Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеӨз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дата конвертации14.02.2013
Размер43.45 Kb.
ТипДокументы
источник

Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 88 және 91-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық ұйымдарды еркін таңдауға құқылы.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 ақпанды қоса алғанда Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу шеңберінде өңірлерде пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау қағидаты бойынша тұрғындарды қайта тіркеу жүргізілуде.

Жаңа жүйені енгізу Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің қалауы бойынша дәрігер мен емхананы өз бетінше таңдау құқығын береді.

Қазақстан Республикасының азаматтарын уақтылы қайта тіркеу мақсатында, медициналық ұйымдардың мекенжайлары мен телефондарын сіздер облыстардағы денсаулық сақтау басқармаларында ала аласыз.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 жылғы қаулысымен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету тәртібін белгілейтін ереже бекітілді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді: 1) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация; 2) мыналарды қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек: - медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі- МСАК); - алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманы (учаскелік дәрігер) мен бейінді мамандарын жіберу жөніндегі консультациялық-диагностикалық көмек; 3) уәкілетті орган белгілеген емдеуге жатқызу жағдайларының (шекті көлемдері) жоспарланған мөлшерінің шеңберінде, шұғыл айғақтары бойынша – жолдамасының болуына қарамастан МСАК немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек; 4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек; 5) қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халықтың санаты бойынша паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі лицензиямен белгіленген олардың қызметінің меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда тегін негізде жолдамаға сәйкес және олармен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментімен (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек) немесе облыстардың денсаулық сақтау басқармаларымен (МСАК, консультациялық-диагностикалық қызметтер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шарт жасасу талаптары кезінде көрсетіледі. МСАК көрсететін ұйымдардың қызметі медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, қала тұрғындарына мекенжайы бойынша немесе тіркелген жері бойынша медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аумақтық қағидат бойынша құрылады. Қала тұрғындарын аумақтық емханаларға бекіту жөніндегі компания жылына 1 рет, 1 қаңтардан бастап 1 ақпанды қоса алғанда жүргізіледі. Осы уақытта Сіз еркін таңдау құқығын пайдалана аласыз және өзіңіздің аумақтық емханаңыздан шығып, өзіңіздің қалауыңыз бойынша басқасына тіркеле аласыз. Қайта тіркелуге жылына 1 рет рұқсат етіледі. Егер Сіз медициналық ұйымға тіркеліп қойған болсаңыз және оны ауыстыруды көздемесеңіз, ойланудың қажеті жоқ, Сіз өзіңіздің тіркелген емханаңызда қаласыз. Стационарларға емдеуге жатқызу медициналық айғақтары бойынша жүзеге асырылатын болады: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарлық ем қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шарт жасаған пациенттер оның қызметінің бейініне сәйкес кез келген мемлекеттік немесе жеке аурухананы, бұл ретте тек тұрғын мекенжайы бойынша ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның кез келген басқа өңірі бойынша да таңдай алады. Шұғыл жағдайларда емдеуге жатқызу мамандардың амбулаториялық-емханалық ұйымдарға жолдамасының болуынан тыс шұғыл тәртіппен жүзеге асырылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы жатқызу амбулаториялық-емханалық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Сіз таңдаған стационарда бос бейінді төсектер болған жағдайда жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында емдеуші дәрігер жолдаманы ресімдейді және емдеуге жатқызу күнін көрсете отырып қолыңызға береді.

Сіз таңдаған стационарда бос бейінді төсектер болмаған жағдайда емдеуші дәрігер Сіздің таңдауыңызға басқа стационарды ұсынады.

Сіз ұсынылған стационарлардан бас тартқан жағдайда емдеуші дәрігер Сіздің деректеріңізді Сіз ұсынылған стационарлардан бас тартқан жағдайда емдеуші дәрігер Сіздің деректеріңізді Емдеуге жатқызуды күту парағында Сіз таңдаған стационарға тіркеу үшін жібереді және емдеуге жатқызудың алдын ала күнін көрсете отырып, жолдаманы рәсімдейді.

Емдеуге жатқызуға жіберген ұйым Сізге емдеуге жатқызудың нақты күнін хабарлайды.

Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметтерді, сондай-ақ психикалық, жұқпалы аурулармен және туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық қызметтерді, республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын медициналық ұйымдарда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсету жөніндегі медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру республикалық бюджет қаражатының есебінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттерінің атынан ТМККК бірыңғай төлеушісі жүзеге асырады.


25 – 26 желтоқсанда ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің департаменттері өңірлерде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі ашық конкурсты өткізді. Нәтижелері өңірлік БАҚ-та жарияланды.

Амбулаториялық-емханалық көмек, жедел медициналық жәрдем (санитариялық авиацияны қоса алғанда), психикалық, жұқпалы аурулармен және туберкулезбен ауыратын науқастарға стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтерді сатып алуын ұйымдастыруды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті бюджеттерінің қаражатының есебінен жүзеге асырылады.



Похожие:

Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon869 от 25 декабря 2009 года Республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюроларын құру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 88-бабының 1-тармағының...
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігін жіктеу ережесін бекіту туралы
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №710 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №736 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама өткізу ережесін бекіту туралы
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Өз емханаңды таңда! (Медициналық ұйымды таңда) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов