2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon

2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п



Название2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
страница1/3
Дата конвертации09.01.2013
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы

мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы

Е С Е П


Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын, 2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын, 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық басқару» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын, мемлекеттік тілді енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын, ішкі саясат саласындағы іс-шараларды, мұрағат құжаттарын жариялау және басылымдар бойынша іс-шаралар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Алқасының 18.01.2007 ж. шешімін, облыстық әкімдіктің шешімін, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Ақпараттар және мұрағаттар комитетінің бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Басқарма бастығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Алқасының мәжілісіне, ҚР Ақпараттар және мұрағаттар комитетінде облыстық мұрағат қызметі басшыларының мәжілісіне қатысты.

ШҚО Әкімі аппаратымен өзара әрекет аясында ішкі саясат саласындағы мұрағаттар және құжаттама басқармасының жұмыс жоспары жасалды, «электрондық үкімет» қалыптастыру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ШҚО Әкімі аппаратына зерттелген мемлекеттік органдардың ағымдағы процестердің келісілген схемасы жіберілді, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасына электрондық құжатайналым жүйесін (ЭҚЖ) ендіру туралы ақпарат, 2006 жылғы «электрондық басқару» жасау бағдарламасын орындау туралы есеп, 2007-2010 жылдарға арналған «электрондық мұрағат» жасау бағдарламасының жобасы, 2007-2009 жылдарға арналған ШҚО мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленді.

ШҚО Әкімі аппаратына «Азаматтардың сұраныстарын қарау туралы» №1-ОГ есеп формасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды, ШҚО Әкімдігінің 2006 жылдың 04 сәуіріндегі № 580 «2001-2005 жылдарға арналған Мұрағат ісін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша облыс мұрағат ісінің жағдайы және 2006 жылдарға міндеттер туралы» қаулысын орындау туралы ақпарат, басқарманың 2006 жылғы және 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмысы туралы есебі, ҚР Үкіметінің 30.11.2006 жылғы № 1153 “2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту туралы” қаулысын орындау туралы, ИСО 9001-:2000 халықаралық стандартын ендіру бойынша іс шаралар жоспарын орындау туралы тоқсан сайынғы ақпарат, мемлекеттік қызметшілердің сайлау алдындағы кампанияға қатысуы, кадрлық сұрақтар туралы бірқатар ақпараттар ұсынылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті үшін облыс мұрағат мекемелерінің халыққа және мемлекеттік органдарға көрсететін мемлекеттік қызметінің тізбесі, ШҚО мемлекеттік мұрағатының арнайы ғимаратының құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға қажетті, “Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаты” ақпараттық жүйесін жасауға бюджет қаражатын (21 млн. теңге), ШҚО ММ және ШҚО ЖТҚО қорлары базасында “электрондық мұрағат” жасауға қажетті құрал-жабдық алуға (11,5 млн теңге), басқарма қажетіне қажетті автомобиль алуға (3 млн.теңге) бөлу туралы хат, 2008 жылға бюджеттік бағдарлама жобасы әзірленді. Басқарма басшылығы Астана қаласына ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министірілігіне және ҚО мұрағаттар және ақпараттар комитетіне 2008-2010 жылдарға арналған ҚР Мәдениет және ақпараттар Министрлігінің салалық бағдарлама аясындағы инвестициялық жобалар тізбесіне “Өскемен қаласындағы ШҚО мемлекеттік мұрағатының арнайы ғимаратының құрылысы” жобасын ендіру жөнінде іс сапармен барып қайтты, бірақ Республикалық бюджеттік комиссия жобаны бекітпеді, сондықтан бұл мәселе әзірше оң шешімін таппады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

Басқарма басшылығы ШҚО Әкімі Ж.С. Кәрібжановтың халықпен есептік кездесуіне қатысты, кездесуге арнап басқарма қызметі туралы ақпараттық стенд және «Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасы» тақырыбына облыс мемлекеттік мұрағаттары басылымдарының экспозициясы әзірленді. Облыс мемлекеттік мұрағаты кездесудің бейне түсірілімін жасады, бейнесюжет мемлекеттік сақтауға қабылданады.

Басқарма бастығы ҚР ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Тәртіптік кеңесінің мәжілісіне қатысты, ұйымдастыру-әдістемелік және қаржы жұмыстары бөлімінің бастығы және қызметкерлері «Бюджеттің заңның өзгерісіне байланысты бағдарламалар әкімшісі бойынша жергілікті бюджет қаражатының жұмсалу механизмін жетілдіру» облыстық мәжілісіне, құжаттардың мемлекеттік есебі және оларды пайдалану бөлімінің бастығы Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің басқармасы ШҚО прокуратурасы және ШҚО әкімінің аппаратымен бірлесе отырып өткізген “Қазақстан Республикасының “Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы” Заңын жүзеге асыру шаралары туралы” ведомство аралақ конференцияға, басқарма экономисті “Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау” тақырыбы бойынша ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау депаратаменті өткізген семинарға қатысты, басқарма маманы ШҚО Әкімі аппаратының оқу сыныбының базасында “Электрондық үкімет қызметі” курсында оқып, сертификат алды.

Шығыс Қазақстан облыс мемлекеттік органдарындағы МС ИСО-9001-2000 сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесін ендіру бойынша жобаны жүзеге асыру және сертификаттау бойынша ісшаралар жоспарын орындау мақсатында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Қазақстандағы сапаны ұйымдастыру» ЖШМ-мен сертификаттауға сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) әзірлеуде кеңес беру қызметін көрсету үшін 1,5 млн. теңгеге келісім шарт жасасты, осы шартқа сәйкес 2007 жылдың бірінші тоқсанында консалтинг жобасын жүзеге асыру үшін қажетті қор бөлінді, кеңес беру қызметінің бірінші кезеңі өткізілді: іс жүзіндегі СМЖ зерттеу және басқарма қызметкерлерін үйрету, басқарма құжаттамалары жобасын жасау басталды. 2007 жылдың маусымында басқарма бөлімдерінің бастықтары «МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкес ішкі аудиторлар жүйесі менеджментінің сапасын ұйымдастыруды дайындау» семинарында даярлықтан өтті, басқарманың оқыған қызметкеріне сертификат берілді.

2007 жылдың 16 тамызында басқарма бөлімшелерінде МС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестікке ішкі аудит жүргізілді және тіиісті құжаттар хатталды. “Русский регистр” ұйымына сертификациялық тексеру жасауға тапсырыс берілді, тексеруді 2007 жылдың 10-11 қыркүйегінде “Русский регистр” ұйымының сарапшысы Г.Д. Таласбаева жүргізді. Басқарманың менеджмент сапасы жүйесі МС ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес деп танылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 28 ақпанындағы «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» Жолдауын түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асыру мақсатында облыс мұрағат мекемелерінде Жолдауды зерделеу ұйымдастырылды. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихат тобының басшысы ретінде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы халқымен кездесулер өткізді.

Басқарма бастығы және қызметкерлері Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың сайлауы бойынша сайлау алды кампаниялардың өткізілуіне қатысты. Басқармаға Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы бекітіліп берілді. Басқарма бастығы және Құжаттардың мемлекеттік есебі мен пайдалану бөлімінің бастығы сайлау алды кампаниялардың өтуіне бақылау жасау және шет елдік бақылаушыларды апару үшін Зырян қаласына іс сапарлармен барып қайтты.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің құрылымдық сайтын жаңалау үшін «2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары, 2006 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орынау туралы есеп, Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы тоқсан сайынғы орыс және қазақ тіліндегі есептер, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың орындалуы туралы апталық мәлімет, оның ішінде Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтардың сынақ аймағында тұрғаны туралы сұраныстары, «Тарихи тұлғалар» айдарына Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы Құсайын Жаманбаев туралы (туғанына 95 жыл толуына байланысты) мәліметтер тапсырылды.

“Электрондық үкімет” Мемлекеттік бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстан облысында “Электрондық қызмет орталығы (ЭҚО) құрылды, азаматтардың сұрақтары мен арыздарын қабылдауды және жауапты тұлғалардың оларды өңдеуін қамтамасыз ететін электрондық қызмет – виртуальді қабылхана жұмыс істейді. ШҚО мұрағаттар және құжатама басқармасына виртуальді қабылхана арқылы азаматтардан тұруы туралы, марапатталуы туралы және т.б. фактілерді растау туралы 20 сұраныс түсті. Барлық арыздар өңделіп, Заңмен белгіленген мерзімде орындалды.

Қазақстан Республикасы мұрағаттар ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын орындау аясында «Восток-Он-Лайн» ЖШС-мен мемлекеттік және орыс тіліндегі 100 бетке дейінгі көлемдегі «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» web-парағын жасау туралы 325,9 мың теңге сомаға келісім шарт жасалды, облыс мұрағат мекемелерінен сайттың web-парағын жасауға материалдар сұралды. 2007 жылдың сәуір айында сайт ашылды және белсенді жұмыс атқаруда, сайтқа оң пікірлер, оның ішінде шет елдік пайдаланушылардың жағымды пікірлері түсуде. Сайт мемлекеттік органдар сайтына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған: мемлекеттік рәміздер туралы сәліметтер, ШҚО Әкімінінің ресми сайтынна және “электрондық үкіметке” сілдемелер, “Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі”: www.arhiv.vko.gov.kz. электрондық мекен-жайы берілді. Сайтта “Құжаттық мұра”, “Өлкетану”, “Көрмелер мен жарияланымдар”, “Нормативтік-құқықтық база”, “Жеке бас текті қорлар” және т.б. айдарлар бар. Бұл айдарларда БАҚ жарияланған облыс мұрағатшыларының электрондық түрлері, жеке бас текті қорқұраушылар туралы мәліметтер, Шығыс Қазақстан обылсының 2007-2008 жылдарға арналған айтулы күндер күнпарағы, электрондық түрдегі қызметтер туралы мәліметтер, ЭҚО арқылы анықтама алуға қажетті арыздар формалары және т.б. көпшіліктің пайдалануы үшін қызықты болып табылатын материалдар орналастырылады. Басқарма Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының ақпараттық технология бөлімі жариялаған үздік сайт конкурсына қатысуға тапсырыс берді.

Есепті кезеңде мұрағатшылар күшімен Шығыс Қазақстан облысы Әкімі Ж.С. Кәрібжановпен кездесуге, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бас ғимаратының алдындағы Сәрсен Аманжоловқа қойылған ескерткіштің ашылуына, Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында «Соловки» фотокөрмесіне Шығыс Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының Достық үйіндегі Халықаралық демографиялық конференцияға, Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Ертіс жеріндегі із» кешіне, ШҚО Білім беру департаментінің Экспериментальді кеңесінің «Аймақтық құрылымдар» бағдарламасы бойынша басылып шыққан тарих ғылымдарының кандидаты В.И. Деевтің «Жазушылар Григорий Гребенщиков, Александр Волков, Ефим Пермитин Кенді Алтайда» кітабының тұсаукесеріне, Шығыс Қазақстан облыстық мұрағаты мен ШҚО Қазіргі заман құжаттамасы орталығы басып шығарған «1932-1933 жылдардағы қазақ халқының ұлы трагедиясының тарихынан», 1928-1936 жылдардағы Киров (Өскемен) ауданындағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру», «Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (18-20 ғасырлар)», «Шығыс Қазақстан облысының (1920-2002 жылдар) әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтамалық» құжаттар жинағының тұсаукесеріне, «Бізді Кенигсберг жақындатты» соғыс ардагерлерінің кеш-кездесуіне, Өскемен педагогикалық институтының, бүгінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 55 жылдығына арналған, Шемонаиха қаласындағы 15-ші Гребенщиков оқуына, «Аманжолов оқуы» ғылыми-практикалық конференциясына, Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясының Достық үйінде болып өткен «Әр түрлі халықтардың бүгінгі Қазақстандағы ролі» семинарына, «Наурыз күні» көрмесі мен мерекелік бағдарламаға әуесқой суретші ардагер – мұрағатшы С.Я. Семибратовтың картиналар көрмесіне, жазушылар Одағының мүшесі, ақын В.М. Тыцкихтың кітабының тұсаукесеріне, Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының құрылуына 10 жыл толуына арналған конференцияға, Қазақстанның ІІ азаматтық форумына дайындық аясындағы үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумына, Оралхан Бөкеев атындағы көркем оқу шеберлерінің Х-шы облыстық конкурсына бейне түсірімдер жасалды.

Мемлекеттік мұрағат пен облыс ЖТҚО мұрағатшылары «Мұрағат мекемелерінің жариялау әрекеттері: осы күнгі жағдайы мен болашағы» тақырыбындағы Республикалық семинарға қатысты, онда «Никандр Александрович Петровский, «Орыс есімдерінің сөздігін», «Ресей Федерациясы мұрағат мекемелерінде анықталған Семей Ертіс маңы тарихы бойынша құжаттарды пайдалану» баяндамаларын оқыды.

ҚР Ақпараттар мен мұрағаттар комитетіне «2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары», «2006 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп», «2007 жылдың 1 тоқсанының және 1 жартыжылдығының жұмысы туралы есеп», «01.01.2007 ж. жағдайындағы облыс мұрағат мекемелерінде мемлекеттік сақтаудағы мұрағат қорының паспорты», 2007 жылға арналған мұрағат ісі және құжаттама саласындағы ғылыми пробелемаларды қарау бойынша Әдістемелік Кеңес және Кеңес жұмысының жоспарына енгізетін ұсыныстар (Әдістемелік кеңестің қарауына «Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұралар объектілеріне жатқызуға және тарих пен мәдени ескерткіштерінің тізіміне енгізуге жататын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының аңдатпаланған тізбесі», “Ұйымдық-өкімдік құжаттамаларды хаттау бойынша әдістемелік кеңестер”) облыс аумағанда таралған ресейлік кезеңдік басылымдары туралы мәліметтер, Шығыс Қазақстан облысы мұрағат ісін дамыту көрсеткіштерінің 2006 жылғы және 2007 жылғы 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларына салыстырмалы талдау», “КСРО-дағы аштық. 1932-1933 жылдар” құжаттар жинағын әзірлеуге қажетті облыс мұрағат мекемелерінде анықталған мұрағат құжаттарының ксерокөшірмелері жолданды. Кітапхананы толықтыру үшін ШҚО мемлекеттік мұрағатының құжаттары бойынша дайындалған басылымдар жіберілді: “ШҚОММ жеке бас текті қорлары бойынша жолкөрсеткі”, “Олардың аттарымен көшелер аталады”, “Михаэлис Евгений Петрович. Туғанына 165 толуына”, “Шығыс Қазақстанды әкімшілік-аумақтық басқару (ХVІІІ ғасыр – ХХ ғасырдың 30-шы жылдары)”, “Семей облысын әкімшілік-аумақтық басқару тарихы бойынша анықтамалық, 1939-1997 жылдар”.

ҚР құжаттандыру және мұрағат ісі бойынша ғылыми-техникалық ақпарат орталығына «Қазақстан мұрағаттары» ғылыми-практикалық ақпараттық журналға жариялау үшін «Сөз алмасы», «Біздің ақын, солдат, біздің көне шыншылымыз», «Ардақты ана - Мағира» мақалалары жолданды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы құжаттардың Мемлекеттік сақтандыру қорының құрамы мен көлемі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша облыс мұрағат мекемелерінің жұмысы туралы ай сайынғы ақпарат жіберілді.

Мемлекеттік мұрағаттарды жабдықтау саласында 2007 жылдың 9 айы ішінде басқарманың Сараптау-тексеру комиссяисы және ШҚО ЖТҚО СПҒӘК мәжілістерінде басқарма құжаттамаларының 15852 сақтау бірлігі, жеке құрам құжаттарының 10589 сақтау бірлігі, фоноқұжаттардың 6 есеп бірлігі, киноқұжаттардың 25 есеп бірлігі, бейнеқұжаттардың 3 есеп бірлігі, ҒТҚ 65 с.б., жеке бас текті құжаттардың 331 сақтау бірлігі, фотоқұжатардың 151 с.б., ерекше бағалы құжаттардың 236 сақтау бірлігінің тізімдемелері мен ғылыми-анықтамалық аппараты қаралып, бекітілді.

Басқарма құжаттамаларының 2026 сақтау бірлігі, жеке құрам құжаттарының 23 сақтау бірлігі тізімдемелерінің қайта өңдеу қорытындылары бекітілді, басқарма құжаттамаларының 218 сақтау бірлігі, жеке құрам құжаттарының 17 сақтау бірлігі тізімдемелерін жетілдіру қорытындысы, 99813 істі жоюға бөліу туралы акт (олардың 96253 – Риддер қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сараптау комиссиясы іріктеуге бөлген 88339 іс, ГЦВП Риддер бөлімшесі –2212 іс, Жарма аудандық статистика бөлімі – 241 іс) бекітілді.

Облыс мұрағаттар басқармасының СТК мәжілісінде Халық банкінің Шығыс Қазақстан филиалының ведомствалық мұрағатына жауапты тұлғаның есебі тыңдалды, ол бойынша тиісті шешім қабылданды.

21 істер номенклатурасы қаралып, 19 номенклатура бекітілді: Риддер қаласының Шығыс Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының Достық үйі КҚМК; аудандық және оларға теңестірілген соттар; Аягөз аудандық прокуратурасы; Үржар аудандық соты, Семей құқық, бизнес және политехникалық колледжі, Семей аймақтық «Қазақстан Ұлттық банкі» филиалы, Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Курчатов қаласы әкімінің аппараты, Бесқарағай ауданы ауыл шаруашылық және қаржы бөлімдері, Семей қаласының мәдениет бөлімі, Ертіс бассейінінің шараушылық басқармасы, Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Шемонаиха ауданы дене тәрбиесі және спорт бөлімі және т.б.

Әдістемелік сипаттағы сұрақтар қаралды: «ШҚО мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалын тұрақты құжаттармен жабдықтау көздерінің тізімдері», «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатын жеке бас текті құжаттармен жабдықтау көздерінің қосымша тізімі», ШҚО мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалының қорларын санаттандыру бойынша қосымша тізім, ШҚО ММ Лениногор филиалы тапсырған ҚР ҰМҚ құжаттарының аңдатпалы тізбесі, жеке істерді сақтау мерзімі туралы, тұрақты сақтау құжаттарын уақытша пайдалануға беру туралы.

Фотоқұжатты көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспары қаралды және бекітілді: әйгілі жерлестердің мерейтойлы даталарына арналған “Ертіс жеріндегі із”, ШҚО мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалының бірінші әскери-ұшқыш Малдыбаев Жақыпбектің туғанына 100 жыл толуына арналған «Ер есімі – ел есінде» көрмесінің тақырыптық-экспозициялық жоспары, облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалының “Олар Отан үшін соғысты”, Лениногорск қаласының құрметті азаматы, жазушы В.Н. Петровтың 80 жылдығына арналған плакаттың макеті.

27.04.2007 жылғы Мұрағаттар және ақпараттар комитеті Төрағасының №60 “Қазақстан Республикасы қаржы министрілігі жүйесінің ұйымдарындағы, сонымен қатар, Астана, Алматы қалаларының, облыстық маңыздағы аудандар мен қалалардың ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттардың сақталуы жағдайына тексеру жүргізу туралы” бұйрығын жүзеге асыру мақсатында басқарма Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан обылсының аудандары мен қалаларында ҚР Қаржы министрлігі жүйесінің мекемелеріне тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарды. Өскемен қаласы бойынша ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы және мемлекеттік мұрағаты облыстық және қалалақ мекемелерде 9 тексеру жүргізді, анықтамалар жасалды, тексерілген мекемелер басшылары тексеру қорытындысымен таныстырылды. Жиыны облыс бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 70-ке жуық мекемесі тексерілді.

Облыс мемлекеттік мұрағатының дирекция мәжілісінде 2006 жылғы ұжым жұмысының қорытындысы, 2007 жылға арналған міндеттер, істердің бар-жоғы мен физикалық жағдайын тексеру бойынша жұмыс кестесі, мемлекеттік мұрағаттарды жабдықтау көзі, сонымен қатар ҒТҚ-мен жабдықтау көздері болып табылатын заңды тұлғалардың және жеке бас текті құжаттармен жабдықтау көздері болып табылатын жеке тұлғалар тізімімен жұмыс барысы, өрт қауіпсіздігі бойынша жоспардың орындалу барысы, облыс мемлекеттік мұрағаттары мен олардың бөлімшелерінің жұмысының ай сайынғы қорытындысы, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есеп бөлімінің, жинақтау және ведомстволық мұрағаттарға бақылау жасау бөлімінің облыс мұрағаттар басқармасының мемлекеттік мұрағаттың бөлімдерін тексеру барысында анықталған ескертулерді жою бойынша іс шаралар жоспары, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы бойынша анықтамалық тұсаукесерін өткізу жоспары, ШҚО бойынша ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүйесінің мекемелеріне бақылаулы тексеру қорытындылары және т.б. қаралды.

Мұрағаттар басқармасы бастығының, бастық орынбасарының, мұрағат басқармасының мамандары, облыс мемлекеттік мұрағаты және ҚТҚО-ның мұрағатшыларының Астана, Санкт-Петербург, Семей, Күршім, Тарбағатай аудандарына іс сапарлары жасалды.


  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.


2007 жылдың басында облыс мұрағат мекемелерінің ТЖ және АҚ жанындағы әрекет жоспары, кадрлық өзгерістерге байланысты ЕӨД құрамы туралы бұйрық жаңартылды, облыс мемлекеттік мұрағатының қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі ережелері, ТЖ жағдайындағы іс-әрекет бойынша сабақ және жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін жұмыс орнында нұсқаулықтар өткізілді.

Облыс ЖТҚО-да ғимараттың 5 қабатында мұрағат қоймаларындағы өрт сөндіру жүйесін құрау аяқталды.

Крылов көшесіндегі облыс мемлекеттік мұрағат ғимаратында қызметтік бөлмелерді кезекті жөндеу – ақтеу және сырлау аяқталды. Лениногор филиалында кезекті жөндеу жүргізілуде, Семенова, 13 ғимаратындағы өрт вентилі ауыстырылды, Фрунзе көшесі, 44 мұрағат қоймасындағы ағаш стеллаждар алынып, металл стеллаждарға ауыстырылды. Зырян филиалында 2006 жылы бөлінген ғимаратты жөндеу жұмыстары – сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бесқарағай ауданы мемлекеттік мұрағатында 182 226 теңгеге өрт-түтін сигнализациясы орнатылды, Бородулиха және Ұлан ауданы мемлекеттік мұрағатында өртке қарсы дабылдатқыш қойылды.

Облыс мемлекеттік мұрағатының оқу залына бейнебақылау жүйесі орнатылды.

Мұрағаттар және құжаттама басқармасында, облыс мемлекеттік мұрағаты мен облыс ЖТҚО-да құпия іс жүргізуге арналған жеке жай бөлінді, арнайы техника және құрал-жабдықпен жабдықталды.

Мұрағаттардағы су, жылу құбырлары жүйесі мен электрмен жабдықтау желісінің жұмысына үнемі бақылау жасалып тұрады. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін желдету және дымқылдап сүртіп алу арқылы температуралық-ылғалдық режимін оңтайландыру бойынша шаралар, мемлекеттік сақтауға қабылдауда құжаттарды бейімдеу, мұрағат қоймаларын дезинфекциялау, дезинсекциялау атқарылды (арнайы қызметтер көмегімен). Мұрағат қоймаларында 120 817 сақтау бірлігін шаңнан тазарту жүргізілді.

2007 жылдың 9 айы ішінде облыс мұрағат мекемелері қағаз негізіндегі құжаттардың 31617 беті қалпына келтірілді, 9646 сақтау бірлігі тігілді, 1174 іс тізімдемелерімен бірге және 12 газет тігіндісі тігілді; тізімдемелер мен істердің 856 мұқабасы ресімделді.

23 544 сақтау бірлігі картондалды, 2176 қорап қолдан жасалды. Облыс мемлекеттік мұрағаты 3600 ескі жапсырманы ауыстырды, 1144 қорап қайта шифрленді, 8322 бума қалыптастырылды, бастауыш партия ұйымдарының істер тізімдемелерін қалпына келтіру және қайта өңдейден соң 37 122 бет қайта нөмірленді. Өшуге айналған мәтіндерді анықтау мақсатында 292 с.б., партия қорының 21930 беті қаралып, 8701 бет анықталды және олардың 816 беті қалпына келтірілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты ЕБҚ анықтау мақсатында 2007 жылдың 3 тоқсаны ішінде 11763 с.б. қарап шықты (2851 бет бойынша және 8912 іс атауы бойынша), бұлар ШҚО білім беру департаменті, «Рудный Алтай» қоғамдық-саяси газеті, «Востокоблагропромстрой», «Қазақстан жолдары», Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы қорларының, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің тілдер бойынша басқармасының қорларының құжаттары. Тарихи-мәдени мұраға жататын құжаттарды анықтау мақсатында 830 с.б. қаралды (олардың ішінен 345 с.б. бет бойынша, 485 с.б. атау бойынша), бұлар Н.Я. Коншиннің жеке бас текті қоры, қазақстандық өлкетанушы, ғалым, Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің құрылтайшысы, Б.Г. Герасимовтың, бір тума ғалым, онамастика бойынша ірі маман, “Жеке орыс аттарының сөздігінің” авторы Н.О. Петровскийдің жеке бас текті қорларының құжаттары. 187 ерекше бағалы құжат анықталып, 124 тарихи-мәдени мұраға жатқызылды, ЕБҚ анықтау қорытындысы есептік құжаттамаларға енгізілді, тізімдемелерге, істерге, қораптарға “ЕБҚ” белгісі қойылды.

Аягөз филиалы Аягөз аудандық статистика бөлімінің 1114 с.б. қарап шықты, ЕБҚ 1 іс анықталды. Зырян филиалы Болшенарым аудандық статистика бөлімінің 527 с.б. қарап шықты; Лениногор филиалы Халық депутаттарының Шемонаиха аудандық Кеңесі қорының 363 с.б. қарап шықты, ЕБҚ 4 іс анықталды; тарихи-мәдени мұраны анықтау мақсатында осы қордың 808 с.б. қаралды, тарихи-мәдени мұраға 1 құжат жатқызылды.

Облыс ЖТҚО-да ЕБҚ анықтау мақсатында қағаз негіздегі құжаттың 174 ісі қаралды, бұл Семей және Курчатов қалалық мәслихаттардың және Ертіс өзені арқылы көпір құрылысы бойынша Дирекция қорлары, 11 ЕБҚ анықталды. Сонымен қатар, арнайы құжаттары бар қорлар қаралды: 25 с.б. кино-, 10 с.б. фотоқұжаттар, 5 ес.бір. фоноқұжаттар, 3 ес.бір. бейнеқұжаттар.

Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО ЕБҚ-ға сақтандыру қорын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыруда, облыс мемлекеттік мұрағаты лазерлі табақтарға 83 сақтау бірлігін – 3624 бет – 1499 МБ – ШҚ облыстық статистика басқармасының негізгі әрекеттер бойынша жылдық есептерін, Зырян, Уба, Құлынжүн, Алқабек кен басқармаларының, Бұқтырма, Нарым, Күршім рудниктерінің, Ертіс полиметалл комбинатының, «Казолово» кен басқармасының, «Убаредмет», Калбаредмет, «Нарымоловоның», «Алтайзолото», «Маслопром», «Востокмашзавод» тресттерінің, Өскемен және Лениногор нан комбинаттарының, “Алтайшахтострой” және т.б. 1934-1958 жылдардағы құжаттарын лазерлі табаққа түсірді. Облыс ЖТҚО ШҚ облыстық жоспар комиссиясы қорының 225 бетіне сақтандыру қорын жасады.

Жоспарлы түрде құжаттар мен істердің түгенделуі мен физикалық жағдайы тексерілді – 100696 сақтау бірлігі тексерілді. 2006 жылы пайдалануда болған 36335 сақтау бірлігі тексерілді және 3446 істің ішінара санитарлық жағдайы тексерілді (облыс мемлекеттік мұрағаты 1415 іс, облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы 1253 сақ.бір, Жарма филиалы - 784 сақ.бір, Лениногор филиалы – 450 с.б.). Тексеру қорытындысы бойынша актілер жасалып, құжттардың есебі мен және физикалық жағдайы жөніндегі карточка толтырылды. 188 қордың есептік мәліметтері тексерілді: ШҚО мемлекеттік мұрағаты 50 қорға, Аягөз филиалы – 10 қорға, Зайсан филиалы – 18 қорға, Зырян филиалы 2 қорға, аудандық мемлекеттік мұрағаттар 108 қорға.

Сұраныстарды орындау үшін, оқу залында жұмысқа, тізімдемелерді қайта өңдеу үшін, ҒАА жетілдіруге, ЕБҚ анықтауға 890342 сақ.бір., 31198 тізімдеме берілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты уақытша пайдалануға 97 іс берді. Істерді мемлекеттік сақтауға қабылдау кезінде 680 сақ.бір. қайта шифрленді. Оңтайлы орналастыру мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты 66980 сақ.бір., 10775 қораптың орнын ауыстырды. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиал 17 аз пайдаланылатын қорды мөрледі.

Облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттарды анықтауда, мүлікті заңдастыру бойынша азаматтардың сұраныстарын орындау кезінде 21215 беттің көшірмесін жасады, Белослюдов пен Петровскийдің жеке қорынан 371 фото сканерленді, Шығыс Қазақстан облатқару комитетінің 2 сақ.бір., 162 бет (40,2 МБ) сканерленді.

  1   2   3



Похожие:

2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2006 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мұрағатшылары 2007 жылға жоспарланған мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін сәтті...
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2008 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2008 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2011 жылғЫ 9 айындағы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің есеп беру кезеңіндегі қызметі «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
ЖылғЫ 9 айындағы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы ШығысҚазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылдың 9 айдың Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2007 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдеріін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы