Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» icon

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»



НазваниеЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
страница1/6
Дата конвертации17.01.2013
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 281 Қаулысы





      «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2010 жылғы 2 сәуiрдегi
№ 281 қаулысымен      
бекiтiлген   

^ Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесi

      Осы Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiн анықтайды.
      Ереже мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асырудың  ерекше және арнайы тәртiптерiне, сондай-ақ Заңда көзделген қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

^ 1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор (бұдан әрi - Оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы (бұдан әрi - веб-портал) - электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызметтерiне бiрыңғай қол жеткiзу нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
      3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында тiркелу (бұдан әрi - тiркелу) - мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiсiнiң, оның лауазымды адамдары мен мүдделi тұлғалардың веб-порталда қатысуға қол жеткiзу;
      4) веб-порталға қатысушы - (бұдан әрi - Қатысушы) - тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тiркеуден өткен әлеуеттi өнiм берушi;
      5) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрi - Пайдаланушы) - веб-порталда тiркеуден өткен Қатысушының лауазымды адамы немесе өкiлi;
      6) веб-порталға қатысу - интерактивтi қызметтер алу үшiн қатысушының атынан пайдаланушының мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалануы;
      7) жеке кабинет - пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
      8) электрондық құжат - ақпарат электронды-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      9) электрондық бюллетень - өткiзiлуi дайындалып жатқан және өткiзiлген барлық мемлекеттiк сатып алудың веб-порталда жарияланған әрi Интернеттiң барлық тiркелмеген пайдаланушыларының тегiн танысуы үшiн қол жетiмдi тiзiмi;
      10) шартты жеңiлдiк - конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердiң негiзiнде конкурстық комиссия ұсынатын әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынымын шартты азайтудың пайыздық мәнi;
      11) қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi - түпнұсқа қағаз құжаттың ақпаратын түгел шығаратын, веб-порталдағы уәкiлеттi өкiлдiң электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық цифрлық нысандағы электрондық құжат;
      12) веб-порталдағы уәкiлеттi өкiл - веб-порталға қатысушының пайдаланушысы, оған веб-порталға қатысушының бiрiншi басшысының тиiстi шешiмiмен веб-порталдағы барлық iс-қимылдарды орындауға, оның iшiнде қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн растауға құқықтар берiлген;
      13) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық белгiлер жинағы.
      Осы Ережеде көрсетiлмеген басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталатын мағыналарда пайдаланылады.

^ 2. Жалпы ережелер

      2. Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес баға ұсынысын сұрау тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Ережеде анықталған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.
      Конкурс және бiр көзден алу тәсiлдерiмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу осы Ережеде анықталған тәртiппен электрондық сатып алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн тапсырыс берушi Заңның 7-бабына сәйкес электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрi - ұйымдастырушы) анықтайды.
      4. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы веб-порталда өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерi болып табылатын лауазымды адамдарды анықтайды. Тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғада әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушiнiң және ұйымдастырушының веб-порталдағы уәкiлеттi өкiлi болып табылатын бiр лауазымды адамды анықтауға жол берiледi.
      5. Мемлекеттiк қызметтер мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi мен басқа мүдделi тұлғаларға веб-порталды пайдалана отырып, уәкiлеттi орган анықтайтын тәртiппен өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.

^ 3. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды,
жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып
алуды ұйымдастыру және жүргiзу

      6. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу (бұдан әрi - электрондық конкурс) веб-порталда мынадай дәйектi iс-шараларды орындауды көздейдi:
      1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң ұйымдастырушыны, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлiн анықтауы;
      2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң веб-порталдың көмегiмен веб-порталдың қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жiберуi;
      3) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыру және бекiту;
      4) тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттаманы бекiтуi;
      5) конкурстық комиссия құрамын, веб-порталды пайдаланушылар қатарынан конкурстық комиссия хатшысын қалыптастыру;
      6) ұйымдастырушының электрондық бюллетеньде электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жариялауы;
      7) веб-порталға қатысушы - әлеуеттi өнiм берушiлердiң веб-порталда оны алу фактiсiн автоматты түрде тiркей отырып конкурстық құжаттаманы алуы;
      8) ұйымдастырушының веб-порталдың көмегiмен осы Ереженiң 23 және 24-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлерге оның ережелерiн түсiндiруi;
      9) веб-порталда электрондық құжат нысанында берiлетiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi автоматты түрде тiркеу;
      10) өтiнiмдердi автоматты түрде ашу және веб-порталда тиiстi ашу хаттамасын жариялау;
      11) бiлiктiлiк талаптарына, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау үшiн электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi және шартты жеңiлдiктер мөлшерiн конкурстық комиссиясын қарауы;
      12) конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiн, айқындауы және веб-порталда жiберу туралы тиiстi хаттаманы жариялауы;
      13) электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын электрондық құжаттар нысанында веб-порталда автоматты түрде тiркеу;
      14) электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, бағалау, салыстыру және жеңiмпазды анықтау, қорытындылар хаттамасын веб-порталда жариялау;
      15) ұйымдастырушы жүргiзген электрондық конкурс қорытындысы бойынша тапсырыс берушi мен электрондық конкурстың жеңiмпазы арасында мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу.
      7. Бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты ұйымдастыру кезiнде ұйымдастырушы мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi конкурстық құжаттамада олардың бiртектi түрлерi бойынша лоттарға бөле отырып, аталған тәсiлмен бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыра және өткiзе алады.
      Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледi.
      Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсты жүзеге асырған кезде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi олардың бiртектi түрлерi және (немесе) жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледi.

^ Веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекiту

      8. Ұйымдастырушы электрондық конкурсты өткiзу шарттары мен тәртiбiн айқындау үшiн осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес веб-порталда конкурстық құжаттаманың электрондық нысанын толтырады және тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушiмен келiседi.
      9. Ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
      Бiрыңғай ұйымдастырушы қалыптастырған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiлердiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адамдар не олардың мiндетiн атқаратын адамдар бекiтедi.

^ Конкурстық комиссияның құрамын, сарапшыны
(сараптау комиссиясын) бекiту

      10. Электрондық конкурс өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн ұйымдастырушы әрбiр электрондық конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.
      Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
      Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей немесе мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесi атынан ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын анықтау туралы шешiмге ұйымдастырушының бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды.
      Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша оның веб-порталда тiркелген қызметкерлерiнiң қатарынан оның өкiлдерiн енгiзе алады.
      Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу кезеңiнде сараптау комиссиясын құра алады (сарапшы тартады).
      11. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелерi кiредi. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемiнде үш адам болуы тиiс.
      Конкурстық комиссияның төрағасы етiп ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиiс. Егер тапсырыс берушiнiң өзi тiкелей ұйымдастырушы болып әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының орынбасарының төмен емес лауазымды адам конкурстық комиссияның төрағасы болып айқындалуы тиiс. Егер ұйымдастырушы ретiнде тапсырыс берушi өзiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан әрекет етсе, тапсырыс берушiнiң осы құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысынан төмен емес лауазымды адамы конкурстық комиссияның төрағасы болып анықталуы тиiс.
      12. Конкурстық комиссияның төрағасы:
      конкурстық комиссияның қызметiне басшылық етедi;
      осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      13. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап әрекет етедi және тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметiн тоқтатады.
      14. Конкурстық комиссияның шешiмi веб-порталды пайдалана отырып дауыс беру арқылы қабылданады және конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Конкурстық комиссияның шешiмiмен келiспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесiнiң ерекше пiкiр айтуға құқығы бар, ол конкурстық комиссияның жiберу хаттамасында мазмұны тиiс. Конкурстық комиссияның тиiстi хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бiр мүшесiнiң қолы болмаған жағдайда осы фактiнi растайтын қағаз құжаттың электрондық көшiрмесiн қоса бере отырып оның болмау себебi көрсетiледi.
      15. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметiн конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссияның хатшысы болып табылмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
      Конкурстық комиссияның хатшысы ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдарының қатарынан анықталады.
      Конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) веб-порталда конкурстық құжаттаманы қалыптастырады;
      2) электрондық бюллетеньде электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру, электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ашу хаттамасын, электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттаманы, электрондық конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ олар болған кезде веб-порталда конкурстық комиссияның басқа да хаттамаларын жариялайды;
      3) веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды;
      4) осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Ұйымдастырушыда әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда ұйымдастырушы тараптардың уағдаластығы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi өтеусiз негiзде, ал басқа сарапшыларды ақылы негiзге де, өтеусiз негiзде де сарапшылар ретiнде тарта алады.
      Қызметiнiң бейiнi мемлекеттiк сатып алу мәнiне сәйкес келуi қандай да бiр тұлғаны сарапшы ретiнде тарту үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
      Ақылы негiзде сарапшыны таңдауды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
      17. Бiрнеше сарапшыларды тартқан жағдайда ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасында сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.
      Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан сараптау қорытындысын бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Егер сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған болса ғана, оны конкурстық комиссия мiндеттi түрде ескередi. Сараптау қорытындысына сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және конкурстық комиссия хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз құжаттың электрондық көшiрмесi нысанында веб-порталда электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға қоса бередi.
      Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келiспеген жағдайда, мұндай сарапшы өзiнiң ерекше пiкiрiн бiлдiредi, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
      18. Электрондық конкурс өткiзу басталғанға дейiн конкурстық комиссияның мүшелерi, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекiтiлген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуы тиiс.

^ Электрондық конкурс өткiзу туралы хабарлама

      19. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретiн соңғы күнге дейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, ал қайтадан электрондық конкурсты жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей веб-порталдағы электрондық бюллетеньде осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес өткiзiлетiн электрондық конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы жариялауға мiндеттi.

Әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы беру

      20. Электрондық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап барлық ниет бiлдiрушiлерге конкурстық құжаттаманы веб-порталдан тегiн алу мүмкiндiгi берiледi.
      21. Веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы беру веб-порталда автоматты түрде тiркеледi.
      22. Электрондық бюллетеньде электрондық конкурс өткiзу туралы хабарланған сәтке дейiн конкурстық құжаттаманы беруге жол берiлмейдi.

^ Конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру

      23. Веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру туралы сұрау жiбередi.
      Ұйымдастырушы сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру мәтiнiн жариялауға мiндеттi.
      24. Ұйымдастырушы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы күнi өткенге дейiн жеке бастамасы бойынша немесе веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттаманы алған веб-порталға қатысушы әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, веб-порталда нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялайды.
      Мұндай жағдайда, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде он күнтiзбелiк күнге ұзартылады.

^ Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң мазмұны
және оларды беру

      25. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм электрондық құжат нысанында берiледi және электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткiзудi (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiм беру нысаны болып табылады.
      26. Электрондық конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң ұйымдастырушыға беретiн электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi конкурстық құжаттаманың электрондық нысанында санамаланған құжаттарды қамтуы тиiс.
      27. Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына сәйкес талап етiлетiн, веб-порталды пайдалана отырып, мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге және/немесе мемлекеттiк дерекқорға өтiнiш беру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды беруiне жол берiледi.
      28. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға оларды электрондық құжат нысанында берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн бередi.
      29. Электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiнiң тиiстi хабарламасын веб-порталмен автоматты түрде жiберу сәтiнде қабылданған болып есептеледi.
      30. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм беруге құқылы.
      31. Әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға берген өтiнiмi мынадай жағдайларда веб-порталдан автоматты түрде жойылады:
      1) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берсе;
      2) электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм электрондық конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түссе.
      Мемлекеттiк орган және мемлекеттiк мекеме өткiзетiн тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң жарамдылық мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде қырық бес күнтiзбелiк күн, ал акцияларының (үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорын, заңды тұлға және олармен аффилиирленген заңды тұлға өткiзетiн конкурста кемiнде отыз бес күнтiзбелiк күн болуға тиiс. Жарамдылық мерзiмi конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кейiнге қалдырылады.
      32. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес мәлiметтердi қамтитын электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi веб-порталдағы электрондық тiркеу журналында тiркеледi.
      33. Әлеуеттi өнiм берушi өзi енгiзген электрондық конкурсқа қатысуға арналған өз өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта электрондық конкурсқа қатысуға арналған өз өтiнiмiн өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
      34. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз
  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» icon"Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 қаулысына...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы