20.Осы Шарт бойынша Мердігерге түпкілікті ақы төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және Ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.


^ 7.Дауларды шешу.


7.1.Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үрдісінде шешеді.

7.2.Егер Шарт бойынша дауды 10 (он) күн ішінде тапсырыс беруші мен Өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.


8. Форс-мажор


8.1.Егерде бұл орындамаушылық форс-мажорлық жағдайларға (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, әскери жағдайлар) байланысты болса жауапкершіліктен босатылады. Осы шарт бойынша міндеттемелерді тиісті атқару мүмкін болмаса толық және жартылай орындамау міндетінен босатылады.

8.2.Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер жұмыстарды орындау үрдісінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын Ақаулар анықталған жағдайларда Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көрсетілген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.

8.3.Осы шартқа Қазақстан Республикасының сот, заң шығарушы және орындаушы биліктер органдарының шешімінен, осы келісімдегі бір немесе екі жақта міндеттемені орындауға мүмкіндік бермесе жауапкершілік алмайды.


^ 9.Енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

9.1. Шарт қазынашылық басқармасында тіркеліп , екі жақтың қолы қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекетте болады.

9.2.Осы шартта жасалған өзгертулер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша жазбаша түрде жасалады және шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

9.3.Осы Шарт бірдей заңдылық күші бар, Тараптардың әрқайсысына 1 данадан жасалған.


^ 10. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері.



Тапсырыс беруші


Қаратал орта мектебі ММ

ШҚО Зайсан ауданы Қаратал ауылы

Тел. 24-790

СТН180400000979

ИИК 000130067

БИК 195301070

ҚР.ҚМ Қазынашылық комитеті ММ

Астана қаласы

Базаров Н.____________

______________________

(қолы)


2010 жыл «........»..............................


М.П.

Өнім беруші

ЖШС «Зайсан-Строй-Сервис»

ШҚО Зайсан ауданы, Қаратал ауылы

СТН 180400211064

ИИК 120467455

БИК 190901749

АҚ «Банк Центр Кредит» ШҚО филиалы Өскемен қаласы

БИН 090140017122

Баймуханбетов Б.С.

__________________________

(қолы)


2010 жыл «........»...............................


М.Ө.




Похожие:

Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconКонкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттама Қаратал орта мектебі мм «Қаратал орта мектебі мм-ісінің»
Мм «Қаратал орта мектебі мм-ісінің» спорт залының еденін ағымдағы жөндеуден өткізугу мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconБір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Қортындысы туралы хаттама Қаратал ауылы 21. 04. 2010ж
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қаратал орта мектебі мм,Қаратал ауылы «Қаратал орта мектебінің» спорт залының еденін жөндеу...
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconТауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысуға
«Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconКонкурсқА Қатысуға жіберу туралы хаттама «Айнабұлақ орта мектебі» мм-ісінің спорт залының еденін ағымдағы жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс
«Айнабұлақ орта мектебі» мм-ісінің спорт залының еденін ағымдағы жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconБір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қортындысы туралы хаттама
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы : «Айнабұлақ орта мектебі» мм, Айнабұлақ ауылы «Айнабұлақ орта мектебінің спорт залының еденін...
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconТауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысуға
«Айнабұлақ орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы icon«Қазақстан орта мектебі» мм ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы Үлкен-Қаратал ауылы 2010жылы «31» наурыз
Бауыржан Сайлауұлы екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі Заң) және 2010 жылғы «16» наурызда өткен Мемлекеттік...
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconКонкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттама «Амангелды атындағы орта мектебі мм»
«Амангелды атындағы орта мектебі мм» «Мектеп ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарын» жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу ашық...
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconҚортындысы туралы хаттама Зайсан қаласы 16. 03. 2010 ж Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы : Қазақстан орта мектебі мм, Үлкен-Қаратал ауылы «Қазақстан орта мектебінің»
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы : Қазақстан орта мектебі мм, Үлкен-Қаратал ауылы «Қазақстан орта мектебінің» төбені жөндеу...
Келісім шарт «Қаратал орта мектебі» мм спорт залының еденін ағымдағы жөндеу Жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы iconКелісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп»
«Мукарама атындағы орта мектеп» мм ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов