Қазақстан Республикасының Үкiметi icon

Қазақстан Республикасының Үкiметi



НазваниеҚазақстан Республикасының Үкiметi
Дата конвертации21.05.2013
Размер55.77 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» және 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 «Дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 211 «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 426-құжат):

Көрсетілген қаулымен бекітілген «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттік қызмет стандартында:

7-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды – күнтізбелік отыз күн ішінде тапсырады;»;

11-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Департамент осы тармақта көрсетiлген құжаттарды алған кезде олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді. Құжаттардың толық емес және анық емес фактілер анықталған жағдайда Департамент құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға ұсынылған құжаттарды қарастырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама береді.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі:

1) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;

2) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандығына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін миссионерлік қызмет.»;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 «Дiни қызмет саласында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 44, 401-құжат):

Көрсетілген қаулымен бекітілген «Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік қызметті алушылар ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін ұсынады:

1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін – салыстырып тексеру үшін құаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;

3) тіркелген діни бірлестік басшысының қолы қойылған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, салудың мақсаты мен қажеттілігін, ғибадат үйінің (ғимаратының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып));

4) аталған үй немесе үй-жай орналасқан әкімшілік-аумақ бөлініс шегінде әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынның) шешімін, ғибадат үйінің құрылысын (ғимаратының) жоспарын (жақын маңда тұрғын үйлер болған жағдайда) келісу туралы шешімінің көшірмесі;

5) өтініш берушінің сұрауы бойынша заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы келісім хаты (жақын маңда заңды тұлға не жеке кәсіпкер пайдаланып отырған үй болған кезде) .

Мемлекеттік қызметті алушылар үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім алу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке тұлғалар үшiн – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғалар үшін – салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;

3) салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлiк объектісіне меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жылжымайтын мүлiк объектісіне ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;

5) салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт;

6) тіркелген діни бірлестік басшысының қолы қойылған ғибадат үйін (ғимаратын) қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) және ол тиесілі болатын діни бірлестіктің атауын, қайта бейіндеу мақсаты мен қажеттілігін, ғибадат үйінің (ғимараттының) діни қызметшісінің кандидатурасын көрсете отырып));

7) аталған үй немесе үй-жай орналасқан әкімшілік-аумақ бөлініс шегінде әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынның) шешімін, жылжымайтын мүлікі орналасқан (жақын маңда тұрған үйлер болған жағдайда), ғибадат үйі мен ғимаратын етіп қайта бейіндеу туралы келісім туралы шешімінің көшірмесі;

8) өтініш берушінің сұрауы бойынша заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің ғибадат үйін (ғимаратын) қайта бейіндеу туралы келісім хаты (жақын маңда заңды тұлға не жеке кәсіпкер пайдаланып отырған үй болған кезде).

«Басқарма осы тармақта көрсетiлген құжаттарды алған кезде олардың толықтығын тексереді. Құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда басқарма құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызметті алушыға ұсынылған құжаттарды қарастырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама береді.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Басқарма үш жұмыс күн ішінде осы стандарттың 11-тармақшасында ескерiлген ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы құжаттардың көшiрмелерін аумақтық органдарға жолдайды. Келісім он бес жұмыс күн ішінде келiсу туралы хатты келiсу немесе келісуден бас тарту туралы уәжделген негізді хат жолданады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі:

1) елді мекеннің негізгі жоспарлары негізінде жасалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының және (немесе) құрылыс салу жобаларының, сондай-ақ ауыларалық аумақтар үшін аудандық жоспарлау жобаларының жоқтығы;

2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің ұсынылуы;

3) құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;

4) тиiстi аумақта жағымсыз дiни ахуалды анықтау не «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 7-бабының 3-тармағының талаптарын сақтамауға байланысты аумақтық органның келісуінің болмауы.»;

мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:

«26. Аталған үй немесе үй-жай орналасқан әкімшілік-аумақ бөлініс шегінде әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынның) шешім көшірмесін алу туралы, діни жораларды өткізуге келісім туралы (жақын маңда тұрғын үйлер болған кезде) ақпаратты облыстардың, республикалық маңызды қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стендтерінен және интернет-ресурстарынан алуға болады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі С.Ахметов




Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi
Республикасының Yкiметiнің 2003 жылғы 11 маусымдағы n 549 қаулысымен Келісім бекітілді
Қазақстан Республикасының Үкiметi icon2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҮкiметi Қаулы етедi
Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы19 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен
Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы
Жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы Қазақстан
Почта-жинақтау жүйесiн одан әрi дамыту, Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторын белгiлеу және "Почта туралы" Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Үкiметi туралы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "kazsat" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутниктерiн жасау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Азақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 17-18, 77-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 29 қазан n 244
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconЖеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi
Республикасының байланыс саласындағы ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi...
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconХалыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Үкiметi iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы