Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
страница6/8
Дата конвертации27.04.2013
Размер1.3 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 5.4.140-2. Бейіндердің қажеттілігін есепке ала отырып, төсек қорын ұтымды ету

БҰДЖ жағдайында менеджмент дамуының белгілері пайда болды. Бұл бейіндердің сұранысын есепке ала отырып, төсек қорын дербес және ұтымды басқару. Осылайша, 2012 жылы барлық республика бойынша медициналық қызмет сұранысының барынша аз бейіні бойынша 1409 төсек қысқартылды. 2201 төсек халық үшін анағұрлым қажетті медициналық көмектің бейіндеріне қайта бейімделді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.140-4. БҰДЖ мақсаттарына қол жеткізу үшін БҰДЖ және ДБАЖ-ны ықпалдастыру

БҰДЖ және ДБАЖ ықпалдастыру мақсатында «Емдеуге жатқызу бюросы», «Бекітілген халық тіркелімі», «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі», Медициналық-санитариялық көмектің қосымша компоненті», «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» сияқты порталдық форматтар енгізілді.


^ 5.4.140-5. Бағдарламалық кешендердің порталдық форматын енгізу

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін іске асыру бойынша ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекітілген халықтың нақты саны туралы бірыңғай орталықтандырылған дерекқорды қалыптастыру мақсатында «Тіркелген халық тіркелімі» (бұдан әрі-ТХТ) порталы жұмыс істеуде.

Шығындарды өтеу үдерісін ақпараттық-техникалық сүйемелдеу мақсатында «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» порталы жұмыс істеуде.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тарифіне қосымша компонентін енгізу, әр өңір бөлігінде индикатор жүйесі баллдарының құнын есептеу мақсатында «Медициналық-санитариялық көмек көрсетуге қосымша компонент» порталы жұмыс істеуде.

Онкологиялық аурумен ауыратын науқастардың электрондық тіркелімі қалыптастыру процестерін автоматтандыру және халықаралық стандарттар емделудің сапасына сәйкес қамтамасыз етуімен көрсетiлген санаттағы науқастарды медициналық көмек көрсетуде онкологиялық диспансерлердің шығындарын өтеу мақсатында «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» порталы құрылды.

^ 5.4.140-6. Медициналық ұйымдар қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу

Пациенттердің хабардарлығын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті ортаны, медициналық ұйымның ашықтық және еркін таңдау қағидаттарын дамыту мақсатында Министрлікпен 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап сыртқы, ішкі аудит нәтижелері және пациенттердің пікірлері негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс басталды. 2012 жылы медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау жүйесінің әзірленген әдістемесі негізінде республиканың медициналық ұйымдарын саралау жүргізілді. Саралау нәтижелері 2012 жылдың желтоқсан айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтында орналастырылды.


^ 5.4.140-7. Амбулаториялық-емханалык ұйымдардың деңгейінде ішінара қор ұстаудың бірінші кезеңін енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу (пилоттық жоба)

2012 жылы 15 МСАК ұйымында кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша пилот жүзеге асырылды.


^ 5.4.140-8. Аурухана секторын қайта құрылымдауды ескере отырып, 10 жылдық мерзімге инвестициялық жобаларды қалыптастыру

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының А.2.2.-кіші компонентін іске асыру шеңберінде 2012 жылы «Sanigest» консалтинг компаниясы 14 өңірдегі ауруханалық секторды қайта құрылымдау бойынша мастер-жоспар жобаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне келісу үшін әзірлеп, жолдады, 2013 жылы Астана және Алматы қалалары бойынша мастер-жоспар жобалары әзірленеді.

Осындай мастер-жоспарларда консалтинг компания әрбір өңір үшін инвестициялық жобаларды жасау (күрделі жөндеу, медициналық ұйымдардың ғимараттарын салу және стандарттарға жеткізу, халықаралық стандарттарға дейін медициналық жабдықтарды жарақтандыру) бойынша ұсынымдар жасады.

Өңірлердің ауруханалық секторын қайта құрылымдау бойынша мастер-жоспарлар жобалары негізінде «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Жоспарлау, мониторингілеу және бағалау орталығы инвестициялық жобаларды қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты жинау және өңдеу және өңірлердің қажеттілігіне сәйкестендіру бойынша жұмыстарды бастады. Аталған іс-шаралар өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылады.


^ 5.4.140-9. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу тетіктерін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында МЖӘ дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған стратегиясы әзірленді, онда денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетіктерін енгізу бойынша міндеттер көрсетілген:

- мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әртүрлі нысандарын енгізу үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың инвестициялық жоспарларын келісу негізінде денсаулық сақтау секторында бірыңғай инвестициялық портфельді ұзақ мерзімге қалыптастыру;

- МЖӘ жобаларын іске асырудың ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ету;

- МЖӘ негізінде жобаларды іске асыру саласында әлеуетті арттыру.

Стратегияның жобасы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру жөніндегі дөңгелек үстелде ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің отырысынды талқыланды.


^ 5.4.140-10. Басымды бағыттар бойынша клиникалық нұсқаулар мен хаттамаларды әзірлеу және енгізу

2012 жыл ішінде клиникалық нұсқауларды бейімдеу бойынша жұмыс өткізілді. Осы мақсатта 01.08.2012 жылғы ҚР ДСМ Сараптамалық кеңесінде клиникалық нұсқаулардың тақырыптары бекітілді.

Бес негізгі бағыт бойынша жұмыс топтары құрылды: педиатрия, терапия, хирургия, акушерлік-гинекология. Клиникалық нұсқауларды бейімдеу жөнінде жұмыс тиімділігн жоғарту үшін әр басқарма ерекшелігіне сәйкес мамандандырылған жұмыс топтар құрылған. Осы мамандандырылған жұмыс топтары жыл ішінде 42 клиникалық нұсқауларды бейімдеді.

2012 жыл сонында бейімдеу үдерісі аяқталды, клиникалық нұсқаулар денсаулық сақтау дамыту мәселелері бойынша Сараптама кеңесінің отырысында бекітілді.

Медициналық практикаға клиникалық нұсқаулары енгізу жөнінде жұмысты жетілдіру мақсатында CSIH консалтинг компаниясының консультантарымен бірлесіп клиникалық нұсқауларды енгізу бойынша жаттықтырушылар тренингі өткізілді. 25 адам оқытылды.

Оған қоса, медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың және денсаулық сақтау ұйымдарының жетекші мамандарына арналған клиникалық нұсқауларды әзірлеу және сапасын бағалау ережелері мен әдістері бойынша тренингтер өткізілді. Жалпы 85 адам оқытылды.

Сондай-ақ, республиканың 12 өңірінде «Медициналық практикаға клиникалық нұсқауларды енгізу және мониторингілеу» каскадты тренингтер өткізілді. 2401 медициналық қызметкер оқытылды. Оқыту үдерісіне бейімделетін клиникалық нұсқауларды сәтті енгізу мақсатында жоғары оқу мекемелердің оқыту бағдарламаларына дәлелді медицина қағидаттарын енгізу бойынша CSIH (Канада) компаниясы консультанттарымен бірлескен тренингтер өткізілді. Осы тренингте 29 адам оқытылды. Сонымен қатар медициналық жоғары оқу мекемелерінде «Оқыту үдерісіне дәлелді медицина қағидаттарын енгізу» каскадты тренинг өткізілді. Тренингке 75 қызметкер қатысты.

CSIH консалтинг компаниясы консультанттарымен келісілген клиникалық нұсқауларды енгізу жоспарының жобасы жасалды.

2013 жылда 60 клиникалық нұсқауды бейімдеу бойынша, мониторинг жүргізумен өңірлерге КН бейімделген нұсқаларын енгізу клиникалық нұсқауларды енгізу тиімділігін бағалау бойынша жұмыс жалғастырылады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


5.4.141. Жақ-бет саласының туа біткен патологиялары («жырық таңдай», «коян жырық») бар балаларды ортодонтиялық емдеуді косу бөлігінде тегін медициналық көмектін кепілдік берілген

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 қаулысына сәйкес 2011 жылдан бастап жақ-бет саласының туа біткен патологиялары («жырық таңдай», «қоян жырық») бар балаларға ортодонттық көмек көрсетуді енгізу бөлігінде тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемінің тізбесі кеңейтілді. 2012 жылға 2295 баланы емдеу үшін 48 195 мың теңге бөлінді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.142. Жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту

Жедел медициналық жәрдем қызметі үшін 2012 жылы 20 дана көлемінде реанимобильдер және санитариялық автокөлік сатып алынды.


^ 5.4.144. Аудандық, қалалық және облыстық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту

Қалалық және аудандық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2012 жылы ревматологиялық бейінде буындар ауруын емдеу үшін физиотерапиялық кешендер, уретеропиелоскопы бар байланысты лазерлік литотриптер, эндоскоптардың толық желісі бар эндоскопиялық бейнетірек, жиынтығында датчиктер бар УДЗ аппараттары, жиынтығында датчиктері, басқару панелі бар УДЗ аппараттары сатып алынды.

^ 5.4.146. Паллиативті көмек пен оңалтуды көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру

Республикада хоспис және мейіргерлік күтім ауруханасы (МКА) түріндегі паллиативті көмек қызметі құрылды. Қазіргі таңда хоспистер немесе хоспистік бөлімшелер ҚР-ның 6 қаласында – Қарағанды, Өскемен, Семей, Қостанай, Павлодар және Алматы қалаларының көпбейінді ауруханалары және онкологиялық диспансерлері жанында жұмыс істейді, Шығыс Қазақстан облысы Зырьянов ауданының Парыгино ауылында, Қарағанды қ., Теміртау қ. мейіргерлік күтім ауруханалары ұйымдастырылды, Алматы қаласында «Қалалық паллиативтік көмек орталығы» МКҚК қызмет етеді.

Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалтуды көрсету «Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды оңалту ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы №1342 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.

Министрлік оңалту жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жүргізуде.

Сүйек-бұлшық ет патологиясы бар науқастарды диагностикалаудың, емдеудің және диспансерге жатқызудың сапасын арттыру үшін диспансерлік науқастар және мүгедектер мәліметтерінің электрондық жүйесі (бұдан әрі – «Д») құрылды, денсаулық сақтау ұйымдарында оперативті емдеуді қажет ететін мүгедектердің тізімі құрастырылды, «Д» науқастарды оңалтудың жоспары құрылды.

Науқастарды одан әрі оңалту және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін кардиологиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық және неврологиялық бейіндерді қайта бейіндеу бойынша шаралар жүргізілуде.

Халықаралық стандарттарға сәйкес оңалту көмегін, ерте қалпына келтіру емін көрсету мақсатында өңірлерде МҚУБ бар науқастарға 20 инсульт орталығы ашылды, мамандар шетелде оқытылды.

БҰДЖ шеңберінде жіті жағдайлардан және операциялық әрекеттен кейін ерте қалпына келтіру емін көрсетудің және медициналық оңалтудың технологиялары енгізілді.

2012 жылғы 11 мамырда барлық медициналық ұйымдарда оңалту іс-шараларын жандандыру мәселелері бойынша оңалту, физиотерапия саласындағы барлық мамандардың қатысуымен республикалық кеңес өткізілді. Кеңес қатысушылары оңалту қызметін жетілдіруге бағытталған негізгі іс-шаралар айқындалған қарар қабылдады, атап айтқанда Оңалту қызметін дамытудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы, оңалту қызметін дамыту жөніндегі жол картасы, оңалту көмегін көрсетудің стандарттары, хаттамалары, профилактиканы, халықтың нысаналы топтарын (балалар, ауыл тұрғындары, еңбек ұжымдарының мүшелері және т.б.) сауықтыруды және медициналық оңалтуды ұйымдастырудың тәжірибелік ұсынымдары.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


5.4.148. Астана қаласында Сот медицинасы орталығының ғимаратын, Алматы, Қостанай, Жамбыл филиалдарында мәйітханасы бар әкімшілік-зертханалық корпустарының ғимараттарын, Маңғыстау, Ақтөбе, Көкшетау, Талдықорған, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан филиалдарында мәйітханалар салу

Қазіргі кезде Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылының бойында орналасқан Сот медицинасы орталығын салу жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті және «Мемсараптама» РМК-нің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №01-552/11 қорытындысы алынды. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық агенттігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы №12-ПИР бұйрығымен 5 150,843 млн. теңге сомасына жоба бекітілді.

Министрлік республикалық бюджетті екінші рет нақтылау кезінде мемлекеттік сатып алу туралы конкурс бойынша соттың істі қарау және бюджеттік қаражатты жоспарлы игермеуге байланысты жалпы сомасы 446 000 мың теңге құрылысты бастау шығындары қысқартылды, құрылысты бастау 2012 жылға республикалық бюджетті екінші нақтылау кезінде жалпы сомаға шығындар қысқартылған (РБК 15.10.2012 жылғы № 23).

Осыған байланысты 2013 жылы объектінің құрылысын бастау үшін 1 898,7 млн. теңге көзделді, 2014 жылы жалғастыруға – 2 277,7 млн. теңге және 2015 жылы аяқтауға - 515,1 млн. теңге көзделді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.149. Медициналық сараптаманың материалдық-техникалық базасын жетілдіру

Сот медицинасы орталығының Ақтөбе филиалы үшін адамның жеке басын куәландыратын биосәйкестендіру үшін геномдық зертхананың жабдықтар жинағы сатып алынған.

^ 5.4.150. Сот-медициналық саратамаларды жүргізудің барлық кезеңдерінде оның қолжетімділігін, тиімділігін және сабақтастығын арттыру

Сот-медицина қызметінің тиімділігін және сапасын арттыру үшін ҚР бойынша ғимараттарда жөндеу, оларды стандарттар мен талаптарға сәйкес арнайы медициналық жабдықпен жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Ай сайын тексерістер мен ішкі аудит жүргізіледі. Сарапшылар мамандандыру, біліктілікті арттыру курстары мен мастер-класстар есебінен біліктілікті арттырады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.152. Көшпелі жағдайларда қан дайындау үшін мамандандырылған автокөлік сатып алу2012 жылы Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған көлікті сатып алу жоспарланған.

Ақмола облысында қаражаттың болмауына байланысты, ШҚО облыстық маслихаттың және әкімдіктің бюджеттік комиссияның рұқсаты болмағандықтан сатып алу жүзеге асырылмады.

Іс-шараны жүзеге асыру 2013 жылы жалғастырылатын болады.

^ 5.4.154. Қан препараттарын өндіретін зауыт салу

Келісімшарттық фракциялау жолымен алынған қан препараттарын орталықтандыра сатып алу жөніндегі мәселені шешу үшін, қан препараттарын сатып алу бөлігінде «Тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі шеңберінде плазмалық қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін плазманы келісімшарттық фракциялауды енгізудің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы әзірленді.

Бүгінгі таңда қаулы жобасы мүдделі министрліктердің қарауында.

Құрылыстың орындылығы жөніндегі мәселе донорлық плазманы дайындаудың ұлттық желісін дамытуға және өз өндірісінің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін қажетті көлемдерге жетуге байланысты қарастырылады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.156. Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметімен Денсаулық сақтау министрлігін пилот ретінде айқындады.

Нәтижеге бағыттылған бюджеттік жоспарлау бойынша пилоттық жобаның шеңберінде бюджетті қалыптастырудың әдістемесі бойынша нақты жұмыс атқарылды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.157. Денсаулық сақтау саласына басқарудың ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу

БҰДЖ қағидаттарын жүзеге асыру стационарлық сектордағы төсектің нақты қажеттілігін анықтауға, еліміздің барлық жерінде бірыңғай тарифті және халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірыңғай төлеуші жүйесіне қатысатын медициналық ұйымдарда БҰДЖ енгізу аз шығынды стационарды алмастыратын технологияларды (бұдан әрі – САТ) одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

2012 жылдың алдын ала деректеріне сәйкес 2011 жылмен салыстырғанда амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанынан күндізгі стационарлардың және ауруханалық ұйымдардың күндізгі бөлімшелеріндегі/палаталарындағы төсек саны 1439 төсекке ұлғайды, бұл 20380 (2011 ж. - 18941) құрады.

Стационарды алмастыратын технологияларды қолданумен 2012 жылдың алдын ала деректеріне сәйкес 1 152 536 адам емделіп шықты(стационарға емдеуге жатқызылғандардан 42,6%), оның ішінде күндізгі стационарларда – 775462 адам (67,3%), күндіз болу бөлімшелерінде/палаталарында – 282 807 адам (24,5%), үйдегі стационарда – 94 267 адам (8,2%).

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.158. Қазіргі заманғы басқару технологияларын қосқанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың кәсіби нысандарын кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталық Денсаулық сақтау менеджменті орталығы және бес медициналық жоғары оқу орында өңірлік өкілдіктері ашылды.

Оқыту менеджменттің тиімді жүйесін енгізудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осылайша, есептілік жыл ішінде жоспарлы түрде денсаулық сақтау саласындағы басқарудың өзекті мәселелері бойынша басқарушы деңгейдегі, денсаулық сақтау менеджерлер және профессорлық-оқытушылық құрамы арасынан (ел ішінде және шетелде) 3000 маман оқытылды.

Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес денсаулық сақтау менеджменті бойынша іскери әкімшілдендіру магистратурасының (МВА) бағдарламасы жасалды, сондай-ақ оқу басталды. «Қазақстан Республиасының денсаулық сақтау менеджері» салалық тоқсан сайынғы журнал шығарылады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.159. Практикаға енгізу үшін қазіргі заманғы әдіснамалық тәсілдер негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін зерделеу және талдау жүргізу

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының шеңберінде консалтинг компаниялар мынадай бағыттар бойынша ағымдағы жағдайға талдау жүргізді:

- Денсаулық сақтаудың бюджетін және шығынын қалыптастыру, ТМККК қаржыландыру және медициналық қызметті ұсынушыларға ақы төлеу әдістері (саяси және бюджеттік циклдерді үйлестіру жөніндегі нұсқаулықтар, МСАК деңгейінде өңірлердің қаржыландырылуын түзету үшін формулалар әзірленді, медициналық қызметті ұсынушыларға ақы төлеу жүйесін жетілдіруде үлес қосу, оның ішінде КШТ әзірлеу, МСАК қаржыландыру, қызмет түрлері бойынша ТМККК бағасын есептеу үшін модель ұсынылды);

- Денсаулық сақтаудағы менеджментке оқыту (денсаулық сақтау менеджментіне оқытуда әлеуетін бағалау жүргізілді, Ұлыбританияның Ұлттық кәсіби стандарттары негізінде денсаулық сақтау менеджерлеріне қойылатын біліктілік талаптары әзірленді, оларды апробациялау жұмысы жүруде, менеджментке қысқа мерзім ішінде оқыту үшін оқу бағдарламалары мен материалдары (базалық және тереңдетілген курстар), денсаулық сақтаудағы менеджмент бойынша магистратура үшін бағдарлама әзірленді);

- Инвестициялық жоспарлау стандарттары (халықаралық стандарттармен Еуропалық Одақ, Австралия, Канада) салыстыру негізінде) Қазақстан үшін ауруханалық секторды инвестициялық жобалауға арналған стандарттар, ауруханалық секторды қайта құрылымдау бойынша нұсқаулық, медициналық қызмет нарығының қажеттілігіне және 2025 жылға дейінгі халықтың демографиялық болжамын талдау негізінде 14 облыс үшін инвестициялық жоспарлар әзірленді);

- Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу жүйесінің талдау (стационарлар, МСАК, шұғыл және жедел медициналық жәрдем ұйымдары, зертханалық, қан қызметтері үшін аккредиттеу стандарттары әзірленді, 20 денсаулық сақтау ұйымында жаңартылған стандарттар мен рәсімдерге пилоттық тестілеу жүргізілді);

- Дәлелді медицина және клиникалық хаттамаларды пайдалануды талдау (талдау негізінде дәлелді медицина орталықтарының желілерін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді, КХ басымдықпен дайындау бойынша критерийлер әзірленді, өңірлерде топтық оқытулар басталды);

- Медициналық білімді басқару және қаржыландыру жүйесін бағалау (халықаралық тәжірибені есепке алумен, медициналық білім ұйымдарын басқару және қаржыландыру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді, бір медициналық ЖОО-ның базасында пилоттық енгізу жоспарлануда);

- Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамытуды талдау (ұсыныстар негізінде порталдық шешімдер енгізілуде);

- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, формулярлық жүйені және халықаралық тәжірибенің негізінде бағаларды реттеуді жетілдіру;

- Қауіпсіз тағам өнімдерін бақылау жүйесі бойынша ахуалды талдау (тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша бақылау жүйесін дамыту стратегиясы әзірленді);

- Үй шаруашылығындағы адамдардың денсаулығын  зерттеу (республиканың барлық өңірлерінде 12000 үй шаруашылығындағы адамдардың «Үй шаруашылығындағы адамдардың денсаулығын шолу» зерттеуі басталды, 2012 жылы аяқтау жоспарланған. Зерттеуге биомаркерлерді (дене салмағының индексі, артериалды қысым, қандағы холестерин деңгейі) өлшеу енгізілген);

- Медициналық қызметті ұсынатын және алатын медициналық ұйымдарды кешенді зерттеу (денсаулық сақтау саласының қажеттілігін бағалау, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін талдау үшін 2-кезеңдік зерттеу басталды);

- Дәрілік заттардың пайдаланылуына мониторинг жүргізілді.


^ 5.4.160. Денсаулық сақтау объектілерін баскаруға жеке меншік компанияларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және жеке меншік секторды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу және дамыту бойынша салалық стратегия қабылданды, сонымен қатар жобалауды, құрылысты, пайдалануды, сенімгерлік басқаруға беруді, медициналық және медициналық емес қызметтерді көрсетуді қоса алғанда, МЖӘ-тің халықаралық танылған схемаларын пайдалану көздейді. Мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға жеке компанияларды жұмылдыру, объектілерді, жабдықтарды жалға беру жоспарлануда.

Осы жұмыстың шеңберінде мемлекет тарапынан, сондай-ақ жеке инвестицияларды денсаулық сақтау саласында пайдалану сияқты қаржыландырудың әртүрлі көздері бар көп тәртіпті медицина енгізілетін болады.

Реттеуші тетіктер қайта қаралатын болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медицинаның жеке секторы үшін тартымды етуге барлық күші-жігерін салады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.161. Әкімшілік тоскауылдарды жою, медициналық ұйымдарды қолдау және ынталандыру бойынша шаралар қабылдау

2012 жылы тексеру жиілігін айына 1 реттен тоқсанына 1 ретке, тоқсанына 1 реттен жарты жылда 1 ретке қысқарту бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізілді.

Мемсанэпидқадағалау органдары беретін рұқсат ету құжаттарын қысқарту бойынша жұмыс жалғасуда: 

- Кеден одағының аумағына әкелген кезде рұқсат ету құжаттары берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдер тізбесі айтарлықтай азайтылды (81 түрден 11 түрге дейін);

- жұмысқа рұқсат етуді жүзеге асыру және декреттелген контингентті аттестаттау бойынша функциялар бәсекеге қабілетті ортаға берілді;

- Кеден одағы шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімдерге рұқсат ету құжаты ретіндегі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қысқартылды;

- қадағалау объектілеріне санитариялық паспорт жойылды;

- лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі қысқартылды;

- халықты гигиеналық оқыту, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер алынып тасталды;

- рұқсат ету құжаттарын беру үдерісін стандарттау бойынша жұмыс жүргізілуде.

 Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.162. Денсаулық сақтау саласында жеке меншік секторды дамыту үшін әдіснамалық базаны жетілдіру

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп қаржыландырылатын «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының шеңберінде әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, өнім берушілердің автономиясының стратегиясы әзірленуде, онда автономия өнім берушілердің тиімділігін арттыру құралы ретінде, басқарудың корпоративтік қағидаттарын енгізу мүмкіндігі қарастырылады, өнім берушілердің дайындығы бойынша өкілеттік беру тәсілі ұсынылды, сонымен қатар жеке секторды жұмылдыру көзделеді. Халықаралық сарапшылар ұсынған тәсіл 5-10 жыл ішінде бірте-бірте іске асырылатын болады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметіне талдау (шұғыл берілген мәліметтер)
Ыз ету және салаларын басқару шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың 4-ші тоқсанындағы орындалуы туралы АҚпарат
Аулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы