Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы icon

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы



НазваниеЖұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы
страница4/5
Дата конвертации21.10.2013
Размер0.65 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5

^ 4.3.5.2. Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек
ресурстарының ұтқырлығын арттыру


      65. Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу және жастарды бейімдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.
      Қатысуға және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға құқықтары бар адамдар Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында айқындалады.
      66. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:
      1) бір ауданның ішінде;
      2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
      3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
      67. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді айқындау өлшемшарттарын өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      Әзірленген өлшемшарттарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.
      68. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау:
      1) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;
      2) қызметтік тұрғын үй беруді;
      3) еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлме беруді;
      4) көшуге субсидия беруді;
      5) қажетіне қарай кәсіптік оқу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытуды қамтиды.
      Көшуге байланысты субсидиялар көшу шығыстарының өтемін қамтиды.
      69. Көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асырған азаматтар басым тәртіппен тиісті мемлекеттік қолдаудың берілуімен Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізіледі.
      Еңбекші жастарға жатақханалар, жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй беру және оны пайдалану тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында айқындалады.
      70. Іске асыру тетігі:
      1) Бағдарламаға қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, көшуге өтініш береді;
      2) Халықты жұмыспен қамту орталығы құжаттардың қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;
      3) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша:
      өңірлік комиссиялар бір ауданнан басқа ауданға көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар, сондай-ақ басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтінімдер немесе ұсыныстар дайындайды;
      аудандық/қалалық комиссиялар бір ауданның шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
      4) өңірлік не аудандық/қалалық комиссия шешімінің негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды;
      5) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында (келген жерінің) әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды қамтиды;
      6) өңірлерді дамыту жөніндегі орталық уәкілетті орган сейсмологиялық аймақтарды және оның сипатын ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобасын әзірлейді;
      7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
      71. «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» құрамдас бөлігін іске асырудың қосымша шарттары пилоттық режимде.
      Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде қызметтік тұрғын үйлер салу, сатып алу, салып бітіру және қоныстандыру жұмыс берушілердің қатысуымен жүзеге асырылады.
      Жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда құрылыс орнын салу, сатып алу және салып бітіру үшін тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау оның қатысуымен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландыру:
      1) көппәтерлі тұрғын үйді салу, сатып алу және салып бітіру кезінде тұрғын үйдің жалпы алаңының құнынан кемінде 10 %;
      2) жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салу, сатып алу және салып бітіру кезінде үйлердің жалпы алаңының құнынан кемінде 10 % құрауға тиіс, бұл ретте қоса қаржыландырудың ең төменгі мөлшері тұрғын үйдегі бір пәтердің құнынан кем болмауға тиіс.
      Құрылысты қаржыландыру тетігі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында айқындалады.
      72. Салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді.
      Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға, салып бітіруге және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      Егер жұмыс беруші қызметкерлер үшін тұрғын үй салуды өз бетінше қамтамасыз еткен жағдайда, жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуге, аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына немесе құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге және қосылуға техникалық жағдай жасалуына жәрдем көрсетеді.


^ 5. Бағдарламаны іске асыру мониторингісі


      73. Ұсынылған қаражатты мақсатты пайдалануды және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдардың арасында мынадай негізгі өлшемдер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады:
      1) жұмыссыздық деңгейін төмендету;
      2) жұмыс орындарын құру;
      3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың санын ұлғайту;
      4) халық құрылымында ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен деңгейде тұратын еңбекке жарамды адамдардың үлесін қысқарту;
      5) Бағдарлама бағыттары мен құрамдас бөліктер бөлінісінде мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың саны;
      6) тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жұмысқа орналастырылғандардың, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендердің ішінен Бағдарламаға қатысушылардың саны;
      7) басқа да көрсеткіштер.
      74. Бағдарламаны іске асыруды басқаруды:
      1) республика деңгейінде:
      ВАК;
      Бағдарлама операторы;
      2) облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қаланың) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – өңірлік комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары;
      3) аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары;
      4) ауылдар деңгейінде – аталған әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерінің аппараттары (кенттік/ауылдық округтердің әкімдері) жүзеге асырады.
      75. Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтік келісімшарттар Бағдарламаны орындауды ұйымдастырудың құралы болып табылады.
      Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың нысандарын, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерін (хабарламалар) Бағдарлама операторы бекітеді.
      76. Бағдарлама операторы облыстар, Астана және Алматы қалалары деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары аудандар (қалалар) деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары ауылдар деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
      Бағдарламаға қатысушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингі аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары мен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
      Пилоттық өңірлерде – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде:
      1) жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингін халықты жұмыспен қамту орталығы мен білім беру ұйымы жүзеге асырады;
      2) білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингін халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші жүзеге асырады.


^ 6. Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру


      77. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.
      78. ВАК мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
      1) Бағдарламаны бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттеріне және қаражатты бөлуге келісім береді;
      2) Бағдарламаның орындалуының негізгі өлшемдерін қарауды жүзеге асырады және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
      79. Бағдарламаның операторы:
      1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қолдауды;
      2) Бағдарлама бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындауды;
      3) 2014 жылдан бастап республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде ВАК келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағдарлама бағыттары бойынша қаражат бөлуді;
      4) жергілікті атқарушы органдар қол қойған келісімдердің негізінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті;
      5) өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылуы туралы өтініштерінің (хабарламаларының) нысандарын әзірлеу және бекітуді;
      6) Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидасын әзірлеуді;
      7) «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы» бағдарламалық-талдамалық кешенін әзірлеу;
      8) «Өңірлердің жұмыспен қамту картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу.
      80. Өңірлік комиссиялар:
      1) Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне келісім береді;
      2) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына келісім береді;
      3) Бағдарламаны бағыттары бойынша өңірлер мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру лимиттеріне келісім береді;
      4) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне келісім береді;
      5) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканың мөлшеріне келісім береді;
      6) жұмыс берушілердің өтінімдері мен басқа өңірлердегі өңірлік комиссиялардың ұсыныстарының негізінде Бағдарлама операторына Бағдарламаға қатысушылардың басқа облысқа көшуі бойынша ұсыныс енгізеді;
      7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның орындалуы туралы есептерін тыңдайды.
      81. Аудандық (қалалық) комиссиялар:
      1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;
      2) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға келісім береді.
      82. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:
      1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобаларға және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар жоспарларына келісім береді;
      2) Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді;
      3) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық мекендердің тізбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.
      83. Өнiмдi еңбекке ынталылықты және экономикалық белсендiлiктi күшейту жөнiнде халықпен жұмыс жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру үшiн аудандық (қалалық) маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыспен қамту қызметi жаңғыртылатын болады.
      Барлық аудандарда (қалаларда) мемлекеттiк мекеме нысанында халықты жұмыспен қамту орталықтары құрылды, олардың қызметкерлерi (азаматтық қызметшiлер) Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етеді.
      84. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:
      1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар ету және консультация беру қызметiн ұсыну, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында олармен консультация жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;
      2) Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын, олардың мәртебесiне, еңбек нарығындағы әлеуеттi мүмкiндiгiне және әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығын бағалауға байланысты санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;
      3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, олардың орындауына мониторинг жүргiзу және оның талаптарын орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес санкция қолдану;
      4) жергілікті еңбек нарығындағы қажеттілікке мониторинг жүргізу және оны айқындау.
      85. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.
      «Даму» КДҚ» АҚ микрокредиттер/кредиттер/лизингтік операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және гранттар беру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.


^ 7. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету


      86. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету енгізілетін Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ) базасында:
      1) нақты уақыт режимiнде Дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру;
      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуға өзгерістер енгізу;
      3) Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшін «ЗТМО» РМҚК тиісті дерекқорларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды.
      Бұған қоса, кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасы қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.
      87. Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.


^ 8. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері


      88. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн, оның iшiнде шамамен 800 мың ауыл тұрғынын қамту жоспарланып отыр.
      Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.


^ 2020 жылға дейін 5 % жұмыссыздық деңгейін қамтамасыз ету үшін
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары


                                                                 адам



Өңірлер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Ақмола облысы

4172

2613

2560

2569

2695

3046

3523

3860

Ақтөбе облысы

4105

2571

2519

2527

2652

2997

3466

3798

Алматы облысы

9701

6077

5954

5973

6267

7083

8191

8976

Атырау облысы

2767

1733

1698

1704

1788

2020

2337

2560

Батыс Қазақстан облысы

3148

1972

1932

1938

2034

2299

2658

2913

Жамбыл облысы

5557

3481

3410

3422

3590

4057

4692

5141

Қарағанды облысы

7012

4393

4304

4318

4530

5120

5921

6488

Қостанай облысы

5075

3179

3115

3125

3278

3705

4285

4695

Қызылорда облысы

3278

2053

2012

2018

2118

2393

2768

3033

Маңғыстау облысы

2550

1597

1565

1570

1647

1861

2153

2359

Оңтүстік Қазақстан облысы

11709

7336

7187

7210

7565

8550

9888

10834

Павлодар облысы

4136

2591

2539

2547

2672

3020

3493

3827

Солтүстік Қазақстан облысы

3268

2047

2006

2012

2111

2386

2759

3024

Шығыс Қазақстан облысы

7102

4450

4359

4373

4589

5186

5997

6571

Алматы қ.

3942

2470

2420

2427

2547

2878

3329

3648

Астана қ.

7304

4576

4483

4498

4719

5333

6168

6758

Қазақстан Республикасы

84826

53139

52063

52231

54802

61934

71628

78485


1   2   3   4   5



Похожие:

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы iconЖұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің...
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы icon2013 жылдың 01 қыркүйекке Қарабалық ауданындағы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаның іске асыруы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаның...
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы iconЖұмыспен қамту 2020 жол картасының шегінде кәсіптік оқытуға 2014 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының шегінде кәсіптік оқытуға 2014 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы iconСаран қаласында жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы «Жұмыспен қамту...
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы iconҚаулы жобасы зырян ауданы бойынша 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы шегінде 2012 жылы нысаналы топтағы тұрғындар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды және жастар тәжирибесін өтуге
«2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «2011...
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы icon«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы Көкпекті ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылуы
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жетілдірілді. Жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Осы бағдарламаны іске асыру үшін келесі мекемелер...
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы iconЖұмыспен қамту-2020» бағдарламасы Көкпекті ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылуы
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жетілдірілді. Жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Осы бағдарламаны іске асыру үшін келесі мекемелер...
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы iconЖұмыспен қамту орталығы хабарлайды «Жұмыспен қамту 2020»
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, табысы аз адамдарды және жұмыссыз...
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы iconЖұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды дамыту бойынша уәкілетті органды анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды дамыту бойынша уәкілетті органды анықтау туралы
Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы icon2011-2015 жылдарға арналған Катонқарағай ауданында дамыту бағдарламасының жұмыспен қамту іс –шаралар жоспарын, «Облыстық жол карта 2011», «Бизнес жол карта-2020»
Катонқарағай ауданында дамыту бағдарламасының жұмыспен қамту іс –шаралар жоспарын, «Облыстық жол карта 2011», «Бизнес жол карта-2020»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы