Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № icon

Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №



НазваниеПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
страница1/15
Дата конвертации04.04.2013
Размер1.9 Mb.
ТипПостановление
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ҮКІМЕТІНІҢ




ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВИТЕЛЬСТВА

РЕСПУБЛИКИ


КАЗАХСТАН


2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от « » 2013 года




данасы экз. №


Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын
бекіту туралы



«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

  2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

  3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

  1. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысы;
  2. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 749 қаулысы;

  3. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2012 жылғы 11 маусымдағы № 776 қаулысы.


  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі

2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

^ 1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ)

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Мақсаты

Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау

Міндеттері

  1. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру.

  2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру:

  1. өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  2. астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;

  3. АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  4. мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  5. ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  6. қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

  7. басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру;

  8. білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.

  1. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту:

  1. фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;

  2. ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.

  1. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру:

  1. ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;

  2. АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;

  3. ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;

  4. АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту;

  5. ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;

  6. АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;

  7. органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.

Іске асыру мерзімдері

2013 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

  1. АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылы
    4,5 есе ұлғайту;

  2. АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;

  3. кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредит қаражатының көлемі 2013 – 2020 жылдары
    2 трлн. теңгеге дейін;

  4. карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылы
    0,88;

  5. мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2020 жылы 0,4 %;

  6. электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылы 62 %.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны 2013 – 2020 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 3 122,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

2013 жылы*– 339,7 млрд. теңге

2014 жылы*– 466,0 млрд. теңге

2015 жылы*– 322,7 млрд. теңге

2016 жылы – 340,7 млрд. теңге

2017 жылы – 383,5 млрд. теңге

2018 жылы – 406,9 млрд. теңге

2019 жылы – 414,3 млрд.теңге

2020 жылы – 448,4 млрд. теңге

* – сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Похожие:

Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 20 декабря 2013 года 2013 года № №1383 № данасы экз.
Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 30 қаңтардағы Астана, Үкімет Үйі от «30» января 2013 года №56 №56 № данасы экз. №
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2012 года №244 «Вопросы Агентства Республики...
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года №221 «Об утверждении Правил...
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
...
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
Об утверждении Правил проведения президентских тестов физической подготовленности населения Республики Казахстан и признании утратившими...
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы»
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики казахстан 2 013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № № исх: 840 от: 26. 08. 2013 о внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2011 года №129
«о стратегическом плане Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан на 2011 – 2015 годы»
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы 30 қаңтардағы Астана, Үкімет Үйі от «30» января 2013 года №56 №56 № данасы экз. №
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы №244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Постановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № iconПостановление Правительства республики к азахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № О внесении изменений и дополнений в постановление
Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2012 года №414 о стратегическом плане Агентства Республики Казахстан по делам спорта...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов