Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы icon

Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы



НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы
Дата конвертации03.02.2013
Размер99.87 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /Otchet_ue_kz.docОңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы

Мәлімет


«Таза су» бағдарламасы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 29 желтоқсандағы №12/110-Ш шешімімен бекітілген.

Бағдарлама бойынша 817 елдімекенді ауыз сумен қамту көзделсе, оның 87-і республикалық бюджеттің, 587-і облыстық бюджеттің, 143-і Азия Даму Банкісі (АДБ) қаржысына жүргізу жоспарланған. Бағдарламаны толық орындау үшін барлығы 28182,2 млн. теңге қажет, оның 15051 млн. теңгесі республикалық, 13131,2 млн. теңгесі облыстық бюджеттің есебінен жоспарланған.

(№1 кесте, 2005-2007 жылдар аралығында бөлінген қаржы көлемдері) 2005 жылы республикалық бюджеттің есебінен 537,5 млн. теңге бөлініп, барлығы 12 нысанның құрылыстары жүргізіліп, 529,0 млн. теңгесі игерілді. 7 нысанның құрылысы бітті. Олар, Отырар ауданының 6 мекені (Шәуілдір, Арыс, Шойманов, Қызылту, Қоғам, Әметбек) пайдалануға тапсырылды. Сарыағаш ауданы Абай және жақын орналасқан ауылдарды сумен қамтамасыз ету (бірінші кезең 19,4 шқ.), бірақ бұл нысанның ішкі тарату желісінің құрылысы әлі басталмағандықтан пайдалануға тапсырылмады. Облыстық бюджеттен 274,1 млн. теңге бөлініп, 18 нысанның құрылыстары жүргізіліп, 273,5 млн. теңгесі толық игерілді. 18 нысанның 6-ының құрылыстары аяқталды. (Бәйдібек ауданының Түйетас, Шаян, Созақ ауданының Созақ, Сызған, Қаратау ауылдары және Түлкібас ауданының Састөбе кенті). Сайрам ауданы Ақсукент ауылы бойынша қаржы толық игерілгенмен нысан құрылысы бітпеді, яғни пайдалануға тапсырылмады.

Жобалау-сметалық құжаттар дайындауға облыстық бюджеттен 22,1 млн. теңге бөлініп, 10 нысанның ЖСҚ-ы әзірленді. АДБ қаржысы есебінен құрылысы жүретін нысандарға ЖСҚ әзірлеуге 42,1 млн. теңге бөлініп, 32 нысанның ЖСҚ-ы дайындалды.

2006 жыл

Республикалық бюджеттің есебінен 864,1 млн. теңге бөлініп, 12 нысанның құрылыстары жоспарланып, 11 нысанның құрылысы жүргізілді. 839,8 млн. теңгесі толық игерілді. Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті су құбырының құрылысы ЖСҚ-ның дер кезінде дайын болмауының салдарынан сол жылы жүргізілмеді. 11 нысанның 5-ін іске қосу жоспарланған болатын, олар: Сайрам ауданының Жібек жолы, Отырар ауданының Темір, Көкмардан, Ордабасы ауданының Бадам, Төрткөл ауылдары. 5 нысанның 3-і пайдалануға берілді (Темір, Көкмардан, Бадам). Сайрам ауданының Жібек жолы су құбырының құрылысы сметаны қайта есептеуге байланысты, 2006 жылы бітпей қалды.

Облыстық бюджеттен 572,8 млн. теңге бөлініп, 16 нысанның құрылысы жүргізілді, 484,4 млн. теңгесі игерілді. 16 нысанның 8-і тапсырылды (Бәйдібек ауданының Сарқырама, Төлеби ауданының Кеңесарық, Отырар ауданының Аққұм, Жаңа Шілік, Көксарай, Сарыағаш ауданының Тасбұлақ-Горный-Жонарық, Әлімтау, Бозай, Тентексай, Қазығұрт ауданының Майбұлақ ауылдары).

Көксарай ауылында ұңғы жарамсыз болып, тазалауға келмеді. Сондықтан қайтадан ЖСҚ дайындалып, 2007 жылы 11,7 млн. теңге бөлінді. Тасбұлақ-Горный-Жонарық ауылдары су құбырының құрылысында қосымша жұмыстар пайда болуына байланысты нысанның құрылысы бітпеді. 2007 жылы осы нысанға жаңадан ЖСҚ әзірленді, сметалық құны 113 млн. теңгені құрады. Аталмыш нысанды аяқтау үшін облыстық бюджеттен осы қаражатты қарастыру қажет. Облыстық бюджеттің есебінен 13 нысанның ЖСҚ-ын әзірлеуге 22,7 млн. теңге және құрылысы АДБ арқылы жүретін 14 нысанның ЖСҚ әзірлеуге 9,9 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

2007 жыл

Республикалық бюджеттің есебінен 31 нысанның құрылысына 1619,6 млн. теңге бөлініп, 2008 жылғы 1 қаңтарға 1546,6 млн. теңгесі игерілді. Қалған 38,3 млн. теңгесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №1223 қаулысына сәйкес құрылыстары 2008 жылға ауыспалы болып өтетін Сарыағаш ауданының 5 шекара маңындағы елдімекендер су құбырының құрылысына қосылды. 34599,6 мың теңгесі ЖСҚ әзірлеуден және қосымша құн салығының 15 %--дан 14%-ға төмендеуінен үнемделген қаржы.

Пайдалануға беру жоспарланған 11 нысанның шын мәнісінде 6-ы бітті. Олар:

  • Түлкібас ауданы Балықты а/о және Састөбе кенті су құбырын қайта жаңарту;

  • Қазығұрт ауданы Молбұлақ және аудан орталығы Қазығұрт ауылы 2,4,6,13,16 орамдарын ауыз сумен жабдықтау;

  • Мақтаарал ауданы Қарақай елдімекенін ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту;

  • Мақтаарал ауданы Әбиболла елдімекенін ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту;

  • Сарыағаш қаласын ауыз сумен жабдықтауды аяқтау;

  • Сарыағаш ауданы шекаралас елдімекендерді ауыз сумен жабдықтау (Алпамыс а/о Қауыншы ауылы).

5 нысанның құрылысы бітпей қалды: Сарыағаш ауданындағы шекаралас 5 елдімекен (Достық-1, Достық-2, Ақжол, Қоралас, Ұшқын, 28 гвардияшылар ауылдары). Аталған елді мекендердегі қазылатын ұңғылардың тереңдігі 1000-1500 метр аралығында болуына байланысты 3-4 айдың көлемінде 6 ауылда бір уақытта ұңғыларды бұрғылау мүмкін болмады.

Облыстық бюджеттің есебінен 14 нысанның құрылысына 828,5 млн. теңге бөлініп, 2008 жылғы 1 қаңтарға 822,8 млн. теңгесі игерілді. Тапсырылуы қажетті 10 нысанның 7-і бітті, олар: Бәйдібек ауданы Боралдай ауылын ауыз сумен жабдықтау, Төлеби ауданы Алғабас су құбырының құрылысын аяқтау, Ақжар ауылы су құбырын қайта құру, Сайрам ауданы Сихым ауылын ауыз сумен жабдықтау, Шардара қаласы су құбыры құрылысын қайта құру, Мақтаарал ауданы Ақниет және Ленинабад ауылдарында ұңғы қазу және насос орнату.

2007 жылы 8 нысан құрылысына ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен 31,8 млн. теңге бөлініп 31,5 млн. теңгесі, 13 АДБ нысанның ЖСҚ-на түзету енгізу үшін 5 млн. теңге бөлініп, игерілді.

2008 жылы республикалық бюджеттен 25 нысанның құрылысына 2226,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 3 нысанның құрылысына 312,3 млн. теңге, Ленгір қаласы су құбыры құрылысына ЖСҚ әзірлеуге және АДБ нысандарының ЖСҚ-сына түзету енгізуге 68,9 млн. теңге, 13 АДБ нысандарына инжинирингтік және авторлық қызмет көрсетуге 6,1 млн. теңге бөлінді.

2005-2007 жылдары Азия Даму Банкісі қаржысына құрылысы жүруі тиіс 143 елді мекенің 40-ның жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. 2007 жылы екі нысанға (Дермене, Баялдыр) қаржы бөлініп, құрылысы аяқталды. 11 нысанға Су ресурстары жөніндегі комитетте тендер өткізіп, 2008 жылы 7-інің құрылысы басталды: Бәйдібек ауданының Қайнабұлақ, Сарыбұлақ, Қазығұрт ауданының Шанақ, Мақтаарал ауданының Таубай ата, Жамбыл, Қазыбек би, Жаңадала ауылдары, 4 нысанға тендер жақында өткізілгендіктен, құрылыстары жақын ортада басталады: Сайрам ауданының Құтарыс, Аққала және Созақ ауданының Жартытөбе, Аққолтық ауылдары.

2005-2007 жылдары республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 16 нысан, облыстық бюджеттен 21 нысан және АДБ есебінен 2 нысан бітті.


Жоғарыда атқарылған жұмыстарға тоқталдық, ендігі жерде осы жұмыстарды жүргізу барысында кедергі келтіріп жатқан өзекті мәселелер мыналар:

  • құрылысқа қаржы нысанның нормативті құрылыс салу ұзақтығына сәйкес бөлінбейді.

Мәселен Сарыағаш ауданының Бозай, Әлімтау және Тентексай ауылдарында тек ұңғы қазудың (әр қайсысы бөлек нысандар) нормативтік құрылыс салу мерзімі 6 ай болса, құрылысқа қаржы екі жыл бойы бөлініп, құрылысы 24 айда зорға бітті.

Сайрам ауданы Сайрам ауылы су құбырының құрылысы, нысанның конкурстық құны 893119 мың теңге, нормативтік құрылыс салу мерзімі 28,4 ай.

Нақты бөлінгені 2006 жылы 74823 мың теңге, 2007 жылы 80000 мың теңге 2008 жылы 300000 мың теңге яғни 3 жылда (36 айда) 454823 мың теңге, немесе қаржының 50,9%-ақ бөлінді.

Түркістан қаласын сумен жабдықтау нысаны, сметалық құны 1077 млн. теңге, нормативтік құрылыс салу мерзімі 50,4 ай, құрылысы басталғалы үш жылдың (36 ай) ішінде 600,3 млн. теңге бөлініп, игерілді немесе 55,7%-ақ бөлінді. Мұндай жағдай 3 нысанның 2 нысанында кездеседі.

Сонымен қатар, облыстың құрылыс департаментінің ұсынған басым бағыттағы 2006-2008 және 2007-2009 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізімдерін көп жағдайда облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті өз бетінше өзгертуде. Нысандар құрылысына техникалық-экономикалық негіздемелер және жоба-сметалық құжаттар дайындауда жүйесіздік байқалуда, яғни бағдарлама басшылыққа алынбауда, аталған жұмыстарды аудандар (қалалар) әкімдігі мен ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті өз қалаулары бойынша жүргізуде. Қорытындысында құрылысы бағдарлама бойынша 2004-2007 жылдары жоспарланған нысандардың орнына бағдарламада жоспарланбаған нысандардың құрылысы жүріп жатқанын айтуымыз қажет.

  • облыс көлемінде ауыз суға өте зәру ең кемі 50 елді мекенге Үкімет деңгейінде қаржы бөліп жер асты суының қорын іздестіру және бекітілген мерзімі өткендерін қайта бекіту қажет. 2007 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 9 ауылға 36 млн. теңге бөлді. Барлау –іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қорытындысы 2008 жылдың аяғында белгілі болады. Бұл өте жеткіліксіз, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне хаттар жазылды, бірақ қорытынды әзірге жоқ.

2004-2007 жыллдары облыс көлемінде құрылысы жүрген нысандар бойынша проблемалық нысандар қатарында Сайрам ауданы Ақсукент ауылының су құбырын қайта құру, конкурстық құны 45450 мың теңге тапсырыс беруші облыстың бұрынғы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, мердігер «Қуаныш» ЖШС. 2004 жылы облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы орындалған жұмысқа 35728 мың теңге мердігер «Қуаныш» ЖШС–не аударып берген. 2005 жылы аталған басқарманың жойылуына байланысты су құбырының құрылысы облыстың құрылыс департаментінің құзырына өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы №180 қаулысы бойынша 2005 жылы негізгі тапсырыс беруші Сайрам ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі, аталған бөлімнің сұранысы бойынша қалған 8245 мың теңге облыстың құрылыс департаментінен аудандық құрылыс бөлімінің есеп шотына аударылған еді. Өкінішке орай, аудан әкімдігі аталған қаржыны басқа мақсатқа жұмсап, құрылыс бітпей қалды. 2007 жылдан бері Сайрам ауданы құрылыс бөлімінің өтініші бойынша аталған нысанның ісімен облыстық қаржы полициясы айналысуда. Құрылысы 2004 жылы біткен бірақ құбырлардың жарылуына байланысты осы күнге дейін Жұлдыз ауылына да су берілмей отыр.

Аудан (қала) әкімдіктерінің құрылыс бөлімі құрылысты жүргізуге негізгі тапсырыс беруші және жауапты, орындалған жұмысты қабылдап, қаржы төлейді.

Бөлінген қаржыны уақтылы игеріп, құрылысты қаржыландыратын, мердігермен келісім-шартқа отырып, жұмысты жүргізу кестесіне сай сапалы жүргізіп, оның орындалуын қамтамасыз ететін де құрылыс бөлімі.

Өкінішке орай, аудандық (қалалық) құрылыс бөлімдері бөлінген қаржыны мердігердің дер кезінде игеруін қамтамасыз ете алмайды, келісім-шарттардағы баптардың, жұмысты жүргізу кестесіндегі көрсетілген орындау мерзімімен жұмыс көлемінің ауытқуы және құрылысты салу мерзімінің ұзаруы жиі кездеседі.

Мысалы, Сарыағаш ауданы 6 шекаралас ауылдары су құбырының құрылысы нормативтік салу ұзақтығы 6 ай бола тұра, 5 нысаның құрылысы екінші жылға өтті.

Нысандар құрылысына дайындалған жоба-сметалық құжаттардың сапасы өте төмен, оны тексеріп шара көріп жатқан ауданның (қаланың) құрылыс бөлімі жоқ. Мысалы, жоба-сметалық құжаттар әзірлеу кезінде бастапқы мәліметтермен сәулет жобалау тапсырыстарын (АПЗ) сапасыз дайындайды және өте кешіктіреді. Мысалы: Сарыағаш ауданы Горное, Тасбұлақ және Жонарық ауылдары су құбырын қайта құру нысанына екінші рет 2007 жылғы жоспар бойынша 3,4 млн. теңгеге жоба-сметалық құжатты жобалаушы мекеме «Сенім-проект» 2007 жылы бөлінген қаржыны толық игеріп, жобаныда әзірлеп бітірді, бірақ тапсырыс беруші Сарыағаш ауданының құрылыс бөлімі осы уақытқа дейін сәулетті-жоспарлау тапсырмасын (АПЗ) ұсынбауына байланысты аталған нысанның ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылмауда. Осы Сарыағаш ауданында 6 шекаралас ауылдарға ЖСҚ әзірлеуге ұсынған бастапқы материалдарында көптеген кемшіліктер орын алған. Мысалы ең негізгілері Қоралас, Достық және 28 гвардияшылар ауылдары су ғимаратарын орналастыруға округ әкімдерінің су ғимараттарын орналастыруға берген жер көлемін жобалаушы мекеме «Арх Бюро №1» ЖШС жер көлемінің ауданын өз бетінше өзгерткен және бір учаскеге орналастыратын ғимараттарды екі учаскеге бөліп орналастырған. Ауыл округтері әкімдерінің жер бөлу туралы берген шешімі 3-5 жылға уақытша пайдалану құқығымен берілген. Сонда қалай болғаны көрсетілген жылдар өткесін ғимараттарды көшіру керек пе? «Төлеби ауданы, Ақжар ауылы су құбырының желілерін қайта жаңарту» нысанын жобалау кезінде, «Сенім-проект» ЖШС ұзындығы 2 шқ. қолдағы бар желіні пайдалануға жарамды деп жобалаған, кейіннен ол жарамсыз болып шықты, бұл жағдай нысанның құрылысы кезінде белгілі бір қиындықтар туғызды. Бұ3л жерде Төлеби аудандық құрылыс бөлімінің де кінәсін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай кемшіліктер Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек, Отырар, Сарыағаш, Ордабасы аудандарының бөлімдері де тарапынан жіберілді.

Сондай-ақ, нысандардың құрылыс сапасы төмендеу, көп жағдайда су құбыры құрылысының технологиясы сақталмайды және жобадан ауытқу байқалады. Осы тектес кемшіліктер барлық аудандарда орын алуда. «Сайрамқұрылыс» ЖШС және «Отырарқұрылыс» ЖШС құрылыс мекемелерінің құрыслысқа техникалық бақылау жасау жұмысы жеткіліксіз дәрежеде. 2007 жылдың аяғында нысандардың құрылыс барысы тексеріліп, орын алған кемшіліктерді жою жөнінде Сайрам, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарына хаттар жіберілді. Осындай бақылау жұмыстары биыл да өз жалғасын табады.

Ауыз сумен қамтамасыз ететін және құрылысты жүргізетін кәсіпорындардың мүддесін қорғайтын нормативтік құқықтық актілер, құрылысты жүргізу және су құбырын техникалық пайдалану жөніндегі басшылыққа алатын құжаттармен қамтамасыз ететін өкілетті органның жоқтығы қиындықтар туғызуда.

Негізгі проблемалық мәселе, нысан құрылыстарына бюджеттік қаржы құрылысты салудың нормативтік ұзақтығына сай бөлінбеуінде. Мысалы құрылыстары 2008 жылы жүргізіліп жатқан нысандар қаражаттың жетіспеушілігінен бітпей қалу қаупі бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қыркүйектегі №791 Қаулысына сәйкес биылғы жылы жоспарланған 25 нысанның 14-інің сметасы қайта есептеліп, сметалардың құны 1548,5 млн. теңгеге ұлғайды. Оның ішінде, құрылысы 2008 жылы тапсырылатын 7 нысанға (Шақпақ, Ақбастау, Рабат-Атбұлақ, Қожатоғай, Балтакөл, Маяқұм, Жаскешу ауылдары) 177,6 млн. теңге жетіспейді. Аталмыш қаржы ағымдағы жылы бөлінбесе, нысандар бітпей қалу қаупі бар. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Шаян ауылының су құбыры ғимараттарының құрылысына 190 млн. теңге жетіспейді.

«Таза су» бағдарламасын орындау, су құбыры құрылысының сапасын жақсарту, нысан құрылысын құрылысты жүргізу кестесіне сай уақтылы аяқтау, құрылысқа сапалы жоба-сметалық құжаттар әзірлеу, келісім шарттардың талаптары мен шарттарын орындау, құрылысы біткен нысанды барлық нақты орындалған сызбалары мен басқада құжаттарын пайдалану мекемесіне тапсыру, жоба-сметалық құжаттардың сапасын дер кезінде тексеріп, кемшіліктері болса тез жөндеуге шара көру бойынша облыстың құрылыс департаментіне аудан және қала құрылыс бөлімдерінің меңгерушілері арнайы шақырылып, 2008 жылдың 28 наурызында жиын өтті. Жиында облыстық мәслихат депутаттарының «Таза су» бағдарламасының орындалуы туралы өткір сындар айтылып, орын алған кемшіліктерді жою тапсырылып, алдағы уақытта қатаң шара қолданылатындығы ескертілді.

Сонымен қатар, «Таза су» бағдарламасын орындаудағы орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау туралы барлық қала мен аудан әкімдеріне хат жолданды.

2008 жылдың 2 сәуірінде облыс көлеміндегі су құбыры құрылыстарына инжинирлингтік бақылау жасайтын «Тұран құрылыс», «Сайрам құрылыс», «Отырар құрылыс» және Сайрам ауданындағы «Зональный центр» ЖШС мамандары шақырылып, орын алған кемшіліктерді жою, құрылыстың сапасын жақсарту, жобадан ауытқуды болдырмау, орындалған жұмысқа орындалмаған жұмысты қосып жазуды болдырмау жөнінде жиын өтіп, депутаттардың орынды сындары айтылып, құрылысты уақтылы, сапалы етіп тапсыру міндеттелді, алдағы уақытта аталған жұмыстар қатаң бақылауға алынып, кемшіліктер орын алғанда шара қолданылатындығы қатаң ескертілді.



Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы icon«Жер бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға
«Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мм
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы iconПресс-релиз в целях реализации
Осы Санитариялық қағидалар сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз су, шаруашылық-ауыз сумен...
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы icon«Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі №248 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы iconБасқраманың жұмысы туралы есеп Сумен қамтамасыз ету Саланың негізгі көрсеткіштері
Шығыс Қазақстан облысында 798 елді мекеннің 235-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген немесе 10 қаладағы, 3 кенттегі, 222...
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы iconАудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті
«Бородулиха ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және жаю Ережесін бекіту туралы» шешімнің орындалу барысы, Бородулиха ауданында...
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы iconБекітілді қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның 2013 жылға арналған
Ақтау қаласының 2010-2014 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы iconАудандық Мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының
Маңғыстау ауданы бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған...
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы icon2006 жылғы ІІІ тоқсанына мекеменің жұмысы туралы есеп
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Тұрғын-үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын, (толығырақ...
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы icon«Жер үсті су нысандары жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы
Мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы iconҚызмет көрсетілетін орын
«Жер үсті су нысандары жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық...
Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік «Таза су» бағдарламасының орындалу барысы (ауыз сумен жабдықтаушы нысандардың құрылысы) туралы iconВопросы и обращения, поступившие во время проведения отчетной встречи акима области в г. Семей 22 февраля 2012 года
Хат иесі кәсіппен айналысу үшін төмен пайызбен несие алу мүмкіндігін және тұратын шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы