«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  icon

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға



Название«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
Дата конвертации19.01.2013
Размер94.65 Kb.
ТипДокументы
источник


«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар аясында 2011 жылға қойылатын міндеттер туралы»


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар аясында 2011 жылға қойылатын міндеттер туралы» баяндамасын тыңдай және талқылай келе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқасы ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың баяндамасы назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

3. Комитеттердің төрағалары, департаменттердің директорлары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары:

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің берген тапсырмаларын;

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бұлжытпай сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Н.Р. Аршабеков):

- «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Үкіметке уақытылы енгізсін;

    • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және білім беруді дамытудың әлемдік үрдістерін іске асыруды мониторингілеу және болжау жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

- электрондық оқытуды енгізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын;

- «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2011-2013 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын қайта пысықтасын, Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына 2011 жылғы 1 сәуірге дейін енгізсін;

- Баспасөз қызметімен (М.Қ. Сағымбаева) бірлесіп, 2011 жылғы 1 маусымға дейін негізгі бағыты педагогтің мәртебесі мен беделін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі имидждік саясатының тұжырымдамасын әзірлесін және қарауға енгізсін.

5. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов) мынадай:

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісін дамыту;

- білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты 12 жылдық оқыту моделіне көшуді жүзеге асыру;

- облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып, 12 жылдық оқытуға көшуге дайындалу жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын 2011 жылғы 1 сәуірге дейін әзірлеу және бекіту;

- қазіргі 11 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖБС), оқу жоспары мен бағдарламасына 2011 жылғы 1 мамырға дейін өзгерістер енгізу;

- Орта мектептегі математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім тұжырымдамасын 2011 жылғы 15 наурызға дейін әзірлеу;

- «Білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі пайдалануға ұсынған оқулықтар тізбесін бекіту туралы» бұйрығының жобасын 2011 жылғы 28 ақпанға дейін әзірлеу жөніндегі іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;

«Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен (А.Е.Әбілқасымова), Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен (Т.О. Балықбаев) және Республикалық кеңеспен бірлесіп 2011 жылғы 20 наурызға:

- оқулықтарды әзірлеу және құру бойынша әлемдік тәжірибені зерделесін және жинақтасын;

-оқулықтар сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар әзірлесін және қарауға ұсынсын;

- оқу әдебиеттерінің уақытылы және сапалы сараптамадан өтуін қамтамасыз етсін;

- «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығымен (Д.С. Омарова) бірлесіп:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын: ҚР МЖБС 1.001-2009 ж. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» 2011 жылғы 1 маусымға дейін пысықтасын және бекітсін;

6. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

    • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара іс-қимылының тиімді жүйесін құру, техникалық және кәсіптік білім берудің негізгі ауыртпалығын өнеркәсіпке аудару және бюджеттен тыс қаражатты тарту;

    • өңіраралық кәсіптік орталықтарды дамыту, жұмыс берушілердің қатысуымен корпоративті басқаруды енгізу, олардың негізінде «Кәсіпқор» бірыңғай білім беру брендін құру;

- 2011 жылғы 1 қыркүйекке дейін жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктеріне бірқатар қызметтерді болашақта кезең-кезеңімен бере отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерінің кәсіптік даярлығы мен деңгейін бағалау және біліктілік беру жүйесін жетілдіру;

- Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз шеңберіндегі «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасын жүзеге асыру;

- республиканың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің Турин процесіне қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) мынадай:

    • Назарбаев Университетінің тиімді жұмыс істеуі;

    • қазақстандық жоғары оқу орындарын саралаудың жаңа жүйесін енгізу;

    • оқу бағдарламаларын жетілдіру, оларды тұлға мен еңбек нарығы сұраныстарына сәйкес олардың икемділігін қамтамасыз ету;

    • педагог кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру;

    • 2011 жылғы 30 наурызға дейін әлемдік тәжірибені ескере отырып, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелерін әзірлеу;

    • жоғары оқу орындары ректорларының кадрлық резервтерін қалыптастыру;

    • жоғары оқу орындары басшылары мен оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитетімен (М.Қ. Байжұманов) бірлесіп:

    • жоғары оқу орындары ұйымдарының желісін оңтайландыру жөніндегі шараларды қабылдасын;

қаржы және инвестициялық жобалар (Нұрғожаева Т.А.) және құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу (Ыбырайым Н.М.) департаменттерімен бірлесіп «Студенттік тұрғын үй» бағдарламасын әзірлесін;

    • Ғылым комитетімен (С.Б. Шаяхметов) бірлесіп:

    • жоғары оқу орындарының базасында инновациялық құрылымдарды – бизнес-инновациялық орталықтарды, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, коммерцияландыру орталықтарын құру;

    • зерттеу университеттерінің заңнамалық ережелерін іске асыру;

    • Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Технолгияларды коммерцияландыру» жобасын іске асыру;

    • профессорлық-оқытушылық құрамның және ғылыми қызметкерлердің импакт-факторлармен бірге ғылыми журналдардағы басылымдарын ынталандыру жүйесін 2011 жылғы 30 қыркүйекке дейін әзірлеу жөніндегі шараларды қабылдасын.

8. Ғылым комитеті (С.Б.Шаяхметов):

«Ғылым туралы», «Ғылым мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылдағаннан кейін екі ай мерзімде заңға тәуелді нормативтік актілерді әзірлеуді және оларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

9. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Қ. Байжұманов) Ұлттық тестілеу орталығымен (Қ.С. Әбдиев), Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығымен (Т.М. Әмреева), жоғары оқу орындарымен, облыстардың Астана және Алматы қалалары білім департаменттерімен бірлесіп:

- ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін жетілдіру;

- жергілікті жерлерде тестілеуді жергілікті атқару органдарымен және мектептермен өзара іс-қимылда бола отырып сапалы өткізуді қамтамасыз етсін;

- мемлекеттік бақылауды, лицензиялау және жоғары оқу орындарын аккредиттеу ережелерін жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдасын.

10. Жастар саясаты департаменті (М. Д. Қожахмет):

    • тәрбие жұмысы үшін барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының, сонымен қатар аймақтық білім беру басқармаларының бірінші басшыларының жауапкершілігін қамтамасыз ету;

    • «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының, студенттік жасақтардың, Студенттік Альянстың және басқа да жастар бастамалары мен ұйымдарының, ресурстық орталықтардың, әлеуметтік маңызды жобалардың дамуын қамтамасыз ету;

    • 2011 жылғы 15 қыркүйекке дейін еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері үшін бірыңғай идентификациялық студенттік картаны енгізу жоспарын жасау жөніндегі шараларды қабылдасын;

мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменттерімен бірлесіп:

    • тәрбие жұмысын оның алдын алу, жүйелілік бағытында қайта құрсын;

    • педагог мамандығының мәртебесі мен тартымдылығын насихаттауды дамытсын;

Техникалық және кәсіптік білім беру департаментімен (К.К. Бөрібеков) бірлесіп:

    • жастар арасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуды танымал ету бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жандандырсын;

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен (С.М. Өмірбаев) және жоғары оқу орындары ректорларымен бірлесіп:

    • тәрбие жұмысы және жастар саясаты бағдарламаларының әзірленуі мен олардың жоғары оқу орындарында іске асырылуын, студенттік өзін-өзі басқару және жастар ұйымдарының дамуын қамтамасыз етсін.

11. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):

- жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін 2011 жылғы 20 желтоқсанға дейін әзірлесін;

- Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментімен (Н.М. Ыбырайым), Қаржы орталығымен (З.Ж. Оразалиева) бірлесіп мемлекеттік білім жинақтау жүйесін (бұдан әрі – МБЖЖ) құру бойынша актуарийлік есептермен қоса қаржы-экономикалық негіздемесін дайындасын және МБЖЖ мәселелері бойынша заңнаманың тұжырымдамасын 2011 жылдың 1 қазанына дейін әзірлесін.

12. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер):

- кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз етсін;

- мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушыларды тасуды ұйымдастыру бойынша жергілікті атқару органдарына қолдау көрсету жөніндегі жұмысты жалғастырсын.

13. Жоғары оқу орындарының ректорлары:

- Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс берушілермен кадрлар даярлау және студенттердің өндірістік практикадан өтуі жөніндегі екі жақты ынтымақтастық туралы шартты 2011 жылғы 1 сәуірге дейін жасасын;

жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен (С.М. Өмірбаев) бірлесіп:

- жоғары оқу орындарының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын 2011 жылғы 1 наурызға дейін әзірлесін;

жастар саясаты департаментімен (М.Д. Қожахмет) бірлесіп:

- тәрбие жұмысы және жастар саясаты бағдарламасын әзірлесін.

14. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары:

- 2011 жылғы 1 наурызға дейін орта білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік материалдармен нақты қамтамасыз ету мәселесі бойынша жағдайды талдасын;

мынадай:

 - 2011 жылғы 1 маусымға дейін оқулықтарға деген сұраныстарды мониторингті қамтамасыз ете отырып, мектеп әдебиеттерін қажетті жоспарлау жүргізу және уақытылы сатып алу;

- 2011 жылғы 1 тамызға дейін оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды толық жеткізуді қамтамасыз ету;

-   2011 жылғы 1 желтоқсанға дейін жаңа оқу орындары мен жатақханалардың жоспарланған құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамаларды белгіленген кестеге сәйкес әзірлеуді қамтамасыз ету;

    • кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырыстарының көлемін жергілікті бюджет есебінен арттыру және 2011 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ақпаратты ұсыну;




    • мамандарға деген сұранысты анықтау, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, материалдық техникалық базаны нығайту, білім алушылардың тәжірибесін ұйымдастыру, оқытушылардың тағылымдамадан өтуі және т.б.;

    • 2011 жылғы 1 шілдеге дейін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бейін бойынша ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарға бекіту, сонымен қатар кадрлар даярлау саласындағы оқу орындары мен кәсіпорындар, компаниялар арасында шарттар жасау жөніндегі шараларды қабылдасын.

15. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.


Алқаның төрағасы,

Министр Б. Жұмағұлов




Похожие:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconБілім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат
Жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы №282 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жауапты...
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылдың II жартыжылдығына арналған тексеру жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы...
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеру жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №1519...
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020...
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2012 жылдың екінші жарты жылдығына арналған тексеріс жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы