«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы




Скачать 299.66 Kb.
Название«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Дата конвертации11.02.2013
Размер299.66 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы «  13    »  сәуір

№  301      қаулысымен

бекітілген

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы


 1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 958 Жарлығы

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

 

^ Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

 

Бағдарламаның міндеттері

1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

 

Іске асыру  мерзімі

 

2010 – 2020 жылдар

^ Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

жыл сайын кредиттерді жалпы сомасы кемінде
400 млрд. теңгеге арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

жалпы экспорт көлемдегі шикізат емес сектордың үлесін кемінде 40 %-ға ұлғайту

шикізат емес экспорттың көлемін өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндіріс көлемінің кемінде
43 %-ына ұлғайту;

өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде
1,5 есеге ұлғайту

Қаржыландыру көздері мен көлемі

2010 жылға арналған республикалық бюджетте
30 млрд. теңге көзделген. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады

2. Кіріспе

          «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
(бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.

Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

         Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.

         Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:

         жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;

         уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және  (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;

         Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері орындайды.

Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар бойынша банктер кредиттерінің пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне (бұдан әрі – кәсіпкерге) Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

Мемлекеттік даму институттары, сондай-ақ қаржы институттары ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды алатын кәсіпкерлер кредиторы болып табылатын қарыздар  субсидиялауға жатпайды.

Тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде  екінші деңгейдегі банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдау алатын  кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар болып табылуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Бағдарламада пайдаланылатын терминдер:

Мемлекеттік комиссия – «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;

өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері құратын және  басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ӨҮК) ;

уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;

         жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші – іске асыруға жауапты болатын облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкімі айқындайтын, кәсіпкерлер үшін Бағдарламаны жергілікті жерлерде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

қаржы агенті – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ол Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырды:

пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде банктерге қаржы қаражатын аудару;

Бағдарлама шеңберінде кредиттерге кепілдік беру;

         борышкерлер бойынша Мемлекеттік комиссия отырыстарына берілетін материалдар бойынша ұсынымдар әзірлеу;

         Бағдарламаның іске асыруылуын мониторингілеу;

кредиторлар комитеті – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы әрбір жеке борышкер үшін кредитор банктердің өкілдерінен қалыптастыратын комиссия;

өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және инвестициялық жобаны Бағдарлама шеңберінде іске асыруға мүдделі кәсіпкер;

қатысушы – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша Банктің, ӨҮК-тің немесе Мемлекеттік комиссияның оң шешімі бар кәсіпкер;

         борышкер – кредит(тер) және басқа да міндеттемелер бойынша міндеттемелерді төлеу жағынан қиындыққа ұшыраған кәсіпкер;

экспорттаушы – өндірілетін өнімнің 10 %-дан астамын экспорттауды жүзеге асыратын кәсіпкер.

Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы  бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы  №1039;

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулыларын асыру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар.

^ 3. Ағымдағы жағдайды талдау

 Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.

Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

 қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;

 индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;

 кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған  кәсіпорындарда  үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.

         Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында  экономиканың шикізат емес секторларында  экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

         Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.

         Германияда кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:

         төмен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);

         кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады);

         алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік жағдайда қосымша төлемдерсіз);

         үлестік қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебінен инвестициялық жобаның белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба  инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебінен  қаржыландырылуы тиіс).

         Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Spring агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.

         Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.

^ 4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері

4.1 Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

^ 4.2 Нысаналы индикаторлары

Нысаналы индекаторлар:

жыл сайын жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңге болатын кредиттерді  арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 % деңгейіне дейін ұлғайту;

шикізат емес экспорт  көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.

2020 жылға дейін индикаторлардың сандық көрсеткіштері кейіннен Бағдарламаға толықтырулар енгізіле отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша айқындалады.

4.3 Міндеттері

 Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

Қойылған міндеттерді шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.

Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.

Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің арасында мына:

өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту;

өңірде құрылатын жұмыс орындарының саны;

өңір экономикасының шикізат емес секторында еңбек өнімділігінің өсуі;

мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер туралы үлгі келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді.

 ^ Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:

жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;

кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес).

Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатыса алмайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер экономиканың көрсетілген секторлары шеңберінде әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, өздерінің басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкілетті органмен келісіліп, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында жарияланады.

 

^ Банктердің кредиттері бойынша пайыздық  ставканы субсидиялау

Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

Банктің сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкінгдігімен
1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем емес өз қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы пайыздық ставканы субсидиялау банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.

Субсидиялау мөлшерін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 ^ Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі

1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда өтінім берушіге жобаға кредит беруге  дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.

3. Өтінім беруші банктің оң шешімімен осы жобаны ӨҮК қарауына шығаратын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.

4. ӨҮК жобаны Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды және субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалар тізбесін субсидиялау шарттарымен бірге тиісті банктерге, сондай-ақ қаржы агентіне жібереді.

6. ӨҮК-де қаралған барлық жобаларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші олар бойынша қабылданған шешімдермен қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

7. Кредиттеу бойынша банктердің және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті субсидиялау шартын жасайды, оның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.

 ^ Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары

         Жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана кепілдік беріледі.

         Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

         Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс.

Кәсіпкерлерге кепілдік тегін беріледі.     

         Кепілдік берілетін кредиттің ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс.

         Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша кепілдік беру жүзеге асырылмайды.

         Өтінім беруші жобаны іске асыруда қаражатының қатысуын жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі кредит бойынша банктің сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды.

 ^ Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі

1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.

2. Банк өтінім берушінің кепілдікті қамтамасыз етуіне алдын ала дербес бағалауды жүргізеді және оған өтініш берілген қарыз сомасына негізделе отырып, қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хат береді.

3. Өтінім беруші қажетті кепілдік мөлшерінің есебі бар банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.

4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жобаны ӨҮК-нің қарауына шығарады.

5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдықтарына сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне және тиісті банктерге кепілдендіру үшін ӨҮК мақұлдаған жобалардың тізбесін жібереді.

7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші өтініш берушіге жобаны ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

8. Банк жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушінің хатын алғаннан және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын бергеннен кейін жобаға кешенді сараптама жүргізеді және жобаны қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

9. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк кепілдік беру үшін қажетті құжаттарды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге және қаржы агентіне жібереді.

10. Қаржы агенті кепілдік беру алдындағы хатты банкке жібереді.

11. Банк және өтініш беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенті және өтініш беруші кепілдік шартына қол қояды.

12. Қаржы агенті өтініш берушінің жобасы бойынша кепілдік бергеннен кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне ақы төлейді.

 

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаражат бөлу тек мынадай инфрақұрылымды салу мен қайта жаңартуға бағытталуы мүмкін: жолдар, кәріз, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.

Қаражат бөлу салуға немесе қайта жаңартуға арналған
техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

Инфрақұрылымды салу (қайта жаңарту) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту  елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.

  Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі

Жеткіліксіз өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қолдау мынадай тәртіппен көрсетілетін болады:

1. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту  қажеттігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.

2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі ӨҮК-ге енгізіледі.

3. ӨҮК өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салуды немесе қайта жаңартуды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

4. ӨҮК шешімі Мемлекеттік бағдарламаның сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті органмен келісіледі және жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге орындауға жіберіледі.

5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе қайта жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

 ^ Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету

Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары

Сервистік қызметтер Бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыруды қолдау үшін, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігін жалпы қолдау үшін  көрсетіледі.

Кәсіпкерге сервистік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін:

бизнесті жүргізу бойынша қызметтер көрсету (жұмыс процестеріне қызмет көрсету);

өнім берушілер мен тұтынушылар кәсіпорындарының дерекқорын қалыптастыру;

консалтингтік және маркетингтік қызметтер көрсету;

жұмыс процестеріне қызмет көрсету: орталықтандырылған бухгалтерия және заң қызметі, ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету, жұмыс процестерін, кәсіпорындар менеджментін реттеу бойынша қызметтер, өнімнің (қызметтің) нақты түрімен нарыққа кіру бойынша маркетингтік зерттеулер, өнімдерді (қызметтерді) жылжыту (брендинг) және айналдыру және басқалары;

консультациялық қызметтер: бизнес құру және жұмыс істеп бизнесті оңтайландыру бойынша консультациялар, қаржы және заң консультациялары, сыртқы нарықтарда бизнес жүргізу бойынша және мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу бойынша консультациялар;

ӨҮК ұсынымы бойынша бизнеске арналған сервистік қызметтердің басқа түрлері.

 ^ Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі

1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қажетті сервистік қызметтерге мұқтаждықты айқындайды және олардың тізбесін ӨҮК-нің қарауына енгізеді.

2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК мақұлдаған тізбе бойынша сервистік қызмет көрсетуге бағытталатын қаржы көлемін айқындайды және конкурстық негізде сервистік қолдау бойынша операторды (операторларды) белгілейді және онымен (олармен) келісімдер жасасады.

3. Сервистік қолдау жөніндегі оператор кәсіпкерлікке сервистік қызметтер көрсету мақсатында қосалқы мердігерлікке басқа да сервистік институттарды тарта алады.

4. Бағдарламаны үйлестірушілер жергілікті деңгейде сервистік қызметтер көрсетуді қаржыландыруды жүзеге асырады.

5. Сервистік қызмет алу үшін кәсіпкер жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге және сервистік қолдау жөніндегі операторға ӨҮК айқындаған тәртіппен өтініш жасайды.

 

^ Кадрлар даярлау, жастар саясаты мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

Кадрлар даярлау 2011 жылдан бастап бес бағыт бойынша жүргізіледі:

Индустрияландыру картасының жобаларын қамтамасыз етуге жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша жобаларды іске асыру үшін мамандар даярлау. Облыстар мен мамандықтар бөлінісінде қайта даярлаудың егжей-тегжейлі жоспары әрбір өңір бойынша стратегияларды іске асыруды қаржыландыру бағыттары бекітілгеннен кейін әзірленетін болады;

Техникалық мамандықтар бойынша бар бос жұмыс орындарын толтыру үшін қайта даярлау жүргізу;

Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының (кәсіптік лицейлер мен колледждер), сондай-ақ ірі кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен ауыстыру;

«Жастар саясатын» жүргізу жөніндегі іс-шаралар;

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі іс-шаралар.

^ Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.

Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;

борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;

қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер  Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар бола алады (ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының  2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚТЖЖ) сәйкес).

Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды:

минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;

қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар;

кредитормен (лармен) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) келіспеген кәсіпкерлер.

 ^ Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары

Борышкер Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға арналған өтінімді тек 2010 жылы бере алады.

Пайыздық ставканы субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аса алмайды.

Егер борышкердің кредит(тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуы туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды.

Пайыздық  ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейін төмендететін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде
7 %-ды борышкер төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді. Бұл ретте банк:

өтінім беруші бастамашылық еткен кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

Пайыздық ставканы субсидиялау бар берешекке (мақұлдау сәтінде) және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекке қолданылады.

 ^ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзарту Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты шеңберінде банктердің сыйақы ставкасын субсидиялау үшін мақұлданған борышкерлерге ғана берілуі мүмкін.

Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған сәтке дейін қалыптасқан, Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін берешек бойынша берілуі мүмкін.

 ^ Кәсіпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын ұсыну шарттары

Кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары жеке негізде Бағдарлама өлшемдеріне, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін, өңірлер үшін олардың қызметінің жүйе құраушы сипатын негізге ала отырып, кәсіпорындарды іріктеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.

^ Екінші бағытты іске асыру тетігі

1. Уәкілетті орган мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (бұдан
әрі – ҚҚҚ) арасында Бағдарламаның екінші бағыты шеңбердегі өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалады.

2. Борышкер берешегі аз банкке (егер борышкердің бірнеше банкте бірдей қарыздары болса ол олардың біреуіне өз таңдауы бойынша өтінеді) сауықтыруға арналған өтінішімен барады, оған мыналар қоса берілед:

Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі, қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттері мен өзге де берешектері бойынша ақпарат;

төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді (мұндайлар болған жағдайда) төлеу бойынша мерзімін ұзартуға өтініш;

кәсіпорынды қаржы-экономикалық сауықтыру бойынша үш жылға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар).

3. Борышкерден сауықтыруға өтініш алған банк үш күн ішінде бұл туралы ҚҚҚ мен қаржы агентін хабардар етеді.

4. ҚҚҚ кредиттер бойынша кәсіпорынның 100 % берешегі бар кредиторлар комитетін құрады. Кредиторлар комитеті борышкердің
қаржы-экономикалық жағдайына және оның Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Бұл ретте кредиторлар комитеті борышкермен ақпаратты толық ашу туралы келісім жасасады.

Егер борышкердің тек бір банкте немесе бір кредиторда ғана берешегі болған жағдайда кредиторлар комитеті құрылмайды және  ақпаратты толық ашу келісіміне  тиісті банк қол қояды.

Борышкердің  тілегі бойынша кредиторлар комитетіне тиісті салалық қауымдастықтың өкілі кіре алады.

5. Кредиторлар комитеті борышкер ұсынған барлық құжаттарды қарап болғаннан кейін қабылданған шешімді тиісті хаттама үлгісінде рәсімдейді.

6. ҚҚҚ (Кредиторлар комитеті) борышкер бойынша хаттама мен материалдарды қаржы агентіне жібереді.

7. Қаржы агенті борышкер туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оны субсидиялау бойынша ұсыным  әзірлейді және барлық материалды уәкілетті органға жібереді.

8. Уәкілетті орган Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын Жоспарларды Кредиторлар комитетімен келісіп, өз ұсыныстарымен бірге  Мемлекеттік комиссияның қарауына жедел түрде шығарады.

9. Мемлекеттік комиссияның жанындағы арнайы жұмыс тобы Бағдарламаның шарттарына сәйкес, кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары бойынша ұсынымдар әзірлейді және материалдарды  Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.

10. Мемлекеттік комиссия борышкердің мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен мақұлдайды:

банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) төлеу бойынша мерзімін ұзарту;

Жоспар шеңберінде басқа да шаралар бойынша.

11. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жағдайда борышкер әрбір кредитормен борыштық міндеттемелер бойынша шартты қайта жасасады, онда мынадай талаптар айқындалады: кредиттер бойынша пайыздық ставка 12 % деңгейде тіркеледі, оның 7 %-ын борышкер төлейді, ал 5 %-ын мемлекет өтейді.

12. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған жобалар бойынша банк, қатысушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, соның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.

 Үшінші бағыт:

Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.

 ^ Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері

Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:

тау-кен өнеркәсібі;

минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.

^ Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы  бір қарыз алушы үшін 3 млрд. тенгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі одан әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен
1 жылдан 3 жылға дейінді құрайды.

2010 жылы банктердің, Бағдарламаға қатысушылардың сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 4 %-ды экспорттаушы төлейді, ал 8 %-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ  банк:

өтініш  беруші бастамашылық жасайтын кредит беру шартының өзгеруіне байланысты;

өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді қоспағанда қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.

Одан әрі жылына бір рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің келісімі бойынша ЭДСМ анықтайтын кредит бойынша қаржы ұйымдарының тиімді пайыздық ставкасы нарықтық шекті ставкадан аса алмайды.

Субсидиялау мөлшері 2011 жылдан бастап банктің сыйақы ставкасының  70 %-ын құрайтын болады.

 Үшінші бағытты іске асыру тетігі

1. Экспорттаушы жекелеген тауарлар бөлінісінде  экспорттық жеткізулердің көлемдері мен бағыттары бойынша ақпаратты қоса бере отырып, банктің сыйақы ставкасын субсидиялауға үшін жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.

2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші субсидиялауға өтініш берген экспорттаушылардың тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады.

3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына сәйкес экспорттаушы банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды және шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.

4. ӨҮК-де қаралған барлық жобалар олар бойынша қабылданған шешімдерді бар қоса бере отырып уәкілетті органға жіберіледі. Жоба бағдарлама критерийілеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

5. Субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша, банк, экспорттаушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберінде қаржы агенті мен экспорттаушы бойынша сыйақы ставкасының тиісті бөліктерін банкке төлейді.

6. Экспорттаушы үш айда бір рет өнімнің экспорты бойынша есепті  тиісті растаушы құжаттарды қоса бере отырып қаржы агентіне жібереді.

7. Қаржы агенті экспорттаушылардың есептерін ұсынылған деректерге растама алу үшін салық органдарына жібереді.

 ^ Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингі

Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер арасында 2 келісім  (пайыздық ставканы субсидиялау және банктер кредиттері бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда: 

бағдарламаға қатысушылар арасында өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады;

пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ банктердің кредиттері бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;

банктердің кредиттері бойынша субсидиялау мен кепілдендірудің үлгі шарттары, құжаттарды, есептілікті тапсыру нысандары мақұлданады;

қаржы агентінің функцялары айқындалады.

Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, ҚҚҚ, Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер, қаржы агенті арасында келісім жасалады, онда:

кредиттер бойынша өзара іс-қимыл тәртібі мен проценттік ставканы субсидиялау тетігі  айқындалады;

банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары мен тәртібі айқындалады;

қаржы агентінің функциялары айқындалады.

Қаржы агентінің қызметіне ақы төлеуді уәкілетті орган жүргізеді.

Бағдарламаның барлық бағыттарында банктердің кредиттері бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қаржы агенті банкттердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру  бөлігінде  Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан қосымша қажетті мәлеметтерді сұратуға құқығы бар.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестіруші өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, кадрлар даярлау  бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді.

 ^ 4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;

экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің қаражатын тарту;

жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.

Бағдарламаның негізгі сапалық және сандық нәтижелері болатындар:

бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;

үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық өндіріс көлемінің 43 %- ға дейін ұлғайту.

 

^ 5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

         Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

         1-кезең – 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010 жыл   пилоттық жыл болып табылады.

         2010 жылы Бағдарламада міндеттерді шешу үш бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын қоспағанда); кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

         2010 – 2014 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

         2-кезең – 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.

         2015 – 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері

Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылы
30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:

1)     жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;

2)     кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;

3)     экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.

Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020»
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы «Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау»; «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру»; «Валюталық несиелері...

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2011 жылғы қорытындысы. «Бизнестің Жол картасы 2020»
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуының қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлігі үшін мемлекеттің...

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерліктің ісін жаңа бастаған субъектілеріне мемлекеттік гранттар (өз бизнесін құруға) ұсыну үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
...

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын Қостанай облысында іске асыру туралы 2012 жылы үшін ақпарат «Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шңберінде 2012 жылы Қостанай облысына жеке кәсіпкерлікті...

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аудан көлемінде жеке кәсіпкерлікті қолдаудың жай – күйі туралы
С. Т. Ерғазиевтің «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аудан көлемінде жеке кәсіпкерлікті қолдаудың жай – күйі туралы»...

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы iconБесқарағай ауданының кәсіпкерлерінің назарына! Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020»
Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы жалғасуда

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуы жөнінде ақпарат Атырау облысы әкімдігімен «Бизнес жол картасы 2020»
Атырау облысы әкімдігімен «Бизнес жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар «Бизнестің жол картасы 2020»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысына...

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы icon«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық...

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы iconҮкіметінің Қ аулысы
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы