Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon

Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»



НазваниеДенсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Дата конвертации26.10.2013
Размер166.87 Kb.
ТипДокументы
источник



Денсаулық саласындағы

мемлекеттік қызметтер

регламенттерін бекіту туралы







«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы 2-тармағына, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Қоса берілген:

1) «Дәрiгердi үйге шақыру»;

2) «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»;

3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


^ Облыс әкімі Б. Сапарбаев


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрі

________________А. Жұмағалиев

201 жылғы «___»____________


Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2013 жылғы «__»______________ №____

қаулысымен бекітілген


«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»

мемлекеттік қызметінің регламенті


  1. ^ Жалпы ережелер


1. «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «электрондық үкiметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің шеңберiнде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететiн (учаскелiк терапевт/учаскелiк педиатр/жалпы практикалық дәрiгер) медициналық ұйымдары (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым) электрондық форматта көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жеке тұлғаның немесе оның өкілінің уәкілетті органға тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезінде көрсетіледі, бұл уәкілетті органның тіркеу журналында тіркеледі.

2. Мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтің электрондық форматтағы нысаны толық автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметтің электрондық емес форматтағы нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар:

1) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – ақпараттарды автоматты түрде жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық реестрін құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың құзыреттері шеңберінде олар туралы өзекті және дәл мәліметтер беруге арналған ақпараттық жүйе;

2) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға, соның iшiнде қызметiн жеке кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

3) интернет-портал – интернетті пайдаланушыға бір веб-сайттың шеңберінде жұмыс істейтін интерактивті қызметтерді ұсынатын веб сайт;

4) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, жіберуге және беруге арналған ақпараттық жүйе;

5) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

6) ақпаратты криптографиялық қорғаудың құралдары (бұдан әрі – АКҚҚ) – ақпараттың мазмұнын жасыру және/немесе дәлме-дәлдігін (дәлме-дәлдік – ақпараттың түпнұсқалығын айқындау, яғни алынған ақпаратты бұрмалаусыз тапсырылғанын білдіреді) қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты өзгертудің алгоритмдері және әдістері;

7) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

8) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық түрде берiлген және электрондық цифрлық қолмен куәландырылған құжат;

9) тіркеу туралы электрондық құжат түріндегі электрондық хабарлама;

10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) – электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәлдігін, оның кімге тиесiлi екендігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;

11) ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

12) МҰ – медициналық ұйым;

13) ҚР ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;

14) МСАК ұйымы – медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйым;

15) ЭҮП – «электрондық үкiметтің» веб-порталы;

16) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік;

17) ЭҮШ – «электрондық үкiметтің» шлюзi;

18) МСЖ – медициналық-статистикалық жүйе;

19) ДБАЖ БО – денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің басқару орталығы.


^ 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету

бойынша қызмет көрсетушінің қызмет тәртібі


6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттері мен шешiмдері осы регламентке 1 қосымшада (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттестіктің диаграммасы мен сұлбасы) келтірілген:

1) тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП-те тiркелудi жүзеге асырады (ЭҮП-те тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);

2) 1 үдерiс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-те авторландырылу үдерiсi;

3) 1 шарт – логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген тұтынушының деректерінің түпнұсқалығын ЭҮП-те тексеру;

4) 2 үдерiс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

5) 3 үдерiс – тұтынушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы;

6) 4 үдеріс – ДБАЖ БО-дан МҰ-ға тіркелу мәртебесіне сұраным;

7) 2 шарт – тұтынушының медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін нақты МҰ-ға тіркелінуін тексеру;

8) 5 үдеріс – тұтынушының бірде- бір медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін нақты МҰ-ға тіркелмеуіне байланысты электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9) 6 үдеріс – қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығаруы және электрондық түрде бекiте отырып, тұтынушының нысанды оның құрылымдық және пішіндік талаптарын ескере толтыруы (деректерді енгізуі);

10) 7 үдеріс – ДБАЖ БО –дан электрондық мемлекеттік қызметке сұраным;

11) 8 үдеріс – МСЖ-дегі тұтынушының сұранымын МҰ торабына жолдау;

12) 9 үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі МҰ-дан электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін ақпаратты ЭҮП-те қалыптастыру болып табылады (медицианалық ұйым, дәрігердің ТАӘ, бөлім, кабинет нөмірі, қабылдау уақыты/ күні).

7. Тұтынушыға электрондық емес форматта мемлекеттік қызмет:

1) тікелей жүгіну кезінде – уәкілетті ұйымның ғимаратында;

2) телефон байланысы арқылы көрсетіледі.

8. Электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар тұтынушыға осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес ұсынылады:

1) тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұлғаның деректерін енгізуі, (ЖСН нөмірі) және ЭҮП-ке кіру үшін паролі;

2) тұтынушының ЭҮП-те авторлануындағы қате;

3) электрондық мемлекеттік қызметті таңдау;

4) «Оnlaine» қызметін таңдау» түймесі көмегімен электрондық мемлекеттік қызметке тапсырыс беру;

5) өтінішті толтыру:

пайдаланушының ЭҮП-те тіркелу нәтижесі бойынша ЖСН және ТАӘ автоматты түрде таңдалады;

пайдаланушы «өтінімді жіберу» түймесі арқылы өтінішті жіберуді жүзеге асырады;

6) сұранымды өңдеу:

пайдаланушының дисплейінің экранында мынадай ақпарат шығарылады: ЖСН; сұранымның нөмірі, қызметтің түрі, сұранымның мәртебесі; электрондық мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі;

«мәртебені жаңарту» түймесінің көмегімен пайдаланушыға дәрігерге қабылдауға жазылу жазбасы сұранымының өңделу нәтижелерін қарауға мүмкіндік беріледі;

7) сұраным өңделген соң тұтынушыға сұранымның өңделу нәтижесін көруге мүмкіндік беріледі;

8) Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажет ақпарат пен консультацияны сall – орталығының (1414) телефоны арқылы алуға болады.


^ 3. Электрондық форматта мемлекеттік қызметті көрсету

үдерісі кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


9. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер:

ЭҮП;

ЭҮШ;

ЖТ МДҚ;

ДБАЖ МСЖ;

медициналық ұйымдар.

10. Әрбір әрекеттің (рәсімдер, функциялар, операциялар) жүйелілігі мен орындалу мерзімі көрсетілген кестедегі мәтіндік сипаттамасы осы регламентке 3 қосымшада келтірілген.

11. Іс-қимылдың логикалық жүйелілігі мен оның сипаттамасы арасындағы сәйкестікті көрсететін өзара әрекеттестіктің сұлбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.

12. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы регламентке 4 қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

13. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3) қолжетімділік (ақпарат пен қорларды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).

14. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің техникалық шарты:

1) ғаламторға шығу;

2) дәрігерге қабылдауға жазылатын тұлғаның ЖСН болуы;

3) ЭҮП-те авторландыру;

4) нақты бір дәрігерге қабылдауға жазылу жазбасының болуы.


^ 4. Автоматтандырылмаған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн – туу туралы куәлiгi);

2) тiркелген халықтың тiркелiмiне сәйкес осы уәкiлеттi ұйымға тiркелуiнiң болуы.

16. Қызметті алу үшін уәкілетті органға тікелей немесе телефон арқылы жүгінген кезде бланкілерді толтыру талап етілмейді.

17. Мемлекеттiк қызметтi алуға сұраным күн сайын дүйсенбiден жұма аралығында үзiлiссiз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн, сенбi күнi сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн қабылданады. Уәкілетті органға тікелей немесе телефон арқылы жүгінген кезде жауап (растау немесе бас тарту) ұсыну мерзімі 10 минуттан аспайды, ол уақыт ішінде дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсетумен уәкілетті орган дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазу журналында тіркеумен тұтынушыға ауызша жауап ұсынылады.

18. Тұтынушының сұранымы мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға тікелей немесе телефон байланысы бойынша жүгінген кезде осы регламенттің 15 тармағында көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда қабылданбайды.

19. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң интернет ресурсында: www.mz.gov.kz;

2) уәкiлеттi ұйымдардың үй-жайларында;

3) ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.

20. Автоматтандырылмаған мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі ҚФБ мен өзара байланысты көрсететін сұлба осы регламентке 5 қосымшада келтірілген.


«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне

1 қосымша


 

^ ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара әрекеттестіктің № 1 диаграммасы





^ ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара әрекеттестіктің сұлбасы





«Дәрігердің қабылдауына жазылу» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне

2 қосымша


^ Электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар


1-нысан. Пайдаланушыны ЭҮП-те авторландыру





^ 2-нысан. Пайдаланушының авторлануындағы қателігі




3-нысан. Қызметті таңдау







^ 4-нысан. Оnline режимінде қызметке тапсырыс беру





5-нысан. Сұраным беруші тіркелмеген жағдайда, қызмет көрсетуден бас тарту




^ 6-нысан. Сұранымды толтыру және жіберу







^ 7-нысан. Сұранымның өңделуін күту («Мәртебені жаңарту» түймесін басу)





8-нысан. ДБАЖ-дан жауап алу










«Дәрігердің қабылдауына жазылу» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне

3 қосымша


^ Кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы


Әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮП

ЭҮП

ЭҮП

ДБАЖ

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Парольді көрсетумен ЖСН бойынша ЭҮП-те авторланды-рылады

Тұтынушы-ның деректерін-дегі бұзушы-лықтарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптас-тырады

Қызметке сұрау салады

Тұтынушы МҰ-ға тіркелме-гендігі туралы хабарла-маны қалыптас-тырады

Тұтынушы қажетті бағандарды толтырып, «өтінімді жіберу» түймесін басады

Сұраным-ды ҚР ДСМ ДБАЖ жіберу

Сұранымды қабылдайды

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдас-тыру өкім ету шешімі)

Авторланды-ру табысты аяқталған жағдайда «ЭПҮ»

АЖ-дегі электрондыққызметтерге қатынау мүмкіндігін алады

Қателігі көрсетілген жауап

Егер тұтынушы МҰ тіркелсе, қызметке қатынау мүмкіндігін алады

Ақпарат-тық терезе

Сұранымның мәртебесі көрсетілген, толтырылған нысаны

Сұраным-ның мәртебесі көрсетіл-ген, толтырыл-ған нысан

Дәрігердің кестесінде өтінім берушінің төлқұжаттық деректерін белгілеу

^ Орындау мерзімдері

1 мин

0,5 мин

2 мин

1 мин

10 мин

2 мин

3 мин

^ Келесі әрекеттің нөмірі

3-авторлан-дыру табысты өтсе,

2- пайдалану-шының деректерінде бұзушылық-тар болса



-

5- егер тұтынушы МҰ-ға тіркелген болса,

4- егер тұтынушы тіркелмеген болса

-

6

7


-



«Дәрігердің қабылдауына жазылу» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне

4 қосымша


^ Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік»

көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны

_______________________________________________________

(қызметтің атауы)


1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара канағаттанамын;

3) қанағаттанамын.


«Дәрігердің қабылдауына жазылу» автоматтандырылмаған мемлекеттік

қызмет регламентіне

5 қосымша

ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы




Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

1

ҚФБ атауы

Тіркеуші

2

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Уәкiлеттi ұйымға тiкелей жүгiну кезінде мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұраным


3

Аяқталу нысаны

Уәкілетті ұйымның дәрігеріне алдын ала жазу журналында тіркеу, дәрігерлердің қабылдау кестесіне сәйкес дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсетумен ауызша жауап беру

4

Орындалу мерзімдері

10 минуттан артық емес





Похожие:

Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconАуыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconДенсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconДенсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconМемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconМемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconМемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰйырамын
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы