«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon

«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің



Название«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Дата конвертации29.10.2012
Размер392.91 Kb.
ТипДокументы
источник


Зайсан ауданы әкімдігінің

2010 жылғы «11» қаңтар

№ 1004 қаулысымен бекітілді


«Зайсан ауданы әкімдігінің

ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Мазмұны


1.


Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімінің миссиясы және ертеңгі күнді пайымдауы


2.


Ағымдағы жағдайды талдау

3.

Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері


4.


Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекел


5.


Нормативтік-құқықтық база

6.


Бюджеттік бағдарламалар



1. Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) миссиясы және ертеңгі күнді пайымдауы


Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) миссиясыаудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастардың дамуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

Бөлімнің ертеңгі күнді пайымдауы –аудандағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал, толерантты ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас, бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік, дамыған үкіметтік емес сектор, жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін іске асырудың толықтығы.

^

2. Ағымдағы жағдайды талдау



Қазақстандық саясаттың ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісім тәрізді негізгі басымдықтары өзгеріссіз қалып отыр.

2009 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясының, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Президент Жолдауының, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі басымдықтарын іске асырудың барысын жария ету бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудандық АНТ жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлермен қатар «Нұр Отан» партиясының мүшелері, жастар, үкіметтік емес ұйымдары, мәслихат депутаттары тартылып, жұмыстарын жүргізуде.

Аудандық БАҚ бәсекеге қабілеттілік мәселелері. Аудандық бюджеттен ақпараттық қызметтер көрсетуді қаржыландырудың жыл сайын артуы мемлекеттің медиа-нарықтағы мүддесін кеңейтуге, аудандық «Достық» газетінің «күн тәртібін» қалыптастыруға, тұрғындардың жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттануын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, техникалық жарақталудың нашарлығы, журналист мамандардың жеткіліксіздігі аудандық «Достық» газетіне негізгі проблемалары болып қалып отыр. 2009 жылы газеттің құрылымы өзгеріп, жас кадрларды тарту, газеттің форматын өзгертіп, облыста басу тәрізді жаңадан өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңдағы жастар саясаты саласындағы басты басымдық елдің болашақ дамуын қамтамасыз етуге қабілетті зиятты және рухани-адамгершілік қасиеттерге ие тұлғаларды қалыптастыру.

Жүйелі жастар саясатын жүргізу қажеттілігі жас адамның өзінің әлеуметтену үдерісінде кездесетін өмірлік қиыншылықтардан туындап отыр. Жастардың жекеленген бөлігі өздерінің біліктілік және кәсіби дайындық деңгейінің төмендігінен, әлеуметтік және психологиялық тұрғыда пісіп-жетілмеуінен тұрғындардың ең аз қорғалған бөлігін құрайды.

Демократиялық қоғам дамуының көрсеткіштерінің бірі жастардың шешімдерді талқылауларға және қабылдауға қатысуы болып табылады. Осы мәселеге қатысты кейбір оңды тәжірибелерге (Жастар ісі жөніндегі аудандық кеңес, қоғамдық тыңдаулар, форумдар) қарамастан, бұл тетік әзірше жеткілікті деңгейде дамымаған.

Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу маңыздырақ мәселенің бірі болып табылады. Қазіргі заманғы патриотизм ұғымы көп нұсқалығымен, әр түрлілігімен және бір мәнді еместігімен сипатталатындығын ескеру қажет.

Ауданда «Бастау-Зайсан жастар» жастар қоғамдық бірлестігі және оның филиалдары, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты тәрізді белсенді ұйымдар кіретін жастар ұйымдары жұмыс істейді. Олар бүгінгі күні жастар арасындағы шынайы белсенді жұмыс орталықтарына айналу кезеңінде тұр.

Жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаларды іске асыруды қаржыландыру көлемі 2007 жылға 500 мың теңге, 2008 жылға 500 мың теңге, 2009 жылға 280 мың теңге болса, 2009-2011 жылдары 4,5 млн. теңге қаржы игерілмек. Аудандық бағдарламмен қатар, облыстық әлеуметтік жобалар жәрмеңкесіне қатысу арқылы 2010 жылы 1,5 млн . теңге, 2011 жылы 2 млн тенге, 2012 жылы 3.млн тенге. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруға биылғы жылы жастардың белсенділігін арттыру жобасы әлеуметтік тапсырыстар жәрмеңкесіне ұсынылды.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы ынтымақтастық мәселелері мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады және оның еліміздің саяси жүйесін жаңарту кезіндегі өзектілігі одан сайын артып келеді. Осы өзара іс-қимыл арқылы халықтың қоғамдық үдерістерге, қоғам мен мемлекет арасындағы сұхбатты дамытуға кеңінен қатысуы қамтамасыз етіледі.

Аталған сұхбат ауданда консультативтік-кеңестік органдар (Ақпараттық саясат Алқасы, ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, Қоғамдық кеңес, Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күресті үйлестіру , жастар ісі жөніндегі кеңестері және басқалар) және сұхбат алаңдары арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтық қоғам-билік» қарым-қатынасындағы «кері байланыс» тетігі қажетті дәрежеде пысықталмаған, бұл ретте жұртшылықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерді талқылауға және шешімдер қабылдауға қатысуы шектеулі болып отыр.

Азаматтық қоғам әлеуеті мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде нашар пайдаланылады. Аудандық құрылымдардың ішінен азаматтық қоғам секторымен белсенді ынтымақтастық жүргізіп отырған ішкі саясат бөлімі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру, спорт және туризм, экономика, кәсіпкерлік бөлімдері ынтымақтастық жүйелерін жетілдіруде. Ынтымақтастықты кеңейту азаматтық қоғамды шешімдер қабылдауға және мемлекеттік органдар қызметіне сараптамалық баға беруге тарту аудандық бюджеттік бағдарламалардың сапасын, қайтарымы мен тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Дінаралық қатынастарды реттеу арқылы азаматтық ынтымақ пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау ішкі саясаттың өзекті мәселесі болып табылады.

Бүгінгі таңда ауданда 11 діни бірлестік жұмыс істейді, олар әділет органдарында тіркелген. Ауданда миссионер ретінде шетел азаматтары тіркелген жоқ. Жалпы діни бірлестіктердің жұмысы билік органдарымен өзара қарым-қатынасы сындарлы негізде құрылады.

Дегенмен, осы салаға қатысты негізгі мәселелер ішінен діни экстремизм идеяларының таралу қауіпін бөліп атаған жөн. Аталған қауіптің жаһандық сипаты осы әлеуметтік-саяси көрініске пәрменді қарсы тұру жолдарын іздеуді талап етеді. Осы мақсатта ішкі саясат бөлімінің құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстарын жетілдіру қажет.

Аудандық «Достық» газетінде деструктивті бағыттағы түрлі секталар мен діни ағымдардың адамға және санаға әсер ету қауіпі жайындағы материалдар жариялан жоқ. Аудан көлемінде бұндай бағыттағы ақпараттардың таралуы болған жоқ. Дәстүрлі дін жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Әйткенмен, аудан аумағында әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында діни ағымдардың деструктивті әсері рөлінің күшейетіндігі туралы болжамдарын ескеріп, бұл мақсаттағы жұмыстарды жандандыра түсу қажет.

Ішкі саясат саласындағы талдамалық және зерттеу жұмыстары Талдау және болжау институтымен бірге жүзеге асырылады. 2008, 2009 жылдары «Зайсан жастары», «Шығыс Қазақстан облысындағы тілдік ахуал», «Шығыс Қазақстан облысындағы діни жағдай», «Зайсан ауданындағы қоғамдық-саяси ахуал мониторингі» атты және т.б. әлеуметтік зерттеулер жүргізді.

Қоғамдық-саяси ахуал мониторингі жолға қойылған, оның аясында қоғамдық пікірді зерттеу бойынша сауалнама жүргізіледі. 2008, 2009 жылдары кезекті зерттеу жүргізілді.

Қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелері және статистикалық деректер негізінде ауданның әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы жасалды; әлеуметтік-экономикалық сипаты анағұрлым «күрделі» елді мекендер айқындалды.

2008, 2009 жылдары ауданда жалпы наразылық акциялары тіркеген жоқ.

Ауданда 4 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық ұйымдардың 1 өкілдігі жұмыс істеуде.

Қоғамдық-саяси өмірде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы белсенділік танытып отыр. Басқа партиялардың ішінен «Азат» ҚДП өкілдері өз көзқарастары және жеке мәселелері бойынша жұмыстарын жүргізеді. Өзге саяси партиялардың өкілдіктері белсенділік байқатып отырған жоқ, олардың қазіргі қызметі ішкі саяси жұмыстарды атқару және мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысумен шектеліп отыр.

Саяси партия филиалдарының және қоғамдық бірлестіктердің көшбасшыларымен сындарлы өзара іс-қимыл қалыптасқан. Мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың алауыздықты жою және ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға күшін біріктіру мақсатымен Зайсан ауданында әлеуметтік қайшылықтар мен дау-жанжал туындаған жағдайда бірлесе талқылап, ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.

Ұлттық-мәдени орталықтар азаматтық қоғамды дамытуға қомақты үлес қосып отыр.

Бүгінгі күні ауданда тіркелмеген 2 ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Барлық этникалық топтарды біріктіру аясында бұқаралық мереке күндері бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен бірге, әлемдік экономикалық дағдарыстың келеңсіз әсері жағдайында ауданда қоғамдық-саяси ахуал күрделенуі мүмкін. Осыған байланысты жергілікті деңгейде мемлекеттік саясаттың ақпараттық қамтамасыз етілуін күшейту қажет. Мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту және қоғамның мемлекеттік саясат бағытына топтасуын қамтамасыз ету аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың кепілі болуы тиіс.


^ 3. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары,

мақсаттары және міндеттері

АТАУЫ

Өлшем бірлігі

Есептік

^

Жоспарлы кезең


1-ші жыл

(есеп)

2-ші жыл

(есеп)

1- ші жыл

2- ші жыл

3- ші жыл

4- ші жыл

5- ші жыл

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014
^

Стратегиялық бағыт 1. Аудандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру





1.1 - мақсат. Ауданда жүргізіліп отырған мемлекеттік ақпараттық саясат аясында белсенді азаматтық ұстанымды және әлеуметтік сенімді қалыптастыру

Мақсаттық индикатор


Елімізді дамытудың негізгі басымдықтары мен жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы халықтың ақпараттану деңгейі

%





50

60

75

85

87

90

90
^

1.1.1 - міндет. Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудың пәрменділігін арттыру


Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға тартылған барлық меншік түрлеріндегі БАҚ саны

Бірлік


1

1

1

1

2

2

2
^

2.1.1 - міндет. Ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін одан әрі арттыру


Қазақстан халқы Ассамблеясы және ұлттық-мәдени бірлестіктер өткізетін толеранттық және ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттау іс-шараларымен қамтылған естияр тұрғындар үлесі

%


53

57

60

67

70

75

80

Қоғамдық санадағы этносаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі

%


65

75

80

85

90

90

90

2.1.2 - міндет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметтік көзқарас қалыптастыру


Ауданның естияр тұрғындары арасындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы ақпараттану деңгейі

%

70

75

80

85

90

90

90

Ауданның мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік рәміздерді дәріптейтін имидждік материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі

%


65

65

65

65

65

65

65

Мемлекеттік рәміздерді дәріптейтін іс-шараларға қатысқан тұрғындардың үлесі

халықтың қатысуы

%


30

30

50

70

71

72

83

2.2 - мақсат.^ Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдір

Мақсаттық индикаторлар

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған респонденттер үлесі

%


45

55

59

65

69

70

85

Мемлекеттік әлеуметтік сатып алу жобаларына МЕҰ қатысуы

%


8

10

11

12

13

14

15

2. 2. 1 - міндет. ^ Азаматтық сектордың (қоғамдық бірлестіктердің) әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылған ҮЕҰ саны

бірлік.

2

2

2

3

4

4

5

Мемлекетті тапсырыс аясында ҮЕҰ қызметімен қамтылған тұрғындардың үлесі

%

5

7

17

18

20

22

25

Азаматтық қоғам институттары қатысуымен тұрақты негізде өткізілетін сұхбат алаңдарының саны

бірлік

4

4

5

6

7

7

7

2.2.2 - міндет. ^ Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жетілдіру

Тұрғындардың АНТ жұмыстарымен қамтылуы (тұрғындардың жалпы санына қатысты %)

%


60

65

70

75

80

85

90

АНТ әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі

%


45

50

55

60

65

70

75

3 - Стратегиялық бағыт.

Ауданда жастардың және жастар ұйымдарының

дамуы үшін жағдайлар жасау

3.1 - мақсат. Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету

Мақсаттық индикатор


Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі


1,3

1,2

1

1

1

1

0,8

Діни ағартушылық іс-шаралармен қамтылған жастар үлесі

%


3

5

8

10

12

14

15

Жастар арасында нашақорлық деңгейінің төмендеуі

%


0

0

0

0

0

0

0

Ауылдық жерде тұратын жастардың белсенділік деңгейі

%


20

25

30

35

40

45

50

Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шаралар саны

бірлік


16

22

36

36

40

42

48

Жастардың әлеуметтік сенім деңгейі

%


42,9

50,0

60,0

70,0

75,0

78,0

80,0

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысушы ауыл жастарының үлесі

%


40

45

50

60

70

75

78


Мақсат 3.1.1 Мемлекеттік жастарды қолдауы


Жастар бірлестіктерінің мемлекеттік әлеуметтік сатып алу жобаларын қатысуы

бірлік


1

2

2

3

3

4

4

Жастардың көгалдандыру жұмыстарына қатысуы

адам.


750

800

800

800

1000

1050

1100

Оқушы балалармен студенттердің құрлыс отрядтарына қатысуы

адам.


-

13

50

60

100

150

150

Ұлтаралық келісімді сақтау барысындағы атқарылған жұмыстарға жастардың қатынасуы

%


5

7

8

10

12

14

15

3.1.3 - міндет.^ Жастар арасында жалпықазақстандық патриотизмді тәрбиеле


Жастардың патриотизм деңгейі (социологиялық сауалнаманың мәліметтері бойынша)

%


55

60

70

80

90

90

95

Аудан жастарының патриоттық іс-шаралармен қамтылу үлесі

%


25

30

32

35

40

42

45




Стратегическое направление 3. Создание условий для развития молодежи и молодежных организации в районе

Цель 3.1 Обеспечение реализации социальных прав и государственных гарантий молодежи

Целевой индикатор


В «ЦЕЛЕВОЙ ИНДИКАТОР» необходимо включить следующее:

Уровень молодежной безработицы


Задача 3.1.1 Обеспечение государственной поддержки молодежи

В задачи необходимо включить следующее:

Количество мероприятий по поддержке творческой молодежи (ед.)

Уровень активности молодежи, проживающей в сельской местности (в %)


^ Мемлекеттік органның мақсаттары мен стратегиялық бағыттарының мемлекеттің стратегиялық бағыттарына сәйкестігі


^ Мемлекеттік органның мақсаттары мен стратегиялық бағыттары

Іске асыруға мемлекеттік орган қызметі бағытталатын мемлекеттің стратегиялық мақсаттары


^ Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы

1 - Стратегиялық бағыт. «Аудандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру»

1.1 - мақсат. Ауданда жүргізіліп отырған мемлекеттік ақпарат саясат аясында әлеуметтік сенімді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру

«Мемлекет өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен жеделдетуге қабілетті»


«Қазақстан 2030. «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Стратегиясы


1.2 - мақсат. Аудандық БАҚ ақпараттық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

«Сөз бостандығы – Қазақстанның аршынды демократиялық дамуының негізгі шарттарының бірі... Сөз бостандығын, ақпарат алу және таратуды қамтамасыз ететін қажетті құқықтық және басқа да шарттарды алдағы уақытта дәйекті түрде жасау әрі қорғау қажет»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауы





Қазiргi әлемдiк стандарттарды және олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң артуын ескере отырып, БАҚ жұмысының сапасын жақсартуға жағдай туғызу.



«Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігін арттырудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы №163 Жарлығы

«Жиырма үшінші бағыт – Саяси жүйені дамыту: Саяси партиялардың рөлін арттыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 серпінді бағыты.

2 - Стратегиялық бағыт. Мемлекеттілікті, халық бірлігін одан әрі нығайту және өңірдің тұрақты дамуы үшін қоғамның бірігуін қамтамасыз ету

2.1 - мақсат. Халық бірлігін қамтамасыз ету және жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру



II. «Қазақстан мемлекеттілігін одан әрі нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру»

«Бірінші...Біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыруда өз моделімізді жүзеге асырдық.

Мемлекетті... одан әрі нығайту үшін, Қазақстанға ұзақ мерзімді тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім керек»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы

6 ақпандағы

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы




2 - ұзақ мерзімді басымдық.

«Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру»

Президенттің Қазақстан халқына арналған 1997 жылғы қазандағы «Қазақстан 2030. «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауы

2.2 - мақсат. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру



II. «Қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру»

«Екінші. Қазақстанда қазіргі заманғы саяси жүйені дамыту міндеті тұр.

Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»атты Жолдауы




«Жиырма үшінші бағыт – Саяси жүйені дамыту: Саяси партиялардың рөлін арттыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 серпінді бағыты.

3 - Стратегиялық бағыт. Жастардың және жастар ұйымдарының дамуы үшін жағдай туғызу

3.1 - Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету


Жастардың өзін-өзі кешенді әлеуметтік реттеу тетігінің жұмыс моделін қалыптастыру;

жастарды экономикалық дамыту және оларға еңбек және жұмыспен қамту салаларында жағдайлар жасау;

жастар ортасында азаматтықты және қазақстандық патриотизмді дамыту;

жастар арасында салауатты өмір салтын және денсаулықты нығайту мен сақтаудың сәйкес дағдыларын қалыптастыру;

жастар саясатының аудан деңгейінде іске асуын қамтамасыз ету;

жастар саясатын ақпараттық қолдау;

жас таланттарды дамыту және қолдау;

мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жолында мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдауға жастардың азаматтық қатысу үлесін арттыру.


«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң

2008-2009 жылдарға арналған «Зайсан ауданының жастары» бағдарламасы



^ 4. Бөлімнің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекел


Ішкі саясат бөлімнің орта мерзімді стратегиясын пәрменді іске асыру үшін мынадай бағыттағы бірқатар тактикалық міндеттерді шешу қажет:

1) ішкі саясат саласындағы басқару құрылымын жетілдіру және кадрлардың біліктілігін арттыру: ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдар арасындағы байланысты нығайту; қала, ауылдық округ әкімдері, ауданның ішкі саясат бөлімін өзінің қызметіне жатпайтын атқарушылық функциялардан арылту; аудан бөлімдеріне сәйкес бағдарламалар, жобалар мен стратегиялар бойынша мақсатты көрсеткіштерге жету жауапкершіліктерін жүктеу; қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру, басқарма мақсаттары жолына топтастыру бойынша шаралар қабылдау; іске асырылмақ бағдарламалар сапасын бағалау жүйесін енгізу және болашақта ISO 9000 стандарттарын енгізу;

2) ақпараттық-насихаттық жұмыстардың пәрменді тетіктерін қалыптастыру, қоғамның барлық бөлігін жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырудың түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ақпараттық-насихат топтары жұмыстарына азаматтық қоғам институттарының өкілдерін белсендірек тарту;

3) билік пен БАҚ-тың тікелей байланысын кеңейту (баспасөз конференциялары, «дөңгелек үстелдер», сұхбаттар, кездесулер, пресс клубының отырыстары және басқалар);

4) аудан бөлімдерінің ұсыныстары негізінде аптасайынғы ақпараттық «күн тәртібін» қалыптастыру арқылы, БАҚ пен мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл байланыс тетігін жетілдіру;

5) әлеуметтік шиеленіске арандататын, билік органдарының қызметін келеңсіз тұрғыда көрсететін мақалалардың алдын алу, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру;

6) қала және ауыл әкімдіктері жанындағы түрлі Кеңестер мен комиссиялардың жұмыстарын жандандыру, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыру;

7) Бөлімнің талдамалық және зерттеу қызметтерін жетілдіру;

8) жастардың өзін өзі кешенді әлеуметтік реттеу тетігінің жұмыс моделін қалыптастыру;

9) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

10) Бөлімнің материалдық-техникалық базасын нығайту.


^ Болуы мүмкін тәуекел және оларды жою жолдары


Тәуекел

Мазмұны

Қарсы тұру шаралары


Сыртқы

Саяси

Радикалдық сипаттағы діни идеялардың өңірге еніп кету мүмкіндігі



Діни бірлестіктердің (дәстүрлі емес) іс-әрекеттеріне мониторинг. Діни бірлестіктердің мәнін түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Әлеуметтік

Экономикалық дағдарыстың әсерінен қоғамдық-саяси ахуалдың нашарлап кету мүмкіндігі. Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуы


Тұрғындардың атаулы топтарының арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру. Сұхбат алаңдарының жұмыс түрлерін жетілдіру. Әлеуметтік шиеленіс мониторингі

Ауыл әкімдерінің стратегиялық жоспарының индикаторларына жету жолындағы үйлесімсіз жұмыстары

Мемлекеттік басқару органдары арасында келісімдер, меморандумдар бекіту

Ішкі

Инфрақұрылымдық

Қала және ауыл әкімдерінің пәрменсіз жұмысы

Әдістемелік және ақпараттық көмектер көрсету, кеңестер, оқыту семинарларын, «Бақылау күндерін» өткізу

Салалық

Аудан бөлімдерінің пәрменсіз жұмыстары


Бағынысты ұйымдардың жұмысына ішкі аудит, мониторинг, мақсаттары мен міндеттерін орындауларына бақылау жүйесін енгізу
^

5. Нормативтік-құқықтық база



Стратегиялық жоспарға негіз болған бағдарламалық және нормативтік құжаттар тізбесі.

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы;

3) «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексi (үзінді);

4) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi;

5) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

6) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

7) «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

8) «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

9) «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344 Заңы;

10) «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңы;

11) «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

12) «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

13) «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

14) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

15) «Комерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

16) «Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006 – 2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 163 Жарлығы

17) Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары;

18) Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының қысқа (2007 жылға дейін) мерзімге арналған стратегиясы;

19) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы;

20) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 163 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы;

21) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 тамыздағы № 73 Өкімі;

22) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 843 Қаулысы;

23) «Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 516 Қаулысы;

24) Ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазанда жария етілген «Қазақстан - 2030» Жолдауында баяндалған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы;

25) «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 526 қаулысы;

26) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 593 Қаулысымен бекітілген Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы;

27) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

28) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы;

29) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары;

30) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 Қаулысымен бекітілген 2008 – 2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы;

31) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 76 Өкімімен бекітілген 2009-2011 жылға арналған «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

32) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №3/33-ІV шешімімен бекітілген «2008-2009 жылдарға арналған «Шығыс Қазақстан облысының жастары» бағдарламасы»;

33) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №3/33-ІV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарын қолдаудың 2008-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы;

34) «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі №527 қаулысы;

35) «Ақпараттық саясат жөніндегі облыстық кеңес туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 691 қаулысы.


^ 6. Бюджеттік бағдарламалар


Бюджеттік бағдарламаның

әкімшісі

Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімі

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы


«Мемлекеттік ішкі саясатты жергілікті деңгейде іске асыру бойынша қызметтер»


263 006 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру»

Сипаттама


Мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру мақсатында Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

Стратегиялық бағыт


Ауданның тұрақты дамуы үшін мемлекетітілікті және халық бірлігін нығайтуды, қоғамды тотастыруды одан әрі жалғастыру

2.1 - мақсат

Халық бірлігін қамтамасыз ету және жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру

2.1.1 - міндет

Ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту және Қазақстан халқы Ассамблеянын рөлін одан әрі арттыру мақсатында ауданда жұмыс істеу

2.1.2 - міндет

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметтік көқарасты қалыптастыру

2.2 - мақсат

Мемлекеттің азаматтық қоғам институттармен өзара іс-қимылын жетілдіру

2.1.1 - міндет

Үкіміттік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) аудандық әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту

2.1.2 - міндет

Мемлекеттік саясатынын негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмысты жетілдіру




Көрсеткіштер




Көрсеткіштің атауы

Өлш.

бір.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

(есеп)

2009

(есеп)

2010

2011

2012

1.Сан көрсет-

кіштері

Бөлімнің аппаратын ұстау


бір.


3

3

3

4

4

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыруға қатысқан ҮЕҰ саны

бір.


5

7

17

18

20

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ қызметтерімен қамтылған тұрғындар үлесі

саны

4

4

5

6

7

Азаматтық қоғам институттары қатысатын сұхбат алаңдарының сан

бір.


45

55

59

65

69

2.Нәтиже көрсет

кіштері


Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым- қатынасына оңды баға берген тұрғындар үлесі

%

5

7

17

18

20

3.Бағдарламаны іске асыру

шығындары

263 001 «Мемлекеттік ішкі саясатты жергілікті деңгейде іске асыру бойынша қызметтер»


263 006 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру»

мың теңге


мың теңге

4

4

5

6

7




Бюджеттік бағдарламаның

әкімшісі

Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімі

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

«Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу бойынша қызметтер»

Сипаттама


Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдардың қызметін және Елбасы тапсырмаларының, мемлекеттік және аудандық әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың іске асырылуын тұрақты жариялап тұру

1- стратегиялық бағыт

Аудандық ақпараттық кенестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1.1. - мақсат


Ауданда жүргізіліп отырған мемлекеттік ақпараттық саясат аясында әлеуметтік сенім мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру

1.1.1 - міндет

Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру

1.1.2 - міндет

Мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылының тиімді тетігін құру

1.2 мақсат

Ауданда БАҚ ақпараттық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру




Көрсеткіштер




Көрсеткіштің атауы

Өлш. бір.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(есеп)

2010

жыл

(ағымда-

ғы жылғы жоспар)

2011 жыл

2012

жыл

Сан көрсет-кіштері

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға тартылған БАҚ саны

Бір-лік

1

1

1

1

1

Материалдар

дың талдамалық құраушысы

Жалпы ақпарат көле-мінен ала-тын

%

50

60

60

70

70

Сапа көрсеткіштер

Материалдар

дың талдамалық құраушысы


Жалпы ақпар-ат көле-мінен алат-ын

%

50

60

60

70

70

Нәтиже көрсет-кіштері


Билік органдарына сенім денгейі

Рес-пон-дент-тер-дің жал-пы саны-нан алат-ын

%

45

55

59

65

69

Бюджет шығыс-тарының функци-оналдық сынып-тамасы

263 007 «Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу бойынша қызметтер»

мың теңге

2,3

3,0

4,500

4,815

5,152




Бюджеттік бағдарламаның

әкімшісі

Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімі

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

«Жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаларды іске асыру»



Сипаттама


Әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу, жастардың рухани, мәдени, танымдық және кәсіби қалыптасуына және дене құрылысының дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар әзірлеу және қабылдау, олардың жалпы қоғам мүддесіне қажетті шығармашылық әлеуетін ашу, жастардың социализациялануына және ауданның жастар ұйымдарының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасау


1- стратегиялық бағыт

Аудандағы жастардың және жастар ұйымдарының дамуына қажетті жағдайлар жасау


3.1 - мақсат


Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерінің іске асырылуын қамтамасыз ету.


3.1.1 – міндет

Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету


3.1.2 - міндет

Жастар арасында жалпықазақстандық патриотизм тәрбиесін жүргізу





Көрсеткіштер




Көрсеткіштің атауы

Өлш.

бір.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(есеп)

2010

жыл (ағымдағы жылғы жоспар)

2011

жыл

2012

жыл

Сан көрсет-кіштері

Жастарды рухани, мәдени, танымдық және кәсіби қалыптастыру және дене құрылысын дамыту бағытында өткізілген іс-шаралардың саны



бір.


10

10

10

10

10

Нәтиже көрсет-кіштері


Жастардың мемлекет жүргізіп отырған жастар саясатына қанағаттануы


%

42,9

50,0

60,0

70,0

75,0

Бағдарламаны іске асыру

шығындары

263 003 «Жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламалар-ды іске асыру»


мың теңге

0,500

0,335

0,500

0,537

0,575



Аудандық ішкі саясат

бөлімінің бастығы З.Мухамедкариева





Похожие:

«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconЕсментаева Жанар Сапаржановна Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (2-15-97) келесі тұлғаларға конкурс
Уәкілетті өкілі Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ильминская Вера Яковлевна (тел....
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі шахтинск – 2013 Жалпы ережелер «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі»
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат...
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconБекітемін: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді ерекше тәртіпті қолданып, конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар...
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconКонкурсқа қатысуына рұқсат ету туралы хаттама
Комиссия төрайымы – Ильминская Вера Яковлевна, Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы
Шығыс Қазақстан облысының «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің үлгі Ережесі
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша
«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon2013 жылға арналған Қостанай ауданында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған мемлекеттік
Комиссия төрайымы – Ильминская Вера Яковлевна, Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon2013 жылға арналған Қостанай ауданында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған мемлекеттік
Комиссия төрайымы – Ильминская Вера Яковлевна, Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы