Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
страница7/8
Дата конвертации27.04.2013
Размер1.3 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 5.4.163. Денсаулық сақтау саласында кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу

Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Парламенті Мәжілісінің отырыстарында қаралды. Медициналық қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен, БАҚ-та кеңінен талқыланды. ҰҮК-де жобаны ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қарастыру жоспарланған.

Оған қоса, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту жөніндегі 2013- 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, оған ҚР денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі толық әрекеттер жоспары кіреді. Қазіргі кезде жоба орталық мемлекеттік органдарда келісуде.


^ 5.4.164. Медициналық ұйымдарда, оның ішінде бақылаушы кеңестер енгізу жолымен корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу

Денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуді жетілдіру мақсатында 2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК-да байқау кеңесі қосымша енгізілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 9 ұйымындағы байқау кеңестерінің құрамы бекітілді.

Жергілікті деңгейде 418 шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорындардың арасында байқау кеңестері 70 кәсіпорында құрылды.

2013 жылы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының байқау кеңестері мүшелерінің қызметіне бағалау жүргізу жоспарлануда.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

5.4.165. Денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергілікті атқарушы органдардың нысаналы тапсырыстарын, оның ішінде жеке меншік инвестицияларды және демеушілік қаражатты тарту жолымен келісімдер негізінде қалыптастыру практикасын жалғастыру

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері және медициналық ЖОО-лар мен студенттер арасында 3 жақты шарттар жасалды. Шартта медициналық ЖОО-ды бітіргеннен кейін денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеу көзделген. Медициналық ЖОО-лар түлектерін жұмысқа орналастыру және бөлу жөніндегі Жол картасы бекітілді. Іс- шараларға сәйкес түлектердің жетуін және жасақталуының мониторингісі жүргізіледі. ҚР ДСМ жүргізген талдауға сәйкес интерндердің (грант-шарт) жалпы санынан клиникалық мамандықтар бойынша 91% жұмысқа орналасты (2840).

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.166. Медицина қызметкерлерінің коғамдағы мәртебесі мен беделін көтеру бойынша шаралар қабылдау

БҰДЖ негізгі міндеттерінің бірі қызметкерлерді уәждеу деңгейін одан әрі арттыру болып табылады.

Стационар деңгейінде сараланған еңбекке ақы төлеу енгізілуде, оның негізгі критерийлерінің бірі көрсетілген медициналық қызметтің сапасына халықтың қанағаттануы және дәрігердің өз жұмысының түпкі нәтижелеріне бағдарлануы. Бұл «уәжделген қызметкер және қанағаттанған пациент» қарым-қатынастың үлгісін құрайды.

МСАК қызметкерлері үшін жан басына шаққандағы ынталандыру компонентін енгізу жалғасуда, бұл компонент түпкі нәтижелерге қол жеткізу бойынша төленеді және денсаулық сақтау жүйесінің базалық көрсеткіштерін (ана және бала өлімінің болмауы, туберкулезді және онкологиялық патологияны ерте айқындау) жақсартуды қамтамасыз етеді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.167. Медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ауыстыруды қамтамасыз ету

БҰДЖ барлық қағидаттары тек денсаулық сақтау ұйымдарында менеджмент дамыған жағдайда ғана кедергісіз іске асырылатыны мәлім, бұл өнім берушінің автономиялы статусы жағдайында үлкен мүмкіндікпен қол жеткізіледі. Қазіргі уақытта шаруашылық жүргізу құқығындағы денсаулық сақтау кәсіпорындарының жалпы саны 418-ді құрады (2011 жылы – 211).

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.168. ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді ұсынушылардың арасында бәсекелестік ортаны құру

БҰДЖ шеңберінде жасалған ыңғайлы қаржылық жағдайлар мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы үшін пайдалы әрі жаңа мүмкіндіктер ашты және бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етті, ол Бірыңғай ақы төлеуші жүйесіндегі мемлекеттік емес сектордағы ТМККК бойынша өнім берушілер үлесінің тұрақты түрде өсуімен сипатталады. Мысалы, Бірыңғай ақы төлеуші жүйесіндегі мемлекеттік емес өнім берушілердің үлес салмағы бүгінде 16%-ға жетті (2009 жылы - 0%, 2010жылы - 12%, 2011 жылы - 14%).

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.169. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат жөніңде халық арасында жүйелі түсіндіру жұмысын өткізу

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру барысын ақпараттық қолдау жөніндегі Медиа-жоспар бекітті.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі екі жыл бойы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруда. Басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету.

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарының тізбесі 25 бағытқа дейін кеңейтілді. Барлық жобаларда ақпараттық сүйемелдеу, оның ішінде бейне және аудиороликтерді жасау және көрсету қарастырылған.

«Хабар», «Ел Арна», «Қазақстан», «31 арна», «7 арна», «ХИТ ТВ», «КТК», «ОРТ Казахстан» телеарналарында, «Казақ радиосында» «ХИТ FM», «Европа плюс Казахстан», «Русское радио Азия», «Ретро FM», «Love radio» және «Авторадиода» алкогольді шамадан тыс тұтыну проблемасы, ана мен бала денсаулығы (аборттың алдын алу), репродуктивтік денсаулық (қоқыныш белгілері), скринингтер (онкология), отбасын жоспарлау, темекі шегудің (кальян) алдын алу, вакцинациялау, туберкулездің алдын алу, балалар жарақаты, артық салмақ, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қант диабеті, жастарды психологиялық-әлеуметтік қолдау, скринингтер (В және С гепатиттері) мәселелері бойынша, оның ішінде сурдоаударумен бейне және аудиороликтер.

Бейнероликтер Алматы және Астана қалаларының әуежайларындағы мониторларда да орналастырылды (Астана қаласы әуежайының цилиндрлі мониторында, Алматы қаласы әуежайының халықаралық және жергілікті ұшу залдарының мониторында).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен 2012 жылы азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың шеңберінде қаражат бөлінді:

- Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне – темекі шегудің, алкогольді шамадан тыс тұтынудың, есірткіні тұтынудың алдын-алу мен емдеу бойынша ақпараттық-насихаттау басылымдарын әзірлеу және шығару және телерадио арналарында науқандар мен жобаларды өткізу, сондай-ақ спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау бойынша әлеуметтік бейнероликтер жасау;

- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне – денсаулық сақтауды дамыту мәселелеріне арналған республика деңгейінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік теледидар бағдарламасын жасау, саламатты тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудио роликтерді шығару;

- ҚР Ішкі істер министрлігіне – жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік роликтерді жасау және олардың орталық, республикалық телеарналарда прокатталуын қамтамасыз ету, республикалық телеарнада жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша арнайы бағдарламаны дайындау, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оның ішінде тұтқындар арасындағы туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды шығару және тарату.

2012 жылы республикалық газеттерде ҚР ДСМ-нің, оның құрылымдық бөлімшелердің және комитеттердің, республикалық және өңірлік медициналық ұйымдардың қызметі туралы 2800-ден астам мақала, ақпараттық агенттіктерде 1950-ден артық материал жарияланды, республикалық телеарналарда 900-ге жуық сюжет көрсетілді.

Қоғаммен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі туралы ақпаратты және материалдарды жүйелі және тұрақты түрде тарату мақсатында ақпана-қараша аралығында 50 іс-шара өткізілді (құрылтайлар, конгресстер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және т.б.). Олар жөнінде 941 БАҚ-та жариялануы ұйымдастырылды, оның ішінде: телеарналарда – 250, баспа БАҚ-та – 30, радиода – 48, ақпарат агенттіктерінде - 350.

ҚР Премьер-Министрінің бекітілген кесте бойынша сұхбат ұйымдастырылды:

- ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекованың 2012 жылғы 18 наурызда «Хабар» телеарнасының «Жеті күн» ақпараттық-талдау бағдарламасында – онкологиялық көмек бағдарламасы, медицина кадрларын даярлау туралы және т.б., 2012 жылғы 16 маусымда «Казахстанская правда» газетінде - «От гарантий бесплатности - к высокому качеству», 2012 жылғы 6 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде отандық медицинаны дамыту туралы «Ұлт саулығы - ұлы мұрат» сұхбаты;

- ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовтің 2012 жылғы 3 тамыздағы «Литер» газетінде «Шаг за шагом» атты сұхбаты - онкологиялық көмектің бағдарламасын іске асыру туралы;

- ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваның 2012 жылғы 3 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінде «ЕНСЗ: достоинств все больше» атты сұхбаты - денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңғырту туралы;

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы С.Р. Мусиновтың 2012 жылғы 1 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінде «Наука в союзе с практикой» атты сұхбаты - отандық медицинаның дамуы, медициналық кадрларды даярлау және т.б. туралы;

- ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекованың 2012 жылғы 20 қыркүйектегі «Казахстанская правда» газетінде «Повышать «лекарственную грамотность» атты сұхбаты - халықтың дәрі-дәрмектер туралы білімінің деңгейін арттыру және өз денсаулығы үшін жоғары жауапкершілікті қалыптастыру туралы.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.171. Мына мәселелерді қарау:

- әлеуметтік мәні бар аурулардың тіркелімін құру;

Онкологиялық қызметті қаржыландыру жүйесін жетілдіру шеңберінде веб-технологияға негізделген «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі», «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» жаңа ақпаратттық жүйелері әзірленді;

Ұлттық телемедицина жүйесін кеңейту;

2012 жылғы 12 ай ішінде 15 751 телемедициналық консультация, 5 173 бейнеконференция байланыс, Денсаулық сақтау министрлігінің және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері бойынша селекторлық режимде 288 БКБ өткізілді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.172. ТМККК шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын қызметтерге ақы төлеу үшін клиникалық-шығындық топтар бойынша ақы төлеу жүйесін енгізу

Медициналық ұйымдар үшін тарифтің тартымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2012 жылдан бастап медициналық қызметке КШТ бойынша ақы төлеу жүйесі енгізілді. Халықаралық тәжірибеде КШТ бойынша ақы төлеу жүйесі өзін стационарлық желідегі қаржыландыру, медициналық көмектің шығындарын, тиімділігін және сапасын басқару құралы ретінде көрсетті.

Стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке ақы төлеуді жүзеге асыру үшін «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және медициналық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша ақы төлеуді, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 936 бұйрығы әзірленді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

5.4.173. Профилактикалық жұмысты (ауруларды ерте анықтау, асқынған ауруларды болдырмау) ынталандыру, 50 ЖМК жұмыс істеуі, МСАК ұйымдарын толық жасақтау, халықты колоректальдық обырды анықтау үшін тексеріп-қарау жүргізу үшін БМСК тарифіне қосымша компонент енгізу

МСАК әлеуетін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты осы сектордың қызметкерлерінің еңбегін уәждеу компоненті болмаған жағдайда, толық мәнді деп бағалауға болмайды. Бүгінде жанбасына шаққандағы тарифке ынталандырушы компонент (бұдан әрі – ЖНЫК) барлық МСАК ұйымдарын және онда қызмет атқаратын 35 мыңнан астам медицина қызметкерлерін, 2,5 мың әлеуметтік қызметкерді қамтиды. Осы мақсатқа есепті жылы 9,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 10% астам қаражат біліктілікті арттыруға бағытталды. МСАК секторының жұмыс нәтижелерін бағалау қорытындысында тоқсан сайынғы бөлінетін қосымша төлем мөлшері дәрігерлер үшін 85,0 мың теңгені, орташа медицина қызметкерлері үшін 48,0 мың тенгені, әлеуметтік қызметкерлер үшін 32,0 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, 2013 жылы ЖНЫК жоспарлау, төлеу және бөлу әдістемесін жетілдіруге және МСАК медициналық және әлеуметтік қызметкерлерін уәждеу арқылы скринингтік бағдарламалардың тиімділігін арттыруға арналған бірқатар басымды міндеттер мен іс-шаралар белгіленді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.175. Медициналық ұйымдарға ТМККК көрсетуге шығындарды өтеу жөніндегі тарифке медициналық жабдықтар сатып алу шығыстарын қосу

2012 жылы медициналық ұйымдарға құны 50 млн. теңгеге дейінгі медициналық техниканы лизинг арқылы сатып алуға мүмкіндік берілді және лизингілік төлемдерді өтеуге республикалық бюджеттен 535,0 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде 183,9 млн. астам теңге лизинг арқылы медициналық техниканың 39 бірлігін алуға бағытталды. Сондай-ақ, ҚР ДСМ ведомствоішілік бюджеттік комиссиясының шешімімен шамамен 351,1 млн. теңге сомасындағы айырмашылық бюджеттің орындалмау қауіпін болдырмау мақсатында кредиторлық қарыздың қалыптасуының алдын алу мен ТМККК шеңберінде үздіксіз медициналық қызмет көрсетуге бағытталды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.176. Денсаулық сақтау саласының инвестициялық саясатын жетілдіру

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының А.2.2.-кіші компонентін іске асыру шеңберінде 2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын жоспарлау және бағалау бойынша тетіктерді әзірлеуден тұратын денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыра бастады. Инвестицияларды жоспарлау бойынша іс-шаралардың бірі ауруханалық секторды қайта құрылымдау мастер-жоспарлар жобалары, содан кейін халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру арқылы әрбір өңірдің МСАК желісін оңтайландыру бойынша шеберлік-жоспарлардың жобаларын әзірлеу болып табылады. Мастер-жоспарлардың негізінде халықтың қажеттілігін есепке ала отырып, әрбір өңір үшін инвестициялық жобалар (күрделі жөндеу, медициналық ұйымдардың ғимараттарын салу және стандарттарға жеткізу, халықаралық стандарттарға дейін медициналық жабдықтарды жарақтандыру) әзірленеді.

Сонымен қатар, қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін, денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын бағалау бойынша компьютерлік үлгіні зерделеу және одан әрі енгізу бойынша іс-шараларды іске асыру басталды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.177. Лизинг шартымен медициналық техниканы жеткізуді жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1238 Қаулысымен 3,6 млрд. теңге жарғылық капиталы бар «ҚазМедТех» АҚ құрылған.

«ҚазМедТех» АҚ 2012 жылы 2,0 млрд. теңге сомасында лизинг шарттарында медициналық техниканың 107 бірлігін денсаулық сақтау ұйымдарына берді.

«ҚазМедТех» АҚ медициналық техника лизинг арқылы медициналық техниканы тиімді пайдалану механизмін әзірледі. Лизинг төлемдерін қайтару лизингке техникада медициналық қызметтер көрсету фактісіне байланысты. Сараптама медициналық техниканың тұрып қалу қаупінің алдын алады және бюджеттік қаражатың тиімсіз пайдаланылуын жояды.

«ҚазМедТех» АҚ объектілерге сараптама жүргізеді, «СҚ-Фармация» ЖШС-ге сатып алуға медициналық техника тізбесін береді, өнім берушілермен шарттар, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарымен лизинг шарттарын жасайды.

177 - тармағына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 Қаулысының 5.4.-мақсатына сәйкес лизинг шарттарында медициналық техниканың жеткізілуін жүзеге асырып жүрген ұйымның жарғылық капиталын 3 529,4 млн. теңге сомасына ұлғайту 2011 жылғы желтоқсан айында айқындалған болатын.

Қазақстан Республикасын денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысына, 2011 жылы жарғылық капиталын ұлғайтуға байланысты жоғарыда көрсетілген соманы түзету бөлігіне қатысты ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Е.Т. Орынбаевтың төрағалығымен 2012 жылғы 25 қаңтарда «ҚазМедТех» АҚ қызметінің мәселелері бойынша кеңес өтті, ол жерде «ҚазМедТех» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту бойынша қаржылық-экономикалық негіздемені қарауды жылдамдату қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі мен «Қазақстанның МЖӘ орталығы» АҚ-ға тапсырма берілді.

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңың іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына сәйкес 062 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарламасына «ҚазМедТех» АҚ жарғылық капиталын 2013 жылы – 1,5 млрд. теңгеге ұлғайту бойынша өзгерістер енгізілді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.178. Лизинг шартымен денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру

031 «Ауруханалық басқару саласында халықаралық стандарттарды енгізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «2012-2014 жылдардағы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 350 қаулысына сәйкес лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беруге арналған медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін «ҚазМедТех» АҚ-на бөлінген қаржы 364 000 мың теңгені құрады.

«ҚазМедТех» АҚ 2012 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік тапсырыстың сомасын 364 000 мың теңгеден 48 642 мың теңгеге дейін азайту туралы, яғни 315 358 мың теңгені құрайтын бюджеттік өтінімді жолдаған.

031 «Ауруханалық басқару саласында халықаралық стандарттарды енгізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде «2012-2014 жылдардағы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1469 қаулысына сәйкес азайтылған сома лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына кейіннен беруге арналған медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін «ҚазМедТех» АҚ-на 315 358 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына енгізілген 2012 жылғы 8 қарашадағы өзгерістерге сәйкес лизинг арқылы бағасы 5 млн. теңгеден бастап 50 млн. теңгеге дейін медициналық техника сатып алынуда.

Лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық техниканың жеткізілуін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберіндегі мақсаты лизинг шарттарында денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық техниканың жеткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылды.

Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберіндегі іс-шаралар толық көлемде орындалды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.179. Сыртқы және ішкі бақылау (аудит) нәтижелерін талдау негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметін бақылау қызметі

Мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірленді:

1. «Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1577 қаулысы (2012 жылы күшіне енді);

2. «Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1304 қаулысы (2012 жылы күшіне енді);

3. «Медициналық қызметтерді қөрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 158 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 88 бірлескен бұйрығы;

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2011 жылғы 15 қарашада Медициналық ұйымдардың Ішкі бақылау (аудит) қызметтерінің қызметін жетілдіру бойынша 2011-2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (жол картасын) бекітті.

ҚР ДСМ Сараптама кеңесі «Медициналық ұйымдардың ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдарын бекітті.

Медициналық қызметтердің сапасын ішкі және сыртқы сараптау тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жинағы медициналық ұйымдар үшін 10 000 дана көлемінде басып шығарылды және өңірлерде таратылды.

Жинақта:

  1. Медициналық қызметтердің сапасын ішкі және сыртқы сараптауды ұйымдастыру ережелері;

2. Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды жұмылдыру ережелері;

3. Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

Ішкі аудит қызметі бойынша проспект және буклет әзірленді (пациенттер үшін – Пациенттерді қолдау қызметі).

Ішкі аудит қызметін жетілдіру жөніндегі Жол картасының 1.6-тармағын орындау мақсатында медицина ұйымдарының 23 аудиторы, 34 МФҚБК АД маманы, ЖОО-ның 30 оқытушысы (жаттықтырушылары) үшін шетелдік мамандарды жұмылдыра отырып АМДБЖИ-да оқыту өткізілді.

2012 жылдың наурыз айынан бастап мамыр айына дейін республика өңірлерінде ішкі аудит мәселелері бойынша каскадтық оқыту жүргізілді.

Оқытылған тыңдаушылардың саны - 1677.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.180. Медициналық қызметтерді көрсету ақауларын есепке алу жүйесін әзірлеу

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен «Медициналық қызметтерді көрсетудің ақауларын есепке алу жүйесін құру жөніндегі дайындық іс-шараларын жүргізу туралы» 2012 жылғы 11 мамырдағы № 327 бұйрық жарияланды.

«Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 439 бұйрығымен Медициналық қызметтерді көрсету ақауларын есепке алу картасы бекітілді.

Ағымдағы жылғы қазан айында Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында медициналық қызмет көрсетудің ақауларын (бұдан әрі - МҚКА) есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің «пилоттық» жобасын енгізу басталды.

«МҚКА» жаңа модулі Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі порталының (бұдан әрі - МҚСБЖ) «Сапаны бақылау» тарауында құрылды.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап МҚКА жүйесі Қазақстан Республикасының барлық аумағында енгізіле бастайды. Есептік нысандар әзірленді және МҚКА жүйесі барлық жерде енгізілгеннен кейін ұсынылады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.181. Басымды мамандықтар бойынша аккредиттелген тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін кеңейту

Сараптамалық қызметтің мәселелері бойынша 2012 жыла 5 ЖОО (АМДБЖИ, СММУ, ДСДРО, АМУ, БҚММУ) базасында 300 денсаулық сақтау маманы оқытылды;

2012 жылғы денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізуге жеке тұлғаларды аккредиттеу жүргізілді, 152 маман аккредиттелді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметіне талдау (шұғыл берілген мәліметтер)
Ыз ету және салаларын басқару шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың 4-ші тоқсанындағы орындалуы туралы АҚпарат
Аулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы