Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы icon

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы



НазваниеЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Дата конвертации07.11.2012
Размер64.06 Kb.
ТипДокументы
источник

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 477 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 9 маусым N 129-131




      "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 31 мамырдағы
N 477 қаулысымен   
бекiтiлген   

^ Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестердiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзуге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң құқығын тану үшiн әзiрлендi.

      2. Мыналар аккредиттеуге жатады:
      республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi;
      облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң облыстық бiрлестiктерi, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi облыстық бiрлестiк;
      қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi қалалық, аудандық бiрлестiктер.

      3. Егер, аккредиттеуге бiр өңiрдi, бiр саланы бiлдiретiн екi және одан да көп бiрлестiктер үмiткер болған жағдайда, онда осы бiрлестiктiң мүшелерi болып табылатын ұйымдардағы (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiндегi) қызметкерлердiң жиынтығында ауқымды саны бар бiрлестiк аккредиттеуге жатады.

      4. Егер аккредиттеуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктi, қызметтiң бiр саласын бiлдiретiн екi немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың көп санын бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.

      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн (бұдан әрi  - бiрлестiктер) аккредиттеудi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрi - аккредиттеу органдары) жүзеге асырады.

      6. Аккредиттеудi жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде хабарландыру жариялағаннан кейiн аккредиттеу органы жүзеге асырады.
      Аккредиттеудi республикалық деңгейде жүзеге асыру кезiнде хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады. Аккредиттеудi облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде жүзеге асыру туралы хабарландыру тиiстi әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады.

      7. Аккредиттеудi объективтi және бiлiктi түрде жүзеге асыру мақсатында әрбір аккредиттеу органында аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже аккредиттеу органы басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

^ 2. Аккредиттеу жүргiзудiң тәртiбi

      8. Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi аккредиттеу органына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      2) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi;
      4) статистикалық есептiлiк нысанына сәйкес бiрлестiктiң мүшелерi болып табылатын ұйымдардағы қызметкерлердiң санын растайтын есептiң көшiрмесi;
      5) бiрлестiктiң өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегі қызметiн растайтын өзге де құжаттар.

      9. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi мынадай кезеңдердi қамтиды:
      1) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
      2) аккредиттеу органының аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауы;
      3) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.

      10. Құжаттарды қарау комиссияның мәжiлiстерiнде жүзеге асырылады. Комиссия мыналарға:
      1) бiрлестiктi аккредиттеудi;
      2) бiрлестiктi аккредиттеуден бас тартуды;
      3) аккредиттеу туралы куәлiктiң күшiн тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынуға құқығы бар.

      11. Аккредиттеу органы комиссияның ұсынымы негiзiнде аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдайды.
      Аккредиттеу туралы куәлiк немесе себебiн негiздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама аккредиттеу органы тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бiрлестiкке берiледi.

      12. Құжаттарды қарау (өтiнiштер қабылданған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлiктi беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi қабылдау мерзiмi он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

      13. Егер:
      1) берiлген құжаттар осы Ереженiң 5-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
      2) бiрлестiк өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаған;
      3) ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес мәлiметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкiн.

      14. Аккредиттеу туралы куәлiк осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 жыл мерзiмге берiледi.

      15. Аккредиттеу туралы куәлiк иелiктен шығарылмайды және басқа заңды тұлғаларға берiлмейдi.

      16. Аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан кезде бiрлестiк тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде куәлiктi берген аккредиттеу органынан оның телнұсқасын ала алады.

^ 3. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату

      17. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын аккредиттеу органы аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда тоқтата тұруы мүмкiн.

      18. Куәлiктiң қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде аккредиттеу органы комиссияның оң шешiмi негiзiнде оның қолданылуын жаңғыртады.

      19. Аккредиттеу туралы куәлiк өз қолданылуын мынадай:
      1) мүдделi мемлекеттiк орган аккредиттелген бiрлестiкке жiберген жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобалары бойынша сараптамалық қорытынды үш реттен артық берiлмеген;
      2) куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бiр айдың iшiнде жойылмаған;
      3) аккредиттелген бiрлестiк қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
      4) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын ерiктi тоқтату туралы өтiнiш берген;
      5) оның қолданылу мерзiмi өткен жағдайда тоқтатады.

      20. Комиссия аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату мәселелерiн он жұмыс күнi iшiнде қарайды.

      21. Аккредиттеу органы бiрлестiктi аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.

                                   Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
                                     бiрлестiктерiне аккредиттеу
                                         жүргiзу ережесiне
                                            N 1 қосымша

                                  Кiмге ___________________________
                                        (орталық мемлекеттiк және 
                                  _________________________________
                                  жергiлiктi атқарушы орган басшысы-
                                  _________________________________
                                         ның лауазымы, Т.А.Ә.)
                                  Кiмнен __________________________
                                          (бiрлестiк басшысының
                                  _________________________________
                                         лауазымы Т.А.Ә.)

                                  Деректемелер:
                                  _________________________________
                               (заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)

                            Өтiнiш

   ______________________________________________________________
   (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
 
жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын
нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу
құқығын тану үшін _______________________________________________
                                (бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеудi сұраймын.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
      1. ________________________________________________________
      2. ________________________________________________________
      3. ________________________________________________________
      4. ________________________________________________________
      5. ________________________________________________________

      М.О. _________            _________________________________
            (қолы)             (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

      "___"______ 200__ жыл

                                    Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
                                      бiрлестiктерiне аккредиттеу
                                          жүргiзу ережесiне
                                              N 2 қосымша

                             Елтаңба
               ____________________________________
                      (бiрлестiктiң атауы)
 
                       аккредиттеу туралы
                          КУӘЛIК

  ______________________________________________________________
  (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
  ______________________________________________________________
                       (бiрлестiктiң атауы)
  ______________________________________________________________
  (орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының атауы)
жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң
қызметi шеңберiнде _____________________________________________
                           (бiрлестiктiң атауы)
жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық
кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу құқығын мойындайды.

      (200 жылғы "___" ________ N ____ бұйрық)

      Куәлiк 200 жылғы "___" ________ дейiн жарамды

      Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органының басшысы
      (тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      Сериясы:
      Берiлген күнi:



Похожие:

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекіту туралы
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconМұнай операцияларын жүргiзу саласындағы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Мұнай және газ министрiнiң 2011 жылғы 25 тамыздағы №149 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconНегiзгi құралдарға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қайта бағалау жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi n 226-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2006 жылғы 17 наурыздағы n 77-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconӘуежайлар саласында қызметтер көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 24 қарашадағы n 459-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconАэронавигация қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы n 448-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТеңiз порттарының қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегi n 280-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconСу тасымалдау бойынша қызметтер көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы n 506-НҚ бұйрығы. Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы