Министерство здравоохранения республики казахстан приказ icon

Министерство здравоохранения республики казахстан приказ



НазваниеМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Дата конвертации14.02.2013
Размер200.29 Kb.
ТипДокументы
источник

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

МИНИСТРЛІГІ

БҰЙРЫҚ




МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПРИКАЗ


2012 жылғы 25 мамырдағы № 364

Астана қаласы


Қазақстан Республикасының халқына

эндокринологиялық көмек көрсететін

денсаулық сақтау ұйымдарының

қызметі туралы ережені бекіту туралы


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 89-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р.Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


^ Министр С. Қайырбекова


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2012 жылғы « » ______

_______ бұйрығымен

бекітілген


Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже


1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының халыққа эндокринологиялық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

2. Халыққа (ересектер мен балаларға) эндокринологиялық көмек эндокринологиялық науқастарды уақтылы анықтауға, емдеуге және оңалтуға бағытталған.

3. Халыққа (ересектер мен балаларға) эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас эндокринолог (республиканың, облыстың, қаланың) үйлестіреді.

4. Халыққа эндокринологиялық көмек мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрінде көрсетіледі.

5. Халыққа мамандандырылған эндокринологиялық көмек медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК), стационарлық, стационарды алмастыратын және жедел медициналық жәрдем нысанында көрсетіледі.

6. Халыққа жоғары мамандандырылған эндокринологиялық көмек стационарлық көмек нысанында көрсетіледі.

7. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Консультациясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйымның Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.

8. Эндокринологиялық науқастарға МСАК амбулаториялық деңгейде «эндокринология» циклі бойынша оқыта отырып «жалпы практика дәрігері», «терапия» және «педиатрия» мамандықтары бойынша ауылдық, аудандық, қалалық емханаларда, дәрігерлік амбулаторияда көрсетіледі.

9. Эндокринологиялық науқастарға КДК-ны «эндокринология» мамандығы бойынша дәрігерлер:

1) қалалық немесе аудандық емханада;

2) қалалық немесе облыстық консультациялық-диагностикалық орталықта;

3) республикалық консультациялық-диагностикалық орталықта көрсетеді.

10. Эндокринологиялық аурулармен ауыратын науқастарға стационарлық көмекті «жалпы практика дәрігері», «терапия» және «педиатрия» немесе «эндокринология» мамандықтары бойынша дәрігерлер көрсетеді.

11. Эндокринологиялық науқастарға стационарды алмастыратын көмекті «эндокринология» циклі бойынша оқыта отырып «жалпы практика дәрігері», «терапия» және «педиатрия» мамандықтары бойынша дәрігерлер:

1) аудандық, қалалық емханаларда;

2) дәрігерлік амбулаторияларда;

3) консультациялық-диагностикалық орталықта;

4) аудандық, ауданаралық, қалалық, қалалық балалар, облыстық балалар ауруханаларында және республикалық клиникалардың терапиялық, педиатриялық, соматикалық бөлімшелерінде көрсетеді.

12. Эндокринологиялық аурулармен ауыратын науқастарға жедел медициналық көмекті «жедел және шұғыл медициналық көмек» мамандығы бойынша дәрігерлер және жедел медициналық көмек бригадаларының «фельдшер» мамандығы бойынша орта медициналық білімі бар қызметкерлер жүзеге асырады.

13. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстаны Республикасының нормативтік құқықтықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 15 сауырда № 6173 тіркелген) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

2. ^ Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары


14. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

1) эндокринологиялық аурулардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

2) эндокринологиялық ауруларды (қант диабеті, қалқанша без ауруларын және басқалар) ерте анықтау;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес емдеудің барлық кезеңінде сабақтастықты сақтай отырып, азаматтарды мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

4) эндокринологиялық аурулардан сырқаттанушылықты, мүгедектікті, өлімді төмендету;

5) эндокринологиялық аурулармен ауыратын пациенттердің өмір сүру ұзақтығы ұлғайту және сапасын жақсарту;

6) эндокринологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету;

7) эндокриндік ауруларды диагностикалау мен емдеуге инновациялық медициналық технологияларды енгізу болып табылады.




^ 3. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы


15. Аудандық емханада, қалалық емханада, консультациялық-диагностикалық орталықта эндокринологиялық науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін эндокринологтың кабинеті ұйымдастырылады. Ауылдық емханада және дәрігерлік амбулаторияда эндокринологиялық науқастарға терапевттің және/немесе педиатрдың және/немесе жалпы практика дәрігерінің кабинеттерінде көрсетіледі.

16. Аудандық деңгейдегі ұйымдардағы эндокринологиялық науқастарға стационарлық көмекті аудандық орталық ауруханалардың және ауданаралық ауруханалардың терапиялық және/немесе педиатриялық бөлімшесі көрсетеді. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейдің ұйымдарында және астанада эндокринологиялық науқастарға стационарлық көмекті қалалық ауруханалардың, қалалық балалар ауруханаларының, облыстық аурухананың, облыстық балалар ауруханасының, республикалық деңгейдегі және астана ұйымдарының терапиялық және/немесе педиатрия және/немесе эндокринология бөлімшелерінде көрсетіледі.

17. Эндокринологиялық патологиясы бар науқастарға амбулаториялық-емханалық және/немесе стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына эндокринологиялық диспансер жатады.

18. Аудандық және/немесе қалалық емхананың деңгейінен бастап денсаулық сақтау ұйымдарында мынадай құрылымдар құрылады:

2) қант диабетімен ауыратын науқастар мектебінің кабинеті;

3) диабеттік табан кабинеті;

4) диабеттік ретинопатия кабинеті.


^ 4. Эндокринологиялық бөлімше


19. Ересектер мен балалар эндокринологиялық бөлімше республикалық ғылыми-зерттеу институттарының, орталықтардың, көп бейінді республикалық, облыстық, қалалық және аудандық ауруханалардың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.


^ 4.1. Ересектердің эндокринологиялық бөлімшесі


20. Эндокринологиялық бөлімше меңгерушісінің лауазымына «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес маман атқару шынық тағайындалады (Қазақстаны Республикасының нормативтік құқықтықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945 2009 жылғы 30 қарашада).

21. Эндокринологиялық бөлімше дәрігерінің лауазымына «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес маман атқару шынық тағайындалады (Қазақстаны Республикасының нормативтік құқықтықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945 2009 жылғы 30 қарашада).

22. Бөлімшенің негізгі міндеті эндокриндік аурулармен ауыратын науқастарға диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмек көрсету болып табылады.

23. Бөлімшенің негізгі функциялары:

эндокриндік аурудың анықталған диагнозымен науқастарды мамандандырылған және жоғары мамандандырылған емдеудің түрлерін жүргізу;

басқа аурулармен эндокриндік ауруларды мамандандырылған және жоғары мамандандырылған эндокринологиялық диагностикалау мен сараланған диагностикалау жүргізу;

еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптауды жүзеге асыру;

эндокриндік ауруларды диагностикалау, емдеу, диспансерлеу және профилактикалаудың жаңа әдістерін жақсарту және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлеріне эндокриндік аурулардың профилактикасы, диагностикасы мен емдеуі мәселелерінде консультациялық көмек көрсету;

эндокринология (диабетология) саласында диагностика мен медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үдерісіне қатысу;

есепке алу және есептілік құжаттарын енгізу, қызмет туралы есептерді ұсыну, бекітілген орны бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымда эндокриндік патологиясы бар алғаш анықталған пациент туралы деректерді беру;

науқастармен санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу болып табылады.

24. Бөлімше құрылған денсаулық сақтау ұйымында емдеу-диагностикалық қызметтерді (тәуліктік режімде) орындау қамтамасыз етілді.

25. Бөлімше жоғары, қосымша және орта медициналық білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдарда клиникалық база ретінде пайдаланылады.

26. Эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында эндокринологиялық бөлімше болмаған жағдайда терапиялық немесе балалар бөлімшелерінің құрамында мамандандырылған төсектер құрылады.

27. Көп бағдарлы аурухананың соматикалық бөлімшесі үшін үлгі жобамен көзделген үй-жайы, оның ішінде диабет мектептері үшін кабинет болуы тиіс.

28. Эндокринологиялық бөлімшенің құрылымында (10 науқасқа шаққанда 1 төсек есебінен) бөлімшелер ұйымдастырылады.

29. Жіті терапия палатасында эндокриндік аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «эндокринология» мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді.


^ 4.2. Балалар эндокринологиялық бөлімшесі


30. Балалар эндокринологиялық бөлімшесі меңгерушісінің лауазымына «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес маман атқару шынық тағайындалады (Қазақстаны Республикасының нормативтік құқықтықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945 2009 жылғы 30 қарашада).

31. Балалар эндокринологиялық бөлімшесі дәрігерінің лауазымына «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес маман атқару шынық тағайындалады (Қазақстаны Республикасының нормативтік құқықтықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945 2009 жылғы 30 қарашада).

32. Балалар эндокринологиялық бөлімшесінің (бұдан әрі – Бөлімше) негізгі міндеттері эндокриндік аурулармен ауыратын балаларға диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмек көрсету болып табылады.

33. Балалар эндокринологиялық бөлімшесінің негізгі функциялары:

эндокриндік ауру диагнозы қойылған науқастарды емдеу жүргізу;

эндокриндік ауруларды диагностикалау мен сараланған диагностикалау жүргізу;

еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;

бала жастағы эндокриндік ауруларды диагностикалауды, емдеуді, диспансерлеуді және профилактикалауды жақсарту және жаңа әдістерін енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

эндокриндік ауруларды профилактикалау, диагностикалау және емдеу мәселелерінде стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету және балалардың эндокриндік ауруларын емдеу;

балалардың эндокриндік ауруларын профилактикалау, диагностикалау және емдеу мәселелерінде стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;

есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу, белгіленген тәртіпте қызмет туралы есептерді ұсыну, жүргізу заңнамамен көзделген тіркелімдер үшін деректер жинау;

науқастармен санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу болып табылады.

34. Балалар эндокринологиялық бөлімшесінде тәуліктік режімде емдеу-диагностикалық қызметтерді орындалады.

35. Бөлімше жоғары, қосымша және орта медициналық білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылады.

36. Эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында балалар эндокринологиялық бөлімшесі болмаған жағдайда төсектер соматикалық бөлімшелердің құрамында ашылуы мүмкін.

37. Балалар эндокринологиялық бөлімшесіне немесе балалар төсектері ашылған соматикалық бөлімшеге 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар емдеуге жатқызылады.

38. Балалар эндокринологиялық бөлімшесі, балалар эндокринологиялық төсектері ашылған соматикалық бөлімшелердің үй-жайы көп бейінді аурухананың соматикалық бөлімшесі үшін үлгі жобамен көзделген үй-жайы, оның ішінде диабет мектебі үшін кабинеті болуы тиіс.

39. Бөлімшенің құрылымында жіті терапия палатасы (бөлімшенің 10 науқасына шаққанда 1 төсек есебінен) ұйымдастырылады.

40. Жіті терапия палатасында эндокриндік аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «балалар эндокринологиясы» мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді.

^ 5. Эндокринологтың кабинеті


41. Эндокринологтың кабинеті (ересектер мен балалар) (бұдан әрі – кабинет) халыққа (аудан, қала, облыс, республика) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымында құрылады.

42. Кабинеттің эндокринолог дәрігерінің лауазымына «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен бекітілген «эндокринология» мамандығы - ересектерге арналған эндокринология кабинеті үшін, «балалар эндокринологиясы» мамандығы - балаларға арналған эндокринология кабинеті үшін біліктілік сипаттарына сәйкес маман тағайындалады (Қазақстаны Республикасының нормативтік құқықтықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945 2009 жылғы 30 қарашада).


^ 5.1. Ересектердің эндокринологиялық кабинеті


43. Кабинеттің негізгі міндеті эндокриндік аурулармен ауыратын науқастарға және олардың асқынуының жоғары қаупі бар адамдарға консультациялық, диагностикалық және емдеу көмегін көрсету болып табылады.

44. Кабинеттің негізгі функциялары:

эндокриндік патологиясы бар пациенттерге емдік, консультациялық және диагностикалық көмек көрсету;

эндокриндік патологиясы бар ауыр науқастарға үйде емдік және консультациялық көмек көрсету, және басқа мамандардың жолдамасы бойынша пациенттерді консультациялық қабылдау;

амбулаториялық жағдайда мүмкін болмайтын тәуліктік бақылау мен терапияны талап ететін эндокриндік патологиясы бар науқастарды стационарлық емдеуге жіберу;

тәуліктік медициналық бақылауды қажет етпейтін эндокриндік жүйесінің патологиясы бар пациенттерді медициналық айғақтары бойынша стационарды алмастыратын және оңалту көмегін ұйымдастыру және көрсету;

эндокриндік патологиясы бар адамдарды және эндокриндік аурулар дамуының жоғары қаупі бар адамдарды диспансерлеуді ұйымдастыру және жүргізу;

бекітілген халықтың арасында қан диабетін ерте анықтау үшін скринингілік зерттеулерді ұйымдастырға қатысу (антропометрия, АҚ өлшеу, клиникалық глюкометрлерді пайдалана отырып, қандағы глюкозаны, холестеринді анықтау);

эндокриндік аурулар мен аралас патология кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық пен мүгедектік туралы мәселелерді шешу үшін ұсынымдар беру;

бекітілген халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды кейіннен әзірлей отырып, қызмет көрсету аумағында эндокриндік аурулардан (емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеуге жатқызу кезіндегі) сырқаттанушылықтың, мүгедектіктің және өлімнің медициналық-статистикалық көрсеткішінің мониторингі және талдауы;

осы өңірдегі қант диабетімен ауыратын науқастардың тізілімін жүргізу;

эндокриндік патологиясы бар жүкті әйелдерге консультациялық, диагностикалық және емдеу көмегін көрсету;

амбулаториялық кезеңде эндокриндік патологиясы бар пациенттерді қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдер құруға қатысу;

эндокриндік патологиясы және оның даму қаупі бар әртүрлі санаттағы науқастарды оқытуды ұйымдастыру, бастапқы және қайта оқыту циклдарын өткізу, жеке консультациялық жұмыс;

саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп халықты эндокриндік патологияның профилактикасы, саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды өткізу болып табылады.


^ 5.1. Балалардың эндокринологиялық кабинеті


45. Балалар эндокринологиялық кабинеті (бұдан әрі - кабинет) эндокриндік аурулары бар 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған.

46. Кабинеттің негізгі міндеттері эндокриндік ауруларды профилактикалау және ерте анықтау, эндокриндік аурулары бар балаларға мамандандырылған медициналық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, эндокринология саласында дәрігерлер мен мейіргерлердің білім деңгейін арттыруға қатысу болып табылады.

47. Кабинеттің негізгі функциялары:

эндокриндік аурулары бар балаларды жыл сайынғы диспансерлеу;

эндокриндік аурулары бар ауыр науқастарға үйде консультациялық көмек көрсету және басқа мамандардың жолдамалары бойынша балаларды консультациялық қабылдау;

денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарына қызмет көрсету өңірінде эндокриндік аурулардың профилактикасы, диагностикасы және емдеу мәселесі бойынша қызмет көрсетуде шұғыл және жоспарлы консультациялық көмек көрсету;

практикаға эндокриндік аурулардың профилактикасының, диагностикасының және емдеудің жаңа әдістерін енгізу;

эндокриндік жүйе ауруларымен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау;

балаларды медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссияға куәландыруға жіберу;

декреттелген мерзімдерде балаларды профилактикалық тексеріп-зерттеу;

эндокриндік аурулардан сырқаттанушылық, мүгедектік, өлімнің, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар мен емхана жұмыс істейтін ауданда эндокриндік аурулардан зардап шегетін балаларды диспансерлік бақылаудың жыл сайынғы талдауы; талдаудың негізінде емхананың және аумақтық эндокринологиялық диспансердің басшылығына эндокриндік аурулардан зардап шегетін науқастарға медициналық көмекті жеілдіру жөніндегі нақты іс-шаралардың жоспарын әзірлеу және ұсыну;

осы өңірде қант диабетімен ауыратын науқастарды тіркеуді жүргізу;

амбулаториялық кезеңде эндокриндік патологиясы бар пациенттерді қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдерді қалыптастыруға қатысу және оларды пайдалануды бақылау;

практикаға эндокриндік аурулары бар балаларды профилактикалау, диагностикалау және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

халықтың арасында қант диабетінің профилактикасы, йод тапшылығы жағдайының профилактикасы мен емдеуі, саламатты өмір салты бойынша медициналық білімді насихаттау;

эндокринология саласындағы мейіргерлердің білім деңгейін арттыру бойынша жұмыс;

есепке алу-есеп беру құжаттарын жүргізу, бекітілген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде жұмыс туралы есептерді ұсыну болып табылады.

48. Кабинет дәрігерінің лауазымына педиатр, жалпы практика дәрігері лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар, эндокринология бойынша «қайта даярлық» циклында оқудан өткен маман тағайындалады.


^ 6. Эндокринологиялық диспансер


49. Эндокринологиялық диспансер (бұдан әрі – Диспансер) дербес денсаулық сақтау ұйымы немесе көп бейінді аурухананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

50. Диспансердің қызметі эндокринологиялық бөлімшелерімен және эндокринолог дәрігердің кабинеттерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.

51. Диспансердің негізгі міндеттері:

эндокриндік аурулары бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

эндокриндік аурулары бар науқастарды диспансерлік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;

эндокринология және диабетология проблемалары бойынша ғылыми-техникалық үдеріске қол жеткізуді әзірлеу және енгізу;

денсаулық сақтау ұйымдарының басқа маман дәрігерлеріне эндокриндік ауруларды диагностикалау, емдеу және профилактикасы бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;

эндокриндік аурулардың профилактикасы, науқастарды анықтау және оларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

эндокриндік аурулардың өңірде туындауы мен таралуының ғылыми-негізделген болжамдарын әзірлеу болып табылады.

52. Диспансер негізгі міндеттерге сәйкес:

эндокриндік аурулары бар науқастарға диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмек көрсету;

эндокриндік патологиясы бар адамдарға және эндокриндік аурулардың дамуының жоғары қаупі бар адамдарды диспансерлеуді ұйымдастыру және жүргізу;

басқа аурулармен эндокриндік ауруларды арнайы эндокриндік диагностикалау мен сараланған диагностикалауды жүргізу;

эндокриндік аурулары бар науқастарды анықтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және өткізуді, эндокриндік ауруларды диагностикалау, емдеу, диспансерлеу және профилактикасын жақсарту және жаңа әдістерін енгізу;

эндокриндік аурулардың және олардың асқынуларының профилактикасы мақсатында науқастардың арасында білім беру бағдарламаларын қолдану, «Қант диабеті науқастарының мектебін» ұйымдастыру және қант диабетінен зардап шегетін науқастарды және олардың туыстарын оқыту;

эндокринология және диабетология саласында дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысу;

эндокриндік аурулардың профилактикасы бойынша халықтың арасында медициналық білімді насихаттауды жүргізу;

есепке алу және есепті құжаттарды жүргізу, белгіленген тәртіпте қызмет туралы есептерді ұсыну, енгізу заңнамада көзделген тіркелімдер үшін деректер жинауды жүзеге асыру;

эндокриндік аурулардың диагностикасының клиникалық және зертханалық әдістерді жетілдіруге қатысу;

эндокриндік аурулардың таралушылығының клиникалық-эпидемиологиялық талдауын жүргізу;

еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;

эндокринология проблемалары бойынша басқа өңірлердің ұқсас мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

эндокринология және диабетология проблемалары бойынша дәрігерлер үшін әдістемелік ұсынымдар, көрнекі құралдар және басқа да ғылыми өнімдер әзірлеуді жүзеге асыру;

эндокринолог дәрігерлердің, басқа да мамандықтардың (бастапқы буын дәрігерлерінің, кардиологтардың, офтальмологтардың, хирургтардың және т.б.) эндокринология және диабетология проблемалары бойынша семинарлар, конференциялар, көрмелер ұйымдастыруды жүзеге асыру функцияларын орындайды.

53. Диспансер орта, жоғары және қосымша кәсіби білім беру мекемелерінің, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.


7. Қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі

54. Қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі (бұдан әрі – диабет мектебі) республикалық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының базасында құрылады. Диабет мектебі мемлекеттік емес құрылым ретінде де ұйымдастырылуы мүмкін.

55. Диабет мектебінің негізгі мақсаты қант диабетімен ауыратын науқастарды және олардың туыстарын өзін өзі бақылау әдісіне оқыту болып табылады.

56. Диабет мектебінде оқытуды «Диабет мектебі» тақырыбы бойынша оқыту курсынан өткен мамандар жүзеге асырады.

57. Диабет мектебінің негізгі функциялары құрылымдық бағдарламалар бойынша қант диабетімен ауыратын науқастарды оқытуды ұйымдастырулады.

58. Диабет мектебінің дәрігері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен есепке алу-есептік құжатты жүргізеді.


8. «Диабеттік табан» кабинеті


59. «Диабеттік табан» кабинеті амбулаториялық-емханалық мекемелердің немесе стационарлардың эндокринологиялық бөлімшелерінің базасында ұйымдастырылады.

60. Кабинетте консультациялық және емдеу көмегін «Диабеттік табан» тақырыбы бойынша жетілдіру курсынан өткен «эндокринология» («диабетология»), «жалпы хирургия» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласында жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік талаптарына сәйкес маман жүзеге асырады («Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес маман атқару шынық тағайындалады (Қазақстаны Республикасының нормативтік құқықтықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945 2009 жылғы 30 қарашада).

61. Кабинеттің негізгі функциялары:

қант диабетімен ауыратын науқастардың аяқтарының нейропатиялық және ишемиялық зақымдануларын ерте диагностикалау;

әртүрлі деңгейде аяқ ампутациясын бастан өткерген қант диабетімен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылау және есепке алу;

жеке жеңіл таңғыш дайындау және диабеттік остеоартропатиясы бар науқастарды тексеріп-қарау-емдеу болып табылады.


^ 9. Диабеттік ретинопатия кбинеті


62. Диабеттік ретинопатия кабинеті амбулаториялық-емханалық ұйымдардың немесе стационарлардың эндокринологиялық бөлімшелерінің базасында ұйымдастырылады..

62. Кабинетте консультациялық және емдеу көмегін «офтальмология», сондай-ақ мүмкіндігінше қосымша «эндокринология» («диабетология») мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласында жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік талаптарына сәйкес маман жүзеге асырады («Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес маман атқару шынық тағайындалады (Қазақстаны Республикасының нормативтік құқықтықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5945 2009 жылғы 30 қарашада).

64. Кабинеттің негізгі функциялары:

қан диабетімен ауыратын науқастардың көз түбінің жағдайына талдау;

офтальмоскопия;

лазерфотокоагуляция және криокоагуляция торқабықтары;

диабеттік ретинопатиялық айқын сатысындағы және офтальмологиялық операциялық бастан өткерген науқастарды диспансерлік бақылау болып табылады.



Похожие:

Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconМинистерство Министерство экономического здравоохранения развития и торговли Республики Казахстан Республики Казахстан
В соответствии с пунктом 5 статьи 19 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»,...
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconМинистерство Министерство экономического здравоохранения развития и торговли Республики Казахстан Республики Казахстан город Астана город Астана
В соответствии с пунктом 5 статьи 19 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»,...
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconМинистерство Министерство экономического здравоохранения развития и торговли Республики Казахстан Республики Казахста
В соответствии с пунктом 5 статьи 19 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»,...
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconПриказ №240 в целях реализации Закона Республики Казахстан «О системе здравоохранения»
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2003 года №863
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconМинистерство здравоохранения Республики Казахстан Приказ №376 от 21 июня 2007 г. «Об утверждении Перечня видов заболеваний и отдельных категорий населения, при
В целях реализации Закона Республики Казахстан «О лекарственных средствах» приказываю
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconПриказ №670 Об утверждении Перечня красителей и вспомогательных веществ, запрещенных к применению в Республике Казахстан в целях реализации Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»
Приказ и о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 ноября 2009 года №670
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconМинистерство здравоохранения республики казахстан
Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения» и подпунктом 2 пункта 3 статьи...
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconПриказ №737 о некоторых вопросах выдачи разрешения на рекламу в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 ноября 2009 года №737
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconПриказ Министра здравоохранения Республики Казахстан
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 сентября 2003 года №704
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconПриказ №672 Об утверждении Правил привлечения независимых экспертов в соответствии с пунктом 4 статьи 14 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»
Приказ и о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 ноября 2009 года №672
Министерство здравоохранения республики казахстан приказ iconПриказ №695 о правилах утверждения названия оригинального лекарственного средства в соответствии с пунктом 4 статьи 70 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 ноября 2009 года №695
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов