Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
страница8/8
Дата конвертации27.04.2013
Размер1.3 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

5.4.182. Денсаулық сақтау субьектілерін аккредиттеудің ұлттық стандарттарын жетілдіру

Дүниежүзілік банктің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының В1 кіші компоненті бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде CSIH консалтинг компаниясының консультанттарымен бірлесіп:

1) аккредиттеудің ұлттық стандарттары (стационарлық, амбулаториялық-емханалық, жедел медициналық көмек) жаңартылды және ҚР ДСМ 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 бұйрығымен бекітілді, қан қызметі ұйымдарын аккредиттеудің жаңа стандарттар жобасы әзірленді;

2) 2012 жылғы сәуір айында Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстары мен Астана қ. (ҚР ДСМ 20.02.2012 ж. № 99 бұйрығы) 15 медициналық ұйымның базасында стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, оның ішінде трансфузиологиялық және зертханалық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеудің жаңартылған стандарттарын, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем стандарттарын тестілеу жүргізілді;

3) 2012 жылғы наурыз - сәуір аралығында аккредиттеу саласында 156 денсаулық сақтау маманы (инспекторлар) оқытылды.

4) Жыл ішінде медицина ұйымдарының 688 сапа үйлестірушісі оқытылды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.5.184. Медициналық ЖОО-лардың студенттерін клиникалық даярлауды жетілдіру

«Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №628 бұйрығы шықты.

024 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік медициналық білім беру орындарының симмуляциялық орталықтары үшін медициналық жабдық сатып алынды, сонымен қатар С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында ұжымдық пайжаланудың 2 зертханасы жабдықталды («Медициналық және медициналық емес білімді сатып алудың 2012 жылға арналған тізімді бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі бұйрығы).

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

5.5.185. ҚазҰМУ, СММУ, БҚММУ, ҚММУ жанынан мемлекеттік медициналық ЖОО-ларға арналған 1000 орындық және МУА үшін 2000 орындық (2 бірл.) және ОҚМФА үшін 500 орындық 7 студенттік жатақхана салу

2012 жылы Министірлік республикалық бюджетті екінші рет нақтылау кезінде дайын жобалау-сметалық құжатттаманың болмауына байланысты жалпы сомасы 1 500 млн. теңгеге 1000 орындық (Алматы қ. «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК, Семей қ. «ММУ» РМК, Ақтөбе қ. «М.Оспанов атындағы БҚММУ» РМКҚ жанында) 3 жатақхананың құрылысын бастауға арналған шығындар қысқартылды, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы (15.10.2012 ж. РБК №23) әзірлеуге (жалғастыруға) қарастырылған жалпы сомасы 108 млн. теңге 4 жатақхана (1000 орындық Қарағанды қ.«ҚарММУ» РМК, «Медициналық университет Астана» АҚ №1 мен №2 және 500 орындық Шымкент қ. «ОҚМФА» РМК жанынан) бойынша шығындар қысқартылды.

Қазіргі таңда «Мемелекеттік сараптама» РМК-ның оң шешімін алу мақсатында аталған мекемеге жолданған үш жатақхананы салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» РМКМ үшін 1000 орынды жатақхананы салу» жобасы «Мемлекеттік сараптама» РМК филиалының оң қорытындысы алында. Жоба Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы №1-ПИР бұйрығымен бекітілді.

2013-2015 жылдарға арналған жалпы соммасы 20 613 млн. теңге көлемінде шығындар бекітілді, оның ішінде: 2013 жылы құрылысты бастауға - 7000 млн. теңге, 2014 жылы құрылысты жалғастыруға – 11 013 млн. теңге және 2015 жылы құрылысты аяқтауға – 2600 млн. теңге.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

5.5.186. Мемлекеттік тапсырыс бойынша медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлау құнын және PhD магистратура, резедентура және докторантурада мемлекеттік тапсырысты және оқуға даярлау құнын ұлғайту

Жоғары медициналық білімі бар білікті мамандардағы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында медициналық жоғары оқу орындарына қабылдау кезең-кезеңмен ұлғайтылды. Осылайша, егер 2004 жылы медициналық жоғары оқу орындарына 1500 адам қабылданса, 2009 жылдан бастап 5000 адамды құрайды. Бір студентті оқытудың шығындары да жоғарлады, егер 2005 жылы 191 мың теңгені құраса, 2012 жылы – 609 мың теңге, ал ұлттық университеттер үшін 770,1 мың теңге болды.

2011-2012 оқу жылына жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлау үшін 4994 адам қабылданды, республикалық деңгейде техникалық және кәсіби білімі бар мамандар – 500 адам.

Мамандарды резидентурада, магистратурада және PhD-докторантурада даярлаудың саны және шығыны артты. Осылайша, егер:

- 2008 жылы резидентурада 158 орын бөлініп, даярлаудың бағасы 264 мың теңгені құраса, 2012 жылы 740 орын бөлініп және кәдімгі ЖОО-на даярлау бағасы 815,5 мың теңгені және ұлттық ЖОО 996,8 мың теңгені құрады;

- 2008 жылы магистратурада даярлауға 70 орын бөлінді және даярлау бағасы 333,8 мың теңгені құрады, 2012 жылы 150 орын бөлініп және кәдімгі ЖОО-на даярлау бағасы 780,5 мың теңгені және ұлттық ЖОО 945,1 мың теңгені құрады;

- 2008 жылы докторантурада даярлауға 10 орын бөлінді және даярлау бағасы 700,0 мың теңгені құрады, 2012 жылы 30 орын бөлініп және кәдімгі ЖОО-на даярлау бағасы 1445,0 мың теңгені және ұлттық ЖОО 1516,0 мың теңгені құрады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

5.5.187. Медициналық жоғары оқу орындарын, қолледждерді бітірушілердің және жұмыс істеп жүрген денсаулық сақтау қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалау институтын енгізу

Министрлік медициналық ЖОО-ның, колледж түлектерінің және жұмыс істейтін денсаулық сақтау қызметкерлерінің білімін және машықтарын тәуелсіз бағалау институтын енгізу көзделген. 2012 жылы осындай орталықтардың қызметін, оның ішінде шетелде (Израиль, АҚШ) ұйымдастыру бойынша бірнеше оқыту курстары өткізілді, сонымен қатар Дүниежүзілік банктің консультанттары тартылды. Пилоттық режімде интернатура және резидентура түлектерін тәуелсіз бағалау жүргізілді (2010, 2011 жылдары.).

2012 жылғы шілдеде Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының базасында Білімді және машықтарды тәуелсіз бағалаудың республикалық орталығы құрылды, оның негізгі қызметі медициналық білім беру ұйымдары түлектерінің және салада жұмыс істейтін мамандардың біліктілік деңгейін сыртқы бағалау жүйесін қамтамасыз ету болып табылады.

Білімді және машықтарды тәуелсіз бағалау үдерісінде Білімді және машықтарды тәуелсіз бағалау орталығының Денсаулық сақтау министрлігімен, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетімен, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен, сондай-ақ медициналық ЖЖО-мен және колледждермен функционалдық өзара әрекеттесу жоспарланады.

2011 жылы Астана қаласында Республикалық білім және дағдыны бағалу орталығы және оның Алматы қаласындағы филиалы (153, 1 млн теңге) арналған оқыту жабдықтарын сатып алу жүзеге асырылды. 2012 жылы ол қосымша жабдықталды.

5.5.189. Отандық денсаулық сақтау кадрларын ел ішінде, шетелдерде оқыту және үздік шетел мамандарын тарту арқылы инновациялық басқару, білім беру, емдеу-диагностикалық технологияларын одан әрі дамытуды жалғастыру (технологиялар трансферті)

Мамандарды даярлаудың сапасын арттыру және даярлаудың деңгейін халықаралық талаптарға жақындату мақсатында 014 «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» республикалық бюджеттік бағдарламаның (бұдан әрі – 014 РББ) шеңберінде 2012 жылы денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға қаражат көзделді, мемлекет ішінде 19 530 медицина кадрлары, жетекші шетел медициналық орталықтарда 46 маманды оқыту және Қазақстанға 44 жетекші шетел мамандарын жұмылдыру көзделген.

Осылайша, 014 РББ шеңберінде 2012 жыл ішінде:

- отандық білім және ғылым ұйымдарында жоғары және орта медициналық білімі бар 19 946 қазақстандық маман оқытылды;

- онкология, невропатология, сот-медициналық сараптама, кардиология, эндокринология, фтизиатрия, хирургия, ультрадыбыстық диагностика, трансплантология, акушерия-гинекология, неонатология перфузиология, оңалту, сәулелі диагностика, анестезиология және реаниматология, медициналық ұйымдарды аккредиттеу, симуляциялық оқыту және бағалау мәселелері бойынша халықаралық озық медициналық технологияларды игеру үшін 292 қазақстандық маман оқытуға жіберілді (Рессей, Литва, Беларусь, Жапония, Австрия, Латвия, Израиль, Сингапур, Италия);

- неврология, нейрохирургия, трансплантология, онкология, кардиохирургия, реабилитология, балалар офтальмологиясы, балалар урологиясы, балалар және неонаталды хирургия, анестезиология - реаниматология, акушерия және гинекология, хирургия, кәсіби патология, кардиология, сот-медициналық сараптама, есерткі заттарын анықтау, денсаулық сақтау экономикасы, неонатология, донор тізімін ұйымдастыру, трансфузиология, патологиялық анатомия, жариялым тәжірибесі және этика, жасөспірімдер медицинасы, кадр қорын басқару, ультрадыбыстық диагностика, медицинадағы менеджмент және маркетинг, дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету, фармацевтикалық өндірісті қалыптастыру, педиатрия, клиникалық зертханалық диагностика, апаттық жағдайда медициналық көмекті көрсету, білім және ғылым, психометрикалық талдау және валидация, мейірбике ісінің өзекті мәселелері бойынша 1758 қазақстандық мамандарды оқыту үшін отандық денсаулық сақтау ұйымдарына Рессейден, Израилден, Германиядан, Австриядан, Швейцариядан, Литвадан, Канададан, Нидерландтан, Польшадан, Украинадан, Түркиядан, АҚШ-тан және Даниядан 140 жетекші шетел мамандары шақырылды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.5.190. БҰДЖ-ды іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесін жетілдіру

2012 жылдан бастап 036 «Жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттардан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын қызметке ақы төлеу тарифінің құнына 1,1 млрд. теңге көлемінде медицина мамандарының инфекциялық, туберкулезге қарсы, психиатриялық, наркологиялық және онкологиялық стационарлардың қызметкерлері) біліктілігін арттыру үшін қаражат көзделді.

Есептілік кезең ішінде 12 777 маман, оның ішінде 5 470 дәрігер оқытылды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.5.191. ЖОО ғылымының деңгейін және сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету

Министрлік 007 «Қолданбалы ғылыми зерттеулер» республикалық бюджеттік бағдарламаның (100 «Денсаулық сақтау саласында» кіші бағдарлама) (бұдан әрі – бюджеттік бағдарлама) әкімшісі болып табылады. Осы бюджеттік бағдарламаның шеңберінде 2012 жылғы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 25 ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі-ҒТБ) орындалды.Олардың ішінде орындау мерзімі 2010-2012 жылдар – 9 ҒТБ, 2011-2013 жылдар – 6 және 2012-2014 жылдар – 9.

ҒТБ-ның барлық қортынды және аралық есептеріне «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ-ның оң қорытындысы алынды.

Ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру бойынша қортынды және аралық есептеріне сәйкес 2012 жылы 2348 ғылыми мақала, оның ішінде 522 халықаралық басылымдарда жарияланды. Сонымен қатар 52 мақала импакт-факторы бар халықаралық журналдарда жарияланды. 64 патент, оның ішінде 3 халықаралық патент алынды.

ЖОО ғылымының сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді одан әрі дамыту мақсатында 2012 жылы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеудің менеджентіне ғылыми қызметкерлерді оқыту жалғастырылды. Осылайша, ғылыми зерттеулердің менеджменті циклы бойынша 400-ден астам маман даярланды. Ғылыми зерттеулерді тиімді жоспарлаудың және ғылыми-медициналық сараптаманың негіздеріне ғылыми орталықтар мен институттардың 39 маманы оқытылды (Астана қаласы бойынша).

Медициналық ғылыми ұйымдарды басқаруды жетілдіру шеңберінде 8 ғылыми медициналық ұйым және 2 зертхана (Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ) ИСО 9001:2000 (СТ РК ИСО 9001-2001) білім сапасының менеджементі жүйесі саласында сертификатталды. Есептілік жылда 45 ғылыми-тәжірибелік конференция, оның ішінде 35 халықаралық деңгейде өткізілді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында медициналық ғылымды және инновацияны дамытудың 2013-2020 жылға арналған тұжырымдамасы әзірленді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.5.192. Қазіргі заманғы 2 ғылыми зертхана (ұжымдық пайдалану орталықтарын) құру

«Қазіргі заманғы ғылыми зертханаларды (ұжымдық пайдалану орталықтарын) құру туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 464 бұйрығымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында қазіргі заманғы ғылыми зертханалар (молекулярлық-генетикалық зертханалар – ұжымдық пайдалану орталықтары) құрылды.


^ 5.5.193. Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласында зерттеулер жүргізу

001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасының 103 "Социологиялық, аналитикалық зерттеулерді жүргізу және консалтингтік қызметтерді көрсету" кіші бағдарламасының шеңберінде 2012 жылы 16 зерттеу жүргізілді.

Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласындағы зерттеулердің 2012-2014 жылдарға арналған тақырыптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыптарын қарау мәселелері жөніндегі комиссиямен мақұлданған. Осы зерттеулерді іске асыруға қаражат Республикалық бюджеттік комиссиясының 2011 жылғы
18 шілдедегі № 23 хаттамасымен қолданды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.6.195. Тіркеу деректері мұрағаттарын құру және оларды жабдықпен, электрондық есепке алумен, тіркеу деректерінің электрондық нұскасын сақтаумен жарақтандыру

Сатып алынған жабдық: сервер, деректерді ұзақ мерзімді сақтау жүйесі, серверлік шкаф, құжаттарды ағымдық енгізудің желілік сканері. Іс-шараны орындау тіркеу куәліктерін жүйелік сақтауды ұйымдастыруға, сондай-ақ жедел түрде оларды іздеуге мүмкіндік береді.


5.6.197. ҚР МФ ІІІ томының (жалпы және жеке) жаңа бөлімдері мен баптарын әзірлеу. ҚР МФ бірінші басылымының І және ІІ томдарының бөлімдері мен баптарын жаңарту (қайта қарау және өзгерістер енгізу), оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес дәрілік заттар және бөтен қоспалардың стандартты үлгілерін сатып алу

ҚР МФ ІІІ томының жаңа тараулары (жалпы және жеке) және 180 бабы әзірленді, олардың негізіне Еуропалық және Американдық фармакопеяларға сәйкес дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды үйлестіру тұжырымдамасы салынған.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


5.6.198. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынау орталығын ISO/IEC 17025:2005/OMLC EN халықаралық талаптарына сәйкестігіне дайындау және аккредиттеу

Халықаралық сарапшылармен ұсынылған зертханалық жабдықтардың 51 позициясын сатып алу рәсімін жүргізуге техникалық сипаттама әзірленіп, Дүниежүзілік банкке жіберілді.

Желтоқсан айында «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Сынау орталығын жарақтандыру үшін жабдықты сатып алу» № KHSTTIRP-E/LE-01 келісімшарты бойынша конкурс өтті.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.


^ 5.6.200. Халықаралық фармацевтикалық инспекция ынтымақтастығы жүйесіне (PIC/S) кіру үшін мемлекеттік органдардың мамандарын оқыту

2012 жылы фармацевтикалық кәсіпорындардың халықаралық талаптарға сәйкес келуіне инспекциялауды жүзеге асыратын ұлттық инспектораттың 40 маманына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Ұлттық инспекторатпен GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келуіне -1 кәсіпорын, GDP-3 кәсіпорын, GPP - 7 кәсіпорын инспекцияланды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.6.201. Жалған дәрілік заттарды анықтауға арналған жылжымалы экспресс зертханаларын сатып алу

Қаржыландыру сомасына сәйкес (120,0 млн. теңге) тиісті жабдықпен жарақтандырылған 2 жылжымалы автомобильді (жақын инфрақызыл диапазонды стационарлық Фурье спектрометрі) және деректер кітапханасын құру және оны сақтау үшін қажетті бас құрылғыны сатып алу іске асырылды. Осы іс-шараны жүзеге асыру жалған медициналық өнімді жедел айқындау, сондай-ақ олардың таралуын болдырмау бойынша шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметіне талдау (шұғыл берілген мәліметтер)
Ыз ету және салаларын басқару шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың 4-ші тоқсанындағы орындалуы туралы АҚпарат
Аулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы