485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon

485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген



Название485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген
Дата конвертации21.05.2013
Размер155.09 Kb.
ТипДокументы
источник


Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы

2012 жылғы 29 маусым

485

(Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген

2012 жылғы 14 тамыз)


Мемлекеттік қызмет көрсету

регламенттерін бекіту туралы


«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

  1. осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті;

  2. осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті;

  3. осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р. Нұртаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қызылорда облысының

әкімі Б. Қуандықов


Қызылорда облысы әкімдігінің

2012 жылғы «29» маусымдағы № 485 қаулысына

3-қосымша


«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті


1. Негізгі ұғымдар


1. Осы «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінде (әрі қарай – Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады:

1) Орталық – Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы, оның бөлімдері мен бөлімшелері;

2) орындаушы – міндеттеріне ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау кіретін уәкілетті органның қызметкері;

3) тұтынушы – «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 6-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар;

4) уәкілетті орган – аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.


2. Жалпы ережелер


2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына және «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес уәкілетті органмен, сондай-ақ, баламалы негізде Орталық арқылы көрсетіледі, тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаған кезде тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн кент, ауыл (село), ауылдық селолық) округтiң әкiмiне (бұдан әрi – селолық округтiң әкiмi) жүгiнедi.

4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарының негізінде жүзеге асырылады.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі тұтынушыға әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.


3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты стандарттың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органнан және Орталықтан, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kyzylorda.gov.kz ресми порталынан, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарынан алуға болады.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10. Тұтынушының қажетті құжаттарды тапсыру кезінде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы стандарттың 16-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негізі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) тоқтату негіздері болып мыналар табылады:

1) тұтынушының қайтыс болуы;

2) тұтынушының ауылдық елді мекеннен көшіп кетуі;

3) тұтынушының мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарынан жұмыстан шығуы негіздеме болып табылады.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтен бас тарту, тоқтату үшін негіздеме анықталған жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде тұтынушыға бас тарту, тоқтату (тоқтата тұру) себептерін көрсете отырып хабарлама береді.

Мемлекеттік қызметті Орталық арқылы көрсеткен кезде уәкілетті орган мемлекеттік қызметтен бас тарту, тоқтату (тоқтата тұру) үшін негіздеме анықталған жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бас тарту, тоқтату (тоқтата тұру) себептерін көрсете отырып, кейіннен тұтынушыға жіберу үшін Орталыққа хабарлама жібереді.

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушымен өтініш берілген сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға, Орталыққа немесе кент, ауыл (село), ауылдық селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – селолық округтің әкімі) өтініш береді;

2) селолық округтің әкімі құжаттарды Орталыққа немесе уәкілетті органға жібереді;

3) Орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді;

Мемлекеттік қызмет көрсету үдірісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға болатын, Орталықтан уәкілетті органға құжаттардың жолданғаны жөніндегі айғақ штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді.

4) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркейді және уәкiлеттi орган басшысының қарауына ұсынады;

5) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;

6) орындаушы құжаттарды қарайды және Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды дайындайды

7) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды;

8) уәкілетті органның орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), селолық округ әкіміне жолдайды немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға береді;

Уәкілетті органнан дайын құжаттарды қабылдаған кезде, Орталықпен штрих-код сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттар белгіленеді;

9) Орталықтың инспекторы тұтынушыға хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды береді.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету үресінідегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

12. Тұтынушы уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне жүгінген кезде:

1) тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;

2) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері немесе селолық округтің әкімі өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттiк қызметтiң тiркелген және алу күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон бередi.

13. Тұтынушы Орталыққа жүгінген кезде:

1) тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады;

2) Орталыққа өтініш білдірген кезде – мыналар көрсетіліп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;

құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инпекторының тегі, аты, әкесінің аты.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1) селолық округтің әкімі;

2) Орталықтың инспекторы;

3) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

4) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;

5) уәкілетті органның басшысы;

6) уәкілетті органның орындаушысы.

15. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімі мен ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.


5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


17. Уәкілетті органның және Орталықтың басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылуына жауапкершілікте болады.

18. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша стандарттың 5-бөліміне сәйкес шағымдануға құқылы.


«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала

мамандарына отын сатып алу бойынша

әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша


1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс-әрекеттің

(барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Селолық

округтің әкімі

Орталықтың инспекторы



Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімінің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау

Құжаттарды жинақтау, уәкілетті

органға қайта жолдау

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

Орталыққа немесе уәкілетті органға

жолдау

Құжаттарды тіркеу және Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторына ұсыну

Құжаттарды жолдау айғағын штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу

Уәкілетті

органның басшысына ұсыну

5

Орындалу мерзімі

3 жұмыс күні ішінде

30 минуттан

аспайды

1 жұмыс күні

ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

30 минуттан

аспайды




Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс-әрекеттің

(барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімінің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қарау

Құжаттарды қарау, хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу

Хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды Орталыққа немесе селолық округтің әкіміне жолдау болмаса тұтынушыға беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

Орындаушыны анықтау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды орындаушыға жолдау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

5

Орындалу мерзімі

1 жұмыс күні ішінде

8 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде




Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс-әрекеттің

(барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

9

10

2

ҚФБ атауы

Орталықтың инспекторы

Селолық

округтің әкімі

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімінің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды тіркеу,

құжаттарды жолдау айғағын штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды тіркеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

Хабарламаны немесе бас тартуды тұтынушыға немесе селолық округтің әкіміне беру

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды

тұтынушыға беру

5

Орындалу мерзімі

1 жұмыс күні ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

2 жұмыс күні ішінде


2-кесте. Пайдалану нұсқалары.

Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Селолық округтің әкімі

Орталықтың инспекторы


Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

5. Құжаттарды қарау және жинақтау

7. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

9. Құжаттарды қарау

11. Құжаттарды қарау және хабарламаны дайындау

2. Орталыққа немесе уәкілетті органға жолдау

4. Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторына ұсыну

6. Уәкілетті органға қайта жолдау


8. Уәкілетті органның басшысына

ұсыну


10. Орындаушыны анықтау

13. Хабарламаны Орталыққа немесе селолық округтің әкіміне жолдау болмаса тұтынушыға беру

15. Хабарлама

ны тіркеу және тұтынушыға беру

14. Хабарламаны тіркеу және тұтынушыға беру







12.Хабарламаға қол қою






3-кесте. Пайдалану нұсқалары.

Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Селолық

округтің әкімі

Орталықтың инспекторы


Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

1. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

3. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

5. Құжаттарды қарау және жинақтау

7. Құжаттарды қабылдау және тіркеу

9. Құжаттарды қарау

11. Құжаттарды қарау және дәлелді бас тартуды дайындау

2. Орталыққа немесе уәкілетті органға жолдау

4. Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторына ұсыну

6. Уәкілетті органға қайта жолдау


8. Уәкілетті органның басшысына

ұсыну


10. Орындаушыны анықтау

13. Дәлелді бас тартуды Орталыққа немесе селолық округтің әкіміне жолдау болмаса тұтынушыға беру

15. Дәлелді бас тартуды тіркеу және тұтынушыға беру

14. Дәлелді бас тартуды тіркеу және тұтынушыға беру







12. Дәлелді бас тартуға қол қою






«Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала

мамандарына отын сатып алу бойынша

әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша


Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-әрекеті)




Орталықтың инспекторы: құжаттарды қабылдау және тіркеу, жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну





Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы: құжаттарды жинақтау,

уәкілетті органға жолдау

Тұтынушы: өтiнiшті және құжаттарды беру


Селолық округтің әкімі: құжаттарды қабылдау және тіркеу, Орталыққа немесе уәкілетті органға жолдау









Уәкілетті органның орындаушысы: хабарламаны немесе дәлелді

бас тартуды

Орталыққа немесе селолық округтің әкіміне жолдау, болмаса тұтынушыға беру


Орталықтың инспекторы:

хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды

тұтынушыға немесе селолық округтің әкіміне беру


Селолық округтің

әкімі:

хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды

тұтынушыға беру







Похожие:

485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconБесқарағай аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі №2/6-v шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 cәуірде 5-7-111 нөмірімен тіркелген). Ауылдық елді мекендерде тұратын
Бесқарағай аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі №2/6-v шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconНормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 6 наурызда №2902 нөміріміен тіркелді ШҚо бородулиха аудандық мәслихатының
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы №10/112-v шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon2012 жылғы 12 сәуір 3/4-v III сессия
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2571 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconӨскемен қаласы 2012-2014 жылдарға арналған
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2577 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconV шақырылған Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті аудандық
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2988 нөмірімен тіркелген сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты шешті
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon2012 жылғы 12 сәуір 3/4-v III сессия 2012-2014 жылдарға арналған
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2571 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconV шақырылған Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті аудандық
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2988 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon712 Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4402 нөмірімен тіркелген
Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4402 нөмірімен тіркелген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы