Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары icon

Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары



НазваниеӘкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары
Дата конвертации20.01.2013
Размер42.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің  типтік квалификациялық талаптары

Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
2008 жылғы 9 қаңтардағы №02-01-02/5
бұйрығы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының С санаты топтарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

1) С-1, С-2 санаттары үшін: білімі - жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда алты жылдан кем емес, оның ішінде үш жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттардағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттардағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

2) С-3 санаты үшін: білімі - жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (магистратура, бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда бес жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (докторантура) аяқтауы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

3) С-4 санаты үшін: білімі - жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура) аяқтауы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

4) С-5 санаты үшін: білімі - жоғары кәсіптік; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат) аяқтауы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

5) С-6 санаты үшін: білімі - жоғары кәсіптік; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.



Похожие:

Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconАқсу ауданы әкімдігінің регламенті Жалпы ережелер
Аудандық әкімдік (бұдан әрі әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, атқарушы өкіметтің жалпы...
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconКонкурс өткiзу туралы қағидасы
Конкурсты «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен...
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconКонкурсты өткізу талаптары мен тәртібі
Осы Қағидалар «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалдарында (бұдан әрі филиал) бос лауазымдарды...
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconҮздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік
«Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен...
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconМемлекеттік ќызмет туралы
«А» корпусы – Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті айќындайтын кадр резервіне іріктеудіѕ, конкурстыќ іріктеудіѕ, мемлекеттік ќызметті...
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconМемлекеттік ќызмет туралы
«А» корпусы – Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті айќындайтын кадр резервіне іріктеудіѕ, конкурстыќ іріктеудіѕ, мемлекеттік ќызметті...
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconЖоғары білім мамандықтары бойынша типтік білім беру оқу бағдарламаларын жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Жоғары білім мамандықтары бойынша типтік білім беру оқу бағдарламаларын жетілдіру мақсатында БҰйырамын
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconАнализ мо казахского языка и литературы в школах с русским языком обучения на 2010-2011 учебный год
«Аналитикалық талдау әрекеті – мұғалім біліктілігінің көрсеткіші» (13. 10. 2010. Сш №52)
Әкімдік мемлекеттік лауазымдары біліктілігінің типтік квалификациялық талаптары iconБаза бар. Нәтиже керек
Бұдан тыс мемлекеттік қызметкерлерді спорттық кешенге тарту туралы айтылды. Қазірдің өзінде көптеген мемлекеттік қызметкерлер – шекарашылар,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы