485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon

485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген



Название485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген
Дата конвертации21.05.2013
Размер135.25 Kb.
ТипДокументы
источник


Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы

2012 жылғы 29 маусым

485

(Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген

2012 жылғы 14 тамыз)


Мемлекеттік қызмет көрсету

регламенттерін бекіту туралы


«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

  1. осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті;

  2. осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті;

  3. осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р. Нұртаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қызылорда облысының

әкімі Б. Қуандықов


Қызылорда облысы әкімдігінің

2012 жылғы «29» маусымдағы № 485 қаулысына

1-қосымша


«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге

және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет

көрсету регламенті



  1. Негізгі ұғымдар


1. Осы «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады:

1) Орталық – Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы, оның бөлімдері және бөлімшелері;

2) орындаушы – міндеттеріне жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу кіретін уәкілетті органның қызметкері;

3) тұтынушы – «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 қаулысымен бекітілген «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 6-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар;

4) уәкілетті орган – аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.


2. Жалпы ережелер


2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес уәкілетті органмен, сондай-ақ, баламалы негізде Орталық арқылы көрсетіледі.

4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23-бабының 1-тармағы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 наурыздағы №330 қаулысының 1-тармағы негiзiнде ұсынылады.

6. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



    1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты стандарттың 1-тармағында көрсетілген уәкілетті органнан және Орталықтан, сондай-ақ Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kyzylorda.gov.kz ресми порталынан, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарынан алуға болады.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден стандарттың 16-тармағына сәйкес мынадай негіздемелер бойынша бас тартылады:

1) тұтынушының үйде әлеуметтiк көмек көрсетуге медициналық қарсы көрсетiлiмдерi болғанда;

2) аталған мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етiлетiн құжаттардың бiреуi болмағанда;

3) көрінеу жалған құжаттама беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.

Мемлекеттiк қызмет Орталық арқылы жүзеге асырылған кезде уәкiлеттi орган жоғарыда көрсетiлген себептер бойынша бас тарту себебiн жазбаша жауаппен дәлелдейдi және құжаттар пакетiн алғаннан кейiн он үшiншi жұмыс күнi құжаттарды қайтарады және кейiн өтiнiш берушiге беру үшiн бас тарту себебiн көрсете отырып, Орталыққа хабарлама жiбередi.

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушымен өтініш берілген сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш береді;

2) Орталықтың инспекторы өтінішті тіркеуді жүргізеді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді;

Мемлекеттік қызмет көрсету үдірісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға болатын, Орталықтан уәкілетті органға құжаттардың жолданғаны жөніндегі айғақ штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді.

3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркейді және уәкiлеттi орган басшысының қарауына ұсынады;

4) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;

5) орындаушы құжаттарды қарайд және Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды дайындайды

6) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды;

7) уәкілетті органның орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдайды, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өзінің ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) немесе уәкілетті органға жүгінген жағдайда тұтынушыға береді;

Уәкілетті органнан дайын құжаттарды қабылдаған кезде, Орталықпен штрих-код сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттар белгіленеді;

8) Орталықтың инспекторы тұтынушыға хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды береді.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы


12. Тұтынушы уәкілетті органға жүгінген жағдайда:

1) тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;

2) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркейді және мемлекеттік қызмет алуға тұтынушы тіркелген және алатын күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.

13. Тұтынушы Орталыққа жүгінген жағдайда:

1) тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;

2) Орталық инспекторы құжаттарды қабылдағаннан кейін тіркеу жүргізеді және құжаттардың қабылдағандығы жөнінде төмендегілерді көрсете отырып қолхат береді:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1) Орталықтың инспекторы;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;

4) уәкілетті органның басшысы;

5) уәкілетті органның орындаушысы.

15. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімі мен ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.


5. Мемлекеттік қызметті көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі


17. Уәкілетті органның және Орталықтың басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетудің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылуына жауапкершілікте болады.

18. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша стандарттың 5-бөліміне сәйкес шағымдануға құқылы.


«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға,

бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне

мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға

үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге

құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша


1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыстар ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Орталықтың инспекторы



Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімінің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қарау

Құжаттарды жинақтау, уәкілетті

органға қайта жолдау

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

Тіркеу және Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторына ұсыну

Құжаттарды жолдау айғағын штрих-код сканерінің көмегімен белгілеу

Уәкілетті органның басшысына ұсыну

Орындаушыны анықтау

5

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күні ішінде




Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (барысы, жұмыстар ағыны)




1

Іс-әрекеттің (барысы, жұмыстар ағыны) нөмірі

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның орындаушысы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

Орталықтың инспекторы

3

Іс-әрекеттердің (үдерістің, рәсімінің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қарау, хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу

Хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды Орталыққа не тұтынушыға жолдау

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды тіркеу, штрих-код сканерінің көмегімен келіп түскен құжаттарды белгілеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-әкімшілік шешiм)

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды орындаушыға жолдау

Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілеу

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды тұтынушыға беру

5

Орындалу мерзімі

12 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

(қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың инспекторы


Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

1. Құжаттарды қарау

3. Құжаттарды жинақтау және уәкілетті органға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және хабарламаны дайындау

2. Құжаттарды тіркеу







7. Хабарламаға қол қою

8. Хабарламаны Орталыққа немесе тұтынушыға жолдау

9. Хабарламаны тіркеу және тұтынушыға беру
















3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

Баламалы үдеріс (барысы, жұмыстар ағыны)

Орталықтың инспекторы


Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның орындаушысы

1. Құжаттарды қарау

3. Құжаттарды жинақтау және уәкілетті органға қайта жолдау

4. Құжаттарды тіркеу

5. Құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау

6. Құжаттарды қарау және дәлелді бас тартуды дайындау

2. Құжаттарды тіркеу







7. Дәлелді бас тартуға қол қою

8. Дәлелді бас тартуды Орталыққа немесе тұтынушыға жолдау

9. Дәлелді бас тартуды тіркеу және тұтынушыға беру
















«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға,

бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне

мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға

үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге

құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша


Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-әрекеті)







Орталықтың инспекторы: құжаттарды қабылдау және тіркеу, жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну





Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы: құжаттарды жинақтау, уәкілетті органға қайта жолдау

Тұтынушы: өтiнiшті және құжаттарды беру







Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері: құжаттарды қабылдау және тіркеу, басшыға ұсыну



Уәкілетті органның орындаушысы: құжаттарды қарау, хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды дайындау






Уәкілетті органның орындаушысы: хабарламаны немесе дәлелді

бас тартуды

Орталыққа жолдау немесе тұтынушыға беру








Похожие:

485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconБесқарағай аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі №2/6-v шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 cәуірде 5-7-111 нөмірімен тіркелген). Ауылдық елді мекендерде тұратын
Бесқарағай аудандық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі №2/6-v шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconНормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 6 наурызда №2902 нөміріміен тіркелді ШҚо бородулиха аудандық мәслихатының
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы №10/112-v шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon2012 жылғы 12 сәуір 3/4-v III сессия
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2571 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconӨскемен қаласы 2012-2014 жылдарға арналған
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2577 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconV шақырылған Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті аудандық
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2988 нөмірімен тіркелген сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты шешті
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon2012 жылғы 12 сәуір 3/4-v III сессия 2012-2014 жылдарға арналған
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2571 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген iconV шақырылған Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті аудандық
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2988 нөмірімен тіркелген шешіміне сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты...
485 Нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 4305 нөмірімен тіркелген icon712 Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4402 нөмірімен тіркелген
Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4402 нөмірімен тіркелген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы