Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon

Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»



НазваниеДенсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Дата конвертации26.10.2013
Размер221.5 Kb.
ТипДокументы
источник



Денсаулық саласындағы

мемлекеттік қызметтер

регламенттерін бекіту туралы







«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы 2-тармағына, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Қоса берілген:

1) «Дәрiгердi үйге шақыру»;

2) «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»;

3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


^ Облыс әкімі Б. Сапарбаев


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрі

________________А. Жұмағалиев

201 жылғы «___»____________


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «__»______________

№_____ қаулысымен бекітілген


«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»

мемлекеттік қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер




  1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ДБАЖ) шеңберінде «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары, Шығыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жеке тұлғаның немесе оның өкілінің уәкілетті органға тікелей жүгінген кезінде көрсетіледі, бұл уәкілетті органның тіркеу журналында тіркеледі.

2. Мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтің электрондық форматтағы нысаны толық автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметтің электрондық емес форматтағы нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Электрондық форматтағы мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар:

1) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – ақпараттарды автоматты түрде жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық реестрін құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың құзыреттері шеңберінде олар туралы өзекті және дәл мәліметтер беруге арналған ақпараттық жүйе;

2) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі ЖСН) – жеке тұлға, соның iшiнде қызметiн жеке кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

3) интернет-портал – интернетті пайдаланушыға бір веб-сайттың шеңберінде жұмыс істейтін интерактивті қызметтерді ұсынатын веб сайт;

4) ақпараттық жүйе (бұдан әрі АЖ) – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, жіберуге және беруге арналған ақпараттық жүйе;

5) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

6) ақпаратты криптографиялық қорғаудың құралдары (бұдан әрі – АКҚҚ) – ақпараттың мазмұнын жасыру және/немесе дәлме-дәлдігін (дәлме-дәлдік – ақпараттың түпнұсқалығын айқындау, яғни алынған ақпаратты бұрмалаусыз тапсырылғанын білдіреді) қамтамасыз ету мақсатында ақпаратты өзгертудің алгоритмдері және әдістері;

7) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

8) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық түрде берiлген және электрондық цифрлық қолмен куәландырылған құжат;

9) тіркеу туралы электрондық құжат түріндегі электрондық хабарлама;

10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi ЭЦҚ) – электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәлдігін, оның кімге тиесiлi екендігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;

11) ҚР ДСМ ВАЖ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық ақпараттық жүйелері;

12) ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

13) МҰ – медициналық ұйым;

14) ҚР ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;

15) МСАК ұйымы – медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйым;

16) ЭҮП «электрондық үкiметтің» веб-порталы;

17) ҚФБ құрылымдық-функционалдық бірлік;

18) ДБ денсаулық сақтау басқармасы;

19) ДБАЖ – денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі;

20) ДБАЖ БО – денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі басқарма орталығы;

21) ЭҮШ «электрондық үкiметтің» шлюзi;

22) МСЖ – медициналық-статистикалық жүйе;

23) ТХТ – тіркелген халықтың тізілімі;

24) ДБАЖ МСЖ – денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің медициналық-статистикалық жүйесі.


^ 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету

бойынша қызмет көрсетушінің қызмет тәртібі


6. Қызмет көрсетушінің ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттері мен шешiмдері (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттестіктің диаграммасы мен сұлбасы) осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес жүргізіледі:

1) тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП-те тiркелудi жүзеге асырады (ЭҮП-те тiркелмеген тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);

2) 1 үдерiс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЭҮП-те авторландырылу үдерiсi;

3) 1 шарт – логин (ЖСН) және пароль арқылы тіркелген тұтынушының деректерінің түпнұсқалығын ЭҮП-те тексеру;

4) 2 үдерiс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3 үдерiс – тұтынушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұранымның нысанын экранға шығару және нысанның құрылымын және форматтық талаптарын есепке ала отырып, тұтынушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);

6) 4 үдеріс – ДБАЖ БО-дан электрондық мемлекеттік қызметке сұраным;

7) 2 шарт – таңдап алынған МҰ-ның ДБАЖ енгізудің пилоттық аймағына кіретінін тексеру;

8) 5 үдеріс – тұтынушының өтінімін МҰ торабына МСЖ-ге жөнелту;

9) 6 үдеріс – тұтынушының өтінімін ТХТ-ға жөнелту;

10) 3 шарт – МСЖ –ға келіп түскен деректерді тексеру;

11) 5.1 үдерісі – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі бас тартудың себебін көрсете отырып, МҰ-ға тіркеуден бас тарту туралы ЭҮП-те хабарлама қалыптастыру болып табылады;

12) 5.2 үдерісі – МҰ-ға тіркеуге сұранымды қалыптастыру және ТХТ-ға ДБ өңдеуге жөнелту;

13) 4 шарт – тұтынушыны қалаған МҰ-ға тіркеу туралы шешім қабылдау;

14) 5.3 үдерісі – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі бас тартудың себебін көрсете отырып, МҰ-ға тіркеуден бас тарту туралы ЭҮП-те хабарлама қалыптастыру болып табылады;

15) 5.4 үдерісі – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі МҰ-ға тіркеу туралы ЭҮП-те хабарлама қалыптастыру болып табылады;

16) 5 шарт – келіп түскен деректерді МҰ-да ТХТ-да тексеру;

17) 6.1 үдерісі – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі бас тартудың себебін көрсете отырып, МҰ-ға тіркеуден бас тарту туралы ЭҮП-те хабарлама қалыптастыру болып табылады;

18) 6.2 үдерісі – МҰ-ға тіркеуге сұранымды қалыптастыру және ТХТ-ға ДБ-ға өңдеуге жіберу;

19) 6 шарт – тұтынушыны қалаған МҰ-ға тіркеу туралы шешім қабылдау;

20) 6.3 үдерісі – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі бас тартудың себебін көрсете отырып, МҰ-ға тіркеуден бас тарту туралы ЭҮП-те хабарлама қалыптастыру болып табылады;

21) 6.4 үдерісі – электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі МҰ-ға тіркеу туралы ЭҮП-те хабарлама қалыптастыру болып табылады.

7. Электрондық емес форматтағы мемлекеттік қызмет тұтынушы тікелей жүгінген кезде – уәкілетті органның ғимаратында тұтынушының қалауы бойынша көрсетіледі.

8. Тұтынушыға электрондық мемлекеттік қызметтің экрандық нысандары осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес ұсынылады:

1) тұтынушы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін адамның деректерін (ЖСН нөмірі) және ЭҮП-ке кіру үшін парольді енгізуі;

2) тұтынушының ЭҮП-те авторлануындағы қате;

3) электрондық мемлекеттік қызметті таңдау;

4) «Online режимінде қызметке тапсырыс беру» түймесі арқылы электрондық мемлекеттік қызметке тапсырыс беру;

5) өтінішті толтыру:

ЖСН және ТАӘ тұтынушының ЭҮП-те тіркелу нәтижесі бойынша автоматтандырылған түрде таңдалады;

тұтынушы «сұранымды жіберу» түймесі арқылы өтінішті жіберуді жүзеге асырады;

6) сұранымды өңдеу:

тұтынушының дисплейінің экранында мынадай ақпарат шығады: ЖСН; ТАӘ; МСАК ұйымы; мәртебе;

«мәртебені жаңарту» түймесі арқылы тұтынушыға МСАК тіркелуге сұранымды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі ұсынылады;

7) ҚР ДСМ ДБАЖ-дан жауап алған кезде МСАК ұйымына тіркелу сұранымының нәтижесі көрсетіледі;

8) сұранымды өңдегеннен кейін тұтынушыға сұранымды өңдеу нәтижелерін көру мүмкіндігі беріледі, ол:

«хабарламаны басып шығару» түймесін басқаннан кейін – сұранымның қорытындысы басып шығаруға жіберіледі.

9. МСАК ұйымына келіп түсетін сұранымдарды өңдеу үдерісі төменде келтірілген:

1) МСАК ұйымының уәкілетті қызметкері (бұдан әрі – МСАК қызметкері) жұмыс күнінің ішінде, ҚР ДСМ ВАЖ функционалында ЭҮП-тен тіркеуге түсетін сұранымдардың (бұдан әрі – сұранымдар) болуын тексеруі тиіс;

2) егер ондай сұранымдар болса, МСАК қызметкері оларды мынадай тәртіпте өңдеуге міндетті:

егер МСАК ұйымына аталған жеке тұлғаны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданса, онда МСАК қызметкері бас тарту себебін міндетті түрде көрсете отырып, сұранымды кейінге қалдырады;

егер МСАК ұйымына аталған жеке тұлғаны тіркеу туралы шешім қабылданса, онда МСАК қызметкері сұранымды қабылдайды және ДБ-ға қарастыруға жіберу үшін сұранымды қалыптастырады.

10. ДБ-ға келіп түсетін сұранымдарды өңдеу үдерісі:

1) ДБ уәкілетті қызметкері (бұдан әрі – ДБ қызметкері) жұмыс күнінің ішінде ТХТ порталының функционалында МСАК ұйымдарынан тіркеуге келіп түсетін сұранымдардың (бұдан әрі – сұраным) болуын тексеруге міндетті;

2) егер ондай болатын болса, ДБ қызметкері мынадай тәртіпте оларды өңдейді:

егер МСАК ұйымына аталған жеке тұлғаны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданса, онда МСАК қызметкері осы сұранымды тіркеуден бас тарту ретінде өңдейді;

егер МСАК ұйымына аталған жеке тұлғаны тіркеу туралы шешім қабылданса, онда МСАК қызметкері осы сұранымды өңдеп, жеке тұлғаны МСАК ұйымына тіркейді;

3) электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және консультацияны ЭҮП саll-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.


^ 3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету

үдерісі кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйелер:

ЭҮП;

ЭҮШ;

ЖТ МДҚ;

ДБАЖ МСЖ;

ТХТ.

12. Әрбір әрекеттің (рәсімдер, функциялар, операциялар) жүйелілігі мен орындалу мерзімі көрсетілген кестедегі мәтіндік сипаттамасы осы регламентке 3 қосымшада келтірілген.

13. Іс-қимылдың логикалық жүйелілігі мен оның сипаттамасы арасындағы сәйкестікті көрсететін өзара әрекеттестіктің сұлбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.

14. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің бланк нысандары, шаблондары осы регламентке 4 қосымшаға сәйкес ұсынылады.

15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы регламентке 5 қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3) қолжетімділік (ақпарат пен қорларды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).

17. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің техникалық шарты:

1) ғаламторға шығу;

2) медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелетін тұлғаның ЖСН болуы;

3) ЭҮП-те авторландыру.


^ 4. Автоматтандырылмаған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


18. Мемлекеттік қызметті алу үшін тікелей уәкілетті ұйымға жүгінген кезде тұтынушы жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн – туу туралы куәлiгi) ұсынады.

19. Мемлекеттік қызметті алу үшін тікелей уәкілетті ұйымға жүгінген кезде тұтынушы еркін нысанда өтініш толтырады.

20. Мемлекеттiк қызмет өтініш білдірген күні көрсетіледі.

Мемлекеттiк қызметтi алуға сұраным күн сайын дүйсенбiден жұма аралығында күн сайын, үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейiн, сенбi күнi сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн қабылданады.

21. Мемлекеттік қызметті алу үшін тікелей уәкілетті ұйымға жүгінген кезде тұтынушының сұранымы мынадай жағдайларда қабылданбайды:

  1. осы регламенттің 18-тармағында көрсетілген талаптарды орындамағанда;

  2. уәкілетті ұйымды еркін таңдау кезде жылына бір реттен артық тіркелсе;

  3. тіркелетін уәкілетті ұйымға тіркелген тұрғындар саны нормативтен асып түскенде;

  4. бір уәкілетті ұйымнан артық тіркелсе.

  1. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде жауап (растау немесе бас тарту) бір күн ішінде беріледі, сол уақыт ішінде тұтынушыға тіркелуі туралы анықтама (талон) немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

  2. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.mz.gov.kz;

  1. уәкiлеттi ұйымдардың үй-жайларында;

  2. ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.

  1. Автоматтандырылмаған мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі ҚФБ мен өзара байланысты көрсететін сұлба осы регламентке 6 қосымшада келтірілген.



«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне

1 қосымша


^ ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасы





^ ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара әрекеттесу сұлбасы





«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне

2 қосымша


^ Электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар

1-нысан. Пайдаланушыны ЭҮП-те авторландыру





^ 2-нысан. Пайдаланушының авторлануындағы қателігі




3-нысан. Қызметті таңдау







^ 4-нысан. Оnline-режиміндегі қызметке тапсырыс беру




  


5-нысан. Сұранымды толтыру және жіберу





^ 6-нысан. Сұранымның өңделуін күту («Мәртебені жаңарту»

түймесін басу)





7-нысан. ДБАЖ ВАЖ-дан жауап алу





^ 8-нысан. Тіркеу туралы хабарламаны басып шығару





Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі


Медициналық ұйымға тіркеу туралы

хабарлама


Талап ету орны бойынша берілген

Берілген күні 14.05.2012

Сұраным № 10100010647767

Қызметті тұтынушы : Төребекова Алмагүл Серікқызы

ЖСН: 871017450810


Медициналық ұйым: Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының «№ 5 қалалық емханасы» МКҚК

Рұқсат бермеу себебі: тест




«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне

3 қосымша


^ Кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы


Әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8



ҚФБ атауы

Тұтыну-шы

ЭҮП

Тұтынушы

ЭҮП

ЭҮП

ҚР ДСМ ВАЖ

ЭҮП

ЭҮП

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операция-ның) атауы және олардың сипатта-масы

Парольді көрсету-мен ЖСН бойынша ЭҮП-те авторлан-дырылу

Тұтынушының деректеріндегі бұзушылық-тарға байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыра-ды

Қызметке сұрау салады, қажетті бағандар-ды толтырады және «сұраным-ды жіберу» түймесін басады

Толты-рылғын деректер-дің толық еместігі туралы хабарла-маны қалып-тастыра-ды

Сұра-нымды ҚР ДСМ ВАЖ-ға жіберу

Сұра-нымды қабыл-дайды

ҚР ДСМ ВАЖ-дан жауапты қабылдай-ды

ҚР ДСМ ВАЖ-дан жауапты қабыл-дайды

^ Аяқталу нысаны (деректер, құжат ұйымдастыру-өкім ету шешімі)

Авторлан-дыру табысты аяқталған жағдайда «ЭПҮ» АЖ-дегі электрон-дық қызмет-терге қатынау мүмкінді-гіне қол жеткізеді

Қателігі көрсетілген жауап

Дұрыс толтырыл-ған жағдайда сұранымды ДСБАЖ ВАЖ-ға жібереді

Ақпарат-тық терезе

Сұра-нымның мәрте-бесі көрсе-тілген, толты-рылған нысан

Тіркеу туралы шешім қабыл-дау

Бас тарту себебі көрсетіл-ген сұратыла-тын қызметті көрсету-ден бас тарту туралы хабарлама қалыптас-тырады

Тұтыну-шыны қалаған МҰ-ға тіркеу туралы хабар-лама қалып-тастыра-ды

^ Орындау мерзімдері

1 мин

0,5 мин

2 мин

1 мин

5 мин

30 мин

3 мин

3 мин

^ Келесі әрекеттің нөмірі

3-авторлан-дыру табысты өтсе,

2- пайдала-нушының деректер-інде бұзушы-лықтар болса

-

4- сұранымды толтыру табысты өтсе,

5- егер барлық қажетті деректер толтырыл-маса

-

6

7-бас тарту туралы шешім қабыл-данса

8-тіркеуді мақұлда-ған жағдайда

-

-

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша


«Медициналық ұйымға тіркеу туралы

хабарлама»




Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі


Медициналық ұйымға тіркеу туралы

хабарлама

Талап ету орны бойынша берілген

Берілген күні 18.08.2012

^ Берілді: Еркін Әйкен Сәбитқызына

ЖСН: 910506451646


Медициналық ұйым: «№ 4 қалалық емханасы» МКҚК

Тіркеу бейіні: Терапия

Учаске: 12

Тіркеу әрекетінің басталу күні: 02.03.2012

Үйде қызмет көрсету кепілдігі: жоқ



  


«Медициналық ұйымға тіркеуден бас тарту туралы

хабарлама»




Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі


Медициналық ұйымға тіркеу туралы

хабарландыру


Талап ету орны бойынша берілген

Берілген күні 18.08.2012

^ Берілді: Еркін Әйкен Сәбитқызына

ЖСН: 910506451646


Медициналық ұйым: «№ 4 қалалық емханасы» МКҚК

Рұқсат бермеу себебі: Өтініш беруші тұру орны бойынша басқа медициналық ұйымға тіркелген




«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне

5 қосымша


^ Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік»

көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны

_______________________________________________________

(қызметтің атауы)


1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара канағаттанамын;

3) қанағаттанамын.


«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» автоматтандырылмаған мемлекеттік

қызмет регламентіне

6 қосымша


ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы






Әрекеттің № ( жұмыстың барысы, ағыны)

1

1

ҚФБ атауы

Тіркеу бойынша жауапты маман

2

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Уәкiлеттi ұйымға тiкелей жүгiну кезінде мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұраным

3

Аяқталу нысаны

Тіркеу туралы жазбаша түрде анықтама (талон) немесе дәлелді бас тарту беру

4

Орындалу мерзімдері

Бір күн ішінде





Похожие:

Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconАуыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconДенсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconДенсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconМемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconМемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» iconМемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰйырамын
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Денсаулық саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2012 жылғы 28 желтоқсандағы №332 қаулысы Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы