2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon

2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п



Название2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Дата конвертации09.01.2013
Размер373.15 Kb.
ТипДокументы
источник

2009 жылдың І жарты жылдықта  Шығыс Қазақстан облысындағы

мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы

Е С Е П

 

         Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының тұжырымдамасын, 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын, 2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын, жоспары мен бағдарламаларын: «XV-XX Қазақстан тарихы бойынша құжаттардың көшірмесін іздестіру және алу бойынша бағдарламасы», «1994-2010 жылдардағы Шығыс Қазақстан және Семей облысындағы мемлекеттік мұрағаттарында сақталып жатқан Ұлттық мұрағат қорының сақталуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді дамыту және жетілдру», «Мұрағаттық құжаттары мен басылымдардың тақырыптар тізімі», «Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдің қолдану аясының кеңеюі туралы», 2007-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат мекемелеріндегі электрондық мұрағатты құру бойынша іс-шаралар жоспарын, ішкі саясат саласындағы іс-шараларды, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Алқасының шешімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын,  Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бұйрықтарын,  орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды. 

         Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылдың 7 мамырдағы «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағат мекемелерінің кейбір мәселелері» № 65 қаулысының негізінде облыстық мемлекеттік мұрағат және оның бөлімшелері мұрағаттар және құжаттама басқармасынан дербес заңды тұлға ретінде бөлініп, әділет органдарында құқық белгілеуші құжаттарын алып тіркелді.

2009 жылдың ақпанында облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының басшысының қатысуымен 2008 жылдың қорытындылары және 2009 жылына арналған міндеттер бойынша мұрағат мекемелері басшыларының кеңесі өткізілді.

2009 жылдың сәуірінде облыстық мұрағат мекемесінің қызметшілері азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақтау тәртібін, «Тұлғалар ұсыныстарының бірыңғай есебі» Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мәліметтер базасына (ТӨБЕ ААЖ) дұрыс салуды жүзеге асыру аясында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

2009 жылдың мамыр-маусым айларында облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы мұрағат ісі аясындағы сапалы және қол жетімді қызметті көрсетуге бағытталған, мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуы басты мақсат болып табылатын «2010-2012 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының стратегиялық жоспарын» жасады.

ШҚО Әкімі аппаратымен және облыстың мемлекеттік органдарымен өзара әрекет аясында ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының ішкі саясат саласындағы әрекетінің жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 06 наурызындағы Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспары; облыс мұрағат мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі жасалды, сонымен қатар келесі ақпараттар жолданды: облыстың мұрағат аясындағы проблемалы мәселелері, ШҚО Әкімі сайтына материалдар тапсыру туралы, мемлекеттік тілді іс жүргізуге ендіру туралы, мұрағатшылардың іссапарлары туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы туралы, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында электрондық құжат айналым жүйесін (ЭҚЖ) ендіру туралы, бюджеттік классификация мен жергілікті бюджет коды кесіндісіндегі еңбек ақы қоры бойынша, жергілікті бюджет қаражатын ШҚО мемлекеттік мұрағаттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағыттау туралы, заңды нормативтік-құқықтық актілер мониторингін өткізу туралы, мемлекеттік тілді оқыту туралы, мұрағатшылардың «Қайрымдылық жаса» қайырымдылық марафонына қатысу туралы және басқа ақпараттар.

ШҚО әкімдігінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік мұрағат 2 ақпараттық баннерді жасап облыстың орталық көшелеріне орналастырды.

Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында электрондық қызмет атты виртуалды қабылхана әрекет етуде – мұнда жауапты тұлғалар азаматтардың өтініштерін, сұрақтарын қабылдауды және олардың өңдеуін қамтамасыз етеді. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында 2009 жылдың 1 жарты жылдық  ішінде виртуалды қабылхана арқылы тұрғанын, жұмыс өтілін, еңбек ақыны, марапаттауды және т.б.  растау туралы 208 өтініш түсті, 182 өңделіп, Заңмен белгіленген мерзімде орындалды, 26 орындалуда.

Басқарма басшылығы ҚР қаржы Министрлігі өткізген мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша семинарға қатысты (Семей қ.).

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 06 наурызындағы Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыстық мұрағат мекемелерінің ұжымдарында Жолдау қағидаларын зерделеу ұйымдастырылған. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихаттау тобының басшысы ретінде Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының елді мекендерінде халықпен кездесу өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сайтының құрылымдық айдарын жаңалау үшін «2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары», «2009 жылдың І тоқсанында Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі, облыстағы мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісін өткізу туралы ақпарат және т.б. ұсынылды.

2009 жылдың 1 жарты жылдық ішінде «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» web-сайты белсенді жұмыс істеді, онда облыс мұрағат мекемелерінің қызметтері туралы материалдар, облыстық мемлекеттік мұрағаттарының 2008 жылғы жұмыс қорытындылары туралы, мұрағат мекемелерінің басшыларымен облыстық кеңесті өткізу туралы және т.б. ақпараттар орналастырылды.

ҚР ақпарат және мұрағаттар Комитетіне «2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары»,                 «2008 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», «2009 жылдың І тоқсанда Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есебі», 2009 жылғы 01 қаңтардағы мұрағат мекемелерінде мемлекеттік сақтаудағы мұрағат қорының Паспорты, мемлекеттік мұрағаттардағы тарихи құжаттардың жариялану Ережелері, ҚР ҰМҚ құжаттарын жинақтауды, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру Ережелері, ҚР ҰМҚ аудиовизуалды құжаттарын сақтауды, жинақтауды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастыру Ережелері жобаларына ұсыныстар жіберілді. 

Мемлекеттік мұрағаттарды жабдықтау саласында 2009 жылдың                           1 жарты жылдығында облыстық басқарманың Сараптау-тексеру комиссиясының және ШҚО ҚТҚО СТҒӘК отырыстарында 8.232 сақтау бірлігі басқарма құжаттамаларының және 32.092 сақтау бірлігі жеке құрам бойынша құжаттардың, 519 сақтау бірлігі жеке бас текті құжаттардың, 233 іс ЕБҚ, 75 ҒТҚ іс 150 фотонегативтердің, 58 сақтау бірлігі фотоқұжаттардың, 11 сақтау бірлігі 16 жою бірлігі бейнефоноқұжаттардың, 20 сақтау бірлігі 45 жою бірлігі бейнеқұжаттардың 1 сақтау бірлігі 1 жою бірлігі тізімдемелерін қайта өңдеу қорытындысы және оларға ҒАА қаралып, бекітілді.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары дирекцияның мәжілістерінде                   2008 жылға арналған ұжымдардың жұмыс қорытындысы және 2009 жылға қойлған міндеттер, істердің бар жоғы мен физикалық жағдайын тексеру кестесі, мемлекеттік мұрағаттардың  өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарының орындалу барысы қаралды.

 

 

^ 1.     Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.

 

2009 жылдың 1 жарты жылдығында облыс мемлекеттік мұрағаттарында сумен, жылумен, электрмен қамту жүйесінің жұмысына бақылау тұрақты жүргізілген. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін 133.496 с.б. мұрағат қоймаларында желдету және дымқылдап сүртіп алу жолымен температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру бойынша ісшаралары, құжаттарды мемлекеттік сақтауда бейімдеу, мұрағат қоймаларын дезинфекциялау, дезинсекциялау шаралары (арнайы қызметтер көмегімен) жүргізілді.

     Облыс ҚТҚО-да ғимараттың 3 қабатындағы өрт сөндіру жүйесін монтаждау аяқталды, қолдану мерзімі біткен 16 өрт сөндіруші құралдар алмастырылды.

     Облыс мемлекеттік мұрағатының Головкова көшесіндегі                                     26/1 ғимаратындағы мұрағат қоймаларының жылу жүйесі жөнделді. «ШҚ АЭК» АҚ ұйғарымы бойынша Головкова 26/1, Крылова 39 мұрағат ғимараттарындағы электр санауыштар электронды электр санауыштарымен алмастырылды. Горьков 33 көшесі бойындағы орналасқан Зырян бөлімшесінің мұрағат қоймасында жылу жүйесі жөнделді. Жарма бөлімшесінің ғимаратында электрлік қазан орнатылуы басталуда. Қардың көп мөлшерде жаууына байланысты су басуды алдын алу мақсатында облыстық мұрағат мекемелері ғимаратының баспанасы қардан тазартылды.

Есептік кезеңде мұрағат мекемелері құжаттарды жаңғырту, тігу, картондау, өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, қағаз және таспа түріндегі құжаттардың бар жоғын және физикалық жағдайын тексеру, ерекше құнды құжаттарды табу және оларға сақтандыру қорын құру, «Электрондық мұрағатқа» енгізу үшін құжаттарды сканерлеу бойынша жұмыстарын жүргізді.

     2009 жылдың 1 жарты жылдығында облыстық мұрағат мекемелерінің құжаттарының физикалық жағдайын жақсарту мақсатында қағаз негізіндегі құжаттардың 23.728 беті қалпына келтірілді, 8.348 сақтау бірлігі тігілді,                  479 іс тізімдемелерімен тігілді, 335 істер тізімдемесінің мұқабасы хатталды.

Мұрағат мекемелері 27.945 сақтау бірлігі  картондады, 7.791 қорап қолдан жасалды, 5.270 қорап шифрленді, облыстық мемлекекттік мұрағаты, Жарма, Зырян және Зайсан бөлімшелері құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында 4.355 с.б. шифрледі, 527 тозған бума ауыстырды, 851 жаңа бума құрастырды, 1.312 байламдар құрылды, 26 с.б. қапсырмады, 16.350 түбіршекті жабыстырды. Облысытқ мемелекеттік мұрағат 63.776 бетті қайта нөмірледі, 2.123 с.б. қайта картондады, 336 қорапты шифрледі, қораптарға 98 бума жабыстырды. Облысытқ мемелекеттік мұрағат 914 өшуге айналған мәтін парағы қалпына келтірілді: «КП(б)К Өскемен қалалық комитеті», «Халық депутаттарының Аягөз қалалық Одағы және оның атқарушы комитеті»,  «Халық депутаттарының Тарбағатай аудандық Одағы және оның атқарушы комитеті», «Октябрьский» шаруашылық бірлестігі» және т.б.

         ЕБҚ анықтау мақсатында 2009 жылдың 1 жарты жылдығында қорларының 6.412 сақтау бірлігі (1.651 іс - бет бойынша, 4.7 іс - тақырып бойынша) қаралды: «Белослюдовтардың отбасы қоры», «Восток Азия» ашық типті акционерлік қоғамы», «Шығыс Қазақстан облысы статистика басқармасының Өскемен қалалық статистика бөлімі», «ҚР қаржы Министрлігінің ШҚО бойынша мемлекеттік меншіктің және жекешелендірудің аумақтық комитеті» және т.б. Облыс мемлекеттік мұрағат 224 ерекше бағалы құжат анықтады, облыстық Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы Қаз.КСР еңбегі сінген дәрігері Қозбағшаровтың қорында 17 ерекше бағалы құжат анықтады, ЕБҚ анықтау қорытындысы есептік құжаттарға кіргізді, тізімдемелерге, істерге және қораптарға «ЕБҚ» белгісін қойды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ҚТҚО ЕБҚ-ға сақтық қорын жасау бойынша жұмысты жалғастыруда. Көлем 16 с.б., 5.542 бетті құрды.

Электронды түрде  ары қарай  сақтау үшін «саяси жер аударылушы, халық еркін білдіруші, Дала өлкесінің зерттеушісі – Коншин Н.Я.», «Прииртышский коммунар» Киров аудандық комитетінің және аудандық атқарушы комитетінің» және «Ударник колхозных полей» Украина МТС-ның Политодел газеттерінің ридакторы – Я.Я.Яунродзиннің» жеке қорларының 54 с.б. сканирленді / 1941 скан-бейнесі (1.489 Мб), оның ішінде 44 с.б. ЕБ / 1.914 скан-бейнесі.

          Облыстық мемлекеттік мұрағат Өскемен қаласының казак әскерінің тарихы бойынша РФ мұрағаттарынан тарих ғылымының кандидаты                В.И. Петров тапқан құжаттарға пайдалану қорын құру үшін фотопозитивтерді сканерлеу бойынша жұмысты бастауда, 1.200 позитивтері электрондық түрге алмастырылды.

         2009 жылдың 1 жарты жылдығында облыстық мемлекеттік мұрағаты құжаттар  мен істердің бар-жоғын және физикалық жағдайын – 134.561 сақтау бірлігі тексерді. Сонымен қатар 2008 жылдағы қолданыста болған істердің 33.794 с.б. және 5.565 істің санитарлы-биологиялық жағдайын тексерді: облыстық мемлекеттік мұрағаты – 1.752 с.б., Жарма филиалы – 715 с.б., Зырян бөлімшесі – 1329 с.б. Зайсан бөлімшесі – 1.769. Тексерулер қорытындысы бойынша құжаттардың есебі мен физикалық жағдайы карточкасы мен актілер толтырылды. 76 қордың есептік құжаттарына салыстырылмалы тексеру жүргізілді: ШҚО мемлекеттік мұрағаты – 25 қорға, Аягөз бөлімшесі – 7 қорға, Зайсан бөлімшесі – 10 қорға, Зырян бөлімшесі – 9 қорға, Лениногор бөлімшесі – 25 қорға.

         Сұраныстарды орныдау, оқу залында жұмыс істеу, тізімдемелерді қайта өңдеу, ҒАА жетілдіру үшін мұрағат қоймаларынан 2009 жылдың 1 жарты жылдығы ішінде 219.967 сақтау бірлігі, 25.143 іс тізімдемелерімен берілді. Облыстық мемлекеттік мұрағаты уақытша пайдалануға 135 іс берді.                  

Оңтайлы орналастыру мақсатында мемлекеттік мұрағаттар қоймаларында 45.145 сақтау бірлігінің орны ауыстырылды.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттың «Электрондық мұрағатын» толықтыру үшін келесі қорлардың құжаттары сканерленді: «Халық депутаттарының Өскемен қалалық Одағы және оның атқарушы комитеті», сирек бірегей газет тігінділері: «Известия» (1917ж.), «Голос Алтая» (1918ж.), «Усть-Кменогорская жизнь» (1918ж., 1919ж.), «Советская жизнь» (1920ж., 1921ж.), барлығы 52 с.б. сканерленді, 14.824 скан-бейнелері құрылды (11.922 Мб). Барлық сканерленген құжаттар «Мұрағат тіркеушісі» деректер базасына енгізілді. Базаға барлығы 206 с.б., 26.357 скан-бейне (с.қ. ЕБҚ) енгізілді.

«Қордың карточкасы», «Мекеме» (жинақтау көздерін – ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар туралы мағұлматтарды есепке алу үшін), «Хат-хабар» (кіріс және шығыс құжаттарды есепке алу үшін) деректер базалары жасалды. 

Облыс мемлекеттік мұрағаты кітапша және құжаттар жинағын басу үшін 252 құжаттары мен фотосуреттерін сканирледі, оқу залында жұмыс істеу үшін жеке бас текті құжаттармен жұмыс істеу бойынша және жеке бас текті қорларындағы мұрағатаралық жолсілтемені дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстардың 284 скан-бейнесін сканирледі. Есептік кезең аралығында 5.477 беттер сканерленді (әлеуметтік-құқытық сипаттағы сұраныстарды орындау үшін және зерттеушілердің оқу залында жұмыс істеу үшін және т.б.).

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2008-2009 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігін қамтамасыз теу бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес газдық өртті сөндіру жүйесін, өрттен қорғану сигнализациясы бойынша қызмет көрсету үшін облыстық мемлекеттік мұрағат «Востокспецсистема» ЖШС – мен шартқа отырды. 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының мемлекеттік есебі

 

         Есепті кезеңде облыстық мемлекеттік мұрағаты 2008 жылы қор құрамы мен көлеміндегі болған өзгерістер туралы мәлімет, 2009 жылғы 01 қаңтардағы жағдайы бойынша облыстық мұрағат қорының паспортын жасады. 

         Облыстық м࠵ࡸࡶࡪࡴࡪࢄࢄࢬࡴ@ॸࡢࢀॠࠦࡠࢄ࢖@fr@࡬ॠࡆࡠŀ࠶ࡼࢀ@ࡢࡪࢄࢬࡺ@࡬ࡠࢂࡠࡨ࢖X@fjŀ࠶ࡼࢀ@ࡢࡪࢄࢬ@࡬ࡠॶࠦࡠࢂࢄ࢖ࢀ࢖ࡶࡨ࢖X@bŠ࠶\@hh@ࡴࡠࢀࢄࡼࢎࡴࡠ@࡬ࡠࢂࡠࡶࡨ࢖X@঄࡞ࢂࢆࡨࢬ@ࡪࢂࡪࡾࡴࡪ@ࡠࡶࢆ@ࡴࢬࢄࡠࡢ࢖ࡺࡠ@hnŀ࠶ࡼࢀX@ࡪࢂࡪࡾ@ࡴࢬࢄࡠࡢ࢖ࡺࡠ@@fd@࡬ॠࡆࡠ@ࢄࢬ࡮ࢬࡸࡨࡪࡸࡪ@@ࡪࡺࡦࢬ࡮ࡨࢬX@ࢂࡼࡺ࢖ࡸࡪࡺŀ࠶ࡠࢄࡠࢀ@ࢬࢂࢄࡪࢀࡨবࡆ@ࢄࢬ࡮ࢬࡸࡨࡪࡸࡪࡶࡪࢀ@ࢄࢬ࡮ࢬࡶࢬࡸࢬࡺবࡆŀ࠶ࡠࡲࢄࡠŀशࡢࢀࢆ࢖@ࡢࡼࡲ࢖ࡺ࢐ࡠ@६ࡢࡸ࢖ࢂ࢖ࡺ@ࡠঞशтады, тізілімге 1190 тізімдеме енгізілді.

         Облыстық мемлекеттік мұрағаты ЕБҚ тізімдемесінің тізіліміне                          1 тізімдемені енгізді, ЕБҚ-ға 1 карточканы арнады. Сондай-ақ істер мен қорап беттеріне белгілер қойылды, 15 қорлардың көрсеткіш карточкалары құрылды, 57 сөрелік және қорлардың типографиялық көрсеткіштердің 153 карточкасы жасалды.

         «Мұрағаттық қор» бағдарламалы кешенін құру үшін облыстық мемлекеттік мұрағат және Лениногор бөлімшесі 15 қорлар (0,02 мб) жөнінде ақпаратты енгізді, Жарма және Лениногор бөлімшелері «Мұрағаттық қорға»            9 қор бойынша өзгерістерді енгізді. Облыстық мемлекеттік мұрағат электрондық қор каталогына 8 қор, 169 тізімдеме ісіне қорытынды жазбалары енгізілді.

 

 

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.

 

         2009 жылдың 1 жарты жылдығында облыс мемлекеттік мұрағаттары басқарма құжаттамаларының ^ 6.674 сақ.бір., жеке құрам құжаттарының 14.700 ісін, жеке бас текті құжаттарының 331 сақ.бір., бейне құжаттардың 6 сақ.бір., фоноқұжаттардың 27 сақ.бір., фотоқұжаттардың 208 сақ.бір. мемлекеттік сақтауға қабылдады.

         Жеке құрам бойынша құжаттардың 348 сақ.бір.сараптама жүргізілді

         Облыстық мемлекеттік мұрағаттары есепті кезеңде 6.931 тұрақты сақтау ісін, 12.902 жеке құрам істерін тәртіпке келтірді. 

307 ұйымның: Шығыс Қазақстан облысының барлық меншік нысанындағы облыстық басқарма, сот органдары, прокуратура органдары, қылмыстық-атқарушылық жүйелері және басқа да ұйымдарға істер номенклатурасын, СК туралы ережені, ісқағаздарды жүргізу бойынша нұсқауды, фирмалық бланктерді әзірлеу бойынша, ғылыми-техникалық құжаттарды өңдеу бойынша облыстық мемлекеттік мұрағат құжаттаманы басқару және ведомстволық мұрағаттар қызметінің жұмысшыларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетті.

         Істің 282 номенклатурасына сәйкес: «Курчатов қаласының ТЖ бойынша бөлімі», «Семей қаласының әділет басқармасы», «ШҚО бойынша № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы» Курчатов бөлімшесі», «ШҚО бойынша № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы» Семей бөлімшесі», «ТЖ бойынша Семей қ. бөлімі», «Облыстық балалар үйі Шульбинск кенті», Семей көлік прокуратурасы, № 23 жалпы білім беру орта мектебі, 156/19 ОВ мекемесі, 156/15 ОВ мекемесі және т.б. олардың: 20 – құпиялық, 7 – «ҚПҚ» белгісімен,  97 – мемлекеттік және орыс тілдерінде.

     Есепті кезеңде мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың 134 істер номенклатурасы өңделді (11- құпиялы, 1- «ҚПҚ» белгісімен).

     Сараптау комиссиялары құрылды, 42 ұйымның ведомстволық мұрағаттарында ведомстволық мұрағат туралы ереже бекітілді, 20 ұйымға ҰӨҚ бланкілері.

         Мемлекеттік емес меншік нысанындағы 64 ұйыммен мұрағат ісі және іс қағаздар жүргізу аясындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық жөніндегі шарттар жасалып, ұзартылды.

         Облыстық мемлекеттік мұрағат жинақтау көздерінің тізімін нақтылау бойынша жұмысты жалғастыруда, осыған байланысты ұйымдармен істеліп жатқан жұмысты есепке алу карточкалары қайта құрылып, бақылаудағы істер тұрақты толықтырылуда.

Облыстық мемлекеттік мұрағат 2009 жылдың 1 жарты жылдығында басқармалық қызметті және ведомстволық мұрағаттардың жұмысын  құжаттандырудың негізгі мәселелері қарастырылған құрылыс және өндірістік ұйымдарының ісқағаздарын жүргізуші және мұрағат қызметі жұмысшыларының біліктілігін көтеру курстарын өткізді, 10 ұйымның тындаушылары қатысты.

Аягөз бөлімшесі Аягөз ауданындағы әділет басқармасы мамандарына  «Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелері» тақырыбына семинар өткізілді. Риддер қ. даму орталығында өткен Лениногор бөлімшесінің қызметкерлері «Ісқағаздарды жүргізуде мемлекеттік тілді пайдалану» тақырыбы семинарына қатысты, семинарда істердің номенклатурасын құру және ҰӨҚ ресімдеу мәселелері бойынша дәріс оқылды.

Облыстық ҚЗТҚО «Семей бизнес-коледжі» ҚМКК-да, Семей гарнизоны әскери сотында сақтауды ұйымдастыру және құжаттарды пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Есепті кезеңде облыстың мемлекеттік мұрағат облыстық әкім аппаратының ведомстволық мұрағатындағы құжаттарды сақтау және жай-күйін тексеру бойынша ШҚО әкім аппараты комиссиясының жұмысына қатысты.

2009 жылдың І жарты жылдығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар Комитеті Төрағасының 2008 жылдың 11 желтоқсандағы № 132 бұйрығын орындау үшін және «Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жүйесіндегі ұйымдарда, сонымен қатар облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, аудандар мен облыстық мәне бар қалалардың соттарында іс жүргізудің және құжаттарды сақтаудың жай-күйіне тексеру жүргізу бағдарламасына» сәйкес Жоғарғы соттар жүйесінің ұйымдарының мемлекеттік тексеру басталды.

Есепті тоқсанда облыстық мемлекеттік мұрағаты ШҚО маслихатының хатшысы, Қаз.КСР ағартушылығының озаты, КСРО құрылуының озаты В.И. Ахаевтің жеке бас текті құжаттары бар тұлғалармен ұйымдастырушылық жұмысы өткізілген және оның 60 жылдығына арналған жеке құжаттары, суреттері, марапаттаулары, мақалалары бар 2 диск мемлекеттік сақтауға қабылданған. Журналист, академиялық бағыттағы музыкалық оқиғаларды көрсету аясындағы «Рудный Алтай» газетінің штаттан тыс тілшісі Н.И. Мельниковамен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде – «Время, пером сохранённое» кітабын, қол жазбаларды, мақалаларды, суреттерді, тақпақтар жинағын, «Как многое вместили годы» қол жазбасын, жеке құжаттарды, хаттарды мемлекеттік сақтауға берді. 

Жинақтау көздер тізімін нақтылау бойынша жұмыстар басталуда, ұйымдармен жұмыстардың есеп карточкалары қайта құрылуда және бақыланып жатқан істер тұрақты толықтырылуда.

Есепті тоқсанда облыстық мемлекеттік мұрағаты 13 бейнетүсіру өткізілді: «Геологические проблемы трансграничных территорий» және «След на Иртышской земле» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы (2 видеотүсірме), В.Н. Изранцованың «В поисках истины и красоты» фоторобот көрмесі, облыстық маслихаттың кеңейтілген сессиясындағы Шығыс Қазақстан облысының әкімі А.С. Бергеневтің есебі, облыстық әкім аппаратының басшысының қатысуымен «Облыстық мұрағат мекемелерінің 2008 жылдағы мұрағат ісінің дамуының жоспарлы көрсеткіштерін орындау және 2009 жылға арналған міндеттері туралы» облыстық мұрағат мекемелері басшыларының отырысы, А. Лаптаевтің «Акбаур. Дни равноденствия» атты фильмінің тұсаукесері, «Тарих және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік аптасы аясында «Конфессияаралық келісімі және оның жастарға ықпалы» конференциясы, «Х. Нүкейұлының Қазақ тарихының құпия құбылысты алтын ғасырлар көрмесі» кітаптары мен суреттерінің көрмесі.

      

^ 3. Ақпараттық-іздеу жүесін құру,

ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалалану

 

     2009  жылдың 1 жарты жылдығында облыстық мемлекеттік мұрағат Лениногорск қаласының құрметті азаматы, Қазақ КСР – ның халқысының қайраткері П.С. Тихоновскаяның, ғалым, өлкетанушы С.Н. Герасимовтың, Социалистік еңбек Батыры Ж. Шулембаевтің, Социалистік еңбек батыры М.А. Жанжигитованың, ҰОС қатысушысы М. Аманкуловтың, Социалистік еңбек батыры және өлкетанушы В.Т. Шуваевтың, барлығы 531 с.б. жеке бас текті қорының құжаттары тізімдемеленген.   

Мұрағат мекемелері 7.993 с.б. басқарма құжаттамаларын, 1.652 с.б. жеке құрам бойынша құжаттарды, 75 с.б. ҒТҚ, 62 с.б. бейнеқұжаттарды, 243 с.б. фотоқұжаттарды, 1 с.б. фоноқұжаттарды тізімдемеледі.

Аягөз бөлімшесі «Аягөз астық» (216 с.б.) және «Ақ-бота» АҚ (жеке құрам бойынша 61 с.б.) қорының, Зайсан бөлімшесі «Зайсан аудандық қаржы бөлімі», «Айнабұлақ ауыл округі», «Біржан ауыл округі» (нег.қыз 909 с.б., жеке құрам бойынша 171 с.б.) қорларының жеке құрам бойынша істер тізімдемелерінің жетілдірілуі өткізді.

Облыстық мемлекеттік мұрағаты  Өскемен қаласының Октябрь  (1.125 с.б.),  Үлбі (975 с.б.) және Шемонайха ауданы (237 с.б.) бастауыш партия ұйымдарының қорларын қайта өңдеді. Жұмыс үдерісінде істер құндылығының полистік сараптамасы жүргізіліп, істер атаулары редакцияланды. Жарма бөлімшесі «Халық депутаттарының Георгиев ауылы Одағы және оның атқарушы комитеті» 1889 с.б. қорының тізімдемесін қайта өндеді.

Облыстық мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы ЕБҚ жағдайы және есепке алу карточкаларымен жұмыс жасады, 20 қордың карточкаларына өзгертулер енгізілді.

Есептік кезеңде «Халық депутаттарының Өскемен қалалық Кеңесі және оның атқару комитеті», Қазақстан компартиясының Ленин аудандық комитеті, Семей қаласының  тері және тон бірлестігі, Зырян қорғасын комбинаты, Зайсан аудандық маслихаты қорлар құжаттарын каталогтауды жүргізу барысында 1.888 с.б. қаралып шықты және 2.248 карточка жасалды, КСРО журналистер Одағының мүшесі, «Свобода» халықаралық радиосының тілшісі, ҰОС қатысушысы М.Ш. Мусиннің, КСРО журналистер Одағының мүшесі Р.К. Қорабаевтің қорлар құжаттарын каталогтауды жүргізу барысында 214 с.б. қаралып шықты және 241 карточка жасалды, «Жеке бас текті құжаттардың коллекциясы» қорының фотоқұжаттары 26 карточканы құрды. Нәтижесінде «Вечерка», «Ленинская правда» газеттерінің тақырыптық әзірленіміне қорлар құжаттарын каталогтау барысында 140 карточка жасалды.

Тың және кең жерлердің игерілуінің 55 жылдығына, Ф.М. Достоевскиидің Семей қаласында болуының 155 жылдығына, Жумат Шаниннің өмірі мен шығармашылығына, «Алаш» партия мүшесіне арнайы «Қазақстанның мұрағаттары» журналына 3 мақала жолданды.

Мұрағатшылар, Семей қаласының етконсервлеу комбинатының 75 жылдығана, Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығана, Семей қаласының Абай атындағы музыкалық драматикалық театрының 75 жылдығана, П.П. Бажова жазушысының 130 жылдығына, «За большевистские колхозы» атты Зайсан ауданы газетінің бірінші нөмірінің шығуының 65 жылдығына, Лениногорск қаласының маслихат-жиналысындағы алғаш сайлауының 15 жылдығына, «Горняк в соревновании» газетінің шығуының 80 жылыдғына және т.б. арнайы 22 мүдделі ұйымдарына бастаушы-ақпараттық құжаттарын әзірлеп жолдады.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары 5 фотоқұжатты көрме әзірленді: «Олар бірінші болған» Н.Я. Коншинға және Семей бөлімшелер мүшелеріне арналған, тілші, Қазақ КСР озаты Е.К. Тұрлыбаевтің 80 жылдығына, «След на Иртышской земле» - география ғалымының кондидаты, КСРО озаты К.И. Попованың 90 жылдығына, «Я винован, что я невинен, только в этом вся моя вина» саяси қуын-сүргін құрбандардың еске алу күніне, «Горняк в соревновании» газет бетіндегі Риддердің өмірі» газетінің шығуының 80 жылыдғына.

«ҰОС майданында шайқасқан және тылда жұмыс істеген комсомолшылар-семейліктер», «Өскемен қаласының адамдары және уақыттары» тақырыптарына бейнефильмін көрумен мектеп пәндері жүргізілді.

Орта мектеп оқушыларына және № 6 мектеп-гимназиясы мұражайының өлкетанушылар мүшелеріне мұрағат бойынша 5 экскурсия және Зырян қаласының тарихы бойынша 2 дәріс өткізілді.

Семей қаласы әкімінің есепті кездесуінде «Семей қаласы тарихының беттері» фотоқұжаттық көрмесі дайындалған.

Жылдық Белослюдовтік оқуларында «Н.Я. Коншин – мұрағатшы, өлкетанушы, таихшы» тақырыбымен Семей қаласының мұрағатшысы баяндамасын жасады. Географиялық ғылым кондидаты К.И. Попованың естелігіне арналған «Трансшекаралық аумақтардың геоэкологиялық проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «К.И. Попованың өмір жолы және шығармашылық мұрасы» және «В.А. Обручевтің әкесі өлкетанушы Борис Герасимовқа арналған хаттары», «Қазақстандағы және белгілі аумақтардағы этнодемографиялық үрдістер», «Метрикалық кітаптар тарихи көздер ретінде» баяндамаларын жасады.

ҚЗТҚО директоры саяси қуын-сүргін құрбандардың еске алу күніне орай «ҚЗТҚО құжаттары бойынша қуын-сүргіннің саясаты» баяндамасымен конференцияға қатысты. Конференцияға сондай-ақ Алаш партияның қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлер – Марсековтың, Қозбағаровтың және т.б. туыстары қатысты.

«Қазіргі замандағы түркі-татарлар – тарихы, осы заман, даму жолдары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚЗТҚО 2 баяндаманы ұсынды: «Құжаттар айтады...» - Семейдің татар диаспорасы өкілдерінің жеке бас текті құжаттары туралы, «Семей Ертісі өңірінің татарларының өмірі мен қызмет беттері».

Зайсан бөлімшесі саяси қуын-сүргін құрбандардың еске алу күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Облыстың мемлекеттік мұрағаты 2009 жылдың мерейгерлеріне арналған «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кездесуіне қатысқан.

Зырян филиалы Г.Г. Вяткин суретшісі және Зырян қаласының Ленин комсомол атындағы мектеп жөнінде 2 кітапша дайындады. Лениногор филиалы «Лениногорск қаласының Кеңес Одағының Батыры» жинағының жоспар-проспектісін дайындады.

2009 жылдың 1 жарты жылдығында облыс ҚТҚО мұрағатшылары «Доброе утро» бағдарламасында Семей қаласындағы және өлкетану жарияланымдардағы типографиялық істердің тарихы туралы бағдарламалар, СТР арнасында саяси қуын-сүргін құрбандардың еске алу күніне орай мұрағатта сақталып жатқан, қуғын сүргінге ұшыраған жерлестер туралы құжаттар әзірледі. Облыстық мемлекеттік мұрағат «Қазақстан-Өскемен» телеарнасымен бірлесіп мұрағат ісінің озаты, Қазақ КСР мәдениетінің еңбегі сінген қызметкері, жазушы-өлкетанушы С.Е. Черныхқа арналған телебағдарлама дайындады.

Зырян бөлімшесі жергілікті «Алва» телеарнасында Зырян бөлімшесінің қызметі жайлы 3 телебағдарлама өткізді. Эфир арқылы бөлімше директоры мемлекеттік тілде жүзеге асырылатын мұрағаттық құжаттар және азаматтарды қабылдау жөніндегі сюжеттерді көрсете отырып, құжаттардың мемлекеттік сақтауға уақытылы тапсыру, қойылған талаптарға сәйкес құжаттандыру, мемлекеттік тілді енгізу және мекемелерде ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде және Зырян қ. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет көрсету туралы ұйымдар мен мекемелерге жолықты.

Облыстың мемлекеттік мұрағаты Г.Н. Пуссеп ақының «Достар кездесуі» шығармашылық кездесуіне қатысты. Өлкетанушылық оқулар орталық қалалық кітапханада өтті, осында ҚЗТҚ орталығының археографы бірегей олжа жөнінде айтып берді, бұл өзі жасаған Ш. Құдайбердіұлының фотосы.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 321 зерттеуші жұмыс істеді, 614 адам келді. Өлкетанушылар, оқытушылар және жоғары оқу орындарының, колледжінің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер, жеке адамдар облыс елді мекендерінің, ұйымдар мен кәсіпорындардың тарихы, әйгілі жерлестеріміз – жазушылардың ғалымдардың, туған өлке тарихшыларының  өмірі мен қызметі, қырғыз миссиясының тарихы, саяси қуғын-сүргін туралы құжаттары, «Алаш» партиясының тарихы, Алматы темір жолының құрылысы және т.б. тақырыптарда жұмыс істеді.

2009 жылдың 1 жарты жылдық ішінде облыс мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 25.789 сұраныс түсті, оның 25.090 (Қазақстан азаматтарынан – 20.625, ТМД елдерінен – 4465) орындалды: оның 20.224 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 29 сұраныс.

2009 жылдың 1 жарты жылдықта  663  тақырыптық сұраныс орындалды. Бұл сұраныстар жергілікті атқару органдарының шешімдерінің көшірмелерін беру, жою туралы, заңды тұлғалардың қайта құрылулары  мен қайта аталулары, тұрғын объектілерін сату-сатып алу туралы және т.б. туралы.

2009 жылдың наурызында облыс мемлекеттік мұрағаттарында «Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мұрағат анықтамаларын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» қызметі енгізілген.

        

 

4. Ғылыми-техникалық ақпарат.   Кадарлар біліктілігін көтеру. Ұжымды әлеуметтік дамыту.

 

     2009 жылдың 1 жарты жылдықта мұрағаттар және құжаттама басқармасында Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының Lotus Notes электрондық құжатайналым жүйесіндегі жұмыс жалғасуда, «Шығыс Қазақстан облысы электрондық мұрағаты» (2 кезен) бағдарламалық-аппараттық кешенін дамыту мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізу үшін конкурстық құжаттама жасалды, мемлекеттік мұрағаттарда мұрағаттық үдерістердің компьютерленуі жалғастырылуда.

     Облыс мемлекеттік мұрағаттарында кәсіподақ ұйымының жұмысы, ұжымдық келісім шартын орындау жөнінде 2008 жылдың қорытынды жиналысы өткізілді. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастағы дирекция мәжілістері мен жиналыстарын өткізді. Жоспарға сәйкес өндірістік оқу мен мемлекеттік тіл сабақтары жүргізілді.

     “Мұрағат ісі және іс жүргізу” мамандықтары бойынша ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыс мемлекеттік мұрағатының және оның  Зырян, Зайсан, Лениногор филиалдарының, Глубокое және Көкпекті аудандық мұрағаттарының қызметкерлері колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытылуда.

     Жұмыссыздық пен кедейлікті қысқарту, мүгедектерді қолдау бойынша облыстық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында “Қайырымдылық жасау” атты облыстық қайырымдылық марафоны шегінде ауқаты төмен азаматтарды қорғау қорына мұрағатшылар жеке қаражатынан ақша аударды. Облыстың мұрағатшылары 1941-1945ж.ж. ҰОС жылдары жұмыс істеген мұрағатшыларға ақшалай көмек көрсетті.

     2009 жылдың келесі жарты жылдығына газеттер мен журналдарға жазылу өткізілді. Облыстың мұрағатшылары аумақтарды абаттандыру бойынша сембіліктерге белсенді қатысты. 

Облыс мұрағат мекемелері ұжымдарында Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз бен Наурыз мейрамына арналған тақырыптық кештер өткізілді, облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарының қызметкерлеріне сыйлықақылар берілді.

 

 

 

 

ШҚО мұрағаттар және құжаттама

басқармасы бастығының м.а.                                                            А. Сүлейменова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
^
2009 жылдың 1  жарты жылдықта 
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі
КӨРСЕТКІШТЕРІ

р/б



Көрсеткіштер атаулары

Өлшем бірлігі

Көлемі

жылға

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

1.

Физикалық жағдайын жақсарту:

 

 

 

 

Қағаз негіздегі құжаттар

мың с.б.

 

8810/6839

 

Оның ішінде қалпына келтіру

мың с.б.

мың бет

 

 

1612/1527

23728/20053

 

Консервациялық-алдын алу өңдеуі:

 

 

 

 

Киноқұжаттар

мың с.б..

 

 

 

Фотоқұжаттар

мың с.б..

 

 

 

Фоноқұжаттар

мың с.б..

 

 

2.

Мемлекеттік сақтауға қабылдауы:

 

 

 

 

Басқарма құжаттамалары

мың с.б..

 

6674/5173

 

Ғылыми-техникалық құжаттама

мың с.б.

 

 

 

Киноқұжаттар

мың с.б.

 

 

 

Бейнежазбалар

мың с.б.

 

6/-

 

Фотоқұжаттар

мың с.б..

 

208/58

 

Фоноқұжаттар

мың с.б.

 

27/1

3.

СТК-да тізімдемелерді бекітуі:

 

 

 

 

Басқарма құжаттамалары

мың с.б.

 

8232

 

Ғылыми-техникалық құжаттама

мың с.б.

 

75

 

Киноқұжаттар

мың с.б.

 

-

 

Бейнежазбалар

мың с.б.

 

20

 

Фотоқұжаттар

мың с.б.

 

58

 

Фоноқұжаттар

мың с.б.

 

1

 

Жеке бас текті құжаттар

мың с.б.

 

519

4.

Ақапараттық-іздестіру жүйесін құру:

 

 

 

4.1.

Тізімдемелеу, жетілдіру, қайта өңдеу:

 

 

 

 

Басқарма, оның ішінде:

мың с.б.

 

13682/7346

 

Жеке бас текті

мың с.б.

 

531/289

 

Ғылыми-техникалық құжаттама

мың с.б.

 

75/75

 

Киноқұжаттар

мың с.б.

 

 

 

Бейнежазбалар

мың с.б.

 

62/1

 

Фотоқұжаттар

мың с.б.

 

243/93

 

Фоноқұжаттар

мың с.б.

 

1/1

4.2.

Каталогтау:

 

 

 

 

Басқарма құжаттамалары

мың с.б.

карточкал.

 

 

1888/1388

2248/1219

 

Жеке бас текті

мың с.б.

карточкал.

 

 

214/97

241/93

 

Ғылыми-техникалық құжаттама

мың с.б.

карточкал.

 

 

 

Киноқұжаттар

мың с.б.

 

 

 

Бейнежазбалар

мың с.б.

 

 

 

Фотоқұжаттар

мың с.б.

 

 

 

 

Фоноқұжаттар

мың с.б.

 

 

 

4.3.

Мәліметтер базасын жүргізу, оның ішінде:

 

 

 

 

Есептік МБ

Мб

 

 

 

Тақырыптық МБ

Мб

 

 

 

 

 

Облыс мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы м.а.                                                                               А.Сүлейменова




Похожие:

2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2006 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2010 жылғы 1 жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысында мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысында мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2008 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2008 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылдың 9 айдың Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мұрағатшылары 2007 жылға жоспарланған мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін сәтті...
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2007 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы ШығысҚазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Шығыс Қазақстан облысындағымұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2009 жылдың І жарты жылдықта Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралыесе п icon2009 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Есебі, облыстағы мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісін өткізу туралы ақпарат және т б. ұсынылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы