ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы icon

ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы



НазваниеШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы
Дата конвертации22.10.2013
Размер82.71 Kb.
ТипДокументы
источник

ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің

«___» _____________ 2013 жылғы

___ қаулысымен

бекітілген


Шығыс Қазақстан облысының «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің үлгі Ережесі

1. Жалпы Ережелер

1. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы: 1)аудан әкімдігінің 2013 жылғы 13 ақпандағы №55 қаулысы негізінде жаңадан құрылған Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар аудандық жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Үржар аудандық Әкімиятының «Уақыт тынысы» («Пульс времени» газетінің редакциясы және теледидары мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серкітестігіне өзгерту жолымен қайта құру туралы аудан әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №01 қаулысы негізінде қайта құрылған Үржар аудандық «Уақыт тынысы» («Пульс времени» газеті редакциясы және теледидары мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серкітестігі.

3. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысының «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үржар аудандық әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

9. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері – 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы № 122, телефон нөмірі 3-41-12

10. Мемлекеттік органның толық атауы - Шығыс Қазақстан облысының «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

кәсіпкерлік субъектілерімен «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.


^ 2. Мемлекеттік орнанның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


14. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастардың дамуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.
      

   15. Міндеттері:


1) Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

2) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауларын халыққа түсіндіру және насихаттау;

3) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және діни конфессиялармен, сонымен қатар, өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасты нығайту;

4) Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу;

5) Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалға болжам жасау үшін әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;


16.Функциялары


  1. бөлімнің функциялары:

- аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады (ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы, 4-4 бап, 1 тармақ);

- аудандағы діни ахуалға зерттеу жүргізеді (ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы, 5 бап, 1 тармақ);

- жергiлiктi деңгейде өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi (ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы, 5 бап, 3 тармақ);

-аудан аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналасуын бақылайды (ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы, 12 бап);

-ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету (ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы, 4-бабы, 5- тармағы, 1- тармақша);

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, аудандағы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің мемлекеттік ішкі саясатын іске асыруының барысын бақылайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің, Бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларын орындау; («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңының 31 -бабы, 2- тармағы);

-Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асырады;

^ 2) ведомстволардың функциялары:

-«Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы аудан әкімдігінің 2013 жылғы 13 ақпандағы №55 қаулысы негізінде жаңадан құрылған Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар аудандық жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциясы: Үржар ауданының жастар қоғамдық бірлестіктерінің, білім мекемелерінің және еңбек ұжымдарындағы, ұйымдар мен кәсіпорындардағы жастар активтерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы қызметін үйлестіру, жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру.

- Үржар аудандық «Уақыт тынысы» («Пульс времени») газеті редакциясы және теледидары мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серкітестігінің функциясы: мемлекеттік саясатты ақпараттық қамтамасыз ету. Аудандық «Уақыт тынысы» («Пульс времени») қоғамдық-саяси газетін мемлекеттік және орыс тіліндерінде шығару және тарату. Ақпараттық және жарнамалық қызметтер көрсету.

^ 17. Құқықтары мен міндеттері:


Негізгі міндеттерді және өз функцияларын жүзеге асыру үшін бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, өзге де мекемелермен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды сұрауға, келісім бойынша мемлекеттік органдар мен өзге мекемелердің қызметкерлерінің қатыстырылуымен ауданда мемлекеттік саясатты Бөлімнің қарауына жататын үйлесімді ұсыныстар жасау үшін уақытша жұмыс тобын құруға;

2) Бөлімнің қарауына жататын ақпараттық-сараптамалық және өзге мәселелер бойынша дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға;

3) жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық мәліметтер банкін пайдалануға;

4) жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық мәртебедегі кеңестерді, мәжілістерді, конференцияларды өткізуге;

5) жастар және ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлу туралы аудан әкіміне ұсыныс енгізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 


^ 3. Мемлекеттік органның

қызметін ұйымдастыру


18. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орныбасарлары жоқ.

21. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлімнің жұмысына басшылық жасау және бөлімге жүктелген шараларды атқару;

2) өзінің құзыры мөлшерінде бұйрықтар шығару, оның орындалуына бақылау жасау;

3) бөлімнің бюджетін жоспарлау;

4) бөлімнің айлық, тоқсандық, жылдық кешенді жоспарларының орындалуына бақылау жасау;

5) сметалық құжаттарды қарау, негізгі мүлік пен ақша айналымының тәртібін тексеру;

6) бөлімге түскен құжаттардың, хаттардың, арыздарын, өтініштердің дер кезінде орындалуына және жауап беруіне бақылау жүргізу;

7) облыс әкімінің тиісті бөлімдері мен жергілікті жердегі мемлекеттік және атқарушы органдармен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету және талаптарға сай жұмыстарды ұйымдастыру;

8) бөлім мамандарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі облыстық басқармасының келісімімен және конкурс негізінде жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

«Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшының орныбасарлары жоқ. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және жолын кесу үшін барлық шараларды қабылдауы керек және ол үшін дербес жауапты.

23. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мамандарды «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімінің» бірінші басшысы басқарады.


^ 4. Мемлекеттік органның мүлкі


24. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мүлкі оған меншік иесі берген
мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер тек аудандық бюджет есебінен қалыптастырылады.

25. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның мемлекеттік коммуналдық меншігіне жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


^ 5. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату


27. «Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары:

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 13 ақпандағы №55 қаулысы негізінде жаңадан құрылған Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар аудандық жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағаындағы ұйымдары жоқ.


Үржар аудандық «Уақыт тынысы» («Пульс времени» газеті редакциясы және теледидары мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серкітестігінің қарамағындағы ұйымдары жоқ.


«Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Жүнісова



Похожие:

ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы iconАудандық «Ізгілікті ниет» қайырымдылық марафонын 2013 жылы
Заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына және ШҚО әкімдігінің 2013 жылғы 6 ақпандағы №22 қаулысына сәйкес, аз қамтылған отбасыларға...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы iconҮржар ауданы әкімдігінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы iconҚосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(72230) 3-34-28, факс: 3-36-37. Ахметов Ришат Файзоллаұлы Үржар аудандық «Мәдениет үйі» мкқК-ның директоры. Объявление гккп «Дом культуры» акимата
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылындағы, №128 орналасқан Үржар аудандық “Мәдениет үйі” мкқК-ны сатып алу жөнінде келесі...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы iconҚосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(72230) 3-34-28, факс: 3-36-37. Ахметов Ришат Файзоллаұлы Үржар аудандық «Мәдениет үйі» мкқК-ның директоры. Объявление гккп «Дом культуры» акимата
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылындағы, №128 орналасқан Үржар аудандық “Мәдениет үйі” мкқК-ны сатып алу жөнінде келесі...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы icon«Үржар ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы icon201 4 жылғы қаңтар айында Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілердің тізімі Тасқала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы
Тасқала ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Тасқала ауданы бойынша 2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы iconӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілер тізбесі
...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы iconҚосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(72230) 3-36-37, факс: 3-34-28
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылындағы, №128 орналасқан “Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” Мемлекеттік мекемесі...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы iconҚосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(72230) 3-36-37, факс: 3-34-28
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылындағы, №128 орналасқан “Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” Мемлекеттік мекемесі...
ШҚО, Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы icon2011 жылғы «6» қаңтардағы №875 Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілді «ШҚо бородулиха ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты»
«ШҚо бородулиха ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы