2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon

2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п



Название2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
страница2/3
Дата конвертации09.01.2013
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының мемлекеттік есебі


Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты 2006 жылы болған қор құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәлімет (оның ішінде құпия құжаттары бар қорлар), 01.01.2007 ж. жағдайындағы облыс мұрағат қорының паспортын жасады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 65 жаңа қор бетін жасады 84 қор беті жалғастырылды, ф.10 84 карточка жасалды, түсуді есепке алу кітабына 168 қор, тізімдемелер тізіліміне 175 жаңа тізімдеме енгізілді, топографиялық көрсеткіге арналған 484 карточка жасалды.

2007 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша «Архивный фонд» мәліметтер базасына енгізілген ақпарат көлемі 2007 жылдың 1 қаңтарында 60,5 МБ құрады, ал 2007 жылдың 9 айында 28,97 МБ құрады.


2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.


  1. Жылдың 9 айында облыс мемлекеттік мұрағаты басқарма құжаттамаларының 10561 сақ.бір., жеке құрам құжаттарының 10886 ісін, 373 с.б. жеке бас текті құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты есепті кезең ішінде тұрақты сақтаудың 10305 ісі, жеке құрам бойынша 7602 істі, 190 с.б. ҒТҚ, 300 с.б. фотоқұжаттарды, 6 ес.бір. фоноқұжаттарды, 4 ес.бір. бейнеқұжаттарды тәртіпке келтірді, олардың ішінен облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдары ақылы қызмет есебінен басқарма құжаттамаларының 1245 сақ.бір., жеке құрам бойынша 3124 іс тәртіпке келтірілді.

Облыс ЖТҚО 678626 теңгеге құжаттарды тәртіпке келтіру бойынша, 7500 теңгеге құжаттарды ксерокөшірмелеу бойынша ақылы қызмет көрсетті.

«Тұран Әлем Банкі» АҚ ШҚ филиалымен іс жүргізу және мұрағат ісі саласындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы келісім шарттың мерзімі ұзартылды, «Альянс-Банкі» АҚ-мен, нотариустер Байтазановамен, Ошақбаевамен, «Нотариус-89», «Нотариус-149» жеке нотариустарымен келісім шарттар жасалды.

«Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатын жеке бас текті құжаттармен жабдықтау көздерінің қосымша тізімі», «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалын жабдықтау көздерінің тізімі» жасалды және ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК-да келісілді.

“Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатын жабдықтау көздерінің қосымша тізімі”, “Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты Лениногор филиалын жабдықтау көздерінің тізімі” жасалып, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК-мен, ШҚО тұрақты сақтау құжаттарымен жабдықтау көдері – заңды тұлғалардың тізімі жасалып ШҚО ЖТҚР СТҒӘК-мен келісілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 397 ұйымның құжаттаманы басқару қызметі және ведомствалық мұрағаттарына істер номенклатурасын жасау, СК туралы ереже, іс жүргізу бойынша нұсқаулық, фирмалық бланк, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетті (оның 43 мекемеге бару арқылы): ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, ШҚ облыстық соты, Өскемен гарнизонының әскери соты, Өскемен қаласының соты, Жарма және Ұлан ауданының соты, ШҚО Қазынашылық Департаменті, Глубокое және Тарбағатай аудандық қазынашылық бөлімі, ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті, ШҚ облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, Шоғырландыру дайындығы бойынша департамент, азаматтық қорғаныс, ШҚО апат және табиғи зілзаланың алдын-алу және зардабын жою ұйымы, ШҚО жер қатынастары басқармасы, ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің басқармасы, Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау бойынша комитеттің ШҚ облыстық басқармасы, «Недра» аумақтық басқармасы, ШҚ облыстық психо-неврологиялық диспансері, прокуратура органдарына, қылмыстық-атқару жүйесіне, «Казцинк» АҚ, «Дидар» және «Рудный Алтай» облыстық газетті, ШҚО бойынша мемлекеттік тілді үйрету орталығы, ШҚО олимпиадалық резерв дайындау орталығы, Курчатов қаласның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Каздорпроект» жоба институтының филиалы, ШҚО және Өскемен қаласы бойынша салық комитеттері, Риддер қаласы төтенша жағдайлар басқармасы, білім беру бөлімдері мен мектептер, басқа да заңды тұлғалар. ШҚО бойынша ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі министрлігі жүйеісінің мемлекеттік мекемелеріне бақылаулы тексеру жүргізілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға 14 істер номенклатурасы жасалып, 279 істер номенклатурасы келісілді, олардың 28 құпия іс жүргізу, 3 «Құпия» белгісімен, 130 мемлекеттік және орыс тілдерінде: Өскемен қалалық мәслихаты, Өскемен қаласы әкімінің істері басқармасы, Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаменті, Орман және аңшылық шаруашылығының ШҚ облыстық басқармасы, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру ШҚ аумақтық комитеті, ШҚО қалалық және облыстық соттары, «Казахтелеком» АҚ ШҚ облыстық телекомуникация дирекциясы, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ; «Өскемен титан-маний комбинаты» АҚ; «ВНИИцветмет» МКД, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан монета сарайы», «Топаз» ЖШС; Катон-Қарағай мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы, Зырян және Катон-Қарағай аудандарының мектептері, Бесқарағай ауданы ауыл шаруашылық бөлімі, Семей қаржы-экономика колледжі, Семей қаласы статистика бөлімі, Шығыс Қазақстан аймақтық университеті, Қазақстан-Ресей гимназиясы, ауылдық округтер Әкімдер аппараттары, Курчатов қаласының қаржы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және т.б.

26 ұйымда Сараптау комиссяисы, олар туралы және ведомстволық мұрағат туралы ереже жасалды: Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасын, ШҚО бойынша кеден бақылау департаменті, Өскемен қаласының №2 соты, Ұлан аудандық соты, Өскемен және Семей гарнизондарының Әскери соттары «Әскерлендірген теміржол күзеті» АҚ , Өскемен қаласындағы филиалы, ШҚО олимпиада резервін дайындау орталығы, Семей қаржы-экономика колледжі, Курчтов қласының қаржы бөлімі және т.б.

«Казцинк» АҚ (17 адам), Шемонаиха қаласының, Шемонаиха және Глубокое аудандарының орта мектетептерінің іс жүргізу және мұрағат қызметі қызметкерлеріне құжаттандыру және құжаттарды ведомствалық сақтау сұрақтары бойынша ШҚО осы аталған аудандарының мұрағатшылары семинар өткізді. Облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚО соттар әкімшісі ұйымдастырған және облыс соттарының 40 архивариусы қатысқан «Шығыс Қазақстан облысы соттарының үздік архивариусы» байқау-конкурсына қатысты. ШҚО мемлекеттік мұрағатының мұрағатшылары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің іс жүргізу және мұрағат қызметі қызметкерлеріне құжаттандыру және құжаттаманы басқару, ведомстволық мұрағаттар жұмысы бойынша өзекті мәселелерді зерделеу жөніндегі біліктілікті арттыру курстарын өткізді. 20 адам сертификат алды.

ШҚО ММ Аягөз филиалы ауылдық округтер Әкімдері аппаратының бас мамандары мен құжаттама қызметінің қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді.

Облыс ЖТҚО құжаттама қызметтері әрекеттерін жетілдіру және СТ РК 1042-2001 “Ұйымдық-өкімдік құжаттар. Құжаттарды хаттауға қойылатын талаптар” стандартын сақтау бойынша Семей құрылыс колледжінде және көпсалалы колледжде, Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінде, ОВ-156/15 мекемесінде семинар өткізді.

Облыстық онкологиялық диспансерге, Шығыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, Қазақстан Қазақстан АШМ-нің Өскемен қалалық аумақтық агрокешен инспекциясына, дарынды балаларға арналған “Восток” дамыта оқыту орталық-мектеп-кешеніне, тұрғын үй-коммуналды шараушылығы бөліміне, Зырян ауданы-Зырян қаласы жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары, Өскемен қаласы «Дом радости» №34 бала бақша-яслиі», Зырян ауданы прокуратурасы, №2 Зырян қалалық соты, «Нотариус-149» нотариалді конторасына және т.б. ҰӨҚ бланкілері келісілді.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты «Қазақстан» республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ ШҚО филиалымен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстар нәтижесінде 3 телехабардың бейнетаспасы алынды: «Көзкөргендер», «Тәуелсіздік күні», «Мәдени мұра – желтоқсан оқиғасы», «Қызық адам», «Витражи», «Единственная».

“Студия “Реал-Тайм” ЖШС облыс мемлекеттік мұрағатына деректі фильмдер жазылған 6 диск берді: “Қазақстан хоккейіне 50 жыл”, “КАСУ”, “Нұрғалиев мектебі”, “Қазақстан – Тәуелсіздік жылнамасы”, “Шығыстың алтын әйелдері”.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысы Әкімі Ж.С. Кәрібжановтың облыс активімен есепті кездесуіне, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бас ғимараты алында Сәрсен Аманжоловқа қойылған ескерткіштің ашылуы, Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайындағы «Соловки» фотокөрмесі, Шығыс Қазақстан халықтары Кіші ассамблеясы Достық үйіндегі халықаралық демографиялық конференция, Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада болған «Ертіс жеріндегі із» кеші, тарих ғылымдарының кандидаты В.И. Деевтің ШҚО білім беру департаменті Эксперименталді Кеңесінің «Регинальные компоненты» Бағдарламасы бойынша басылған «Жазушылар Григорий Гребенщиков, Александр Волков, Ефим Пермитин Кенді Алтайда» кітабының тұсаукесері. «Наурыз күні» көрмесі және мерекелік бағдарлама, Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясының Достық үйінде болып өткен «Әр түрлі халықтардың бүгінгі Қазақстандағы ролі» семинары, «Наурыз күні» көрмесі, Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясының Достық үйінде болып өткен «Әр түрлі халықтардың бүгінгі Қазақстандағы ролі» семинарына, әуесқой суретші ардагер – мұрағатшы С.Я. Семибратовтың картиналарына, «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясының тарихынан», 1928-1936 жылдардағы Киров (Өскемен) ауданындағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру», «Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (18-20 ғасырлар)», «Шығыс Қазақстан облысының (1920-2002 жылдар) әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтамалық» құжаттар жинағының тұсаукесеріне, «Бізді Кенигсберг жақындатты» соғыс ардагерлерінің кеш-кездесуіне, Өскемен педагогикалық институтының, бүгінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 55 жылдығына арналған, Шемонаиха қаласындағы 15-ші Гребенщиков оқуына, «Аманжолов оқуы» ғылыми-практикалық конференциясына, Жазушылар одағының мүшесі, ақын В.М. Тыцкихтың кітабының тұсаукесері, ГЦВП құрылуына 10 жыл толуына арналған конференцияға, Оралхан Бөкеев атындағы көркем оқу шеберлерінің 10-шы облыстық конкурсына бейне түсірімдер жасалды.

Жеке қор ұстаушылармен жұмыс аясында мемлекеттік мұрағаттарды «Ақиқат» республикалық журналы редакторының орынбасары, ақын, жазушы Т. Қызықбайдың жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау туралы ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Құжаттарын мемлекеттік сақтауға өткізу жөніндегі жұмыстар нәтижесінде оның өлеңдерінің қолжазбалары, кітаптары, газет мақалалары, фотолар, жеке құжаттары және т.б. алынды. География ғылымдарынң докторы, ШҚО оқытушысы А.В. Егоринаның жеке қоры фотолармен, қызметтік хаттармен, жеке құжаттармен толықтырылды.

Журналист, ақын, «Рудный Алтай» газетінің хаттар бөлімінің меңгерушісі, геолог – И.Ф. Ивановтың туыстарымен сөйлесулер нәтижесінде мемлекеттік сақтауға оның жеке құжаттары, фотолары, медальдер кітапшалары, кітаптары, өлеңдері, әңгімелері, газет қиындылары өткізілді.

С.Г. Ғабдуллин – ақын, прозаик, журналист Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Ертіс» журналының ректоры грамоталар, дипломдар, өлеңдер, газет қиындыларын, автобиография, фотографиялар және т.б. құжаттарды мемлекеттік сақтауға берді.

Қазақстан және Ресей жазушылар Одағының мүшелері М.С. Немцов кітаптарын, өлеңдерін, журналдар, газеттік мақалалар, биографиялық анықтамалықтар берді.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ШҚМУ тарих факультетінің деканы В.С. Федоровтың жұбайы мемлекеттік сақтауға оның құжаттарын, ғылыми еңбектерін, КСРО тарихы бойынша лекциялар, кітаптар, диссертацияға арналған құжаттарын берді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы, мұғалім, жазушы В.С. Крыгин облыс мемлекеттік мұрағатына Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымының 20 жылдығына арналған мақалалары кірген “Плечом к плечу” атты өз кітабын, облыстық ардагерлер ұйымының төрғасы Н.П. Воронин ардагерлер фотосуреттерін берді.

“Титан” газетінің редакторы, журналист, суретші мемлекеттік сақтауға Өскемен, Риддер қалаларының революцияға дейінгі фотосуреттерін, Беспаловтар отбасының фотосуреттерін және Г.М. Маленковтың әкесі туралы кітабын берді.

Жазушылар одағы мүшесі М. Мусиннің қоры оның жеке күнделіктерімен толықтырылды.

Зырян филиалы өлкетанушы-жазушы А.Г. Лухтановтың құжаттарын жинауды жалғастыруа, филиалға «Алтайское притяжение», «Лесное ателье» және «Шахтерский городок» жинақталмаған мәтіні, «Горные каменщики», «Расстрельное дело кулака Колодкина», «Тау-Теке» очерктері, «Фотоохота 1960-1980 гг» тақырыбындағы фотоқұжаттар қабылданды.

Зыряндық ақын В.С. Молостовтың «Сказ о Бухтарминской долине» кітабы мемлекеттік сақтауға түсті, ардагер В.К. Цыбраның қоры Қазақстан ардагерлері ұйымының құрылуына 20 жыл толуына арнап басылған «Плечом к плечу в одном строю», «Всегда в строю» кітаптарымен, «Зырян ауданы,-Зырян қаласындағы ардагерлер қозғалысының жылнамасы», «Зырян қаласы медицина қызметі ардагерлерінің жылнамасымен» толықтырылды.

Жарма филиалы жеке қор ұстаушы Көшек орта мектебінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы бойынша ғылыми еңбектердің авторы К. Керейбаевтың жеке бас текті құжаттарын, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына қатысушы Василий Головконың және Ахмер Мұстафиннің құжаттарын алу туралы келісімдер жүргізілуде.

ҰОС ардагерлері В.Н. Фоминнің және Ф.П. Пересыпкиннің, “Поиск” республикалық клубының жетекшісі В.И. Гущиннің, “Спартак” ДСО төрағасы Т.Ж. Жұмабековтың, ұн тарту-комбикорм зауыты директоры И.С. Алейкиннің, Семей өлкетану мұражайының директоры К.А. Байгужиновтың жеке қорлары құжаттарының тізімдемелері ШҚО ЖТҚО СТҢӘК қаралып, бекітілді.



  1. ^ Ақпараттық-іздеу жүйесін құру,

ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалалану


2007 жылдың үш тоқсаны ішінде облыс мемлекеттік мұрағаты География ғылымдарының докторы, ШҚО оқытушысы А.В. Егоринаның жеке қорының құжаттары (110 с.б.) тізімдемелеу жұмысын жалғастыруда, Петровтардың отбасылық қорын: – КСРО жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Өскемен Педагогикалық институты тарих факультетінің деканы В.И. Петровтың және экономика ғылымдарының кандидаты, Өскемен педагогикалық институтының саяси экономика кафедрасының меңгерушісі А.И. Петрованың (170 с.б.), әуесқой-ақын, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығының (47 с.б.) құжаттарын тізімдемелеу бойынша жұмыстар атқарылды.

Барлығы 327 сақтау бірлігі тізімдемеленді.

Зырян филиалы ақын В.М. Исламовтың (16 с.б.) және Зырян орман өнеркәсіп шаруашылығының инженері Е.А. Втюриннің (36 с.б.) жеке бас текті құжаттарын тізімдемелеу бойынша жұмысты жалғастырды. Зайсан филиалы кәсіпкер Ш. Абышеваның құжаттарын (53 с.б.), Жарма филиалы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы Ж. Смағұловтың (23 с.б.) құжаттарын тізімдемеледі.

Облыс ЖТҚО жеке басты текті құжаттардың 121 с.б., 2079 с.б. басқарма құжаттамаларын, 4043 с.б. жеке құрам бойынша құжаттар тізімдемеленді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары басқарма құжаттамаларының 5787 с.б., жеке құрам құжаттарының 5841 с.б., 125 ҒТҚ, фотоқұжаттардың 200 с.б., фоноқұжаттардың 1 есеп.б., 1 ес.бір. бейнеқұжаттарды тізімдемеледі. Облыс мемлекеттік мұрағаты «Заготживсырье» (70 с.б.) Шығыс Қазақстан облыстық конторының» және «Завод «Эталон» АҚ жеке құрам бойынша құжаттарының 439 с.б. қалпына келтірді.

Облыс мемлекеттік мұрағатында Тарбағатай (2152 с.б.), Шемонаиха (1950 с.б.) аудандарының және Лениногор қаласының (825 с.б.) және Серебрянск (975 с.б.) бастауыш партия ұйымының қорлары қайта өңделді.

Аягөз филиалы «Халық депутаттарының Сергиополь ауылдық Кеңесінің» қорының басқарма құжаттамаларын қайта өңдеді (353 с.б.).

Ақшатау ауыл округінің тұрақты сақтау істерінің тізімдемелері жетілдірілді (292 сб. Басқарма құжаттамалары, 17 с.б. жеке құрам бойынша).

Облыс мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы Халық депутаттарының Көкпекті ауылдық кеңесі басқарма құжаттамалары тізімдемелерінің – 442 с.б. жетілдірілді.

Лениногор филиалы Лениногор қорғасын зауытының және Лениногор кен-байыту фабрикасының, «Казцинк» АҚ РММК еңбеккерлерінің кәсіподағы» АҚ (1355 с.б. басқарма құжаттамалары, 2633 с.б. жеке құрам құжаттары) істер тізімдемелері жетілдірілді.

Облыс ЖТҚО басқарма құжаттамалары тізімдемелерінің 760 сақтау бірлігін жетілдірді.

Жиыны тұрақты сақтау бойынша 2849 іс және жеке құрам бойынша 2650 іс жетілдірілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты каталогтандыру мақсатында басқарма құжаттамаларының 2226 с.б. қарап шығып, 3821 карточка жасады, бұлар Шығыс Қазақстан КПК обкомының, Семей облысы әкімдігінің, Жаңа-Семей әкімшілігінің, Аягөз қаласы Әкімі аппаратының, Зайсан ауданы әкімінің, халық депутаттарының Лениногор қалалық кеңесінің және оның атқару комитетінің қорларының құжаттары, тағы «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечерка» газеттерінің тақырыптық әзірленімі бойынша 80 карточка жасалды. Семей қаласындағы революциялық қозғалысқа қатысушылар ағайынды Трусовтар мен Бейсенбаевтар отбасы – мұрағат ісінің ардагері С.Б. Бейсенбаеваның және Социалистік еңбек ері М.Б. Бейсенбаевтың жеке қорының құжаттары 72 с.б., 75 карточка жасалды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты “Шығыс Қазақстан облысының жер қалыптастыру құжаттарының коллекциясы” қорының ҒТҚ каталогтады – 80 с.б. қаралды, 80 карточка жасалды, сонымен бірге, фотоқұжаттардың 150 с.б. каталогтандырылды.

Облыс ЖТҚО Семей қаласындағы тарихшылардың, кітахана қызметкерлерінің, әлеуметтік қорғау, әділет, БАҚ қызметкерлерінің қатысуымен «1939-1997 жж. Семей облысының әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтамалықтың» тұсаукесерін өткізді, облыс мемлекеттік мұрағаты және мұрағаттар мен құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, Өскемен қаласында облыстық облыс мемлекеттік мұрағаты және облыс ЖТҚО басып шығарған А.С. Пушкин атьындағы кітапхана базасында «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан», «Киров (Өскемен) ауданындағы 1928-1936 жылдардағы ауыл шаруашылық коллективтендіру», «Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (18-20 ғасырлар» және «Шығыс Қазақстан әкімшілік-аумақтық тарихы бойынша анықтамалық (1920-2002 жылдар)» құжаттар жинағының тұсаукесері өткізілді.

Облыс мұрағатшылары 34 ақпараттық хат әзірледі: «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан», «1928-1936 жылдары Киров ауданыдағы (Өскемен) ауыл шаруашылығын коллективтендіру», «Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі (ХVІІІ-ХХ ғасырлар), Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты және Жаңа тарихты құжаттау орталығы шығарған «Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі тарихы бойынша анықтамалық (1920—2002 жж.)», Зырян ауданы Миролюбовка селосының 100-жылдығы туралы, Предгорное селосының 60-жылдығы, Семей мемлекеттік медицина академиясының 50-жылдығы, Семей көлік тарнспортының 45 жылдығы, белгілі ақын Павел Василевтің, ұшқыш-сынақты Ж. Малдыбаевтың, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім К. Хасанованың, Ұлы Отан соғысына қатысушы Е. Бексейітовтың жеке қоры, Риддер қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 75 жылдығы, Аягөз аудандық милициясының құрылғанына 75 толуы туралы.

Аталған бастамалы ақпараттық хаттар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Өскемен қаласы мәдениет бөліміне, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханаға, Зайсан ауданының орта мектептеріне, Көкпекті ауданының Әкімі аппаратына, Самар поселкелік округіне және т.б. мүдделі мекемелерге жіберілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары есепті кезеңде 38 мақала әзірледі: «Ерлік пен міндет адамдары туралы аңыз, немесе М. Мусиннің жаңа кітабы», «Мұрағатшыларға арналған мақтау сөз», «Жаманбаев Құсайын Қуанұлы», «Күрек алып, сенбілікке барамын», «Құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты сұрақтар бойынша азаматтар арыздарын қарау тәртібі туралы», «Адал өмір сүріңдер, адам болып қалыңдар», «Даланың адал ұлы», «Ардагерлер күші - өркендеуге жол», «Халықтың тарихи жады», «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының құрылуына 15 жыл толуына», «Біз бірге үлкен күшпіз», «Республика мұрағат ісінің дамуына қосқан үлесі үшін», “Материалдар мен ойлар жеткілікті”, “Ақаусыз ақиқат” және т.б.

Мақалалар Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтарындағы «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Заңының жарыққа шығуына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына, Риддер қалалық ардагерлер Кеңесінің 20-жылдығына, облыс мұрағатшыларына, журналист, жазушы М. Мусинге, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғаілімі К. Жаманбаевқа, қазақстандық ақындар С. Анисимовқа, В. Исламовқа, суретші Г. Вяткинге, Семей дарамтеатрыныың бірінші режиссері Ж. Шанинге және т.б. арналған.

«Архивы Казахстана» республикалық бюлетеніне облыс мұрағатшыларының «Сөз алмасы», «Біздің ақын, солдат, біздің көнекөз шыншылымыз», «Ардақты ана – Мағира», “Алаш-Орта” партиясының 90 жылдығына, “Алаш-Орда” партиясының мүшесі Ж. Аймауытовтың өмірінің семейдегі кезеңіне арналған мақалалары жіберілді.

2007 жылдың үш тоқсанында ішінде облыс мемлекеттік мұрағаты және ЖТҚО-ның мұрағатшылар 3 радиохабар және 4 телехабар әзірледі: «Алаш-Орда» партиясының 90 жылдығына, «Қала және қалалықтар» циклінен «Семей көшелері», мұрағатшы, өлкетанушы, жазушы С.Е. Черныхтың өмірі мен шығармашылығы, саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алу күні, Риддер тау-кен өнеркәсібі кәсіпорынының бұрынғы басқарушысы Р.А. Дрейменанның туғанына 120 жыл толуы туралы.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары 8 фотоқұжаттары көрме әзірледі: облыс мемлекеттік мұрағаты әйгілі жерлестеріміздің мерейлі даталарына арналған, атап айтқанда Д.Г. Панкратьевтің туғанына 140 жыл толуына, А.Н. Белослюдовтың туғанына 12 жыл толуына арналған, Б.Г. Герасимовтың 135 жылдығына,П.П. Буровтың 105 жылдығына, А.С. Күленовтың 75 жылдығына, Д.А. Қонаевтың 90 жылдығына, М.Ш. Мусиннің 90 жылдығына, К.К. Жаманбаевтың 95 жылдығына арналған «Ертіс жеріндегі із» көрмесін әзірледі.

Стационарлық және жылжымалы стендке қою үшін облыс ЖТҚО Семей жер басқармасы және ВКП(б) Семей губком қорының құжаттары бойынша, «Абай» журналының газеттік мақалаларынан «Алаш-Орда» париясының 90 жылдығына арналған көрме әзірледі. Көрме 2 бөлімнен тұрады: «Алаш-Орда» тарихынан (партияның идеялық құрылымының сұрақтары) және ұлт-азаттық қозғалыс басшылары (Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Жақып Ақпаев, Мұхамеджан Тыншпаев, Жүсіпбек Аймауытов). Екінші көрме Орыс Георгафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің құрылуына 105 жыл толуына арналды. Көрмеге РГҚ жазбаларының тұпнұсқа басылымдары, Семей өлкесі бойынша 1924 жылғы өлкетану жинағының басылуы туралы іс, 1-ші Губерниялық съездін өткізу туралы құжаттар, бөлімше мүшелері Б.Т. Герасимовтың, Н.Я. Коншиннің, Е. Ақпаевтың, М. Әуезовтың, Н.А. Белослюдовтың жеке істері, Семей бөлімшесінің 1921-1926 жылдардағы қызметі туралы есептер, ағайынды Белослюдовтардың, Нұрғали мен Назифа Құлжановтардың, Н.Я. Коншиннің, Б.Г. Герасимовтың, М.О. Әуезовтың және т.б. бөлімше мүшелерінің фотосуреттері. Мұхтар Әуезовтың туғанына 110 жыл толуына “С. Әуезов Семейде”, “Жазушы, ғалым, азамат” көрмелі әзірленді.

Облыс мемлекеттік мұрағатының Аягөз филиалы Сергиополь қаласының құрылуына 250 жыл толуына арналған фотоқұжатты көрме әзірледі.

Облыс мемлекеттік мұркғатының Лениногор филиалы Кеңес Одағының Батырлары лениногорлықтар А. Колчиннің, Л. Рощиннің, И. Астафьевтің 85 жылдық мерейтойларына арналған фотоқұжатты көрме әзірледі.

Облыс мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы Қазақ ССР құрметті теміржолшысы, Шар және Жарма аудандарының құрметті азаматы, еңбек ардагері және ақын Рахымбаев Қалелдің туғанына 80 жыл толуына арнап көрме дайындады.

Облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы бірінші қазақстандық ұшқыш-сынақшы Ж. Малдыбаевтың туғанына 100- жыл тоуына арнап «Ер есімі – ел есінде» атты көрмесін әзірледі.

Облыс ЖТҚО №37 және 5 мектеп оқушыларына арнап «Алаш-Орда» тарихы бойынша мемлекеттік тілде сабақтар және мұрағат бойынша шолулық экскурсия өткізді; Өскемен қаласының №40 мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналып «Уақыт және Өскемен қаласының адамдары», «С.Е. Черных – мұрағатшы, жазышы, өлкетанушы», “Абайдың тынымсыз жаны” тақырыбындағы сабақтар, №17 мектепте жазышымен жазысқан хаттары бар П. Кузнецовтың жеке бас текті қоры бойынша Мұхтар Әуезовтың туғанына 110 жыл толуына арналған сабақ, Зайсан қаласы Мұстафин атындағы орта мектептің оқушылары үшін ақын Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығы туралы сабақтар өткізілді. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы №11 орта мектеп оқушыларына «Зырян қаласының тарихы» тақырыбына экскурсия өткізіп, лекция оқыды. Лениногор филиалы Лениногор қаласының атының Риддер болып өзгертілуіне 5 жыл толуына байланысты «Оның атымен біздің қаламыз аталады» мектеп сабаған өткізді.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері үшін мұрағат практикасы өткізіліп, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты», «Оқу залында жұмыс істеу ережелері» лекциялары оқылды, мұрағат ғимаратына саяхат жасалып, жеке бас текті қорлардан құжаттар анықтау және бпасқарма құжаттамаларын каталогтандыру бойынша практикалық сабақтар жүргізілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысып, «Белослюдов Алексей Николаевич - өлкетанудағы сабақтастық», Д.Ф. Черепанов – жазушы, өлкетанушы, журналист», «Сахна ардагерлері – А.Н. Шиляев, А.М. Мерц» хабарламаларын әзірледі.

Глубокое ауданының тамыз педагогикалық конференциясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері секциясында ШҚО мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы облыс мемлекеттік мұрағатының сақтауындағы Б. Гребенщиковтың, О. Бөкеевтің, П. Кузнецовтың, А. Волковтың, Е. Пермитиннің және т.б. жеке бас текті құжаттары туралы баяндама оқыды.

Облыс ЖТҚО-ның мұрағатшылары «Прииртышье» өлкетану қоғамымен бірлесе отырып өткізілген «Ағайынды Белослюдовтар тарихи дәуір тұлғалары. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Семей» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияға өлкетанушылар, Семей қаласы мектептерінің тарих мұғалімдері, СМПИ, Шәкәрім атындағы СМУ оқытушылары мен студенттері, №6 мектеп-гимназияның оқушылары «Семей өлкетануының феномені», «Белослюдовтар – тарихи очерк», «Белослюдовтар мұрағаты Ф.М. Достоевский мұражайының қорында», «В.Н. Белослюдовтың этнография бойынша материалдары балалар дүниетанымы бейнесі ретінде», «Мектептің тарих және қоғамтану курсындағы өлкетану материалдарын зерделеу проблемалары туралы педагогикалық және әдістемелік материалдар», «Ертіс маңында ағайынды Белослюдовтар өмір сүрді», «Белослюдовтар және Абай» баяндамаларын оқыды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаттың құрылуына 25 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Алматы қаласына «Шығыс Қазақстан тарихы шет елдер мұрағаттарының құжаттарында» баяндамасын әзірлеп жіберді.

Облыс мемлекеттік мұрағатының және ЖТҚО-ның мұрағатшылары «Мұрағат мекемелерінің жариялау қызметі: жағдайы мен болашағы» ғылыми-практикалық семинарына қатысты, онда «Жеке қорлар мәдени мұраны зерттеу көздері ретінде», «Никандр Александрович Петровский «Орыс жеке есімдер» сөздігін құрастырушы», Ресей Федерациясы мұрағаттарында анықталған Шығыс Қазақстан бойынша құжаттар жинағын жариялау туралы баяндамаларын оқыды.

Облыс ЖТҚО қызметкерлері №6 мектеп-гимназиядағы Жеңіс Күніне арналған кешке қатысты, онда соғыс ардагерлері құжаттары бар қорлар туралы айтылды. Аса қызықты құжаттар көрсетілді, бұл оқушылар мен ардагерлердің қызығушылығын туғызды. Осы гимназия базасында облыс ЖТҚО қызметкерлері «Сен өз қалаңды білесің бе?» викторинасын өткізді, конкурсқа 100-ден астам жұмыс қойылды, олардың 2 гран-при сыйлығын иеленді.

Семей қалалық орталықтандырылған кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандар күні – 31 мамырға арналған кеш болып өтті, оған мұрағатшылар заңсыз қуғынға түскен жерлестеріміз туралы хабарлама әзірледі және облыс ЖТҚО мұрағатшылары ЭТҚО коллекциясындағы фотосуреттермен көрнекілендірілген Семей қаласының ХІХ-ХХ ғасырлардағы өмірі туралы баяндама жасды.

2007 жылдың қыркүйегінде облыс ЖТҚО-да жазушы, ғалым, азамат М.О. Әуезовтың 110 жылдығына арналаған кеш-портрет өткізілді. Кешке Әуезов атындағы Семей университетінің гумантарлық факультеттерінің студентері, Семей қазақ музыкалық-драмалық театырының әртістері шақырылды. Мұрағатшылар Семей губревкомы, губатқарукомитеті, губерниялық халыққа білім беру құжаттары негізінде Әуезовтың Семейдегі кезеңіндегі (1919-1924 жж.) қызметін бейнелейтін, балалақ шағы, жасөспірім шағы туралы, Әуезовтың қоғамдық әрекеттері туралы құжаттардың маңызын әңгімелеп берді. Театр әртістері М. Әуезовтың “Еңлік-Кебек” пьесасы бойынша спектакілден көрініс көрсетті. Кешті М. Әуезовтың өмірі мен қызметі туралы викторина аяқтады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары» жолкөрсеткісіне қосымша жасау бойынша жұмыстарды аяқталды. Облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарындағы қорларға аңдатпа мен сипаттама редакцияланды. «Шығыс Қазақстан өлкетанушылары» сериясынан – «Михаэлис Евгений Петрович. Туғанына 165 жыл» құжаттар жинағы басылып шықты.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары облыс мұрағаттарынан анықталған «КСРО-дағы аштық. 1932-1933 жылдар» құжаттар жинағы, Сталинградты қорғауға қатысушылар туралы құжаттардың ксерокөшірмелері мен құжаттар тізбесін әзірледі. Шығыс Қазақстан облысы Әкімі үшін облыс мемлекеттік мұрағаты «Шығыс Қазақстан облысының тарихы бүгінгі күн шындығында» ақпаратын дайындады.

Облыс ЖТҚО «Полигон – Семей қасіреті», «М. Әуезов Семейде. Құжаттар сөйлейді» кітапшаларын толықтырды және оны мемлекеттік тілге аударды. Қазақ ССР еңбек сіңірген дәрігері А. Қозбағаровтың 90 жылдығына арналған «Саған өмір сыйлаймын» кітапшасы жариялануға әзірленді.

Облыс мемлекеттік мұрағатының оқу залдарында 1281 зерттеуші жұмыс істеді, 1606 келу болды. Өлкетанушылар, оқытушылар және жоғары оқу орындарының, колледждің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер, жеке адамдар облыс елді мекендерінің тарихы, Жоғары Ертіс қазақтарының тарихы мен этнографиясы, Семей Ертіс өңіріндегі спорттың даму тарихы, Қазақстанның тарихи қалаларының сәулет-шығармашылық ортасы, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, климаттың ландшафт компоненттеріне әсері, ҚР жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы және генезисы, 1917-1941 жылдардағы Қазақстандағы саяси репрессия, Семей қаласындағы Алаш саяси партиясының әркеті, 1921-1922 жылдардағы аштықтың Семей губерниясындағы демографиялық зардаптары және т.б. тақырыптарда жұмыс істеді.

Семей ядролық сынақ полигонындағы әрекеттер салдарынан зардап шеккендерге бірмәртелік ақшалай төлемдер төлеуге байланысты және мүлікті заңдыстыруға орай облыстың мемлекеттік мұрағаттарына Семей ядролық сынақ полигонында тұру фактісін растау туралы және азаматтардың мүлкін заңдастыруды хаттауға арналған құжаттар көшірмесін алу жөніндегі сұраныстар легі өте көбейіп кетті. 2007 жылдың 9 айы ішінде облыс мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 60708 сұраныс түсті, 53507 (Қазақстан азаматтарынан – 47536, ТМД елдерінен – 5971) орындалды: оның 39297 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 19 сұраныс, СІМ-нен тыс 15 сұраныс түсті.

2007 жылдың 9 айында 2023 тақырыптық сұраныс орындалды. Бұл сұраныстар жергілікті атқару органдарының шешімдерінің көшірмелерін беру, жою туралы, заңды тұлғалардың қайта құрылулары мен қайта аталулары, тұрғын объектілерін сату-сатып алу туралы және т.б. туралы.

Сұраныстар легінің көбеюіне байланысты оларды орындау мерзімі 1 айдан 3 айға дейін ұзарып кетті, облыс мемлекеттік мұрағатында директордың бұйрығы бойынша басқа бөлімдердің қызметкерлері жұмыс істеді.

1   2   3



Похожие:

2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2006 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мұрағатшылары 2007 жылға жоспарланған мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін сәтті...
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2008 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2008 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2011 жылғЫ 9 айындағы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің есеп беру кезеңіндегі қызметі «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
ЖылғЫ 9 айындағы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы ШығысҚазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылдың 9 айдың Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдеріін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы