2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon

2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы



Название2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Дата конвертации10.02.2013
Размер79.29 Kb.
ТипДокументы
источник

2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы


Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мұрағатшылары 2007 жылға жоспарланған мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін сәтті орындап шықты.

Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын және «Электрондық үкімет» Мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында Шығыс Қазақстан облысында виртуальді қабылхана – азаматтардың сұрақтарын, сұраныстаран қабылдауды, жауапты тұлғалардың оларды өңдеуін қамтамасыз ететін электрондық қызмет жұмыс істейді. 2007 жыл ішінде виртуальді қабылхана арқылы тұрғылықты мекен, марапатталуы және т.б. сұрақта туралы 40 сұранысы түсті. Барлық өтініштер орындалып, Заңмен бекітілген мерзімде жауап қайтарылды. 2007 жылы «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты ашылды және ол белсенді жұмыс істеуде, оған оң пікірлер, оның ішінде шет елдік пайдаланушылардың жағымды пікірлері түсуде. Сайт құрметті екінші орынды иеленді, «Ең интерактивті сайтына» сыйлық дипломы және бейнекамера мен лазерлі принтер бағалы сыйлықтары табыс етілді.

2007 жылы мұрағаттар және құжаттама басқармасында Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының Lotus Notes электрондық құжатайналым жүйесіндегі жұмыс және мұрағат процестерін компьютерлендіру жалғасты – 2007 жыл ішінде 27 компьютер, 19 принтер, 15 модем, 2 сканер, 3 көшірме аппараты, 3 телефон аппараты, 1 теледидар, 1 бейнемагнитофон алынды. Жиыны облыстың мемлекеттік мұрағаттарында 200 маман лауазымына 109 компьютер бар, яғни екі маманға бір компьютерден келеді.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттары металл стеллаждармен, кабинет жиhазымен, компьютер столдарымен жабдықталды. Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ШҚО ҚТҚО-да жаңа құрылымдар – мұрағат технологиясы бөлімдері құрылды.

Мемлекеттік сараптамадан өткен ШҚО мемлекеттік мұрағатының мамандандырылған ғимаратының құрылысына техника-экономикалық негіздеме жасалды.

Мемлекеттік органдарда МС ИСО-9001:2000 стандартын ендіру және оның сапа менеджметі жүйсінің сәйкесітігіне сертификаттау жобасын жүзеге асыру бойыша ісшаралар жоспарын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы мұрғаттар және құжаттама басқармасы МС ИСО-9001:2000 стандатының талаптарына сәйкестікке сапа менеджменті жүйесі енгізілді. «Русский регистр» ұйымы СМЖ тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойныша басқарма ИСО 9001: 2000 талаптарына сәйкестік деп танылды.

Облыс мұрағатшылары «Мұрағат мекемелерінің жариялау әрекеттері: осы күнгі жағдайы мен болашағы» тақырыбындағы Республикалық семинарға қатысты, онда «Никандр Александрович Петровский, «Орыс есімдерінің сөздігін», «Ресей Федерациясы мұрағат мекемелерінде анықталған Семей Ертіс маңы тарихы бойынша құжаттарды пайдалану» баяндамаларын оқыды.

ҚР Ақпараттар мен мұрағаттар комитетіне “КСРО-дағы аштық. 1932-1933 жылдар” құжаттар жинағын әзірлеуге арналған, сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағаттарының құжаттары бойынша «ШҚОММ жеке бас текті қорлары бойынша жолкөрсеткі”, “Олардың аттарымен көшелер аталады”, “Михаэлис Евгений Петрович. Туғанына 165 толуына”, “Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (ХVІІІ ғасыр – ХХ ғасырдың 30-шы жылдары)” басылымдар әзірлеу үшін анықталған мұрағат құжаттарның көшірмелері жолданды.

Әдістемелік кеңестің қарауына келесі құжаттар ұсынылды: «Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасы объектілеріне жатқызуға және тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізуге жататын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының аңдатпалы тізбесі», «Ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды хаттау бойынша әдістемелік кеңестер».

ҚР құжаттандыру және мұрағат ісі бойынша ғылыми-техникалық ақпарат орталығына «Қазақстан мұрағаттары» ғылыми-практикалық ақпараттық журналына жариялау үшін «Сөз алмасы», «Біздің ақын, солдат, біздің көне шыншылымыз», «Ардақты ана - Мағира», Алаш-Орда партиясының 90 жылдығына мақалалары жолданды, «Ж. Аймауытовтың Семейдегі кезеңі», «С.Е. Черных – мұрағатшы, өлкетанушы, жазушы. Туғанынан 70 жыл толуына арналған» мақалалары жарияланды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы құжаттардың Мемлекеттік сақтандыру қорының құрамы мен көлемі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша облыс мұрағат мекемелерінің жұмысы туралы ай сайынғы ақпарат жіберілді.

Облыс мұрағатшылары құжаттардың құндылығын сараптады және басқарманың Сараптау-тексеру комиссяисы және ШҚО ЖТҚО СПҒӘК мәжілістерінде қағаз негізіндегі 30183 сақтау бірлігі және арнайы құжаттамалардың 252 сақтау бірлігінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тізімдемелері бекітілді, Халық банкінің Шығыс Қазақстан филиалының және «Казцинк» АҚ ведомстволық мұрағаттарының есептері тыңдалып, тиісті шешімдер шығарылды.

Мемлекеттік мекемелердің 27 істер номенклатурасы қаралып, бекітілді, 14 әдістемелік сипаттағы сұрақ қаралды: жабдықтау көздерінің тізімі, облыс мемлекеттік мұрағаттарының фотоқұжатты көрмелерінің тақырыптық-экспозиялық жоспарлары, плакаттар мен кітапшалардың макеттері, құжаттардың аңдатпаланған тізбесі.

Мұрағаттар мен құжаттама комитетінің тапсырмасы бойынша ҚР Қаржы министрілігі жүйесінің облыстық және қалалық мекемелеріне 9 тексеру және облыс бойынша 60 тексеру жүргізілді, анықтамалар жасалып, тексерулер қорытындылары СТК отырысында қаралды және тиісті шешімдер шығарылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі саласында мемлекеттік мұрағаттардың барлық ғимараттарына жөндеу жүргізіліп, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха аудандық мұрағаттарына өрт дабылы орнатылды. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалына бөлінген іргелі жөндеу жүргізілді, іргелі және кезекті жөндеу жұмыстарына кеткен жалпы шығын 24 млн.теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын толықтыру мақсатында қағаз негіздегі 37 мыңнан астам құжат, 400 с.б. астам арнайы құжаттар қабылданды, қағаз негіздегі 30 мыңнан астам құжат, 365 с.б. астам арнайы құжаттар тәртіпке келтірілді; 400 заңды тұлғаға істер номенклатурасын жасау (293), СК туралы ереже (26), фирмалық бланк (14), құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Мұрағатшылардың күшімен облыс пен қаланың 16 әйгілі оқиғасына бейнесюжет жасалды, олар мемлекеттік сақтауға түседі.

Казцинк» АҚ (17 адам), Шемонаиха қаласының, Шемонаиха және Глубокое аудандарының орта мектетептерінің, қылмыстық атқару мекемелерінің құжаттама және мұрағат қызметі (20 адам), ауыл округтері аппаратының мамандарына (16 адам), Семей құрылыс және көпсалалы колледжідерінде, Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ОВ – 156/15 мекемелерінің іс жүргізу және мұрағат қызметі қызметкерлеріне құжаттандыру және құжаттарды ведомстволық сақтау сұрақтары бойынша семинарлар өткізілді.

2007 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ ШҚО филиалымен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстар нәтижесінде 6 телехабардың бейнетаспасы алынды; Жеке қор ұстаушылармен жұмыс аясында мемлекеттік мұрағаттарды жеке бас текті құжаттармен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді: «Ақиқат» республикалық журналы редакторының орынбасары, ақын, жазушы Т. Қызықбайдың, география ғылымдарының докторы, ШҚО оқытушысы А.В. Егоринаның, журналист, ақын, «Рудный Алтай» газетінің хаттар бөлімінің меңгерушісі, геолог – И.Ф. Ивановтың, С.Г. Ғабдуллин – ақын, прозаик, журналист Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Ертіс» журналының ректоры, Қазақстан және Ресей жазушылар Одағының мүшелері М.С. Немцовтың, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ШҚМУ тарих факультетінің деканы В.С. Федоровтың, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы, мұғалім, жазушы В.С. Крыгиннің, өлкетанушы-жазушы А.Г. Лухтановтың, Зыряндық ақын В.С. Молостовтың, Көшек орта мектебінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы бойынша ғылыми еңбектердің авторы К. Керейбаевтың қорлары бойынша.

^ Ақпараттық-іздеу жүйесін құру, ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалану саласында облыс мемлекеттік мұрағаттары қағаз негіздегі 19 мың сақтау бірлігін тізімдемеледі.

Мұрағаттар басқармасының бастығы, бастықтың орынбасары, мұрағат басқармасының мамандары, облыс мемлекеттік мұрағаты және ҚТҚО-ның мұрағатшылары Астана, Алматы, Санкт-Петербург, Бішкек, Семей, Зырян, Аягөз, Күршім, Тарбағатай аудандарына іс сапарлар жасады. Шет елдік мұрағаттардан мәдени мұраны насихаттайтын жинақ басу үшін Шығыс Қазақстан тарихы бойынша құжаттар жинағы алынды.

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары» жолкөрсеткісін жасау бойынша жұмыстар аяқталды, «Шығыс Қазақстанның өлкетанушылары» сериясынан «Михаэлис Евгений Петрович. 165 жыл толуына» құжаттар жинағы, Сталинградты қорғауға қатысушы жерлестеріміз туралы құжаттар тізбесі және құжаттардың мұрағат көшірмелері» әзірленді. Облыс ҚТҚО Қазақ ССР еңбек сіңірген дәрігер А. Қозбағаровтың туғанына 90 жыл толуына байланысты «Саған өмір сыйлаймын», Шемонаиха аудандық мемлекеттік мұрағаты «Белозеров Д.К. - «Ленинское знамя» газетінің редакторы, Ұлы Отан соғысына қатысшуы» кітапшасын әзірледі.

Облыстың мүдделі мекемелеріне облыс өмірінің айтулы даталары туралы 36 ақпараттық құжат әзірленіп, БАҚ 50 мақала жарияланды, 3 радио және 10 телехабар эфирге шықты, 10 фотоқұжатты көрме әзірленді, мемлекеттік тілде «Алаш-Орда» партиясының тарихы бойынша, «Абайдың өр көңілі», М. Әуезовтың туғанына 110 жыл толуына арналған, Өскемен қаласындағы уақыт пен адамдар», «Зырян қаласының тарихы» және т.б. сабақтар өткізілі.

Мұрағатшылар «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысып, «Белослюдов Алексей Николаевич - өлкетанудағы сабақтастық», Д.Ф. Черепанов – жазушы, өлкетанушы, журналист», «Сахна ардагерлері – А.Н. Шиляев, А.М. Мерц» хабарламаларын әзірледі. «Ағайынды Белослюдовтар тарихи дәуір тұлғалары. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Семей» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

ҚР ОММ 25 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін «Шығыс Қазақстан тарихы шет ел мұрағаттарында» баяндамасы, облыс ҚЗТО-да М.О. Әуезовтың 110 жылдығына арналған кеш-портрет болып өтті.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары каталогтандыру мақсатында басқарма құжаттамаларының 3 мыңнан астам сақтау бірліктерін қарап шығып, 4 мың карточка жасады, сонымен бірге арнайы құжаттамалардың 200 сақтау бірлігі каталогтандырды.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 1360 зерттеуші жұмыс істеді, өлкетанушылар, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер, жеке тұлғалар 1912 келу жасады.

Семей ядролық сынақ полигонындағы әрекеттер салдарынан зардап шеккендерге бірмәртелік ақшалай төлемдер төлеуге байланысты және мүлікті заңдыстыруға орай облыстың мемлекеттік мұрағаттарына Семей ядролық сынақ полигонында тұру фактісін растау туралы және азаматтардың мүлкін заңдастыруды хаттауға арналған құжаттар көшірмесін алу жөніндегі сұраныстар легі өте көбейіп кетті. 2007 жыл ішінде облыс мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 70166 сұраныс түсті, 68115 (Қазақстан азаматтарынан – 61509, ТМД елдерінен – 6606) орындалды: оның 59529 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 20 сұраныс, СІМ-нен тыс 49 сұраныс түсті. 2007 жылы 2162 тақырыптық сұраныс орындалды.

Облыс мұрағат мекемелері басшыларына және облыс мемлекеттік мұрағаттарының қызметкерлеріне аттестация жүргізілді және оның қорытындысы бойынша санаттары жоғарлатылды. Жыл және жартыжылдық қорытындысы бойынша облыс мұрағат мекемелері басшыларының мәжілістері өткізілді, онда облысьтағы мұрағт ісін дамытудың өзекті сұрақтары талқыланды.

“Мұрағат ісі және іс жүргізу” мамандықтары бойынша ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыс мемлекеттік мұрағатының және оның Зырян, Зайсан, Лениногор филиалдарының, Глубокое және Көкпекті аудандық мұрағаттарының қызметкерлері колледждер мен жоғары оқу орындарында оқиды.

2008 жылы облыс мұрағат мекемелерінің маңызды міндетті болып табылады:

- облыс мұрағат мекемелерін 100% өрт дабылдатқышымен қамтамасыз ету;

- ақпараттық жергілікті торап құру;

- «электрондық мұрағат» жасау;

- ШҚО мемлекеттік мұрағаты ғимаратының құрылысы бойынша жұмыс;

- іс жүргізуге, сонымен бірге тізмдемелер жасауға және олардың ғылыми-анықтамалық аппараттарын жасауға мемлекеттік тілді енгізу.


Облыс мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы А.Аубакиров







Похожие:

2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2006 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2008 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2008 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2007 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы ШығысҚазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2011 жылғы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің есеп беру кезеңіндегі қызметі «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Жылғы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2011 жылғЫ 9 айындағы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің есеп беру кезеңіндегі қызметі «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
ЖылғЫ 9 айындағы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2010 жылғы 1 тоқсан бойынша Шығыс Қазақстан облысында мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысында мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2010 жылғы 1 жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысында мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысында мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы icon2009 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Есебі, облыстағы мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісін өткізу туралы ақпарат және т б. ұсынылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы