Мемлекеттiк қызмет туралы icon

Мемлекеттiк қызмет туралы



НазваниеМемлекеттiк қызмет туралы
страница2/3
Дата конвертации25.05.2013
Размер448.27 Kb.
ТипДокументы
источник
1   2   3

             арналған конкурс

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.
      «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты мемлекеттiк орган өткiзедi.
      Тестiлеуден өту кезiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн шектi мәндерден төмен емес баға алған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.
      2. Конкурс орталық мемлекеттiк органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлiмшелерiнде өткiзiлген кезде хабарландырулар орталық мемлекеттiк органдардың және уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкiлеттi орган айқындаған мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Конкурсты жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда өткiзу туралы хабарландырулар жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi айқындаған мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) құрылған жағдайда, хабарландырулар ол құрылымына кiретiн мемлекеттiк органның интернет-ресурсында жарияланады.
      3. Егер конкурс «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына өткiзiлсе, онда осы шарт конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлуге тиiс.
      4. Конкурсты өткiзу және конкурстық комиссияны құру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшiн бiрыңғай конкурстық комиссия құруға жол берiледi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бiрыңғай конкурстық комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешiмiмен құрылады.
      Орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелерi үшiн орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесiнде бiрыңғай конкурстық комиссия құруға жол берiледi. Аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелердiң бiрыңғай конкурстық комиссиясы орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесi басшысының шешiмiмен немесе жоғары тұрған органның шешiмiмен құрылады.
      6. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушының «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға құқығы бар.
      7. Тағайындауға құқығы бар адам конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны «Б» корпусының жарияланған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк қызметке кiру үшiн көзделген талаптар сақталуға тиiс.
      8. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызметке ұсынған конкурсқа қатысушы «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынуға құқылы.
      Мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынған конкурсқа қатысушы өзi алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде, бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда, сол мемлекеттiк органда «Б» корпусының тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына қосымша конкурстан өтпестен орналасуға құқылы.
      9. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      10. «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  4-тарау. Мемлекеттiк қызмет өткеру және қызметтiк мансап

      15-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi
               сынақ

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгiленуi мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн.
      4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады және сынақ мерзiмi мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      15-1-бап. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк
                 лауазымдарына ауысу тәртiбiмен орналасу

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына өзi келiсiм берген, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда және оның соңғы лауазымындағы қызметiнiң нәтижелерi ескерiле отырып, ауысу тәртiбiмен орналасуға құқығы бар.
      Ауысудың жүргiзiлу тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде реттеледi.
      Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде көзделген жағдайларда «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасу уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      2. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасу аумақтық бөлiмшелерiн қоса алғанда, мемлекеттiк органның, оның ведомствосының iшiнде, сондай-ақ олардың арасында жүзеге асырылады.
      3. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына басқа мемлекеттiк органдардан, олардың ведомстволарынан және олардың аумақтық бөлiмшелерiнен ауысу тәртiбiмен орналасу Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде айқындалатын жағдайларда жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жыл iшiнде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуға жол берiлмейдi.
      ^ Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      16-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметiн
               бағалау және оларды аттестаттау

      1. Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер жұмысының тиiмдiлiгiн және сапасын айқындау үшiн олардың қызметiн жыл сайынғы бағалауды жүргiзедi.
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметiн жыл сайынғы бағалау нәтижелерi сыйлықақы беру, көтермелеу, оқыту, мансаптық жоспарлау, ротация жөнiнде шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметiн үш жыл бойы бағалау нәтижелерi оларды аттестаттаудан өткiзу жөнiнде шешiмдер қабылдауға негiз болып табылады.
      3. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң кәсiби даярлық деңгейiн және олардың лауазымдық мiндеттердi орындау қабiлетiн айқындау жөнiндегi рәсiм аттестаттау болып табылады.
      Аттестаттау тестiлеудi және әңгiмелесудi қамтиды. Кемiнде он бес жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi бар «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi тестiлеуге жатпайды.
      4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметiн бағалау және оларды аттестаттау тәртiбiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi аттестаттауға дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.
      Аттестаттауда терiс нәтижелер алған «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi қызметiнен төмендетiлуге не босатылуға жатады.
      Қызметiнен төмендету «Б» корпусының төмен тұрған бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымы болған, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсi осы лауазымға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сай келген кезде жүзеге асырылады.
      Қайта аттестатталуға жататын «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi қайта аттестаттау аяқталғанға дейiн ауысу тәртiбiмен тең дәрежелi не жоғары тұрған лауазымдарға тағайындала алмайды.
      5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшiн бiрыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол берiледi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бiрыңғай аттестаттау комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешiмiмен құрылады.
      Орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелерi үшiн орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесiнде бiрыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол берiледi. Аудандық, қалалық аумақтық бөлiмшелердiң бiрыңғай аттестаттау комиссиясы орталық мемлекеттiк органның және оның ведомствосының өңiраралық немесе облыстық аумақтық бөлiмшесi басшысының шешiмiмен немесе жоғары тұрған органның шешiмiмен құрылады.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      17-бап. Жұмыс уақыты

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.
      2. Тұтас алғанда мемлекеттiк органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты (үздiксiз) жұмысы әрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл және күнi бұрын болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның жазбаша өкiмi бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сәйкес өтелетiн, демалыс және мереке күндерi қызметке келуге мiндеттi жекелеген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн.
      ^ Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18-бап. Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар

      1. Мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттерге, iссапарларға арналған шығындары өтеледi.
      Мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген iссапарда болған уақытына тәулiкақы алуға, көздеген жерiне барып-қайту жөнiндегi шығындарға, тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындарға кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады.
      2. Iссапарға жiберiлген мемлекеттiк қызметшiлердiң iссапардың бүкiл уақыты бойы жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

      18-1-бап. Ротация

      Мемлекеттiк қызметте «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн ротациялау мансаптық жоспарлау шеңберiнде олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      Ротация жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08 N 75 Заңымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      18-2-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыруына тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс.
      3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте мемлекеттiк қызметшi өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттiк органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
      Тiкелей басшысы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның iшiнде:
      1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруды басқа адамға тапсыруға;
      2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң келiсiмi бойынша оны басқа лауазымға ауыстыруға тиiс.
      4. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
      ^ Ескерту. Заң 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-бап. Мемлекеттiк қызметтi өткерудiң өзге де мәселелерi

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға алғаш рет қабылданған адамдарға уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тәлiмгерлер бекiтiледi.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алынған адамдардың тағылымдамадан өтуi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк қызметтi өткерудiң осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде регламенттеледi.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.14 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      20-бап. Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi

      Ескерту. 20-баптың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      1. Мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi қалыптастырылады.
      2. Кадр резервiн қалыптастыру тәртiбi және онымен жұмысты ұйымдастыру уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 75 Заңымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

4-1-тарау. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы

      Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      20-1-бап. Мемлекеттiк қызметшiлерге қызмет этикасын сақтау
                 жөнiнде қойылатын талаптар

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер:
      1) мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға;
      2) жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
      3) азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептiлiк танытуға;
      4) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс iстеуiне кедергi жасайтын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қараудың үлгiсi болуға;
      6) заңдарда белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
      7) мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық мiндеттерiн адал және кәсiби деңгейде атқаруға;
      8) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсiз болуға;
      9) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
      10) кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
      11) қарамағындағы мемлекеттiк қызметшiлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
      12) басқа адамдарды құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормалармен сыйыспайтын iс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
      13) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерiне жол бермеуге және олардың жолын кесуге мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезеңiнде ресми мiнез-құлық нормаларын сақтауға тиiс.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайын және онымен байланысты мүмкiндiктердi коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың мүддесiне орай, оның iшiнде оларға өзiнiң көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.

      ^ 20-2-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа
                 қарсы әрекеттерi

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиiс.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлер басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерiнiң жолын кесуге тиiс.
      3. Мемлекеттiк қызметшi, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға, оның iшiнде жоғары тұрған басшыға, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Мемлекеттiк қызметшi өзiн басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндiру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.
      Мемлекеттiк органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiру жағдайлары туралы мәлiмдеулерi бойынша шаралар қолдануға, оның iшiнде тексерулер ұйымдастыру және уәкiлеттi органдарға өтiнiштер жолдау арқылы шаралар қолдануға мiндеттi.
      4. Мемлекеттiк органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiрудiң анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттiк қызметшiнi оның құқықтарын, заңды мүдделерiн кемсiтетiн қудалаудан қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      5. Мемлекеттiк қызметшiлер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге тиiс.
      6. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

      ^ 20-3-бап. Көпшiлiк алдында сөйлеу

      1. Мемлекеттiк орган қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның басшысы немесе мемлекеттiк органның уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк қызметшiлер пiкiрталастарды әдептi түрде жүргiзуге тиiс.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк саясатты жүргiзуге және мемлекеттiк органның қызметiне қатысы жоқ мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан жарияланымдарына жол берiлмейдi.
      Педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет жөнiнде материалдар жариялауды мемлекеттiк қызметшi жеке тұлға ретiнде өз атынан жүзеге асырады.

  ^ 5-тарау. Мемлекеттiк қызметшiлердi қамсыздандыру

      21-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу

      1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне төленетiн ақы қызметтiк мiндеттерiн сөзсiз және тиянақты атқаруы үшiн жеткiлiктi материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк органдарды бiлiктi және тәжiрибелi кадрлармен жасақтауға жәрдемдесуге, олардың адал да бастамашыл еңбегiн ынталандыруға тиiс.
      2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Еңбекке ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төленедi.
      4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы мен оларға төленетiн басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен индекстелуге тиiс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      22-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы

      1. Мемлекеттiк қызметшiлерге сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленiп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс берiледi.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк қызметшiге жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешiмi бойынша жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылып алынуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлiгi мемлекеттiк  қызметшiге тиiстi жылдың басқа кез келген уақытында берiледi не келесi жылғы демалысына қосылады.
      5. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi ауыстырылған жағдайда не мемлекеттiк саяси қызметшiнiң басқа мемлекеттiк лауазымға тағайындалуына байланысты, егер мемлекеттiк қызметшi бұрынғы жұмыс орнында демалысын пайдаланбаған болса, жаңа жұмыс орнындағы ақы төленетiн жыл сайынғы демалысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн берiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн, сондай-ақ өз қызметiнiң бағалану нәтижелерi бойынша:
      1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру;
      2) алғыс жариялау;
      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
      4) грамотамен марапаттау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көтермелеудiң өзге де нысандарымен, оның iшiнде ведомстволық наградалармен және омырауға тағатын ерекшелiк белгiлерiмен марапаттау арқылы көтермеленуi мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлер ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 14.12.2012 N 59-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      24-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк
               қорғау шаралары

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
      2. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi тегiн берiледi. Жер учаскесiн беру шарттарын Республика Үкiметi белгiлейдi.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлер және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетудi пайдаланады.
      4. Мемлекеттiк орган таратылған (жойылған) жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге кемiнде үш жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленедi.
      Мемлекеттiк орган қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңадан құрылған мемлекеттiк органның басшылығы қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне олардың бiлiктiлiгiне сәйкес жұмыс ұсынады.
      Басқа мемлекеттiк органның функциялары, өкiлеттiктерi және штат бiрлiктерi берiлген мемлекеттiк орган берiлген функцияларды, өкiлеттiктердi орындаған және осы штат бiрлiктерiнде қызмет атқарған мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге олардың бiлiктiлiгiне сәйкес жұмыс ұсынады.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жұмыстан босатылады. Бұл ретте, кемiнде үш жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленедi.
      Мемлекеттiк органның штат саны қысқарған жағдайда мемлекеттiк қызметшiге кемiнде үш жыл мемлекеттiк қызмет өтiлi болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленедi.
      5. Мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа жалақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi, бұл орайда жәрдемақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгеннен төмен болмауы керек.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393; 14.12.2012 N 59-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      25-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және
               әлеуметтiк қамсыздандыру

      Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi
1   2   3



Похожие:

Мемлекеттiк қызмет туралы iconАқпараттандыру туралы
«мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметті», «Мемлекеттiк техникалық қызметтің», «Мемлекеттiк техникалық қызмет»,...
Мемлекеттiк қызмет туралы iconМемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемiн
Мемлекеттiк қызмет туралы iconМемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемiн
Мемлекеттiк қызмет туралы iconҚұжаттарды ресiмдеу мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда)...
Мемлекеттiк қызмет туралы iconА қ параттандыру туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы n 217 Заңы мазмұны ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым»
«мемлекеттiк техникалық қызмет», «мемлекеттiк техникалық қызметті», «Мемлекеттiк техникалық қызметтің», «Мемлекеттiк техникалық қызмет»,...
Мемлекеттiк қызмет туралы icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк қызмет туралы icon«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламенті
К және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу»...
Мемлекеттiк қызмет туралы icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы...
Мемлекеттiк қызмет туралы icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Мемлекеттiк қызмет туралы iconМемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет туралы iconМемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 20-бабына сәйкес қаулы етемін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы