1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» icon

1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»



Название1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»
Дата конвертации06.10.2012
Размер96.09 Kb.
ТипДокументы
источник



«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы

1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2007 ж., № 50, 608-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»;

1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Электр энергиясын беру және тарату жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары тұтынушыға дейiн электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлерге) және заңды тұлғаларға қолданылады және:»;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушыға дейiн электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын тиiсiнше электр желiлерi мен шағын станцияларының теңгерiмдегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi, құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi, негiзгi жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, электр энергиясын бақылаудың және есептеудiң автоматтандырылған жүйелерiмен және электр энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат ұсынылады);»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) электр энергиясын беру, таратудың сенiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерiн белгiленген қуатқа сәйкес келтiру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөнiндегi мiндеттемелердiң болуын қамтиды.»;

2-тармақ алып тасталсын;

3-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жылу энергиясын беру және тарату жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары жылу энергиясын елдi мекендердi, өндiрiстiк үй-жайлар мен объектiлердi жылумен жабдықтау үшiн жылу энергиясын беру және тарату жөнiндегi қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның iшiнде филиалдар, өкiлдiктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлер) қолданылады және:»;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде жылу энергиясын беру және тарату процесiн қамтамасыз ететiн мүлiктiң (теңгерiмдегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi, құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi, негiзгi жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат, жылу желiлерiнiң (жылумен жабдықтаудың) схемалары ұсынылады);»;

4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жылу энергиясын таратуға байланысты электр энергетикасында қолданылып жүрген өндiрiстiк объектiлердi қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөнiндегi бағдарламалардың;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жылу энергиясын беру және таратудың сенiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерiн белгiленген қуатқа сәйкес келтiру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөнiндегi мiндеттемелердiң»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жылу энергиясын жылу энергиясын қазандықтардан беру және тарату кезiнде тиiстi бiлiм деңгейi (басшылар үшiн - жоғары техникалық бiлiм, мамандар үшiн - орта бiлiм) және лицензияланатын кiшi қызмет түрi бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар (басшылар үшiн - кемiнде 3 жыл, мамандар үшiн - кемiнде 1 жыл) бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамының (қызметкерлердiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi туралы мәлiметтердi, лауазымын, жұмыс өтiлiн қамтитын штат кестесi мен жиынтық кестесi ұсынылады) болуын қамтиды.»;

4-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өңдеу), мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау, химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115о С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2 қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары тау-кен жұмыстарын орындау технологиясын әзірлеуге, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия, өнімдерін өндіру технологияларын, әдістерін, тәсілдерін әзірлеуге мамандандырылатын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«Тау-кен жұмыстарын атқару технологиясын әзірлеу, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия өндірістерінің өнімдерін өндірудің технологиясын, әдістерін, тәсілдерін әзірлеу, көрсетілген өндірістердің технологиялық жабдықтарын жобалау бойынша тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«сертификаттардың, лицензиялардың, пікірлердің, ұсынымдардың (бар болса) және мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың болуын қамтиды;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«осы тармақтың 1)-3) тармақшаларымен қарастырылған мәліметтерді жыл сайын растау.»;

5-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Тау-кен өндірістерін пайдалану (пайдалы қазбаларды барлау, өңдеу) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары сәйкес қызметтің кіші түрлерін орындайтын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:»;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«жетекшімен бекітілген және технологиялық процесс операцияларының өту режимі мен тәртібі бар тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентінің;»;

2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтініш білдірілген қызметтің кіші түрлерінің Өндіріс-техникалық қамтамасыздығы бойынша:»;

2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«(кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) мұнай, газ, газ конденсатын, қатты пайдалы қазбаларды өндіру, кен орындарын аршу және игеру, тарату жұмыстарының» - инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, механизмдердiң, құрал-саймандардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, өлшем жабдығының, арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, тау-кен өндiрiстерiнде пайдаланылатын химиялық реагенттердi сақтауға арналған сыйымдылықтардың «мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу» - жабдықтардың, арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, тау-кен өндiрiстерiнде пайдаланылатын химиялық реагенттердi сақтауға арналған сыйымдылықтардың;»;

2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаждық жұмыстар - каротаждық стансалардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсетулерiн тiркеуге арналған жер бетiндегi аппаратура, арнайы (каротажды) кәбiл, ұңғымада түсiру-көтеру операцияларына арналған жүкшығыр);»;

2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мұнай, газ ұңғымаларында ату-жару жұмыстар» - перфорациялық жабдық пен жүйенiң;»;

2) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су қоймаларында бұрғылау - бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергiш агрегаттардың;

ұңғымаларды күрделi және жерастында жөндеу - қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергiш агрегаттардың, ұңғымаларды күрделi жөндеу үшін қолданылатын қондырғының;

ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау үшiн, жуу, кiрiгу, ұңғымаларды сыннан өткiзу мен игеру - жуу-кiрiгу агрегатының, бақылау-өлшеу аспаптарының, өлшеу сепараторлары;

құрлық пен теңiзде мұнай төгiлулерiн болдырмау және жою жұмыстары, мұнай мен газ шығарындыларын өзi төгетiн ұңғымалардың (фонтанға қарсы жұмыстарды қоспағанда), ұңғымаларды сақтау – теңізде мұнай жинағыш қондырғысы (скиммер), жүзгіш қорлар, бондық қоршаулар, құрлықта мұнай жинайтын техника және жабдықтар, кiрiгу агрегатының;»;

2) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мұнай қабаттарында мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнімділігін арттыру» - техникалық құралдар кешенiнiң, қабаттардың мұнай беруiн арттыруға арналған техика мен технологияның;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«мыналарды:

машиналарды, механизмдердi, көлiк құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;

еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;

метрологиялық бақылауды;

маркшейдерлiк жұмыстарды

мамандардың біліктілігін арттыру кезеңін қамтамасыз ететiн жауапты адамдардың немесе қызметтердiң;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңнамамен орныққан тәртіпте әзірленген және бекітілген тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiндегi аварияларды жою жоспарының;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«тиiстi бiлiм беру деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша (мұнай операцияларын жүргізу саласында) iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының (тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, қызметiн, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте);»;

6) тармақша алып тасталсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«Білікті құрамда қазақстандық санын арттыруға бағытталған және мамандардың біліктілігін арттыру іс шаралар;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«осы тармақтың 1)-7) тармақшаларымен қарастырылған мәліметтерді жыл сайын растау.»;

6-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мұнай (және/немесе) газдан алынатын өнiмдердi қайта өңдеудi (мотор отынын: бензин, керосин және т.б. мұнай өнiмдерiн, жеңiл дистиляттi, орташа дистиляттi, ауыр дистилляттi отынды (дизель) отынын қоспағанда), басқа негiзгi органикалық (химиялық) заттарды өндiрудi, бастапқы түрiндегi пластмасса өндiрудi, синтетикалық каучук өндiрудi, жасанды және синтетикалық талшықтар өндiрудi, резеңке-техникалық бұйымдар өндiрудi, құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеудi, химиялық өзгерiстердiң негiзiнде органикалық және биоорганикалық химия өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның iшiнде филиалдар, өкiлдiктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлер) қолданылады және:»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңнамамен орныққан тәртіпте әзірленген және бекітілген тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiндегi аварияларды жою жоспарының;»;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«мыналарды:

технологиялық процесті қадағалау және талап етілетін сапалы өнімді шығару;
машиналарды, механизмдердi, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;

еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;

метрологиялық бақылауды;

мамандардың біліктілігін арттыру кезеңін қамтамасыз ететiн жауапты адамдардың немесе қызметтердiң;»;

8) тармақша алып тасталсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«Білікті құрамда қазақстандық санын арттыруға бағытталған және мамандардың біліктілігін арттыру ісшаралар;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«осы тармақтың 1)-9) тармақшаларымен қарастырылған мәліметтерді жыл сайын растау.»;

7, 8-тармақтар алып тасталсын;

9.1.-тармақта:

бірінші абзац алып тасталсын;

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының (болған жағдайда) диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, өрт сөндiру құралдарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың (өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi, құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi, негiзгi жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);»;

9.2, 9.3, 9.4, 9.5, 11, 11.1, 11.2- тармақтар алып тасталсын.

12-тармақта:

1) тармақша алып тасталсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«құқығындағы өндiрiстiк ғимарат пен жабдықтардың (меншiк құқығындағы зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, бақылау-өлшеу аспаптары) (меншiк немесе жалдау құқығын растайтын құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi).

Егер өндірістік база жалға алынса, жалға берушінің осындай қызметтің түрімен айналысатын өтініш берушіден өзге 2 жалға алушыдан аспайтындығын дәлелдейтін қағаз түріндегі растауды беруі шарт.»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«мыналарды:

жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;

өнiмнiң сапасын өндiрiс iшiнде бақылауды;

еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;

метрологиялық бақылауды;

мамандардың біліктілігін арттыру кезеңін қамтамасыз ететiн жауапты адамдардың немесе қызметкердiң;»;

5) тармақша алып тасталсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«Білікті құрамда қазақстандық санын арттыруға бағытталған және мамандардың біліктілігін арттыру іс шаралар;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«осы тармақтың 1)-6) тармақшаларымен қарастырылған мәліметтерді жыл сайын растау.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң, бірақ 2012 жылдың 30 каңтарынан ерте емес қолданысқа енгiзiледi.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов



Похожие:

1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» iconТуроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы " 2001 жылғы 13 маусымдағы және " Лицензиялау туралы...
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» iconПестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., n 32, 356-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 16 қазан n 323-324
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» iconҚаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»
«Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан...
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» iconБiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының " Дене шынықтыру және спорт туралы " 1999 жылғы 2 желтоқсандағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11...
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» icon"Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №545 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» iconФармацевтикалық қызметті: дәрілік заттарды өндіруді, дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Азақстан Республикасының "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына...
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» icon"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы...
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» iconБұдан басқа, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізетін объектілерге фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары нақтыланды
Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №1894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» iconМедициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" газетi 15. 01. 2010 ж., №10-11 (25857); "Казахстанская правда" от 27. 01. 2010 г., №17 (26078); Қазақстан Республикасының...
1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» iconҚазақстан Республикасының Үкiметi
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» және 2012 жылғы 15 қазандағы №1311 «Дiни қызмет...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов