2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon

2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п



Название2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Дата конвертации09.01.2013
Размер266.7 Kb.
ТипДокументы
источник

2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы

мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы

Е С Е П


Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының тұжырымдамасын, және 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын, 2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын, жоспары мен бағдарламаларын: «XV-XX Қазақстан тарихы бойынша құжаттардың көшірмесін іздестіру және алу бойынша бағдарламасы», «1994-2010 жылдардағы Шығыс Қазақстан және Семей облысындағы мемлекеттік мұрағаттарында сақталып жатқан Ұлттық мұрағат қорының сақталуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді дамыту және жетілдру», 2007-2010 жылдарға арналған «Мұрағаттық құжаттары мен басылымдардың тақырыптар тізімін», «Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдің қолдану аясының кеңеюі туралы», Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат мекемелеріндегі электрондық мұрағатты құру бойынша іс-шаралар жоспарын, ішкі саясат саласындағы іс-шараларды, ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы «Мемлекеттік тілді мемлекеттік органдарда қолдану аясын кеңейту туралы» Қаулысын, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігінің Алқа шешімдерін облыстық әкімдіктің қаулыларын, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылдың 7 мамырдағы «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағат мекемелерінің кейбір мәселелері» № 65 қаулысының негізінде облыстық мемлекеттік мұрағат және оның бөлімшелері мұрағаттар және құжаттама басқармасынан дербес заңды тұлға ретінде бөлініп, әділет органдарында құқық белгілеуші құжаттарын алып тіркелді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелері мемлекеттік сатып алуларды веб-порталда орналастырып тіркелуі үшін электрондақ қолтаңбаларын алды.

2009 жылға облыстыық мұрағат ісін дамытуға 219.041,0 мың теңге қаражат бөлінді, алайда, қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында облыстық бюджеттің табыс бөлімінің орындалмауына байланысты жыл ішінде 25.871,2 мың теңге қайта алынды.

2009 жылдың ақпанында облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының басшысының қатысуымен 2008 жылдың қорытындылары және 2009 жылына арналған міндеттер бойынша мұрағат мекемелері басшыларының кеңесі өткізілді.

2009 жылдың сәуірінде облыстық мұрағат мекемесінің қызметшілері азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақтау тәртібін, «Тұлғалар ұсыныстарының бірыңғай есебі» Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мәліметтер базасына (ТӨБЕ ААЖ) дұрыс салуды жүзеге асыру аясында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

2009 жылдың мамыр-маусым айларында облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы мұрағат ісі аясындағы сапалы және қол жетімді қызметті көрсетуге бағытталған, мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуы басты мақсат болып табылатын «2010-2014 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының стратегиялық жоспарын» жасады.

ШҚО Әкімі аппараты және облыс мемлекеттік органдарымен басқарма бастығы өзара әрекет аясында облыс Әкіміінң алдында облыс мұрағат қызметінің 2008 жылғы әрекеті туралы және 2009 жылға арналған міндеті туралы есеп берді. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының ішкі саясат саласындағы әрекетінің жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 06 наурызындағы Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспары; облыс мұрағат мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі жасалды, сонымен қатар келесі ақпараттар жолданды: облыстың мұрағат аясындағы проблемалы мәселелері, ШҚО Әкімі сайтына материалдар тапсыру туралы, мемлекеттік тілді іс қағаздарды жүргізуде ендіру туралы, мұрағатшылардың іссапарлары туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы туралы, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында электрондық құжат айналым жүйесін (ЭҚЖ) ендіру туралы, бюджеттік классификация мен жергілікті бюджет коды кесіндісіндегі еңбек ақы қоры бойынша, жергілікті бюджет қаражатын ШҚО мемлекеттік мұрағаттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағыттау туралы, заңды нормативтік-құқықтық актілер мониторингін өткізу туралы, мемлекеттік тілді оқыту туралы, мұрағатшылардың «Қайрымдылық жаса» қайырымдылық марафонына қатысу туралы және басқа ақпараттар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша ШҚО Әкімдігінің 2009 жылдың 29 қазанындағы қаулысымен бекітілген мұрағат құжаттарының құндылығына мемлекеттік сараптама жүргізу бойынша сараптау-тексеру комиссияының құрылу туралы жаңа ереже жасалды.

Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында электрондық қызмет атты виртуалды қабылхана әрекет етуде – мұнда жауапты тұлғалар азаматтардың өтініштерін, сұрақтарын қабылдауды және олардың өңдеуін қамтамасыз етеді. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында 2009 жыл ішінде виртуалды қабылхана арқылы тұрғанын, жұмыс өтілін, еңбек ақыны, марапаттауды және т.б. растау туралы 506 өтініш түсті.

Басқарма басшылығы облыс мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері ҚР қаржы Министрлігі Семей қаласында өткізген мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша семинарға және ШҚО әкім аппараты жүргізген «Мемлекеттік органдарындағы ақпараттық жүйелер» семинар-отырысына, Өскемен қаласы ТЖ басқармасы өткізген 2009 жылға арналған азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттер жөніндегі кеңейтілген мәжіліске қатысты. 2009 жыл ішінде мұрағат мекемелерінің басшыларыының 4 мәжілісі өткізілді, оларда мұрағат қызметі жұмысының, қаржылық қызметтің қорытындысы, әлеуметтік-құқытық сипаттағы сұраныстарды орындау мерзімі, іс жүргізу мен ведомстволық құжат сақтау жағдайына кешенді тексеру қорытындысы, мұрағат мекемелері жұмысын тексеру қорытындысы және т.б. сұрақтар қаралды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 06 наурызындағы Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыстық мұрағат мекемелерінің ұжымдарында Жолдау қағидаларын зерделеу ұйымдастырылған. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихаттау тобының басшысы ретінде Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының елді мекендерінде халықпен кездесу өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сайтының құрылымдық айдарын жаңалау үшін «2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары», «2008 жылдың Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», «2009 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», «2009 жылдың І жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», «2009 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», облыстағы мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісін өткізу туралы ақпарат, облыс мұрағат мекемелерінің жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары және т.б. ұсынылды.

ҚР ақпарат және мұрағаттар Комитетіне «2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары», «2008 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», «2009 жылдың І тоқсанда Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», «2009 жылдың І жарты жылдығында Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», «2009 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», 2009 жылғы 01 қаңтардағы мұрағат мекемелерінде мемлекеттік сақтаудағы мұрағат қорының Паспорты, мемлекеттік мұрағаттардағы тарихи құжаттардың жариялану Ережелері, ҚР ҰМҚ құжаттарын жинақтауды, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру Ережелері, ҚР ҰМҚ аудиовизуалды құжаттарын сақтауды, жинақтауды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру Ережелері жобаларына ұсыныстар, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттардың шет ел мемлекеттердің мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінде тауып алған құжаттардың тізімі және көшірмелері», мұрағат ісін дамыту Бағдарламалары мен 2007-2009 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы құжаттама жүйелерінің орындалуы туралы ақпараттар жіберілді.

Белорусь мәдениет орталығына Ұлы Отан соғысы жылдарында Белорусияны босатуға қатысқан қазақстандықтар, ҰОС жылдарында Шығыс Қазақстан облысына көшірілген белорусшылар туралы мұрағаттық құжаттардың көшірмелері жолданды.

Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінде ақпараттық технологияны ендіру бойынша тәжірибе алмасу және «Архивный фонд» бағдарламалық кешенімен жұмыс мақсатында басқарманың, облыс мемлекеттік мұрағатының және облыс ҚЗТҚ қызметкерлері Алтай өлкесінің барнауыл қаласына Мұрағат қорын сақтау орталығына ісапар жасады.

ШҚО Әкімдігіінң тапсырмасы бойныша 2 ақпараттық баннер жасалып, облыс орталығының көшелеріне орналастырылды.

Мемлекеттік мұрағаттарды жабдықтау саласында 2009 жыл ішінде облыстық басқарманың Сараптау-тексеру комиссиясының және ШҚО ҚТҚО СТҒӘК отырыстарында 14.462 сақтау бірлігі басқарма құжаттамаларының және 47.096 сақтау бірлігі жеке құрам бойынша құжаттардың, 893 сақтау бірлігі жеке бас текті құжаттардың, 436 іс ЕБҚ, 259 ҒТҚ іс, 189 сақтау бірлігі фотоқұжаттардың, 33 с.б., 70 есеп б. бейнеқұжаттар, 25 с.б. киноқұжаттар, 1 с.б., 1 ес.б. фоноқұжаттар, 22 әдістемелік сипаттағы: көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарлары, кітапшалар мекеті, құжаттар жиинағы, лекциялар мен экскурсиялар, мектеп сабақтарының жоспарлары және т.б. бекітілді. ҚР ШҚО бойынша жоғарғы сот жүйесіндегі мекемелердің құжаттарының ведоматволық сақтаудың және құжаттау жағдайының бақылау тексерулерінің қорытындылары қаралды. ҚР Ақпарат және мұрағат комитетіне жиынтық анықтама жолданды.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау масатында жұмыс 2008-2009 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету перспективалық жоспарды орындауға бағытталды. Өскемен қаласы ТЖ басқармасына 2009 жылғы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша есеп жолданды.

Жұмыс жоспарын орындау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттарды тігу, картондау, реставрациялау, өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, құжаттардың бар-жоғын және физикалық жағдайын тексеру, аса құнды құжаттарды анықтау және сақтаныдру қорын жасау, «Электорндық мұрағатқа» арнап құжаттар сканерлеу және мәліметтер базсын толықтыру жұмыстарын атқарды. Облыс мемлекеттік мұрағаты мен облыс ЖТҚО-да «Атаулық каталог», «Облыс мемлекеттік мұрағатын жабдықтау көздері – ұйымдарымен жұмысты есепке алу», «Қор карточкасы», «Мекеме» (жабдықтау көздері мекемелері, ұйымдары, кәсіпорындары туралы мәліметтерді есепке алу туралы), «Корреспонденция» (кіріс-шығыс хат-хабарды есепке алу) деректер базасы жасалды.

Есепті кезеңде құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау, құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жасау жүргізіліп, ұйымдарға, мекемелерге істер номенклатурасын жасауда, СК ережелерін, іс жүргізу бойныша нұсқаулық, елтаңбалы бланкілер жасаудә әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Ұйымдарменжәне мекемелермен істер номенклатурасын келісу, СК, ведомстволық мұрағаттар туралы ережелерді, мемлекеттік емес меншік түрінің ұйымдарымен, мекемелерімен, іс жүргізу және мұрағат ісі саласында өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық туралы келісім шарттар жасалды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты және облыс ҚТҚО өнеркәсіп және құрылыс жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне іс жүргізу қызметінің қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары жүргізілді. Облыстың мемлекеттік мұрағаттары Қазақстан Республикасының Жоғары соты жүйесінің органдарында іс жүргізу және ведомстволық сақтау жағдайына мемлекеттік инспекция жүргізді, ҚР ТЖМ жүйесіінң мекемелеріне бақылаулы тексеру жүргізді.

2009 жыл бойы жеке бас текті құжаттармен, оның ішінде Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) ардагерлерінің жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.

Әдістемелік тұрғыда облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттарды іріктеу, құндылығын сараптау, ғылыми-техникалыө өңдеу және ғылыми-техникалық құжаттамаға ҒАА жасау жөнінде әдістемелік құралдар жасады.

Ақпараттық-іздеу жүйесін жасау саласында басқарма құжаттамаларын, бейне және фотоқұжаттар, жеке бас текті құжаттарды тізімдемелеу, бастауыш партия ұйымдарының істер тізімдемелерін қайта өңдеу, басқарма құжаттамаларын, жеке бас текті құжаттамаларды және ғылыми-техникалық құжаттамаларды каталогтау жұмыстары атқарылды.

2009 жыл ішінде құжаттарды жариялау және пайдалану саласында облыс пен Қазақстан Республикаының айтулы күндері мен әйгілі оқиғаларына арналған құжаттар жинағын әзірлеу, фотоқұжатты көрмелер жасау, мақалалар жаза, ақпараттық құжаттар әзірлеу және т.б. жұмыстар атқарылды.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары дирекцияның мәжілістерінде 2008 жылғы ұжымдардың жұмыс қорытындысы және 2009 жылға қойлған міндеттер, істердің бар жоғы мен физикалық жағдайын тексеру кестесі, облыстық мемлекеттік мұрағаттың құрылым бөлімшелері жұмыстарының айлық қорытындылары, мемлекеттік мұрағаттардың өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарының орындалу барысы қаралды.



  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.


2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттарында сумен, жылумен, электрмен қамту жүйесінің жұмысына бақылау тұрақты жүргізілген. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін 287.061 с.б. мұрағат қоймаларында желдету және дымқылдап сүртіп алу жолымен температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру бойынша ісшаралары, құжаттарды мемлекеттік сақтауда бейімдеу, мұрағат қоймаларын дезинфекциялау, дезинсекциялау шаралары (арнайы қызметтер көмегімен) жүргізілді.

Облыс ҚТҚО-да ғимараттың 3 қабатындағы өрт сөндіру жүйесін монтаждау аяқталды, қолдану мерзімі біткен 16 өрт сөндіруші құралдар алмастырылды, жаңа өрт сөндіргіштер жеңі (6 қабат), ғимараттан шығу үшін хабарлау шамдары және дабыл батырмалары орналастырылды.

Облыс мұрағат мекемелері өрт-күзет дабылдатқышын және газбен өр сөндіру жүйесіне қызмет көрсетуге келісім шарттар жасады. ЕӨД құрамы турады бұйрық жаңаланып, ТЖ кезіндегі әрекеттер бойынша оқу және практикалық сабақ өткізілді.

Облыс мемлекеттік мұрағатының Головков к., 26/1 және Потанин к., 12а ғимараттарында жылу жүйесі жөнделді. Головков көшесіндегі 26/1 ғимаратының кіреберіс жолдары жөнделді. «ШҚ АЭК» АҚ ұйғарымы бойынша Головков 26/1, Крылов 39 мұрағат ғимараттарындағы электр санауыштар электронды электр санауыштарымен алмастырылды.

Горький 33, көшесі бойындағы орналасқан Зырян бөлімшесінің мұрағат қоймасында жылу жүйесі жөнделді. Жарма бөлімшесінің ғимаратында электрлік қазан орнатылуы басталуда.

Бесқарғай, Көкпекті ауданы мемлекеттік мұрағаттарына жайлар бөлінді, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының ғимаратында және облыс мемлекеттік мұрағатының барлық мекемелерінде кезекті жөндеу жұмыстары өткізілді.

2009 жылы облыстық мұрағат мекемелерінің құжаттарының физикалық жағдайын жақсарту мақсатында қағаз негізіндегі құжаттардың 31.442 беті қалпына келтірілді, 12.922 сақтау бірлігі тігілді, 731 іс тізімдемелерімен тігілді, 2.429 істер тізімдемесінің мұқабасы хатталды.

Мұрағат мекемелері 43.837 сақтау бірлігі картондады, 7.791 қорап қолдан жасалды, 5.270 қорап шифрленді, мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында 957 тозған бума ауыстырды, 850 жаңа жапсырма жасалды, 26.747 жаңа бума құрастырды, 26 с.б. түптелді. Облыстық мемелекеттік мұрағат 155.473 бетті қайта нөмірледі, 6398 с.б. қайта картондады, 3728 қорапты шифрледі, қораптарға 98 бума жабыстырды. Облыстық мемелекеттік мұрағат 1.816 өшуге айналған мәтін парағы қалпына келтірілді: «КП(б)К Өскемен қалалық комитеті», «Халық депутаттарының Аягөз қалалық Одағы және оның атқарушы комитеті», «Халық депутаттарының Тарбағатай аудандық Одағы және оның атқарушы комитеті», «Октябрьский» шаруашылық бірлестігі» және т.б.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары ЕБҚ анықтау мақсатында 2009 жылы 6.412 сақтау бірлігін (1.651 іс - бет бойынша, 4.761 іс - тақырып бойынша) қарады: «Белослюдовтардың отбасы қоры», «ВостокАвия» ашық типті акционерлік қоғамы», «Шығыс Қазақстан облысы статистика басқармасының Өскемен қалалық статистика бөлімі», «ҚР қаржы Министрлігінің ШҚО бойынша мемлекеттік меншіктің және жекешелендірудің аумақтық комитеті» және т.б. Облыс ҚТҚО Қазақ ССР еңбек сіңірген дәрігері А. Қозбағаровтың қорынан және басқа қорлардан 17 АҚҚ анықтады. Облыс мемлекеттік мұрағаты 363 аса құнды құжат анықтады, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары АҚҚ 56 бірлігін анықтады. АҚҚ анықтау қорытындысы есептік құжаттарға кіргізді, тізімдемелерге, істерге және қораптарға «АҚҚ» белгісін қойды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ҚТҚО ЕБҚ-ға сақтық қорын жасау бойынша жұмысты жалғастыруда (Көлем ^ 412 с.б., 15791 скан-образ).

Электронды түрде ары қарай сақтау үшін «саяси жер аударылушы, халық еркін білдіруші, Дала өлкесінің зерттеушісі – Коншин Н.Я.», «Прииртышский коммунар» Киров аудандық комитетінің және аудандық атқарушы комитетінің» және «Ударник колхозных полей» Украина МТС-ның Политодел газеттерінің ридакторы – Я.Я.Яунродзиннің», «Белослюдов отбасысы: Алексей Николаевич - өлкетанушы, ұстаз, Борис Алексеевич – зоолог, Қазақстан фаунасының зерттеушісі» жеке қорларының 271 с.б. сканерленді / 46070 скан-бейнесі (4413 Мб), оның ішінде 412 с.б. ЕБ / 15791 скан-бейнесі.

Облыстық мемлекеттік мұрағат Өскемен қаласының казак әскерінің тарихы бойынша РФ мұрағаттарынан тарих ғылымының кандидаты В.И. Петров тапқан құжаттарға пайдалану қорын құру үшін фотопозитивтерді сканерлеу бойынша жұмысты бастауда, 2 464 позитивтері (1824 Мб) электрондық түрге алмастырылды.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттың «Электрондық мұрағатын» толықтыру үшін келесі қорлардың құжаттары сканерленді: «Халық депутаттарының Өскемен қалалық Одағы және оның атқарушы комитеті», сирек бірегей газет тігінділері: «Известия» (1917ж.), «Голос Алтая» (1918ж.), «Усть-Кменогорская жизнь» (1918ж., 1919ж.), «Советская жизнь» (1920ж., 1921ж.), «Советская власть» (1920ж., 1921ж.) барлығы 69 с.б. сканерленді, 19.927 скан-бейнелері құрылды (14.520 Мб). Барлық сканерленген құжаттар «Мұрағат тіркеушісі» деректер базасына енгізілді. Базаға барлығы 122 с.б., 29.027 скан-бейне (с.қ. ЕБҚ) енгізілді. Барлық сканерленген құжаттар «Регистратор архива» деректер базасына кіргізілді. Жиын базаға 489 с.б., 44254 скан-образ (оның шінде АҚҚ) енгізілді. Сканерленгеннен кейін «Өскемен қаласы қалалық халық депуттар кеңесі және оның атқару комитеті» қорының 90 с.б. жекеленіп, мөрленді.

Сонымен қатар, «Яунродзинь Я.Я. – редактор газет политотдела Украинской МТС «Ударник колхозных полей», «Н.Я. Коншин – политический ссыльный, народоволец, видный краевед и исследователь Степного края, учредитель Семипалатинского подотдела ЗСО РГО», Ағайынды Белослюдовтар, Б. Герасимов, В. Мурыгин, Т.Г. Новиков қорларының 385 АҚҚ сканерленгеннен кейін жекеленіп, мөрленді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты кітапша және құжаттар жинағын басу үшін 756 құжаттары мен фотосуреттерін сканирледі, оқу залында жұмыс істеу үшін жеке бас текті құжаттармен жұмыс істеу бойынша және жеке бас текті қорларындағы мұрағатаралық жолсілтемені дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстардың 284 скан-бейнесін сканирледі. Есептік кезең аралығында 10536 беттер сканерленді (әлеуметтік-құқытық сипаттағы сұраныстарды орындау үшін және зерттеушілердің оқу залында жұмыс істеу үшін және т.б.).

2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты құжаттар мен істердің 201.853 с.б. түгендеп, физикалықө жағдайын тексерді. 2008 жылы пайдалануда болған 33794 с.б. және 5 765 істің ішінара санитарлық-биологиялық жағдайы тексерілді. Сонымен қатар, 3830 с.б. фотоқұжаттар, 163 с.б. фоноқұжаттар түгенделіп, жағдайы тексерілді. Тексеру қорытынсы бойныша актілер жасалып, құжаттар есебі мен физикалық жағдайы туралы карточкалар толтырылды. 344 қордың есептік құжаттары салыстырылып тексерілді.

Сұраныстарды орындау, оқу залдарында жұмыс істеу үшін, тізімдемелерді қайта өңдеу, ҒАА жетілдіру, АҚҚ анықтау үшін 2009 жылы мұрағат қоймаларыгнан 416 993 с.б., 18 147 тізімдеме берілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты уақытша пайдалануға 619 іс берді.

Оңтайлы орналастыру мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты мұрайға қоймаларының ішінде 58 195 іс пен 7 537 бума мен қораптың орнын ауыстырды.


Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының мемлекеттік есебі


Есепті кезеңде облыстық мемлекеттік мұрағаты 2008 жылы қор құрамы мен көлеміндегі болған өзгерістер туралы мәлімет, 2009 жылғы 01 қаңтардағы жағдайы бойынша облыстық мұрағат қорының паспортын жасады.

Облыстық мемлекеттік мұрағаты 60 жаңа қор бетін жасады, 123 қор беті жалғастырылды, 10 формадағы 60 қор карточкасы жасалды, түсуді есепке алу кітабына 168 қор, тізімдемелердің тізіліміне 32 жаңа тізімдеме енгізді, облыс мемлекеттік мұрағаты істердің тізімдемелер тізілімінің қайта құруы бойынша жұмысын аяқтады, тізілімге 1190 тізімдеме енгізілді.

Облыстық мемлекеттік мұрағаты АҚҚ тізімдемесінің тізіліміне 1 тізімдемені енгізді, ЕБҚ-ға 1 карточканы арнады. Сондай-ақ істер мен қорап беттеріне белгілер қойылды, 15 қорлардың көрсеткіш карточкалары құрылды, 57 сөрелік және қорлардың типографиялық көрсеткіштердің 153 карточкасы жасалды.

«Мұрағаттық қор» бағдарламалы кешенін құру үшін облыстық мемлекеттік мұрағат 51 қор жөнінде ақпаратты енгізді. Есепті кезеңде 722 қор ісін енгізу бойынша жұмыс; электрондық қор бойынша каталог енгізу (606 қор, 2548 тізімдеме енгізілді) атқарылды, іс тізімдемелеріне 621 қорытынды жазба жасалды, мұрағат қоймаларының паспорты нақтыландырылды, партия ұйымдарынығ істер тізімдемелерінің даналарын салыстырып тексеру бойынша жұмыс аяқталды.


2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.


2009 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттары басқарма құжаттамаларының ^ 13 857 сақ.бір., жеке құрам құжаттарының 31658 ісін, жеке бас текті құжаттарының 1233 сақ.бір., 336 ҒТҚ, киноқұжаттардың 25 сақ.бір., бейне құжаттардың 141сақ.бір., фоноқұжаттардың 27 сақ.бір., фотоқұжаттардың 308 сақ.бір. мемлекеттік сақтауға қабылдады.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты келесі қорлардың жеке құрамының 537 с.б. құжаттарына мақсатты сараптама жүргізді: «Киров аудандық еңбекші депуттар кеңесі және оның атқару комитеті» қоры, «Заульбинка ауылдық халық депуттары кеңесі және оның атқару комитеті», «Киров ауданы еңбек депутаттары кеңесінің атқару комитетінің денсаулық сақтау бөлімі», «Киров ауданы МТС», «Шығыс Қазақстан облтұтынушылар одағының дайындау басқармасы», «ШҚО атқару комитетінің мелиорация және су шаруашылығы басқармасы» және басқалар. Құжаттардың құндылығын сарптау нәтижесінде 224 с.б. жоюға бөлінді.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары есепті кезеңде 7185 тұрақты сақтау ісін, 36 315 жеке құрам істерін, 259 с.б. ҒТҚ, 33 сақ.б., 70 есеп бірлігі бейнеқұжаттарды, 189 фотоқұжаттарды, 1 с.б. 1 ес.б. фоноқұжаттарды, 25 с.б. киноқұжаттарды тәртіпке келтірді.

314 ұйымның: Шығыс Қазақстан облысының барлық меншік нысанындағы облыстық басқарма, сот органдары, прокуратура органдары, қылмыстық-атқарушылық жүйелері және басқа да ұйымдарға істер номенклатурасын, СК туралы ережені, ісқағаздарды жүргізу бойынша нұсқауды, фирмалық бланктерді әзірлеу бойынша, ғылыми-техникалық құжаттарды өңдеу бойынша облыстық мемлекеттік мұрағат құжаттаманы басқару және ведомстволық мұрағаттар қызметінің жұмысшыларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетті.

Істің 331 номенклатурасына сәйкес: «Курчатов қаласының ТЖ бойынша бөлімі», «Семей қаласының әділет басқармасы», «ШҚО бойынша № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы» Курчатов бөлімшесі», «ШҚО бойынша № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы» Семей бөлімшесі», «ТЖ бойынша Семей қ. бөлімі», «Облыстық балалар үйі Шульбинск кенті», Семей көлік прокуратурасы, № 23 жалпы білім беру орта мектебі, 156/19 ОВ мекемесі, 156/15 ОВ мекемесі және т.б. олардың: 22 – құпиялық, 7 – «ҚПҚ» белгісімен, 114 – мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Сараптау комиссиялары құрылды, 42 ұйымның ведомстволық мұрағаттарында ведомстволық мұрағат туралы ереже бекітілді, 20 ұйымға ҰӨҚ бланкілері.

Кәсіпорындар мен ұйымдарға ведомстволық сақтау мерзімі өткен аудио-бейне және басқарма құжаттырын реттеу және мемлекеттік сақтауға беру қажеттігі туралы 77 хат жасалды, сонымен бірге, ғылыми техникалық құжаттамаларын мемлекеттік сақтауға беру қажеттігі туралы 12 хат жасалды.

Мемлекеттік емес меншік нысанындағы 70 ұйыммен мұрағат ісі және іс қағаздар жүргізу аясындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық жөніндегі шарттар жасалып, ұзартылды.

Облыстық мемлекеттік мұрағат жинақтау көздерінің тізімін нақтылау бойынша жұмысты жалғастыруда, осыған байланысты ұйымдармен істеліп жатқан жұмысты есепке алу карточкалары қайта құрылып, бақылаудағы істер тұрақты толықтырылуда.

Облыстық мемлекеттік мұрағат есептік кезеңде басқармалық қызметті және ведомстволық мұрағаттардың жұмысын құжаттандырудың негізгі мәселелері қарастырылған құрылыс және өндірістік ұйымдарының ісқағаздарын жүргізуші және мұрағат қызметі жұмысшыларының біліктілігін көтеру курстарын өткізді, 10 ұйымның тындаушылары қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификат берілді.

ШҚО мәслихаты аппаратының құжаттамалық қызмет қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «ҚР мемлекеттік ұйымдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың негізгі ережелеріне сәйкес құжаттар хаттау» семинары өткізілді. Семинарға 11 адам қатысты.

Аягөз аудандық мұрағаты Аягөз ауданындағы әділет басқармасы мамандарына «Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелері» тақырыбына семинар өткізілді. Риддер қ. даму орталығында өткен Лениногор бөлімшесінің қызметкерлері «Ісқағаздарды жүргізуде мемлекеттік тілді пайдалану» тақырыбы семинарына қатысты, семинарда істердің номенклатурасын құру және ҰӨҚ ресімдеу мәселелері бойынша дәріс оқылды.

Облыстық ҚЗТҚО «Семей бизнес-коледжі» ҚМКК-да, Семей гарнизоны әскери сотында, радиаиялық медицина және экология ғылыми зерттеу институтында, «Семей қ. жедел жәрдем көрсету ауруханасында» сақтауды ұйымдастыру және құжаттарды пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Есепті кезеңде облыстың мемлекеттік мұрағат облыстық әкім аппаратының ведомстволық мұрағатындағы құжаттарды сақтау және жай-күйін тексеру бойынша ШҚО әкім аппараты комиссиясының жұмысына қатысты.

2009 жыл ішінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар Комитеті Төрағасының 2008 жылдың 11 желтоқсандағы № 132 бұйрығын орындау үшін және «Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жүйесіндегі ұйымдарда, сонымен қатар облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, аудандар мен облыстық мәне бар қалалардың соттарында іс жүргізудің және құжаттарды сақтаудың жай-күйіне тексеру жүргізу бағдарламасына» сәйкес Жоғарғы соттар жүйесінің 38 ұйымына мемлекеттік тексеру жүргізілді. ҚР ТЖ Министрлігі жүйесінің ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайына кешенді тексеру жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді жою туралы 8 ақпарат жасалды.

Семей қаласы телекоммуникация қалалық дирекциясында, СПИДпен күрес орталығында, сервис колледжінже (5) құжаттандыру және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша тақырыптық тексеру жүргізілді.

2009 жылы жеке құрамның орналасқан орны туралы мәліметтер жинау бойынша жұмыстар басталды.

Есепті кезеңде облыстық мемлекеттік мұрағаты ШҚО маслихатының хатшысы, Қаз.КСР ағартушылығының озаты, КСРО құрылуының озаты В.И. Ахаевтің жеке бас текті құжаттары бар тұлғалармен ұйымдастырушылық жұмысы өткізілген және оның 60 жылдығына арналған жеке құжаттары, суреттері, марапаттаулары, мақалалары бар 2 диск мемлекеттік сақтауға қабылданған. Журналист, академиялық бағыттағы музыкалық оқиғаларды көрсету аясындағы «Рудный Алтай» газетінің штаттан тыс тілшісі Н.И. Мельниковамен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде – «Время, пером сохранённое» кітабын, қол жазбаларды, мақалаларды, суреттерді, тақпақтар жинағын, «Как многое вместили годы» қол жазбасын, жеке құжаттарды, хаттарды мемлекеттік сақтауға берді.

Есепті тоқсанда облыстық мемлекеттік мұрағаты 27 бейнетүсіру өткізілді: «Геологические проблемы трансграничных территорий» және «След на Иртышской земле» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы, В.Н. Изранцованың «В поисках истины и красоты» фоторобот көрмесі, облыстық маслихаттың кеңейтілген сессиясындағы Шығыс Қазақстан облысының әкімі А.С. Бергеневтің есебі, облыстық әкім аппаратының басшысының қатысуымен «Облыстық мұрағат мекемелерінің 2008 жылдағы мұрағат ісінің дамуының жоспарлы көрсеткіштерін орындау және 2009 жылға арналған міндеттері туралы» облыстық мұрағат мекемелері басшыларының отырысы, А. Лаптаевтің «Акбаур. Дни равноденствия» атты фильмінің тұсаукесері, «Тарих және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік аптасы аясында «Конфессияаралық келісімі және оның жастарға ықпалы» конференциясы, «Х. Нүкейұлының Қазақ тарихының құпия құбылысты алтын ғасырлар көрмесі» кітаптары мен суреттерінің көрмесі, «Қазақстан өнеркәсіпшілерінің Қазақстанды дамыту мәселесі жөніндегі» Республикалық форум, Абай Құнанбаев және А.С. Пушкин ескерткіштерінің салтанатты ашылуы, Роллан Сейсенбаев және Марфуга Айткажина қазақстан жазушыларымен кездесулер, «Шығыс Қазақстанға көшу (1941-1943ж.ж.)» көрмесі, «Жаңа толқын жазушысы» - ақын, драматург, әдебиеттанушы, аудармашы Әуезхан Қодармен шығармашылық кездесу, А.А. Аубакировтың картиналар вернисажы, музыканттық 60 жылдығына арналған И.О. Дурновоның есептік концерті, ҰОС ардагері А.Ф. Кимасовтың әскери жылдары, жеке өмірі туралы әңгімесі; «Шекаралық ынтымақтастық жағдайында: Қазақстан халықтары Ассамблеясының тәжірибесі және даму болашағы» мәдениет аралық диалогы.


^ 3. Ақпараттық-іздеу жүесін құру,

ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалалану


2009 жылы мемлекеттік мұрағат Лениногорск қаласының құрметті азаматы, Қазақ КСР – ның халқысының қайраткері П.С. Тихоновскаяның, (171 с.б.) ғалым, Қазақ ССР және КСРО халық ағарту ісінің үздігі К.О. Бітібаеваның (31 с.б.) өлкетанушы С.Н. Герасимовтың (71 с.б.), Социалистік еңбек Батыры Ж. Шулембаевтің, Социалистік еңбек батыры М.А. Жанжигитованың, ҰОС қатысушысы М. Аманкуловтың, Социалистік еңбек батыры және өлкетанушы В.Т. Шуваевтың (42 с.б.), барлығы 893 с.б. жеке бас текті қорының құжаттары тізімдемеленген. Сонымен қатар бейнеқұжаттардың 33 с.б./76 ж.б., 308 фотоқұжаттар, 7185 басқарма құжаттамалары, жеке құрам бойынша 36315.

Жеке құрам бойынша істер тізімдемелерін қалпына келтіру нәтижесінде облыс мемлекеттік мұрағаты «Эталон» Өскемен зауытының, №5, №7, №8 тамақтандыру комбинаттары мен №9 шарауашылық есептің, жойылған орта мектептердің, Крупская атындағы мектеп-интернаттың, №3 орта мектептің біріктірілген қорларының 1372 с.б. тізімдемеледі. Фоноқұжаттарға істерді тізімдемелерін қалпына келтіру нәтижесінде 26 с.б./34 ес.б. тізімдемеленді.

Аягөз бөлімшесі «Аягөз астық» (216 с.б.), «Аягөз көлігі» АҚ (281 с.б.) және «Ақ-бота» АҚ (жеке құрам бойынша 61 с.б.) қорының, Зайсан бөлімшесі «Зайсан аудандық қаржы бөлімі», «Айнабұлақ ауыл округі», «Біржан ауыл округі» (нег.қыз 909 с.б., жеке құрам бойынша 171 с.б.) қорларының жеке құрам бойынша істер тізімдемелерінің жетілдірілуі өткізді.

Облыстық мемлекеттік мұрағаты Өскемен қаласының Октябрь (3962 с.б.), Үлбі (2375 с.б.) және Шемонайха ауданы (237 с.б.) бастауыш партия ұйымдарының қорларын қайта өңдеді. Жұмыс үдерісінде істер құндылығының полистік сараптамасы жүргізіліп, істер атаулары редакцияланды.

Жарма бөлімшесі «Халық депутаттарының Георгиев ауылы Одағы және оның атқарушы комитеті» 1889 с.б. қорының тізімдемесін қайта өндеді.

Облыстық мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы АҚҚ жағдайы және есепке алу карточкаларымен жұмыс жасады, 20 қордың карточкаларына өзгертулер енгізілді.

Есептік кезеңде «Халық депутаттарының Өскемен қалалық Кеңесі және оның атқару комитеті», Қазақстан компартиясының Ленин аудандық комитеті, Семей қаласының тері және тон бірлестігі, Зырян қорғасын комбинаты, Зайсан аудандық маслихаты қорлар құжаттарын каталогтауды жүргізу барысында 2.301 с.б. қаралып шықты және 2.241 карточка жасалды, КСРО журналистер Одағының мүшесі, «Свобода» халықаралық радиосының тілшісі, ҰОС қатысушысы М.Ш. Мусиннің, «Восток» әдеби-көркемжурналының бас редакторы, КСРО журналистер Одағының мүшесі Р.К. Қорабаевтің, КСРО журналистер одағының мүшелері мен Азаматтық соғысқа қатысушылардың еске алу жинақтарының қорлар құжаттарын каталогтауды жүргізу барысында 214 с.б. қаралып шықты және 241 карточка жасалды. Сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының жерге орналастыру шаруашылығы бойынша құжаттар жинағы» қорының ҒТҚ 80 с.б. (80 карточка) каталогталды. Карточкалар каталогқа енгізілді. Нәтижесінде «Вечерка», «Ленинская правда» газеттерінің тақырыптық әзірленіміне қорлар құжаттарын каталогтау барысында 210 карточка жасалды, оларға 469 позиция енгізілді.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттар есептік кезеңде 75 мақаланы әзірлеп даярлады: «Редактор, журналист, писатель» П.П. Бажова жазушысының 130 жылдығына, «Господин учитель» Г.Г. Новиков Өскемен қаласының ақсақал мұғалімінің 120 жылдығына, аудандағы халық санағын жүргізу тарихына арналған «Всю жизнь науке посвятив», «Улицы города Зыряновск», «Живи тысячу лет, Кутиха», «Полувековая история Алтайской ЛОС», «Сколько нас и какие мы» - география ғалымының кондидаты, КСРО озаты К.И. Попованың 90 жылдығына, ҰОС ардагерлерінің жеке бас текті қорлар туралы «Чтобы помнили», ҚР Конституция күніне арнайы «Ата Заным – Асыл Заным» және т.б. «П.А. Ивлев» жеке бас текті қорының құжаттары бойынша «Адалдыққа ант» хабарлама әзірленді (Кеңес Одағының Батыры Т. ТОхтаровтың қалыңдығы К. Тілеубаеваның естеліктері).

Тың және кең жерлердің игерілуінің 55 жылдығына, Ф.М. Достоевскиидің Семей қаласында болуының 155 жылдығына, Жумат Шаниннің өмірі мен шығармашылығына, «Алаш» партия мүшесіне арнайы «Қазақстанның мұрағаттары» журналына 5 мақала жолданды.

Мұрағатшылар, Семей қаласының ет консервлеу комбинатының 75 жылдығана, Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығана, Семей қаласының Абай атындағы музыкалық драматикалық театрының 75 жылдығана, П.П. Бажова жазушысының 130 жылдығына, «За большевистские колхозы» атты Зайсан ауданы газетінің бірінші нөмірінің шығуының 65 жылдығына, кеңестің атақты ақыны П. Васильевтің 100 жылдығына, Лениногорск қаласының маслихат-жиналысындағы алғаш сайлауының 15 жылдығына, «Горняк в соревновании» газетінің шығуының 80 жылыдғына және т.б. арнайы 28 мүдделі ұйымдарына бастаушы-ақпараттық құжаттарын әзірлеп жолдады.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары 25 фотоқұжатты көрме әзірленді: «Они были первыми» Н.Я. Коншинға және Семей бөлімшелер мүшелеріне, «Семей қаласы тарихының беттері», «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығына», тілші, Қазақ КСР озаты Е.К. Тұрлыбаевтің 80 жылдығына, «Ертіс жеріндегі із» атты көрме география ғалымының кондидаты, КСРО озаты К.И. Попованың 90 жылдығына, «Я винован, что я невинен, только в этом вся моя вина» саяси қуын-сүргін құрбандардың еске алу күніне, «Горняк в соревновании» газет бетіндегі Риддердің өмірі» газетінің шығуының 80 жылыдғына, арналған және «Жанарбек Шуленбаев – Социалистік Еңбек Батыры» көрмесі.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары «ҰОС майданында шайқасқан және тылда жұмыс істеген комсомолшылар-семейліктер», «Құжаттар сөйлейді», «Өскемен қаласының адамдары және уақыттары» тақырыптарына бейнефильмін көрумен мектеп пәндері жүргізілді.

Орта мектеп оқушыларына 1944 жылдары Аягөз қаласындағы польша мектебінің, қазақ мектеп-гимназиясының және қазақ лицейінің ашылуы жөнінде шолу экскурсиялары өткізілді, және № 6 мектеп-гимназиясы мұражайының өлкетанушылар мүшелеріне мұрағат бойынша 5 экскурсия және Зырян қаласының тарихы бойынша 2 дәріс өткізілді.

Семей қаласы әкімінің есепті кездесуінде «Семей қаласы тарихының беттері» фотоқұжаттық көрмесі дайындалған.

Жылдық Белослюдовтік оқуларында «Н.Я. Коншин – мұрағатшы, өлкетанушы, таихшы» тақырыбымен Семей қаласының мұрағатшысы баяндамасын жасады. Географиялық ғылым кондидаты К.И. Попованың естелігіне арналған «Трансшекаралық аумақтардың геоэкологиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «К.И. Попованың өмір жолы және шығармашылық мұрасы» және «В.А. Обручевтің әкесі өлкетанушы Борис Герасимовқа арналған хаттары», «Қазақстандағы және белгілі аумақтардағы этнодемографиялық үрдістер», «Метрикалық кітаптар тарихи көздер ретінде» баяндамаларын жасады.

ҚЗТҚО директоры саяси қуын-сүргін құрбандардың еске алу күніне орай «ҚЗТҚО құжаттары бойынша қуын-сүргіннің саясаты» баяндамасымен конференцияға қатысты. Конференцияға сондай-ақ Алаш партияның қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлер – Марсековтың, Қозбағаровтың және т.б. туыстары қатысты.

«Қазіргі замандағы түркі-татарлар – тарихы, осы заман, даму жолдары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚЗТҚО 2 баяндаманы ұсынды: «Құжаттар айтады...» - Семейдің татар диаспорасы өкілдерінің жеке бас текті құжаттары туралы, «Семей Ертісі өңірінің татарларының өмірі мен қызмет беттері».

Зайсан бөлімшесі саяси қуын-сүргін құрбандардың еске алу күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Облыстың мемлекеттік мұрағаты 2009 жылдың мерейгерлеріне арналған «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кездесуіне қатысқан.

Зырян филиалы Г.Г. Вяткин суретшісі және Зырян қаласының Ленин комсомол атындағы мектеп жөнінде 2 кітапша дайындады. Лениногор филиалы «Лениногорск қаласының Кеңес Одағының Батыры» жинағының жоспар-проспектісін дайындады.

2009 жылы облыс ҚТҚО мұрағатшылары «Доброе утро» бағдарламасында Семей қаласындағы және өлкетану жарияланымдардағы типографиялық істердің тарихы туралы бағдарламалар, СТР арнасында саяси қуын-сүргін құрбандардың еске алу күніне орай мұрағатта сақталып жатқан, қуғын сүргінге ұшыраған жерлестер туралы құжаттар әзірледі. Зырян бөлімшесі жергілікті «Алва» телеарнасында Зырян бөлімшесінің қызметі жайлы 3 телебағдарлама өткізді. Эфир арқылы бөлімше директоры мемлекеттік тілде жүзеге асырылатын мұрағаттық құжаттар және азаматтарды қабылдау жөніндегі сюжеттерді көрсете отырып, құжаттардың мемлекеттік сақтауға уақытылы тапсыру, қойылған талаптарға сәйкес құжаттандыру, мемлекеттік тілді енгізу және мекемелерде ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде және Зырян қ. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет көрсету туралы ұйымдар мен мекемелерге жолықты.

Облыстың мемлекеттік мұрағаты Г.Н. Пуссеп ақының «Достар кездесуі» шығармашылық кездесуіне қатысты. Өлкетанушылық оқулар орталық қалалық кітапханада өтті, осында ҚЗТҚ орталығының археографы бірегей олжа жөнінде айтып берді, бұл өзі жасаған Ш. Құдайбердіұлының фотосы.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 593 зерттеуші жұмыс істеді, 1261 адам келді. Өлкетанушылар, оқытушылар және жоғары оқу орындарының, колледжінің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер, жеке адамдар облыс елді мекендерінің, ұйымдар мен кәсіпорындардың тарихы, әйгілі жерлестеріміз – жазушылардың ғалымдардың, туған өлке тарихшыларының өмірі мен қызметі, қырғыз миссиясының тарихы, саяси қуғын-сүргін туралы құжаттары, «Алаш» партиясының тарихы, Алматы темір жолының құрылысы және т.б. тақырыптарда жұмыс істеді.

2009 жыл ішінде облыс мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы ^ 51624 сұраныс түсті, оның 49.566 (Қазақстан азаматтарынан – 42934, ТМД елдерінен – 6632) орындалды: оның 41669 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 59 сұраныс.

2009 жылы 1525 тақырыптық сұраныс орындалды. Бұл сұраныстар жергілікті атқару органдарының шешімдерінің көшірмелерін беру, жою туралы, заңды тұлғалардың қайта құрылулары мен қайта аталулары, тұрғын объектілерін сату-сатып алу туралы және т.б. туралы.

2009 жылдың наурызында облыс мемлекеттік мұрағаттарында «Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мұрағат анықтамаларын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» қызметі енгізілген. Облыс мемлекеттік мұрағатына 7 сұраынс түсіп, орындалды.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ісшаралар жоспары және 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісінің 65 жылдығына арналған жоспарлар жасалды.


^ 4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадарлар біліктілігін көтеру. Ұжымды әлеуметтік дамыту.


2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы аппарат әкімінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының электрондық құжатайналым жүйесіндегі ЭҚБЖ (электрондық құжатайналымның бірыңғай жүйесі) жұмысы жалғасуда, «Шығыс Қазақстан облысы электрондық мұрағаты» (2 кезен) бағдарламалық-аппараттық кешенін дамыту мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізу үшін конкурстық құжаттама жасалды, мемлекеттік мұрағаттарда мұрағаттық үдерістердің компьютерленуі жалғастырылуда.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарында кәсіподақ ұйымының жұмысы, ұжымдық келісім шартын орындау жөнінде 2008 жылдың қорытынды жиналысы өткізілді. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастағы дирекция мәжілістері мен жиналыстарын өткізді. Жоспарға сәйкес өндірістік оқу мен мемлекеттік тіл сабақтары жүргізілді.

“Мұрағат ісі және іс жүргізу” мамандықтары бойынша ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыс мемлекеттік мұрағатының және оның Зырян, Зайсан, Глубокое және Көкпекті аудандық мұрағаттарының қызметкерлері колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытылуда.

Жұмыссыздық пен кедейлікті қысқарту, мүгедектерді қолдау бойынша облыстық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында “Қайырымдылық жасау” атты облыстық қайырымдылық марафоны шегінде ауқаты төмен азаматтарды қорғау қорына мұрағатшылар жеке қаражатынан ақша аударды. Облыстың мұрағатшылары 1941-1945ж.ж. ҰОС жылдары жұмыс істеген мұрағатшыларға ақшалай көмек көрсетті.

2010 жылға газеттер мен журналдарға жазылу өткізілді. Облыстың мұрағатшылары аумақтарды абаттандыру бойынша сембіліктерге белсенді қатысты.

Облыс мұрағат мекемелері ұжымдарында Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз, Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі, ҚР Конституция, ҚР Тәуелсіздігі күндеріне арналған тақырыптық кештер өткізілді.


ШҚО мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы А.А. Аубакиров


Орын. Сүлейменова А.

Тел. 8(7232) 263160



Похожие:

2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2006 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мұрағатшылары 2007 жылға жоспарланған мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін сәтті...
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2008 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2008 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылдың 9 айдың Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2011 жылғы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің есеп беру кезеңіндегі қызметі «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Жылғы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2011 жылғЫ 9 айындағы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысының мұрағат мекемелерінің есеп беру кезеңіндегі қызметі «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
ЖылғЫ 9 айындағы шығыс қазақстан облысында мұРАҒат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2010 жылғы 1 жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысында мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысында мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы