Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша icon

Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша



НазваниеКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша
Дата конвертации22.10.2013
Размер94.26 Kb.
ТипДокументы
источник


2

Көкпекті ауданы әкімдігінің

2013 жылғы «___»________

_______қаулысына қосымша


«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер


1. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынандай ведомстволары бар:

1) «Жұлдыз»-«Новая жизнь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

3. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.


3

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Фахрутдинов көшесі, 4 «а».

10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы:

«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру облыстық және аудандық бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

^ 2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастардың дамуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

15. Мiндеттерi:

1) ауданда ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету, ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

2) аудандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне және қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама жасау, болжау, мониторинг жүргізуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Заңының 12 бабы, 3 тармағы);

3) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы

4

23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабы, 1) тармақшасы);

4) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын және ынтымақтастығын ұйымдастыру, аудандағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту (Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңының 4-2 бабы, 4) тармақшасы, 5) тармақшасы).

16. Мекеменің функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауларын, мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдықтарын, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың мемлекеттік және аудандық бағдарламаларын түсіндіру мен насихаттау, бағдарламаларды талдау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіруге қатысады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 3) тармақшасы);

2) жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынасты ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

3) Мемлекеттік бағдарламаларды, аудан әкімінің, облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмаларын орындауды, сондай-ақ, мекеменің құзырына енетін сұрақтар бойынша шараларды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

4) саяси маңызды оқиғалар туралы, сондай-ақ, діни, қоғамдық-саяси саладағы, мемлекеттік органның ақпараттық-насихат және идеологиялық жұмыстарындағы өзгерістер туралы уақтылы ақпарат беріп отырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

5) Мемлекеттік органдардың бұқаралық-ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасын үйлестіреді және ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабы, 7) тармақшасы);

6) жергілікті атқарушы органдардың қызметін жария етуде бұқаралық-ақпарат құралдарымен шаралар дайындайды және өткізеді (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабы, 7) тармақшасы);

7) аудандағы мерзімдік баспасөзге жазылуды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабы, 5) тармақшасы);

5

8) қоғамдық-саяси процестерді болжайды және зерттейді, аудандағы ұлтаралық қатынас сұрақтарын, аудандағы қазіргі саяси жағдай туралы ақпараттарды жүйелейді (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

9) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiң аудан аумағында пайдаланылуын (тiгiлуiн, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады (2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының 12 бабы)

10) Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауларын, “Қазақстан-2050” Стратегиясын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат топтарының қызметін, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-насихат жұмыстарын үйлестіреді (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 3) тармақшасы);

11) үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастыру-тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау жасауды ұйымдастырады (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 3) тармақшасы);

12) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі және жастар мәселелері жөніндегі кеңестердің жұмысына басшылық жасайды (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

13) ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады, жастар саясатының өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеп, iске асырады және оларды қаржылай қамтамасыз етудi жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 4 бабы, 5 тармағы, 1), 2) тармақшалары);

14) өңiрде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдарын құрады және олардың қызметiн қамтамасыз етедi (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 4 бабы, 2 тармағы, 1), 3) тармақшалары);

15) аудандағы қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасайды (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

16) өңiрдегi дiни ахуалға зерделеу және талдау жүргiзедi, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi (Қазақстан


6

Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5 бабы, 1), 3) тармақшалары);

17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

17. «Жұлдыз»-«Новая жизнь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің функциясы:

Мемлекеттік саясатты ақпараттық қамтамасыз ету және пайда түсіру (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы);

18. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) өңірлік ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізуге (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

2) жергілікті атқарушы органдардан мекеменің белгілеген мерзімінде өз құзыры аясында ақпараттар сұрауға және алуға (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

3) Мекеменің құзырына енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудандық әкімдіктің қаулыларын дайындауға қатысуға (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы);

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабы, 2 тармағы).


^ 3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру


19. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты, «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім бастығы жүзеге асырады.

20. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығын лауазымдық қызметке Көкпекті ауданының әкімі тағайындайды және босатады.

21. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, берілген тапсырмаларды орындау және өз міндеттерін іске асыру үшін жекелей жауапкершілікте болады.

7

22. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының өкілеттігі:

1) бөлім қызметкерлерін белгіленген заң талаптарына сәйкес жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

2) бөлім қызметкерлерінің, өзіне қарасты мекеменің басшысы мен жұмыскерлерінің өкілеттері мен міндеттерін анықтайды;

3) заң талаптарына сәйкес бөлімнің барлық жұмысына басшылық жасайды, қадағалайды;

4) құзырлық негізінде өз иелігіндегі мекемелерге бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді;

5) заң талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың басқа ұйымдармен қарым-қатынастарына өкілдік етеді;

6) заңмен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады және тәртіптік шара қолданады.


^ 4. Мемлекеттiк органның мүлкi


      24. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      25. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк республикалық/коммуналдық меншiкке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату


30. «Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

1) «Жұлдыз»-«Новая жизнь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.




Похожие:

Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғ «22»ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«Көкпекті селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғ «22»ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«Көкпекті ауданының Тассай селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын...
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы Әкімдігінің 2013 жылғ «22»ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«Қойгелді аухадиев атындағы селолық округінің Әкімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғ «22»ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«теректі селолық округі әкімі нің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«Белое селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«Самар селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«Казнаковка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы «22» ақпандағы №52 қаулысына қосымша
«Шұғылбай селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғ «22» ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«Көкжайық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғы № қаулысына қосымша iconКөкпекті ауданы әкімдігінің 2013 жылғ «22»ақпанандағы №52 қаулысына қосымша
«Үлгілімалшы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы