Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, icon

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын,



НазваниеҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын,
Дата конвертации08.04.2013
Размер108.36 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасының 15 жылдығына орай түсіндіру мен насихаттау жұмыстары туралы


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын аудан тұрғындары арасында насихаттап түсіндіру аудандық ішкі саясат бөлімінің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Елбасы Жолдауын, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын, қосымша «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөздерін, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясындағы баяндамасын, Қазақстан Республикасының рәміздеріне 20 жыл, «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасына 15 жыл толуына орай ақпараттық-насихаттау жоспары жасалып, аудан әкімімен бекітілген. Ақпараттық-насихат жұмыстарымен айналысатын 39 ақпараттық-насихат тобы құрылған, олардың құрамында алғашында 164 адам болса, 2012 жылдың маусым айынан бастап ақпараттық-насихат топтарының құрамы аудан ардагерлері, қоғам қайраткерлері және жастармен толықтырылып, 182 адамға жетті.

Ақпараттық түсініктеме жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аудандық бөлімшесінің мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелері, жастар өкілдері тартылған.

3 ақпан күні Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы идеологиялық жұмыстың негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы актив жиыны өткізілді. Жиын барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы жан-жақты талқыланып, аудандық «Достық» газеті арқылы дайындалған Жолдаудың 120 дана толық мәтіні аудан жұртшылығына таратылды. Жиында ауданда ақпараттық-насихат топтарының елді-мекендерді аралау кестесі бекітіліп, насихат топтарына әдістемелік құралдарға қосымша ауданның 2011 жылғы даму қорытындысы және 2012 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-қимыл жоспары тапсырылды. Осы кестеге сәйкес ауданның 33 елді-мекенінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 218 кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Мұндай жиындар 8 ауылдық округтердің орталықтарында да өтіп, барлығы 22300 адам қамтылды. Хаттамалар жасалынып, ішкі саясат бөлімінде жинақталды. Өткізілген жиындар жөнінде есептер алынып, сараптама жасалды. Сараптама қорытындысы аудан жұртшылығының Елбасы Жоладауын кеңінен қолдайтынын көрсетті.

Аудандық ақпараттық-насихат топтарымен қаңтар-қазан айларында Жолдаумен таныстыру және ауданда жүзеге асыру барысы туралы кездесулер өткізіліп, 1500 дана методикалық құралдар таратылды. Олар: Жолдаудың толық мәтіні, Қазақстан Республикасының Рәміздерінің бекітілгеніне 20 жыл, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы, «Еңселі елдікке еңбек жеткізеді» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбаты; ҰОС жеңісіне 67 жыл туралы, Заңғар тұлға М.Әуезовтың туғанына 115 жыл, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің құрылғанына 20 жыл, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы.

Аудандық ақпараттық-насихат топтары қаңтар-ақпан айларында Елбасы Жолдауымен таныстыру, насихаттау жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар қала, ауыл әкімдерінің халықпен кездесулері өтіп, халық алдындағы есептері берілді. Елбасы Жолдауында берілген 10 түрлі стратегиялық бағыттары бойынша атқарылатын шараларға тоқталып, орындалуының қамтамасыз етілуін басты міндет етіп қойды. Аудан әкімдігі жанындағы дербес бөлімдердің жылдық есептері сараланып, 2012 жылға жоспарлары бекітілді. Аудан әкімі аудан халқымен кездесулерінде өткен жылдың қорытынды есебін беріп, Елбасының биылғы Қазақстан Халқына арнаған Жолдауының басты бағыттары бойынша ауданда жоспарланған жұмыстарды саралап, барлық атқарылатын жұмыстардың халықтың әл-ауқатын арттыруға, тұрмыстарының жақсаруына бағытталатыны жөнінде айтып өтті. Жолдаудың басты бағыттарының бірі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы, қолжетімді баспана, ауыл шаруашылығын дамыту, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Зайсан қаласын шағын қалалар қатарына енгізу арқылы дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді жалғастыру, ауданның үлкен елді-мекендерінің тірек ауылдар қатарына енгізу, білім беру жүйесі мен медицинаға байланысты тың тапсырмалар жүктеліп, орындалуы бақылауға алынатындығы белгіленді.

Жолдаудың жетінші бағытында берілген елімізде адами капиталдың сапалы өсуі, оның ішінде оқу үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөнінде, яғни патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық сияқты құндылықтардың жас ұрпақтың бойына сіңіру қажеттігі туралы баса айтылған. Осыған орай Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 23 жыл толуына байланысты аудандағы Ауған соғысы ескерткіші алдында ауған ардагерлері, мектеп оқушылары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, жастардың қатысуымен салтанатты митинг өтіп, соңы спорттық сайыстар және мәдени шаралармен жалғасты.

Жалпы ақпан айында ауданның ақпараттық-насихат топтары Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттап, 42 елді-мекенде, 40 еңбек ұжымдарында, 29 мектепте тұрғындармен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында ауданның, облыстың, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәліметтер берілді. Жиын кезінде түскен ұсыныс-пікірлер жинақталып, оларға тиісті жауаптар берілді.

Наурыз айында әр округте, мекемелерде ақпараттық-насихат топ мүшелері кездесулер өткізді. 1 наурыз «Партия күніне» орай «Нұр Отан» ХДП және аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлескен акция өткізілді, акцияның саяси мазмұны Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын идеяларға негізделді. Шараға «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, қала, ауыл округтерінің әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, мекеме басшылары, «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері қатысты. «Нұр Отан» ХДП тарихы туралы дайындалған кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ел сөзі» атты естелік кітабына қатысушылар естеліктерін қалдырды.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекелерінің идеялық-саяси мазмұны ретінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру болып табылады. Өткен жылы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 20 жарқын іс акциясы биылғы жылы жалғасын табатынына, елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын бастау туралы жоспарлар бекітіліп, жұмыстар бастау алды.

Сәуір айында Елбасы Жолдауындағы оныншы бағыт – ауыл шаруашылығын дамыту бойынша аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі ауыл шаруашылығының жәйі және көктемгі егістік науқаны туралы болып, Кеңсай ауылында өтті. Келелі мәселелер қозғалып, тапсырмалар айқындалды. Жолдауды халық арасында насихаттауды мәдени тұрғыда қолдау барысында аудандық мәдениет үйі жанындағы «Зайсан халық театрының» құрылғанына 50 жыл толуына орай, театр өнерпаздары М.Әуезовтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымымен барлық елді мекендерді аралап, шағын концерттік бағдарламаларын берді. Сондай-ақ барлық ауылдық округтерінің көркемөнерпаздары ақпараттық үгіт топтарымен бірге шағын концерттік бағдарламаларын берді. Барлығы 100-ге тарта кездесулер өткізіліп, оған 5 000 адам қамтылды.

Мамыр айында Жолдауды насихаттау барысында ақпараттық-насихат топтары Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 67 жылдығы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдық мерейтойы, Ардагерлер кеңесінің құрылғанына 25 жыл толу мерейтойларын, «Болашақ бүгіннен басталады» және «Жасыл ел» республикалық акцияларын өткізу барысында идеялық – саяси мазмұны ретінде Жолдаудың басым бағыттарын алды.

Маусым айы саяси мерекелердің бастысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 20 жыл толу мерейтойынан басталып, Елбасы Жолдауындағы жастардың бойына тәрбиелік құндылықтарды қалыптастырудағы басты мақсат олардыөз елін, өз Отанын сүюге тәрбиелеу, өз елінің нышандарын білдіретін мемлекеттік рәміздерін бойтұмарындай қорғау және сақтауға үйрету болып табылғандықтан мерекелік шаралардың идеялық мазмұны осы міндеттерге негізделіп өткізілді. Сол сияқты Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне орай ұйымдастырылған шығыс шекара өңірлерінің «Достық» эстафетасы аудандағы 2017 әскери бөлімінің шекарашыларымен жоғары патриоттық деңгейде қабыл алынды. Сонымен қатар «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетасы бастау алып, жастар туған жеріне деген патриоттық сезіммен, үлкен құлшыныспен көркейту, гүлдендіру, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Ауыл, қала әкімдерінің ақпараттық-насихат топтары шаруа қожалықтары, мектеп, мекеме ұжымдары мен балабақшаларда, мәдениет үйлері мен аудан бөлімдерінде, банктер мен мекемелерде, ауыл округтерінде, т.б. жерлерде арнайы дайындалып берілген әдістемелік материалдары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аудан мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жодаумен таныстыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

Ақпараттық-насихат топтарының кездесулері барысында түскен өтініштерге жүйелі түрде жауаптар беріліп отырды, жүргізілген мониторинг барысында Елбасының биылғы Жолдауды шыққаннан бері аудан тұрғындарынан әлеуметтік, саяси-экономикалық сипаттағы сұрақтары азайғаны байқалды.

Ағымдағы жылдың 22 тамызында аудан әкімшілігінің мәжіліс залында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы аясында аудан жастарымен кездесу, дөңгелек үстел өткізілді. Оған барлығы 60 қатысушы қатысты.

Ел болашағына қуатты серпін беретін аталған маңызды құжат туралы жастардың пікірін біліп, шешімін таппаған мәселелер талқыланып, пікір алмасу өткізілді. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру жолындағы қала, ауыл округтері жастар мамандарының атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды. Бұдан өзге де аудан мектептерінде елбасының аталған тапсырмаларын кеңінен түсіндіру мақсатында аудандағы 26 мектепте ашық сабақтар өткізу жүктеліп, өткізілді. Зайсан ауданы бойынша қала және 8 ауылдық округтің акт залдары мен мектептерінде, кітапханаларында кездесулер ұйымдастырылып, халықтың Елбасы жүктеген 20 тапсырмаға деген оң көзқарасы, жүзеге асыруға деген құлшынысы мен қолдауы анық байқалды. Зайсан қаласы көлемінде жоғарыда аталған бағдарламалық мақала бойынша ақпараттық-насихат топтары 40 жерде (мекемелер, мектептер, бөлімдер, т.б.) түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 8 ауылдық округте насихат жұмыстарын жасады.

Зайсан ауданы бойынша «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, ол бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынып, жүзеге асырылды.

Аудандық «Достық» газетінде шілде айынан бері 11 мақала жарияланды. Олардың қатарында «Әр адам өз мүмкіндігін пайдаланса», «Ынталыға – ырыс үйір», «Кемел келешекке жасалған қадам», «Тарих парағындағы маңызды құжаттың бірі», «Жаңа белес айқындалды», «Талпынысқа бағыт берді» секілді материалдарды атауға болады. Елбасының бағдарламалық мақаласын түсіндіру және насихаттау жөніндегі материалдар аудан әкімінің сайтына жүйелі түрде орналастырылып, интернет пайдаланушылардың назарына ұсынылып тұрады.

Мемлекеттік және бұқаралық мерекелердің үйлестіруші факторын барынша пайдалану мақсатында Жолдаудың идеялары барлық даталы күндерде қолданылды. Жыл басынан бері аудан әкімінің мақсатты топтармен оның ішінде: жастармен, ақсақалдар алқасымен, белсенді әйелдермен, аудан ардагерлерімен кездесулері ұйымдастырылды.

Жолдауды насихаттау мақсатында 2012 жылдың 10 айында барлығы 28 дөңгелек үстел, 3 әлеуметтік акция, 3 митинг, 12 пікірталас алаңшары, 10 семинар, 5 жастар акциясы,әрбір даталы күндерге арналған спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған стендтердің жобасы дайындалып, барлық мектептерде, ауыл округ әкімшіліктерінде, мәдениет үйлерінде орнатылды және барлық кітапханаларда арнайы тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды. Барлық білім беру және мәдениет саласындағы мекемелерде Жолдауға байланысты арнайы ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылды. Жолдауды насихаттауда қоғамдық – саяси және әлеуметтік бағыттарды айқындайтын сыртқы жарнамалар қолданылды. Ауданда Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жодауының 10 басым бағыттары бойынша әртүрлі тақырыпта 85 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер) және қосымша 130 лайтбокстар орнатылды. «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасының 15 жылдығына арналған іс-шаралардың бекітілген жоспары бойынша ауданда бірқатар іс-шаралар өткізілді және көрнекілік көмекші құралдар 16 баннер және 160 лайтбокс пен қалқаншалар жасалынып, қала және ауылдық округтерде орнатылды. Аудандық кітапхана, ауылдық округтердегі кітапханалар мен аудандағы мектеп кітапханаларында «Жаңа стратегия – жарқын болашақ», «Қазақстан – 2030» Стратегиясы істе» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстан-2030: 15 жыл жасампаздық, демократия және бейбітшілік бағытымен», «Қазақстан - 2030» Стратегиясы және оның экономикалық басымдығы» атты дөңгелек үстелдер өткізілді.

Жолдауды насихаттау бойныша медиа-жоспар жасалынып бекітілген. Аудандық газеттің 31 қаңтар күнгі №9 санында Елбасы Жодауының толық мәтіні және «Мақсаттарға негіз қалаған Жолдау», «Жолдау: Болашақ айқын, мақсат биік», «Жолдау жүгі», «Жолдаудың талабы – халыққа сапалы қызмет», «Елбасы Жолдауына орай», «Жолдау – келешекке жолнұсқа», «Жолдаудың міндеттері» атты арнайы айдарлар ашылып, осы уақытқа дейін барлығы 41 мақала жарияланды.

Сонымен қатар облыстық басылымдарға мақалалар жариялау кестесіне сәйкес 10 айда:

  • «Дидар» газетінде – 10;

  • «Рудный Алтай» газетінде – 8;

  • «Семей таңы» газетінде – 26.

Республикалық басылымдарда:

  • Республикалық «Егемен Қазақстан» басылымында – 5,

  • «Айқын» газетінде – 2 мақала жарияланды.

Мемлекеттік органдар жетекшілерінің Жолдау тақырыбы бойынша сөз сөйлеу кестесі жасалып, бүгінгі күнге 12 мақала жарияланды. «Достық» газетіне аудандық білім, ауылшаруашылығы, экономика, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік бағдарламалар, төтенше жағдайлар бөлімдері өз салалары бойынша мақалаларын уақытында жариялап отырды.

Президенттің Жолдауын түсіндіру және насихаттау жөніндегі материалдар облыс және аудан әкімдерінің сайтына жүйелі түрде орналастырылып отыр.

Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы фильм дайындалып, аудан әкімінің есеп беру жиналыстарында қолданылды. Наурыз мерекесіне орай облыстағы телевидение шақыртылып, аудан туралы ақпараттар көрсетілді. Сондай-ақ облыста көлемі жағынан елімізде 3-ші болып саналатын мешіт үйіне аудан азаматтары ораза айында 2 рет барып көмектесіп, ауызашар берді, телевидение, газет арқылы ақпараттар берілді.

Еліміздің Тұңғыш Президенті күнінің 1 желтоқсанға белгіленіп мереке күні ретінде биылғы жылдан бастап аталып өтуіне орай, АНТ топтарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік саясатының Тәуелсіз Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі, ТМД-дағы алдыңғы орынға алып шыққанына, халықаралық аренада мойындалғанына, элеуметтік-бағдарлы экономикасы бар заманауи, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз етудегі жүргізіп отырған салиқалы ішкі және сыртқы саясаты, мемлекет азаматтарының үйлесімді және жан-жақты дамуы, олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, ұлтаралық келісімнің сақталуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жасауы, қоғамдық санада инновациялық индустрияландыру, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру, әлеуметтік жаңғырту, Еуразиялық интеграция жөніндегі және тағы да басқа көптеген еңбектері туралы көрнекі құралдары даярланып таратылды. Аудандық «Достық» газетінде арнайы айдар ашылып,қазақстан Республикасының Президенті жайлы зиялы қауым, ҮЕҰ-дар, жастар өкілдерінің, мекеме басшыларының пікірлері, мақалалары жарық көруде.

Жыл көлемінде «Жолдауды білесіз бе?», «Ауданның қоғамдық-саяси жағдайы» туралы сауалнама жүргізіліп, 5000-ға тарта аудан тұрғындары сұралды. Зерттеу жұмыстары арқылы Жолдаудың басымдықтарын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдау деңгейінің әлеуметтанулық диагностикасы, жергілікті мемлекеттік органдардың Жолдаудың іске асырылуы барысы жөніндегі қызметі нәтижелерінің бағалары, Президент Жолдауы туралы аудан тұрғындарының ақпараттану деңгейі анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша аудан тұрғындары Жолдау туралы толық ақпараттанғаны және толық қолдайтындары анықталды.



Похожие:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconҚазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы А. Мусиннің 2012 жылғы 8 ақпандағы №01-38. 17 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, icon«бекітемін» Аудан әкімі С. Зайнулдин 2012 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстанның дамуының басты бағыты»
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстанның дамуының басты...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің кезекті есеп берудегі баяндамасының тезистері. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауынан туындайтын...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің кезекті есеп берудегі баяндамасының тезистері. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауынан туындайтын...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconҚазақстан Республикасы Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық-насихаттау Жоспары
Республикасы Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconБекітемін облыс әкімінің орынбасары С. Нұрқатова 2012 жыл
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconБекітемін: Тарбағатай ауданының әкімі Е. Текешов
Азақстан республикасының президенті н.ә. нАзарбаевтың 2012 жылғЫ 27 ҚАҢтардағЫ «Әлеуметтік-экономикалық жаңҒырту – Қазақстан дамуының...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconҚазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына...
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, iconБекітемін: Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Р. А. Атаева
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы